Орфографиялық норма мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Тақырыбы: Тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру
мәселелері

Орындаған:

Қабылдаған:

Шымкент 2011 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Бөлім. Орфографиялық норма мәселелері

1. Орфографиялық норма тілдік норманың бір түрі ретінде

1.2 Орфографиялық нормалардың ерекше белгілері

ІІ Бөлім. Тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру

1. Орфография және оны қалыптастыру мүмкіндіктері

2. Орфографиялық нормаларды қалыпастыру мәселелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп,
кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі
қажет. Норма - белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда
әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын,
жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бырыңғай нормалар
болады деген сөз. Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас
құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсері ақиқат.
Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия , жазбаша нормасын -
орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия - сөздер мен сөз тіркестерінің
бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Елдің
егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды
факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас
тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның
әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге
этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де,
бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына
сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері
қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның
бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Курстық жұмыстың өзектілігі.

Жазуда қателік жібермейтін, орфографияны білетін адамды сауатты деп
атайды. Дегенмен, сауатты адам деп тілдегі барлық сөздерді қалай жазуды
білетін емес, ережелермен, сөздіктермен және анықтамалармен сөздің жазылуын
түсіндіре алуға қабілетті адам танылады.

Қазіргі кездегі жазудың кең таралуы әрбір адамға орфография
заңдылықтарын білуді міндеттейді. Сауатты жазу мәселесіне әркім өз
ыңғайымен жанасады. Біреу үшін ол - сәтті каръера кепілі; екіншілер үшін -
престиж ісі, ал үшіншілер жазу ережесін мектеп жастан үйренеді. Орфография,
сонымен қатар, қазақ мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Сауатсыз
жазудың артында өз халқына, толықтай дәстүрі мен мәдениетіне деген
құрметсіздік жасырынады.

Сөздердің жазылуы орфографиялық нормалар арқылы анықталады.
Орфографиялық нормалар – жазудағы сөздің теоретикалық жабдықталуы мен
тарихи қалыптасқан тілдік норманың әр түрлілігі. Орфографияның қолданбалы
негізі орфограмма болып табылады. Орфограмма – жазушы ережелерге сүйене
отырып, сөздердің графикалық жабдықталуын таңдау элементі.

Қазіргі таңда тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды
қалыптастыру қазақ тілінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кез келген
орфографиялық норма лингвистикалық талдауды қажет етеді. Сондықтан да тіл
білімінің теоретиктері тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды
қалыптастыруға көп көңіл бөледі.

А.Н. Гвоздевтің орфографиялық ережелерге деген талабы, Н.Н. Алгазина
еңбектері, А. Б. Селезневтің орфографиялық нормаларды қалыптастыру
еңбектері маңызды болып табылады. Отандық зерттеушілерден Ж. Мангышеваны
айтуға болады.

Курстық жұмыстың объектісі - орфографиялық нормалар. Тілді пайдалану
екі формада жүзеге асады, бірақ тілді тұтынушылар үшін сол тілдің ауызша
және жазбаша қолдану нормалары талап етіледі. Тіл адамдық қоғамнан тыс өмір
сүруі және дамуы мүмкін емес. Құрылым және жүйелік қатынастар тарапынан
тілді зерттеу мүмкін. Бұл жағдайда бір деңгейлі тілдік бірліктер
теңқұқықты болады, оларды дұрыс, нормативік, дұрыс емес, нормативтік
емес деп бөлуге болмайды. Функционалды келіс лингвисттерді орфографиялық
норма проблемасына алып келеді.

Курстық жұмыстың пәні. Тілдік қатынастағы орфографиялық
нормалардың қалыптасу мәселелері. Жазу дегенде біз дыбыстық субстанция
тілін графикалыққа ауыстыратын белгілер жүйесін түсінеміз. Басқа жүйелер
сияқты бұл да өзінің қасиеттерін көрсететін негізгі категориялары оның
факторлары болып табылады. Осы арқылы орфографиялық нормалар қалыптасады.
Орфографиялық нормалардың қалыптасу мәселелерін зерттеу жүзеге асады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазіргі таңдағы орфографиялық нормалардың
қалыптасу мәселелерін ғылыми негіздеу. Қазақ тіліндегі орфографиялық
нормалардың ғылыми саласын дамыту болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

• Орфографиялық нормалардың қалыптасу мәселелерінің маңыздылығын
сипаттау, оның ерекшеліктерін анықтау;

• Оқулықтардағы орфографиялық нормалар интерпретациясын қарастыру;

• Орфографиялық аспектіде орфографиялық нормалардың қалыптасуын
анықтау;

• Тілдік қатынастағы орфографиялық нормалардың қалыптасуын ғылыми
зерттеу.

Зерттеу әдістері. Қойылған мақсаттарға жетуде синхронды, сонымен қатар
тілді зерттеудің диахронды аспектілерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы
ғылыми әдістермен қатар салғастырма әдіс, дистрибуциялық талдау, формалды
тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік
модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері
қолданылады.
Жұмыста жазушының тілдік ұстанымын адекватты түрде көрсететін
(орфограмма, жазу мотивациясы, орфография ережелері және т.б.) түсініктер
жүйесі негізінде норманы құрылымдық талдау, эксперимент, салыстыру, бақылау
сияқты тілдік құбылыстардың белгілі бір даму кезеңдеріне сипатты ғылыми –
зерттеу тәсілдерінің жүйесін көрсететін лингвистикалық сипаттау әдісі
қолданған. Зерттеу жұмысында орфография нормаларының нұсқаларын
қалыптастыратын, олардың орфография құрылымында иерархиялық өзара қарым-
қатынасын көрсететін орфографиялық норма міндеттерін шешетін модельдеу
әдісі де қолданылады.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы орфографиялық норма екі аспектіде
зерттелген: бір жағынан тіл – жазу қатынасы, басқа жағынан – осы
қатынастардың тілді тұтынушылар арқылы жүзеге асырылуы қарастырылады.
Орфографиялық норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса,
ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, тілдік және
тілдік емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің сапасын анықтауда
орфографиялық нормаға сүйену жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да
ескеру, тілдік, тілдік емес нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді
ауытқудың әсерімен ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты
жаңалығы.
Зерттеудің теориялық құндылығы мен практикалық мәнділігі.
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынастағы орфографиялық нормалардың
қалыптасу теориялық мәселе ретінде қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес
қосады. Орфографиялық норманың қалыптасу мәселелерін тілдік,
коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени, этикалық
тұрғыдан қарастыру оның негізгі белгілерінің түгелденіп біртұтас құбылыс
ретінде қалыптасуына негіз болады. Сөздің коммуникативтік сапасын
объективті түрде айқындаудың, мәтінді интерпретациялаудың, тілдік
нормаларды кодификациялаудың теориясын жасау жолындағы әрі қарайғы ғылыми
зерттеулерге мұрындық болады.
Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары, материалдары жоғары
мектептерде орфография, орфоэпия, коммуникация теориясы бойынша оқылатын
лекциялық курстарда пайдаланылады.
Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін
жазылатын орфография мен орфографиялық норма жөнінде оқулықтар мен оқу
құралдарын, бағдарламаларын жасауға пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу
жұмысында айтылған тұжырымдар мен ұсыныстардың нормативті сөздіктерде
кодификациялау ісінде қолданылуы мүмкін.

І Бөлім. Орфографиялық норма мәселелері

1. Орфографиялық норма тілдік норманың бір түрі ретінде

Тілдік нормалар (әдеби тіл нормасы, әдебиеттік нормалар) – бұл әдеби
тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі тілдік құралдарды қолдану ережесі,
яғни айтылу, жазу, сөз қолдану, грамматика ережелері. Норма – тіл
элементтерінің (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) жалпыға бірдей бірыңғай
қолдану үлгісі.

Тілдік құбылыстар мынадай белгілермен сипатталса нормативтік болып
табылады:

• тіл құрылымының сәйкестігі;

• сөйлеушілердің көбісінің тілдік іс – әрекеті үрдісіндегі массалық және
ұдайы дамыту;

• қоғамдық қолдау мен мойындау.

Тілдік нормалар барлық халықтың әдеби тілінің даму кезеңдерін
көрсетеді. Тілдік нормаларды бұйрық бойынша енгізуге немесе керісінше,
жойып тастауға болмайды, оларды әкімшілік жолмен реформалау мүмкін
емес.Тілдік нормаларды зерттеуші ғалым-тілтанушалардың іс-әрекетінің
мазмұны басқада: олар тілдік нормаларды анықтайды, сипаттайды және
кодификациялайды.

Орфографиялық тілдік нормалардың қайнар көздеріне мыналар жатады:

• классик-жазушылардың шығармалары;

• классикалық дәстүрлерді жалғастырушы заманауи жазушылардың
шығармалары;

• бұқаралық ақпарат құралдарының публикациясы;

• жалпы қоғаммен танылған замануи орфографиялық тілдік нормаларды
қолдану;

• лингвистикалық зерттеулер деректері.

Орфографиялық тілдік нормалардың сипатты белгілері мыналар болып
табылады:

• салыстырмалы түрде трақтылық;

• кең таралғандығы;

• жалпы қолданыста болуы;

• жалпыға міндеттілік;

• орфографиялық нормаларды қолданудың тілдік жүйе мүмкіндіктері мен
дәстүрлеріне сәйкес болуы.

Орфографиялық нормалар әдеби тілде өзінің тұтастығы мен жалпыға
ұғынықты болуына көмектеседі. Жалпы тілдік нормалар әдеби тілді диалектті
сөйлеуден, әлеуметтік және кәсіби жаргондардан, қарапайым сөйлеу сөздерінен
қорғайды. Бұл әдеби тілге өзінің ең маңызды қызметі – мәдени қызметін
атқаруға мүмкіндік береді.

Сөйлеу нормалары қоғамдық коммуникация процесінде жинақталған және
бекітіллген тілдік жүйенің барынша тұрақты дәстүрлі түрде жүзеге
асырылуының жиынтығы.

Тілдің даму динамикасы және орфографиялық нормалардың өзгергіштігі.
Тілдің әрдайымғы дамып отыруы әдеби нормалардың өзгеруіне алып келеді.
Өткен жүзжылдықта, тіпті 15-20 жыл алдын болған тілдік нормалар қазір
ауытқу болып саналуы мүмкін. Дегенмен орфографиялық нормалардың қалыптасу
тарихында мыналар да кездеседі:

• ескі норманың сақталуы;

• екі нұсқаның бәсекелестігі, онда сөздіктерде дәстүрлі нұсқасын
ұсынады;

• нұсқалардың бәсекелестігі, онда сөздіктер сөздің жаңа қолданылған
нұсқасын ұсынады;

• жаңа нұсқаны бірыңғай нормативті сапа ретінде бекіту.

Тіл тарихында тек қана орфоэпиялық емес, орфографиялық және басқа да
тілдік нормалар өзгеріске ұшырайды.

Орфографияның нормалары – сөздердің жазылу ереесі. Олар дыбыстарды
әріптермен белгілеу ережелерін, сөзерді бірге, бөлек және дефиспен жазу
ережелерін, бас әріппен жазу және графикалық қысқарту ережелерін, сөздерді
тасымалдау ережелерін қамтиды.

Орфография мен пунктуация нормалары Қазақ тілінің орфография және
панктуация ережесінде бекітілген. Орфографиялық нормаларды қолдану
Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева еңбектерінде барынша айқындалады.

Орфография (грек тілінен алғанда orthos түзу, дұрыс және grapho
жазамын) – сөздерді жазуда әріптік және әріптік емес (дефистер, бос
орындар, сызықшалар) графикалық символдарды қолдану тәсілдерін анықтайтын,
сонымен қатар орфографиялық ережелерді қалыптастыратын тілтанудың
қолданбалы бөлімі.

Орфография бірнеше бөлімдерден тұрады:

• сөздің маңызды бөліктерінің жазылуы (морфемалар) – түбірлерді, жұрнақ,
жалғауларды жазу, яғни сөздің дыбыстық құрамын белгілеу;

• бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;

• бас және кіші әріптерді қолдану ережелері;

• тасымалдау ережесі;

• сөздерді графикалық қысқарту ережесі.

Әдеби тілдің диалектілерден ерекшеленетін сипатты белгісі ондағы
кодификацияланған нормалардың болуы болып табылады. Белгілі бір нормаларды
ұстану сөйлеу мазмұнын қабылдауды жақсартуды қабілеттендіреді, жазу
анықтылығы мен нақтылығын қамтамасмыз етеді. Сондықтан да нормалар тіл
қатынасында маңызды рөлге ие. Тілдік нормалардың ішінде лексикалық,
грамматикалық, сонымен қатар орфографиялықнормалар бір-бірімен өте тығыз
байланыста дамиды және бүкіл әдеби тілдің көрінісін сипаттайды.
Орфографиялық нормалар сөздегі жазу формасының спецификасын қалыптастырады.

Әдеби тілді толық меңгеру үшін тілдік нормаларды ұстану қажет.
Орфографиялық нормаларды ұстану лексикалық және грамматикалық нормалар
тәрізді маңызды болып табылады. Сауатсыз жазылған кез келген шығарманы
оқуға қолайсыз, ал бұл тікелей әлеуметтік зиянды алып келеді. Сондықтан да
орфографиялық нормаларды қалыптастыру мәселелері қазіргі кездегі өзекті
тақырып болып отыр. Осы тұрғыдан басылып шыққан кітаптардың барлығы да
орфографиялық норма бойынша тексерілуден өтіп отырады.

1. 2 Орфографиялық нормалардың ерекше белгілері

Сөздердің жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үйрекшікті
машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи
дамуының нәтижесі деп аңғаруға болмайды.
Бір қызығы, жаппай сауаттылыққа соңғы жарты ғасыр көлемінде ғана ие болған
біздің тілімізде алғашқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл
бөлінді. Ол заңды, арине. Ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту
нормалары ол кезде аса алаңдата қоймаса керек. Рас, мектеп, жоғарғы оқу
орындарына арналған оқулықтарда алғашқы күннен –ақ үндестік заңдары арнайы
айтылып келеді. Алайда орфография нормасы жайында арнайы тақырып , түсінік
тек 60 жылдардан бергі жерде ған бой көрсете бастады. Соның өзінде жоғарғы
оқу орнына арналған оқулықта бұл мәселе әлі күнге жабулы күйінде қалып
келеді. әрине, қазақ орфографиясының негізгі үндестік заңдарында жатқанын,
үндестік заңдарын меңгеру, айналып келгенде, орфография нормаларының
қалыптасу мәселелерін меңгеру екенін түсіну қиын емес.
Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес , былай
болуы әлде қайда қолайлы, әрі қонымды (мәселен, өлең деп жазу өлеңнен гөрі
тиімді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Қысқасы,
графика жеке дыбысты , әйтеуір жазуды қарастырса , орфография сөзді
жазудағы графикалық мүмкіндіктердің таңдаулысын ғана алады.
Әлемдегі жазу жүйелерінің бірнеше ғасырлық даму жолынан өтті. Мәселен, орыс
жазуының тарихы екі ғасырдан асады (осыған негізделген қазақ ғасырына жарты
ғасыр туды). Алайда осындай ұзақ дамудан өтіп, жетілген деген жазулардың
өзінде бірде бір тіл дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында толық сәйкестікке
жете қойған жоқ.
Әріптердің қолданылуын орфография белгілейтін ерекше
ережелер реттейді.
Орфография
1. жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы
қалыптасқан жүйе
2. біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын
және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің
нормаларын айқындайды деуге болады.
Осындай ережелер жүйесі:
1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру;
2. сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
3. сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
4.бас әріпті пайдалану;
5. тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра
дұрыс жазу деген синоним ретінде де қолданылады).
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің
жиынтығынан тұрады.
Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде
жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің
негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл
жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі дыбыс - әріпке негізделген жазу жүйесінде дыбыстарды
(фонемаларды) әріптермен белгілеу орфографияның өзекті мәселесі болып
табылады. Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне –көп басшылыққа
алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, басты принцип делінеді.
Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік
принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.
Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын
ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс
алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады,
жаңғанда, түрде айтылатын сөз формаларға ортақ түбір –жан, сондықтан жан,
жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал жаз, жазшы, айтуда жаз, жасса, жашшы
алайда түбір (жаз) сақталып қалады. Морфологиялық принципті фонематикалық
принцип деп те атайды.
Мұнда бір фонеме әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі
алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді. Бұған жоғарғыдағы мысалдардан көз
жеткізуге болады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады,
яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда жаз, жасса, жашшы,
жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға
жуықтайды.
Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан,
дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар,
қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады.
Дәстүрлік пинцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де,
келмеуі де мүмкін.
Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді
бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде
ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан.
Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар,
қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну
қажет. Қазақ тілінде 2,5 мын омоним сөз бар, 10-15 сөзді түрлендіріп жазу
арқылы бұл мәселені мүмкін емес.
Сөз мәдениеті осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде
зерттелсе, ендігі жерде орфографиялық норманы қалыптастыру мәселесін
бағдарға алуы жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады.
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі,
біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті
аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы
(М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық,
Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев,
А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық),
варианттылық пен норма (И.Ұйықбаев, С.Бизақов) т.б. жөніндегі зерттеулер
тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті.
Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан
қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек
нормативті аспектіде қарастырмай, орфографиялық норманы қалыптастыру
аспектісінде зерттеу.
Орфографиялық тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым
болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету,
орфографиялық тілдік және тілдік емес нормалардың түрлерін айқындай отырып,
сөздің жазылуының сапасын анықтауда орфографиялық тілдік нормаға сүйену
жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да ескеру, тілдік, тілдік емес
нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен ықпалын ашу
зерттеудің нормативті аспектіге қатысты мәселелерін анықтау болып табылады.

Орфографиялық норма сауаттылығын қалыптастыру қазақ тіліне оқытудың
маңызды міндеті болып табылады. Оның маңыздылығы мынаған негізделеді:
1. Орфографиялық норма сауаттылығы адамның жалпы тілдік мәдениетінің
құрамдас бөлігі, ол жазу қарым – қатынасында өзара түсіністік пен
ой білдіру нақтылығын қамтамасыз етеді.
2. Әдеби тілдің жазба түрі өзінің құрылымы бойынша ауызша түрінен
ерекшеленеді. Жақсы дамыған тілдік дағдылар, қарым – қатынастың
әр түрлі жағдайларындағы ауызша сөйлеудің нақтылығы мен
сауаттылығы, сауатты жазу тұлғаның тәрбиелілігі мен
білімділігінің белгісі, көп жағдайда адамның қоғамдық және кәсіби
белсенділігін анықтайды. Дегенмен орфографиялық норманы меңгеру
және оны қолдануды оқушылар үшін көптеген қиындықтарды туғызады,
себебі ол өте көлемді мәселе болып табылады. Осы көлем шеңберінде
қатысушылар орфограммаларды бөлуді, олардың танымдық белгілерін
табуды және осыған байланысты белгілі бір орфографиялық ережелер
мен нормаларды білуі қажет.
Бәрімізге белгілі, көптеген адамдар ережені біле тұра орфографиялық
нормаларды практикада қолдана білмейді. Сондықтан да ғалымдар мен
оқытушылар орфографиялық дағдылар мен нормаларды қалыптастырудың эффективті
жаңа келістерді іздейді. Сонымен, орфографиялық сауаттылық қазақ тіліне
үйретудің орталық проблемасы болып табылады. Ең маңыздысы орфографиялық
дағдыларды жасап шығару, орфографиялық ережелерді қолдану болып табылады.
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, жұмыста мынадай мақсат
қойылады: орфографиялық дағдылар мен нормаларды жасап шығару мен
қалыптастыру бойынша эффективті әдістер мен тәсілдерді жасап шығару. Осы
қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
1. Осы проблема бойынша лингвистикалық, психолого-педагогикалық
және ғылыми – әдістемелік әдебиеттерден іздестіру;

2. Орфографиялық норманы қалыптастыру бойынша жұмыстың барынша
эффективті тәсілдерін анықтау.

Тілдік норманың тарихи сипатын, "ескі” мен "жаңа” норманы айқындауда
Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б.
ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-
тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз
қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған
статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін
кеңейте түсетіні сөзсіз.
Орыс тілтанымы мектептерінің басында тұрған көрнекті тұлғалар
Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Ожегов т.б. еңбектеріндегі, сондай-ақ Прага
лингвистикалық мектебі өкілдерінің, әсіресе В.Матезиустің [6] тіл
мәдениетінің жалпы ұстанымдарының, жалпы тіл біліміндегі теориялық
тұжырымдар мен концептуалдық пайымдауларының қазақ сөз мәдениетінің
теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы ерекше болғаны
мәлім.
Жоғарыда атап көрсетілген зерттеу нәтижелері мен тілді зерттеудің
жаңа бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін
көтерудің сөз мәдениетіне тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені
мәдениеті жоғары тіл ғана ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін
мінсіз атқара алады. Осыған орай сөз мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып,
оның мынадай келелі-келелі мәселелерін айқындап, оларды ғылыми негізде
шешуді күн тәртібіне қойып отыр.
Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы
негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің
коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге
салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа
сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі
теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау,
зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі
өзекті мәселелер болып табылады.

ІІ Бөлім. Тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру

1. Орфография және оны қалыптастыру мүмкіндіктері

Орфографиялық норманы қалыптастыру проблемасы барлық тіл үйренуші
және үйретуші адамдар практикасында кездеседі. Жазудың автоматтандырылған
дағдыларын игергендер үшін маңызды мәселе осы дағдыларды сындырып алмау,
қайта оқуға жүгінбеу болып табылады. Сондықтан да орфографиялық нормаларды
қалыптастыру мәселелерін оның рационализациясына практикалық түрде
қызыққан, сонымен қатар, жеке терең қызығушылықпен жанасатын адамдармен
талқылау қажет.

Жақсы орфографиялық норманы қалыптастыру деген не? Оны қалайша
қаншалықты ол жақсы немесе нашар екенін талқылауға болады? Және қандай
да бір орфографиялық нормаларды қалыптастыруды бағалау критерийлері бар ма?

Бір жағынан алып қарағанда, сөйлеу дыбысын жазу құралымен көрсетуге
арналған орфография сөздің дыбысталуынан айтарлықтай ерекшеленбеуі тиіс,
себебі дыбыс пен әріп арасындағы айырмашылықтар жазу мен оқу дағдыларын
игеру процесін қиындатып жібереді. Тірі дыбысталатын сөздер тұрақты, тез
болмаса да өзгеріп отырады, осыған байланысты орфографиялық ережелер мен
нормалар да өзгеріске ұшырайды.

Басқа жағынан алып қарағанда, орфографиялық нормалар замандастардың
тек қана бір социумы үшін ғана тағайындалмауы керек, ол сонымен бірге,
тұрақтылық қасиетіне ие болуы тиіс, консервативті де бола отырып, ұрпақтар
байланысын жүзеге асыруы тиіс.

Орфографиялық нормалардың қалыптасуында барлық жерде және әрқашан
шиеленіске түсетін осындай жағдайлардың парадоксальдылығы да болатыны
белгілі. Осы тұста екі сұрақ туады:

1. Орфографиялық нормаларды егер олар дыбысталу сөзімен практика
жүзінде ерекшеленетін және жазу дағдысын игеруді қиындататын
болса, сол тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды
қалыптастыру қажеттілігі бар ма? Жоқ. Бұны көп жылдар бойы
тілдің шынайы жағдайын көрсететін дәстүрлі жазу жүйесі бар
екендігі куәландырады. Олар қазіргі күнде онымен қолданатындар
үшін айтарлықтай қиындық тудырады. Мысалы, XIII-XV ғасырларда
ағылшын тілінің орфографиялық нормалары мен ережелері
бекітілді, нәтижесінде ағылшын фонемалары үшін белгілеудің 22
түрі белгілі, соның ішінде көп әріптік, кейде уникалды (
мысалы daughter сөзінде) болып келеді. Ағылшын тілінің
орфографиялық қиындықтары көп. Дегенмен, ағылшындықтар бұл
қалыптасқан орфографиялық норомаларын қайта өзгерте қоймайды.
Ал қытайлықтардың иероглифтік таңбалары ағылшындықтардыкінен
күрделі. Қорыта келгенде, біз ешнәрсе өзгертпей-ақ өмір сүре
берсек болады.

2. Орфографиялық нормаларды уақыт өтуіне орай қазіргі заманға сай
өзгертіп отыру мақсатты іс – әрекет пе? Әрине, ия – бірақ бұл
мына шарт орындалғанда ғана болады: өзгерту теріс салдарларды
шақырмауы үшін бүкіл тіл жүйесі тұрғысынан алып қарағанда
терең ойластырылып жасалуы керек, себебі бір өзгеріс басқа
қиындықтарды тудырмауы керек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Тілдік норма және тіл мәдениеті
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Тілдік норма
Тілдік норманың қалыптануы
Сөз үндістігі
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Орфография
Пәндер