Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 XIX ғасырдың екінші жартысы мен xxғасырдың басындағы жалпы
Ресейдегі капитализмнің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
-5
1.2 Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық
саясат ... ... ... ... .6-8
1.3 XIX ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдағы өңдейтің
өнеркәсібтердің пайда болуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 8-10
1.4 1917-1940жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы ... ... ...10-
15
1.5 Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі сауданың түрлері мен сипаты және
сауда буржуазиясының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 18-
21
1.6 Мал, егін шаруашылығының өнімдер
саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... .21-23
1.7 Сауда айналымында қолданған ақша және салық
түрлері ... ... ... ...23-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24-25
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26
КІРІСПЕ
Мақасаты:
Міндеті: Қазақ қоғамының капиталистік жағдайға бейімделуіндегі сауда-
саттық, қаржы-несиелік, өнеркәсіптік қарым-қатынастардың алатын орны мен
рөлі.
Қазақстан соңғы үш жүз жылдықта алдымен Ресейдің, содан кейін Кеңес
Одағының құрамында болған өзіне тән өзгешелігі бар ел. Евразиялық
кеңістікте үлкен территорияны алып жатқан бұл елдің отарлық езгіде болуы,
әкімшілік жүйеде феодалдық қатынастардың рулық қалдықтарымен ұштасуы,
көшпелі өмір салты экономикалық, мәдени дамуында, халықтың менталитетінде
үлкен із қалдырды. Қазақстан ғасырлар бойы бір жүйеден екіншісіне үздіксіз
ауысудағы нысаны болды. Экономикалық тәжірибе көрсеткендей бір экономикалық
- әлеуметтік жүйеден екіншісіне көшу өте ұзақ жүреді және бір он жылдықта
аяқтала қоймайды. Сондықтан да осы ұзақ жолда бірінен екіншісіне ауысудың
дұрыс жолы мен әдісін таңдау аса үлкен рөл атқарды. Объективтік және
субъективтік факторларды есепке ала отырып, оның өзара байланысы мен өзара
тәуелділігін ескеріп, шаруашылықтың жаңа жүйесіне ауысудағы нақты тиімді
бағытты анықтау қажет болды. Жаңа жүйеге өтудегі басты жолды таңдау өте
қиынға соқты, өйткені тарихта бұндай өзгеріс бұрын-соңды болған жоқ. Осыған
байланысты елдің индустриалды даму деңгейіне аса үлкен мән берілмеді.
Қазақстан өнеркәсібінің дамуына тарихи-сыни талдау жасау оның қазіргі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін дұрыс анықтауға
мүмкіндік береді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстанның өнеркәсіп
тарихы Отандық тарих ғылымындағы маңызды тақырыптың бірі болып қалады. Оның
маңыздылығы сол кезеңдегі болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты.
Өнеркәсіптің даму тарихында ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы,
өнеркәсіп салаларының қалыптасуы, дамуы өте күрделі жол болды. Өнеркәсіптің
тез дамуы революцияға дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басында реформалар жүргізу мен шетелдің капиталдың енуімен ғана жүзеге
асты. Кеңес өкіметі патша өкіметінің қарыздарын төлеу мен олардың Ресейдегі
меншігін қайтарудан бас тартқаннан кейін, олар шетелдік инвесторларға арқа
сүйей алмады. Сондықтан Кеңес Одағы индустрияландыруды жүзеге асыру үшін
тек өз күшіне сүйеніп, оған жету жолдарын өздерінде іздестіруге тура келді.
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы
өнеркәсіптің дамуы бірнеше бөлімнен тұрады.
1.1 Бірінші бөлімшеХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
басындағы жалпы Ресейдегі капитализмнің дамуы (проблемалар мен
қайшылықтар) деп аталады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы Ресей империясының
тарихындағы өтпелі кезең болды. Империя аса үлкен көлемдегі саяси
сілкіністерге тап болды және оның себебі бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еді.
Ресейдегі басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін капитализмнің дамып, орын
алғаны көрінді және ХІХ ғасырдың соңына қарай оның монополистік дәрежеге
өтуінің белгілері көріне бастады. Бірақ Ресейдегі капиталистік дамудың
Батыс Европадағы буржуазияның құрылыстың орнауы мен классикалық
капитализмнен өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазіргі ғылыми
әдебиеттерде капитализмнің дамуы туралы үш үлгіні ұсынады:
Бірінші үлгідегі елдерге Батыс Европа мемлекетімен бірге оған
мұхиттың арғы бетіндегі (Канада, Австралия) мемлекеттер де ене алады. Бұл
аймақтағы қоғамға ертеректегі өзгешелік, өздігінен пайда болған
капиталистік қатынастар, олардың табиғи дамуы, капитализмге өтудегі
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси және мәдени алғы шарттарының
қалыптасуы.
Екінші үлгідегі елдерде бұл жағдай басқаша қойылған (Ресей, Жапония,
Түркия, Балқан мемлекеттері тағы басқа). Бұл мемлекеттерде бірінші үлгідегі
буржуазиялық құрылыстың қалыптасуы мемлекеттерге қарағанда кейін бастады,
бірақ қарқынды жүрді, (ішкі және сыртқы себептердің ықпалымен, сол
мезеттегі ішкі қауіп-қатер салдарынан және Батыс қоғамынан артта қалуда
жоюға ұмтылумен байланысты болды).
Екінші үлгідегі елдерде капиталистік үрдістің дамуы осы қоғамдағы
көптеген ескі қалдықтарды сақтау шартында өтті. Батыс көптен күткен нәрсеге
бірден қол жеткізеді (теміржол, ауыр өнеркәсіп). Осындай негізде екінші
үлгідегі елдерде капитализм дамыды. Экономикалық артта қалу- шылықты
жылдамдата билеу қажеттілігі салықтық қанау мен әлеуметтік шиеленісушілікке
алып келді. Шаруашылық өмірде ұлттық негізге көшу, ұдайы өндіріске
жеткіліксіз дайындық, екінші үлгідегі елдерде ұлттық құндылықтар мен
буржуазиялық құндылықтар, өнеркәсіптік қоғамға Батыс елдеріне қарағанда
табиғи түрде құрылған жоқ. Әрине екінші үлгінің қоғамындағы капиталистік
үрдіс барысында туындаған қиыншылқтарды жою мүмкін еді, оған мысал ретінде
Жапонияны алуға да болады.
Ертедегі капитализмдегі елдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы тек
қана проблема тудырып қана қоймай, өзіндік артта қалушылық басымырақ болды.
Үшінші үлгідегі қоғамның буржуазиялық өзгерісіндегі күрделі табысы көптеген
өзіндік факторларға қатысты болды және жергілікті мәдени салт-дәстүрлерден
жаңа құндылықтарды қабылдауға дейінгі сатылардан өтті, ақырында жергілікті
мәдени әдеп – ғұрыптардан енді жаңа бір буржуазиялық құрылымды қабылдаған
Азия, Африка және Латын Америкасының кейбір елдері болды.
Ресейдің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы экономикалық
дамуында шетелдіктердің инвестиция салуы аса үлкен рөл атқарды. Батыс
Европада салатын жер іздеген көптеген бос капитал қорлары болды. Ресей
өзінің экономикалық даму ерекшелігіне қарай капиталды шетке шығарудан гөрі
шеттен көп енгізді. Шетел кәсіпкерлері өз капиталдарын Ресей өнеркәсібіне
салуға құштар болды, өйткені елдегі жұмыс күшінің арзандығы оларға пайда
табуға мүмкіндік берді. Патша өкіметі Ресей экономикасына шетелдік ақша
салушыларға бар мүмкіндікті жасай отырып, жетіспей жатқан Отандық
капиталдың орнын жабуға тырысты. Шетелдік капитал екі мақсатта: өндіргіш
күштерді дамыту үшін (халық шаруашылығына қаржы салды) және бюджеттегі
жетіспеушілікті жабу үшін (мемлекеттік займ) пайдаланылды. Осының негізінде
өндіріске салынатын қаржы екі түрде: кәсіпкерлікке (акционерлік) және ссуда
(облигация) түрінде жүзеге асты.
Ресейге негізінен Франциядан, Англиядан, Германиядан және Белгиядан
капитал енгізілді. Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді
мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп
тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде
монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып,
бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге
экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді,
себебі қажетті мөлшерде пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат
көзі мен жері, үнемі болып тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан
жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі
пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың
арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.
Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Отандық
индустрияның даму қорытындыларна қарасақ, 1913 жылы Ресейдің өнеркәсіптік
өндіріс көлемі АҚШ, Германия, Англия, Францияға жол беріп, әлемде 5 орынды
иеленді. Соның өзінде Францияның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі Ресейден екі
есе көп болғанымен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының есебінен
көтерілді. Шойын балқыту, прокат, машина жасау, мақта өңдеу және қант
өндіру жағынан Ресей Францияны басып озып, әлемде 4 орынға шықты. Мұнай алу
жағынан Ресей 1913 жылы тек қана АҚШ-қа ғана жол берді. Ал сыртқы сауда да
ол әлемде 6 орынға ие болды және әлемдегі тµртінші индустриалды держава
деп есептелінді [1]. Қаншама өнеркәсіпте жетістіктері болғанымен, Ресей сол
аграрлы-индустриалды ел болып қалды. Империалистік
монополиялар отар елдерде ұлттық капиталдың өсуіне барынша кедергі жасады,
жаңа заманға сай ірі өндіріс ошақтарының дамуын тежеді. (отар елдерден
бағалы минералды шикізаттарды алу үшін тау-кен өндірісінің, жеңіл
өндірістің біршама дамуына ғана қолдау көрсетті, осылайша отар елдердің
біржақты аграрлық-шикізат көзі ретінде ұстау саясатын барынша тереңдете
түсті.
1.2 Екінші бөлімше Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық
саясат деп аталады. Патшалық Ресей әр түрлі халықтарды отарлық қанау мен
оның экономикасына негізделген аса үлкен империяға біріктірді. Патша
өкіметі мен помещиктер, капиталистер жергілікті халықты ұлттық езгіге салу
мен құлдықта ұстауда әр түрлі әдістер мен тәсілдерге сүйене отырып, жүзеге
асырды. Ұлттық аймақтарда әдейі феодалдық-патриархалдық қалдықтарды сақтап,
көпшілік бұқараны құлдық пен езгіде ұстады. Осындай патшалық
самодержавиенің отарына айналып, құлдыққа түсіп, езілген, өте төмен
шаруашылық және мәдени дамуымен ерекшеленген ел – Қазақстан болды.
Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық
сипатта болды. Отарланған Қазақстандағы капиталистік өнеркәсіптің дамуының
екі ерекшелігін атап көрсетуге болады: біріншіден, аймақтағы өнеркәсіптің
негізінде табиғи капиталистік қатынастар дамыған жоқ, сырттан келген
көпестердің капиталының базасында пайда болды. Екіншіден, қазақтың ұлттық
капиталы өнеркәсіптің дамуы мен құрылуына ешқандай қатыспады. Ұлттық сауда-
өсімқор буржуазиясы тек өнеркәсіп капиталы мен жерлікті рынок арасында
дәнекер болды. Осындай жағдайда өнеркәсіп пролетариатының ұлттық кадрлары
орыс өнеркәсіпшілері басып алған сауда өнеркәсібі базасында қалыптасты [2].
Патша өкіметінің Қазақстанның өндірісін игерудегі саясатына талдау
жасай отырып, оның бірнеше бағытын атап өтуге болады. Бірінші бағыт-
орыстың сауда капиталының Қазақстан өндірісінен игерудегі орны мен осыған
байланысты, бірінші кезекте, белгілі Сібір саудагері С.И.Поповқа патша
өкіметінің берген мүмкіндіктері мен жеңілдіктерін атап өту қажет. Ол
Қазақстанның тау- кен ісіндегі монополиялардың қожайыны болды десе де
болады. Оған тау-кен орындарын қамтыған 1500кв. шақырым үлкен аумақ тиесілі
болды. Павлодар уезіндегі Александровск кенінде С.И.Поповтың өнеркәсібі
1870 жылы қара мысты тазалап, 930 пұт көмір пайдалана отырып, 1180 пұт мыс
алған [3].
Орыс капитализмі Қазақстанға біртіндеп ене отырып, отарлау, қанау
сипатына ие болды. Ол Қазақстанның бүкіл ресейлік рынокқа енуіне жол аша
отырып, шикізат көзі мен Ресейдің орталық өндіріс тауарларын өткізетін
арзан рынокқа айналдырды. Қазақстанға орыстың өнеркәсіп капиталын енгізу
капитализмнің монополистік даму кезеңімен тұспа-тұс келді. В.И.Ленин
монополияларға қарай икемдеу тенденциясын туғызатын кәсіпорындардың көлемі
де бір болады, - деп жазды.
Ең бірінші Қазақстандағы мұнай алу өнеркәсібіне бастама болған және
барлау алаңы болған 1899 жылы Қарашұңғылда, 1911 жылы Доссорда екінші
мұнай көзі ашылды. Революцияға дейін кезеңде Қазақстан өндірісінде 117 іске
асқан бұрғылау орындары және 166 барлау бұрғылары болды, соның ішінде
бұрғылау жұмыстарының жартысына жуығы Доссорда жүргізілді.
Доссорды да аяусыз тонап, мұнай алуда қарапайым ережелер сақталмады,
сондықтан да кен орнындағы байлықтың мерзімінен бұрын таусылуына да әкеліп
соқты. Революцияға дейінгі жылдардағы Доссордағы күніне алынатын мұнай
көлемі: 1912 жылы – 52,7 т, 1913 жылы – 63,6 т, 1914 жылы – 34,8 т, 1915
жылы – 18,2 т. ХХ ғасырдың басында Доссордың мұнайын есепсіз өндіріп, олар
өздерінің ғана бас пайдасын ойлады және жыл өткен сайын мұнайдың көлемі
азайды.
Патша өкіметі шетелдік капиталистердің Қазақстан өнеркәсібіне емін-
еркін енуіне мүмкіншілік берді. Қазақстандық зерттеуші Ц.Л.Фридман былай
деп жазды: ХІХ ғасырдың сонымен ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталистер
сол кездегі бар мыс, полиметалл кендері мен көмір кен орындарын қолына
алды. Сонымен қатар мынаны аса айтып көрсету қажет: Шетелдік капиталистер
геологиялық барлау жұмыстарына ешқандай ақша шығарған жоқ, дайынға ие
болып, патша өкіметінің белсенді ат салысуы нәтижесінде аса бай кен
көздерін тиынға сатып алып, жергілікті халықпен орыс кәсіпкерлері ашқан
жерлерге иелік етті [4]. Жергілікті халықтың аңқаулығы мен байлардың кен
көздерін арзанға сатуынан шексіз байлыққа белшесінен батты.
ХІХ ғасырдың ортасында Оңтүстік Қазақстанда орталық Ресейдің ұсақ
өнеркәсіп иелері мен қолөнершілері келіп орналаса бастады. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Ресейдің келген кәсіпкерлер екі көмір бассейіні –
Боралдай мен Леңгірді ашты. 1866 жылы Орынбор әскери округінің әскерінің
бастығы Түркістан облысына тапсырмамен жіберілген бас инженер подполковник
Татаринов Шымкент пен Ташкенттің ортасынан өте жақсы сападағы көмір қорынан
тапқанын хабарлайды. 1868 жылы өндіру қарқыны өте төмен Боралдай көмір
бассейінінің негізін салды (Татаринов атындағы көмір кені). Ал Шымкенттің
оңтүстік шығысында 30 шақырым жерде орналасқан Леңгір көмір бассейіні
Шымкент пен Ташкенттің өндірістерін көмірмен қамтамасыз етіп отырды [5].
Тау-кен өнеркәсібінің дамыған саласы әсіресе, 1880-1990 жылдарда
өлкенің кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын өндіру болатын.
Өскемен уезінде ғана 125-тен астам кеніш жұмыс істеді. Бірақ ХХ ғасырдың
басында бірқатар себептерге байланысты (салықтың көп мөлшерде салынуы,
қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс материалдарының
жеткіліксіздігі және тағы басқа) Өскемен уезінің алтын кеніштері 50-ге
дейін қысқарды. Алтын өндіруші салаға орталық Ресейдің Сібір мен Алтайдың
ірі өнеркәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын өнеркәсіпшілері
арасында орыс және татар кәсіпкерлері басым болды. 1882 жылмен 1892 жыл
аралығында алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті. Революцияға
дейін Қазақстаннның территориясында 16 алтын өндіретін өндірістер болды.
Олар 1555000 сомға 76 пұт алтын өндірді. Өндірісте 1160 орыс және 1140
қырғыз жұмысшы еңбек етті.
Оңтүстік Қазақстандағы химия өнеркәсібінің бастамасы болған Шымкент
сантонин зауыты болды. Сантонин – бұл дермене жусанның тұқымынан (дармин)
алынған емдік өнім. Дармин деп аталатын емдік шөп Азия мен Африканың
көптеген елдеріне белгілі болды. Бірақ ХІХ ғасырдың 80 жылдарында аса
бағалы шөп қоры Сырдария облысы Шымкент пен Әулие ата уезінде ғана
сақталды. Осы уақытта Европа елдерінде төрт сантонин заводы үшеуі
Германияда, біреуі Англияда Түркістаннан әкелінген шикізат негізінде жұмыс
жасап тұрды. Шымкент зауыты бүкіл Ресейдегі сантонин өндіретін жалғыз
өндіріс болып табылады. Зауыт өзінің өнімін көптеген шетелдік
мемлекеттерге: Англия, Америка, Германия, Жапония, Қытай, Үндістан, тағы
басқа елге шығарды.
Қорыта келгенде Қазақстандағы өндірістер ұсақ өндірістер негізінде
емес, шетелдіктер салған қаржы негізінде негізінде дамыды. Шетелдік
өнеркәсіпкерлер жұмысшы қазақтарға қатысты кемсіту саясатын ұстады. Оларды
қандай да болмасын бір құқығынан айырды немесе өте төмен жалақы төледі.
Қазақ жұмысшыларының біліктілігін көтеру мүмкіндіктері болмады.
Біліктілігі бар қазақ жұмысшылары бүкіл жұмысшы – қазақтардың 7 % ғана
құрады.
1.3 Үшінші бөлімше ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдардағы
өңдейтін өнеркәсіптердің пайда болуы мен дамуы деп аталады. Қазақстан
Ресейге қосылғаннан кейін көп салалы өңдейтін өнеркәсіптер дами бастады.
Жер өнімдері мен мал шаруашылығы заттарын өңдеу қазақтарға бұрыннан белгілі
болды, бірақ бұл қосымша кәсіп ретінде, қазақтардың негізгі кәсібі-көшпелі
мал шаруашылығы болды. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіптерінің кен-зауыт
өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату жөніндегі
өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз байланысты болды және өлкенің
әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі бір ықпал жасады. Өңдеуші
өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топқа бөлуге болады.
1. Ресейдің еуропалық бөлігіне және шет елге шығару үшін мал шаруашылығы
шикізатын алғашқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындар: жүн жуатын, мал майын
қорытатын, ішек-қарын тазартатын және басқа кәсіпорындар жатты;
2. Ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұтыну үшін ұқсату жөніндегі
кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайқайтын, спирт-арақ зауыттары, темекі
фабрикалары және тағы басқалары. Толық емес деректерге сүйенсек,
Қазақстанда 1886 жылы 1028 ұсақ өнеркәсіп өндірістері болса, 1895 жылы бұл
ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін өндіріс саны 2124 болып, соған сай
жұмысшы саны 3432 – ден 5493-ке дейін өсіп, айналымдағы өнім бағасы
2395,1 мың сомнан 3929 мың сомға жеткен.
Темекі шығаратын да фабрикалар пайда болды. Ең бірінші темекі
плантациясы Верный қаласына жақын жерде Үлкен станциада Гаврилов деген
фабрикант іргесін қалап, осы жерден табак фабрикасын ашты. 1883 жылы
плантацияда 67 жұмысшы, фабрикада 15 жұмысшы, 2 шебер жұмыс жасап, 1 станок
темекі жапырақтарын кесіп, қол машинамен папирос ораған.
Өңдеу өнеркәсібінің ең дамыған салаларының бірі, соның ішінде
Солтүстік Қазақстанда тері өңдеу кәсібі болды. 1890 жылы Шучинск
станциясында 8 тері илейтін зауыт болса, тура осындай кәсіпшіліктер жоғарғы
Бұрлық пен Төменгі Бұрлық станцияларында да болды, ал олардың орталығы, ең
ірісі Петропавл қаласында болды (10 зауыт). 1898 жылы Солтүстік Қазақстанда
жалпы зауыттар саны біршама азайды [6]. Олар 23 болды, оның онында әр түрлі
механизмдер-көбінесе 1-3 ат күші бар ат қозғалтқыштары мен 2 ат күші бар су
қозғалтқыштары болды. Егер Ақмола облысы мен Орынбор Губерниясындағы
жұмыс істеп тұрған былғары зауыттарынның санын салыстыратын болсақ, 1890
жылы мынадай көрініс береді. Ақмола облысында 21 зауыт жұмыс істесе,
Орынбор губерниясында 68 зауыт әрекет етті [7]. Сонымен қатар Ақмола
облысындағы зауыттар аз өнім шығарды. Осындай өндіріс саласы Торғай
облысында біркелкі дамыған жоқ. 1897 жылы Қырғыздар календары мәліметінде
1889 жылғы облыста небәрі 2 былғары зауыты болғандығын және оның Қостанай
уезінде орналасқанын айтады [8].
Оңтүстік Қазақстанда былғары өңдеу ісі мал шаруашылығы шикізаттарын
өңдейтін өңдірістің басты бір тармағы болды. Былғары өңдірісі Түркістанда
Өлкенінің Ресейге қосылғанына дейін пайда болды және 1870 жылдың аяғына
дейін қолөнер кәсібі түрінде сипат алды [9]. ХІХ ғасырдың 70 жылдарының
басында Жетісу облысында 8 былғары өңдірісі, ал Сырдария облысында 12
өндіріс жұмыс жасады [10]. Сырдария мен Жетісу облысында 1916 жылы 65
мекеме болған [11]. Революцияға дейін ірі және ұсақ тері өнімдерінен
Қазақстанда 3 059000 дана тері өңделіп, 13 034 800 сомға қаржы түсткен.
Қазақстанда барлығын қосқанда, 8 ірі, 100-ге жуық ұсақ өндіріс болып, 683
500 тері өңдеп, 1200 дейін жұмысшылар болды.
Қазақстан тұрғындарының өмірінде аса үлкен рөл атқарған Шымкент пен
Әулие-Ата уезінде кездесетін құмның астында қалған көлдердегі отырып
қалған тұздан ас тұзын алу болды. Тұрғындардың сұранысына ие болған Шымкент
уезіндегі Қаракөл болыстығындағы Қаракөл көлінен алынған қара тікен тұз
болды. Тұз алу өте қара дүрсін, қарапайым еді. Құжаттарда көрсеткендей бұл
кәсіпті жүргізген де, оларды әкелетін де бір қырғыздар, олар не отырып
қалған тұзды жинайды, не ең артта қалған, жабайы әдіспен алады. 1 пұт
тұздың бағасы оның ара қашықтықпен тасымалдай қиындығына қарай 25 тиыннан 4
сомға дейін болған. Революцияға дейін КССР территориясында 6 тұз өнеркәсібі
жұмыс істеп, 6700000 пұт тұзды 670000 сомға өндірді. 370 орыс, 580 қырғыз
жұмыс жасаған.
Тағы да бір кең тараған өндіріс саласы жүн жуу. 1913 жылы Оңтүстік
Қазақстандағы 16 жүн жуатын өндірісте 270550 пұт жүн жуылып, одан 1929182
сомға 66% дайын , таза, жуылған, іріктелген жүн алынды. Ал Петропавл
қаласындағы жүн жуатын мекемеде 10000 қой жүні 2800 сомға жуылған 50 еркек,
100 әйел күніне 12 сағат жұмыс істеген. Істелінетін жұмыс көлемі мен
жұмысшы саны да әр түрлі болды. Мысалы: Петропавлдағы екінші бір жер көпес
В.П.Фигиннің иелігендегі жүн жуатын мекеме 1880 жылы құрылды. 1887 жылы 100
еркек, 150 әйел жұмысшыны пайдаланып, жылына 37000 сомға 15000 пұт жүн
жуған.
Патшаның отарлау саясаты Қазақстандағы жеңіл және тамақ өнеркәсібі
салаларының дамуына тежеу болды. Ауыл шаруашылық шикізаты көлемінің өсуіне
қарамастан, революцияға дейін Қазақстанда оны өнеркәсіптен өңдеу тиісті
дәрежеде дами алмады. Арақ, спирт қайнататын және сыра ашытатын зауыттар
туралы мәліметке қарайтын болсақ, Қазақстанның әр түкпіріндегі жұмысшы
саны, жұмыс уақыты әр түрлі болып келеді. Мысалы: Семей қаласындағы көпес
Арефеевтің сыра зауыты 7 жұмысшы мен 2 сыра қайнататын қазанды пайдаланып,
8 мың шелек Бавария сырасын 14400 сомға дайындады. Ал олардың өндірістері
өте ұсақ, әрі техникалық нашар жабдықталған қасапқана, диірмен, дән үгетін,
май шығаратын, арақ, спирт қайнататын, сыра ашытатын, темекі шығаратын,шұға-
мәуіті фабрикасы, қой терісі, тон, киіз байпақ өнімдерін шығаратын
өндірістер ретінде көрінді. Ал балық кәсіпшілігінің даму деңгейі
балықты сақтау мен көнсервілеуде жағдай болмағандықтан, ол маусымдық кәсіп
болып қалды, әрі балықты тұздауда, тұрпайы әдістер қолданылды. Революцияға
дейін Қазақстан территориясында 140 балық кәсіпшіліктері жұмыс істеп, 6750
дейін жұмысшы істеп, 6750 дейін жұмысшылары болған, олардың 80% қырғыздар.
Шикізатты өңдеу 5200000 пұтқа дейін жеткен. Сонымен ХІХ ғасырдың соңында
1882 жылы Ақмолада 1 мыс балқыту зауыты 2 май ерітетін, 1 сабын қайнататын
зауыт болса, Көкшетауда 12 тері-былғары зауыты, 5 май ерітетін зауыт, ал,
Петропавлда 1 арақ, 2 сыра зауыты, 1 ұн тартатын, 1 мақта мекемесі, 5 сабын
қайнататын, 5 тері-былғары, 13 май ерітетін, 2 желім қайнататын, 33 кірпіш
зауыты, 2 жүн түтетін, 1 ішек-қарын жуатын мекеме жұмыс істеді [12].
Қорыта келгенде, 1913 жылғы мәліметтер Қазан революциясының жеңісі
мен одан кейінгі жылдардағы өнеркәсіптің даму жағдайын көрсетпейді.Себебі
империалистік соғыс өнеркәсіптің дамуына кері әсерін тигізді. Осы жылдарда
көптеген өнеркәсіп өндіріс ошақтары өзінің өнім шығаруын қысқартты,
кейбіреуі тіпті мүлдем қимылсыз қалды.
1.4 1917-1940 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы деп
аталатын бөлімнің бірінші бөлімшесі 1917-1940 жылдардағы Кеңес өкіметінің
өнеркәсіпті дамыту саясатының бағыттарын талдауға арналған. Көптеген
талас-тартыстар мен тазалаудан кейін 1927 жылдың соңына қарай
социализмнің алғы шарттарын жасау деген тұжырымға тоқталды. Қайта құрудың
баспалдақтары:
1. халық шаруашылығын индустриализациялау
2. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
3. еңбекшілердің тұрмыс жағдайы мен мәдениетін көтеру.
Индустриаландыру кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуын
маңызды 2 кезеңге бөлуге болады:
1. 1926-1932 жылдар аралығындағы дамуы социализмнің ірге тасын қалау
кезеңімен тұспа-тұс келеді. 1926-1928 жылдары халық шаруашылығын қалпына
келтіру ісі созылып кеткендіктен индустриаландырудың алғашқы қадамдары ғана
жасалынды
2. 1933-1941 жылдар аралығы жаппай жаңа өндірістерді игеру, жаңа техниканы
пайдаланумен ерекшеленеді. Ірі өндірістер бірінші бесжылдықтарда негізі
қаланып, республиканың индустриаландыруға бет алған келбетін көрсетсе,
енді жұмыс жасап тұрған ірі өнеркәсіп кешеніне айнала бастады.
Қазақстандағы индустриаландырудың өзіндік ерекшелігі болды: шексіз
көп табиғат байлығы мен іс жүзінде мүлде жоқ өнеркәсіп ошақтары, транспорт
желісі мен байланыс, электр энергиясының жоқтығын, бұқаралық сауатсыздық,
кадрдың жетіспеушілігі тағы басқалары. Соған қарамастан Қазақстанның
өнеркәсібі басқа одақтық республикаларға қарағанда тез қарқынмен дамыды.
Индустриаландыру бүкіл бұрынғы Кеңес одағы бойынша бөлмей, бүтін түрде
жүрген біртұтас процесс болды. Ол республикаларға, облыстарға, аудандарға
бөлу деген болмады. Оны бастап, іске асыру бүкіл орталық мемлекет
мүдделеріне бағындырылды. Қазақстандағы индустриаландыру және оның әр бір
қосқан үлесі, дәрежесі әр түрлі болды. Бұл іске Қазақстанның қосқан үлесі
өте зор еді. Себебі оның кең даласында орналасқан көмір шахталары, темір
рудниктері, жез, қорғасын зауыттары бүтіндей және толық Одақтың орталық
өнеркәсібі үшін жұмыс істеді. Қазақ жерінен қазып алынған алтын, күміс және
тағы басқа асыл құнды металлдар негізінен одақты индустриаландыру
мұқтаждығына жұмсалды. Қазақстанның жүні, терісі, еті, астығы т.б. ауыл
шаруашылық өнімдері Одақтың орталық аудандарына тасылды.
Социалистік индустриализациялаудағы басты заңдылық-өндірістің жоғары
қарқынды дамуы және жаңа өндірістік құрылымдардың пайда болуы еді. 1913
жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік қорлар 1940 жылы 6,9 есеге өсті.
КСРО-ның ірі өндірістері қайта құрылып, жаңартылып, жалпы өндірістің 90%
құрады.
Орта Азиядағы индустриаландыру жеңіл және тамақ өнеркәсібінен
басталса, Қазақстанда-ауыр өнеркәсіптен, ал Закавказье республикаларында
(елде аса қуатты өндірістер құру кезінде) Б тобындағы өндіріс салаларын
қарқындап дамыту негізінде жүзеге асты [13]. Индустриалдық дамудың
маңызды шарттарының бірі – Қазақстанның байлығын пайдалану болды. Осындай
мол байлық көзінің бірі – Қазақстанның жер қойнауындағы алтын еді. Алтын
өндіру мен оның жағдайын мынадай деректерден көруге болады. 1925
жылғы берілген мәліметке қарағанда: Жетіқара мен Степняк (Ақмола
өңіріндегі алтын кені) бірігіп, Қазақстанда алтын өнеркәсібі биылғы жылы
соғысқа дейінгі өнімнің 75% кем берген жоқ. 1919-1921 жылдары өнім алу
нөлге түскен болатын [14]. Ал Майқайың алтын кені Павлодардан 136
шақырым Баянауыл ауданында орналасқан. Табылған негізгі кен көзі-алтын,
бірақ полиметаллда бар. Майқайыңның алтынының құны КСРО-ның алтынынан 3 есе
арзан және 1 грамы 1 сом 50 тиыннан артық емес.
Степняк алтын өнеркәсібі комбинатына байланысты мынадай қаулы
қабылданған: Геологиялық барлау жұмыстары мен дайындық жұмыстары дұрыс
жолға қойылып, 1932 жылы өнеркәсіп құрамында металл қоры аз, жарты миллион
тонна кен қорын иеленуі тиіс [15]. Осы қолданған шараларға қарап,
мемлекеттің кен орындарын барлауды дамытуға көңіл бөлгені көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында аса мол түсті және сирек кездесетін
металдар, мұнай, көмір және тағы басқа байлық жатқанымен, оны игеретін сол
заманға сай құрал-жабдықтар, техника болмады және маманданған кадрлардың
жоқтығы сезіліп тұрды. Бұл жағдай жалғыз Қазақстанда ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz