Кәсіпорынның экономикалық жұмысының мазмұны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Экономика есебі және есептесу

1. 1 Кәсіпорынның экономикалық жұмысының

мазмұны

1. 2 Бизнес жоспарды жасау тәртібі мен мазмұны

1. 3 Негізгі және айналым қорларының құрылысы

мен құрамы

1. 4 Табыстың болжауын жасау

2 Бухгалтерлік есеп бөлімі

2. 1 Бухгалтерия мен шаруашылық субьектісі

есебін ұйымдастыру құрылымы.

2. 2 Қаражаттар бөлімі активтер есебі

2. 3 Негізгі құрал-жабдықтармен материалды емес активтер есебі

2. 4 Тауарлы материалды қорлар мен

жеткізушілер мен есептесу есебі

2. 5 Еңбек пен оның төлемінің есебі

2. 6 Қаржылық есептілік

3 Қаржылық есепті талдау бөлімі

3. 1 Шаруашылық cубьектісінің қаржылық жағдайын

талдау мазмұны және әдістері

3. 2 Қаржылық есептілік және оны талдау

3. 3 Шаруашылық субьектісінің табыстылығын талдау

3. 4 Шаруашылық субьектісі қызметінің тиімділігін

талдау

Қорытынды

Қосымша материалдар

Қолданылған материалдар

Кіріспе

1. 1. Мұнай өнеркәсібі құралдарын жане технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасы бұдан былай МӨҚжТКЖБ «Барлау және өндіру» «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғмы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының өндрістік филиалының өндрістік құрылым бөлімшесі ретінде жасакталған(бұдан әрі аталынған мәтінде «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ»ӨФ)

1. 2. МӨҚжТКЖБасқармасы ережесі «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ» ӨФ-нің ережесі, қоғам жарғысы, Қазақстан Республикасының қолдатыстағы заңнамалары негізінде жасақталған

1. 3. Заңды тұлғ аты:қоғам аты: «Барлау және өндіру «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы. 2004жылы 31наурызда мемлекттік куәлік №15971-1950-АО Астана қаласында тіркелген. Заңда тұлға мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 20/1;

1. 4. «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ»өндірістік филмалы Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 2004 жылғы 20сәуірдегі №1026-1943-Ф-л (А-№182797сериялы) зандлы тұлғалардың филиалдарын мемлекеттік тіркеу есебінің куәлігі негізінде тіркелген. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, ЖанаӨзен қаласы, Сәтбаев-3 көшесі.

1. 5. Қолданыстағы заңнамаларға және «ӨМГ» ӨФ-ның МӨҚжТКЖБасқармасының ережесіне сәйкес «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалының өндірістік құрылым бөлімшесі ретінде жұмыс істейді.

1. 6. «ӨзенМұнайГаз»өндірістік филиалы бекітілген тәртіпте орталықтырылған экономикалық ынталандыру қорлары есебінен қарамағындағы өзіндік қорлар мен қаражаттарға, басқа да қорларға иелік ету құқығын МӨҚжТКЖБасқармасына береді.

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Екінші сөзбен йтқанда өмірге қажетті азық түлік, киім, тұрғын үй, отын, т. с. с тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек. Осыған орай не өндіру, қалай өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар адам баласының әрбір жеткіншек буындараның алдында тұрған көкейкесті міндет. Бұл міндеттен ешбір қоғам құтыла алмайды. . Өмір сүру үшін тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтамаса, өндірісте солай тоқтамауы керек. Сайып келгенде өндіріс қоғамдық өндіріс болып саналады. Себебі жеке өнім өндірушілер өздерінің қажетін өтеп қоймайды, қоғам мүшелері үшін де қызмет атқарады. Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында, алдымен адамдардың еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономика тауар ақша немесе нарық қатынасы пайда болды.

Бұл рыноктың тауар ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгілі. Мысалы экономика жөнінде алғашқы ғылыми мәліметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Біздің дәуірден бұрын 995-935 жж өмір сүрген Ксенофонт «Экономис» атты еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығы басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерге кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Ойкономия» шаруашылық және басқару сөзінен алынып, франсуз экономисі Антуан Монкретьен (1575-1622 жж) «Политэкономия» трактаты деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен 17 ғасырдың қазіргі уақытта дейін «политэкономия» деген ғылым қалыптасты. Дұрысын айтқанда, бұл ғылымның аудармасы екі сөзден тұрады, бірінші сөз - басқару, екіншісі - шарушылық деген мағына береді. Орыс және қазақ тілінде политическая экономия және саяси экономия деп аударылуы қате деп айтуға болады. Бірақ та осы аударма әдебиетке кең тарап кетті. Соңғы жылдары шыққан орыс тіліндегі оқулықтарда осы түзету бар.

Политэкономия қазіргі кезеңде жоғары мектептерде оқылатын политология, социология сияқты пәндер тәрізді өзінің ғылыми түр атымен аталғаны жөн. Политэкономия бұл саясат емес адамзат қоғамының «анатомиясы мен физиологиясы» зерттеитін ғылым. Екінші сөзбен айтқанда қоғамдық өндіріс бөліс, айырбас, тұтыну қатынастарының обьективті заңдылықтарын ашатын, экономикадағы тауар, ақша, тарихи ресурстар, капитал, жер, еңбек, ғылыми информация, жаңа технология, ноу- хау т. с қаржы банк жүйесі, бағалы қағаздар, қаржы рыногы сияқты рынок қатынастарының заңдарын, онымен бірге жұртшылықтың әл ауқаты, мәднеи жағдайы, жалпы әлеуметтік мәселелерді зерттеитін ғылым.

Политэкономия ғылымының неғұрлым терең оқып, үирену арқылы экономикадағы өзгерістерге, қазіргі өтпелі дәуірдегі дағдарыстан шығу жолдарын ашуға болады. Политэкономия қоғамық ғылым, себебі ол адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшелігін, ішкі мәнін ашып береді. Осы ғылымды оқу арқыы мемлекеттік басқару жүйесін көмектесуге болады. Политэкономия мамандығы Қахақстан Республикасында бір ғана жоғары оқу орны - ҚазМУ -де дайындлады . Осы мамандықты алған студеттер екі мамандық экономикалық теория оқытушы және экономист деген ғылыми атақ алады. Сіздерге ұсынылып отырған оқу құралы еліміздің жоғарғы мектептерінде ана тілінде экономикалық теория пәнін оқушыларға көмекші құрал болып саналады.

Бұл оқу құралы жаңа талапқа сай әлемдік экономикалық ілімнің соңғы жетістіктеріне сәйкес дайындалады.

Қазіргі Политэкономия пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында 16 ғ аяғы - 17 ғ басы дами бастады.

Алғашқыда буржуазия өндірісте емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналыс сферасында әрекет еткен.

Сол себепті де бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантелизм (италян тілінде mercante- саудагер) ілім қалыптасты. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттен төрт негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі - маркстік концепсия өміршеңдігіне әкімшілік экономия қолданылады. Екінші бағыт - әкішілік әдістерін қазіргі заманғы кейнс ілімімен біріктіреді. Үшінші бағыт - өкілдері батыстық теорияны отандық ілімге тұтас көшірумен байланысты. Төртінші бағыт - өкілдері жаңа концепсияны іздеуде.

Тарихи тәжірибеде экономикалық ғылым дағдарысының тек сл ғылымның өзінің дағдарысында ғана емес, оның зерттеу нысаны экономикалық дағдарысымен байланысты екендігін көрсетсе ғылым дағдарысы оның дамуына күшті қозғау салады.

1 Экономика бөлімі

1. 1 Кәсіпорынның экономикалық

жұмысының мазмұны

Халық шаруашылығының дамып экономикалық өркендеу өзегінде, өндірістік негізгі түйіні - кәсіпорын болып саналады. Барлық өндіріс кезеңдерінде өндіріс экономикасының дамуына, жұмысшылардың өндірісіне тікелей байланысы арқасында кәсіпорында өнімді өндіру жұмысы атқарылады.

Қоғамдық еңбек бөлісі жүйесінде оқшауландырылған дербес жеке дара кәсіпорынды, өндіріс- шаруашылық бірлігі немесе шаруашылық жүргізуші субьект дейді. Кәсіпорында пайда алу мақсатында өнім өндіру жұмысын орындап, қызмет көрсетудегі жеке дара шаруашылық субьектісін айтамыз.

Елімізде белгіленген заңдылық бойынша белгілі нышанда (фирма, мекеме, концерн) - бұл кәсіпорындар заңды тұлға нышан санына жататыны : өзінің мүлкінің бар болуы, мүліктік жауапкершілік дербестігіне тәуелсіз болуы: рұқсат етілген заңға сәйкес өз жеке меншігіндегі мүлікке ие болуына, қолдануына және иелік істеуіне құқықты: өз атынан сот және арбитраж алдында тілеуші және жауап беруші болуына: өз алдына бухгалтерлік баланс, банкте есептеу және басқадай есеп шот ашуына құқықты. Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттарында кәсіпорындардың жұмыс атқару түрлері әртүрлі ұйымдастыру-құқығы қаралған: шаруашылық серіктестіктері, мен қоғамдар (толық серіктестік, сенім серіктестігі, шектелген жауапкершіліктегі қоғам, қосымша жауапкершіліктегі қоғам, акционерлік қоғам) : өндіріс кооперативтері: мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар.

Кәсіпорын түрлерін ұйымдастырушы өзіне керекті түрін таңдап алады. Кәсіпорын пәнін оқып үйренуде және оның қоғам өндірісіне тән төмендегі ортаны ескрілуі тиіс: материалдық әлеуметтік, саяси және рухани өрістерін атауға болады.

Кәсіпорынның материалдық өрісі-барлық өнім өндірісінің үрдісін, әлеуметтік кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақы төлеу үрдісін, сонымен бірге барлық өзара әртүрлі категориядағы қызмет ететін (формальдық және формальдық емес) қызметкерлердің бір бірімен қатынасы.

Кәсіпорынның саяси өрісі оның белгілі уақыт тәртібінде жұмыс істеуі, кәсіпорынды басқару әдісі, оған қоса өкімді түрде және сайлану құрамындағы формалар жиынтығының болып саналуын көрсетеді. Кәсіпорынның рухани өрісі бұл эстетикалық және кәсіпшілік білімде еңбек дағдысымен көріну, сонымен бірге жаңа оймен рухани мәдени құндылықтар жүиесін игеру.

Әрбір аталған өрістердің әрқайсысының заңы мен заңдылықтары кәсіпорынға өзінің ықпалын жасайды. Әлбетте олардың ішіндегі ең бастысы айқындитын өріс әлеуметтік-экономикалық болып саналады. Оның ішіндегі маңыздысы мысалға, материалдық әл ауқаттың өсу заңдылығын атауға болады. Бұл басқа өріске қарағанда өткір, маңызы жағынан толық және мазмұнды. Сонымен кәсіпорын экономикасы ғылыми пән, оның обьектісі кәсіпорын және зерттелетін заты заңдар мен заңдылық, біріншіден, оның мазмұнын анықтаса, екіншіден, экономикалық білім жүйесінің орнын анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қармағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға материалдық техникалық, еңбек қаржылық және ақпараттық т. б жатқызуға болады.

Сонымен экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді паидалануды жақсартуға, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Кәсіпорын өндіріс жинақталған қосындысы өзімен -өзі бойынша, бытыраңқылы әсер етуде емес: олар өзара тығыз байланыста болып, ал бұлар өзара белгілі экономикалық категорияда өрнектеліп, заң мен заңдылық, тәжірибелік ғылыми негізде маңызы бар оқытылатын «Кәсіпорын экономикасы» болып саналады. Бүгінгі таңда қоғамдық өрдірістің даму бағыты әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге меиліеше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын рөлі өте зор себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Өндірістік кәсіпорындар өндірістік-техникалық ұйымдастырушылық, эканомикалық және әлеуметтік бірлігімен сипатталады.

Экономикалық бірлік кәсіпорын алдында қайылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда сатылған өнім көлемінің сапасының, бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғарғы табыстылық деңгейіне т. с. с жетуін көздейді.

Сонымен әрбір кәсіпорынды ең алдымен өндірістік экономикалық бірлік ретімен қатар әлеуметтік бірлік ретінде қарастырамыз. Бұл тұрғыдан кәсіпорынды белгілі бір әлеуметтік экономикалық мүдделер арқылы бір бірімен байланысқан ұжым ретінде қарастырып, оның негізгі мақсаты тұтынушылардың материалды және рухани талаптарын өтеуге арналған табысқа жету. Нарықтық экономика жағдайында фирма деген ұғым жиі қолданылады. Фирма дегеніміз заңды құқығы бар дербес шаруашылық ұйымы, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар мүмкіндігінше барлық одақтар (асоцациялар, бірлестіктер) . Егер фирма бір кәсіпорыннан құралса, онда фирма мен кәсіпорынды экономикалық қызметтің бір обьектісі ретінде қарастыруға болады.

Оқулық құралда кәсіпорынның экономикалық негізі, пәннің зерттелу обьектісі мен үрдістемелері, базистік түсініктемелерге сипаттама берілген. Мұнда әрбір базистік түсініктеме бере келіп, оны анықтайтын формула мен тәсілдері мысалмен келтірілген. Әрбір тақырыптың мазмұны толығымен игеру үшін тест және бақылау сұрақтары мен өз бетінше шығаруға арналған сынақ тапсырмалар мен есептер жиынтығы берілген.

Оқу құралы 10 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорын экономикасының негізіне сипаттама берілген. Бұл бөлімде пәннің зерттелу обьектісінде; халық шаруашылығының дамып, экономиканың өркендеу өзегінде кәсіпорынның атқаратын рөлі. Оны айқындаитын экономикалық базистік түсініктерді келтірілген. Екінші бөлімде нарық жағдаиындағы кәсіпорынға тоқталып, олардың алдына қоиған мақсатына сәикес әр кәсіпорын қажетті өндіріс факторларын тиімді паидалану арқылы кәсіпкерлік түрлерімен белсенді айналысып мол табысқа жету жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде кәсіпорын жұмысын, оның ішінде өндіріс бағдарламасын болжамдау және жоспарлау мәселелері қарастырылған. Мұнда тауарлы жалпы және сатылған өнім көлемін есептеу әдістеріне назар аударылған. Төртінші бөлімде қоғам өндірісін ұйымдастыру түрлері мен бағыттары қамтылған. Бесінші бөлімде кәсіпорын жұмысындағы инвестициялық және инновациялық саясатты іске асыру мүмкіндіктері аталған. Алтыншы бөлімде негізгі қорлар және өндіріс қуаттылығына арналған. Жетінші бөлімде кәсіпорынның айналым қоры және айналыс құралдары. Сегізінші бөлімде кәсіпорын кадрлары, еңбекті мөлшерлеу, еңбек өнімділігі, еңбек ақы төлеу жүйесі жан жақты сипатталған. Тоғызыншы бөлімде өндіріс шығыны және өнімнің өзіндік құны. Оныншы бөлімде кәсіпорынның акционерлік шаруашылық түрі және жалға беру мәселелері қарастырылған. Соңғы бөлімде тест және есептер мен сынақ тапсырмаларының жауабы мен шешімі келтірілген.

Ұсынып отырған оқу құралы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, экономикалық біліктілігін қалыптастыруға нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар мамандарына арналған. Эканомика ( грек тілінде oconomіа үй шаруашылығын жүргізу өнері ) - қоғамның өндіргіш күштерінің тиісті сатысына сай келетін өндірістік қатынастардың жйынтығы: меншік қатынастары басты және айқындаушы элемент болып табылатын оның базисі (мыс федализм, капитализм, сациализм эканомикасы ) : елдің немесе елдер тобының үстнм өндіріс тәсілін, еңбек өнімділігі деңгеиін т. б басшылыққа ала отырып, сипатталатын халық шаруашылығы (мыс. ТМД елдерінің эканомикасы, Қазақстанның экономикасы, АҚШ экономикасы, халық шаруашылығының, өнеркәсіптің салалары, өндірістің түрлелі олардың өнім өндіру жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) көлемімен, оның сапасымен, ресурстардың паидаланылу деңгеиімен, жоспарлы тапсырмалардың орындалу дәрежесімен, жоспарлы тапсырмалардың орындалу дәрежесімен сипатталатын жай күиі; қоғамдық ғылымдар тобының құрамдас бөлігі, халық шаруашылығының белгілі бір саласын (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, т. б. Эканомикасы ) және өнеркәсіп салаларын (көмір, химия, жеңіл, ағаш өнеркәсібі, машина жасау экономикасы ) зерделеу мен аиналысатын ғылыми пән. Экономикалық ғылымдар жүиесінде іргелі және қолданбалы эканомика болып бөлінеді. Іргелі экономикалық ғылымдар обьективті экономикалық заңдарды тану және оларды тиімді паидалану жолдарын негіздеу. Қолданбалы экономикалық ғылымдар жеке және нақты міндеттерді шешу үшін іргелі талдамалардың нәтижелерін пайдаланады. Олардың аражігі атқарымдық белгілері бойынша (еңбек, материалдық техникалық жабдықтау, шикізат ресурстары экономикасы т. б ), салалық белгілер бомынша өнеркәсіп машина жасау экономикасы т. б ажыратылады. Бухгалтерлік есеп қаржы, менеджмент маркетинг те эканомикалық пәндер болып табылады. Экономикалық базис адамдардың арасында тарихи тұрғыда қалыптасқан осы базиске сай келетін қондырманы саяси, құқықтық және басқа қатынастардың, қоғамдық сананың мекемелері мен алуан түрлі жиынтығы. Экономикалық болжау әдістерінің арасында оңтайлы нысандарының жиынтығын айқындаитын өндірістік қатынастардың басқару теориясымен қатар, математикалық статистика мен ықтималдық теориясының көптеген әдістері пайдаланылады.

1. 2 Бизнес- жоспарды жасау тәртібі мен мазмұны

Жоспарлау жүйесінде бизнес жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында пайда табуға бағытталған экономикалық қосымша бизнес дейтін болсақ субьектілердің кәсіпорындарының өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес жоспар деп аталады. Бизнес жоспар әдетте 3 - 5 жылға арналып құрылады. Бизнес жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет.

Біріншіден бизнес жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ түиекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден бизнес жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады

Үшіншіден, бизнес идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермеиді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін оларға толық бизнес жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашаққа шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

Бизнес жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Бірақ олар бизнес жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.

Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмұны бір тектес болуы керек. Бизнес жоспар құрудан бұрын жоспардың мақсаты айқын болуы тиіс. Атап айтқанда:

1) Сіз өнім өндірудің қалай ұйымдастырмақшысыз және оны жан жақты таңдадыңыз ба.

2) Несие алмай ақ өндірісті жүргізе аласыз ба.

Егер банктен несие алмақ болсаңыз мыналар қажет.

1) Қанша ақша

2) Ол ақша не үшін қажет

3) Ол ақшаны қашан, қалай қайтарасыз

Дегенмен, бизнес жоспарда қамтылмай қалатын мәселелер болуы мүмкін, мысалы көктемгі егін егу кезінде минералды тыңайтқыш түрін таңдау немесе мал бордақылау кезіндегі рационалды анықтау сияқты жағдайлар.

Бизнес жоспар құрылымы боиынша кейде бір бірімен анықталуы мүмкін, бірақ мазмұны бір болуы тиіс.

Көптеген кәсіпкерлер қаржыландыру құралы ретінде бизнес жоспарды бірінші орынға қояды. Себебі кәсіпкер керекті қаржыны таба алмаса, басқа қалған жұмыстарының барлығына сезімсіздік туындайды. Дегенмен, қаржы табу маңызды мәселе болғанмен, ол көп мәселенің бірі ғана. Жалпы бизнес жоспарды негізгі рөлі - ақша негіздерін табу құралы деп түсінген кәсіпкерлер өздерінің қолайсыздық туғызады. Өйткені ондай ойдан туындаған жоспар, шынайылықтан ауытқиды.

Ең дұрысы, бизнес жоспар мүмкіндігінше обьективті деңгеиде жазылуы керек. Ал, мектептен тыс жоғары көрсеткіштермен жазылған жоспар несие көздері мен инвесторлары үшін алдамшы жағдай сияқты.

Бизнес жоспарды кәсіпкердің өздері құру керек десекте, осы жұмыс барысында, бухгалтерлік кеңесшілердің кәсіби білімін пайдаланса сондай ақ осы үдеріске тікелей қатыспайтындардың да ескертпелерін есепке алса пайдалы жағы өте көп болған болар еді. Өйткені кәсіпкерлердің ұсақ түйек деп қараған мәселелерінің өзі, кәсіби мамандар көзімен кең көлемді мәселе болуы мүмкін.

Мүдделі тұлғалар инвесторлар, банктер жобаны іске асыруға ақша жұмсаудан бұрын бизнес жоспарды шын пеиілмен оқып, зерттеиді. Сондықтан жоспар жасаушылар шынаиы бағытты әлбетте кәсіби мамандар осы үдерістің мәні байқалады. Сонымен қатар күрделі тұтынушылар сұрақтарға нақты жауап дайындау керек жауаптар бизнес жоспардың өзінде көрініп тұрса тіпті жақсы.

Егер кәсіпкер өз жұмысын жақсы талдай білсе бизнес жоспар жазу өте қиын щаруа емес. Дегенмен жинақталған ақпараттарды салыстырмалы бағалау боиынша анықтауда қиындықтар кездеседі. Осындай жағдайларда да кәсіби мамандардың көмегі тиеді. Өндіріс орындары да бизнес жоспарды оқиды. Сонымен қатар, жоспарды қызығыш оқитындар қаржыландыру көздері кәсіби кеңесшілер сондай ақ мүдделілік танытатын тұлғалар.

Жалпы айтқанда қаржыландыру көздерінің екі түрі бар.

1) Қарыз беретіндер

2) Инвесторлар

Қарыз беретіндерге коммерциялық банктер жатады. Олар негізінен несиеге ақша береді немесе қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке алып қарыз ссуда берумен айналысады. Инвесторлардың да қаржыландыру мәселесімен айналысатыны белгілі. Дегенмен инвесторлармен қарыз беретіндердің бизнеске деген мүдделілігі әр түрлі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстыру
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Есеп берудің мәліметтері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
Тәуекел деңгеиін бағалау және төмендету әдістері
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бухгалтерлік есеп және аудит
Аудит пәні және оның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz