Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Монополия. Монополиялық бәсеке нарығы және

монополиялық билік

1.1. Бәсеке және монополия: ұғымдары, түрлері,
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2. Монополиялық билік: ұғымдары көрсеткіштер, факторлары ... ... ... ... 8

1.3. монополиялық биліктің әлеуметтік бағасы, экономикалық

және әлеуметтік
шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...9

II. Монополияның фирмадағы қызметі

2.1 Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы

табыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.2. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы

өсіруі және монополиялық тепе-
теңдік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15

2.3. Ұзақ уақыт мерзімдегі монополиялық тепе-
теңдік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .19

III. Монополияға қарсы саясат.

3.1. Таза монополия нарығын мемелекет тарапынан
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ..22

3.2.Монополияның қызметін реттеу және оның
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

3.3. Монополияға қарсы (трестерге қарсы) заңдар және

экономиканы
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..33

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .34

Кіріспе

Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық
компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты
өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия рынокта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға
арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар,
бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті
жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы
тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар
қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-тендікті
мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті болып қабылданады.
Антимонополиялық заңдар 1880 жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі
антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және
компаниялардың қосылуын бақылайды.
Қазақстанда 1996 жылы Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық
қызметті шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша
мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық
қолданылмайды. Монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар
тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр
түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес
нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа
қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналасады. Атақты фирма
белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың тауарларына қарағанда
қымбат болады. Фирманың алдындағы негізгі мақсат – тұтынушыларды өздерінің
тауарларының ерекше екеніне сендіре отырып, оларды қымбат баға төлеуге
дайындау. Ол үшін фирмалар белсенді түрде жарнамамен айналысады.

I. Монополия. Монополиялық бәсеке нарығы және
монополиялық билік

1.1. Бәсеке және монополия: ұғымдары, түрлері,мақсаты

Рыноктық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін талдау:
өндіруші үшін өндірілетін таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға
жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты
өзінен-өзі қамтамыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп
алады.
Бәсеке (лат, concurred – қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың
қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында,
өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Бәсеке – рыноктық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі форма
болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес
тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында)
бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке таулармен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда
төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе
пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін
тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне
байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногы деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым
аз болса, солғұрлым рынок бәсекелік деп саналады.
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногы) дегеніміз рынокта бір-біріне
тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең
мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалы бейнесін айтады.
Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге
шыққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлек бағаға әсері өте төмен болады.
Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға
болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты
түрде айтуға болады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті
шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни
монополияның құрылуына әкеп соқты.

Монополия (грек – moons – жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар
рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы
мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету
құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға
құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құралады және мынадай
ұйымдық формалары бар:
Картель – шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы
келісім квотасы (саны).
Синдикат - өнімі бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест – монополияға ететін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді
өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.
Концерн – қаржы орталығы бір, бірақ жалпы техналогиясы кіріккен
әртүрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат – басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және
технология байланысы жоқ, ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген
бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке
рыногы) сипатта дамытады.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі
орындалмайтын рынокты атайды.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия,
таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде рыноктасатушылар мен сатып алушылардың
саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің
дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы
оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы.
Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы
шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және
т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің
иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету
мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жағары болмағандықтан,
бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық;
бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше
белгісі көрсетіледі.
Олигополиялық бәсеке денеміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек.
oligos – аздаған, polio – сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді
сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша
бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты
фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылытынын білдіреді.
Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсоня табылады. Ол
рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады,
яғни тұтынушылар рыногы монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешқандай бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған
кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте
ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілекттік сұраныспен
шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол
монопсоня деп аталады (жалғыз сатып аламын).
Монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен
түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл
бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа
тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен
көп айналасады. Атақты фирма белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз
фирмалардың тауарларына қарағанда қымбат болады. Фирманың алдындағы негізгі
мақсат – тұтынушыларды өздерінің тауарларының ерекше екеніне сендіре
отырып, оларды қымбат баға төлеуге дайындау. Ол үшін фирмалар белсенді
түрде жарнамамен айналысады.
Жетілген бәсекелес нарықта стандартты және бір-бірінен айырмашылығы
жоқ тауарлар сатылатын болғандықтан, шығын шығарып жарнама жасау немесе
тауарды өткізудің жолдарын іздеу сияқты жұмыстар атқарылмайды. Жетілген
бәсекелес нарықта бәсекге түсудің негізгі құралы – бағаны өзгерту.
1.1.1 сурет. Тауарды өткізу шығындары, жарнама, экономикалық пайда,
сауда көлемі

D

A
MC

D2

B

MR2

MR1 D1

Q1 Q* Q

-6-
Монополиялық бәсекелес нарықта тауарға жарнама жасау және оны өткізу
үшін фирмалар көптеген шығын шығарады. Егер фирманың өніміне сұраныс
көбейсе және сауда көлемі өссе, осы шығындар ақталады. 1.1.1 суретінде
жарнама мен тауарды өткізу әдістері монополиялық бәсекелес фирманың
пайдасына қалай әсер ететіні көрсетілген. Егер жарнама өте ұтымды болып,
тұтынушыларды фирманың тауарына қызықтырса, тауарға сұраныс өседі.
Жарнамаға дейінгі сұраныс D1, шекті табыс MR1, тауардың бағасы P1, осы
бағамен Q1 өнім көлемі сатылады. Фирма тепе-теңдік жағдайда қарапайым
пайда алады.
Фирма ұтымы жарнама жасау арқылы сұраныс қисығын D2 -ге жылжытады.
Жарнамадан кейінгі фирманың орташа шығыны AC+AC* болады. Өнім көлемі
Q*(MR2=MC+MC*). Осы өнім көлемі D2 сұраныс қисығының бойымен анықталатын
P* бағасымен сатылады. АВ кесіндісі бір өнім бірлігіне шыққан жарнама
шығыны. Егер оның мөлшерін сатылатын өнім көлеміне (Q*) көбейтсек, фирманың
жалпы жарнамаға шыққан шығынын анықтаймыз. Ұтымды жарнаманың нәтижесінде
фирма P*DAC төртбұрышының ауданына тең экономикалық пайда алады. Егер
жарнаманың нәтижесінде өскен сұраныс болашақта қысқармайды деген үміт
болса, фирма тауарды өткізуге шығатын шығынды қысқарта отырып, экономикалық
пайданы одан ары өсіруге тырысады.
Монополистік бәсекелес фирмаға экономикалық пайда әкелген жарнама ұзақ
мерзімде нарыққа жаңа фирмаларды тартады да, бәсекені өсіру арқылы
экономикалық пайданың жойылуына себеп долады.

1.2. Монополиялық билік: ұғымдары, көрсткіштері,
факторлары

Мнополиялық билік (monopoly power) – бұл фирманың нарықта сатылатын
тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету
қабілеті.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер
болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.
Моноплиялық биліктің қажетті – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен
қарай көлбеулі болады.
Монополиялық биліктің сандық түрдегі симаттамасын анықтау үшін
төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
1) моноплиялық биліктің Лернер көрсеткіші: L = (P – MC)P
тауар бағасының оны өндірудегі шығындардан асып

түсу деңгейін көрсетеді. 0L1, L неғұрлым үлкен болған
сайын, фирманың моноплиялық билігі соғұрлым жоғарғы
болады;
2) моноплиялық биліктің индексі (М) бағаның ұзақ мерзімдегі
орташа шығындардан (LRAC):M = (P – LRAC) асып түсу
деңгейін көрсетеді:
(LRAC):M = (P – LRAC)P;

3) Херфендаль-Хиршман индексі нарықтың шоғарлану
деңгейін анықтайды:
H = P21+P22+...+P2n,
мұндағы H – шоғарлану (концентрация) көрсеткіші, Pn – фирманың нарықтағы
пайыздық үлесі немесе салалық ұныстағы үлес салмағы. H-ң ең жоғары шамасы
– 10000. Егер H-тың шамасы 10000-нан төмен болса, онда нарық шоғарланған
болып есептеледі, ал егер H ≥ 1800 болса, онда өндіріс саласы жоғары
деңгейде монополияндырылған деп атаймыз.
Монополиялық биліктің негіздері немесе факторлары:
1. Фирманың нарықтың ұнысыныстағы үлесі.
2. Монополиялық билігі бар фирманың шығарған тауарларының жақсы
ауыстырушыларының болмауы.
3. Нарықтық сұраныстың икемділігі. Фирма тауарларының сұраныс икемділігі
неғұрлым төмен болған сайын, осы фирманың нарықтағы монополиялық
билігі соғұрлым күшті болады.

1.3. Монополиялық биліктің әлеуметтік бағасы,
экономикалық және әлеуметтік шығындары

Әлеуметтік баға – монополилық билктің салдарынан қоғамның шегетін
зияндары (social cost of monopoly) немесе шығындары.

P

MC

A E
Pk
B

D=AR

1.3.1- сурет Qk

MC

A
Pm

B

D=AR

Qm MR

1.3.2- сурет

Таза монополия, жетілген бәсекелес нарықтарындағы тауарды ұсыну
көлемі мен оның бағасын салыстырайық. Басқа шарттардың бәрі тұрақты деп
санайық.
Жетілген бәсекелес нарығында P = MC (1.3.1- сурет). Штрихталған
үшбұрыш А – тұтынушы ұтымы. В үшбұрышы – сатушы ұғымы.
Таза монополия нарығында P MC, тұтынушы ұтымының бөлігі азаяды, ал
сатушы ұтымы көбейеді. D мен MC графиктерінің арасындағы штрихталған
үшбұрыш қайтарылмайтын қоғамдық зиянды көрсетеді.
Осы айтылғанның өзі монополиялық нарықтың тиімсіздігін көрсетеді.
Таза монополияның жағымсыз салдарлары:
1) Qm Qk - өнім көлемін азырақ өндіреді;
2) Pm Pk – бағаны жоғары белгілейді;
3) тұтынушыларға монополистермен қарым-қатынасқа түсу
экономикалық тұрғыдан пайдасыз. х – тиімсіздік орын
алады;
4) монополиялық билік ҒТП-ті тежеу мен өндірісті
бюрократизациялаудың тенденциясын қалыптастырады;
5) монополияның іс-әрекеті табысты диффиренция жасауды
күшейтеді, ал бұдан әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін;
6) монополия салаға кіруге тосқауылды сақтап тұру үшін көп
шығындар жұмсайды.
Монополиялық биліктің экономикалық және әлеуметтік шығындары.
Монополиялық нарықта тепе-теңдік болғанымен, нарықтағы экономикалық
игіліктердің бағасы олардың шекті шығындарынан жоғары. 1.3.3 суретінде
көрсетілгендей, монополия бәсекелес фирмаға қарағанда өнімді аз өндіреді
(Qm Qб) және оның ұзақ мерзімдегі орташа шығыны ең төмен деңгейге
түспейді.
Монополист өніміне бәсекелес фирмаға қарағанда жоғары баға белгілейді
(Pm Pб). Осының нәтижесінде тұтынушылар монополистік нарықта қымбат
бағамен тауарлар мен қызметтер сатып алады. Бұл жалпы халықтың тұрмыс
жағдайын төмендетеді.
Монополиялық нарықтың әлеуметтік-экономикалық шығындарын түсіну үшін
тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарын талдау қажет. 1.3.3 суретінде
шекті шығындардың қисықтары бірдей екі фирманың теңдігі көрсеттілген.
Бәсекелі фирма тұтынушыларға Qб өнім көлемін Pб бағасымен ұсынады.
Тұтынушының ұтысы PбE2C үшбұрышының ауданына тең. Егер осы өнім немесе
қызмет монополиялық нарықта ұсынылатын болса, онда монополист фирма E1
нүктесіндегі MR=MC теңдігімен анықталатын Qm өнім көлемін Pm бағасымен
ұсынады. Pm Pб болғандықтан тұтынушының ұтысы PmCA үшбұрышының
ауданына дейін қысқарады. Тұтынушының ұтысының PmА E2Pб көпбұрышының
ауданына тең бөлігі жойылды.

1.3.3 сурет. Монополиялық биліктің әлеуметтік-экономикалық
шығындары

Баға мен
шығындар

MC
С

Pm A
AC

Ac

E2


B

E1
MR
D

Qm Qб
Q

Тұтынушы ұтысының бір бөлігін (монополияның экономикалық пайдасы –
боялған төртбұрыш) монополист иеленеді. E1E2A үшбұрышының ауданы ешкімнің
үлесіне тимейді. Ол қоғамның шығыны немесе таза шығын. Оның ішінде E1E2В
өндірушінің шығыны немесе зияны. Осы шығындарды монополиялық биліктің
әлеуметтік шығыны немесе зияны дейді. Qm Qб монополистік нарықта
экономикалық ресурстардың толық қолданбайтынын көрсетеді.
Экономистердің арасында таза монополиялық нарықтың әлеуметтік-
экономикалық шығындарына қарамастан, оның қоғамға әкелетін зияны аса көп
емес деген көзқарастар да бар. Біріншіден, таза монополист фирмалар сирек
кездеседі, екіншеден, қоғамда монополияның билігіне қарсытұратын факторлар
бар. Сонымен қатар, монополияның қоғамға әкелетін пайдасы да бар. Монополия
өзінің нарықтағы билігін жаңа технология мен төменгі шығынның арқасында
орнатады. Сондықтан монополиялық нарықта ғылыми-техникалық прогрестің
нәтижелерін өндіріске кең енгізуге, жаңа технологияны қолдануға болады
деген ойлар айтылады.

II. Монополияның фирмадағы қызметі

2.1. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті
табыс және жалпы табыс

Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар
көлемін өзгерте отырып бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта
монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты – фирманың өніміне нарықтық
сұраныс қисығыеың жоғардан төмен қарай еңкіш болуы.
Сұраныс қисығының жоғарыдан төмен қарай еңкіш болуы, оның бағаға
абсолютті икемді немесе икемсіз емес екендігін көрсетеді. Яғни, сататын
тауарлардың саны мен бағаның арасында тығыз байланыс бар. Монополист фирма
баға мен өндіріс көлемі туралы шешім қабылдағанда нарықтық сұраныстың
бағаға икемділігімен санасады. Егер монополист өзінің тауарына баға
белгілесе, сатылатын тауар саны нарықтық сұраныстың қисығына байланысты
өзгереді. Ал, егер монополист фирманың нарықта ұсынатын тауар көлемін
белгілесе, тауардың бағасы нарықтық сұраныстың қисығына байланысты
анықталады. Демек, монополиялық билік абсолютті емес, монополистің
нарықтағы сұраныспен санасуына тура келеді.
Бәсекелес фирманың шекті табысы тауардың бағасына тең. Себебі фирма
тауардың бағасына әсер ете алмайды. Барлық жтауар бір бағамен сатылады. Ал,
монополист қосымша тауар сату үшін оның бағасын арзандатуы керек. Себебі
оның тауарына нарықтық сұраныс абсолютті икемді немесе икемсіз емес. Яғни,
сатылатын тауар саны өскен сайын монополист фирманың шекті табысы біртіндеп
төмендейді. Монополистің шекті табысы бағадан төмен. Оны былай
дәлелдейдіз:
MR=ΔTRΔQ.
Монополист қосымша өнім сату үшін бағаны төмендетсе, Q1(ΔР)-ға тең
табыстан айыралады. Бірақ қосымша сатқан өнімнен Р2(ΔQ)-ге тең табыс алады.
Онда жалпы тастың өзгерісі:

ΔTR=Р(ΔQ)+ Q(ΔР).
Енді осы теңдікті өнім көлемінің өзгерісіне (ΔQ) бөлсек, мына теңдікті
аламыз:
ΔTRΔQ=
MR=Р+QΔР ΔQ,
мұндағы ΔР ΔQ сұраныс қисығының еңкіштігін көрсетеді.
Сұраныс қисығы еңкіш болғандықтан, монополист фирманың шекті табысы
бағадан төмен (MRP) болады.
Шекті табыспен сұраныс қисығының еңкіштігінің арасындағы байланыс
болса, онда шекті табыс пен сұраныстың бағаға икемділігінің арасында да
тығыз байланыс бар. Сұраныс қисығының кез келген нүктесіндегі сұраныстың
бағаға икемділігі:

Ed=PQ· ΔQΔР,
яғни, QΔР ΔQ= Р Q Ed. Осы теңдікті шекті табыстың теңдігіне қойсақ:
MR=Р+QР QEd= Р+ Р(1Ed).
Демек, MR=Р(1+1Ed). Осы теңдік шекті табыстың бағадан аз екенін
дәлелдейді. Сонымен, кез келген өнімнің шекті табысы баға мен сұраныстың
бағаға икемділігіне байланысты. Сұраныстың бағаға икемділігі, шекті табыс
және
Жалпы табыстың арасындағы тығыз байланыстар бар. Оны 2.1.1. суретіндегі
графиктердің көмегімен талдаймыз.

2.1.1 сурет. Монополистің өніміне сұраныс, шекті табыс, жалпы табыс пен
сұраныстың бағаға икемділігі

P,MR

Ed1
Ed=1
MR

Ed1

0
Q
MR0 MR0

TR

TR
MR=0

0
Q

2.1.1 суретіндегі графиктерде көрсетілгендей, монополист фирманың
өніміне сұраныс пен шекті табыстың қисықтарының түрі жоғарыдан төмен қарай
бағытталған тік сызық. Олар сұраныстың абсолютті икемді емес екенін және
өнім көлемі өскен сайын шекті табыстың төмендейтінін көрсетеді. Шекті табыс
қисығы көлденең осьті сұраныс қисығының ортасына сәйкес келетін нүктеде
қиып өтеді.
Егер монополистің өніміне сұраныс бағаға икемді болса,
бағаның төмендеу шекті табысты төмендеткенмен, жалпы табысты өсіреді.
Демек, сұраныстың бағаға икемділігі монополиске бағаны жалпы табыс ең
жоғарғы деңгейге жеткенше төмендете отырып, сататын өнім көлемін өсіруге
мүмкіндік береді. Егер сұраныстың бағаға икемділігі бірге тең болса,
бағаның өзгерісі жалпы табысты өзгертпейді, себебі шекті табыс нөлге тең.
Осы жағдайда бағаны ары қарай арзандату сұранысты икемсіз жасайды, шекті
табыс нөлден төмен түсшреді, ал жалпы табыс қысқара бастайды. Демек,
монополист баға мен өнім көлемін өзгерте отырып, пайданы муйлінше арттыру
туралы шешімді тек қана сұраныс бағаға икемді болған жағдайда ғана
қабылдайды. Монополист сататын өнім көлемін өсірген сайын шекті табыстың
төмендеуі бағаның төмендеуінен жылдамдау болады.
2.1.1 кесте. Ed, MR, TR арасындағы байланыстар

Сұраныс бағаға Шекті табыс Жалпы табыс(TR)
(MR)
икемділігі
1. Сұраныс икемді MR0 TR өседі
2.Сұраныстың MR=0 TR ең жоғарғы
икемділігі бірге тең мөлшерге өседі
3. Сұраныс икемсіз MR0 TR төмендейді

Сонымен монополист фирманың өніміне сұраныстың бағаға икемділігі,
шекті табыс және жалпы табыстың аралығындағы байланыстарды 2.1.1 кестенің
көмегімен қорытындылаймыз.

2.2. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және
монополиялық тепе-теңдік

Пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеретін өнім көлемін анықтау үшін шекті
табыс шекті шығынға тең болуы керек (MC=MR). Бірақ монополист фирманың
шекті табысы сататын тауар бағасынан төмен (MRP). Монополист пайданы ең
жоғарғы деңгейге көтеру үшін шекті табыспен шекті шығынды теңестіру керек
(MC=MR). Өндіріс процесін оңтайландыру үшін кез келген өндіріс көлемінің
шекті табысы нөлден жоғары және жоғарыда аталғандай сұраныс бағаға икемді
болуы қажет. Осыдан көретініміз: шекті табыс нөлден жоғары болады, егер
монополистің өніміне сұраныс икемді болса. Егер сұраныс икемсіз болса, онда
шекті шығын мен шекті табыстың тең болуы мүмкін емес. Яғни, монополист
фирма сұраныс икемді болған жағдайда ғана өндіріс көлемін ұлғайта алады.

1. сурет. Монополист фирманың пайданы көтеруі

Монополист фирмаға пайданы мейлінше көтеру үшін екі мәселені шешуге
тура келеді. Біріншісі – пайданы мейлінше жоғарғы деңгейге көтеруге
мүмкіншілік беретін өндіріс көлемін анықтау. Екіншісі – сататын өнімге баға
белгілеу. Осы мәселердің
шешу жолдарын 2.2.1 суретіндегі графиктің көмегімен талдауға болады.
Пайданы көтеретін өндіріс көлемі Qmax. Е нүктесіндегі шекті табыс пен шекті
шығынның теңдігімен анықталынады.
Енді сататын тауардың бағасын анықтауымыз керек. Ол үшін Е нүктесінен
сұраныс қисығына қарай (Е нүктесінен А нүктесіне қарай) тік сызық
жүргіземіз. Содан кейін А нүктесінен абсцисс осіне қарай түзу сызық жүргізу
ақылы бағаны анықтаймыз. Qmax өнім көлеміне сұраныс туғызу үшін фирма
өзінің өніміне Pm бағасын белгілейді. Баға белгілі болғаннан кейін оны
орташа шығынмен салстырамыз.
Орташа шығының мөлшерін анықтау үшін А нүктесінен өнім көлемінің
осіне қарай жүргізілген тік сызықтың орташа шығынның қисығын қиып өтетін В
нүктесін белгілейміз. Енді В нүктесінен абсцисс осіне қарай түзу жүргізу
арқылы AСm мөлшері анықталады. AСm бағадан төмен. Демек, Qmax өнім көлемін
Pm бағасымен сата отырып, монополист фирма әрбір өнімнен (Pm- Aсm)
экономикалық пайда алады. Әрбір өнімнен түскен пайданы жалпы сатылған өнім
көлеміне көбейтсек, фирманың жалпы пайдасын анықтаймыз:(Pm-ACm)·Qmax .
Сонымен, монополист фирманың қысқа мерзімде экономикалық пайда
алуының алғышарты:
(MR=MC)PAC.
Егер монополист өзінің өніміне Pm бағасынан жоғары баға белгілесе,
фирманың шекті табысы шекті шығыннан артық болады. Бұл пайданы мейлінше
арттыратын өнім көлемін анықтайтын ереже сәйкес келмейді (MR=MC). Шекті
табыстың шекті шығыннан артық болуы фирманың өнім көлемін өсіруге әлі де
мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Яғни, фирма өнім көлемін өсіре
отырып, жалпы пайданы өсіре алады. Ал, егер фирма өніміне Pm бағасынан
төмен баға белгілесе, шекті шығын шекті табыстан асып кетеді. Бұл жағдайда
пайдасын мейлінше көтерем деген фирмаға өнім көлемін қысқартуға тура
келеді.
Егер фирманың өніміне сұраныс қысқарса немесе фирманың шығыны өссе,
монополистің зиян шегуі де мүмкін. Оны 2.2.2 суретіндегі графиктен көруге
болады.

2. сурет. Монополист фирманың зиян шегуі.

Нарықтағы сұраныс қысқарса, оның қисығы орнын төмен солға қарай
жылжытады. Сұраныс қисығымен бірге шекті шығынның қисығы да орнын төмен
қарай өргетеді. Шекті табыс пен шекті шығынның теңдігіне (MR=MC) сәйкес
келетін Qmax өнім көлемінде пайда алу үшін сұраныс жеткіліксіз және ACm
Pm. Сондықтан фирманың зияны ACmABPm төртбұрышының көлеміне тең. Демек,
қысқа мерзімде (MR=MC)PAC жағдайында монополист фирма экономикалық зиян
шегеді.
Сонымен, нарықтағы монополиялық билік туралы мынадай тұжырымдар
жасауға болады:
1) Монополист фирма нарықта өзінің билігін орната отырып,

өніміне ең жоғарғы баға белгілей алады, деген ой туындамауы керек.
Ең жоғарғы баға белгілей отырып, барынша көп пайда алуға сұраныс
қисығының еңкіш болуы жол бермейді.
2) Нарықта монополиялық билік орнату үнемі экономикалық
пайда алуға кепілдік бермейді. Экономикалық пайда тек қана баға
емес, сұраныс пен шығынға да байланысты.
3) Нарықта монополиялық билік орнатудың шегі болады.
Мемлекет тарапынан қойылатын бақылау, бәсекелес
Фирмалардың пайда болу мүмкіншілігі, нарықта
субституттардың пайда болуы және тұтынушылардың
сұраныстарының өзгерісі сияқты факторлар
монополистердің нарықта орнататын билігін шектейді.
Монополист тауар бірлігінің бәріне бірдей баға белгілейтін
болғандықтан тауардың бағасы монополистің орташа түсімін (AR) көрсетеді.
Демек моноплиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы болып
табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама
болады және өндіріс көлемінің функциясын сипаттайды:
Монополист-өндірушінің пайдасы төменгідей формуламен анықталады:

Енді пайданы барынша көбейту (максималдау) шартын анықтаймыз:

немесе MR= МС

Бұдан өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсіге (MR) тең
болғанда ғана монополистің пайдасы ең көп мөлшерде болатынын көреміз.

Графиктен көріп отарғанымыз: белгіленетін баға (Pm) оңтайлы өнім
көлеміне сәйкес келеді және ол әрқашан шекті шығыннан (МС) жоғары болады.
Бұдан: MR= МСP – таза монополистің қысқа уақыт мерзіміндегі (MS) тепе-
теңдігінің шарты.

3. сурет. Монополистің оңтайлы өнім көлемі мен бағаны белгілеуі

P MC

Pm

A D

Qm MR
Q

Монополиялық пайданы анықтау үшін баға (Pm ) мен орташа шығындардың
(АТС) араұатнастарын білу қажет:
– егер Pm ATC болса, онда монополист пайдаға ие болады:
=(P ATC)· Q және оны мейлінше арттрады;
- егер AVC P ATC болса, онда монополист шығынға
ұшырайды, бірақ оны мейлінше азайта отырып өндірісті
жалғастарады;
- егер P = ATC болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Монополиялар
Монополиялық бәсеке туралы
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Монополия және монополиялық билік туралы
Пәндер