Меншікті мерзімді депозиттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Коммерциялық банктермен жүргізілетін депозиттік операциялар ... ... ...
4
1. 1 Коммерциялық банктермен жүргізілетін депозиттік операциялар түсінігі,
мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. 2 Банктердің салымдарын сақтандыру , тұрақтандыру
жолдары ... ... ... ... ... 10

ІІ. АҚ Халық банк депозиттік операцияларын талдау бойынша тәжірибелік
жұмыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 15
2. 1 Жеке тұлғалардың депозиттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2. 2 Заңды тұлғалардың депозиттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Депозиттік операцияларды талдау
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

ІІІ. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді
дамыту жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
3. 1 Депозиттік саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 20
3.2 Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 28

Кіріспе
Қазақстан Республикасының банктері заңға сәйкес банк қызметін жүзеге
асыратын, құқығы бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктердің қызметтері ҚР Конститутциясымен және заңдармен, ҚР жасасқан
халықаралық шарттармен, келісімдермен, сондай-ақ өз құзіретіне жатқызылған
мәселелер бойынша ҚР заң құжаттарын ҚР Президентінің заңдары негізінде және
оларды орындау үшін шығарылатын Ұлттық Банктің құқықтық құжаттармен
қадағаланады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметі ҚР
Конститутциясымен және " Ұлттық банк туралы " (30.03.1995 ж №2155) заңмен
және өзге де актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер және
банк туралы" (31.08.1995 ж №2444) заң күші бар жарлығымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жалпы қаржы
жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған
алдыңғы ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе
отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың
барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға
бағытталған.
Екінші деңгейлі банктердің негізгі мақсаттары - несие ресурстарының
негізгі бөлігін шоғырландыру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы
қағаздарды, шетел валютасын сату - сатып алу мен оларды сақтау және
көптеген басқа да қызмет көрсету.
Зерттеудің мақсаты:
1.Қазіргі кезде банктер депозиттік қаржыны талап ету және қысқа мерзімді
депозиттер, сонымен қатар болашақта коммерциялық банктер салымшылар
қаржыларын неғұрлым ұзақ мерзімге салуға болатын жинақ, сақтық және басқа
да жобаларды ұсына алатындығына көз жеткізу.
2. АҚ Халық банк операцияларын талдау бойынша тәжірибелік жұмыс.
Коммерциялық банктердегі депозитті ұйымдастыру жолдарымен, депозиттік
саясатпен, депозиттер түрлерімен танысу.
3.Коммерциялық банктердегі салым операцияларының жүргізілу тәртібін,
сонымен қатар депозиттік операциялардың дамыту жолдарын қарастыру.
Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды
факторларының бірі - банктің басқа қаржылық ұстанымдармен салыстырғанда
беделді және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің
бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ депозиттердің бір түрі - арнайы
депозиттер аумағында банктің қызмет спектірін ұлғайту, өйткені осы депозит
салымшылар мүддесін қанағаттандыруда жоғары икемділікке ие.

І. ІІ- деңгейлі коммерциялық банктермен жүргізілетін салымдық операциялар
1.1 Коммерциялық банктермен жүргізілетін депозиттік операциялар түсінігі,
мәні және түрлері.
Менің ойымша депозит – бұл бір тұлға екінші тұлғаға- банке оны қолма
қол түрінде қайтару шартымен, ол бірінші талап ету бойынша немесе қандай да
бір мерзімнен кейін толығымен немесе бөліп – бөліп қайтарылуы керектігіне
қарамастан, алдын ала ескертілген үстемемен немесе онсыз, тікелій
депозитторға беретін не оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаларға берілетін
ақша.
Ал, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Мақыш Серік Биханұлының
пікірі бойынша:
Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозтттік қаражаттар;
- депозиттік емес қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды.
Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа
корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты
операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде , яғни жалпы активтердің
өте аз бәлігін алады .
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциалар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен
аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Салымдық операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Салымдық операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
- салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға
мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- салымдық операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар
субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының
үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- салымдық операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен
несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын
қамтамасыз ету қажет;
- салымдық операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының
өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше
назар аударған жөн;
- салымдық операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос каржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз
болуына талпынуы керек;
- салымдарды тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет
көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарлату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін салымдар ақша қаржыларының
басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал
ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша
қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді
пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға
табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорьндар, жергілікті органдар өз
қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің
шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта
банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға
және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға
тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.[1]
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен (принцептермен)
ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше
назар аударылуы қажет;
- депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты
қамтамассыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді
дамытуға шаралар қолдану;[2]
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге
болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категориясына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- басқа.
Салым иелерінің катигорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі
шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айрысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар , шаруашылық және
басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және
пайдаланылады.
Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе
біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі
шоттардың төмендегідіей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- Бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша мен чекпен аударымдар
жүргізуге болады;
- Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды үшін
өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде
аударымдар жасайды.
- Бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі, банктің өтімділігіне деген
талаптарды күшейте түсіреді және банктің өтімділігін басқару
кезіндегі де күшейе түседі;
- Бұл депозиттердің тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы
төмен болып келеді.
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз
төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім
бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен
пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер
мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке
қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты
жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы
алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
Меншікті мерзімді депозиттер;
Алдын алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
30 күнге дейінгі:
30 күннен 90 күнге дейінгі;
90 күннен 180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау
депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты
алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді.
Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай
да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан
реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді;
- бұл депозиттерді мерзімі өткенше трансакциялық мақсатқа жұмсауға
болмайды;
- Мұндай депозиттер шотынан қажетті уақытта, қажетті мөлшерде ақша
алуға болмайды.
Мерзімді салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат
болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір
мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат,
олар компанияға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан
кем емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа
тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін
болады. Ақшаның мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы
банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.[3]

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,
салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ
кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді:
операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына
сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен
жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдары мен басқа
салымдарды ауыстыруға мүмкіншілік бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитті ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзім болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту
талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттар тек жеке тұлғаларға ғана
ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол
мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ
салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз
төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с . с.) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік
және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк
эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі
болып келеді:
Атаулы сертификаттар;
Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің
атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-
жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып
саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттар сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі
түрі бар: Аударылатын және Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты да жеке тұлғаларға ғана беріледі.[4]
Жеке тұлғалар депозиттерінің жіктеуі:
Талап еткенге дейінгі депозиттер → шектелген мерзімдегі салымдар;
депозиттік сертификаттар; ағымдағы есеп шоттарға салынатын салымдар;
овердрафтпен ағымдағы есеп шотқа қабылданатын салымдар; Жир. Есеп шоттарына
салымдар;
Шұғыл депозиттер (сақтық салымдар) → әдеттегі сақтық есеп шоттарына (жинақ
кітапшаларындағы есеп шоттар) шұғыл салымдар→
Қаржыларды алу туралы мерзімі құлақтандырылмаған келсілмеген есеп шоттар →
қаржыны алу туралы заңды белгіленген мерзімде алуға құлақтандырылған есеп
шоттар; шартты ескерілген мерзімде қаржыны алу туралы есеп шоттар;
Қаржыны алу туралы алдын ала хабардар еткен есеп шоттар;
Шұғыл сақтық сертификаттар; мақсатты салымдар (тұрғын үй құрлысына);
арнаулы салымдар→
Инвестициялық есеп шоттарға салымдар;
Тууына байланысты демалыстар, салық салымдары;
Қаржыларды автоматты түрде аудару арқылы есеп шоттарға шұғыл
салымдар;
Талап еткенге дейінгі және шұғыл депозиттер арасындағы аралық жағдайдағы
депозиттер→ Нау есеп шотынан айналымдағы қаржыны алып қою туралы
бұрықтар; жарналық есеп шоттардан аударым векселдерін шығару;
Корпорациялардыңжәне өзге коммерциялық ұйымдар депозиттерінің жіктеуі.
Талап еткенге дейінгі депозиттер: мерзімді
шектелмеген
салымдар; депозиттік сертификат; ағымдағы есеп
шоттарға
салымдар→жалпы ағымдағы же жир е.ш. салымдар;
овердрафтпен ағымдағы е.ш. салымдар; мақсатты
бағытталған
ағымдағы е.ш. салымдар; арнайы ағымдағы е.ш.
салымдар;
контокорренттік есептің есеп шоттарына салымдар;
Депозиттер
Шұғыл салымдар: депозиттік серти-тар→басқа тұғаларға
берілмейтін салымдар; басқа тұғаларға берілетін салымдар;
Белгілі мерзімге қорға қалдырылған салымдар;қаржыларды алу
Туралы алдын ала ескертілген салымдар [5]
1. 2 Банктердің салымдарын сақтандыру , тұрақтандыру жолдары.
Салымдарды қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық
банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол
мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік
тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры
әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция,
Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға
болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде,
банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің
міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау
бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары
жетісгтеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады Салымшыларға
банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе
тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк
жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті
сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші
деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік
беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі" банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті
ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық
капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Қор кұрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның
мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі
банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын
қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең
ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк,
қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің
банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға
негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен
табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық
қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық
кепілдік беру ережесіне негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады.
Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында
және еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы)
бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері
белгіленіп, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:
2001 жылдың 1 шілдесінен:
- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
- 2001 жылдың 1 қазанынан:
- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары
міндетті түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар
келесідей көлемде:
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:
Теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден
артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге
лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз,
бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы
қайтарылады.
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер)
бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді.
Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың
теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша
төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға құқылы.
Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына
келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен
төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін
таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың
шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті
күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және
негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ
аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың
күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және
төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.
Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың
қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және
салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша
міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы
күніне 0.125 пен 0.375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13
сәуірдегі 2002 жылғы №136 ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың
салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесімен кепілденеді.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы
қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі - бүгінгі күні
Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен
қатар құралдар тізімі, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары
жүргізілуде.
Ұжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бойынша бірінші
топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын
талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы
банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық
ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.
Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткені
сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан
аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мүндай
шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттерді ұжымдық
сақтандыру жүйесінен еркін шыға алады.
Шетелдік тәжірибе елде қалыпты жұмыс істейтін банктік жүйе
қалыптасқанда ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәні бар
екенін көрсетеді.
Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да
нысандары қолданылады. Швейцария банктік ассоциациясы ассоциациясының
қатысушы-банктердің клиенттеріне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария
франкіне дейінгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге
кепілдік береді. Егер банкке қарсы күйзеліс процедурасы басталса, аталған
сома салымшыға бірден төленеді.
Францияда бір салымшыға кепілдік 400 мың француз франкін құрайды. Бұл
кезде шетел валютасындағы мерзімдік аманаттар кепілдікке жатқызылмайды.
Сонымен қатар бір банкке қатысты депозитті 200 млн франктен аспайтын жалпы
кепілдік шегі бар. Франция банктерінің ассоциациясы сақтандыру төлемі
түріндеп қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоциация
мүшелерімен Франция банктік жүйесіндегі олардың меншікті депозиттерінің
мөлшеріне үйлесімді жүргізіледі.
Германияда неміс банктерінің федералдық ассоциациясы жетекшілігіндегі
депозитті қорғау қорына кіру ерікті сипатта. Аталған қорға қабылданудың
міндетті шарты неміс коммерциялық банктерінің аудиторлық ассоциациясына
мүше болуы. Ол банктерді, яғни аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға,
кадрларды басқару біліктілігіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға
міндеттейді. Жыл ішінде корға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда
банктің сомалық міндеттемелерінің 0,03 пайызын құрайды.
Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді
сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания,
Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша
шығындарды жабу қажеттілігіне және қор көлемінің жоспарлы деңгейіне
жеткенге дейін енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер
қалыпты жылдық жарнаны төлейді.
Канада банктерінің депозиттерді сақтандыру бойынша Канада
корпорациясына төлейтін сақтандыру жарнасы банкте орналастырылған
депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың канада
долларына дейінгі көлемде сақтандыру есебінен клиенттердің барлық салымдары
өтеледі.
Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бір салымшыға
10 миллион жапон йеніне дейінгі көлемде өтеледі. Сақтандыру қорының
бастапқы жарнасы Қаржы министрлігінен, Жапон банкінен және жеке меншік
банктерден енгізілген. Банктердің қорға жарнасы басында өте төмен болған
депозит сомасының - 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон
банктік секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерілген.
Депозиттерді сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та
банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан
0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейін ал 1991 жылы - 0,15
пайызға дейін өсті. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктік салымдардың
жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиіс.
Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде?
Біріншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік болып
табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін
болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердің кепілденген
міндеттемелеріне шектеу қойылады. Мысалы, АҚШ-та депозиттерді сақтандыру
жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына дейін
сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы көлеміндегі
бірнеше шоттың иесі болуы мүмкін. Екіншіден, Депозиттерді сақтандыру
бағдарламасы мемлекеттік емес елдерде сақтандыру төлемдерінің үлкен
болуынан банктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкттің таратылған қаржылары
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Коммерциялық банктердің қызыметі
Банктің меншік капиталы
Коммерциялық банктер туралы
Пассивті операцияларды жүзеге асыру формасы
Қазақстан Республикасының депозит нарығы
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар
Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты
Пәндер