Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3
Кіріспе. . . 3: І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
Кіріспе. . . 3: 1. 1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері . . . 5
Кіріспе. . . 3: 1. 2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары. 12
Кіріспе. . . 3:

1. 3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері. . 15

ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.

2. 1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау . . . 22

2. 2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы. . 26

2. 3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі. . …31

ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.

3. 1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары. 33

3. 2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру… . . . 37

Қорытынды. . 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 41

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардын, қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, болу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатьш материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлтгық шаруашылыктың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы,

Курстық жұмысымның мақсаты - Коммерциялық кәсіпорын қаржысының негізгі көзі ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын жүзеге асыру барысында материалдық әрi стратегиялық жоспарын талдауы қарастырылған.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.

Менің курстық жұмысымның тақырыбымның аты «Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы» деп аталады. Курстық жұмысымда негізге алған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы мәлімет берілген. Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде - Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ

1. 1. Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері

Коммерциялык кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, каржыландырудың сыртқы кездерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (каржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шаруашылық қызмстінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау) ;

жоспарлылык, ;

меншіктің барлық нысандарының тендігі;

қаржы резервтерінің болуы.

1. Коммерциялық (шаруашылык) есеп -- кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетгі негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығыңдарын шаруашылық қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын жәнс қызмет сфераларын талдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.

Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі өтеушілік -- шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі - залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық тендігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету - кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы колдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жүмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

  1. кесте. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Материалдық: Материалдық
Материалдық емес(өндірістік емес):

Материалдық емес

(өндірістік емес)

Материалдық: Тауарлар, жұмыстар
Материалдық емес(өндірістік емес): Қызметтер
Материалдық: Коммерциялық
Материалдық: Коммерциялық емес
Материалдық: Мемлекеттік меншік
Материалдық: Жеке меншік
Материалдық: Қоғамдық ұйымдардың меншігі
Материалдық: Шетелдік субъектілердің меншігі
Материалдық: Аралас
Материалдық: Шаруашылық серіктестіктер
Материалдық емес(өндірістік емес): Мемлекеттік
Кооперативтік
Қоғамдық ұйымдар
Өндірістік емес сфераның ұйымдары мен мекемелері
Материалдық: Шаруашылық жүргізу құқығындағы
Материалдық емес(өндірістік емес): Жедел басқару құқығындағы
Материалдық:

Толық серіктестік

Материалдық емес(өндірістік емес):

Жауапкершілігі бар серіктестіктер

Акционерлік қоғам

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі

Сенім серіктестігі

Материалдық:

Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талантар мен міндеттемелерді кәсіпорьнның уақытында қанағаттандыруға төлсм қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесс таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.

Өзін-өзі қаржыландыру - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуінс негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарыи меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебіиен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және үзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайыңда өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық қаржы көздсрі өзінің маңызын жоғалтты жәнс олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруга, конверсияға қолданылады.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестыігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекст тарапыпан реттеу бюджетке салық алудың, амортизацшшық қорды қалыптастырудьщ, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығьндарды өзіндік қүнға жатқызудың және т. т. с. жүйесі мен тәртібін бслгілеу ақылы жүзегс асырылады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімсн анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен жәнс кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтык экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің. жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл - маңызды алғышарт жәнс қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген жәнс мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардын, ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек акы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салык, саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан нсгізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мөдени мақсатгарға жүмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілікк пен мүдделік - бір процестің - шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның - экономиканың негізгі буыны - кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен коммердиялық есептің өзара байланысы көрінеді. 2. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларга жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатылын біддіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарына (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжалды кызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау колданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, эксраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

  1. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары - мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарыдың, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
  2. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті - басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резеретерінің (резервтік капитал, тәуексл қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметінде қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеумсттік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды - экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағүрлым өміршең болып келеді.

1. 2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардаға акша қаражаттары үнемі козғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жүмыс істеді. 2009 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталаңдыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мсн резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.

Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетсді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққаңдағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғүрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, түтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндсу қорлары. Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары қүрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақурылымды дамытуга қатысудың үлестік қоры және басқалары.

Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе қүрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капитадды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлскетгік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды) - өндіріс процесінің натуралдық-заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.

Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражатгардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды - тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:

  • бүкіл қызметкердің (өндірістік жәнс өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
  • ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
  • еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
  • материалдық көмек:
  • еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
  • қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивиденттср, пайыздар) ;
  • оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзғеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы (үлестік жарнасы) есебінен (жабық үлестегі қоғамдар үшін) немесе жарналарды құрылтайшылар мен шақырылғандардың акцияларына айырбастау жолымен (ашық үлгідегі қоғам үшін) құрылады.

1. 3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері

Кәсіпорындарда өңдірістік кұрал-жабдықтар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек кұралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнаулы мақсатты ақша қорлары күрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) ауыспалы айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттық элементтерін - еңбск құралдары мен енбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек қүралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады. Негізгі және айналым өндірістік капиталдарының толық айналымының сипаты ажыратылады.

Негізгі құрал-жабдықтар - қызмет көрсету мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер. Коммерциялык ұйымдар мен кәсіпорындарға негізгі құрал-жабдықтардың түсуінің негізгі әдістері:

ұзақ мерзімді инвестициялар жолымен негізгі капиталдарды сатып алу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Фирмалар мен фирма қаржысы
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Коммерциялық шаруашылық
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Айналым қаржысы және оның қалыптасу көздері
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz