Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 – Бөлім. Ұлттық есеп жүйесінің құрылуы мен тарихы

1.1 Ұлттық шот жүйесінің түсініктемесі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Ұлттық шоттар жүйесін құрудың жалпы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... 6

1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары...8

2 – Бөлім.Ұлттық есеп жүйесіне көшу қажеттігі

2.1 Қазақстан Республикасының статистикалық пратикасында ҰЕЖ-нi қолданудың
негiзгi кезеңдерi және
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 ХШБ мен ҰЕШ-нің көрсеткіштерінің, тұжырымдамаларының өзара байланыстары
мен
айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1

2.3 Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына
көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...32

Кіріспе

Ұлттық шоттар жүйесі - елдегі экономикалық процестерді макродеңгейде
сипаттау, талдау үшін колданылатын нарықтық экономиканың халықаралық
статистикалық үлгісі. Бұл жүйенің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтық
экономиканы реттеуге байланысты шешім қабылдағанда, бюджет саясатын
анықтағанда, инфляциямен күрес шараларын белгілегенде, қысқа және ұзақ
мерзімді болжамдар жасауда атқаратын рөлі зор.Бухгалтерлік және банк
есептерінің, статистиканың әдістемелік қағидалары біртұтастыққа
негізделгендіктен, ұлттық шоттар жүйесі жалпы есеп жүргізудің нәтижесі
болып табылады. Экономикалык даму көрсеткіштерінің әлемдік жүйеге
интеграциялануы мен халықаралық салыстыруларды жүргізу қажеттілігі ұлттық
шоттар жүйесіне деген қызығушылықты арттырады. Ұлттық шоттар жүйесінің
мәліметтерін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Халықаралық
Еңбек Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғылыми-зерттеу
мекемелері де кеңінен қолданады. Сондықтан Ұлттық шоттар жүйесі курстық
жұмысты таңдап,жазған себебім – экономика саласындағы негізгі орындардың
бірі.Ұлттық шоттар жүйесінің зерттеу объектісі ел экономикасы,
экономиканың, жеке салалары мен секторлары бойынша саналады. Өз объектісін
зерттеу үшін ҰШЖ статистикалық әдістерді, соның ішінде халықаралық
стандартты жіктемелерді, кестелерді, графиктік, баланстық әдістерді, талдау
әдістерін кеңінен қолданады.
Бұл курстық жұмыс ұлттық шоттар жүйесінің негізгі категорияларын,
ұлттық шоттардың, экономикалық баланстардың маңызын студенттердің дұрыс
түсінуіне, әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда, зерттеуде
статистикалық әдістерді дұрыс қолдана білуге көмектесу үшін ұсынылып отыр.
Тақырыптың өзектілігі,ҰШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін
қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе
болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады.
Құрылымдыұқ, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық
өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу
үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады.
ҰШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам
жасайтын талдаушыларга, кәсіпкерлерге. қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰШЖ-нің
көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені
халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін
осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының
даму деңгейіне байланысты болады.

1 – Бөлім. Ұлттық есеп жүйесінің құрылуы мен тарихы

1.1 Ұлттық шот жүйесінің түсініктемесі мен мазмұны

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн,
экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты
макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл
үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер
түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға,
конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және
есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның
секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп,
белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк –
экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың
мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық
көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға
мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл
жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға,
өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы
мына мiндеттердi шешуге болады:
- мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде
экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар
туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге
көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң,
шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп
саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен
сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға,
айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын
жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
- макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық
айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн
бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың
дамуының үлгiсiн құру;
- экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын
шешiмдердi қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен
қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл
жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар
жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi
өнiмге қатынасы есептеледi;
- статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды,
көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-
нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм
негiзi ретiнде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа
жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:
Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық
есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең
құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз
да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi.
Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу
механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi
салаға ауысуы есептелiнедi.
Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық көрсеткiштердiң атқаратын
ролi зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң,
материалдық өндiрiс басымдылығы туралы тұжырымдаманың, әлеуметтiк-
экономикалық даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткiштерiнiң, төлем
балансының, мемлекеттiк бюджеттiң халықаралық стандартқа сәйкес келмеуi
халық шаруашылығын экономикалық әдiстермен басқаруға мүмкiндiк бермедi.
Экономиканың дамуына байланысты қызметтер ролiнiң артуы экономиканың
негiзгi даму заңдылықтарының бiрi болып саналады. Экономика дамыған сайын
шаруашылық әрекеттiң нәтижесi ретiнде жалпы iшкi өнiмнiң құрамында
көрсетiлетiн қызметтердiң үлесi арта түседi. Бұл заңдылық бiздiң
Республикаға да тән, сондықтан қызметтердi жаңа жүйеде халық шаруашылығы
балансындағыдан кең түрде қамту қажет. Өндiрiс нәтижесiн көрсеткенде тек
материалдық өндiрiс өрiснiң тауарлары мен материалдық қызметтерiн ғана
есептемей, сонымен қатар, материалдық емес қызметтердi де қарастыру қажет.
Халық шаруашылығы балансында бұл қызметтер есепке алынбаған.
80 жылдары макроэкономиканы терең және жан-жақты талдау қажеттiлiг
айқын сезiле бастады. Осы кезде мемлекеттiк статистикалық ұйымдар бұрын
халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбiр әлеуметтiк – экономикалық
даму аспектiлерi туралы мәлiметтердi зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы,
осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр
түрлi топтарына көрсетiлген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету
шығындары туралы мәлiметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар
қолға алынды. Сонымен қатар халықтың тауар мен қызметтi тұтыну көрсеткiшiн
есептегенде, тұтынылатын тауармен, материалдық қызметтер құнымен қоса,
материалдық емес қызметтер құны да есепке алынады.
Жалпы iшкi өнiм көрсеткiшiн (1988) статистикалық практикада қолдану
макроэкономикалық статистиканың одан әрi дамуындағы негiзгi қадам болып
саналады. Жалпы iшкi өнiмдi есептеу әдiстемесi ұлттық есеп жүйесiнiң
принциптерiнде негiзделген. Жалпы iшкi өнiмдi, жалпы ұлттық өнiмдi есептеу
экономиканың даму деңгейi мен қарқынын айқындайды, халықаралық
салыстыруларды жеңiлдетедi, сонымен қатар экономикалық-статистикалық
талдауды тереңдетедi.

1.2 Ұлттық шоттар жүйесін құрудың жалпы принциптері

Ұлттық есеп жүргізушілік дегеніміз әдістемелік принциптердің бірлігіне
негізделген, ұлттық шот жүйесін макродеңгейде және секторлар деңгейінде
салумен аяқталатын, барлық экономикалық қызметтерді камтитын алғашкы,
оперативті, бухгалтерлік жөне статистикалық есеп жүргізудің жұйесі.
Ұлттық шот жүйесі (ҮШЖ) - экономикалық процестер-мен олардың
нәтижелерінің бір-бірімен байланысының баланстық өдістемесінің жиынтық
мазмұндамасын көрсетеді.Әдістеменің бірлігі барлық шот көрсеткіштерінің
жинақталуын, салыстырылуын, ақпарат арқылы бір-бірін толтыруын қамтамасыз
етіп, экономикалық әрекеттің жиынтық суретін құрайды.Макроэкономикалық
қызметтің нөтижесін сипаттайтын, бір-бірімен байланысты статистикалық
көрсеткіштер жүйесін, белгілі шотгар жөне кестелер жинағы арқылы көрсету
ұлттық шот жүйесі деп те анықтауға болады.ҰШЖ меншіктің барлық түрінде
әрекет ететін институционалдық бірліктермен шаруашылық субъектілердің
қызметін камтып, шығарылған жөне шығарылмаған, қаржылық және қаржылық емес,
материалдық жөне материалдық емес активтердің операцияларын есепке алады.
ҰШЖ негізінде экономикалық қызметтің өндіріс процесінің әр түрлі
сатысындағы қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесінде жатыр,
мысалы, өнімдер мен кызметтерді өндіру, табыстарды құру, кайта бөлу және
соңғы пайдалану, әр түрлі активтерді қолдану, жалпы сақтауды пайдалану
(қорлану шоты), сыртқы экономикалық байланыс, т.б.Экономикалык процестер
мен олардың нәтижелерінің мінездемесін, процестер арасындағы байланысын
қамтуҰШЖ-гі көрсеткіштер негізінде жасалады.
Сонымен, ҰШЖ - мемлекеттің, оның аймақтарымен секторларының
экономикалық қызметін, әр түрлі экономикалық операциялар процесіндегі
экономикалык агенттердің арасындағы өнімдердің ағымын және оның қаржыльгқ
эквивалентінің бір-бірімен байланысын баланс (шот) негізінде көрсетіп,
жинақты зерттеуге арналған экономиканың өзара моделі.
ҰШЖ ағымдағы бағамен өңделген бірқатар негізгі шоттардан тұрады:
1.Ішкі экономиканың шоттары:
А.өнімдер мен қызметтерді өндіру шоты;
Б.табыстарды құру және бөлу шоты;
▪ табыстарды құру шоты;
▪ алғашқы табыстарды бөлу шоты;
▪ табыстарды екінші рет бөлу шоты;
В.табысты пайдалану шоты;
▪ жалпы қолдағы бар табысты пайдалану шоты;
▪ түзетілген қолдағы бар табысты пайдалану шоты;
Г.қорлану шоты;
▪ капиталмен жасалган операциялардың шоты;
▪ қаржы шоты;
Д.тауарлар және қызметтер шоты;
2.Сыртқы экономикалық байланыстардың шоты:
▪ ағымдағы операциялардың субшоты;
▪ капиталдық шығындардың субшоты.
Баланстық статьяны есептеу арнайы ресурстар жене пайдалану көлемінің
арасында теңдік пайда болады, яғни жүйеге кірген әрбір шот баланс болып
саналады.
Экономикалық процестердің нәтижесінің сипаттамасында әрбір шоттың
баланстық статьясының өз алдына мағынасы бар және ол өткен шотты келесі
шотпен байланыстырады.
Экономикалық талдауда өзіндік мағынасы бар жиынтық баланстық шоттар
макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінің нәтижелерін білдіреді. Бір
әдістемелік принциппен есептелген шоттар жүйе болып саналады,
себебі, біріншіден олар бір-бірімен байланыста, екіншіден, бір әдістемелік
принциппен құрылады, үшіншіден, байланыстағы көрсеткіштердің жүйесінен
тұрады.
Шоттағы көрсеткіштердің әрбір операциясы институционалдық бірліктердің
арасындағы құндық ағымды камтып көрсетеді. Операциялардың жүзеге
асырылуы өндірістік циклдің сатыларымен сәйкес болғандықтан, олар
өндірістік, бөлу, айырбас, тұтыну, сақтау деп бөлінеді.
Сонымен, тауарлар және қызметтердің алмаспайтын құндық қозғалысын өндіріс
циклінің сатыларынан — өндіруден бастап тұтыну және қорлануға дейін ҰШЖ
қамтып көрсетеді.
Ұлттық шотты кұрудың негізгі принциптері:
• шоттар бухгалтерлік есеп принципі бойынша құрылып, ҰШЖ-ң әрбір
операциясы екі рет белгіленеді: бір рет алдыңғы шоттың "Пайдалану"
бөлімінде, екінші рет келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінде;
• жеке шот екі бетті кесте балансы түрінде көрсетіледі; ресурстарды
құрайтын көрсеткіштер кестенің оң жағында бейнеленеді,ал оны пайдалану
кестенің сол жаганда көрсетіледі;
• ұлттық шоттар белгілі бірізділікпен құрылады, ол ұдайы өндіріс
циклінің жүйесіне сәйкес болуы керек;
• шоттар барлық экономикалық ақшалардың баланс түріндегі бейнесі болып
табылады;
• жүйеге енгізілген екі рет жазылу принципіне қатысты, ресурстар
операциясының нәтижесі мен пайдалану шотттары баланстық статьяның
көмегімен балансталады; Баланстық статьяның экономикалық талдаудағы рөлі
маңызды, яғни ол келесі шотқа ауысу үшін қызмет етеді.
Шоттың оң және сол жақ бөліктерінің балансын қамтамасыз етіп
отырған баланстық статьяны есептегенде, ресурстар көрсеткіштерінің
сомасынан оны пайдаланудың сомасын алу керек.Сондықтан ҰШЖ баланстық
әдіс сияқты қарастырылады.
• Пайдалану" бөлімінде бейнеленген алдыңғы шоттың баланстық статьясы
келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінің алғашқы көрсеткішін құрайды;
• баланстық, статьялар — әрбір шотта ресурстардың көлемін және оны
пайдаланудың арасындағы балансты қамтамасыз ету үшін ғана емес,
берілген шотта бейнеленген экономикалық процестің нәтижелерін сипаттау
үшін де қолданылады, олар экономикалық дамудың негізгі макро-экономикалык
көрсеткіштері.
Ұлттық шотты жүргізудің әдістемелік принциптері ҰШЖ негізінде экономиканың
нақты жағдайын сипаттайды және алынған ақпараттың мемлекеттік және
халықаралық деңгейінде салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары

Жеке шот экономикалық әрекеттің белгілі бір процесін бейнелейді.
Шоттар жүйесі ресурстардың бастапқы қалыптасуы мен табыстар ағымын, оларды
пайдалану және соңғы қаржы нәтижелерінің әрекеті арасындағы байланысты
көрсетеді. Шоттарды ағымдағы операция шоттары және қорлану шоттары деп
екіге бөлуге болады. Біріншісінде, ағымдағы жылда аяқталатын операциялар
бейнеленеді: өндіріс құрылу, табыстарды бөлу және пайдалану шоттары.
Екіншісіне, капиталмен жүргізілетін операциялардың шоттары, қаржылық
шоттар, актив және пассив баланстары жатады.Бірқатар шоттар өндіріс шотынан
басталады. Өндіріс процесін талдап, оның операцияларын қамтып көрсету үшін
өндіріс шоты қолданылады. Өндірістің нәтижесі тауар және қызметті шығарумен
аяқталады.Өндіріс шотының ресурс бөлігінде тауар және қызметті шығару,
пайдалануда - аралық тұтыну, ал баланстаушы статьясында - жалпы қосылған
құн көрсетіледі.
Табыс шоттары − шот жүйесінің ортаңғысы, олар өндіріс нәтижесін
капитал құру процесімен және қаржылы актив пен пассив өзгерістерін
байланыстырады. Табыс шоттары үш топқа бөлінеді. Бұның себебі - табыс
айналымының үш негізігі сатысын белгілеу: құрылу, бөлу, қайта бөлу және де
тұтыну мен сақтауда пайдалану. Осы процестерді зерттеу жалпы экономикада
ғана емес, институционалдық секторлар бойынша да жүргізіледі.
Бірінші топтың мақсаты — кең көлемде түсінілетін өндіріспен байланысты
барлық табыстарды бөлу. Жалпы қосылған құн табыстардың сомасын бейнелейді,
ол ішкі экономиканың қарауына тапсырылған өндіріс факторының төлемі,
өндіріс және өнімдерге салынған салық - мемлекеттің табысының қосындысы.
Бірінші шотта - табыс құрылуының шотында - бұл сома үш бөлікке бөлінеді:
жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы − еңбек табысы, өндіріске салық және
қалған факторлық табыстардың сомасы - пайданы, ал үй шаруашылық секторы
үшін - аралас табысты бейнелейді.
Бірінші топтың келесі шотында - бастапқы табысты бөлу шотында - қалған
факторлық табыстардың белгіленуі жүреді − жекеменшік табысы (проценттер,
дивиденттер, рента, бөлінбеген пайда жөне т.б.). Шотта өндіріске тікелей
және жанама катысатын өндірушілердің үш тобының бастапқы табыстары
көрсетіледі:
• тұрғындардың - жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы, жекеменшік
табысы, іскерлік (аралас) табыс;
• кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы;
• мемлекеттің өндіріс пен импортқа салығы;
• "басқа мемлекеттерден" алынған меншіктен табыс. Табыстың екінші рет
бөлінуінің шоты бастапқы табыстардың қайта бөлінуін көрсетеді, яғни, әр
түрлі трансферлер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты бойынша
табысты қайта бөліп бастапқы табыстың сальдосын өзгертеді, қолдағы бар
табысты құрайды.
Табысты пайдалану шоты табыс шоттарының тобын аяқтайды. Ол үй
шаруашылықтары, мемлекеттің басқару органдары және үй шаруашылықтарына
қызмет ететін коммерциялык емес ұйымдардың қарамағындағы табыстың қай
бөлігі тұтынуға және сақтауға пайдаланатынын көрсетеді. Басқа секторларда
қолдағы бар табыс сақтауға тең.
Тұтыну мен жинақтаудың арасындағы қатынас экономиканың дамуының
негізгі сипаттамасы болып есептеледі. Бұл шоттағы соңғы тұтыну экономиканың
дамуына жасалған шығындарды көрсетеді, оның нақты тұтынудан айырмашылығы
осымен белгіленеді.
Капиталмен жасалған операциялардың шоты - жалпы ұлттық сақтауды
материалдық және материалдық емес активтердің өсуіне пайдаланғанын
көрсетеді, экономикада жалпы сақтаудың өндіріске жұмсалған қаржыға тең
екендігін, яғни, жаңа негізгі капиталдың жалпы жинақтауына және материалдық
айналым құралы қорының өзгеруіне алып келеді.
Қаржылық шотта таза несие мен таза қарыздардың қаржылы активтерді
алудағы немесе жоюдағы әсерін көрсетеді. Бұл шотта соңғы баланстаушы статья
жоқ. Қаржылы активтердің таза алынуы мен қаржылы активтердің таза
міндеттемесі тең болуы керек. Осымен, өндіріс шотының өндіріс әрекетінен
басталған операциялардың тізбегі аяқталады.
Тауарлар мен қызметтер шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады. Барлық
шоттар сияқты ол да екі бөлімнен тұрады, бірақ оның барлық статьялары басқа
шоттардан әкелінген. Ол өнім шығарудың,қызметтердің,импорттың қосындысынан
қалыптасатын жалпы ресурстардың көлемін сипаттайды.Оны аралық және соңғы
тұтынуға, негізгі және айналым капиталын жинақтауға, экспортқа пайдалануын
көрсетеді. Бұл шоттың баланстаушы статьясы жоқ, ол анықтама бойынша
балансталады.
Экономикалық бағыты, қызметі және қаржылана бастауы ұқсас
институционалдық немесе шаруашылық бірліктердің жиынтығы "сектор" деп
аталады.Тауарлар мен қызметтерді өндірушілер ретінде алға шыққан
институционалдық бірліктердің негізгі түрлері болып корпорациялар,
коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік бюджет кәсіпорындары және
корпоративтік емес кәсіпорындар есептеледі.
Корпорация дегеніміз — иелерінің табыс және басқа қаржы түрінде пайда
алу мақсатымен тауар және қызмет рыногын өндіру үшін құрылған заңды
тұлғалар.Корпорацияларға жататын коммерциялық ұйымдар: акционерлік
қогамдар, жауапкершілігі шектелген шаруашылық қоғамдары,
кооперативтер.Құрылтайшылардың жауапкершілігі салынған ақшаның мөлшерімен
және акциялармен шектеледі.Корпоративтік емес кәсіпорындарға иесінен
бөлінбеген шаруашылық бірліктері кіреді.
Корпоративтік емес кәсіпорындар екі топка бөлінеді:
1) меншіктің иесі мемлекеттік басқару органдары болып есептелетін
корпоративтік емес кәсіпорындар (мысалы, мемлекеттік мекеменің
типографиясы);
2) меншіктің иесі үй шаруашылықтары болып есептелетін корпоративтік емес
кәсіпорындар, оларға жататындар:
▪ заңды тұлға түрінде ұйымдастырылмаған азаматтардың іскерлік
қызметтері;
▪ фермерлік шаруашылықтар (заңды тұлға емес);
▪ жеке көмекші шаруашылықтар.
Егер де корпоративтік емес кәсіпорындар өз әрекетін корпорациялар
сияқты жүргізіп, яғни, шот ашып, өнімін рынокта экономикалық маңызды
бағамен өткізіп (өндіріс шыгындарын жабу арқылы), өндіріс процесін басқару
мен қаржыны пайдалануда дербестікке ие болса, олар квазикопорациялар деп
аталады және корпорацияларға теңестіріледі.Квазикорпорацияларға жататындар:
мемлекеттік кәсіпорындар, шетел филиалдары, толық серіктестіктер.
Коммерциялық емес ұйымдарға тауарлар және қызметтерді өндіру
мақсатымен құрылған, табыс табу және қаржы пайдасын көздемеген кәсіпорындар
жатады.Коммерциялық емес ұйымдар шығындарды қаржыландыру бұлақтарына
байланысты рыноктық және рыноктық емес болып бөлінеді.
Рыноктық коммерциялық емес ұйымдарға жататындар: көрсетілген
қызметтері үшін төлем алу немесе меншікті иелену құқығын өткізу, соның
салдарынан өндіріс шығындарын өтеп табыс алу негізгі мақсаттарына жатпайтын
кәсіпорындар.
Рыноктық коммерциялық емес ұйымдар бірнеше топтарға бөлінеді:
▪ коммерциялық кәсіпорындарға әр түрлі қызмет көрсету үшін кұрылған
(мысалы, сауда-өнеркәсіптік палаталар, биржалар, кәсіпкерлердің
ассоциациялары);
▪ денсаулық, білім саласында т.б. арқылы қызмет көрсету мақсатымен
құрылған коммерциялық емес ұйымдар (мысалы, мемлекеттік емес
ауруханалар, мектептер, университеттер).
Коммерциялық емес ұйымдардың статусы оларға салық жеңілдігін т.б.
жеңілдіктерді алуға көмегін көрсетеді. Рыноктық емес коммерциялық емес
ұйымдарға басқа институционалдық бірліктердің қарамағына тауарлар және
қызметтерді ақысыз, немесе экономикалық мәні жоқ бағалармен, яғни, олардың
шығындарын жаппайтын бағалармен өткізетін ұйымдар жатады.Бұл ұйымдар өкімет
және үй шаруашылықтары арқылы құрылады, қаржыланады және бақылауға
алынады.Рыноктық емес коммерциялық емес ұйымдардың тобына жататындар:
▪ қоғамдық және діни ұйымдар;
▪ азаматтардың және ұйымдардың ерікті мүлік жарнасы негізінде
құрылған қорлар (әлеуметтік, мәдениет, қайырымдылық және т.б.)
Экономикалық секторларға біріктесумен байланысты кәсіпорыңдарды
бірнеше топқа бөледі: каржылық емес кәсіпорындар, қаржылық ұйымдары,
мемлекеттік баскару органдары, үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық
емес ұйымдар, үй шаруашылыктары.
"Қаржылық емес кәсіпорындар" секторы (қаржылык емес корпоративтік
сектор) тізіміне меншіктің және ұйымдастыру-құқықтық нормалардың барлық
түрлерінде тауарлар өндірісімен және қаржылық емес қызметтермен
шұғылданатын резидентті (отанымыздың) қаржылық емес ұйымдар (корпорациялар
мен квазикорпорациялар) акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген
серіктестіктер, кооперативтер, арендалық, бірлескен, жеке кәсіпорындар және
т.б. кіреді. Бұл бірліктердің ресурстары негізінен тауарлар және қызметтер
сатудан алынған қаржыдан құрылады, сонымен қоса шығындардың бөлігін
мемлекеттің бюджетінен алынған субсидиялармен жабуға болады. Сонымен қатар
бұл секторға кіретіндер:
▪ рыноктық қызметпен шұғылданатын коммерциялық емес ұйымдар:
(мысалы, коммерциялық емес тауар-шикізат биржалары);
▪ кәсіпкерлерге қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (сауда
палаталары, ауыл шаруашылық, өндіріс, сауда ассоцияциялары).
Бұлардың қаржы ресурстарының бұлағына кәсіпкерлердің жарна төлеуі немесе
төлемдері жатады;
▪ коммерциялық емес ұйымдардың жарнадағы мәселелерін шешу үшін
құрылған шаруашылык қоғамдары. Бұлардың табыстарының бір бөлігі
коммерциялык емес ұйымдардың бюджетіне түседі.
"Қаржылық мекемелері" секторына (каржылық корпоративтік секторы) коммерция
негізінде қаржылық, делдалдық және т.б. қаржылық қызметтермен шұғылданатын
резидентті қаржылық корпорациялар және квазикорпорациялар: (банктер,
зейнетақы қоры, қор биржалары, сақтандыру мекемелері, инвестициялық
компаниялар, инвестициялық қорлар, брокерлер, делдалдар және т.б.) жатады.
Олардың ресурстары алынған процент, сақтандыру сыйлығы, делдалдық кадрлар
арқылы құрылады. Мысалы, қаржылық мекемелерге: Ұлттқ банк, қаржылық
мекемелермен құрылған және қаржыланған коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Мемлекеттік басқару органдары секторына кіретіндер:
▪ орталық, аймақтық, жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
▪ мемлекеттің бюджетінен қаржыланатын мекемелер;
▪ денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, өнер,
тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс, ғылым, жол
шаруашылығы т.б.
Бұл секторға мемлекет тарапынан ұйымдастырылған және бақылау жасалған
қорлар кіреді (әлеуметтік қамтамасыздандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен
қамту қоры, экология қоры және т.б.).
Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдарға жоғарыда
көрсетілмеген коммерицялык емес ұйымдар - резиденттер кіреді. Олардың
қызметіне үй шаруашылықтарына тауарлар мен қызметтерді ақысыз немесе
экономикалық мағынасы жоқ бағамен пайдалануға беру кіреді.
Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық ұйымдардың негізгі типтері:
▪ мүшелік жарна негізінде қаржыланатын ұйымдар [ саяси партиялар,
діни қоғамдар және т.б.];
▪ рыноктық емес негізінде үй шаруашылықтарына тауар және қызметтерді
пайдалануға беретін қайырымдылық қоғамдары және қорлары. Қаржылану
ресурстар бастауы ақша және натуралды түрдегі қайырымдылық;
▪ кәсіпорындар жұмысшылары мен жанұялар мүшелеріне әлеуметтік-мәдени
қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар түрінде
қарастырылатын кәсіпорындар бөлімшелері, олар қаржыны құрылтайшы
кәсіпорындардан трансферт түрінде алады, мысалы, ведомствалық үйлер,
ауруханалар, клубтар, стадиондар.
Үй шаруашылығы секторына резиденттік үй шаруашылықтары кіреді. Олардың
барлықтары тұтынушылар болып есептеледі, ал кейбіреулері сату және өз
меншігінде пайдалану мақсатымен тауарларды өндіреді және қызметтер жасайды,
корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірістік әрекетті жүзеге асырады.
Өндіріс әрекетінің бір түрімен шұғылданған кәсіпорындар мен олардың
бөлімшелерінің жиынтығы (өндірушілердің рынокты немесе рынокты емес
болғанына тәуелсіз) салалар бөлінеді. Мысалы, "Денсаулық", "Мәдениет және
өнер", "Халық ағарту" салаларына рынокты және рынокты емес қызметтерді
өндіруші ұйымдар кіруі мүмкін, олар жалпы өнім
шығару саласында рынокты және рынокты емес өнімдерді шығаратындарға жатады.
Резидеттер бірлігінің өндіріс қызметтерінің есеп беру
мерзімдегі нәтижелерін тауарлар жөне қызмеггерді шығару көрсеткіші
ретінде тауарлар және қызметтердің құны анықтайды.
ҰШЖ сәйкес өңдірістік саладағы өнімді шығаруға кіреді:
1) пайдалануына байланысты емес тауарлардың барлығы (баска жаққа
жіберілген, өндірушілердің материалдық айналым құралының өсуін
қосқандағы өзіндік соңғы тұтынуға және қорлануға арналған);
2) басқа институционалдық бірліктерге көрсетілген қызметтер, сонымен
бірге мемлекеттік басқару органдарымен коммерциялық емес ұйымдардың
рыноктық емес қызметтері;
3) меншікті пәтер-үйлерде тұрумен байланысты үй шаруашылықтарының қызметі
жөне үй қызметшілерінің ақылы қызметі.
Өндірістік саланың шығаруына көлеңкелі экономикада өндірілген тауарлар
мен қызметтер де кіреді.Тауарлар мен қызметтерді шығару рынокты жөне
рыноктық емес болып бөлінеді:
Рынокты шыгаруға жататындар:
▪ экономикалық мәні бар бағамен өткізілген тауарлар мен қызметтер;
▪ бартер бойынша басқа тауарлар мен қызметтерге немесе активтерге
алмастырылтан тауарлар мен қызметтер;
▪ жұмыс берушілердің өз жұмысшыларына еңбекақы есебіне натуралды
түрінде берілген тауарлар мен қызметтер;
▪ өндіріс процесінде өндірілген және тұтынылған тауарлар мен қызметтер
(көмір бірліктерін өндіру үшін шахталарда пайдаланылатын көмір,
қүрылыстың шаруашылық тәсілінде қолданылатын материалдар,
кәсіпорындардың құрамындағы асханаларға, демалыс үйлеріне, балалар
мекемелеріне көмекші шаруашылықтардан берілген азық-түліктер, т.б.);
▪ рыноктық пайдалануға арналған, өндірушілердің материалды
айналым құралдары қорына түскен дайын өнім және аяқталмаған өндіріс.
Рынокты емес шығаруға кіреді:
▪ институционалдық бірліктердің өзіндік соңгы тұтынуға немесе
негізгі капиталдың жалпы корлануына қажетті өндірілген тауарлар
мен қызметтер (фермерлік, жеке көмекші шаруашылықтардың өзіндік
түтынуы үшін өндірілген өнімдері шаруашылық тәсілімен және үй
шаруашылықтардың өз күшімен салынған құрылыс;өзіндік пайдалану үшін
өндірілген машиналар мен жабдықтар шаруашылықта негізгі капитал
ретінде қолдану үшін түсірілген мал және көпжылдық
өсімдіктер;меншікті пәтер-үйлерде көрумен байланысты қызметтер, үй
қызметшілерінің ақылы қызметі және т.б.);
▪ Басқа институционалдық бірліктерге ақысыз немесе экономикалық
мағынасы жоқ бағалар бойынша тауарлар мен қызметтер көрсету (ақысыз
білім беру, медициналық қызмет), мемлекеттік ұйымдастыруымен
өндірілетін және мемлекеттің бюджетінен қаржыланатын, қогамга ақысыз
көрсететін коллективтік қызметтер (мемлекетің баскару органдарының,
қорғаныстың қызметі және т б );
▪ өндірушілердің материалдық айналым қүралдары қорына түсетш, рынокты
емес пайдалануға арналған дайын өнім және аяқгалмаған өндіріс.

2 – Бөлім.Ұлттық есеп жүйесіне көшу қажеттігі

2.1 Қазақстан Республикасының статистикалық пратикасында ҰЕЖ-нi
қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы

Елдiң табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бiрақ
алғашында экономикалық талдау жаса керектiгi ескерiлмедi. ХVIII-ХIХ
ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды,
бiрақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң өзара
байланысты, ресурс айналымы есепке алынбады.
Ұлттық есеп жүргiзу туралы ойды ең алғаш рет алғышын зерттеушiсi
Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептi ұлттық табыс статистикасымен тығыз
байланысты екенi және материалдық игiлiктердi бөлудiң ерекшелiктерiн
қарастырды.
Француз экономисi Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерiнде өнiм
қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнiм мен
табыс қозғалысын бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды, олар қоғамның
экономикалық өмiрiнiң айналымын көрсетедi деген ойды айтты.
Кенэнiң 1758 жылы жарық көрген “Экономиаклық кесте” жұмысындағы ой-
пiкiрлерi кейiнiрек ұлттық есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерiне айналды.
Ол қағидалар мынандай:
- экономиканы құрамдас бөлiктерiнiң арасында дәлме-дәл сандық байланыс
бар бiртұтас жүйе деп қарастыру;
- осы жүйедегi қоғам мүшелерiнiң белгiлi топтарын (экономикалық
агенттердi) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
- өнiм мен табыс қозғалысын талдау;
- жабық жүйедегi табыс пен таза өнiмнiң және қоғамдағы әр класс үшiн
ағымдардың тепе-тең болуын талап ету;
- қайта бөлу механизмнiң мiндетi, яғни экономикалық агенттердiң бiр ы
ұлттық байлықтың экономикалық айналымға қатысатын және ұдайы өндiрiсте
болатын бөлiгiн қалай өзгертетiн, осы ұдайы өндiрiлетiн құндылықтан
экономикалық агенттердiң барлық топтарына табыстың қалай бөлiнетiнiн
көрсету;
- ұдайы өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының
арақатынасын сақтау.
Ұлттық есеп жүйесiнiң дамуына өз үлесiн қосқан ғылымдардың бiрi – франйуз
ғалымы Антуана Лавуазье. А. Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық
ассаблеясында “Франция корольдiгiнiң аймақтық байлығы туралы саяси
арифметикалық очерк” атты баяндамасын жасады. Баяндамада өнiм өндiру,
тұтыну процестерiн сипаттайтын және ұлттық өнiмнiң, ұлттық табыстың, таза
табыстың мөлшерiн көрсететiн кесте келтiрiлдi. Бұл кестелердi тарихтағы ең
алғашқы ұлттық шоттар деуге болады.
Лавувзье заттай өнiм, ақшалай табыс, салық, салық салынатын таза табыс
көрсеткiштерiнiң айырмашылығын көрсеттi, сонымен қатар, халықтың кiрiсi мен
шығысы бойынша өндiрiс және өнiмдi бөлу процестерiне талдау жасады. Осы
талдау нәтижесiнде материалдық қаржы балансын құру туралы пiкiр айтты.
Бiрақ Кенэ мен Лавуазьенiң айтқан ой-пiкiрлерi ұзақ уақыт iске
асырылмады. Оған сол кездегi экономикалық теорияның эволюциясы және
экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.
Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны
мемлекеттарапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан
мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың
қажетi болмады. Соған қарамастан халық шаруашылығының синтетикалық
көрсеткiштерiн есептеуге байланысты жұмыстар жүргiзiле бердi.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында түбегейлi өзгерiстер болды, соған байланысты,
ұлттық есеп жүргiзудiң жаңа кезеңi басталды. Бұған 1929-1933 жылдары Ұлы
экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен
инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсуi не кемуiнiң салдары,
экспорттың немесе импорттың өзгеруi, кәсiпкердiң табысы сияқты келелi
мәселелердi шешу қажеттiлiгi артты. Ал бұл мәселелердi бiртұтас экономикаға
талдау жасамай шешуге болмайтын едi. Көптеген экономистер тоқыраудан кейiн
нарықтық экономиканы қалпына келтiру үшiн мемлекеттiк реттеу қажет деген
қорытындыға келдi. Осындай пiкiрдi айтқан және дәлелдегендердiң бiрi –
ағылшын экономисi Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелерi туралы
өз ойларын Дж. Кейнс “ақша, процент және жұмыс бастылықтың жалпы теориясы”
атты жұмысында (1936ж.) жариялады және болашақ ұлттық есеп жұйесiнiң
негiзгi принциптерiн келтiрдi. Ол ҰЕЖ-нi жалпы табыс, тұтыну, инвестиция,
жинақ сияқты өзара байланысты макро көрсеткiштердiң жүйесi деп көрсеттi,
осы көрсеткiштердiң кейбiреулерiн өзгенру арқылы мемлекет экономиканы
реттей алады дедi.
Кейнстiң, Ван Клифордiң және басқа да ғалымдардың жұмыстарын негiзге
ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей
экономисi Людвиг Грюнбаум Палестина үшiн ең алғашқы ұлттық шоттар жүйесiн
құрды.
1941 жылы Голланд статистигi Ван Клифор Голландияның ұлттық шоттарын
құрды (1938 жылы мәлiметтер бойынша). Ван Клифордың құрған шоттары сауда,
өндiрiс, тұтыну, әкiмшiлiк секторларын қамтыды. Осы жылы Францияда,
Англияда ұлттық шоттарды құру жұмыстары басталды. 1952 жылдан бастап
Англияның ұлттық шоттары Көгiлдiр кiтап (Blue book) түрiнде жарияланады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кезең ұлттық есеп жүргiзудiң кеңiнен
тараған кезеңi болып саналады. Осы кездегi шоттардың жаппай тарағанын
төменгi кестеден көруге болады.

1-кесте
Капиталситiк елдердегi ҰЕЖ-нiң дамуы
Елдiң аты Құрылған жылы Ескерту
1 2 3
Австрия 1951 Жұмыстың басталған кезi. 1963 жылы
жүйе бiржолата қалыптасты
Англия 1941 БҰҰ стандартты шоттарының
тұжырымдамасы бойынша құрылған
Бельгия 1954 1948-1951 жылдардағы мәлiметтер
бойынша алғашқы зерттеулер
жарияланды. Бұл зерттеулер БҰҰ және
ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымдарының)
стандарттарына сәйкес келедi.
Дания 1948 Жүйе төрт шоттан құралды.
Ирландия 1951 Жүйе үш шоттан құралды
Италия 1955 Екi сектор, төрт негiзгi шот
құрылды.
Мальта 1959 Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Нидерланды 1948 Алғашқы шоттар 1938, 1946, 1947
жылдардағы мәлiметтер бойынша
құрылды.
Норвегия 1946 Соны (оригинал) жүйе.
Португалия 1950 Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты
шоттан құралды.
Туркия 1950 Жұмыстың басталған кезi. Қарапайым,
интеграцияланбаған үлгi.
Финляндия 1958 ҰЕЖ-нiң түсiндiрмесi жарияланды.
Соны жүйе.
Франция 1946 Соны жүйе.
ГРФ 1949 Жүйе үш сектор, жетi функционалды
шоттан тұрады.
Швейцария 1963 Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай
құрылған.
Швеция 1954 Соны жүйе.
Индия 1951 Интеграцияланбаған жүйе.
Жапония 1953 Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы
БҰҰ-ның стандартына лайық.
Аргентина 1955 1946 жылы жалпы iшкi өнiмдi
есептеуге әрекет жасалды.
Бразилия 1951 1947 жылы ұлттық шоттарға
байланысты жұмыс басталды.
Гондраус 1952 БҰҰ-ның стандартына сай
интеграцияланған жүйе құрылды.
Канада 1948 Секторлар бойынша алғашқы шоттар
құрылды.
Колумбия 1949 Жұмыстың басталған кезi. Жүйе
БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
Мексика 1953 Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес
құрылды.
Панама 1959 Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Перу 1946 Жұмыстың басталған кезi. Жүйе
БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
АҚШ 1947 Бес шот, жиырма жет кесте құрылды.
Тұжырымдамалар БҰҰ-ның стандартына
сәйкес келедi.
Чили 1949 БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.
Эквадор 1954 Ұлттық шоттардың интеграцияланған
жүйесi
Жаңа Зеландия 1948 Жүйе төрт шоттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны
Ұлттық банкінің тәуелсіз басқармалары
Қазақстан Республикасындағы ақша қаражаттарын сақтау тәртіптерін және заңды тұлғадағы есеп айырысу
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Банктердің басқару құрылымы
Қазақстанның экономикасы
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері депозиттік саясаттың объекттері
Банктің депозиттік қызметі
Пәндер