Жұмыссыздық



Мазмұны

Кіріспе
1.бөлім. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың теориялық және заңдық негіздері
1.1. Жұмыспен қамтудың түсінігі және мәні
1.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды реттеу мәселелері

2.бөлім. Жұмыссыздық және оны реттеу мәселелері
2.1.Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, табыстар деңгейі және тұғындардың кедейлігі
2.2. Еңбек нарығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық
2.3. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту арасындағы өзара байланыс
2.4.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. Жұмысбастылықтың дәстүрлі емес формаларын дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарыққа өту жұмыссыздық мәселесін және әртүрлі жаңа меншік формаларына негізделген жаңа еңбек қатынастарының пайда болуымен және өндіріс құрылымын қайта құруға байланысты мәселелерді қояды.
Қазіргі жағдайдағы өзекті мәселердің бірі болып экономикалық саясаттың бөлігі ретіндегі нарықты реттеу саясаты табылады. Нарықтық қатынастар мемлекеттік және жеке сектордағы жұмыспен қамтудың әртүрлі құрылымының пайда болуына қабілетті. Осыған байланысты осы жұмыстың орындалуының негізгі мақсаты болып жұмыспен қамту органдарының қызметін ұйымдастыру механизмі және болашақта боларды жетілдіру жолдарын жасау.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету – мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарының санын құрушы экономикалық жүйе, қоғамдық өнімнің санын көбейту және сонымен қатар мол дәрежеде тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру тапсырмасын қояды.
Адамның толық өмірлік циклын үш құрамдас кезеңге бөлуге болады: еңбекке дейінгі, еңбектік, еңбектен кейінгі.
Еңбекке қабілетті жас болып Қазақстанда әйеледер үшін 16-58 жас, ерлер үшін 16-63 жас табылады.
Еңбек нарығы-бұл ұдайы өндірістің, бөлудің, қайта бөлудің және жұмысшылардың еңбекке орналасуы арқылы жүзеге асатын сұранысты қалыптастыру бойынша жұмыс күшіне оның ұсынысының қатынасының барлық жиынтығын кірістіретін күрделі түсінік.
Еңбек нарығы-бұл нарықта субъектілер арасында белгілі кезеңде даму деңгейіне әсер ететін жалпы қатынастардың жиынтығы.
ҚР-ның “Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы” Заңында келесі анықтама берілді.
Еңбек нарығы- бұл жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты қалыптастыру саласы.
Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс берушінің жұмыс күшіне тұтынысын көрсетеді, яғни белгілі бір кезеңде жұмыс беруші жұмыс күшін сатып ала алады1.
Жұмыс күшінің ұсынысы- бұл бір кезеңде белгілі бағамен сатылуы мүмкін жұмыс күшінің саны.
Еңбек ресурстары- бұл еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың бөлігі. Жұмыс күші-бұл еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді тұрғындар.
Экономикалық белсенді тұрғындарға жұмысбастылар және жұмыссыздар жатады.
Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жұмыс жасамайтын зейнеткерлер, мүгедектер жатады.
1. ҚР Конституциясы
2. “Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы” ҚР Заңы. 22.10.2005ж
3. //Труд. Зарплата. Пенсия. В Казахстане. №8, 2005г, апрель
4. //Труд. Зарплата. Пенсия. В Казахстане. №16, 2004г, август
5. //Труд. Зарплата. Пенсия. В Казахстане. №19, 2004г, октябрь
6. //Труд. Зарплата. Пенсия. В Казахстане. №20, 2004г, октябрь
7. Облыстың қысқаша статистикалық анықтамалығы. Орал, 2005ж.
8. //Әлеуметтік-экономикалық даму. Орал, 2005ж
9. Рысқұлов Т. Мақашев К. «Кәсіпкерлік іс-әрекетті салықтық реттеу» //Ізденіс – Поиск 2001 №2 48-50 бет.
10. А.И.Рофе, В.Т.Стрейко Экономика труда. Москва, «МИК»,2000г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1-бөлім. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың теориялық және заңдық негіздері

1.1. Жұмыспен қамтудың түсінігі және мәні

1.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды реттеу мәселелері

2-бөлім. Жұмыссыздық және оны реттеу мәселелері

2.1.Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, табыстар деңгейі және
тұғындардың кедейлігі

2.2. Еңбек нарығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық

2.3. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту арасындағы өзара байланыс
2.4.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. Жұмысбастылықтың
дәстүрлі емес формаларын дамыту
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Нарыққа өту жұмыссыздық мәселесін және әртүрлі жаңа меншік формаларына
негізделген жаңа еңбек қатынастарының пайда болуымен және өндіріс құрылымын
қайта құруға байланысты мәселелерді қояды.
Қазіргі жағдайдағы өзекті мәселердің бірі болып экономикалық саясаттың
бөлігі ретіндегі нарықты реттеу саясаты табылады. Нарықтық қатынастар
мемлекеттік және жеке сектордағы жұмыспен қамтудың әртүрлі құрылымының
пайда болуына қабілетті. Осыған байланысты осы жұмыстың орындалуының
негізгі мақсаты болып жұмыспен қамту органдарының қызметін ұйымдастыру
механизмі және болашақта боларды жетілдіру жолдарын жасау.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету – мемлекеттің
макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс
орындарының санын құрушы экономикалық жүйе, қоғамдық өнімнің санын көбейту
және сонымен қатар мол дәрежеде тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру тапсырмасын қояды.
Адамның толық өмірлік циклын үш құрамдас кезеңге бөлуге болады:
еңбекке дейінгі, еңбектік, еңбектен кейінгі.
Еңбекке қабілетті жас болып Қазақстанда әйеледер үшін 16-58 жас, ерлер
үшін 16-63 жас табылады.
Еңбек нарығы-бұл ұдайы өндірістің, бөлудің, қайта бөлудің және
жұмысшылардың еңбекке орналасуы арқылы жүзеге асатын сұранысты қалыптастыру
бойынша жұмыс күшіне оның ұсынысының қатынасының барлық жиынтығын
кірістіретін күрделі түсінік.
Еңбек нарығы-бұл нарықта субъектілер арасында белгілі кезеңде даму
деңгейіне әсер ететін жалпы қатынастардың жиынтығы.
ҚР-ның “Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы” Заңында келесі анықтама
берілді.
Еңбек нарығы- бұл жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты қалыптастыру
саласы.
Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс берушінің жұмыс күшіне тұтынысын
көрсетеді, яғни белгілі бір кезеңде жұмыс беруші жұмыс күшін сатып ала
алады1.
Жұмыс күшінің ұсынысы- бұл бір кезеңде белгілі бағамен сатылуы мүмкін
жұмыс күшінің саны.
Еңбек ресурстары- бұл еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың бөлігі.
Жұмыс күші-бұл еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді тұрғындар.
Экономикалық белсенді тұрғындарға жұмысбастылар және жұмыссыздар
жатады.
Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жұмыс жасамайтын зейнеткерлер,
мүгедектер жатады.
Экономикалық белсенді тұрғындар – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін
жұмыс күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін тұрғындардың бөлігі.
Экономикалық белсенді емес тұрғындар-жұмыс күші құрамына кірмейтін
тұрғындар және келесі категорияларды кіргізеді: күндізгі оқу орындарында
оқитын студенттер, кәрілік жастағы зейнетақы алатындар, үй шаруашылығын
жүргізетін, жұмыс іздеуді тоқтатқан тұлғалар
Жұмысбастылар-жалдану арқылы ақы алу үшін жұмыс жасайтын, ақысыз
отбасылық кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 16 немесе одан жоғары жастағы
адамдар.
Жұмыссыздар- жұмыс жасауға ниеті және қабілеттігі бар, еңбек етуге
дайын, жұмыспен қамту қызметінің жолдамасы бойынша оқитын 16 немесе одан
жоғары жастағы жұмыс іздеп жүрген адамдар2.
Курстық жұмыстың мақсаты- елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселесін талдау.
Курстық жұмыстың тапсырмлары:
- жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны;
- жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңын;
- жұмыспен қамтудағы мемлекетпен жүргізілетін іс-шаралар;
- жұмыссыздық пен кедейліктің алдын-алу мәселелері.
- және т.б.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен тапсырмалары қаралған.
Бірінші бөлімде тұрғындарды жұмыспен қамтуды реттеудің теориялық
негізі, ҚР-ғы жұмысбастылықты реттеу туралы Заңның негізі қарастырылған.
Екінші бөлімде Батыс Қазақстан облысындағы жұмыссыздық және табыс
деңгейі, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, жастар арасындағы
жұмыссыздық мәселесі, жұмыспен қамтуды реттеудегі мемлекетпен жүргізілетін
іс-шаралар, жұмыспен қамтудың дәстүрлі емес формасы туралы айтылған.
Қорытынды да қорытындылар мен ұсыныстар айтылған.

1-бөлім. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың теориялық және заңдық негіздері

1.1. Жұмыспен қамтудың түсінігі және мәні
Нарықты реттеу саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
негізгі үш бағытқа жетуді қарастырады, жұмыстан босатылған жұмысшыларды
құрылымдық қайта құру және қайта бөлу процесін жылдамдатуға, еңбек өміріне
жұмыссыздарды барынша тез тарту, жұмыс іздеуші әрбір адамға жұмыс тауып
беру.
Еңбек нарығының теориялық негізін барынша бөлшектеп оқу үшін негізгі
терминдердің қазіргі түсіндермесін беру қажет.
Еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу сферасы;
Жұмыссыздық – экономикалық белсенді тұрғындардың бір бөлігінің еңбек
нарығында талап етілмеуінен болатын әлеуметтік экономикалық құбылыс;
Жұмыссыздар – еңбекке қабілетті, жұмысы, табысы, жалақысы жоқ, жұмыс
іздеп жүрген азаматтар;
Жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына
және басқа да нормативтік – құқтық актілеріне қайшы келмейтін, жеке
қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс әкелетін
азаматтардың іс-әрекеті.
Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарының көптүрлілігін
мақсатты түрде құрамдас реттерге, әсіресе оның жүргізу әдістері және
тұрғындардың жұмыспен қамтуына мемлекеттік әсер етідің типтеріне бөлу керек
(схема-1).

Схема-1
Мемлекеттік саясаттың бағыттары

Еңбек нарығындағы мемлекет

Кадрларды дайындау, Иілгіш еңбек нарығын
қайта дайындау және дамыту, құқықтық қамту
жұмысқа орналастыру

Әлеуметтік қолдау

Жұмыспен қамтудағы мемлекеттік саясаттың шараларын:
- әрекет ету объектісі (жалпы және арнайы шаралар);
- қаржыландыру көздері бойынша айырады.
Мемлекеттік саясаттың әдістері бөлінеді:
- тікелей (әкімшіліктік): заңдық реттеу; еңбек заңдылығы; ұжымдық
келісімшарттар;
- жанама (экономикалық): қаржы саясаты, фискальдық саясат.
Жұмыспен қамтуға мемлекеттің әсер ету типтері:
- жұмыспен қамтылмаған тұрғындарға пассивтік-әлеуметтік көмек;
- еңбек ұсынысын активті ынталандыру, еңбекке сұранысты ынталандыру,
сұраныс пен ұсыныс келісімі бойынша шаралар (ақпарат, кеңестік
қызметтер, тұрғындардың төмен бәсекелі топтары үшін жұмыспен қамту
бағдарламасын жасау және т.б.) аймақтарға көмек шаралары.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының шеңберінде еңбек нарығын
реттеуде жұмыспен қамту қорларының ролін атап өткен жөн. Жұмыспен қамту
қорының шығындарын шартты түрде 4 бағыт бойынша топтастыруға болады:
1. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға, жұмыссыздарға материалдық
көмекке, мерзімінен бұрын зейнетақыны төлеуге кеткен қаражаттар.
Оны пассивті (енжар) саясат деп атайды.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қайта дайындауға
бағытталған қаражаттар. Белсенді саясаттың аталған түрі әрекет
етуші заңнан шығады, яғни жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі
үшін міндетті болып табылады.
3. Қаржылық қолдауға, құнды қағаздарды сатып алуға және басқа да
шығындарға қолданылатын қаражаттар. Қаржылық қолдау бабы
бойынша шығындарды еңбек нарығындағы саясаттың белсенді түріне
жатқызады.
4. Жұмыспен қамту қызметін дамыту үшін белгіленген қаражаттар
(олардың мазмұны, капитал айналымы, жарнама). жұмыспен қамту
автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры келесі төлемдерді жүргізеді:
- жұмыссыздық бойынша жәрдемақы;
- жұмыспен қамтудың бағыттауы бойынша жұмыссыздық ерікті түрде басқа
жерге қоныс аударуына байланысты материалдық шығындар компенсациясы;
- уақытша еңбек қабілетсіздігі кезеңі үшін;
- жұмыспен қамту қызметімен жұмыссызды кәсіптік дайындауға, қайта
дайындауға, біліктілігін көтеруге бағыттауда стипендиялар.
Біздің республикамыздағы экономикалық реформалардың бағыттырының бірі
болып жұмыспен қамтуға әсер етудің ұйымдасқан шаралар жүйесі ретіндегі
еңбек нарығының қалыптасуы және оны басқару табылады.
Жұмыспен қамту саясатының 2 түрін бөліп қарастырады: пассивті (енжар)
және активті (белсенді).
Пассивті де негізгі рөлді мемлекет атқарады, жұмысшыларға жұмыс
орындарын сақтауды қамтамасыз етуге ынталану, жұмыс берушілерге өнімге
сұранысты қолдау, жұмыссыздарға–еңбекке орналасуда көмек және жәрдемақы
төлеу.
Жұмыспен қамтудың активті саясатында негізгі рөлді адам алады, өзінің
жанұясының материалдық жағдайы үшін жауапкершілікті сезіну және жұмыспен
қамтудың сақталуына белсенді ынталану, ал оны жоғалтқан кезде жұмысты
белсенді іздеу.
Нарықтық жүйенің дамуы жұмыспен қамтудың мемлекеттік құрылымы сияқты
және құрылымды құруға да қабілетті.
Жұмыспен қамту қызметінің жұмыстарынының басым бағыттырын келесі
түрден көруге болады (схема-2).

Схема-2

Жұмыспен қамту қызметі жұмыстарының
басым бағыттары

Еңбекке орналасуға әсер ету

Әлеуметтік қорғауға еркше мұқтаж болып отырған
тұлғаларды еңбекке орналастыру бойынша қосымша
шаралар

Жұмыс берушінің мақсатты сибсидиялауы
есебінен тұрғындардың арнайы әлеуметтік басым
топтары үшін жаңа және қасымша жұмыс орындарын құру

Өзін-өзі қамту мен кәсіпкерлік қызметке әсер ету

Қоғамдық жұмыстар және тұрғындарды уақытша
жұмыспен қамтуды ұйымдастыру

Жұмыссыздырды оқыту және қайта оқыту

Сонымен қатар тәжірибе көрсеткендей, еңбек нарығының реттеушісі бола
алатын еңбек биржалары да әрекет етеді.
Еңбек биржасы нарығының жағдайы мен перспективалары туралы ақпаратты
жинақтайды. Нарықтық құрылым ретінде еңбек биржасы көптеген функцияларды
атқарады:
1) еңбек нарығының жағдайы мен перспективалары туралы ақпаратты
жинау және талдау;
2) кәсіби бағдарлау: тұрғындарды жұмысқа орналастыру және қайта
дайындау;
3) халықаралық еңбек нарығының мәселелерін шешуде жұмыспен
қамтудың бағдарламаларын дайындау және таратуға қатысу;
4) еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау;
5) жұмыссыздырды есепке алу және оларға көмек көрсету,
тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жергілікті билік
органдарына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға араласу.
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында еңбек нарығының қалыптасу және
даму механизмін терең түсіну үшін Қазақстандағы және шетелдегі еңбек
нарығын реттеуді дамыту мәселелері мен оның қазіргі жағдайын талдау қажет3.

1.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды реттеудің заңдық негізі
Тұрақты әлеуметтік институт ретінде еңбек нарығының дамуы негізінде
үздіксіз сандық өсу және өндіргіш күштердің қиындауы жатырған ұзақ тарихи
прогрестің нәтижесі. Қаншалықты жұмыс күші ерекше тауар болғандықтан,
мемлекеттік реттеу қажет. Кейбір тауарларға сұраныстың болмауы бағаның
төмендеуіне немесе оның өндірісінің қысқаруына әкеледі, ал жұмыс күшіне
сұраныстың болмауы бұл ерекше ауыр әлеуметтік салдарды туғызады.
Ең тиімді шараға, жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру, біліктілігін көтеру және кәсіптік оқыту
қарастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1424-ші 1998 жылдың 4
желтоқсанындағы Жұмыссыз деп танылған тұлғаларды кәсіптік дайындауды
ұйымдастыру ережесі қаулысының орындалуына бағытталған мемлекеттің жедел
шараларын жатқызуға болады.
Әлеуметтік саясаттың бағыттарын дайындауда ерекше назар барлық уақытта
әлеуметтік-келіспеушілік, саяси сипатта болатын жұмыссыздарды әлеуметтік
қорғау және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне аударылады.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесінде белсенді (активті) және
енжар (пассивті) шараларды бөліп көрсетеді. Біріншісіне жұмыссыздарды
кәсіптік дайындау және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және
жаңа жұмыс орындарын ашу жатады. Енжар шараларға жұмысқа орналасуға көмек,
жұмыссыздырға материалдық көмек және жәрдемақы төлеу жатады.
Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы алғашқы Заңға сәйкес (1991ж)
жұмыссыздырға олардың бұрынғы еңбек өтіліне тәуелді дифференциацияланған
жәрдемақы белгіленді.
Штаттың қысқаруы немесе кәсіпорынның жабылуы бойынша жұмыстан босаған
жұмысшалар әлеуметтік қолдаудың барынша жоғары деңгейімен кепілдендірілді.
Сонымен қатар жұмыссыздарға олардың мамандығын қамсыздандыру кезінде
стипендия төлеу қарастырылды.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы
екінші Заң күшіне енді.Ол жұмыспен қамту сферасында белсенді саясатты
жүргізуге, жұмыс іздеуге азаматтарды ынталандыруға, тұрғындардың барынша
тығыз категориясына әлеуметтік қорғауды ұсынуға бағытталған. Осы Заң
бойынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақы азайып және ол 3,5 реттік айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде (2,5 мың теңге) төлем болжады. Бюджеттің
жағдайының әрі қарай нашарлауы үш айдан кейін-ақ жаңа Заңға өзгертулер
енгізуді талап етті. 05.04.1999 жылы Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы Заңға сәйкесті,
жұмыссыз деп танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
жайында, оның орнына жергілікті бюджет қаражаттары есебінен материалдық
көмек көрсету қаралды, оны еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтудың
аудандық бөлімшелері жүзеге асыру керек.
1999 жылы жұмыспен қамту қызметі түбегейлі түрде реформаланды,
облыстық жұмыспен қамту орталығы – еңбек биржалары жойылып, олардың
функциялары жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға берілді, аудандық
жұмыспен қамту орталықтары–еңбек биржалары коммунальдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны–еңбек биржалары болып қайта құрылды.
Барлық дамыған елдердің тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасының
әлеуметтік саясаты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны жұмыс берушілер
есебінен, сол сияқты бюджеттен төлеуді қарастыру керек.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясаты өз арсеналына жаңа жұмыс орындарын
құруды және сақтауды, еңбекке орналасуға кепілдік беретін кәсіптік
бағдарлауды және кәсіптік оқытуды, нарық талаптарына сай жұмысшыларды қайта
оқытуды қосуы керек.
Еңбек нарығындағы барлық саясатты анықтаушы барынша аумақтық шаралар
мемлекеттік деңгейде жүргізілуі мүмкін.
Ерекше мәнді жұмыспен қамтудың жаңа шарттарына жұмыссыздардың
адаптациясы алады.
Еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытудың перспективалық бағыттары деп
жұмыспен қамту қызметін ішінара жекешеленуін санауға болады. Барынша толық
қамту мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерліктің жағымды рөлін ерекше атап
өтуге болады. Біртіндеп формальды емес жұмыспен қамтуды.
Нарықтық қатынастар жағдайында адамдарға балықты емес, қармақты беру
керек. Бұл мынаны білдіреді, яғни кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
орталығына әртүрлі типлегі жәрдемақыларды адамдар өз өмірлеріне ақша табуы
үшін жағдайлар жасауға (өз ісімен, бизнесімен айналысуға) беру қажет. Өз
кезегінде бұл шаруашылықтану субъектілерінің және азаматтарының
инициативаларын ынталандыруды білдіреді.
Соңғы жылдары кедейлік және жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасында
маңызды орын – бизнес-инкубаторларға бөлінеді. Олар шағын бизнес және
импорт орналастыру бағдарламасын таратуда маңызды рөлді атқарады. Бұл
туралы, жеке түрде Польшаның тәжірибесі айтылады, онда елдің ұлттық
табысының 60%-н инкубаторлар өндіреді және 60% жұмыс орындарымен қамтиды.
23.01.2001 жылы Президентпен бекітілген “Жұмыспен қамту туралы” жаңа
Заңда мына мәселе айтылған: мемлекет азаматтардың жұмыспен қамтылуын еркін
таңдауға жетуге қабілетті саясаттың жүргізілуін қамтиды.
Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясаттың бағыттарына
келесілер жатады:
– Қазақстан азаматтарының тең мүмкіндігін қамту.
– Республикада тұрақты өмір сүретін шетелдіктермен азаматтығы жоқ
тұлғалардың мамандық пен қызмет түрін еркін таңдауды, жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғауды қамту, жұмыссыздықты қысқарту;
– жұмыссыздықты жою, жаңа жұмыс орындарын құру;
–еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты кадрларды дайындауға білім
беру жүйесін бағдарлау;
– заңға сәйкесті жүзеге асырылатын азаматтардығ еңбек және кәсіпкерлік
инициативасын қолдау, шығармашылық, өндірістік еңбекке олардың қабілетін
дамыту;
– жаңа орындарды құрушы және әрекет етуші жұмыс орындарын сақтаушы
жұмыс берушілерді ынталандыру, соның ішінде мақсатты топтар үшін;
– жұмыспен қамту бойынша жеке агенттік және өкілетті органдар арқылы
еңбектік бірігуді ұйымдастыру;
– шетел жұмысшы күшін тартумерн байланысты қызметті лицензиялау-
сонымен қатар Қазақстаннан шекарадан тыыс жерлерге жұмыс күшін шақырумен
байланысты қызметті;
– шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау жолымен ішкі еңбек нарығын
қорғау;
– жұмыспен қамсыздандыру бойынша республикалық іс-шаралардың атқарушы
жергілікті органдармен қабылданған шаралармен үйлесуі;
– жұмыспен қамту сферасындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік
саясаттың бағыттарымен координациялануы;
– еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру;
– тұрғындарды жұмыспен қамтушы шараларды жасау мен жүзеге асыру және
оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың
қызметін реттеу;
– еліміздің аумағында шетелдіктердің және шекарадан тыс жерлерде ҚР
азаматтарының еңбек қызметіне байланысты сұрақтарды шешуді қосатын
тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыру;
– мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын дайындауға жұмыс берушілердің,
жұмысшылардың, қоғамдық ұйымдардың қатысуын қамту;
– жұмыспен қамту саясатына сәйкесті салықтық, қаржылық және
инветициялық саясатты жүргізу, қосымша жұмыс орындарын ашуды ынталандыру.
Заңда жұмыспен қамту саласындағы құқықтар мен міндеттемелер, тіркеу
және есепке алу, бақылау және есеп беру туралы көп айтылған. Осы көріністе
барынша салмақты болып “Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау” 14-
бабы табылады.
Мемлекетпен жұмыссыздықтан келесідей әлеуметтік қорғау көрсетеді:
–жұмысқа орналасуға араласу;
–әсіби дайындау, біліктілікті көтеру, жұмыссыздар үшін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қайта дайындау;
– қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбегіне ақы.
Заң актілеріне сәйкесті аз қамтылған азаматтардың санын жұмыссыздарға
мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсетуү Басқаша айтсақ, Заңда
жұмыссыздың бойынша жәрдемақы қаралмаған, алайда барлық өркениетті елдерде
олар бар.
Қазіргі уақытта еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі
тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа концепциясын жасауды аяқтады. Негізгі
идеялардың бірі болып жұмысынан, асыраушысынан, еңбек қабілеттілігінен
айырылған кездегі міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу табылады.
Біріншіден, кезекте мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруды еңбекақыдан ұстау
немесе еңбек ақы қорынан қосымша ерікті жарналарсыз аудару есебінен жүргізу
ұсынылады. Сонда мүгедектікке ұшыраған, жұмысынан, асыраушысынан айырылған
кезде жұмысшы сақтандыруды өзінің салымына пропорционалды алады, бюджетттен
кепілдендірілген минимумға қосымша.
Екінші бағыт жұмысшыға келтірілген зиян үшін (өндірістік жарақаттың
салдары) материалды жауап беретін, жұмыс берушінің жауапкершілігін
сақтандырумен байланысты. Бұдан басқа, бұл концепция міндетті медициналық
сақтандыру, жұмыспен қамту, аз қамтылған адамдар үшін асханалар, нақты
тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін адаптациялар орталығына байланысты
сұрақтарды қарайды.
Қосымша жұмыс орындарын құру темптері 1,1%-ды құрап, жыл деңгейінен
асып кетті, динаминалық дамушы американдық экономикада жаңа жұмыс
орындарының саны 1999 жылы 1,8-ға өсті, өткен жылғы 1,5-%бен салыстырғанда.
Шығыс Еуропаның үш постсоветтік елдері кіретін еуропа елдерінде
жұмысбастылар санының көбіне тенденция бақыланды.
Өтпелі экономикасы бар үш елдің арасында Венгрия жұмыспен қамтудың өсу
темпін 1,5%-ға дейін жеткізді, сол уақытта Польшада бұл көрсеткіш 0,3%-ға
дейін төмендеп кетті, ал Чехияда үш жыл қатарынан жұмысшылар санының
қысқаруы жалғаса берді.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасында тек Жапонияда екінші жыл жұмыс
орындары санының абсолюттік құлдырауы бақыланды. Жапониядағы жұмысшылардың
қысқаруы тек қана циклдық құлдыраудың әсерінен емес, сонымен қатар өмірлік
найм жүйесінің құлдырауынан көрінеді.
Дамыған нарықтық экономиалы елдерде жұмыспен қамту құрылымы көптеген
факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, 90 жылдарға тән процесс
экономикалық нақты және ммеоекеттік секторы арсында жұмыс орындарын қайта
бөлу. Әлеуметтік қызметтердің негізгі жетекшісі ретіндегі мемлекеттік
рөлінің төмендеуі және бюджет шығындарын баланстау саясаты жұмыс орны көзі
санасындағы мемлекеттік сектордың рөлінің төмендеуіне әкелді. Көптеген
елдерде, мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамту жәке кәсіпорындар үшін
сәйкесті көрсеткіштен маңызды. Мемлекеттік басқару сферасында орталықтан
жергілікті билік органдарына жұмыс орындарын қайта бөлу жалғаса берді4.
Кейбір елдерде, әсіресе, АҚШ-та, Францияда, Ирландияда мемлекеттік
сектордағы жұмыс орындарының маңызды көзі болып білім беру сферасы
(бастапқы және орта) табылды. Екіншіден, соғыстан кейінгі жылдардағыдай,
1999 жылы жаңа жұмыс орындарының негізгі саны қызметтер сферасында құрылды.
Тек құрылыс өндіріске қосымша жұмысшыларды тарта алды. Солтүстік
американдық сол сияқты көптеген батысеуропалық елдердегі өңдеуші және
өндіруші өнеркәсіпте жұмыс орындарының саны қысқара берді.
90 жылдардың соңында АҚШ-та толық емес жұмыс күшімен барлық жұмыспен
қамтылғандардың 13,4%-ы жұмыс істеді, сондай-ақ шашамен 14,4%ы Батыс Еуропа
елдерінде. Бұрынғысынша төменгі болып Оңтүстік Еуропа елдерінде ішінара
қамтылғандардың үлесі қалада (Ияпания және Португалияда 8-10%), бұл
көрсеткіш жоғары елдерде (25%-ға дейін), оның тұрақтану тенденциясы, ал
әйелдер үшін – тіпті қысқарды.
2000 жылдың 1 қаңтары бастап Батыс Еуропа елдерінде стандартты жұмыс
аптасының ұзақтығы 39-дан 35 сағатқа төмендетілді. Кәсіпкерлер мұны қосымша
жұмыспен конпенсациялауы мүмкін дегенді мойындай отырып, Үкімет қосымша
жұмысшыларды жалдауды көбейтуде салықтар қатарын қарастырды. Сонымен, егер
компанияда жұмыс істейтіндердің саны өссе, мысалы 6%-ға, оның сақтандыру
қорларына жарналары жылына 5 мыңнан 9 мыңға дейін қысқарады. Жұмысшылар
саны көбейген сайын жеңілдіктер мөлшері одан да жоғары.

2-бөлім. Жұмыссыздық және оны реттеу мәселелері

2.1 Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, табыстар деңгейі және тұғындардың
кедейлігі
Барынша сезімтал көрсеткіш, тұрғындардың табысының үлесінің азық-түлік
қоржынынан төмендігі, өмірдің тұрақты жақсаруының байқалмайтынын
куәландырады.
Жұмыспен қамтылу және алынған сәйкесті табыс өмір деңгейін құраушыларға
яғни тамақтану, денсаулық, білім, тұрғындардың ұдайы өсуі және тағы
басқаларға әсерін тигізеді. Жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейі–кедейліктің
негізгі индикаторы болып табылады.
1996 жылмен 1999 жылдар арасында ірі кәсіпорындарда жұмыспен
қамтылғандардың саны 40%-ға төмендеді. Бұл көбіне өздігінен жұмыспен
қамтылудың тез өсуінен және шағын бизнеспен айналысушылардың өсуімен
компенсацияланды. Осы кезде жұмыссыздық деңгейі республикада да, облыста да
тұраұты болды, бұл экономикалық белсенді еместердің санының көбеюін
білдереді. Өздігінен жұмыспен қамтылудың көбеюі барынша ұзақ зерттеулерді
талап ететін экономикалық өсуіне және өмір сүру стратегиясына да куә бола
алады.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелері бойынша тұрғындарды таңдап
зерттеу материалдары бойынша 2001 жылғы жұмыссыздар санын 30-44 жастағы
адамдар және 16 мен 29 жас аралығында жастар 45,2%.
Сол жылдары ұзақ жұмыссыздықтың белгілері күшейе бастады. 2001 жылы
жұмыссыздар қатарына тіркелгендердің әрбір үшіншісі немесе экономикалық
белсенді тұрғындардың 6,2%-і бір жыл бес ай бойы жұмыс іздеумен болған.
Еңбекке орналасуда біліктілік талабы күшейді, яғни жұмыс тәжірибесісіз және
қажетті біліктіліксіз жас адамдар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі
төмендеді.
Жұмыс орындарының тапшылығы кезінде, әсіресе, еңбек нарығында статусы
төмен мүгедектердің жұмыспен қамтылу мәселесі күрделенді.
Еңбек нарығындағы жағдайға жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік-
біліктілік құрылымының сәйкессіздігі әсер етеді. Білікті жұмыс күшінің
санының, әсіресе, жоғары білімді және білікті мамандардың санының
төмендеуімен қатар тұрғындардың ағылуының салдары кәсіби дайындықсыз
адамдар санын көбейтті. Сонымен қатар мамандықтары бойынша (әсіресе ауыл
шаруашылығы мамандары) жоғарғы және орта білімді жұмыссыздар потенциалы
талапсыз қалды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық әлеуметтік көрсеткіштер
Жұмыссыздықты күту
Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері
Жалпы жұмыссыздық
Қазақстан республикасындаы жұмыссыздыты төмендету мәселесі
Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдік, құрылымдық жұмыссыздық
Жұмыссыздық түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы
Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Пәндер