Мемлекеттін қаржысын басқару


Дамыған шет елдердегі қаржыны басқару
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Бөлім Қаржыны басқару ұғымы
1. 1 Қаржыны басқару
1. 2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердін қаржысын басқару
2. Дамушы және дамыған елдерге жалпы сипатама
2. 1 АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері
2. 2 AҚШ экономикасы дамыған ұлы держава
3 Халықаралық қаржылық бақылау тәжірибесін талдау
3. 1 Дамыған елдердегі баға белгілеу
3. 2 Мемлекеттін қаржысын басқару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі - жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.
Олай болса, қазіргі әлемдегі өзара тәуелділік, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі проблемалар табиғатына толық жауап береді. Көптеген елдер өнеркәсіпті, сауданы, кооперацияны, ауыл шаруашылығын, қаржы қызметін т. б. басқаруда ерекше тәжірибелер жинады.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі. - бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше төсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Әлемдік экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде қаржы қызметін басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті (басқару) дегеніміз - бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты басқару қызметі болып табылады.
1. 1 Қаржыны басқару
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі кезқарасты айқындайды. Заңы заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда рәсімдслетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық өдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыга мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді боледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық, ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шсшімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беругс негізделеді.
Қазақстанның шаруашылық практикасында пайдаланылатын термин.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің - қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржымық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау. қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғүрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлык, ұйымдық құрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдсрі мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мсн басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының - реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға кешкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т. б. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлугс бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.
1. 2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердін каржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктсстіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістср мсн шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзсгс асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тимді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме ісксрлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар - олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда - акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын) ; ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер - шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3. 1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рснтабедділікті арттыру;
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы өндіру жәнс басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
Оперативтік-
жоспарлау және бақылау
Сатып
алушылар-мен есеп айырысу бюросы
мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындагы қаржылық міндеттемелерді орындау;
есеп айырысуларды ұйымдастыру;
өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;
қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақтамдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несие өндіреді.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
2. Дамушы және дамыған елдерге жалпы сипатама
Дүние жүзінде барлығы болып 230-мемлекет болса, олардың негізгі бөлігі даму үстінде, яғни олар барлық елдердің 4/5 бөлігін құрайды, бүкіл халықтың 80%орналасқан. Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері жатады. Ал АҚШ, Япония, Ұлыбритания, Испания және Канада дамыған елдер қатарында.
Негізгі экономикалық бағыттары.
Дамушы елдер экономикасын жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін бәсекелестікке түсікен. Яғни даму бағыттары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзілік аренада орын алу.
Дамушы елдердің әртүрлі саясатының арқасында ЖІӨ соңғы жылдары 2% өсті, бұл дүние халықтарының жағдайының жақсара бастағаның бір белгісі.
Бүгінгі күнде олардың экономикасы қарқынды түрде дамып бара жатыр. Дамуы металл, мұнай, ауылшаруашылығы өнімдерінің және шет елдік инвесторлар есебіне дамып келе жатыр. Осы мемлекеттердің арасында экономикасы жылдан-жылға жақсарып бара жатқан Қазақстан. Қазақстанның жер аумағы бойынша 9 орында тұр. 15 млн халқы бар, ұрбанизация дәрежесі 53%. 1992 жылы 2-наурыз БҰҰ мүше болды. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы бойынша экономиасын көтеруде. Негізгі 5 экономикалық ауданға біріккен. Тас көмір, мұнай, қара және түсті металлдарды өңдеу, ауылшаруашылығының өнімдерін экспорттау арқылы жүзеге асырылып отыр. Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруі мүмкін. Орта Азиядағы ең жақсы дамыған мемлекет. Дүниежүзілік мемлекеттермен саяси және экономикалық байланысы жылдан-жылға жақсару үстінде. Баяндама деректеріне сүйенсек, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея бастаған Азия елдері 2002 жылдан бастап 2007 жылдар аралығында жалпы әлем көлемінде өз үлестерін 27%-дан 32 %-ға дейін арттырды. Осы мерзім ішінде ЕО, АҚШ және Жапонияда құлдырау байқалды. Егер 2002 жылы осы алпауыт елдерде ғылым мен дамуға арналған инвестициялар көлемі 83 %-ды құраса, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 76%-дан аспады. Бұл өзгеріс нақты кәсіпорындар деңгейінде едәуір айқын сезіледі. 2000 жылдан бастап 2007 жылдар аралығында ІЖӨ-ге қарағанда ғылым мен дамуға жұмсалған шығындардағы жекеменшік сектордың үлесі Жапония, Қытай, Сингапур және де әсіресе - Оңтүстік Кореяда бірден өскені байқалса, ал Германия, Франция, және Ұлыбританияда өзгеріссіз қалып, Ресей мен АҚШ-та керісінше төмендегені байқалды.
«Әлемдік экономикаға жаңа белсенді атсалысушылардың келуімен ғылым мен дамуға арналған инвестицияларды солтүстік пен оңтүстік арасында бөлу өзгеріске ұшырады, -деп атап көрсетті ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова. Еуроодақ, Жапония және АҚШ секілді белсенділер ғана көзге түсетін ғылым мен дамудың екі полюсты құрайтын әлемі бірте-бірте солтүстікте де, сондай-ақ оңтүстікте де ғылыми орталықтардың қатары көбейген қарама-қайшылығы көп біртұтас әлемге айналып барады.
Дамушы елдерде ғалымдар үлесі 2002 жылы 30% -дан 2007 жылы 38 %-ға дейін өсті. Сондай-ақ бұл өсімнің үштен екі бөлігін бір Қытай ғана иеленген. 2007 жылы 1 423 400 зерттеушілерге қол жеткізген бұл ел АҚШ пен Еуроодақты бірге алғанда да, оларды басып озды дерлік. Бұл күнде Еуропа, АҚШ және ҚХР бүкіл әлемдегі ғалымдар санының 20 %-на әрқайсысы ие, бұлардың соңынан Жапония (10%) және Ресей (7%) келеді.
2011 жылы дамыған елдердің экономикасы бәсеңдеп, дамушы елдердің өсім қарқыны еселеп артатын болады.
Сарапшылардың пайымдауынша, қазір дамыған елдердегі өсім жұмыссыздық деңгейін жабуға әрең жетеді, ал дамушы елдердегі экономиканың жақсаруы мен қаржының артуы оларға да ауыр сынақ болады. Себебі, дағдарыс аяқталған кезде, барлығы керісінше бағытта дамиды. Бұл жайында, ХВҚ-ының бас экономисті Оливье Бланшар мәлім етті. Бұдан бөлек, Бланшар 2010 жылдың қорытындылары мен 2011 жылға болжам жасады. Қазір барлық елдер өз экономикасын әртараптандыру қажеттігін ұмытпай, валюта бағамдарын тұрақтандыру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, экономист дамыған 20 елдің осы мәселені шешудегі рөлін атап өтті. Әрі Еуропаның дамуына қатысты өз болжамдарын білдірді.
2. 1 АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz