Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3
І. Дана ойшыл – Омар Хаям
6
1.1. Омар Хаямның өмірі
6
1.2. Омар Хаямның тағандары
9
ІІ. Омар Хаям еңбектері мен шығармашылығына шолу
11
2.1. Омар Хаям еңбектері мен шығармашылығы
11
2.2. Омар Хаям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
15
Қорытынды
20
Әдебиеттер тізімі
22
Қосымша

КІРІСПЕ

                                    Дүниенің саф
асылы, сарасы – біз,
                                        Мақсаты, майса
гүлі, санасы – біз.
                                                Бұл жаһан
дөп-дөңгелек жүзік болса,
                                                 Жауһардай
жанған соның шарасы – біз.
         Біздің заманымыз бен ол тіршілік еткен кездің арасында жүздеген
жылдар жатыр. Бірақ Омар Хайям ұмыт болды ма? Оны кім білмейді? Оның уытты,
жалынды рубаиына ерімейтін жүрек бар ма? Омар Хайямды бүкіл әлем біледі.
Омар Хаям – тәжік және парсы халықтарының орта ғасырларда өмір сүрген
ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Оның ғылыми зерттеулері
математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді, философиялық еңбектері
кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері поэзияның жаңа түрін
қалыптастырды.
         Омар Хайям туралы айтылған да жазылған да сөздер көп. Бірақ оның
әлемге атының кең тарауы ХІХ ғасырда ғана мүмкін болды. Хайям зерттеушілер
осы жайға орай мынандай деректер келтіреді.
1859 жылы ағылшын әдебиетшісі Эдвард Фитцджеральд өз ақшасына Омар
Хайямның рубаяттары деген жұқа кітапша шығарады. Ол оған дейін Хафиз,
Низами, Аттар, Руми және Жәмидің шығармаларын түп-нұсқадан оқыған
болатын.  Сондықтан да Фитцджеральдтың енді Омар Хайямға көңіл бөлуі орынды
іс.
Бірақ  Омар Хайямның рубаяттары ағылшынның белгілі баспагері әрі
кітап саудагері Бернарды Кворичтің дүкенінде екі жыл жатып қалды.
Рубаяттарға ешкім көңіл бөлмеді. Эдвард кітаптың өтпесіне әбден көзі жетті.
Бірақ бір күні кітап қолма-қол таралып кетті, ол небәрі 250 дана еді.
Осыдан бастап Хайямға сұраныс тек Англия емес, Европаның өзге елдерінде,
Америкада, Шығыста көп болды. Фитцджеральд көзі тірісінде үш рет басып
шығарды, бесінші басылым ол өлген соң жарық көрді. Одан кейін Омар
Хайямның рубаяттары тек 1926 жылға дейін 139 рет қайтадан басылды.
         Орыс тілінде Омар Хайям тұңғыш рет 1891 жылы Европа Вестнигінде
ақын В. Л. Величконың аудармасында жарық көрді. Ол Хайямның 52 рубаятын
орысшаға аударды. 1910 жылы орыс ақыны Н. Д. Бальмонт Омар Хайямның он бір
рубаятын аударды. Жалпы Омар Хайямды аударушылар саны қырық шақты. Олардың
ішінде мамандар Д. Державин мен Г. Плисецкийдің аудармаларын мойындайды.
         Сонда Омар Хайям деген кім, неліктен ол әлемдегі ең озық ақынның
бірі болып саналады, оның көзқарасын қалай ұғынуға болады. Осы мәселелер
төңірегінде біраз ой қозғалық.
Тақырыптың өзектілігі: Омар Хайям - тəжiк жəне парсы халықтарының
Орта ғасырларда өмiр сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны.
Сол кездегi, оның ғылыми зерттеулерi математика мен астрономияны жаңа
сатыға көтердi. Философиялық еңбектерi кейiнгi ұрпақтардың ой өрiсiн
кеңейттi. Ал, өлеңдерi поэзияның жаңа түрiн қалыптастырды.
Омар Хайям өз тақырыбына байланысты Аристотельдің, Фарабидің,
Птоломейдің, Евклидтің, Архимедтің, Аполлонидің, Геронның, Хорезмидің,
Жауһаридің және тағы басқалардың еңбектерін саралап, кемшіліктерін тауып,
өз пікірін айтып отырған.
Біз, яғни қазақ тілді оқырмандар Омар Хайям рубаиларын ақын Қуандық
Шаңғытбаевтың тәржімасы арқылы танып өстік. Обалы не керек, шығыс шайырын
Шаңғытбаев орыс тілінен қазақшаға мөлдіретіп-ақ аударған. Десек те, Хайям
өлеңдері бізге түпнұсқадан емес, өзге тілден, оның ішінде өзге дінді ел
арқылы жеткенiн ескеруге тиiспiз.
Зерттеудің мақсаттары: тәжік және парсы халықтарының ұлы кемеңгері
Омар Хайям өмірі және оның еңбектері мен шығармашылығының қазақ тіліне
аударылуы туралы баяндау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Омар Хайям өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу.
2. Омар Хайямның тағандарын сипаттау.
3. Омар Хайямның шығармашылығының өзіндік ерекшелігі.
4. Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы.
Зерттеудің нысаны: Омар Хаям еңбектері мен шығармашылығы.
Зерттеудің дереккөздері: : Омар Хаям шығармашылығы және оның өзіндік
ерекшелігі зерттеуші зерттеушілер мен ғалымдар еңбектері, тарихи
мәліметтер, архив материалдары. Омар Хайям шығармашылығын зерттеуші
ғалымдар мен әдебиеттанушылар І.Шаңғытбаев, Ө.Күмісбаев, ғалым
М. Ысқақов т.б. зерттеулерінде айқындалған.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:    Қазақстанда да Омар Хайям
шығармашылығына деген сұраныс күннен-күнге көбеюде және оның
шығармашылығына қызықпайтын адам жоқ деуге де болады. Әдебиеттің,
мәдениеттің, түркі әлемінің, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар бағалайтын
үлкен шаралардың төрінде жүретін, қай кезде, қандай жағдай болмасын, өзінің
үлкен адамгершілік мінезімен, аппақ шыңдай төбешік болған кемеңгер Омар
Хайям шығармашылығымен қазіргі таңда тереңірек танысу, оқушыларды ақын
шығармаларын оқуға тәрбиелеу маңызды тәрбие құралы болып табылады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмысының барысында сипаттама, салыстыру,
лексика-семантикалық талдау, этимологиялық түсіндіру, талдау тәсілдері
пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Омар Хаям шығармашылығы
мен ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді,
философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері
поэзияның жаңа түрін қалыптастырды. Жалпы алғанда, Омар Хайям шығармашылығы
қазақ әдебиеті тарихына қосымша материал болып табылады. Өйткені, оның
шығармашылығы қазақ әдебиетінің үлгілеріне ұқсас келеді. Сонымен қатар,
жалпы халық өмірі мен адамгершілік ұстанымдарға негізделген. Сондықтан,
оқушыларға тәлім-тәрбие беруде Омар Хайям шығармашылығы үлкен рөл атқарады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Дана ойшыл – Омар Хаям

1.1. Омар Хаямның өмірі
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы , ақын, философы (толық аты —
Абуль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур
қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған.
Ақынның толық аты Гийас ад-Дин Абу-л-Хатх Омар ибн Ибрахим Хайям.
Ғалым Омар парсыша Хайям деп, арабша әл-Хайями деп аталып кеткен. Хейям -
араб тілінде шатыр тоқушы деген сөз. Оның әке-шешесі шатыр-палатка тоқып,
керуендерге сатып кәсіп еткен болуы керек. Хайямның нақтылы аты-жөні –
Ғиясэддин Әбілфатих Омар ибн Ибраһим ән-Нишапури, Нишапури – Омардың
ныспысы, туған жерінің аты.
Ол шамамен 1048 жылы Нишапур қаласында дүниеге келген кезінде, яғни ХІ
ғасырда Иранның шығысында орналасқан Нишапур ел аузына ілінген шаһар
болатын. Мұнда бай кітапхана, жоғары және орта білім беретін медресесі
болыпты.
Омардың балалық шағы осы қалада өткен, оның әкесі Ибраһим лашық үй
жасаумен шұғылданған, Хайям – осы кәсіпке байланысты туған атау. Омар
алғашқы білімді медреседен алып, әрі қарай Балхы Самарқандта білім алған.
Оның негізгі ұстазы Нишапурдың белгілі ғалымы Насыреддин шайх Мұхаммед
Мансур (1104 жылы өлген) деп есептеледі. Дарынды Хайям өз бетімен оқып та
көп білім алады.
Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып
өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс
атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы
күнтізбеге өзгерістер енгізген.
Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика,
физика, строномия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған,
араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқан, Мерв, Исфаған, Рей
тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
         Омар Хайям – жасынан тынығу дегенді білмеген жан, оны әркез
математика мәселелері толғандырды. Дегенмен ол поэтикалық ізденістері
кезінде демалды десек қателеспеспіз. Бірақ бұның да еңбек етудің бір түрі
екенін есте ұстағанымыз жөн...
  Жас шағында Омар Хайям Бұхара мен Самарқанда тұрды. Жиырма жетісінде
алыстағы Исфахандағылардың көзіне шалынды. Мәлік-шахтың бас уәзірі Низам әл-
Мүлік жас ғалымды Исфаханға шақырды. Осы жерде Омар Хайям қырық жылдан
астам ғұмырын өткізді.
         Исфаханда Омар Хайям арнайы философиямен шұғылданады. Ол, әсіресе,
Ибн-Сина еңбектерін мұқият зерттейді. Осы кезде арабтың ақыны әрі философы
Абу-л-Ала әл-Маарри еңбектерімен танысады.
Хайямның өмір сүрген дәуірі ел тағдырында елеулі із қалдырған
уақиғаларға толы. Бұл кезде Иран мен Орта Азияда ислам діні орнығып,
қалаларда мешіттер салынып, араб тілі халықаралық ғылыми тілге айналған
еді. Иран мен Орта Азия жерінің көпшілігі Ғанза сұлтандары билейтін. Ғанза
– қазақтың Қобыланды батыр дастанында айтылатын Қазан қаласы.
Алайда ғанзалықтардың дәурені шолақ болды, олар сәджүктердің шоқтарына
кездесті. ХІ ғ-дың І-ші жартысында Түркменстан жерінен шыққан сәлжүк
түріктері Ғанза хандығын талқан етті. 1040 жылы Данданақан түбінде болған
шайқаста Масғұт сұлтан әбден жеңіліп, жерінің көпшілігінен айырылып қалды.
Солтүстік Иран мен Орта Азияның негізгі облыстары сәлжүктерге қарады.
Сәлжүктер мұнымен тоқтамады, шапқыншылықты үдете берді. Тынымсыз соғыстар,
шамадан тыс салықтар, шариғат ережелері халықтың тұрмысын нашарлатты.
Ғалымдардың да төбесіне қамшы ойнады. Бұл жөнінде Омар Хайям былай деді:
Біз ғалымдардың қырғынға ұшырауының куәсі болдық, олардан тек ауыр
азапқа шыдаған бірен-сарандары ғана қалды. Бұл тірі қалған ғалымдарға
түгелінен беріліп, өз ғылымын жетілдіруге және тереңдетуге қатыгез тағдыр
мүмкіндік бермеді. Осы күні ғалым түрінде жүргендердің көпшілігі болар-
болмас білгендерін зұлымдық мақсаттарға ғана пайдаланып, алдамшылық пен
екіжүзділіктің шеңберінде қалқып жүр, шындыққа өтірікті кигізіп жүр.
Омар Хайямның ғалым ретінде қалыптасуына Орта Азия ғылымы мен
мәдениетінің алыптары – Хорезмидің, Фарабидің, Бирунидің, ибн Синаның,
Рудакидің, Фердаусидің, Қысыраудың және т.б. басқалардың еңбектері зор әсер
етті. Хайям солардың дәстүрлерін дамытып, ілгері бастырды. Ол әділеттілік
пен адамгершілікті жақтады, шариғат ережелерін сықақ етіп, ақыл мен білімге
жүгінді, бұқара халық жағында болды. Соның арқасында оның даңқы бүкіл Шығыс
еліне жайылды.
Сәлжүк сұлтандары ғылымнан хабарсыз, кейбіреулері тіпті сауатсыз
болатын. Сондықтан ірі ғалымдардың кеңесін алуға, оларды сарай маңында
ұстауға мәжбүр болған. Осындай бір жағдай Хайямға да кездесті, ол 1074 жылы
Мәлікшаһтың сарайына шақыртылады.
Қызметке алынып, сәлжүктердің астанасы Исфаған қаласында салынған
астрономиялық обсерваторияның жетекшісі болып тағайындалады. Хайям 17 жыл
бойы обсерваторияны басқарып, астрономиялық зерттеулерді жүргізді.
Бұлардың нәтижелерін Мәлікшаһтың астрономиялық таблицалары деген атпен
жариялады. Омар Хайям сәлжүктер календарын жасады.
1092 жылы қазанда бақталас уәзірлер әл-Мүлікті өлтірді, бір айдан
кейін Мәлікшаһ өлді. Сұлтан сарайын реакцияшыл уәзірлер мен молдалар билеп
алды. Олар Хайямды жәбірлей бастайды, дінсіз деп айыптап, жазаламақшы
болады. Ақыры Хайям Меккеге қажыға кетіп жан сақтайды.
Хайям қайтып келгеннен кейін (бұл кезде обсерватория жабылып қалды)
сарай қызметін тастап, өмірінің ақырына дейін туған жері Нишапурда тұрады.
1123 жыл шамасында қайтыс болып, сонда жерленеді.
Көзі тірісінде Омар Хайямды ақын ретінде мойындамаған. Оны Шығыс пен
Батыс философтарының патшасы, Хорасан имамы, хакім деп мадақтаған. Тағдыр
жазуы деген сол, ол бүгінде күллі адамзат үшін ақын болып танылды.

1.2. Омар Хаямның тағандары

Омар Хайям аса дарынды ақын болған. Бірақ ол әдеби еңбекті негізгі
кәсіп етпеген, Фердауси мен Сағди сияқты кесек шығармалар жазбаған. Анда-
санда көңілі келгенде қағаз қиқымына, кітаптың шеткі алаптарына ұсақ
өлеңдер жазып отырған.
Хайям өлеңдері – 4 жолмен шумақталып отырады, 3-ші жолы дара шығып,
бірінші, екінші және төртінші жолдары ұйқасып келеді. Мұндай өлең рубиға
деп аталады. Еуропа тілінде - рубай, рубаят дейді. Рубай – мазмұны бай,
сөзі аз, тілі көркем, лирикалық өлең.
Омар Хайям барша әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін
парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176 ж) ғалым Байхаки
еді.
Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен
обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық
парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды.
Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол
әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық
ойларын батыл айта білді.
Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды.
Мысалы, құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен
әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған
жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде
бейнеледі.
Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой
тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін
парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. Омар Һайям
өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды
үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді.
19 ғасырда Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859).
Бұл аударманы ғалым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей
ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп
жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.).
Омар Хайям рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965
жылы жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты
жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар Омар Һайям өлеңдерін аударды
(2004). Омар Хайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан.
Омар Хайям есімі аталғанда бірден оның рубаяттары еске түседі. Ол осы
рубаяттар арқылы бізге мәлім ғана болып қоймай, ойға салып отыр. Өлеңнің
төрт жолында айтылатын ойдың кеңістігі адасды таң-тамаша етеді. Өлеңнің
ойлылығы дегенде Омар Хайяммен қатар қоятын авторлар өте аз.
Имам Шығыс пен Батыс философтарының патшасы Абу-л-Хатх Омар ибн
Ибрахим Хайямнан алла тағаланың әлем мен адамды жаратудағы құдіреттілігін
түсіндіруді және дұғалардың қажеттілігіне қалай қарйтындығын сұрады. Бұл
хат атақты ғалым, ислам идеологы Омар Хайямның исламға қарсы айтылған
сөздерінің кең таралуынан туындалып отыр.
Бұл хаттың мақсаты Омар Хайямды исламның маңызды діни міндеттерін
мойындату болды. Жауап трактатында өзін Ибн-Синаның шәкірті деп жариялап,
өз ойларын Аристотель дүниетанымын ұстанған философ ретінде түсіндірді. Бұл
еңбекте алла тағалаға алғашқы себеп, ол болмыс өзгешелігі заңы, құдай
өмірінен тыс деген идея айтылған.
Бұл әлемде алла тағаланың бар екендігін мойындай отырып, табиғаттағы
тізбектелген нақты өзгерістердің бәрі алла тағаланың құдіреттілігімен емес,
табиғат заңдылықтарымен түсіндіріледі деді. Әрине, Омар Хайям пікірі мен
ортодоксиялық мұсылмандық қағидалары сәйкес келе бермейді. Сол себепті
кезінде Омардың мұсылмандығына шүбә келтірушілер де болған.
Бірде Омар Хайямнан  Сен мұсылмансың ба? Сен аллаға сенесің бе? деп
сұрағанда, ол Жартылай мұсылманмын, яғни жартылай құдайдан безген деп
есептей беруіңе болады, жартылай... деп жауап берген. 
ІІ. Омар Хаям еңбектері мен шығармашылығына шолу

2.1. Омар Хаям еңбектері мен шығармашылығы
         
Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген
ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Сол кездегі, оның ғылыми
зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық
еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның
жаңа түрін қалыптастырды.
Омар Хайям 50 шақты кітап жазған, олардың көпшілігі бізге жетпеген.
Замандастарының айтуы бойынша, Хайямның тұңғыш еңбегі – Арифметиканың қиын
мәселелері, онда сандардан кез-келген бүтін оң дәрежелі түбірлер шығару
жолдары көрсетілген. Мұндай түбірлерді шығару үшін Ньютон биноминының
ережесін білу керек. Демек, Хайям бином теоремасын Ньютоннан бұрын тапқан.
Бұл кітаптың нұсқасы сақталмаған.
1080 жылы Омар Хайям алғашқы философиялық еңбегін жазды. Болмыс және
болуға тиісті істер туралы трактат. Бұл кітап Иранның оңтүстік
провинцияларының бірінің имамы әрі уәзір Фарстың хатына жауап ретінде
жазылған екен. Омар Хайям Ибн-Сина сияқты философиялық жүйе жасамаған.
Бүгінгі күнге Омар Хайямның бес философиялық шығармалары жеткен, олар:
1. Болмыс және болатын істер туралы трактат.
2. Үш сұраққа жауап: мәңгілік және детерменизм, әлемдегі қайшылықтың
қажеттілігі.
3. Жалпы ғылымның пәні туралы ақыл жорығы.
4. Ғұмыр туралы трактат.
5. Қажетті кітап (бар нәрселер хақында).
Бұлар өте қысқа, кейбіреулері бірнеше беттен ғана тұрады.
Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі
ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық
көзқарастарын қолдаған. 
Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол:
1. “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080):
2. “Үш сауалға жауап”;
3. “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”;
4. “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91);
5. “Наурызнама” (1095 – 98);
6. “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б.
философиялық еңбектер жазды.
Хайямның математикадан жазған 2 ірі еңбегі белгілі. Олар:
1. Алгебра мен әлмүкбәла есептерінің дәлелдемелері туралы.
2. Евклид кітабындағы қиын постулаттарға түсіндірмелер.
Алдыңғысында алгебра, соңғысында геометрия мәселелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері жайлы
Омар Хайямның ағартушылық ойлары
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері туралы
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері (1040-1123)
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Пәндер