Жүйелік мәліметтер қоры


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

I. КІРІСПЕ

С++-тың тарихы, Visual C++-тың тарихы

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

2. 1. Бағдарламалау тілдері

2. 2. Мәліметтер қоры және оларды басқару

2. 3. Visual C тілінде мәліметтер қорын басқару және SQL тілі

2. 4. Visual C++ бағдарламалау тілінің көмегімен жасалған автоматтандырылған жұмыс орны

III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3. 1. Жалпы түсінік

3. 2. Материалдық емес активтердiң есебi

3. 3. Бағдарламалық жабдықтауды әзірлеудің шығын сметасын анықтау

  1. Календарлық жоспар графигін құру

IV. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

V. ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

С++ («си плюс плюс» деп аталады) - жалпы мақсатқа арналған статикалық түрде типтелген бағдарламалау тілі болып табылады. Бағдарламалаудың түрлі парадигмаларын қолдай отырып, жоғарғы және төменгі деңгейлі тіл қасиеттеріне ие болады. Өзінің алдындағы - С тіліне - қарағанда мұнда нақты объектілік жалпы бағдарламалауға үлкен мән беріледі. «С++» атауы С тілінен туындаған, мұндағы ++ операторы инкрементті ауыспалыны көрсетеді.

Бағдарламалаудың көп кездесетін тілі ретінде С++ бағдарламалық қамсыздандыруды дайындау үшін қолданылады. Оның қолдану аймағына операциялық жүйелерді, түрлі қосымша бағдарламаларды, драйвер құрылғыларын, ендірмелі жүйелердің қосымшаларын, жоғары өндірістік серверлер мен ойын қосымшаларын дайындау жатады.

Тіл 1980 жылдың басында пайда болды, мұнда Bell Laboratories фирмасының қызметкері Бьёрн Страуструп өзінің жеке қажеттіліктері мақсатында С тіліне көптеген өзгерістер енгізді. Ресми стандартизация бастамас бұрын тіл Страуструптың көмегімен дамыды. 1998 жылы С++ тілінің ISO/IEC 14882:1998 «Standard for the C++ Programming Language» халықаралық стандарты бекітілді, 2003 жылы стандартқа көптеген техникалық өзгерістер енгізіліп, оның қазіргі түрі ISO/IEC 14882:2003 болды.

Тілдің алғашқы түрлері «С класты С» деген атпен 1980 жылдан бастап шыға бастады. Жаңа тілдің пайда болу идеясы Страуструа диссертациясымен байланысты болды. Оның пікірінше Simula модельдеу тілінің мүмкіндіктері үлкен бағдарламалық қамсыздандыруға өте пайдалы, бірақ өте баяу жұмыс жасайды. Сонымен бірге BCPL тілі тез жұмыс жасайды, бірақ төменгі деңгейлі тілдерге өте жақын және үлкен бағдарламалық қамсыздандыруды дайындауға жарамсыз болады. Страуструп Bell Labs фирмасында кезектер теориясы бойынша жұмысын жүргізді (телефон қоңырауларын модельдеу қосымшасында) . Сол кездегі модельдеу тілдерін қолдану тиімсіз болды. Өзінің диссертациясындағы тәжірибені пайдаланып Страуструп «С тілін» Симула тіліндегі мүмкіндіктермен толықтыруға бел байлады. UNIX жүйесінің негізгі тілі - С тілінде Bell компьютерлері жұмыс жасайды және көпфункциялы мен ауыспалы болып есептеледі. Страуструп оған кластар мен объектілермен жұмыс жасау мүмкіндігін қосты. Нәтижесінде, модельдеудің практикалық міндеттері өңдеу уақыты жағынан да, есептеу уақытының тездігінен де ұтты. Алғашқыда С тіліне инкапсуляция класы, ендірме кластар, типтерді тексеру қатаңдығы, inline функциялар мен аргументтер ендірілді.

Класты С (кейіннен С++) өңдеу кезінде Страуструп cfront - транслятор бағдарламасын жазды, ол бастапқы класты С кодын қарапайым С кодына ауыстырады. Жаңа тіл Страуструп қызметтері арасында кең танымалдылыққа ие болды және кейіннен ол барлық сұрақтарға жауап бере алмайтын дәрежеге жетті.

1983 жылы класты С тілінің атауы С++ атауына өзгертілді. Сонымен бірге виртуаль функциялар, функция мен операторларды қайта ендіру, сілтеуіштер, тұрақтылар, типтерді тексерудің жақсартылуы, түсініктеме (//) берудің жаңа стилі ендірілді. Оның коммерциялық шығарылымы 1985 жылдың қазанында болды. 1985 жылы «С++ бағдарламалау тілі» басылымы шығады, мұнда алғаш рет бұл тілге толық толық сипаттама беріледі. 1989 жылды 2. 0 версиялы С++ шығады. Оның жаңа мүмкіндіктеріне көптеген есте сақтау, абстрактылы кластар, статикалық функция - мүшелер, тұрақты функциялар мен қорғалған мүшелер кірді.

1990 жылы «С++ бойынша қысқаша анықтамалық түсініктеме» шығады, бұл кейіннен стандарттың негізін қалады. Соңғы жаңартуларға шаблондар, түзетулер, атау аймағы, типтерге келтірудің жаңа жолдары мен булевтілік тип жатты.

С++ стандартты кітапханасы осымен бірге дамыды. Қарапайым С++ кітапханасына ендірілген жаңалықтарға ендіру/шығару ағындары болды, ол С-дағы дәстүрлі printf пен scanf функцияларын алмастырды.

Ешкім де С++ тіліне иелену құқығына ие бола алмайды, ол еркін болып табылады. Бірақ тілдің стандартты құжатын тегін ала алмайсың.

Тілдің объектілік - бағыттаушы ерекшеліктері

С++ тілі С-ға объектілік - бағыттаушы мүмкіндіктерді қосады. Ол ООП-ның үш басты қасиеттері, яғни инкапсуляция, мұрагерлеу және полиморфизмді қамтамасыз ететін кластарды ендірді.

С++ стандартында класс деп негізгі class, struct немесе union сөздерін қолданатын қолданушы типін айтамыз. Структура (structure) деп struct сөзімен анықталатын класты айтамыз және ол union сөзі арқылы бірігеді.

Мұрагерлік

С++-те бір класты екіншісіне мұрагерлеу кезінде класс орындалуы беріледі, және мұрагер - класс өзінің ауданы мен функциясын қоса алады немесе базалық класс функциясын мұрагерлеуге рұқсат берілген.

Мұрагер конструкторы базалық класс конструкторын, кейіннен мәлімет - мүше статикалық емес конструкторын шақырады. Деструктор кері режимде жұмыс жасайды.

Мұрагер - бұл базалық класстан жоғары, сондықтан егер мұрагерлену ашық болса, онда базалық класстың барлық аймағында қолданыла алады, бірақ керісінше жүрмейді.

Полиморфизм

Бағдарламалауда полиморфизм деп базалық класстағы функция мүшелерді мұрагермен қайта анықтауды айтады.

Инкапсуляция

С++-тағы ақпаратты уйымдастырудың негізгі әдісі ретінде класстар саналады. С тілінің құрылымы (struct) ауданнан, ендірмелі типтерден, класстардан (class) тұрса, С++ ауданнан, ендірмелі типтерден және функция - мүшелерден (member functions) тұрады. С++-тағы инкапсуляция класс мүшелерінің деңгейін көрсету арқылы орындалады: олар публикалық (ашық, public), қорғалған (protected) және жеке (жабық, private) болады. С++ құрылымының класстардан айырмашылығы оның мүшелері мен базалық класы публикалық, ал класстікі - жеке болуында.

Microsoft Visual C++ (MSVC) - С++ тілінде қосымшаларды өңдеудің интегралданған ортасы, ол Microsoft фирмасында жасалып Microsoft Visual Studio комплектісінің жартысы есебінде немесе Visual C++ Express Edition тегін функциональді шектеулі комплект түрінде жеткізіледі. Интегралданған өңдеу ортасын Microsoft QuickC ауыстырады.

Visual C++ әдетте қосымша өңдеуді Managed C++ пен C++/CLI да, және қарапайым С++ қолдайды. Сондықтан ол . NET Framework платформасы үшін де «таза» Windows үшін де кодты қолдана алады. Бұл жағдайда Visual C++ басқа тіл құралдарына қарағанда ерекше болады, себебі Visual Basic . NET пен Visual J# таза Win32 үшін кодты өзгерте алмайды.

Visual C++ 2010 өңдеудің қуатты және нәзік ортасын анықтайды, ол Microsoft Windows үшін қосымшалар дайындай алады және Microsoft . NET негізделеді. Бұл ортаны өңдеудің интегралданған ортасы ретінде қолдануға болады. Visual C++ төмендегі компоненттерден тұрады:

  • Visual C++ 2010 компилятор құрылғысы. Компилятор машиналық коды бар дәстүрлі өңдеумен қатар CLR. Visual C++ 2010 ортасы бар виртуаль машина платформасын қолдану арқылы жүзеге асырылатын өңдеуді қамтиды. CLR. Visual C++ 2010 ортасында х64 пен Itanium толық объектісі үшін компиляторлар болады. Компиляторлар тікелей х86 архитектурасын қолдайды және екі платформа үшін кодты өңдеуді жеңілдетеді.
  • Visual C++ кітапханасы. С++ қолдау кітапханасы мәліметтерді маршалингтеуге жаңа мүмкіндік береді және CLR ортасын қолданатын бағдарламаның жазылуын жеңілдетеді.
  • Visual C++ өңдеу ортасы. Өңдеу ортасы жобаларды басқару кезінде, оларды ретке келтіру кезінде (үлкен жобаларды күшті қолдауды қоса алғанда) жан - жақты қолдау көрсетеді. Өңдеу ортасы IntelliSense технологиясын қолдайды, ол кодты жазу кезінде контекстті есепке алатын нақты көмекшілерді береді.

Қолданушы интерфейсі бар дәстүрлі қосымшалармен қоса Visual C++ веб - қосымшаларды, Windows-тың интеллектуальді клиенттері үшін арналған қосымшаларды жасауға, мобильді құрылғылар дайындауға мүмкіндік береді. Жүйе деңгейі ретіндегі кең танымал С++ тілі мен Visual C++ бірігіп бағдарламалық қамсыздандыруды құру үшін жоғары дәрежелі құрылғы болып табылады.

Visual C++ параметрлері

Visual C++ параметрлері қолданушымен қарым - қатынасты жеңілдету үшін және Visual C++ дайындаушыларының өнімділігін арттыруға арналған. Олар компоненттің бөлігі болып табылады. Параметрлермен жұмыс жасау Visual Studio өңдеудің интегралданған ортасының параметрлерін сақтауға және ретке келтіруге мүмкіндің береді.

Өңдеудің интегралданған орта параметрлерін басқа компьютерлерге апаруға және ендіруге болады.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

2. 1. Бағдарламалау тілдері

2. 2. Мәліметтер қоры және оларды басқару

Мәліметтер қоры деп тәуелсіз материалдардың (мақала, есептеулер, нормативтік актілер, сот шешімдері мен басқалар) объективті формадағы жиынтығын айтамыз, бұлар электронды есептеу машинасымен (ЭВМ) өңделіне алады.

