Адам капиталының қалыптастырушы факторлар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КIРIСПЕ 3

I-ТАРАУ. АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI

1. 1 Адам капиталы экономикалық категория ретінде. . 5

1. 2 Адам капиталының қалыптастырушы факторлар . . . 9

II-ТАРАУ. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

2. 1 Қазақстан Республикасында адам капиталының қалыптастыру ерекшеліктері14

2. 2 Білім беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi. 21

ҚОРЫТЫНДЫ . …. 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . …… . . . 31

КIРIСПЕ

Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды.

Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылығын таңдауда жеткізуші мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр.

Біздің ойымызша жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын анықтайды, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық база бередi.

Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде ғсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек жғне еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бғрі бағытталу керек.

Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда.

Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi - ұлттық мәдениеттiң, ұлттық танымның көрсеткiшi, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп қана қоймай, өзгерiстерге әсер етедi. Бiлiм тұлғаны әлеуметтiк-экономикалық процеске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор болып табылады. Сол себептi бүкiл әлемде бiлiм беруге ерекше көңiл бөлiнедi.

Жаңа XXI ғасыр өзінің әлеуметтік-экономикалық кеңістігіне шықты, оның орталығында - өзінің табиғи жғне жинаған қасиеттерімен, яғни мүмкіндігі, іскерлігі, өмірлік мамандық тғжiрибесімен адам тұр.

Дамудың стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асырудан, және ең құнды ресурсы - адам капиталын дұрыс қолданудан Қазақстандағы экономикалық реформа нәтижесі мен болашағы шешіледі.

Тәуелсiз Қазақстан үшiн дамудың жоғары сатысы жеткен деңгейдi тұрақтандырып, әрi қарай бiлiм берудi дамыту болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы және құрылуы. Зерттеудiң негiзгi алға қойылған мақсаттарды шешу:

  • Адам капиталы - экономикалық категория ретiнде.
  • Адам капиталы - соған салынатын инвестиция негiзi ретiнде.
  • Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы экономикалық зерттеу пәнi ретiнде.
  • Адам капиталы теориясының көзқарасы тұрғысынан бiлiмге салынған инвестиция.
  • Қазақстандағы адам капиталының бiлiм беру компонентi.
  • Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi.
  • Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы жетiстiктер мен кемшiлiктерi.

Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда.

Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады. Адам капиталын қоғам модернизациясы үшін қолданудағы жақсы жақтар төмендегідей.

  1. Құндылықтар құру арқылы нарықтық ортада әлеуметтілікті жеңілдету, негізгі әлеуметтік жетістіктерді, экономика және әлеуметтік қатынастар саласындағы тғжiрибелік біліктілікті игеру арқылы өз жағдайы мен қоғам жағдайы үшін жауапкершілігі.
  2. Алкогольді, наркомания және қылмыстылықтың тарауына қарсы тұру, әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.
  3. Жас өспірімдердің әлеуметтік және экономикалық рөлдерінің жедел өзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын тұлғаларға арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан талантты, пысық жасөспірімдерді қолдау арқылы қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету.
  4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас талаптардың енуiне қолдау көрсету.
  5. Өзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін қоғам еркіндік ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беру керек.

Білімге әлеуметтік тапсырыс мемлекет тарапынан жасалатын тапсырыс емес, жанұя және кәсіпорындардың қызығушылығының да жиынтығы болу керек.

1. 1 Адам капиталы экономикалық категория ретiнде

Экономикалық өсуге адам капиталы тұрғысынан жақындау экономикалық мәселелердi тәжiрибелiк шешудегi өзiн-өзi жылжытудың шығармашылық көзiн бiрiншi орынға қояды. Бүгiнгi таңда қазiргi өндiрiстегi индивидтiң орны мен рөлiн “адамды орталықтандырып” қайта қараған жөн, себебi адам дамуының басты шарты ретiнде жұмысшы күшiнiң факторлы рөлiнiң азайып, оның мақсаттылық, бақылау және басқару функциялары өсуде.

Дәстүрлi көзқарастан бас тарту тек экономикалық өсудiң жаңа теориясын жасау және дамыту жолында ғана мүмкiн. Ол жиналған адам капиталының мөлшерi мен динамикасын, оның қоғамдық байлық құрылымындағы орны мен рөлiн, даму перспективасы мен тенденциясын анықтауға ғана мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен қатар өндiрiстiң материалдық факторына салынған инвестициямен салыстырғандағы адамға салынған салымның экономикалық тиiмдiлiгi мен әлеуметтiк мәнiн бақылауға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнгi таңда экономикалық өсудiң көптеген модельдерi мен теориялары жасалған, олар екi топқа бiрiктiрiлген:

  1. Өсудi қамтамасыз ету көздерiне, факторларына, шарттарына басты назар аударатын қайта өндiру мәселесiн көтерiп отырған теориялар.

2. Институтционалды-ғлеуметтiк теориялар, онда басты назар әлеуметтiк тенденцияға өсу бағасы мен нәтижесiне аударылған, соның iшiнде “институтционалдық құрылғы” рөлi мен оның тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге.

Бiздiң ойымызша үшiншi топты атап көрсетуге уақыт келдi.

“Адам капиталы” теориясын, ол өз көзқарасын адамға инвестициялаумен байланысты жаңа көздермен өсу факторларына бағытталған. Яғни экономикалық өсудiң құрылып келе жатқан типiнiң динамикасы өндiрiсте қолданылатын материалдық жағдайына емес, ақпараттық, басқарушылық “адам” ресурсын дамытуға байланысты, бұл индивид қажеттiгi мен мүмкiндiгiн әмбебап дамытуды қажет етедi. Жұмысшының жеке тұлға ретiндегi потенциалын басымдылықты дамытуға, бүкiл адам индивидуалдығын қоғамдық өндiрiс iс-әрекетiне енгiзуге бағытталған, бұл көзқарас қайта өндiру процесiне жақындауды, “адам өндiрiсi” оның мүмкiндiктерi байлығы тұрғысынан күрт өзгертедi. Сонымен қатар, әлеуметтiк қажеттiгiнiң бүкiл спектрiн қамтамасыз етуге бағытталған адамға деген салым экономикалық өсудiң жаңа типiн қамтамасыз ететiн шарт ретiнде көрiнедi. Адамды экономикалық талдаудың жүйелiк орталығына орналастыру “жоспарлы экономика” ғылыми-техникалық прогреске қойылған ставка уақыттарындағы нақты бейнесiн ашады. Істе даму абстрактылы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам капиталының iс-әрекетi. Ол тек материалды негiзгi қорды құрып оның ғылыми-техникалық “негiзiн” көбейтiп қана қоймай, сонымен қатар тұтынуға деген мүмкiндiктi қоғамдылық қажеттiлiк жүйесiнiң құрылымы мен сипатын кеңейтедi.

Экономикалық өсудiң жаңа типiн камтамасыз ету көбiне шығармашылыққа және бейiмдiлiкке тәуелдi. Жеке бастың шеберлiгi, еңбекке ынталылығы, мамандану деңгейiнiң жоғарылығы және тағы басқалары жоғары бағаланады. Мұнда жаңа шаруашылық жүйе жайында сөз қозғалып отыр. Басты орында тәрбие мен бiлiм сапасы, демалыс пен жалпы мәдениетi, денсаулығы қоғам лидерлiгi, шаруашылық егемендiгiне қолдауға бағытталған экономикалық ортадағы ұстамдылығы тағы басқалары маңызды рөл атқарады.

Индустриалдықтың орнына келген экономикалық өсудiң жаңа типi мына көзқарас тұрғысынан альтернативтi:

  1. Өндiрiстiң материалдық жағдайына емес, адамға деген инвестициялар көздерiнiң өсуi.

2. Материалдық қор мен еңбек құралдары емес, интеллектуалдық, ақпараттық ресурстар секiлдi факторлардың бастылығы.

3. Құндық формаға емес, адам капиталына мақсатты бағыттау.

4. Нәтиженi бағалау критериi - адам қажеттiгiн қанағаттандыру дәрежесi, ең бiрiншi шығармашылық еңбек пен еркiндiк қажеттiгiнде.

Бұл негiз экономикалық өсудiң жаңа типiн анықтауға мүмкiндiк бередi және адам - құрал емес мақсат деген ойға әкеледi.

Экономикалық өсудi адамдық өлшеуге көшу адамды өндiрушi және тұтынушы ретiнде әлеуметтiк-экономикалық механизм ортасына қоюға мүмкiндiк бередi. Бұл өз алдында экономикалық ғылымның категориялық ақпаратында өзгерiстер болатынын байқатады. Тек бұрын қалыптасқан категорияларды қайта ойластыруға емес, жаңаларын жасауға соның iшiнде қоғамдық өндiрiске, оның адамдық өлшемiн беретiн фундаменттiк категорияны жасауға мүмкiндiк бередi. Мұндай фундаменттiк категориясына “Адам капиталы” категориясы да жатады. Адам капиталы түсiнiгi интенсивтi түрде әлемдiк экономикалық ғылымда қолданылады, ол адам туралы, интеллектуалдық әрекет рөлi туралы, адамға деген салымның жоғары тиiмдiлiгi мен қажеттiлiгi туралы адам өмiрiнiң негiзгi формасы ретiнде еңбектi гумманизациялап байыту туралы бiрқатар жағдайларды жоғары бағалады.

Адамның әрекет етуi оны қолданудағы қайтарымдылық субъектiнiң еркiн қатысуымен негiзделген оның жеке қызығушылығымен оның материалдық және моральдық қызығылушығымен, жауапкершiлiгiмен, мәдениет және экономикалық көзқарастың жалпы деңгейiмен негiзделген.

Көпшiлiк күрделi қозғаушы күшi ретiнде тек әр индивид өзiн жеке тұлға ретiнде көрсете ғана алады.

Кез-келген қоғам саласының - экономикалық, саяси, әлеуметтiк әрекет етуi ең алдымен адамдарға байланысты. Бұл адамдардың мүмкiндiктерi қандай болса, саласы қандай болса - жүйе де сондай болады.

Ұлттың байлығы оның адам капиталына негiзделген жапондар олардың өмiр сүруi табиғи емес адам ресурсына байланысты екенiн әрқашан да бiлген. Бұл жерде адам капиталын экономикалық категория ретiнде қарастыру керек екенiн ойлау керек. Өндiрiс пен экономиканың дамуының жаңа заңдары мен тенденцияларына сәйкес индивидтiң өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң параметрлерi мен аспектiлерiн көрсету тек категория жүйесiн қолданса ғана мүмкiн болатынын айтқан жөн. Ал “адам капиталының” мәнiн толық ашу үшiн “адам”, “адам потенциалы”, “жұмысшы күшi”, “адам ресурсы” түсiнiктерiмен бұл категорияның орнын анықтауымыз керек.

Бiздiң ойымызша “адам капиталын” талдаудағы методологиялық нәтиже “адам” болып табылады.

Себебi адам - нақты түсiнiк, ал адам капиталы одан туындап отыр, бұл түсiнiктiң бар болуына адамның болуы әсер етедi. Қоғамдық тарих адамның пайда болуынан және қауымдастықтан басталады.

Адамдар қоғамның бiрiншi қажет алғы шарты, ал адам - қоғамдық өзгерiстiң көзi мен алғы шарты, материалдық өндiрiс негiзi. Яғни адам - барлық адамдар iс-әрекетiнiң, барлық адамдар қарым-қатынасының базасi болып табылады.

“Адам ресурсы” түсiнiгiмен қатар “Адам потенциалы” түсiнiгi жиi кездеседi.

Адам капиталы - тәрбие және бiлiм алу процесiнде құралатын адамның өндiрiстiк потенциалы. Н. И. Захаровтың айтуынша “адам потенциалы” “адам капиталына” қарағанда кең ұғым. Оған елдiң барлық тұрғындары мәдени тарихи тәжiрибесiмен, бiлiмiмен, мүмкiндiктерi кiредi.

Бiздiң ойымызша “Адам капиталы” “Адам потенциалы” ұғымының бiр бөлiгi.

Қазiргi экономикада ғылымында басқа да түсiнiктер қолданылады: еңбек ресурсы және адам ресурсы.

Еңбек ресурсы еңбекке қабiлеттi жастағы тұлғалар жғне еңбекке қабiлеттi жастан асқан, бiрақ жұмыс iстейтiн тұлғалар жатады.

Бұл категория маңызды ғылыми танымдық мәнде, “адам ресурсы” терминi

ресурстарға толық жақындауды, сонымен бiрге бастысы адаммен жақындауды бiлдiретiндiктен маңызды болып саналады.

Бұл анықтамалардан көрiп отырғанымыздай адам капиталы түсiнiгi К. Маркстiң жұмыс күшi анықтамасына жақын әкелiнген. Алайда қарастырылған түсiнiктер бiрдей емес.

Методологиялық негiз жасау мақсатында әрi қарай талдау үшiн бұл түсiнiктер қандай жағдайда тұрғанын анықтау керек. Олар қоғамдық қайта өндiрiстiң бiр ғана факторын сипаттаса да, оны әр түрлi көзқараспен, экономикалық нақты жағдайды талдаудың әр түрлi сатысында сипатталған “Жұмыс күшi” техника-экономикалық тәртiптегi категория, ал адам капиталы қоғамдық қайта өндiрiс категориясына жатады.

Жұмыс күшi - бұл еңбекке қабiлеттiлiгi, ал адам капиталы - бұл қабiлеттiлiктi жүзеге асыру, бiрiншi жағдайда ол ұстаушының потенциалдық мүмкiндiктерi, ал екiншi жағдайда нақты ұстаушы көрiнiп тұр.

“Адам капиталын” сипаттағанда келесі ерекшелiктердi ескерген жөн.

  1. Қазiргi жағдайда адам капиталы экономикалық өсудiң басты факторы болып отыр. Д. Грейсон айтқандай: “Адам капиталы - ең тиiмдi ресурс, ол табиғи ресурс немесе жиналған байлыққа қарағанда маңызды” “Завод, құрал жабдық жғне өндiрiс запастары емес адам капиталы бәсекелестiк қабiлет пен экономикалық өсу жғне тиiмдiлiктiң көзi болып отыр”.
  1. Адам капиталын құру, адамның өзiнен және бүкiл қоғамнан шығынды талап етедi.
  2. Адам капиталы мүмкiндiгi мен бiлiктiлiгi түрiнде нақты запас болады, яғни жинақтаушы болады.
  3. Адам капиталына салынатын инвестиция оның иесiне болашақта жоғары табыс алуын қамтамасыз етедi.
  4. Адам капиталына салынатын салым көлемдi, уақыт бойынша ұзақ және сипаты бойынша интегралды экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк бередi.
  5. Адам капиталында физикалыққа қарағанда инвестициялық кезең ұзағырақ. Кемiнде ол 1-5 жылға дейiн құрайды, ал бiлiмге деген инвестициялық кезең 12-20 жыл құрайды.
  6. Адам капиталы физикалық капиталдан өтiмдiлiк дәрежесiмен

ерекшеленедi. Адам капиталы оны ұстаушыдан тiрi жеке тұлғадан бөлiнбейдi.

Осылайша “Адам капиталы” категориясы экономика ғылымындағы негiзгiлер қатарына жатады. Оны жасау өндiрiс қызметiмен, бүкiл экономикалық-әлеуметтiк жүйемен байланысты кең көлемдегi мәселелердi шешуге мүкiндiк бередi.

“Адам капиталы” категориясын талдау және оның дамуымен, әрекет етуiмен, қайта өндiруiмен байланысты мәселелердi талдау, әлеуметтiк- экономикалық даму моделi мен парадигмасын өзгерту кезеңiнде ерекше өзектiлiкке ие болады.

1. 2 Адам капиталының қалыптастырушы факторлар

Өндiрiс процесiне адам баласының қатынасуы, қазiргi кезеңге экономикалық фактор бiлiм сапасына көлемiне байланысты ықпал етедi. Адам капиталының қалыптастырушы факторлар қазiргi өндiрiстiң жетiлуiнiң талаптарына сай болуы керек. Сол кезде ғана адам баласының қосқан үлесiнiң тауар және қызмет, өндiрiс сапалығының жоғарлауы, көбеюi, өндiрiстегi еңбектiң жоғарлауы, сұранысы, экономикалық өсiмi, масштабы қоғам алдында ақталады.

Адам капиталын экономикалық факторға салған инвестиция түрiнде шығындану, әрбiр тұтынушының немесе индивидтiң бiлiм процесiнде дамуына алып келедi.

Адамдардың капиталдық қалыптастырушы фактор мүмкiншiлiгiнiң болмауынан бiлiм сапалығының төмен жұмысшыларға әкеп соғады. Белгiлi тәжiрибеге байланысты бiлiм рөлiнiң байланыстылығы көрiнедi. Халықаралық нарықтағы мемлекеттердiң қосылуына байланысты бiлiм деңгейiнiң сапалығына мүмкiндiк бередi. Ұлттық бiлiмнiң даму деңгейi мемлекеттiң саяси және экономикалық шарттармен, әлемдiк экономикалық қоғамдармен байланыстырады. Адам капиталының қалыптастырушы факторы арқасында бiлiм жинақтауы үлкен материалдық шығын және бiлiм шеңберiндегi еңбек ресурстарын, тәжiрибелерiн, үстемдiлiгiн, бiлiмдiлiгiн өндiрiсте қолдана бiлуiне көмек көрсетедi. Бұл өмiр жағдайдағы бiлiм жинақтауына байланысты әлемдiк деңгейде мемлекеттердiң дамуына адам капиталының қалыптастырушы факторна карпитал масштабы кең көлемде құйылады.

60-жылдарда барлық мемлекеттерде бiлiмнiң дамуы тез арада өстi, оны шаруашылық шеңбермен салыстырсақ, бiлiм сапалы түрде үрдестiрдi. Бiлiмге құю экономикалық фактор өмiрде әр түрлi формада көрiнiс бередi. Бұл бiр жағынан әсер етедi. Алдағы бiлiмдi жұмысшылардың бiлiмiн артта қалдырып, жаңа технология, жаңа деңгей енгiзе отырып бiлiмнiң деңгейi жоғары жұмысшыларды әзiрлейдi. Сонымен, қандай бiлiм деңгейiне ұсыныс берер едiңiз ( бастауыш, орташа жоғары ) ? Қандай бiлiм формасын ұсынар едiңiз? Бiлiм экономикалық өсiмде табысты қайта бөлуде әсер етедi? Осындай сұрақтар тууымен, жауаптар iздестiремiз. әр адам бұл сұрақтарға байланысты әр түрлi жауап берер едi.

Зерттеу барысында табиғи ресурстары бар бай мемлекеттер, табиғи ресурстары төмен мемлекеттерден ықпалды стратегия құрады. Табиғи ресурстары төмен мемлекеттер адам капиталы қалыптастырушы факторға бас ұрады, ал жоғары деңгейдегi мемлекеттер өзiнiң күшiне сенедi. Статистикалық көрсеткiштерi бойынша дамыған мемлекеттер ықпалданған адам капиталына қалыптастырушы факторға сенiп отырған жағдайда, экономикалық өсу көрсеткiштер бойынша жақсы көрiнiс көрсеткен.

Адам капиталын қалыптастырушы факторы даму ықпалдығы сыртқы қарыздары бар мемлекеттердiң де мақсатында икемдi болады. Адам капиталынының факторға жалпы бiлiм инвестициясы әсер етедi. Қаншалықты ол жоғары болса, жинақталған нормадан абсолюттi көлемiне тең болады. Жұмысшыларды қайта оқыту немесе бiлiмiн жоғарлату ұзақ мерзiмдi икемдiлiгiн көрсетедi немесе экономикалық өсу үрдiсiнiң ғр түрлi формасының көрiнiсi. Статистикалық құжаттар бойынша бiлiмге инвестиция салу немесе құю, Жалпы Iшкi Өнiмнiң өсiмдiлiгiнiң 33 пайызға көтерiлгенiн көруге болады.

90-жылдары бiлiмге құйылған капитал жоғары дамып келе жатқан мемлекеттерде байқалды. Бiлiмге шығарылған шығын дамыған елдерде Жалпы Iшкi Өнiм 3, 5 - 4 пайыз құрайды. Ең жоғарғы шығын АҚШ мемлекетiнде 4, 9 пайыз, Ұлыбританияда 6 пайыз, Финляндияда 7, 3 пайыз, Дания жғне Швецияда 5, 5 пайыз, сонымен қатар Венгрияда 5 пайыз құрайды.

Жоғарғы бiлiмге салынып жатқан адам капиталының факторы өсiп келе жатыр. 1980 жылдан 1992 жылы аралығында Жалпы Iшкi Өнiм үлесi жоғарғы оқу бiлiмiне шығатын шығын Канада, Франция 17 пайыз, Дания, Венгрия 20 пайыз, Испания 40 пайыз, Финляндия 3, 2 пайызға өстi. Отандық бiлiм жағынан басқа процестер көрiнедi. Оны төмендегi кестеден көруге болады.

1-кесте

Қазақстан Республикасының Жалпы Iшкi Өнiмiне мемлекеттiк бюджетiнiң адам капиталынның қалыптастырушы факторының шығындары, пайызбен

:
1990: 1990
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
: Бiлiм
1990: 7, 0
1995: 4, 5
1996: 4, 6
1997: 4, 4
1998: 4, 0
1999: 3, 8
2000: 3, 6

Берiлген кесте бойынша Қазақстан Республикасының бiлiмге деген шығын жылдан жылға төмендеп бара жатыр. Мемлекет бюджетiнiң құрылымындағы өсiмдiлiк тенденциясы бойынша шығын 25 пайызға төмендедi, натижесiнде 1990 жылдан 2000 жылға дейiн 15, 5 пайыз.

Жергiлiктi және мемлекеттiк бюджетiнiң бiлiмге бөлiнетiн шығындардың арақатынасы өзгердi. Сонымен 1998 жылы жалпы шығын сомасы мемлекет бюджет тарапынан 21, 9 пайыз, жергiлiктi 78, 1 пайыз, 1999 жылы 16, 8 пайыз жғне 83, 2 пайыз құрады. Бiлiм министрлiгi жергiлiктi бюджеттен бiлiмге 1997 жылы 58755, 9 млн теңге, ал 1998 жылы 54071, 9 млн теңге бөлген. Ал жоспар бойынша 91 пайыз, 1999 жылы 61833, 4, 2000 жылы 70456, 8, 2001 жылы 76661, 9 млн теңге сома бөлiндi.

Бiлiм жүйесiнде жүзеге асырылған реформа арқасында қаржыландыру көмегiнiң төмендеуi салдарынан келесi сауалдарға ғкеп соқтырады.

Орташа және орташа мамандандырылған бiлiмнiң енуiне, тегiн мемлекет тарапынан кепiлдiк берiп оқыту. Өсiмдiлiкке байланысты аумақтық жғне әлеуметтiк теңсiздiктi тоқтату.

Бiлiмдегi деформация құрылымы: дайындалған құрылымның нарыққа байланысты төмендiлiгi, бiлiктiлiгi жоғары мамандардың төмендiлiгi.

Жоғары деңгейдегi ұлттық кәсiби мамандар нақты және натуралды ғылым, инженер бiлiмiне келiп тоқталады. Бiр жағынан орта және бастапқы бiлiмдi сапалы ұсынуымыз қажет.

Мемлекет тарапынан ең соңғы орынды бiлiмге бөлiп және де қаржыландыруды 2 есе төмендеттi. Адам капиталының қалыптастырушы факторын қолдануымен мемлекеттiң шығын механизм жұмысының төмендiлiгi мектеп, жоғарғы оқу орындары және ғимараттарды бiрқалыпты ұстауға, мұғалiмдерге еңбек ақысын, студенттерге степендиясын уақытылы төлемеуiнен байқауға болады. Қаржыландырудың төмендеуiнен жұмысшылардың және оқушылардың оқу, бiлiм сапасының төмендеуiне әкеп соғады. Бiлiм қызметiне берiлетiн қажеттi құралдар кiтаптар, коммуналды қызмет бұлардың барлық жоғарғы нарық бағасымен ұсынылады, ал мұғалiмдердiң еңбекақысы жанұясын қамтамасыздандыра алатындай қаржыландыру. Осындай кезектi сауалдар туындауынан сапалы бiлiм беру және қабылдау қиындыққа әкеледi. Бұл бюджеттегi шығындардың аздығы. Бiлiм жүйесiнiң дамуына байланысты педагогтардың оқыту методикасының өзгерiсi де әсер етедi. Дамыған экономикада қалыптастырушы факторының бiлiм құнының өсу тенденциясы жоғары бағаланады. Белгiленген бiлiмге бөлiнген шығын экономикада ақталады. Ең үлкен рөл мұғалiм құрылымының еңбегiне байланысты жоғары бiлiктi мамандарды дайындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері туралы ақпарат
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Адам капиталына салынған инвестициялар
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz