Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3
I бөлім. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде
алатын орны
1.1. Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері-------------
4
1.2. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен
принциптері------------------------ ----------------------------------- ------
----------------13
II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу
2.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін мемлекеттік реттеу------17
2.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу----------------------
---20
2.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін
өзгерту---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------23
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------25
Қолданған әдебиеттер------------------------- -------------------------------
-----------27
Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен
басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау
үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың
теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды
білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді
және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі
өте зор.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әртүрлі құзыретке тиісті нормативтік
актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал
басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өз
дерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету
міндетті болып табылады:
1- деңгей - заңның: Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;
2- деңгей - бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар
(ережелер);
3- деңгей - әдістемелік ұсыныстар (жарлыңтар), нұсқаулықтар, қысқаша
шолу, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да ведомстволардың хаттары;
4- деңгей - кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс
бабындағы құжаттары.
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заң бухгалтерлік
есептің құқықтың негіздерін және оның мазмұнын, негізгі қағидаларын,
ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есеп берудің
құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті
шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.
Есеп стандарты есеп тәртібін белгілі бір объектілерді немесе олардың
жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды.
Есеп стандарттары бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру
туралы заңды нақтыландыруға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар салалық ерекшеліктеріне байланысты есеп
стандарттарын нақтыландыруға арналған. Оларды ҚР Қаржы министрлігі және әр
түрлі ведомстволар дайындайды.
Кәсіпорынның өзінің жұмыс бабындағы құжаттары ондағы есептің
ұйымдастырылу ерекшеліктері мен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Олардың ең
негізгілері болып табылатындар:
- Есеп саясаты бойынша құжат;
- Басшы бекіткен алғашқы құжаттардың нысандары;
- Құжат айналымының кестесі;
- Басшы бекіткен бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары;
- Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары.
Көптеген ұйымдарда есеп саясаты туралы бұйрықпен ғана шектелетінін де
біз ескеруіміз керек.
Есеп саясаты - бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың
негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің
басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.
Шаруашылық әрекеттерді, активтерді, меншікті капиталды,
міндеттемелерді, қызметтің нәтижесін және т.б. бейнелеудің балама
(альтернативті) әдістерін жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп стандарттары
есеп саясатын құрудың базасы болып табылады.
Есеп саясатының құрылуы әрбір стандартта ұсынылатын бір әдісті
таңдаумен, бухгалтерлік есепті жүргізу әрі қаржылық есеп беруді ұсынудың
негіздері ретінде қабылдаумен және олардың субъектінің қызмет жағдайларынан
шыға отырып негізделуімен түсіндіріледі.
Есеп саясатын құру қаржылық есеп берудің дайындығына және ұсынылуына
әсер ететін аса маңызды және жауапты рәсім болып табылады. Есеп саясатын
құруға жауапкершілікті субъектінің басшысы өз міндетіне алады. Қалған жұмыс
бабындары құжаттар не мүлдем болмайды, не оларды басшының өзі бекітеді.
Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеуде
қабылданған нормативтік құжаттардың оңтайландырылған, әрі кәсіпорындардың
дұрыс жұмыс атқаруына кепіл болуы өте маңызды мәселе, осыған байланысты
курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті нормативтік-
құқықтық реттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттерін
анықтау;
- бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары
мен принциптерін қарастыру;
- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік
реттеу;
- бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеуді қарастыру;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін
өзгерту;
- бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемлары мен
перспективаларын анықтау.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін отандық және
шетелдік ғалымдардың еңбектері, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы,
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, әдістемелік ұсыныстар және
нұсқаулықтар құрады.
I. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын
орны
1.1 Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері.
Материалдық өндіріс процесі адам қоғамының негізі мен оның дамуы,
сондықтан адамдар тұтыну бұйымдарын және еңбек құрал-жабдықтарын жасайды.
Материалдық өндірісте жасалынған қазына байлықтар бөлінеді: жеке тұлғалар
меншігіне айналады, өндірістік тұтыну процестерінде қолданылады.
Өндіріс процесінде бөліну, айналу, тұтыну үзілмей қайталанады, олар
кеңейтілген мемлекеттік ұдайы өндіріс процесінің маңызын құрайды.