Белгілі монография мен стандарттардан анықталған анықтамалар:

  • Мәліметтер қоры - компьютер жадында белгілі ережелермен жинақталған мәліметтер жиынтығы және ол қолданушының ақпараттық сұранымын қанағаттандырады.
  • Мәліметтер қоры - мәліметтер сызбасына сәйкес сақталатын мәліметтер жиынтығы, оларды басқару мәліметтерді модельдеу құрылғыларының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
  • Мәліметтер қоры - қандай да бір мекеменің бағдарламалық жүйелерінде қолданылатын перманентті (тұрақты сақталатын) мәліметтердің жиынтығын айтамыз.
  • Мәліметтер қоры - мекеменің ақпараттық сұранысын қанағаттандыруға арналған логикалық өзара байланысты мәліметтер.

Көптеген авторлар мәліметтер қорына сипаттама бергенмен жалпы біртекті анықтама әлі жоқ. Ең жиі қолданылатын ерекше белгілер:

  1. Мәліметтер қоры есептеу жүйесінде сақталады және өңделеді. Нәтижесінде компьютерлік емес ақпарат сақтауыштар (архив. Кітапхана, картотека және тағы басқалар) мәліметтер қоры бола алмайды.
  2. Мәліметтер қорындағы мәліметтер логикалық түрде белгілі құрылымға сәйкестендірілген (жүйеленген), мақсаты есептеу жүйесінде тиімді іздеу және өңдеу болып табылады. Құрылымдау деп құрамындағы бөліктерді нақты анықтау және бұл элементтерді белгілі типке келтіру.
  3. Мәліметтер қоры құрамына метамәліметтер кіреді, олар мәліметтер қорының логикалық құрылымын ресми түрде сипаттайды (белгілі метамодельге сәйкес) . ГОСТ Р ИСО МЭК ТО 10032-2007сәйкес мәліметтер қорындағы тұрақты мәліметтердің мазмұнына мәліметтердің сызбасы мен қоры кіреді. Сызбаның құрылымына мәліметтер қорын дайындау мен қолдау үшін қолданылатын мазмұн, құрылым мен бүтінділік шектеу анықтамалары кіреді. Мәліметтер қорына сызба арқылы анықталған тұрақты мәліметтердің жиынтығы жатады. Мәліметтерді басқару жүйесі сызбадағы мәліметтердің анықтамаларын мәліметтер қорында пайдаланады.

Көрсетілген белгілердің ішіндегілердің алғашқысы ғана қатаң, ал басқалары түрлі бағалау мен түсіндірулерге ие бола алады. Мұнда мәліметтер қорының талаптарына сәйкес дәрежелікті ғана анықтаймыз.

Мұндай жағдайда жалпы қабылданған тәжірибені қолданамыз. Оған сәйкес мәліметтер қорына файлдық архивтерді, Интернет - порталды немесе электронды кестені жатқыза алмаймыз.

Көптеген ғалымдардың көрсетуінше «мәліметтер қоры» терминін «мәліметтер қорын басқару жүйесі» терминімен теңестіріліп қолданылады. Бұл ұғымдарды ажырата білу керек.

Мәліметтер қорының даму технологиясы мен пайда болу тарихы кең және тар мағынада қарастырылады.

Кең мағынада мәліметтер қоры тарихы адамзаттың мәліметтерді сақтау мен өңдеу құралдар тарихынан басталады. Оған Ежелгі Шемерде (б. э. д. 4000ж. ) патша қазынасы мен салықты есептеу құралдары, инк - кипу тайпаларының байламды жазбасы, Ассирия патшалығының жазбалары жатады. Мұндағы «мәліметтер қоры» ұғымы «архив» пен «жазба» ұғымымен қатар қолданылады.

Тар мағынадағы мәліметтер қоры тарихы мәліметтер қорын дәстүрлі (қазіргі заманғы) түсінікте қарастырады. Бұл тарих 1955 жылдан басталады, бұл кезде жазбаны өңдейтін бағдарламалық жазба пайда болды. Бұл кезеңдегі бағдарламалық қамсыздандыру жазбаны өңдеудің файлдық негіздегі модельді қуаттады. Мәліметтерді сақтау үшін перфокарталар қолданылды.

Оперативтік жүйелік мәліметтер қоры тек 1960 жылдың ортасында пайда болды. Оперативтік мәліметтер қорындағы операциялар терминалдың көмегімен интерактивті режимде өңделді. Қарапайым индексті жазбалар мекемесі біртіндеп қуатты жазбалар моделіне айналды, олар жиынтыққа негізделді. DBTG (Data Base Task Group) жұмысын басқарғаны үшін және мәліметтерді анықтаудың қарапайым тілін тапқаны үшін Чарльз Бахман мырза Тьюринг премиясын алды.

Осы уақытта COBOL мәліметтер қоры ұйымында мәліметтер қоры сызбасы концепциясы мен мәліметтер тәуелсіздігі концепциясы жасалынады.

Келесі бір маңызды кезең 1970 жылы мәліметтердің х реляциялық моделін Эдгар Ф. Коддтың жасап шығаруымен байланысты. Кодд жұмыстары мәліметтер қорының қосымша технологиясын математика мен логика ғылымдарымен байланыстырды. Өзінің теория мен практикадағы еңбегі үшін Эдгар Ф. Кодд ғалымы да Тьюринг премиясын алды.

Database (мәліметтер қоры) терминінің өзі 1960 жылдың басында енгізілді, оның қолданысы SDC (System Development Corporation) фирмасы ұйымдастырған 1964 пен 1965 жылғы симпозиумдарда айналымға енгізілді.

Мәліметтер қорының классификациясы

Мәліметтер қорының түрлі критерийлері бойынша көптеген түрлері кездеседі (мысалы, «Мәліметтер қоры технологиясы энциклопедиясында» мәліметтер қорының 50-ден аса түрі көрсетіледі) .

Біз негізгі классификацияларды көрсетеміз.

Мәліметтер моделі бойынша мәліметтер қоры классификациясы:

Мысалы:

  • Иерархиялық
  • Жүйелік
  • Реляциялық
  • Объектілік
  • Объектілік - бағыттаушы
  • Объектілік - реляциялық

Физикалық сақтау ортасы бойынша мәліметтер қоры классификациясы:

  • Екіншілік жадтағы (дәстүрлі) мәліметтер қоры: тұрақты сақтау ортасы болып перифериялық энерготәуелсіз жад (екіншілік жад) саналады, яғни қатты диск. МҚБЖ-ң жедел жадына тек қана кеш және ағмдағы өңдеу мәліметтері кіреді.
  • Жедел жадтағы мәліметтер қоры (in-memory databases) : барлық мәліметтер жедел жадта орналасады.
  • Үшіншілік жадтағы мәліметтер қоры (tertiary databases) : тұрақты сақтау ортасы болып серверден ажыратылған жалпы сақтау құрылғысы саналады (үшіншілік жад), ол магнитті лента немесе оптикалық дискіге негізделген. Сервердің екіншілік жадында тек қана үшіншілік жад мәліметтерінің каталогы, файлдық кеш және ағымдағы өңдеуге арналған мәліметтер кіреді; бұл мәліметтердің ендірілуі арнайы процедураны қажет етеді.

Мазмұны бойынша мәліметтер қоры классификациясы:

Мысалы:

  • Географиялық
  • Тарихи
  • Ғылыми
  • Мультимедиялық

Таралу дәрежесі бойынша мәліметтер қоры классификациясы:

  • Орталықтанған (жинақталған)
  • Таратылған

Теория мен практикада маңызды орынды кеңістік (ағыл. spatial), уақыттық немесе темпоральді ( temporal ) және кеңістіктік - уақыттық ( spatial-temporal ) мәліметтер қоры алады.

Өте үлкен мәліметтер қоры ( Very Large Database , VLDB ) - бұл мәліметтер қоры физикалық сақтау құрылғысында өте үлкен көлемді алып жатыр. Термин бойынша мәліметтер қорының мүмкін болар үлкен көлемі негізінен мәліметті физикалық сақтау технологиясы мен мәліметтерді бағдарламалық жөндеу технологиясының соңғы жетістіктері анықтайды.

«Өте үлкен көлем» ұғымының нақты анықтамасы уақыт бойынша өзгереді; қазіргі таңда ол петабайтпен өлшенеді.

Өте үлкен қорлар мен мәліметтер жинағы арнайы логикалық және жүйелік - техникалық жобалауды қажет етеді, мақсаты бұндай үлкен көлеммен жұмыс жасай алу. Ол үшін үш шарт орындалуы тиіс: дискілік жүйешеге арналған арнайы шешім, операциялық ортаның арнайы нұсқасы және МҚБЖ-ны мәліметке айналдыратын арнайы механизм.

- Аса үлкен мәліметтер қоры.

VLDB- ны өңдеу мен сақтау зерттеулері әрқашан мәліметтер қорының теориясы мен тәжірибесіне өте қажет. Әсіресе 1975 жылдан бері өтетін жыл сайынғы International Conference on Very Large Data Bases (Өте үлкен мәліметтер қоры бойынша халықаралық конференция) . Көптеген зерттеулер коммерциялық емес ұйым VLDB Endowment («VLDB-ға кіріс») мекемесінің ұранымен өтеді, ол мәліметтер қоры облысындағы мәліметтер алмасу мен ғылыми жұмыстарды өткізу ісімен айналысады.

Реляциялық МҚБЖ

Реляциялық мәліметтер қоры - мәліметтердің реляциялық моделіне негізделген мәліметтер қоры. Реляциялық МҚБЖ (РМҚБЖ, яғни реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі) - реляциялық мәліметтер қорын басқаратын МҚБЖ. Реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін реляциялық МҚБЖ қолданылады.

Реляциялық ұғымы (ағыл. relation - қатынас) атақты ағылшын ғалымы Эдгар Коддтың (Edgar Codd) мәліметтер қоры жүйесі облысындағы зерттеулерімен байланысты болды. Реляциялық мәліметтер қорын қолдануды да алғаш рет 1970 жылы IBM компаниясының докторы Кодд ұсынды.

Реляциялық мәліметтер қорының қалыпты мақсаты болып мәліметтер қорының құрылымның кемшіліктерін алып тастау жатады.

Реляциялық мәліметтер қоры теоретиктері теорияның даму кезіндегі артықшылық мысалдарын анықтап, оны алып тастау әдістерін анықтады.

Бұл модельдердегі мәліметтер қоры құрылымы қарапайым және қолданушы үшін мәліметтерді өңдеуге өте ыңғайлы келеді.

Реляциялық модель мәліметтерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға арналған. Әрбір реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде болады және төмендегі қасиеттерге ие болады:

  • Кестенің әрбәр элементі - мәліметтің бір элементі
  • Кесте бағанындағы барлық ұяшықтар біртекті, яғни бағандағы барлық элементтер біртипті (сандық, символдық және т. б. ) болады.
  • Әрбір бағанның ерекше есімі болады.
  • Кестеде бірдей қатарлар болмайды.
  • Бағандар мен қатарлардың кезегі өзгермелі бола алады.

Реляциялық МҚБЖ-ң негізгі ұғымдарына төмендегілер жатады:

  • Атрибут
  • Қатынас
  • Кортеж

Иерархиялық мәліметтер қоры

Иерархиялық мәліметтер қоры - түрлі деңгейдегі объектілерден тұратын ағаш ретінде беріледі. Жоғарғы деңгейде - бір объект, екіншісі - екінші деңгейде орналасады.

Объектілер аралығында байланыстар болады, әрбір объекттің құрылымына төменгі деңгейлі бірнеше объектілер енеді. Бұл объектілер баба түрінен (тамырына жақын объект) ұрпаққа (төменгі деңгейлі объект) бағытталады, мұндағы баба объектінің ұрпағы болмайды немесе бірнеше болады, ал ұрпақ - объектінің бір ғана бабасы болады. Ортақ бабасы бар объектілер сыңарлар деп аталады.

Мысалы, егер иерархиялық мәліметтер қорында сатып алушы мен оның тапсырысы жөнінде мәлімет болса, онда объект «сатып алушы» және «тапсырыс» объектісі болады. «Сатып алушы» объектісінің «тапсырыс» объектісіне бағыттаушылары болады.

Бұл сұраныс моделі иерархия бойынша төмен бағытталып, қарапайым болады (мысалы, бұл сатып алушыға қандай сұраныстар тиісті), бірақ иерархия бойынша жоғары бағытталған тапсырыс күрделі болады. Мұндай модельде иерархиялық емес мәліметтерді қолданбау мүмкін емес.

Иерархиялық мәліметтер қоры - файлдық жүйе болып табылады, құрылымына тамырлық директория енеді.

Мәліметтер қорын басқару жүйесін алғаш рет қолданушылар мәліметтердің иерархиялық моделі қолданған, оның алдында жүйелік модель пайда болған.

Мәліметтердің иерархиялық моделіндегі негізгі ақпараттық бірліктерге сегмент пен аумақ жатады. Мәліметтер аумағы - мәліметтің ең төменгі бөлінбейтін бірлігі болып табылады. Сегмент үшін сегмент типі мен сегмент нұсқасы анықталады. Сегмент нұсқасы - мәліметтер аумағының нақты мәндерінен құралады. Сегмент типі - бұл құрамындағы мәліметтер аумағы типтерінің атаулы жиынтықтары.

Жүйелік сияқты иерархиялық модельде мәліметтердің құрылымы графалық формаға негізделеді және мәліметті жүйелік модельдеудің жекелей түрі болып табылады.

Мәліметтердің иерархиялық моделінде графаның төбесі сегмент типіне немесе сегментке, ал доғаға - баба байланыс типі немесе ұрпақ сәйкес келеді. Иерархиялық құрылымда сегмент - ұрпақтың бір ғана бабасы болады.

Иерархиялық модель өзара байланысты ағаш түріндегі құрылым болады, ол сегменттерді біріктіреді. Иерархиялық мәліметтер қоры ағаштардың тәртіптегі жиынтығынан тұрады.

Иерархиялық модель шеңберінде мәліметтерді сипаттаудың тілдік құралдары (МСТ) және мәліметтерді басқару құралдары (МБҚ) ажыратылады. Әрбір физикалық қордың операторлар жиынтығы болады, ол оның логикалық құрылымын, мәліметтер қоры сақтау құрылымын анықтайды. Мұндағы қол жетімділік әдісі физикалық жазбалардың байланысын ұйымдастырады.

Қол жетімділіктің төмендегі әдістері анықталған:

  • Иерархиялық кезекті
  • Иерархиялық индексті - кезекті
  • Тікелей иерархиялық
  • Иерархиялық тікелей - индексті
  • Индесті

Мәліметтер қоры атының берілуімен қатар сипаттау әдісінің мазмұнында сегменттер типі анықтамасы беріледі. Әрбір физикалық мәліметтер қоры бір ғана тамырлық сегменті бар, бірақ жүйеде бірнеше физикалық мәліметтер қоры болуы мүмкін.

Мәліметтерді басқару операторларының ішінде мәліметті іздеу операторын, модификация мүмкіндігі бар іздеу операторын, мәліметті модификациялау операторын көрсетуге болады. Иерархиялық мәліметтер қорында мәліметті басқару операциялары көп емес, бірақ жеткілікті.

Белгілі иерархиялық МҚБЖ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қор құрылымы және оның объектілері
Басқару жұмыстарын автоматтандыру
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау
Ақпараттық жүйенің ұғымы
Мәліметтер қоры
Турфирма
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz