Назарбаев феномені


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

2. 1. Тарихты туындатушы тұлға.

2. 2. Назарбаев феномені :

  • Саясаткер­стратег. Саясаткер­философ.
  • Ғалым­теоретик. Саясаткер­практик.
  • Халық көшбасшысы.
  • Ұлт лидері ­ шабыт беруші және болашақтың сәулетшісі.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Көреген көшбасшылар өз мемлекеттерінің тағдырын өзгерту қабілетіне ие тұлғалар қатарына жатады. Олардың ерекшелігі - көпшілікке айқын емес үрдістерді байқап қана қоймай, оны басқалардың да көруіне себепкер болуында жатыр.

Сондай басшылардың бүкіл еңбегі халықтың игілігі үшін атқарылып жүргенін көрсете білу қабілеті өз алдына бөлек әңгіме. Олар халықтың көңіл-күйіне жіті мән беріп отырады. Ұлы көшбасшылар қарапайым адамдармен тікелей сұхбаттасу арқылы оларды өз елінің үлгілі азаматы болуына себеп болатындығына сенеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - жоғарыда келтірілген көшбасшы сипаттамаларына сай келетін бірден-бір тұлға . [ «Егемен Қазақстан» газеті, 31 желтоқсан 2009 жыл, «Нұрсұлтан Назарбаев ­ көреген көшбасшы»] .

Саясаткер болып тумайды, саясаткер болады - бұл аксиома. Ұлттық лидер болу үшін адамның ішкі дүниесі теңдесі жоқ сапасымен қоса, заманның талабына сай болуы керек. Нұрсұлтан Әбiшұлы әлемнiң аса iрi мемлекет басшылары мойындаған Елбасы, дүниежүзiне әйгiлi саясаткерлердiң бiрi. Ол - ел басқару iсiнде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi мен әлемдiк тәжiрибенi тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. [«Астана ақшамы», 6 шілде, 2010 жыл, «Айдарым­ Астана, айбарым ­ Президент»] .

Кейбір сарапшылар, мәселен, британдық публицист Джонатан Айткен сияқтылар Нұрсұлтан Назарбаев жетістігінің сырын тұлғаның тарихтағы рөлі арқылы табуға тырысты. Енді біреулер, мысалы Ресейдің танымал экономисі Дмитрий Валовой 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында-ақ, Назарбаевты қарастырғанда оның Кеңес Одағының күйреуінен келетін ауыртпалықтарды жеңілдету жолындағы маңызды рөліне, оның посткеңестік кеңістікті ары қарай дамыту жолдарына қатысты сол замандағы пікірталастарына баса назар аударуға тырысқан. Осылайша, Д. Валовой «Назарбаев феноменін» түсіндіруге тырысқан алғашқылардың бірі болды. Бірақ көптеген зерттеушілердің осындай талпыныстарына қарамастан, «Назарбаев феноменінің» көптеген қыры әлі де толық ашылмаған сияқты. Ал Қазақстанның Тұңғыш Президентінің феномені көпқырлы. Нұрсұлтан Назарбаевтың тұтас образын елестету үшін оның қызметін жалпылай, кешенді түрде қарастыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев саяси ғылымдарда кездесетін көптеген саясаткер-лидер образының ең үздіктерін ғана, мемлекеттік қайраткер арсеналындағы ең жоғары қасиеттерді ғана бойына жиған.

Сондықтан да «Назарбаев феноменін» оның саяси стилі, қоғаммен байланысы мен болашаққа тігетін стратегиялық басымдықтары тұсынан қарастыру қажет. [ «Егемен Қазақстан» газеті, 9 шілде, 2010 жыл, « Назарбаев феномені: ел мен халыққа қызмет ету миссиясы » ] .




Негізгі бөлім

2. 1. Тарихты туындатушы тұлға.

Ұлы мемлекеттік қайраткер болу үшін тарихтың беталысын сезіне білу керек. Тарих үдерістері тура даңғыл жол емес, бұралаңы мен ирелеңі көп екені белгілі. Тарихи дамудың шырғалаңға толы жолында кілт бұрылыс пен кедергілер кездесіп отырады. Олардан өтпейінше, алға жылжу мүмкін емес. Дәл осындай кезеңдерде қиындықтардан батыл өте алатын, кедергілерді еңсеретін, әлеуметтік өркендеу мен жаңару үшін ілгерілеудің жаңа жолын ашуға қабілетті лидерлер жарқырай көрінеді. Басқаша айтқанда, көрнекті тұлғаларды Тарихтың өзі дүниеге әкеледі. Дегенмен, лидерлердің өздері де Тарихты жасайды.

Әлем тарихындағы ірі тұлғалардың бірі - Нұрсұлтан Назарбаев осындай адам. Біздің еліміздің ең қиын кезеңдерінде оған Елбасы болу тағдыры бұйырды. Ол барша қазақстандықтардың тағдыры үшін, қазіргі қазақ мемлекеті - Қазақстан Республикасының негізін қалау үшін жауапкершілік жүгін көтеруде жігерін жаныды, батылдық пен қайсарлық танытты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбекшінің отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде оқып, мамандық игерді, металлург болды. Жастық шағында, алғашында комсомол ұйымында, кейіннен партия органдарында саяси және ұйымдастыру жұмыстарының әліппесімен танысты. Ерекше қабілеттілігі, жұмысшылардың өмірімен етене таныстығы, табанды еңбекқорлық - жас басшыны басқару ісінің ең ұшар шыңына шығарды. 1989 жылғы маусымда ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, ал 1990 жылғы сәуірде Жоғарғы Кеңес оны Қазақстан Республикасының бірінші Президенті етіп сайлады. Сөйтіп, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Нұрсұлтан Назарбаев бүкілодақтық ауқымдағы КСРО-ның лидерлері рейтингінде бірінші орын алған ең танымал саясаткерлердің бірі болды.

Ол Кеңес Одағы қалай күйреп жатқанына куә болды, дегенмен, КСРО-ның сол кездегі басшыларының интеллектуалдық және саяси мүмкіндіктерін нақты бағалады және бір кездегі қуатты елдің жұртында пайда болған жаңа мемлекеттік құрылымдарды дүрбелең мен қан төгуге апаратындай айла-шарғыға араласудан өз бойын аулақ ұстап қалды.

Сондай күрделі кезеңде интеграцияны жақтап, ТМД-ны құрудың шын мәніндегі бастамашысы болған Н. Назарбаевтың аса көрегендігін уақыт көрсетіп отыр. Ол бірден-бір дұрыс жолды таңдады, сол арқылы бұрынғы Одақ республикалары арасындағы теке-тіреске, “югослав сценарийі” бойынша қан төгілуіне жол бермеді.

Тәуелсіздік алумен бірге Қазақстан алдында жер шарының геосаяси картасында өз орнын айқындаудың күрделі мәселесі тұрды. Президенттің өзі бұл туралы былайша еске алады: “…біз әлемде өзіміздің геосаяси стратегиямызды анықтауға тиіс едік. Қазақстан қандай болуы керек? Еуропа мен Азия арасындағы көпір ме? Немесе “Солтүстік пен Оңтүстіктің” белағашы ма? Әлде тағы бір “азиялық жолбарыс па?”

Мемлекет басшысы жүзеге асырған жаңарулардың тарихи ауқымы мен ұлылығын түсіну үшін тәуелсіздігін алғанға дейінгі Қазақстанға ойша оралу жеткілікті. Еліміз кеңестік жылдардан дағдарыстағы экономиканы, тоқтап қалған кәсіпорындарды, күйреген ауыл шаруашылығын, кедейленген халықты мұраға алып қалған болатын. Мұның бәрі әлеуметтік шиеленісті туындатып, саяси тұрақсыздыққа айналып кету қаупі төніп тұрды. Сол күндері көптеген саясаткерлер мен сарапшылар біздің еліміздің келешегіне күмән келтіріп, экономикалық, демографиялық және ұлтаралық өткір мәселелердің ауыртпалықтарына қоса, Қытаймен, Ресей, Орта Азия мемлекеттерімен құқықтық тұрғыда шекарасы ресімделмеген Қазақстан әлі ұзақ уақыт бойы шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізе алмайды десе-тін. Бірақ, президенттің жігерлі еңбегі, оның көреген саясаты мен алғыр көшбасшылығы барлық сүреңсіз болжамдарды жоққа шығарды. Егер де Нұрсұлтан Назарбаев елдің басшысы болып тұрмаған болса, бірде-бір реформа табысқа жете алмаушы еді деп нық сеніммен айта аламын. Ол қиын кезеңдердің бәрінде - саясатта да, экономикада да барлық жаңарулардың үдеткіші мен кепілі ретінде бүкіл жауапкершілікті мойнына алды. Шынында да, сол бір қиын кездерде Президентке еліміздің ішіндегі - жарықсыз және жылусыз қалған қалалар мен ауылдардың тіршілігін қамтамасыз етуден, өмір сүру үшін арпалысқан күрестен бастап - мемлекеттің стратегиялық даму жоспарын жасауға дейінгі бір-біріне қарама-қайшы өткір мәселелерді бір мезгілде шешуге тура келді.

Сол жылдары ең қиын әрі ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Жекешелендіру бірнеше кезеңдерге бөлінді. Нәтижесінде, өнеркәсіп жандана бастады, қаржы және макроэкономикалық тұрақтылық орнады, бюджет және салық жүйелері құрылды, адам айтқысыз инфляция ауыздықталды, халықтың өмір сүруінің қанағаттанарлық деңгейі қамтамасыз етілді.

Президент Н. Назарбаевтың орасан зор тарихи еңбегі оның басшылығымен ұлттық валютаның енгізілуінде, дербес қаржы-экономикалық жүйенің түзілуінде, жоғарыдан төмен бірыңғай атқарушы биліктің қалыптасуында, Қарулы Күштердің құрылуында, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің бекітілуінде көрінеді. Сонымен қатар, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасып, азаматтық қоғамның негізі құрылды, баспасөз еркіндігі қамтамасыз етілді. Қазақстан өркениетті даму жолын таңдады.

Қол жеткен нәтижелер мемлекеттік жоспарлаудың жаңа деңгейіне шығуға алғышарттар жасады, стратегиялық сипаттағы міндеттерді шешуді бағдарлауға мүмкіндік берді. Сол кезде Президент Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген еліміздің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары дүниеге келді.

Бұл құжатта қолда бар ресурстар еліміздің даму бағыттарына өте дәл белгіленіп, шоғырландырылды. Жаһандық дамудың бүгінгі күрделі қиылыстарында Стратегия біздің негізгі жол бағдарымыз болды деп айтсақ артық емес.

Сыртқы саясат саласы да елеулі табыстарға толы. Саламатты прагматизм, жетекші мемлекеттер мүдделерінің саналы тепе-теңдігі бағытын ұстанып, теке-тіреске апаратын қадамдардан бас тарта отырып, Қазақстан дипломатиялық құралдар арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.

Елдің жетістіктеріне тоқтала отырып, Президент соңғы 18 жыл ішінде этносаралық келісім мен түсіністікті сақтай білгені үшін қазақстандық қоғамға өзінің шынайы алғысын білдірді. 140 этнос пен 46 конфессияға ортақ үй болып табылатын Қазақстандағы теңдесі жоқ этносаралық келісім - бүкіл әлем мойындаған жетістік. Ел бірлігінің ажырамас бөлігі болып табылатын бұл тәжірибе Қазақстанның алда келе жатқан 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты кілті болмақ. Бұл идея жаңа еуразиялық қауіпсіздік сәулетін құруда маңызды рөл атқармақ. Қазақстан тәжірибесі шетелдердегі бірқатар зерттеу орталықтарының зерделеу нысандарына айналды. Гарвард университеті “Назарбаев үлгісін” зерттеуге арнайы конференцияларының бірін арнады. Америкалық ғалымдар мен сарапшылар ел ішіндегі ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ толеранттық идеясы мен халықаралық деңгейдегі үнқатысуды ілгерілетудегі қазақстандық саясаттың пайдалы ерекшеліктерін атап өтті. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу тәжірибесі жоғары бағаланды.

Қазақстанның әлемге кеңінен танымал болғаны туралы айтқанда, Президенттің Семей полигонын жабу туралы ерекше шешіміне бөлек тоқтала кету керек. Н. Назарбаев жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелері бойынша мығым және бірізді бағытты ұстанды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанда болған кезде Нұрсұлтан Назарбаевқа былай деген еді: “Ядролық қауіпсіздік жөніндегі алдағы Жаһандық саммит қарсаңында ядролық қарусыз аймақ құру туралы басқадан гөрі Сіздің айтуға моральдық құқыңыз бар және үніңіз басым болуы тиіс. Осы мәселе жөніндегі бұдан да көп нәтижелерге қол жеткізу үшін біздің тұғырларымызды үйлестіруді ұсынамын. Менің ойымша, ядролық сынақтарды тоқтату және ядролық қаруды жою қажеттігі жайында айтуға Сізден басқа ешкім де лайықты емес. Өйткені, Сіздің халқыңыз осы қарудың барлық зардаптарын бастан өткерді, бірақ оны Сіз ғана тоқтата алдыңыз”.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі біздің еліміздің интеграция жолындағы маңызды қадамы болатынына күмән жоқ. Президент Н. Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретіндегі жоғары халықаралық беделі мен мәртебесін нақтылайтын тарихи оқиға - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болып табылады. Мемлекет басшысының есімі енді ядролық қарусыздану, экономикалық интеграция, сенім шаралары және қауіпсіздік, толеранттық және конфессияаралық үнқатысу секілді ерекше маңызды үдерістермен де байланыстырылуда.

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңарулардың дағдарыстан кейінгі кезеңіне аяқ басты. Реформаларға бай тәжірибелерді иемдене отырып, еліміз келешекке жол бастады. Президенттің тікелей бақылауымен жүзеге асырылған дағдарысқа қарсы бағдарлама индустриялық-инновациялық даму негізіндегі жаңғыру стратегиясына көшуге, ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы әзірленді.

Н. Назарбаев әрқашан көздеген мақсатын анық көре білді және оған жетудегі жолдан еш тайған жоқ. Мұндай қасиетінің арқасында Елбасымыз басқа көптеген мемлекеттердің басшыларынан бір саты биік тұр. Сондықтан, біздің Президентімізге тек ниеттес байқаушылар ғана емес, әріптестері де лайықты баға беруде. Бұл әлемдік саясаттағы сирек кездесетін құбылыс. Әдетте, мемлекет басшылары басқа лидерлердің табыстарына қызғанышпен қарайтыны жасырын емес. Президент Дж. Буш Н. Назарбаевты “қазақтың Джордж Вашингтоны” деп атады, ал Владимир Путин біздің басшымызды осы заманның көрнекті саясаткері деп санайтынын мойындады. Нұрсұлтан Әбішұлы кіммен кездессе де, және кіммен келіссөз жүргізсе де, тіпті сөзге сараң монарх болсын, президент немесе үкімет басшысы болсын, шын жүректен шыққан ең жылы сөздерге ие болады. [ «Егемен Қазақстан» газеті, 9 шілде, 2010 жыл, « Тарихты туындатушы тұлға » Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы] .

2. 2. Назарбаев феномені.

Саясаткер­стратег. Саясаткер­философ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стиліндегі басты ерекшелігі неде? Ең алдымен, стратегиялық икемі мен қағілез мінезді саясаткер-тактик ретіндегі алғырттығында. Түрлі жолдардың арасынан ең оңтайлы шешімді таба білетін қасиетінде. Фундаменталды көзқарастардан алыстамай-ақ, қазіргі жылдам өзгеретін әлемдегі ауытқулардың қарқынына сәйкес болуында. Нағыз саясаткердің бойындағы ең шешуші қабілеттердің бірі - ұрымтал уақытты терең түйсіну, белгілі бір саяси интуицияның болуы. Дәл осы қасиеттерді бойына жиған саясаткер ғана нағыз көшбасшыға айнала алады. Тәуелсіздік алғаннан кейін посткеңестік өзге елдер мен Қазақстанның алдында түрлі маңыздағы мақсаттар пайда болды. Мемлекеттілік құру, нарықтық экономикаға ауысу, демократияны дамыту мен ұлттық сана-сезімді ояту. Бұл жердегі мәселе - реформалар қандай ретпен, қандай тәртіппен жүргізілуі керек, мемлекет басшылығының қимылдары қаншалықты түбегейлі болуы керек? Кейбір елдер «шорт қимылдарға» көшсе, енді біреулер түпкілікті өзгерістерден алысырақ болуға тырысып, ескі жүйені сол қалпында сақтап қалды. Бұл екі жолдың да өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары жетіп жатыр, оның салдары ең алдымен қарапайым азаматтардың өмір сүру деңгейінен көрініс тапты. Сол кезеңде-ақ Қазақстан тұрақты дамудың эталонына айналды, ал Назарбаевтың «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» деген формуласы посткеңестік кеңістіктегі сәтті реформалардың классикалық әдістемесіне айналды. [ «Егемен Қазақстан» газеті, 9 шілде, 2010 жыл, « Назарбаев феномені: ел мен халыққа қызмет ету миссиясы » ] .

Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда мемлекеттік басқарудың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды, еліміз жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға бет бұрды. Демократия мен құқық тәртібінің берік дәстүрлері болмаған елде, қатаң орталықтандырылған әміршілдік жүйеден еркін нарыққа көшу күрделі де ауыр және ұзақ болуы мүмкін еді. Президент нар тәуекелге бел буды. Дегенмен, осы арада оның саяси күш-жігері шешуші рөл атқарған болса керек. НАТО-ның Бас хатшысы Дж. Робертсон кейіннен бұл туралы былай деді: “Ескі көзқарастан арылып, ел ішіндегі шынайы реформаларды жалғастырудың, жедел өзгеретін халықаралық жағдайға бейімделудің президент Назарбаевқа оңай болмағанын біз түсінеміз”. [ «Егемен Қазақстан» газеті, 6 шілде, 2010 жыл, « Тарихты туындатушы тұлға » ] .

Қазір әлемде «дамудың қазақстандық моделі» деген түсініктің кеңінен қолданысқа еніп отырғаны тегін емес, бұл модельдің мәні - жан-жақты, терең ойластырылған стратегияға негізделген нақты бағыт бойынша тек қана алға жылжу деген мағынаға саяды. «Назарбаев феноменінің» тағы бір маңызды тұсы - Қазақстан Президентінің барлық стратегиялық және бағдарламалық тапсырмаларында «даму» мен «тұрақтылық» деген түсініктердің біріктірілуі. Бұл факторлар біздің мемлекетіміздегі барлық батыл жобаларда кездеседі, сонымен қатар, модернизациялық стратегиялардың жүзеге сәтті асуына негіз болатын басты алғышарттардың бірі болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай қағидасы оны саясаткер-реформатор ретінде танытады.
Н. Назарбаевтың саяси стилінің тағы бір жарқын тұсы - аса күрделі жағдайларға қарамастан, алдағы ондаған жылдардың қамына қарап, мемлекеттің даму логикасын айқындайтын маңызды стратегиялық шешімдер қабылдайтын қабілеті. Мұның дәлелі - Семей полигонын жабу, ядролық қарудан бас тарту, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік бастамалары - ӘӨСШК, ШЫҰ, ҰЖКҰ, нарықтық өзгерістердің оңтайлы моделін таңдау, астананы көшіру сияқты аса маңызды саяси шешімдер.

Соның нәтижесі ретінде, елдің қазіргі экономикалық жетістіктері, жаһандық деңгейде ядролық қарудан бас тарту жөніндегі ұсынысымыз, Еуразия кеңістігіндегі жаңа Астанамыз - осы және басқа да бастамалар қазақстандықтардың ұлттық мақтанышына айналды, елдің шетелдегі образының ажырамас бөлігіне айналды.
Осылайша ел мен әлемдегі процестерді философиялық тұрғыдан терең түйсініп, стратегиялық жоспарлар мен тиімді тактикалық шешімдердің үйлесімін таба білетін қасиеті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стилінің негізін құрайды, оның бірегей саяси қолтаңбасы бұл.

Ғалым­теоретик. Саясаткер­практик.

Қазақстан Президентінің саяси стиліндегі ең маңызды ерекшеліктерінің бірі - практика мен теорияны ұштастыру. Бұған да Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар жаңа бастамалары дәлел бола алады, ең алдымен оның еуразияшылдық идеясының мәнін түсінуі, алғаш рет 1994 жылдың наурыз айында жария еткен посткеңестік кеңістікте Еуразиялық одақ құрудың толыққанды тұжырымы.

Нұрсұлтан Назарбаев - саяси философия мен саяси экономиканың көптеген жетістіктерін шығармашылық тұрғыдан терең меңгеріп, қайта қорытқан адам. Еуразияшылдық тақырыбындағы еңбектері арқылы ұлт көшбасшысы кеңестік-марксистік, XX ғасырдың саяси тәжірибесімен қалыптасқан ескі бағыттардың орнына жаңа бағыттар әкелді. Еуразиялық интеграция жобаларының жүзеге асырылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси және экономикалық реформаларға деген жүйелі көзқарасының қаншалықты терең екенін толық байқатады. Қазақстан Президентінің жаһандық қаржылық және экономикалық дағдарыстың себебін зерттеген терең ғылыми сараптамасы да оның стратегиялық көзқарастарының тағы бір жарқын мысалы болып отыр. Көпшілік дағдарыстың себебі ретінде қор нарықтарының техникалық проблемаларын ғана көрген, ал Қазақстан Президенті болса, дағдарыстың жүйелік сипатын анықтады, оның негізін қарастырып, өзінің «Дағдарыстың кілті» және «Бесінші жол» атты мақалаларында жаһандық тұрақсыздықтарды жеңу жолдарына қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стиліндегі тағы бір қайталанбас ерекшелігі - оның әлемдегі ең үздік жетістіктерді қабылдап, оларды Қазақстанның ерекшеліктеріне бейімдеу, ұлттық мәдениеттің бірегей кеңістігін қалыптастыру қабілеті. Ол ел басшысы ретінде ең жоғары басқарушылық тәжірибе деңгейінде осындай ұстанымын жүзеге сәтті асырып келеді. Реформалық үрдістегі осынау маңызды ерекшелікті Н. Назарбаевтың өзі де атап өткен: «Біз өзіміздің, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз, бұл жолды өзіміз таңдадық, содан бері одан таймай келеміз. Әлемдік тәжірибені зерттей, саралай келе, біз эволюциялық жолды таңдадық. Біз жедел демократия енгізуге қарсымыз, оның үстіне сырттан енгізуге мүлдем қарсымыз. Біз ешкімге еліктемейміз, тек өз елімізге, өз халқымызға қажетті нәрселерді ғана жасаймыз. Бұл біздің қолымыздан келеді».

Халық көшбасшысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Қазақстанның жаһандану саясаты
Мәдени жаһанданудың қазақ халқының ұлттық кодына әсері
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Тэтчердің сыртқы саясаты
Қазақстанның экономикалық саясаты
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz