Үзу сигналдарының классы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.1 Бағдарламаларда үзу жүйесінің принциптерін ұйымдастыру технологиясы

1.1.1 Үзу сигналдарының классы

1.1.2 Үзілулер приоритеттері
1.1.3 Аппарттық үзілулердің орналасуы
1.1.4 Үзу кестесі
1.1.5 Үзулерді үлестіру
1.1.6 Үзілулерден қорғау
1.1.7 Программалық үзу
2.1 х86 процессорларының базасында ДК-лерде үзілулерді үлестіру
2.1.1 Жүйенің аппаратық қоры
2.1.2 Құрылғылар жанжалдары
3.1 Үзулерді үлестіруге мысалдар
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мен бұл курстық жұмысымда үзулер туралы, оның түрлері туралы мәліметті
толығырақ бердім.
Бағдарламаларды үзу-процессордың жүріп жаткан бағдарламаны үзу және
кандай да бір туындаған жағдайлардағы оны басқара білу қабілеттілігі.
Үзу сигналдарының пайда болу шарттарына байланысты оны төмендегідей
бес класстарға бөлінеді:
1. Басқару схемасынан үзу немесе машиналық үзу
2. Бағдарламаның үзілуі немесе бағдарламаның қандай да бір қателік
табылуы кезіндегі үзілуі
3. Енгізу-шығару құрылғыларынан пайда болған үзілулер
4. Басқарушы бағдарламалар диспетчерине арналған үзілулер
Үзілу сұранысына дейін жұмыс істейтін бағдарламаларды, үзілуші
бағдарламалар деп атайды. Міндетті түрде үзілуді талап ететін
бағдарламаларды- үзуді ұйымдастыратын бағдарлама деп атайды.
х86 процессорларының базасында құрылған барлық ДК-лер үзілулер
арқылы басқарылады, аппараттық немесе программалық қамтамасыз ету
барысында. Бұл үзілулер 7 санатқа бөлуге болады:
1. микропроцессорларда үзу;
2. аппараттық;
3. программалық;
4. операциялық жүйе;
5. BASIC;
6. адрестік және ортақ мақсат үшін.
Ешқандай артық ережелерге сүйенбей-ақ жанжал дегенімізді былай
түсіндіруге болады-ол дегеніміз бірнеше обьектілердің бір уақытта бір
жүйелік ресурсқа рұқсат алғысы келеді.

Бағдарламаларда үзу жүйесінің принциптерін ұйымдастыру

Үзілу сигналдарының классы

Бір бағдарламадан екінші бір мультибағдарламаға өтуді қамтамасыз ету
үшін ЭЕМ-де бағдарламаларды үзу режимі енгізіледі.

Бағдарламаларды үзу-процессордың жүріп жаткан бағдарламаны үзу және
кандай да бір туындаған жағдайлардағы оны басқара білу қабілеттілігі.
Бағдарламаларды үзуді ұйымдастыратын сигналдарды бағдарламаларды үзу
сигналдары немесе үзілулер сұранысы деп атайды.

Үзу сигналдарының пайда болу шарттарына байланысты оны төмендегідей
төрт класстарға бөлеміз:

1. Басқару схемасынан үзу немесе машиналық үзу, ЭЕМ-нің блоктарымен
құрылғыларындағы қателер пайда болғанда туындайды.Осы уақытта
диагностикалық программаға көшу жүреді, яғни қате туындаған жерді жөндеуге
іске кіріседі.

2. Бағдарламаның үзілуі немесе бағдарламаның қандай да бір қателік
табылуы кезіндегі үзілуі,немесе бағдарлама орындалу барысында
бағдарламаның қандай да бір ерекше жағдайдағы қателік туындауы.

Ішкі үзілу ішкі объектілерден сигнал келген кезде туындайды: уақыт
датчигінен (электронды сағат), инженер пультындағы запрос кнопкасынан,
оператордың және де басқа ЭЕМ құрылғыларынан, ЭЕМ мағлұматтарына қосылған;
байланыс каналы арқылы мағлұматтарды жіберу аппаратынан, технологиялық
процесстердің датчиктарынан және т.б.

3. Енгізу-шығару құрылғыларынан пайда болған үзілулер процессордың
перифириялық құрылғылардың күйі туралы байланыс каналы арқылы ақпарат алып
отыруға мүмкіндік береді және осы сигналдарға жауап береді. Енгізу-шығару
құрылғыларынан пайда болған үзілулер мынадай жағдайда пайда болады, яғни
канал және ПФУ бұл операцияларды орындай алмайды; енгізу-шығару
операцияларының орындалу барысында ерекше жағдайлар (ақпараттағы қателік,
перфолентамен қағаздың үзіліп кетуі, перфокартаның және т.б. майысып қалуы)
; енгізу-шығару операцияларының аяқталу барысында.

4.Басқарушы бағдарламалар диспетчерине арналған үзілулер мынадай
жағдайда ғана болады, яғни ЭЕМ мен ЕЖ әрекеттерді басқару алдын ала
ойластырып койылады. Мысалы: жұмыстық бағдарлама өз әрекетін атқарып
жатқанда, ЭЕМ-нің өзінің мүмкіндігінен асып түсетін әрекет орындаған кезде,
ол процесс бағынушы бағдарлама түрінде сұраныс жібереді, яғни осыдан кейін
әрекеттің барлығы сол бағынушы бағдаоламаға өтеді. Басқарушы бағдарламаға
ұсыныс жасай арқылы енгізу және шығару қйымдастырылады, жадыны қайта бөлу,
бағдарламаның іске асырылуы тоқтатылады.

х86 процессорларының базасында ДК-лерде үзілулерді үлестіру

х86 процессорларының базасында құрылған барлық ДК-лер үзілулер
арқылы басқарылады, аппараттық немесе программалық қамтамасыз ету
барысында. Бұл үзілулер 6 санатқа бөлуге болады:

- микропроцессорларда үзу;

- аппараттық;

- программалық;

- операциялық жүйе;

- BASIC;

- адрестік және ортақ мақсат үшін.

Микропроцессорлық үзілу және аппараттық үзулулер процессорда
орнатылған және ДК-дің аппараттық қамтамасыз етуінде. Он алты үзілу
ішіндегі сегізі өзгертуге келмейді. Үзілулер келесі түрде көрсетілген,
келесі кестені қараңыз 5.1.

Аппарттық үзілулердің орналасуы

5.1. Кесте

Үзілу реті Мақсаты

0 Системалық таймер
1 Пернетақта басқарушысы
2 Кадрды қайта айналдырып әкелу сигналы (видео), 9
байланысты
3 СОМ2СОМ4
4 СОМ1СОМ3
5 Бос
6 Басқарғыш FDD
7 LPT1
8 Автономдық ток көзімен нақты уақыт сағаты
9 2-ге параллельді
10 Бос
11 Бос
12 Тышқан басқарғышы PS2
13 Математикалық сопроцесс
14 Басқарғыш IDE HDD (бірінші канал)
15 Басқарғыш IDE HDD (екінші канал) 65

Программалық үзілу ROM-BIOS-тың бағдарламасының бір бөлігі болып
табылады. BIOS-тың бағыныңқы бағдарламалары, осы үзілумен шақырылатын
өзгертуге келмейді, бірақ сол бағыныңқы бағдарламаға бағытталған векторлар
келесідей түрмен өзгертіледі, яғни олар келесідей түрмен өзгертіледі, олар
басқа бағыныңңқы бағдарламаға бағытталады. Резервтеліп қойған кодтар - 5,
16-28, 72.

Операциялық жүйені үзу (ОЖ) Операциялық Жүйеде қолданылады. Көптеген
бағдарламалар және бағдарламалау тілдері дисктік енгізу-шығару
операцияларымен байланысты ОЖ арқылы үзуді өзінің негізгі операцияларын
орындайтын кезде операциялық жүйенің қызметтік функциясын пайдаланады.
Резервтеліп қойған кодтары - 32-255 (қолданылады 32-96).

BASIC үзілуі BASIC-тің өзімен байланыстырылады және меншіктеледі,
қол жетімді болады тек сонда ғана егер BASIC өзі қолданылса. Резервтеліп
қойған кодтары - 128-240.

Адрестік үзілу векторлық үзілу кестенің белгілі бір бөлігі болып
табылады және сегменттік адретерді сақтауға қолданылады. Бұл үзілулер
қандай да бір шынайы үзілулермен байланысы болмайды немесе бағыныңқы
бағдарламалар үзілулрін өңдеу.Осылардың үш кестесі негізгі маңызды үш
кестемен байланысты болады: суретті инициалдау кестесі, дисктің негізгі
кестесімен және графикалық символдар кестесімен. ROMBIOS алғашқы жүктелу
процедураларымен жәнеграфикалық сигналдардық генерациясы кезңнде осы
кестелердің параметрлерін пайдаланады. Резервтеліп қойған кодтары - 29-31,
68,73.

Ортақ мақсаттағы үзілулерді өзіміздің бағдарламалармен орнатып
увақытша пайдалануға ғана қолданамыз. Резервтеліп қойған кодтары - 96-106.

Үзілулер приоритеттері

Үзілу сұранысына дейін жұмыс істейтін бағдарламаларды, үзілуші
бағдарламалар деп атайды. Міндетті түрде үзілуді талап ететін
бағдарламаларды- үзуді ұйымдастыратын бағдарлама деп атайды.

5.1 суретте жүріп жатқан П1 бағдарламасының уақытылы үзу диаграммасы
көрсетілген. Үзу туралы ұсыныс түскенде (3П) процессор үзуші бағдарламаға
бірден кіріспейді П2, яғни үзу туралы ұсынысқа жүйе анализ жасауға біршама
уақыт кетеді. П2 Үзуші бағдарлама іске кіріскеннен кейін, үзілген
бағдарламаның күйін еста сақтау үшін tз уақыт өтеді, ал одан кейін tп уақыт
аралығында үзуші бағдарлама жұмыс істейді. Содан кейін бірден tв уақыт
ішінде үзілген бағдарламаның жай күйі қалыпқа келтіріледі және оған басқару
беріледі. Үзілген бағдарламаның қалыпқа келтірілген жай күйін есте сақтауға
П1 және оған қайтып келетін уақытты бағдарламаға қызмет көрсету уақыты деп
атайды. Жауап қайтару уақыты tp кызмет ету tо=tз+tв үзу процессын
ұйымдастыру барысында машинаның қанша уақыт жоғалтқанын мінездейді және ЭЕМ
үзу ұсынысына қызмет ету жылдамдығын білдіреді.

Бағдарламаның үзілу процессінің уақытша мүмкін диаграммасы

5.1. Сурет

Қайта-қайта ұсыныстар арқылы туындайтын бірін бірі үзуші
бағдарламалардың максимальды саны үзілудің тереңдігі деп атайды. Жалпы
жағдайда үзуге түскен ұсыныстың маңыздылық сатысы оның үзуші бағдарламалар
жүйесіне түсу уақытына және ұсыныстың шығу көзінің характеріне байланысты
болады.Сондықтанда әрбір үзу ұсынысына шығу көзінде оған мағыздылық сатысы
қойылады немесе үзу тереңдігі қойылады. Ең үлкен маңыздылық саты (нолдік
саты) ол ЭЕМ-ді басқарушы схемасынан асып түседі. Нолдік сатыдағы үзу кез
келген 1, 2, ... , n сатыдағы n сатыларды (n+1) белгілеген кездегі
бағдарламаларды үзуге шамасы жетеді.

Бiрiншi деңгей енгiзу шығару құрылымдарынан үзулерге тағайындайды ,ал
екiншi деңгей - сыртқы үзулер, үшiншi деңгей - программалық үзулерге және
басқарушы программаға үндеу кезінде үзулерге - диспетчер. Бұл екi үзу
деңгейі бiр-бiрлерiн өзара жоққа шығарады, сондықтан бiрдей басымдылықтарды
алады.

Бірінші деңгейдің үзілулері екінші және үшінші деңгейдің
бағдарламаларын үзе алады, бірақ нөлдік деңгейдегі бағдарламаларды үзе
алмайды. Уақытша диаграммада (сур. 5.2) 3Пi сұранысының олардың деңгейіне
байланысты көрсетілген.

Үзу сұраныстарының деңгейін есепке алғандағы жүйедегі бағдарламалардың
орындалуының анықтамасы

Рис. 5.2.

Деңгейлерді енгізуге байланысты жекелеген сұраныстар үшін реакция уақыты tр
көбейеді.

Үзілулерден қорғау

Үзу сұраныстарына процессор мынадай қадам жасау керек, яғни ол
жекелеген себептерге байланысты үзулерді белгілі бір уақыт аралығында
тоқтата тұру керек, бірақ сол уақыт аралығында басқа да үзу сұраныстары
жүре беру керек. Бағдарламалық басқару деңгейінің маски-код негізіндегі
үзулерден қорғау қазіргі таңдағы ЭЕМ- дерде көптеп тараған, олар екілік код
түрінде және олардың разрядтары жекелеген себептер үшін, үзу деңгейіне
сәйкес келеді. Егер маска разряды 0 мәніне ие болса, онда оған сәйкес үзілу
себебі жасырын болады және процессор осы үзу сұранысына мән бермейді. Егер
разряд маскасы 1 мәніне ие болса, онда оған қатысты үзілу процессі себебі
жасырын болмайды және процессор үзбеу сұранысын қабылдайды.

Үзілу себептеріне байланысты жасырын сұраныстар екі жақты болып
түседі немесе олар еленбейді немесе сол әрекетті тыйым салынып болған соң
орындау үшін есте сақталынып қалады. Мысалы, егер үзілу перифериялық
құрылғының ішіндегі аяқталумен шақырылса, онда ереже бойынша есте сақтау
керек әйтпесе ЭЕМ перифериялық құрылғы өз жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат
алмай қалады. Разрядтық сеткадағы немесе арифметикалық операция орындалу
кезінде шақырылатын үзілулер, жасырын түрде берілгенде оны процессор
елемейді, өйткені бұл ұсынысты есте сақтау осы бағдарламаның шешімінің
бұзылуына әкеліп соғады.

Қазiргi таңдағы ЭЕМ-дердегi үзулерді iске асыру аппараттық және
программалық құралдармен іске асады және оларға үзу жүйесі деген ат
қойылған. Аппараттық құрылғылар көмегімен үзілу сұраныстарының сигналдары
анықталады, бағдарламалық құрылғылардың функцияналдануы үшін, ақпаратты
сақтау ұйымдастырылады және де ескі бағдарламаны қайта қалпына келтіруге
үзу бағдарламасына басқару беріледі. Бағдарламалық құрылғылардың көмегімен
процессордың жай күйі туралы ақпарат және регистрлерге жазу жүргізіледі.
Үзуге қызмет етудің барлығы, қоса алғанда номерді анықтау және құрылғының
типін, қателік түрін, бағдарламалық қамтамасыз етуге жүктеледі. Кей кезде
бағдарламалық қамтамасыз ету ескі бағдарламаға яғни үзілген бағдарламаға
қайта оралу әдісін анықтайды.

Үзуді өңдеудің екі әдісін қарастырады: сұраныс бойынша және векторлық.

1. Сұраныс бойынша үзу. Аппараттық және программалық құралдар
көмегімен үзуді ұйымдастыруды сұрап жаткан құрылғыны табу үшін әрбір
перифериялық құрылғыда сұрау жүргізеді.Содан кейін үзуді ұйымдастыратын
сәйкес бағыныңқы бағдарламаға ауысу жүреді және ол сұралған әрекетті
орындайды.Перифериялық құрылғының деңгейі оның сұраныс жасалғандағы орнымен
анықталады.

2. Векторық үзу. Сұраныс сәйкес бағыныңқы бағдарламаға беріледі, яғни
барлық перифериялық құрылғылар бірдей деңгейде болады. Бұл жағдайда сұрау
қажет емес өйткені үзуге кететін уақыт, сұраумен жүргізілетін үзуге
қарағанда аз кетеді.

Үзу жүйесінің ерекшелігі мұнда, яғни үзуді қамтамасыз ету үшін
қолданушының жұмыстық бағдарлама деңгейінде ешқандай жұмыс атқарудың қажеті
жоқ. Өз бағдарламасын құру барысын да программист үзу жүйесі туралы ештеңе
білмеуі мүмкін. Бірақ жүйелік бағдарламалаушыға ерекше үзуге қызмет жасау
бағдарламаларын жасап шығару керек, құрылғыға қатысы бар.Мұндай
бағдарламалар бағдарламалық қамтамасыз етуде болмай қалған жағдайда өзіне
жазуға тура келеді.

Үзу (ағыл. interrupt) — процессорға келетін қандай да бір оқиға
туралы мәлімет беретін сигнал. Кезектесіп болатын командалардың жұмысы
уақытша тоқтатыла тұрады және үзуді өңдеушіге басқару беріледі, яғни ол
болып жатқан оқиғаларға жауап қайтарады және қызмет етеді, ал болғаннан
кейін басқаруды үзілген кодқа қайтарады.

Пайда болу көзіне байланысты үзілу сигналдары мынадай түрлерге
бөлінеді:

▪ Асинхронды және ішкі (аппараттық) — сыртқы құрылғылардан шығатын
оқиғалар ( мысалы, перифериялық құрылғылар ) және олар кез келген уақытта
болады: таймерден келген сигнал, желілік карта немесе дисктік жинақтаушы,
клавиатура кнопкалары басылғанда, тышқанды қозғалтқанда. Факт бойынша
жүйедегі мұндай үзілу үзілуге сұраныс сияқты тракталып
отырады. (ағыл. Interrupt request, IRQ);
▪ синхронды немесе ішкі — машиналық кодтың орындалуы кезіндегі шарттардың
бұзылуының себебінен болатын процессордағы оқиға: нолге бөлу немесе толып
кету, рұқсат берілмейтін адрестерге үндеу немесе рұқсат етілмеген код
операциясына;
▪ программалық (ішкі үзілудің жекелеген жағдайы) — программа кодындағы
ерекше нұсқау бойынша инициалданады. Орнатылған бағдарламалық қамтамасыз
етудегі функцияларға үндеу жасау үшін қолданылады
(firmware), драйверлерде және операциялық жүйелерде.

Ловушка термині (ағыл. trap) үзу терминіне синоним ретінде
қолданылады немесе ішкі үзу деген мағынада да қолданылады. Заң бойынша,
сөзқолдану өндірушінің нақты процессор архитектурасында қағаз жүзінде
орнатылады.

Тыйым салудың мүмкіндіктеріне байланысты сыртқы үзілулер мынадай
түрлерге бөлінеді:

▪ маскировка жасалатыны — сәйкес келетін биттерді регистрге үзуге
маскировка жасау арқылы орнатып үзуге тыйым салу ( x86-процессорларда —
регистрлер жалаушасындағы IF жалаушасын тастау арқылы);
▪ маскировка жасалынбайтыны (ағыл. Non maskable interrupt, NMI) — басқа
да үзулердің тыйым салуына қарамастан әрқашан өңделеді. Мысалға
келтіретін болсақ мұндай үзілу микросхема жадысындағы ақаудың әсерінен
туу мүмкін.
Үзілулерді өңдеушілер қарапайым жағдайда мына түрде жазады, яғни
олардың өңделу уақыты барынша аз болуы керек, өйткені ол уақытта басқа да
үзулердің өңделуі тоқтап тұрады, ал егер олар көп болса (егер олар бір
шығу көзінен болса), олар жоғалып кетуі мүмкін.

Үзілу өңделіп бітем дегенше қарапайым жағдайда осы типтағы үзілулерге
тыйым салына тұрады, яғни процессор бір үзудің өңдеу циклынан шығып кетпес
үшін. Приоритезация -дегеніміз бұл әрбір үзудің шығу көзі класстарға
бөлінеді және әрбір классқа өзінің үзуге сұранысына сәйкес деңгейі
орнатылады. Приоритеттер қатысты және абсолютті болып қызмет көрсете беруі
мүмкін.

▪ Үзілуге қатысты қызмет жасау мынадай мағына береді, яғни үзуді өңдеудің
уақытында басқа бір приоритетті үзілу түссе ол үзілу болып жатқан үзілуді
өңдеу процедурасынан кейін ғана өңделеді.
▪ Абсолюттік қатысты қызмет көрсету дегеніміз ол егер үзуді өңдеудің
уақытында басқа бір приоритетті үзілу түссе онда болып жатқан процедура
тоқтатылып, процессор жаңадан келіп түскен приоритетті үзуді өңдей
бастайды.Соңғы процедура біткеннен кейін процессор тоқтатылып қойған
процедураны өңдеуге қайта оралады.

Үзу кестесі
Үзу кестесі — құрылғыға бекітілген номер, ол үзуді өңдеушіні
идентифициалдайды және оған сәйкес келеді. Үзу векторлары үзу векторларының
кестесіне келіп бірігеді және онда үзуді өңдеушілердің адрестері болады.
Кестенің орналасу орны, процессордың жұмыс істеу режимі мен оның түріне
байланысты болады.

Программалық үзу

Программалық үзу — бұл синхрондық үзу яғни бұл үзуді тек қана арнайы
ережесі бар бағдарлама арқылы іске асыруға болады.

x86 архитектуралы процессорларда синхронды үзуді шақыру үшін Int
командасы шақырылады, оның аргументі үзу нөмері болып табылады ( 0 ден 255
дейін ) . IBM PC-де ұқсас комньютерлерде кейбір үзулердің өңдеуін ПЗУ да
сақталатын BIOS бағыныңқы бағдарламалары орындайды және бұл BIOS
сервисіне рұқсат алу үшін интерфейс қызметін орындайды. Және тағы да үзуге
қызмет жасауды өзіне BIOS-тың кеңейту картасы ( мысалы, жүйелік және
видеокарта), операциялық жүйе және де қарапайым ғана (қолданбалы)
бағдарламалар өз мойнына ала алады және олар әр уақытта басқа
бағдарламалардың жұмыс істеу кезінде жадыда болады (бағдарлама
резиденттері) . Нақты уақыт режиміне қарағанда, x86 процессорларындағы
қорғаныс режимінде қарапайым бағдарламалар үзуге қызмет жасай алмайды, бұл
функция тек қана жүйелік кодқа ғана жол беріледі.

MS-DOS өздерінің модульдарымен және қолданбалы бағдарламаларымен
бірегей жұмысты қамтамасыз ету үшін 20h-тан 3Fh-қа дейін номерлері бар
үзулерді пайдаланады (бұл сандар он алтылық есептеу жүйесінде, яғни
тілімізге үйреншікті ассемблердің х86 бағдарламалау тілінде берілген).
Мысалы, MS-DOS-тың көптеген негізгі функцияларын рұқсат алу үшін Int
21h нұсқауы арқылы жүзеге асады (соның өзінде функция және оның
аргументтері регистр түрінде беріледі ). Бұл номерлердің үлестіруі
аппаратты түрде бекітіліп қойған және басқа да бағдарламалар өздерінің
үзуді өңдеушілерін солардың орындарына немесе орнатылып қойған
өңдеушілердің үстіне орнатуға болады.Бұлардың барлығы функционалдықты
өзгертуге және жүйелік функцияның тізімін кеңейтуге үшін қолданылады. Және
де мұндай мүмкіндіктерді вирустарда пайдаланады.

Жүйенің аппаратық қоры
Компоненттер өзінің жұмыс үшін үш негізгі әр түрлі аппараттық қор
сұратуы мүмкін.Практикалық түрде кез келген құрылғы бір немесе бірнеше
енгізушығару порттарын пайдаланады. Қазіргі жағдайда кезектестік немесе
параллелдік порт туралы сөз қозғалынып жатқаны жоқ, тек қана жай арнайы
адрес, оперативті жады сияқты нәрсе. Бұл порттармен жұмыс орталық
процессордың арнайы командалары арқылы жүзеге асады, солардың көмегі арқылы
порт қандай да бір ақпаратты жазып алады немесе одан оқылады. Көбінесе
процессорлармен құрылғылар арасындағы ақпарат алмасу порттар арқылы жүзеге
асады.Кейбір құрылғылар өзіне ондаған немесе кейбір жағдайларда оданда кқп
порттар адрестерін алады.Олардың әрқайсысы қандай да анықталған функцияны
іске асыру үшін қызмет атқарады.
Анағұрлым сирек жағдайларда жадыға тікелей каналды пайдаланады (DMA -
Direct Memory Access). Бұл түрдің өзара әрекеттесуі оперативтік жадыдағы
үлкен мәліметтер блоктарымен алмасатын құрылғыларға арналған.Мысалы,
дисктік мәлімет жинағыштар және принтерлер. Барлық алмасу орталық
процессорды айналып өтеді.Олар тек қана алмасу процесін бастайды да бірден
басқа жұмысқа кірісіп кетеді. Мұндай жол барлық жүйенің өнімділігін өсіруге
мүмкіндік береді.
Ресурстардың үшінші түріне аппараттық үзу жатады.Олар жүйенің сыртқы
оқиғаларға базалық механизмінің реакциясын білдіреді.Аппараттық үзу
қарапайым жағдайда IRQ (Interrupt ReQuest) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МП жүйесіндегі интерфейс
Логикалық элементтер
Күшейткіштің жұмыс істеу принципі
Микропроцессор туралы жалпы сипаттама
Микроконтроллер құрылғысына арналған программалық қамтамасыз етуді әзірлеу
Қуат күшейткіштері
Күшейткіш элементтер туралы жалпы түсінік
Микропроцессор негізінде микро ЭЕМ-і ұйымдастыру
МП жүйесіндегі енгізу-шығару
CISC архитектуралы микроконтроллерлер жайлы
Пәндер