Осы процестерді басқару үшін олар туралы керекті мәліметтер алып отыру
өте қажет. Сондықтан есеп және тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрулары керек.
Табиғатта кездесетін құбылыстарды тексеру және басқару үшін жасалатын
байқау, өлшеу, жазу және топтастыруды есеп деп атайды.
Топтастыру нәтижесінен және басқа да мәліметтерден шаруашылық
сапасының жиынтық көрсеткіштері шығады.
Есептің сондай көрсеткіш жинақтары жоспармен салыстырылып, шаруашылық
қызметінің қорытындысы шығарылады.
Басшылық жүргізудегі кемшіліктерді жою үшін шаруашылық есептен
алынатын мәліметтерді қолдану керек.
Сонымен, есеп міндетті түрде шаруашылықты басқару мен басшылықта
қолданылатын механизм.
Есеп біріншіден, шаруашылық өзгерістерінің санын көрсете отырып,
олардың сапасында бейнелей сипаттайды.
Шаруашылық есеп дегеніміз – шаруашылық құбылысының сан көрсеткіші мен
сапа сипаттамасын тексеріп және оларға әсер ету үшін жасалатын тәсіл. Есеп
материалдық өндірістің қажеттілігінен шығады, ол адам қоғамының ертедегі
кезінде пайда болған. Бірақ, қоғамның өндіргіш күшіне және өндірістегі
қарым-қатынасының өзгеруіне байланысты, есептің мағынасы, мақсаты, міндеті
өзгере берген. [1, б.7]
Өндірістің қоғамдық түрінің дамуына байланысты есептің мағынасы мен
маңызы да өзгеріп отырады.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде есептің маңызы ерекше.
Оның көмегі арқылы материал, еңбек, қаржы ресурстарын ұтымды және
үнемді жұмсау жолдары көзделіп, әр мекемелермен оның салалары, бөлімдері
үнемді шаруашылық есеп орнату жолдарын қарастырып, іс жүзінде қолданып
келеді.
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдык өндіріс
процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары
жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен
өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге
басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық
қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде
пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс
процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі
шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық кәсіпорындардың күрделі
экономикалық тетігін басқару қиын.
Шаруашылық есептін алғашқы құрамы – кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің
шаруашылық кызметтерінің фактілері мен құрылыстарын бақылау болып табылады.
Бақылау дегеніміз – осы жүмыстың мақсатынан туындайтын объективтік
шындықты түсіну.
Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді
бақылай отырып біз басқаруға кажетті қаржылык экономикалық анық ақпаратқа
деген сұранысты қанағаттандыра ала-алатын олардың сапалық сипаттамасын
аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға коса шаруашылық қызметіндегі
фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын
анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір-бірімен
ажырамас бірлікте болып, бастылықты есеп обьектілері туралы қажетті
деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою
қажет. Шынайы кызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық
сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру кажеттілігі туады және осы
кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашкы ақпарат қалыптасады.
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық
қызметті басқаруға ақпараттык база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл
коғамды-экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті
ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ түрлері мен
принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар
да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен
туындайды. Ол адамзат коғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор:
бастама – тұтастың жартысы деген. Салыстырмалы түрде мұны есептің пайда
болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6-мың жыл бұрын
пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал
есептің дамуы өркениеттің, әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас
бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді
адамдардын назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп
шықты. Бухгалтерлік есеп жолындағы алғашқы баспадан шыкқан кітапты 1494
жылы атақты математик Лука Пачоли (1445-1515) жазды. Есеп пен жазбалар
туралы трактат бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері
түсіндірілді.
Есепті ұйымдастыруды 1 Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол
арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра
білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.
Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың, яғни нарықтық экономиканың
қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Ал 1494 ж. итальяндык белгілі математик, монах Лука Пачоли (1445-1517)
жазған Есептер мен жобалар туралы трактат атты бухгалтерлік есеп
жөніндегі алғашкы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда,
Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық
ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазылу тәсілі (мұның жәрдемімен
материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа кұндылықтарды
сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінін, мәнін
жоғалтқан жок.
Лука Пачолиден кейінгі көрнекті автор – Жак Савари (1622-1690). Ол
Нағыз көпес туралы жұмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және
аналитикалық деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді, мүліктік (өзіндік
құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау)
баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол
басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады. [2, б.25]
Шаруашылық есептің талаптары мен мақсаттары
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептік
туралы заңына сәйкесті есеп алдында басты талаптар, олар:
1 ЕСЕП – Кәсіпкерлермен барлық кәсіпорындарға қызметтерін бақылап
басқаруға және солар арқылы басқару шешім алуға қажетті есеп мәліметтерді
толық және шынайы көрсету.
2 ЕСЕП – ҚР заңдары талаптарының заңдық нормативтік құжаттар
фондаларын қолдануларын бақылауға мемлекеттік орындарға қажетті
мәліметтермен қамтамасыздандыру.
3 ЕСЕП – Халық шаруашылық жоспарының орындауын бақылап, тексереді,
дұрыс жолға қойып, шаруашылықты жүргізуде кездесетін қателікке жол бермеуді
қарастырып, оны іс жүзіне асырады.
4 ЕСЕП – Мемлекеттік меншікті сақтау мен бақылауды және тексеруді
жүзеге асырады.
5 ЕСЕП – Әр қызмет орындарында үнемді шаруашылық есепке көшіру, оның
нәтижесінен алынған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды күшейту жолын
басқарып, бақылау мен тексеруді жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген мақсаттарды орындау мемлекеттік есептің ең
маңызды қызметі. Осыған байланысты әр мекеме өз саласында есепке көптеген
міндеттер жүктейді, яғни әр түрлі қимыл тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі
қаржыландырумен өз шығынын тапқан пайдасы есебінен жауып, пайдалы
қорытындыға шығады.
Мемлекеттік есеп алдына қойылатын талап түрлері:
- есеп пен жоспардың көрсеткіштері бірыңғай болады. Осы екі шаруашылық
басқару механизмдерінен алынған көрсеткіштерді салыстыра отырып, маңызды
қорытынды шығарады. Содан кейін ғана әр сала өз қызмет іс орындарында
есептен алынған көрсеткішті жоспар орындау жолына қолданып отырады;
- есеп көрсетілген уақытында дайын болуы керек. Есептен алынатын
мәлімет көрсеткіштер уақытында дайын болса ғана ол қажет көрсеткіш болады.
Сонда ғана есеп өзіне жүктелген қызмет ісін атқара алады. Уақытынан кеш
қалған мәлімет еш уақытта тексеру, басқару қызметіне жараған емес. Мысалы,
тауар айналымы жоспарының орындалу мәліметі уақытында дайын болмаса, онда
есеп жоспардың қалай орындалғанын білмейді, ол жағдайда есеп қажетті шара
жасап, оның орындалуына көмек көрсете алмайды;
- есеп көрсеткіштері дәлме-дәл және ақиқат болуы тиіс.
Есеп орындалған шаруа ісін, болған оқиғаны, процестерді көрсетіп, есеп
жүргізуі қажет.
- есепте болған теріс бұрмалау мен артық жазу – мемлекеттік қылмыс,
қылмыскер заң алдында жауапқа тартылады. Есеп мамандары шыншыл адам
болулары керек;
- есепті қарапайым және түсінікті етіп жазуға өте маңызды талап
қойылады. Есеп көрсеткіштері басқару мен тексеру жолдарында басшыларға
қажет болса, онда бұл есеп қорытындысы тегіс жалпы қарапайым жұртшылықтарға
да түсінікті болулары қажет. Оларға есептің түсінікті болуын әр уақытта
қарастырып отыру керек. Барлық есептің нәтиже қорытынды көрсеткіштері
бухгалтерлік баланыста және қаржылық есеп беруде көрсетіліп отырады. [1,
б.15]
- Үнемділік. Есеп жүргізу шығындары ең аз (минимальды) болуы қажет.
Бұл талап есеп жүргізу процестерін автоматтандыру жолдарына аударуды
қарастыруды қажет етеді.
Санау техникаларын қолдану тәсілдерін оқып үйреніп, іс жүзінде көрсете
алған есеп мамандарының алдына қойылатын үлкен міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
Заңы, нарықтық экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын
бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқада жаңа
жүйелерінің негіздеріне байланысты, есептің негізгі принциптерін, қаржылық
есеп берудің мінездемелерін, жалпы ұйымдастыру ережелерін тұжырымдап берді.
Нарықтық шаруашылық есеп еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму
жолдарын іздестіруге қажетті жаңа ақпараттық үлгілермен қамтамасыз етуді
талап етеді, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық сұраныстарына деген
талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдіру үстінде болады.
Біртұтас мемлекеттік халық шаруашылығының есебі статистикалық,
оперативтік-техникалық, бухгалтерлік болып үш түрге бөлінеді.
Статистика – қоғам құбылыстарының сан жағын зерттейтін ғылым. Сан
есебін жүргізеді. Статистикалық есеп әлеуметтік өмірдің көптеген бір түрлі
салалы құбылыстары мен процестерін зерттейді, талдайды және жинақтап
қорытады.
Мысалы, өндіріс көлемін, заттың өзіндік құнын, тауар айналымының
көлемін, ауыл шаруашылық шикізаттарының дайындау көлемін, халық санағын,
өлім, туу, олардың динамикасын т.б. жағдайларды көрсетіп, зерттеп отырады.
Статистика есебі өзіне тән тәсілдерін қолдана отырып (жалпы немесе
жеке байқау, мәлімет құрастыру және топтастыру, орташа сандар, индекстер,
динамикалық қатарлар т.б.) өлшеуіштің үш түрлерінде пайдаланады.
Статистикалық есеп басқа шаруашылық есеп түрлерінің де шаруашылық
мәлімет көрсеткіштерін де өзіне пайдаланады.
Оперативті-техникалық есеп – шапшаң, тез, қолма-қол басшылық жасауға
қолданылатын шаруашылық есеп түрі. Бұл есепте қолданылатын мәліметтер
шаруашылық жұмыс қызметінің бөлімшелерінде жинақталынып, дайындалады да,
өте қажет көрсеткіштер дайын түрінде, басшылық қызметінде қолданылуға
беріледі. Ол шапшаң іс жүзінде қолданылып, қолма-қол тексеру, басқару
жұмыстарын жүргізеді. Бұл есептің басқа есеп түрлеріне қарағанда өзгешелігі
болып табылады.
Оперативті-техникалық есептің артықшылығымен қатар кемшілігі де
кездеседі. Алынған мәліметтің нақты болмауы мүмкін, құжат жүзінде
көрсетілмейді (телефон арқылы, ауызша тауар айналымының көлемі, дайындық
жоспарының орындалу шамасы, жұмысқа шығу жағын тексеру). Оперативті-
техникалық есеп міндеттемелері бір мекеме мен оның бөлімдері ішінде және
жоғары тұрған мекемелер ішінде де қолданылып басшылық, тексеру жұмыстарында
қолдана беріледі.
Бұл есеп түрінде өлшеуіштің үш түрі де қолданылады. Бұл есептің
мәліметін статистикалық-бухгалтерлік есепте де қолдануға болады.
Бухгалтерлік есеп – үзіліссіз және бір-біріне байланысқан байқау мен
бақылау жүйесі. Мекемелер мен олардың бөлімдерінің және мекемелеріндегі
шаруашылық қызмет істерін күнделікті және қорытынды жинақты мәліметтер
береді.
Мысалы, әртүрлі түсті материалдар, бұйымдар, ақша қаржыларының
көлемдері, басқа мекемелермен есеп айырылысу жағдайларын, жалпы
дайындықтардың жиынтығын, өндіріс және сату көлемдерін, шаруашылықтың
қорытынды нәтижесін, барлық ресурстардың көлемін, пайда мен шығын
көлемдерін шаруа қызмет ісінің рентабельдік деңгейінде мәліметтер арқылы
есептеп көрсетіп отырады. [3, б.47]
Бухгалтерлік есепте барлық өлшеуіштердің натуралдық, еңбектік, ақшалық
түрлері қолданылады. Бірақ та, бухгалтерлік есепте ақшалық өлшеуіш, өте
маңызды орын алады. Сол арқылы бухгалтерлік есепте барлық көрсеткіштер
бүкіл шаруашылықтың қаржысы мен құрал жабдықтары және сонымен қатар
шаруашылық процестері есепке алынып көрсетіліп отырылады. Бақылау, тексеру
жұмыстары әр мекемеде, оның бөлімдерінде болып жатқан құрал-жабдықтар
қозғалысын көрсетеді. Бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері:
1. Жаппай (тұтас) барлық шаруашылық операцияларын есеппен қамтып
көрсету;
2. Әр шаруашылық операциялары бухгалтерлік есебінде құжатталып барып
есепке алынады. Барлық шаруашылық операцияларының мәліметтері құжатталып
заңдастырылғандықтан бухгалтерлік есеп көрсеткіштері дәлме-дәл болуына
мүмкіншілік туады;
3. Бухгалтерлік есепке тән ғана тәсілдер мен методолгиялық тәжірибелер
қолданылады. Барлық тәсілдер жүйелері бухгалтерлік есептің үзілмеген өз
араларында байланысты шаруашылық көрсеткіштерін есептеп көрсетуіне жол
береді.
Шаруашылық қызметтің бүкіл бөліктерінің серпімді өзара байланыстағы
ауқымдарын көрсете алатын тек қана бухгалтерлік есеп. Өйткені, іс қызметті
құрайтын алуан түрлі фактілердің кез келгені бірден немесе біршама уақыттан
кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақта міндетті түрде кәсіпорынның
қаржылық ресурстарына белгі береді. Яғни, оның жалпы ауқымын өзгертеді
немесе оның шынайы ұйымдастыру үлгісін, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы
ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын жұмыстарының (іс қызмет
әрекеттерінің) жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады.
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз – экономиканы, пайданы бақылап
және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды
тұтастай үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол:
бухгалтерлік есеп принциптері; қаржылық; басқарушылық (өндірістік);
салықтық есеп болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп принциптері – бухгалтерлік есеп жүйесін
ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негіздері.
Қаржылық есеп – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке
келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.
Қаржылық есеп арқылы іс қызмет атқарушы кәсіпорындардың мүлкі мен
міндеттемелері туралы ақпараттар топтастырылды (қысқа мерзімді активтер:
ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, қысқа мерзімді
дебиторлық берешек, қорлар т.с.; ұзақ мрзімді активтер: қысқа мерзімді
қаржы міндеттемелері, салықтар бойынша міндеттемелер т.с.; капитал мен
резервтер; кірістер, шығыстар)
Қаржылық есеп деректерін іс қызмет атқарушы кәсіпорындардың ішінде әр
түрлі деңгейдегі басшылар басқару шешім қабылдауда және қазіргі немесе
болашақтағы ішкі, сыртқы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және
қаржы қолданылады, солар арқылы басқару шешімге келеді.
Басқару (өндірістік) есеп – өнімнің (жұмыстар мен көмектердің) нақты
өзіндік құны туралы деректер жинастырып өңдейді. Бұл есеп ақпараты
кәсіпорынның коммерциялық құпиясы, сондықтан ол ақпарат тек тиісті басшы
адамдар өз ішінде ғана пайдалануларына арналады.
Өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындар туралы неғұрлым тиімді де
жедел ақпарат жинастыру жолында кәсіпорын өзінің дербес бухгалтерлік есеп
жүйесін құрады.
Салықтық есеп – салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, жинақтайды.
Салықтық сеепте жинақталып тіркелетін ақпарат бухгалтерлік және жедел
(оперативтік) есептерден алынады.
Бухгалтерлік есептің басқару (өндірістік), қаржылық, салықтық болып
бөлінуі, нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшілігі
болып табылады. Бірақта ол кәсіпорында міндетті түрде өндірістік, әрі жеке
қаржылық бухгалтерия құру керек дегенді білдірмейді. Алайда, маңыздысы
ақпарат қандай мақсатқа, кім үшін жинақталады.
Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және
органикалық өзара байланысы мынада: экономикалық фактілерді ахуалдың
бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне
ортақ құжаттар пайдаланылады; екінші фазада есептің осы түрлері арқылы
экономикалық көрсетікіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай-
ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістмелік
принциптер жүйесіне келтіріледі.
Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір-бірімен тығыз сабақтас.
Оперативті есеп арқылы жинақталған деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге
енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады;
оперативтік есептің дұрыстығын бухгалтерлік есеп жүйелері арқылы мезгіл
бақылау тәсілдері жасалады; оперативтік және бухгалтерлік есеп жұмыстары
кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге
түседі.
Кез келген басқару жүйесі – мейлі ол әкімшілік немесе нарыктық жүйе
болсын, бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мүқтаж болады. Ақпаратты
жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі –бухгалтерлік
есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі
қызмет атқарады, сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда
бухгалтерлік жүйе де өзгереді. [4, б.56]
Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады.
Ол мынадай жағдайларға бойланысты.
- нарықтық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлеттік
меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған
шаруашылық қызмет кәсіпорынының шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі;
- шаруашылықпен айналысушы кәсіпорын өзін жоғары қаржы нәтижелерімен
қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол
нарық конъюктурасын зерттейді, өз кызметін өзінше дербес
жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше
кояды және т.б.;
- шаруашылық жүргізуші кәсіпорын нарық жағдайында коммерциялық
банктердің несиелік ресурстары үшін, сондай-ақ басқа да пайдалы
инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске
түседі. Соның нәтижесінде шаруашылық жүргізуші кәсіпорын да басқарушылық
шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы
ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, кәсіпорын өзіне
каржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше акпарат беруге
міндетті;
- нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны
туралы мемлекет алдында есеп беру кажеттігі сақталады.
Нарықтык экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші
кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік
есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, кәсіпорындардың қаржы-
шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есеп шоттарының жоспарында
бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазаксатан
Республикасының Бухгалтерлік есеп және қардылық есептік, Салық және
бюджетке міндетті түрде басқа да төлемдер туралы заңдарына сәйкес басылып
шығарылды. Сондай-ақ Қазакстан Республикасының бухгалтерлік есеп және аудит
жөніндегі Департаменттің нұскаулары, ережелері, ұсыныстары бойынша мынадай
түтынушыларды кажетті қаржылык ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептесу мен
есеп беру жүйесін жасау керек:
- капитал қоса алатын инвесторлар (сыртқы және ішкі),
оларды құнды кағаздарға салып және еншілес серіктестерді (тәуелді) бірлесе
бақылау жасайтын занды тұлғаларды инвесторлау;
- несие берушілер, несие бола ма және олар тиесілі проценттерін
уақытылы төлей ме, осыларды анықтау үшін;
- кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі туралы, әсіресе ұзақ мерзімді
келісімшарт немесе тәуелді жағдайда ақпаратқа мүдделі сатып алушылар;
- өздеріне жұмыс берушілердің тұрақтылығы мен рентабельділігі,
субъектінің жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ете алатын қабілеті немесе
жалдамалы жұмыс тауып беру мүмкіндігі туралы ақпаратқа мүдделі жұмысшылар
мен қызметшілер;
- ресурстарды бөлу туралы, демек кәсіпорынның қызметі
туралы ақпаратқа мүдделі мемлекет және т.б.
Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашкы деректер
бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қорытындыланатыны соншалық, қаржылық
ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі
немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген акпараттық көрсеткіштер
қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңкы
деректер шаруашылық қызметінің жинакталған көрінісін, оның нәтижесін
сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық
көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер
туралы деректерді көрсетудің, қорытындылаудың және салыстыра өлшеудін
нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық
процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық акпарат жүйесі нормативтік,
жоспарлық, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік
есеп ақпарат кашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны
жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз – деректерді
жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар
өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.
Ақпарат деген ұғымды Дерек дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың
арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.
Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық
процестері көптеген шаруашылық операциялар түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы – бір белгілі уақыт пен кезеңдікте өтетін
процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалатын жері
болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш-қуат
жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа.
Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады.
Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс
табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қорытындылай
келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің
үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйіседі. Нақты шаруашылық процестеріне
жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаурашылық фактілері
сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық
ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс
табады. [5, б.28]
Шаруашылық операцияларының орындалуын белгі бір шаруашылық
ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық
операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады.
Солай бола тұрса да шаруашылық операцяилары мен фактілерінің өздерін
бухгалтерлік есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz