Капиталды басқару негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І тарау.Капиталды басқарудың теориялық негіздері
1.1 Капиталдың мәніне териялық көзқарастар ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Капиталды басқару
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
1.3 Капиталды басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... 10

ІІ тарау.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналысын талдау
2.1 Сыртқы сауда қызметінің қазіргі кездегі сипаты ... ... ... ..13
2.2 Валюталық қатынастарды реттеудің қазіргі жай –
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...21

ІІІ тарау. Капиталды басқарудың халықаралық аспектілерін отандық тәжірибеде
жүзеге асыру негіздері.
3.1 Капиталды басқарудың халықаралық аспектілерін қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің
көптеген елдерімен халықаралық эконмоикалық байланыстарды кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және
заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық кредит
қаржы институттармен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап,
трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты
қатынастардың кең шеңберін қамтиды.
Іс әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы эконмоикалық
қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес,
сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде
көрінеді. Қаржы қатынастары ұлттық эконмоикалардың шекарасынан шығып
кетеді, халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне
жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтырлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген
учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың
барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға
тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін
құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни,
меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті
реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты
қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім
беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты
экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база
жасауды аяқтау көзделіп отыр.
Жұмысты жазудағы негізгі мақсатым – нарық жағдайындағы капиталды
басқарудың халықаралық аспектілерін ұйымдастыру,оны қалыптастыру жолдарын
білу және елімізде капиталды басқарудың теориялық негіздерімен танысу.
Курстық жұмыс үш бөлімнен және қорытынды мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде капиталдың мәніне териялық көзқарастар мен капиталды
басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде сыртқы сауда қызметінің қазіргі кездегі сипаты мен
валюталық қатынастарда сөз болады.
Үшінші бөлімде капиталды басқарудың халықаралық аспектілерін отандық
тәжірибеде жүзеге асыру негіздері қарастырылады.
Жұмыс керекті аналитикалық кестелермен және графикалық
материалдармен жабдықталған, олар қаралған құбылыстар мен
заңдылықтарды сипаттайды, көрсетеді.

І тарау.Капиталды басқарудың теориялық негіздері

1.1 Капиталдың мәніне териялық көзқарастар

Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады,
бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтпайды. Қандай да бір капитал
болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның
ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз
бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т
формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін
орындайды.Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын
қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген
ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы
жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық
жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амортизация
жолы арқылы өтеліп отырады.Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде
қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда
ақшалар капитал бола алады.
Ақша, ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда
бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта
сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті,
одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші
тауары жатады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салған А. Смит пен
Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самульсон мен У.
Нордхауздың ойынша, капитал бұл – өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі
Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша
сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да
көзқарастар бар: капитал бұл – өндіріс қолданылатын адамның білімі,
қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл –
уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі
көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-
жабдығы адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп
жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада, өндіріс құрал-жабдығында
(тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша
капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп
санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола
алмайды, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды
жасауға қолданылса, олар сонда ғана капиталға айнала алады.
Өзінің басты еңбегі "Капиталда" К.Маркс капиталдың бірқатар
аныктамасын берген. Бұл кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында,
капитал - бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген.
"Капиталдың" екінші томында: "капитал бұл қозғалыс" екенін дәлелдеген.
Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Ол
капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде карастыруды
жоққа шығарып, капитал - бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі
коғамдық катынастар екенін айтқан.
Құнның өзінің өсуі калай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі
мүмкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса
кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір
бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда
болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байығандығын
көрсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды.
Айталық, коғамда үш тауар өндіруші құны 300 мың ақша бірлігіндегі
өнімді жасады, оның ішінде А тауар өндіруші - 100 мың ақша бірлігін, В —
100 мың ақша бірлігін. С — 100 мың акша бірлігін.
110 МІ.ІН акша бірлігі болсын.
"А" тауар өндіруші өнімді өткеру процесінде "В" тауар өндірушіге өнімді
100 мың аша бірлігіне 110-ға сатып, соның есебінен 10 мың ақша бірлігін
ұтады. Дәл солай "В" тауар өндірушіде жасайды: өз өнімін 100 мың ақша
бірлігіне емес. 100-ға өткеріп, 10 мың ақша бірлігін ұтты . "С" тауар
өндірушіде дәл солай жасайды. Өз өнімін ол да А тауар өндірушіге 100
мың акша бірлігіне емес, 110-ға сатып, 10 мың акша бірлігін ұтады. Жалған
елес ой туындайды. Барлық үш тауар өндіруші ұтқандай. Осы процеске сағат
тілінің қозғалысына кері көзбен карасақ, онда байқайтынымыз: "А" тауар
өндіруші өзінің өнімін 110мың ақша бірлігіне сатқан өз өнімін С-ға 110
мың ақша бірлігіне сатып осы құнға басқа өнімді А-дан сатып алады. Дәл
осындай құбылыс тауар өндірушіде болады.[16.73-77]
Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:
1. Капиталды шоғырлануы;
2. Капиталдың орталықтануы.
Капиталдың орталықтануы – бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің
өсуі.
Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігуі жолымен
ірілену процесін айтамыз.Осы процесті бар капиталдың өзі жойылады немесе
басқаларға қосылады.капитал қоорлануының бірден – бір түрі болған
акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады.Капиталдың шоғырлануымен
орталықтануы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды.Өңдірістің шоғырлануы
дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал –жабдығын,жұмыс күшін және
өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз.
Капиталдың сонымен қатар мынадай түрлеріне тоқталайық:
➢ Қарыз капиталы дегеніміз – белгілі бір мерзімге % үстемесін
өсіру шартымен берілетін ақша капиталы.
➢ Мемлекеттік капитал дегеніміз – мемлекет бюджетінен берілетін
ақша.
➢ Кәсіпкерлік капитал дегеніміз – инвестор белгілі бір мерзімге
өнім өндіру үшін берілетін капитал.
➢ Портфельді капитал – бұл инвестор белгілі бір елдің
инвестициясына иелік етуі.
➢ Жекеменшік капитал – жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы
немесе кәсіпорыны.
➢ Тұрақты капитал – өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін
капиталдың бөлігі
➢ Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз – өндіріс құрал
жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына
қатынасы.

1.2. Капиталды басқару негіздері

Капиталды басқару оның құнын бағалау көмегімен жүргізіледі. Капитал
құны – бұл капитал үшін төлейтін әртүрлі көздерден тартылған корпорацияның
құны. Капитал өндіріс факторы сияқты, оның анық құны болады, ол
корпаративтік топтың инвестициялық және ағымдық деңгей шығындарына әсерін
тигізеді. Бұл концепция корпоративтік қаржы жүйесінде басқарылатынның
бірден бірі.
Шет ел эономистері капитал құнына түсінік береді. Ф.Ли Ченг және Д.И.
Финнерти ұсыныстары бойынша, капиталды тарту шығындарының бағасы немесе
капитал құны инвестициялық шешімдерді қабылдау процесінің басты этапы болып
табылады. Бірақ та капиталды тарту шығындарының бағасы басқа да шешімдер
қабылдау үшін маңызды, мысалы: облигацияларды шығару, құралдарды алу
немесе оны жалға алу, инвестициялық стратегияларды таңдауда.
Қаржылық аспектіде капитал құны бір уақытта балама шығындарының бағасы
болып табылады. Инвестормен сұралатын пайдалылық берілген жобаға салынған
баламалығын көрсетеді. Инвестициялық ресурстар көзі болып мыналар табылады:
акцияның эмиссиялары, банктердің несиелері, бөлінбеген табыстар жатады.
Әрбір көзге белгілі бір тәуекел сай, осыдан инвестициялық тәуекел
компенсациясы үшін әртүрлі мағынадағы сұралған нормалар өтімділігі сай.
Бұдан басқа, компенсация сұранысы бойынша, күтілетін инвестицияның
пайдалылығы инвестициялық ресурстарды тартуға кеткен шығындардан жоғары
болады. Инвестициялаудың негізгі аспектілері болып шынайы жобалар немесе
қаржылық активтер, тәуекел компенсациясын қамтамасыз ететін және
компанияның акционерлік капитал құнын өсіретін табыстар табылады.
С.Росс ұсынысы бойынша, капитал құны біріншіден займдарды қолдану әдісіне
байланысты дейді. Есте сақтайтын жайт, инвестициялық капитал құны- оны
салумен байланысты тәуекел деңгейіне байланысты. Корпорацияның жеке
қаражаттарымен және займдарды қолданғанда капиталдың жеке құны
кредиторлармен және акция иелеріне төленген компенсациямен суммалық пайдаға
тең. Басқаша айтқанда, капитал құны – корпорацияның қарыздық міндеттеме
құнын және акционерлік капитал құнын көрсетеді. Ван Хорн айтуынша, капитал
құны – қаржыландырудың әртүрлі типтеріне қажетті нақты және болжамды
табысы. Капиталдың жалпы құны – жеке құндардың орташа өлшемділігі болып
табылады. Ван Хорн келесідей кейбір шектеулерді енгізеді және олардың
қажеттілігін келесі жағдайлар көрсетеді. Жалпы алғанда, корпорация үшін
қаражаттардың концентрациясы қажет. Сондықтан да, капиталдың жалпы құны
инвестициялық шешімдерді қабылдау критерий жағдайларында қолданылады:
- компания активтері тәуекел көзімен бірдей;
- тәуекел деңгейімен тең қарастырылатын және бағаланатын инвестициялық
ұсыныстар.
Егер де инвестициялық ұсыныстар тәуекелдің әртүрлі деңгейінде болса,
онда жалпы алғанда, компания үшін қажетті табыс нормасы шешім қабылдау
критериін қамтамасыз ете алмайды.
Сонымен, капитал құнын басқару фирманың нарықтық құнын көтеру шартына
қажет.
Жалпы өлшеуіш болып – капиталдың орташа өлшемдік құны табылады. ОӨҚ-
өзімен бірге, инвесторлар өздерінің салымдарынан табыстың минималды
нормасын күтеді. ОӨҚ - әртүрлі қаражаттар көздерін тарту түрлерінің жеке
құндардың орташа өлшемдік көлемі ретінде қарастырады:
✓ акционерлік капитал;
✓ облигациялық займдар;
✓ банктік несиелер;
✓ несиелік бережақтар;
✓ бөлінбеген табыстар;
Бөлшектік және қарыздық қаржыландырудың сыртқы қаражаттардан
айырмашылығы, корпорацияның ішкі қаражатының бөлінбеген табысы болып
табылады.[14.145-147]
Корпорация қарекетіндегі капитал құнының көрсеткіштерін қолданудың
негізгі аспектілерін қарастырамыз:
1. капитал құнын – ағмдық қарекеттегі пайдалылық өлшеуіші ретінде
қолданылады. Капитал құны (бөлінбеген табыстың) табыстың бөлшегін
көрсететіндіктен, жаңа капиталды игеру үшін төленеді, бұл көрсеткіш
корпорация қарекетінің барлық түрлерінің қалыптасуының минималды нормасы
болып табылады.
2. Капитал құнының көрсеткішін шынайы инвестициялаудың қамтамсыз етілуі
процесінің критериі ретінде қолданылады. Капитал құнының деңгейін дисконтты
ставка ретінде қолданады, осы бойынша болашақ ағымның сомасы ағымдық құнға
әкеледі. Сонымен бірге, бұл жоба бойынша ішкі пайдалылық нормамен
салыстырғанда капитал құнының деңгейі база ретінде қолданылады. Егер де
ішкі пайдалылық норма капитал құнының инвестициялық жобаны жасауға
жіберілмейді.
3. Корпорацияның капитал құны – қаржылық инсвестициялаудың нәтижелілігін
өлшеудің басты критериі болып табылады. Басқа қаржылық құралдардың
базасының пайдалылығын бағалау мен салыстырғанда капитал құны шығады.
Капитал құнының индикаторы нарықтық құны және эмиссиялық құнды қағаздардың
басқа түрлерінің табыстылығын бағалап қана қоймайды, сонымен қатар,
қаржылық инвестицияның перспективті бағыттарын анықтайды. Сонымен бірге,
бұл көрсеткіш қор қаражатының табыстылығын бағалайтын әдісі болып табылады.
Капиталдын шетке шығарылуы – бұл белгілі бір ұлттың айналымда жүрген
капитал бөлігін басқа елдің экономикасында тауар немесе ақша
формасындаенгізу процесі.Капиталдын миграциясының ең басты себебі – белгілі
бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы, яғни оның шектен
тыс көп жинақталуы.
Осы артық капитал кәсіпкерлік пайда немесе процент алу мақсатында шетке
шығарылады:
1. Капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, яғни тең болмауы
(мысалы, даму елдерде капиталға деген сұраныстың өте көп болуы, яғни
шет елдерге капиталды енгізу өте тиімді іс болып табылады).
2. Жергілікті нарықты монополизациялауға мүмкіндік ашылады (мысалы бір
елге капиталды сату арқылы).
Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол көптеген түрде болады материалдық-затты
және ақшалай. Тауарлар сатылады ақша пайда болады, ол ақшаға тағы да
тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек.
➢ Капитал өз қозғалысында үш сатыдан өтеді:
➢ ақашалй түрі;
➢ өнімділік түрі;
➢ тауарлы түрі;
Демек, капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек, оны тыныштықтағы зат деп
емес. Сонымен капитал өз қозғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш түрге
ие болады: ақшалай, өнімділік, тауарлы. Капиталдың қалыпты жағдайда бір
функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы
капиталдың шеңбер айналымы дейміз.
Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысында және екі айналыс сатысынан
өтеді. Ол өз айналымын белгілі уақыт кезеңінде жасайды.
Капитал шеңбер айналымының жеке акті ретінде емес, кезеңдік процеспен
айналуын капитал айналымы дейміз. Барлық авансыланған капиталдың осы
мерзімде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты капиталдың
айналым уақытын құрайды.
Егер жылды уақыт айналымының бірлігі ретіндегі өлшем деп О-мен
белгілесек, қай бір капиталдың уақыт айналымын о -мен көрсетіп, айналым
санын n-мен белгілесек, онда осы капиталдың айналым саны мынаған тең.
Қазіргі таңда капиталдың өзекті мәселелерін шешу үшін халықаралық бағытта
капитал миграциясы жұмыс істеуде. Оның шоғырлануы мен жинақталуы
экономикаға өзінің септігін тигізеді. Сонымен қатар адам капиталы да бағыт
алып отыр. Бұл капитал арқылы адам өзінің қорын жинақтай алады.
Капиталдың өзекті мәселелерін шешу басты міндет болып табылуда. Оны табу
өте қиында емес, яғни капиталды қорландыру арқылы капитал бағытында
кездескен қиыншылықтарды жеңуге болады.

1.3 Капиталды басқарудың шетелдік тәжірибесі

Капиталды және басқа халықаралық, аймақтық және жергілікті қаржының
қаржы нарықтарымен ұлттық және халықаралық операцияларды қолдау үшін
мынандай орталық элементтердің белгілі бір жиындарына ие болуы керек.
Біріншіден, қаржы нарықтарының айқын қызмет етуін қамтамасыз ететін тұрақты
қаржы жүйелері мен институттарынан тұрады.
Халықаралық сауданы кеңейту және капиталдың халықаралық ағымдарын дамыту
халықаралық капитал операцияларына қызмет көрсету қажеттіліктерінің
артуымен тура үйлесімді. Бұл көптеген елдерден қаржы нарықтарының қызметін
жандандыруды және оларға көрші елдерді тартуды талап етеді. Қаржы
нарықтарын аймақтандыру жалпы экономикалық дамумен қатар жүреді. Ішкі ақша
жинақталымдарын немесе шетел капиталын өнімді күрделі капитал
жұмсалымдарына бағыттау үшін қаржы нарығының тиімді тетіктері қажет.
Қазір Франкурттағы, Париждегі және Цюрихтегі сияқты көптеген ұлттық
қаржы нарықтары айтарлықтай шамада халықаралық операцияларға тартылған,
яғни олар шын мәнінде дүниежүзілік қаржы орталықтарына түрлендірілді-
халықаралық валюталық кредит, қаржы операцияларын, құнды қағаздармен,
алтынмен мәмілелерді жүзеге асыратын банкілер мен мамандандырылған кредит-
қаржы институттарының шоғырланған орны
Еуропаның қаржы нарығындағы біріншілік үшін Ұлыбританияның Монетарлық
Одағына қатыспағандығына қарамастан екі ірі қалалар Франкфурт және Лондон
арасында бәсекелестік жүруде. Бірақ соңғы кезде Франкфурт өз жайғасымдарын
бірте-бірте әлсіретуде. (1 қосымша)
Қаржы орталықтарының пайда болуына Еуропаның ірі агломерацияларына
капиталдар шоғырлануы мүмкіндік туғызды. Алайда ол өзінен-өзі қаланы қаржы
орталығы сияқты дамытуға әкелмейді. Оның қалыптасуы болашақ коммерциялық
жобаларды қаржыландыруы кәсіпкерлердің жинақталған капиталдарын жаппай
тарту көзі ретінде басталады. инвестициялау үшін қол жетерлік капиталдардың
өсімдері жаңа қаржы құралдарының ыңғайласпа ұсыныстарын тудырады. Мұндай
оңайлатылған үлгі бойынша дүние жүзінің қаржы орталықтары Лондон мен Нью-
Йорк қалыптасты.
Жасыран қаржы орталықтары-Гонконг, Сингапур, Бахрейн және басқалары
капитал мен қаржы құралдары ағындарын әдейі ынталандырып, олардың кәдеге
жарамауын көздеді. Тартымды және ымырашыл тетіктер ретінде кеден және салық
тәртіптемесі, мемлекеттік реттеу тәртіптемесі мен қаржы орталықтарының
тұрмыстық және бизнес-сервистің жоғары сапасымен қоса атқарылатын ажырамас
бөлігі болып табылады. Олардың белсенді қызмет етулері үшін келесі шарттар
мен көрсетілетін қызметтер қажет:
✓ қаржы нарығы құралдарының кең өрісі;
✓ олардың ішкі және сыртқы секторларға барынша қатысуы;
✓ байланыстың тиімді халықаралық жүйелері;
✓ дамыған кредит жүйесі мен келешекке арналған қор биржасының
болуы;
✓ салық салудың бірыңғайлығы;
✓ шетелдік қарыз алушыларға биржалық баға белгіленімдеріне
байланысты шетелдің бағалы қағаздар нарығына қол жеткізуге жол
ашатын жеңілдікті валюталық заңдар.[2.66-69]
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз –
ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу
үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір -
біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе
қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен
теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі
кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып
жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып ,
жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды
терең түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.
Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс ,В. Леонтьев т.б. ғалымдар
айналысты.
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси,
мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың
негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың
сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші
жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда екі ел тепе –тендікте дами
алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-
бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.Сонымен, сыртқы
экономикалық байланыс екі функциялық бірлестікте көрінеді. Бұл, бір
жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық,
халықшаруашылылығы аспектіде көрінеді.
ТМД елдердің әлемдік нарықа шығуы, сондай-ақ шетелдік
крпорациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі
көптеген пробремаларды тудырды.Олар шаруашылықта бұрын-сонды кездеспеген
қиындықтар еді.Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы да осындай
қиындықтарға тап болды.Қорыта келгенде мұның барлығы ТМД елдерінде нарық
жағдайында теориялық жіне тәжірибелік біліммен қаруланған халықаралық
деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК –тың дамуы
80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады.
Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады.Қазіргі әлемдік
шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл
әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады.Сондықтан
экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.Екінші жағынан, дүниежүзілік
шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады.Ал бұл жағдайда экономикасы
жоғарыдеңгейде дамыған елдер ғана алға шыға алады.
Қазргі кездегі халықарарлық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның
сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
ХЭК –тың негізгі формаларына жататындар:
➢ Халықаралық сауда;
➢ Капитал қозғалысы;
➢ Жұмысше күші миграциясы;
➢ Халықаралық өндірісті кооперациялау;
➢ Ғылыми –техникалық айырбас;
➢ Валюта –несие айырбасы
Жоғарыда аталған байланыстардың барлығы қазіргі кезде бурын-сонды болып
көрмеген көлемде өсуде.Бір ғана мысал:халықаралық капитал қозғалысының
көлемі тек соғы жылдары 30-40 % -ке өсті.2005 жылы 315 млрд-тан 2007 жылы
400млрд-қа өсті.Ал,халықаралық сауданың жылдық өсу қарқыны (6-8 %)
өндірістің өсу қарқынынан (2,25%) жоғары болды.Қазіргі кезең белгілерінің
бірі – еңбек ресурстары миграциясының кең көлемде тарауы, өндіріс
факторларының бірі – еңбек факторларының халықаралық масштабта ауысуын
көрсетеді.Бұл процеске ондаған миллион адамдар қатысады.Нарық жүйесіндегі
ХЭҚ –тың жаңа кезеңге өтуінінің бірнеше алғы шарты бар.Оның жоғары кезеңі –
халықаралық ынтымақтастық.
Қандай да болсын, халықаралық экономикалық байланыс- дүниежүзілік
экономикалық байланыстардың көрінісі.Дүниежүзілік шаруашылық көп уақыттар
бойы бір-біріне қарамақайшы саяси және экономикалық жүйеден тұрды.Соңғы
кездегі саяси картадағы өзгерістерге байланысты дүниежүзілік шаруашылық та
жаңа сипат алуда.[1.125-127]
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналысын талдау

2.1 Сыртқы сауда қызметінің қазіргі кездегі сипаты

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және
экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы
экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық
көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық
неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек
бөлінісі жүйесіне тартылу керек.
Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа
да тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа
шыға алатын ресурстармен анықталады.Сол себептен басқа елдермен қарым –
қатынас,сауда негізін жасай алады.Сыртқы сауда статистикасында есепке
алынатын негізгі көрсеткіштер сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт,
сыртқы сауда балансының айырымы болып табылады.
Сыртқы сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) – елдің белгілі бір
кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда
балансы, егер экспорт құны импорт құнынан асып кетсе активті, ал керісінше
арақатынаста болса пассивті болып саналады.
Экспорт көлеміне мыналар кіреді: ұлттық тауарлар экспорты, өңделгеннен
кейінгі тауарлар экспорты, импортталған тауарлар реэкспорты, еркін кеден
аймақтары мен еркін қоймалардан экспорт, баж салығы салынбайтын сауда
дүкендерінен тауар экспорты, сондай-ақ бір немесе одан көп жылға жал үшін
әкетілген тауарлар.
Импорттың негізгі құрамды бөліктері мыналар болып табылады: ел ішінде
пайдалануға арналған тауарлар импорты, өңдеу үшін пайдаланылған тауарлар
импорты, реимпортталған тауарлар, еркін кеден аймақтары мен еркін
қоймалардағы тауарлар импорты, баж салығы салынбайтын сауда аймағына
бағытталған тауарлар импорты, бір немесе одан көп жылға жал үшін әкелінген
тауарлар.
Сыртқы сауда ағынының географиялық бөлінуі мына схема бойынша
жүргізіледі:
❖ тауарлар экспорты-тауар бағытталған (тұтынатын) ел бойынша;
❖ тауарлар импорты-тауар шығарылатын ел бойынша.
Экспорттық тауарлардың құндық есебі ФОБ немесе ДАФ бағасында (тауар
бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына немесе экспорттаушы елдің
шекарасына дейін жеткізіп беру және тиеу бойынша шығындары кіретін тауар
сату шарты); импорттық тауарлар – СИФ немесе СИП бағасында (тауар бағасына
оның құны мен тауарды портқа немесе импорттаушы елдің шекарасына дейін
сақтандыру және тасымалдау бойынша шығындары кіретін тауар сату шарты)
жүргізіледі.
Қазіргі таңда Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі айқындалған шикізаттық
бағытта және жанармай, металлургиялық, химиялық комплекстер есебінде
ұйымдастырылады.Қазақстан экспортының құрылымының негізгі үлесін мұнай мен
мұнай өнімдері құрайды (35%), басқа да маңызды тауарлы топтарды түсті
металлдар (17%), қара металлдар (16%), кен (12%), экспорттың белгілі бір
бөлігін дәнді дақылдар құрайды (9%). Негізгі импортқа шығарылатын өнімдер
машиналар мен жабдықтар, химиялық өнім, минералды жанармай, азық-түлік
тауарлары, дайын бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар. Қазақстанның
экспорт-импорт құрылымы жылдан жылға диверсификациялы іс қатынастары жағына
ауысуда. Бірақ дәстүрлі әріптестер ТМД және Балтық елдерімен сауда үлесі
әлі де үлкен: оларға 59% экспорт пен 63 % импорттың үлесі келеді. Сонда да
негізгі сауда әріптесі Ресей болып қалады. Алыстағы шет елдер
мемлекеттерінен Германиямен, Турциямен, Швейцариямен, Чехиямен, Италиямен,
Қытаймен, АҚШ, Ұлыбританиямен, Оңтүстік Кореямен және т.б елдермен сауда
қатынастары қарқынды түрде дамуда.[9.225-228]
2007 жылы сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. долларды құрады. Соңғы 10
жыл ішінде сыртқы айналым 5,7 есе өсті, сыртқы сауда айналымының орташа
жылдық өсімі — 19% болды. 2003 жылдан 2007 жылға дейінгі сыртқы сауда
айналымының өсу қарқыны — орташа есеппен жылына 38% болды . Бұны біз келесі
кесте арқылы көре аламыз (1-кесте)

Эскпорт көлемі жағынан 2007 жылы Қазақстан шамамен алғанда әлемнің 225
елі арасында 52 орынды иеленді.
ДәрежеЕл атауы Экспорт,
млрд.доллар
12 Ресей 352,5
51 Украина 49,3
52 Қазақстан 47,8
64 Беларусь 24,3
69 Әзірбайжан 19,5
84 Өзбекстан 9
87 Түркменстан 8,5

2008 жылы жалпы көлемі қыйыр шетелге 48 %, таяу шетелге – 52 %
жеткізілген. Қазақстан ТМД экспорт көлемі бойынша Ресей (84,7 %) мен
Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.
Қазақстан экспортының құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары:
минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың үлес
салмағы төмен.
Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты,
ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы
тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.
Бұдан біз Қазақстан Республикасының қазіргі кезде шикізат және материалдар
экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында
артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.
Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша
экспорттың құрылымын келесі диаграмма арқылы анық көре аламыз. (2 –
диаграмма және 3 - диаграмма).[4.35-37]
2-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдардағы серіктес
елдермен экспорттың құрылымы.

3-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдардағы тауар топтары
бойынша экспорттың құрылымы.

Қазақстан табиғи материалдық ресурстар шығаруға маманданған, яғни
арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде, халықаралық еңбек бөлінісіндегі
Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын
қарастырсақ, онда келесі тенденцияларды көруге болады.
4-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2008 жылдағы тауардың негізгі топтар
бойынша импорттың құрылымы.

Яғни мұндағы тауар бойынша негізгі үлесін машиналар мен құрал-
жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.
Импорттық саясат ең алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал нарығындағы пайыз нормасын басқару
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақша капиталының айналымы
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары
Бағалы қағаздар нарығын құру
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Пәндер