Ішкі істер органдарының міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ
1.1 Ішкі істер органдарының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ішкі істер органдарының
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Iшкi iстер органдарының
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметке
қабылдау
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Ішкі істер органдарының құрылымындағы әскери тергеу қызметтері ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық
салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен
сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы,
экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің
артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық
ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының
құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі
қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын
бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол
бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде,
шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі
белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық
бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен
жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен
міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған
мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары,
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт,
санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар,
кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі
және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет
министрлігінің құрамында әрекет етеді. Біз бұл зерттеу жұмысымызда ішкі
істер органдарының қызметі мен міндеттеріне, және олардың құрылымына
толығырақ тоқталатын боламыз.
Курстық жұмыстың мақсаты – ішкі істер органдарының теориялық және
әдістемелік ережесін анықтап, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін
әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу
негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті;
-Ішкі істер органдарының даму тарихына шолу жасай отырып оның
міндеттері мен құқықтарын анықтау;
-Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметке
қабылдау үлгісіне тоқталу;
-Ішкі істер органдарының құрылымындағы әскери тергеу қызметтерін
қарастыру.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы Ішкі істер органдары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы
Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер қолданылған.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ

1.1 Ішкі істер органдарының даму тарихы

Қоғамдық тәртіпті қадағалауда мемлекеттің мүддесін, азаматтардың құқығы
мен еркіндігін қорғау міндеттері қылмыстық істерді ашу және тексеру арқылы
қылмыспен күрес жүргізетін алдын ала тергеу органдарына тиесілі.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тергеу аппаратының
құрылғанына биыл 47 жыл толып отыр.
Тергеу органдарының қалыптасуы мен дамуы 1918 жылы арнайы нұсқауға
сәйкес жұмысшы-шаруалар милициясы қатарында тергеушілердің халық соты мен
тергеу комиссиялары арқылы берілген істерді тексерген кезінен басталады.
Ұзақ жылдарға созылған даму сатыларынан кейін қылмыспен күресті күшейту
формасы ретінде ұйымның және тергеу органдарының қызметінің негізгі жобасы
мен ережесі жасала бастады. Сол кездегі туындаған барлық қиындықтарға
қарамастан олардың қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша қажетті шаралар
қабылданды. Ұйымда алдын ала тергеудің дербес органдарының қажеттілігіне
байланысты ішкі істер органдарының алдын ала тергеу өндірісі құқығын
қарастыратын 1963 жылдың 6 сәуірі күні Алдын ала тергеу өндірісі құқығын
қоғамдық тәртіпті қорғау органдарының құзырына өткізу туралы КСРО Жоғарғы
Кеңесі Президиумының қаулысы шықты. Тергеу қыз¬метінің құрылғанынан бастап
ІІМ жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының даму кезеңдерін сипаттайтын
мынадай негізгі тарихи жағдайлар орын алды:
1963-1965 жылдары – бұл кезең ІІМ тергеу аппаратының қалыптасуы ғана
емес, сонымен қатар бұл саланың құрылымына шаруашылық қылмыстар, соның
ішінде өте ірі көлемде ұрлау, жымқыру секілді күрделі әрі көп еңбекті қажет
ететін қызметтерді енгізуімен есте қалады.
Бүгінде ішкі істер органдарының тергеушілері еліміздің барлық
органдарында тіркелген қылмыстық істердің жалпы санының 90 пайызға жуығын
тергейді.
1965-1978 жылдары тергеу қызметкерлеріне арналған оқу базасын кеңіту
бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Тергеу бөлімшелерінің бастықтарына
қылмыстарды тергеуді бақылау бойынша процессуалды өкілеттік беру және
тергеу мәселелері бойынша бірқатар конференцияларды өткізу ұйымдастырылды.
Дәл осы негізде ІІМ тергеушісінің амалы мен шешімдерін бақылайтын үшжақты
жүйе іске қосылды (ведомстволық бақылау, прокурорлық қадағалау, сот
бақылауы).
1978-1986 жылдары – ІІМ тергеушілерінің қызмет аясын кеңейту, кәмелетке
жасы толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарауды осы
мекеме құзырына өткізу мәселелері жүзеге асты.
КСРО құлаған соң жеке отау болып қайта құрылған әр мемлекеттер алдын ала
тергеу қызметін қайта құру мәселесінде әртүрлі бағыт ұстанды.
1995 жылы 6 қазандағы Президенттің қаулысымен Қазақстан Республикасында
прокуратураның, ішкі істер органдарының алдын ала тергеу қызметтерін,
сонымен қатар жедел іздестіру амалдарын жүзеге асыратын қызметтерді
қамтитын Мемлекеттік тергеу комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдары жүйесін ары қарай реформалау бойынша
шаралар туралы Жарлығымен ІІМ жүйесінде алдын ала тергеу органдары қайта
қалпына келтіріліп, Тергеу департаменті құрылды.
2006 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
Рес¬публикасының ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы №313
қаулысымен құрамына Әскери-тергеу департаментінің бөлімшелері кіретін
Тергеу комитеті құрылды.
Тергеу қызметі мамандарының қалыптасуы мен тәрбиеленуі, оның
дәстүрлерінің дүниеге келуі оның алғашқы басшыларының қызметімен тікелей
байланысты. Олардың жанқиярлық қызметі, өз ісіне адалдығы, жеке басының
жетістіктері тергеу тарихының беттерінде жарқын із қалдырды. Нағыз
тергеушінің бет-бейнесін қалыптастыруда, қылмыспен, қоғамдық тәртіп
бұзушылықпен күресті ұйымдастыруда, міне, солар өлшеусіз үлес қосты. 20
жылдан астам республиканың ішкі істер органдарының тергеу аппаратын Баялин
Қабыш Кәрімұлы (1963-1981 ж.ж.) басқарды. Ал оның ісін 1981 жылдан 1985
жылға дейін Сағадиев Хамит Хабиболлаұлы жалғастырды. 1985 жылдан 1989 жылға
дейін ІІО тергеу бөлімшелерінің қызметіне Нұрмағанбетов Қожа Тулақұлы
жетекшілік етті.
Тәуелсіздігімізді алған соң ІІМ орталық аппаратында Ішкі істер
министрінің орынбасары – Бас тергеу басқармасының бастығы Жүрсімбаев
Сағын¬дық Кемалұлы басқаруындағы Бас тергеу басқармасы (БТБ) ІІМ тергеу
аппаратының кәсіби ұйытқысы болды. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін
республиканың тергеу қызметіне Қайдаров Рүстем Есімханұлы басшылық етті.
Ұзақ жылдар бойы БТБ-ның Тергеу бөлімін тәжірибелі маман, өз ісінің шебері
Побияхо Василий Александрович басқарды. Бүгінгі тергеу бөлімшелерінің
басшыларының көпшілігі оның шәкірттері болғанын да атай кеткен жөн.
Тергеу органдары әрдайым білікті мамандардың ұстаханасы болып келді әрі
тергеу саласында жұмыс істеу арқылы жас мамандар кәсіби тұрғыда шыңдалып,
басқа да құқық қорғау органдарындағы қызметке тыңғылықты дайындықпен
барады.
Тергеу жұмыстарын ұйымдастыруда қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен
шеберлігін арттыруға, тергеу амалдарын сауатты әрі сапалы ұйымдастыруға
және жүргізе білуге баса көңіл бөлінеді. Тергеушілер үнемі уақыт талабына
сай жұмыс істеп, біліктілігін арттырып, ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті
енгізіп отыруды өздерінің қасиетті парызы деп біледі. Республикамыздағы
тергеу аппараты алдын ала тергеудің тиімділігін арттыру, заңдылықтың қатаң
сақталуын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету
бойынша барлық қажетті шараларды атқарады.
Тергеу аппараты қызметін ұйымдастыруды жақсарту және оның тиімділігін
арттыруға, соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
құқықтық саясатының Концепциясында белгіленген тергеушінің процессуалды
мәртебесін көтеруге бағытталған мәселелер бойынша нақты шаралар қолданылу
көзделген.
Сонымен қатар, осы аталған мәселелер Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылдың 22 сәуіріндегі Қазақстан Республикасындағы
қылмыспен және жемқорлықпен күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан
әрі жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы №793 Жарлығында
қарастырылған.
Аталған Жарлықты іске асыру мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігі арнайы
жоспар жасады. Сонымен қоса Ішкі істер министрлігіне 2011 жылы Қазақстан
Республикасындағы алдын ала тергеу органдары жә¬не тергеушілердің мәртебесі
туралы заң жобасын жасап, оны Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынуды
міндеттеген ҚР Президенті Әкімшілігінің 2009 жылдың 30 сәуіріндегі №52-8.1
жоспарын орындау бойынша іс-шаралар атқарылды.
Бұл Заң тергеушілердің құқықтық мәртебесін өсіріп, оны қалыптастыру
шарттары бойынша сотқа жақындастыра түседі деп сенеміз, өйткені соттар ең
алдымен тергеушілерден түскен қылмыстық істерді қарайды. Осы орайда әртүрлі
сатылардағы қылмыстық сот өндірісіндегі қылмыстық істердің қозғалысын
қамтамасыз ететін ортақ қылмыстық процесті жүргізетін мемлекеттік органдар
мен қызметтік тұлғаларға барлық жағдайлар жасалуы тиіс.
БАҚ-тағы сыни жарияланымдар мен пікірлерге қарамастан алдын ала тергеу
органдары қылмыспен күресте үнемі барлық құқық қорғау қызметтерінің өзара
ынтымақтаса қимылдауын және жұмыс әдістерін жетілдіруді талап ететін
маңызды әрі жауапты тапсырмаларды шешеді.
Тергеушілердің аса ауыр қызметінің, әсіресе, зорлық-зомбылық пен террор
секілді қатыгез қылмыс түрлері сипат алғанда танытар ерекше қайраткерлігін
орынды бағалай білген жөн.
Аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер бөлімдеріндегі тергеушілердің
табанды әрі жан-қияр еңбегінің арқасында жыл сайын басқа қылмыстармен
қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстардың 90 пайызға жуығы тергеліп, ашылады.

1.2 Ішкі істер органдарының міндеттері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ
заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті
сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік
саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне,
өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде
төтенше немесе әскери жағдайында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау,
жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді
іздестіру;
3) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеуді,
анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалғандығын және құқық
бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
5) қажет болған жағдайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік
өртке қарсы қызметі органдарына ықпал ету;
6) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау
және бақылау;
7) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету,
қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау, терроризм актілерінің
жолын кесуге қатысу, кепілге алынғандарды босату;
8) төлқұжат пен виза жұмысын жүзеге асыру, шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін
сақтауды бақылау;
9) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс
жүйесiндегі жекелеген мiндеттердi орындау;
9-1) өзге мемлекеттік органдарымен бірге карантиндік, санитарлық және
табиғатты қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде іс-шаралар өткізуге
қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте ықпал
ету;
9-2) Қазқастан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және
рұқсат беру қызметін жүзеге асыру;
9-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы аса маңызды және ерекше
режімді объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
10) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер
органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала
тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де
заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі
атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы
мемлекеттік орган болып табылады.
Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер
органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да
мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және
азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына
кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың,
республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған
бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, білім
беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік
полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер
министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен
әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін,
сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери
полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Iшкi істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының үкіметі бекітеді.

1.3 Iшкi iстер органдарының құқықтары

Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар
арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды
талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының
өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап
етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбiрлеу
шараларын қолдануға;
2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген
жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ
орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жiктелген белгiленген ережелердiң
сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
3) кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қарсы қол
сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен
хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды
жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде
нақтылы шаралар қолдануға;
4) қылмыстарды анықтау, тоқтату, ашу және тергеу кезiнде басқа
органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар
беруге;
5) азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша
iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың
көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi
себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
6) осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге
асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп
бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын
тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
7) құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери
коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери
комиссарларға беруге;
8) егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және
құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін
кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша
оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа
дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы
адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен
жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына
жеткізуге және онда ұстап отыруға, одан әрі қорғаншылық және қамқоршылық
орындарына беруге;
9) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тексеру
материалдары, әкiмшiлiк және қылмыстық iстер бойынша қажеттi зерттеулер
жүргiзуге;
11) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ
ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары
жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар
мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру
мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға
және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты
қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларғанемесе өзiне зиян
келтiруi мүмкiн,ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды -
олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина
мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және
оларда айыққанға дейiн ұстауға;
14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу
әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге
мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-
техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және
өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәлiметтер, сондай-ақ
адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер
жария етiлуге тиiс емес;
15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс
жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды,сондай-ақ
әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардыңжеке басын анықтау
мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға,
кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
16) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде
әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс
адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген
жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн
мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға,
есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және
iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды
қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн
оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде
орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және
қалааралық сөйлесуге кеткен шығындарды өтей отырып, байланыс құралдарын
пайдалануға;
20) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан
(дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халыәаралық
ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару
және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне
жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне
залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
21) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын,
сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан
және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен
адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда
мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
22) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған,
әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол
жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым
оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей
апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай
тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына,
оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық
иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан
басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi
тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк
берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды
хабардар етуге;
23) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге
немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-
әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
24) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган
өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi,
оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң
талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
25) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды
жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
26) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi
бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық
шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен
заказниктердің аумақтарына тиісті атқарушы органдар мен лауазымды
адамдардың шешімімен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
27) мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы
мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол
құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-
ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi
комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ
көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң,
нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен
жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге;
техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк
құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының,
оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар
орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
28) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын
тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық
беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын
тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға
құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа
да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген
негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практика - Ішкі істер органдары
Ішкі істердің аумақтық органдары
Әкімшілік полиция департаменті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
Ішкі Істерді басқару
Жоғарғы Сот алқалары
Пәндер