Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты



Жоспар
Кіріспе.
1 бөлім. Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері
1.1. Инвестиция түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Инвестицилардың мәні, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Инвестиция ұғымы, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Инвестициялық қызметтің субьектілері және ерекшеліктері ... ... ... ... .

2 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық инвестициялары
2.1. Портфельдік (қоржындық) инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Инвестициялық саясаттың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Қаржылық инвестициялар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Қаржылық инвестициялар әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Инвестициялық салымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мен курстық жұмысымды жаза отырып, “Кәсіпорынның инвестициялық саясаты” туралы тақырыбы бойынша бірнеше әдебиеттер, газеттерді қолдана отырып, инвестиция түсінігі, инвестицилардың мәні, жіктелуі, инвестиция ұғымы, түрлері, инвестициялық қызметтің субьектілері және ерекшеліктері, портфельдік (қоржындық) инвестициялар, инвестициялық саясаттың ерекшелігі, инвестициялық саясаттың жүзеге асуы, қаржылық инвестициялар түсінігі, қаржылық инвестициялар әдістері, инвестициялық салымдар аясындағы тақырыптарды жан-жақты қамтыдым.
Кез-келген кәсіпкерлік фирманың басты саласы инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары инвестицияға және ағымдағы шығындарды қаржыландыруға бағытталады.
Инвестиция – бұл пайда алу мақсатында кәсіпкерлік немесе басқа да қызметке алынған мүлік, бағалы қағаздар және ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты – біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық әдебиеттерде инвестиция түсінігі капитал салымының синонимі ретінде қолданылады.
Нарықтық экономикада инвестициялар өзінің мәніне инвестициялық қызметтің өзінің мәніне инвестициялық қызметтің 2 жағдайын қамтиды: ресурстар шығыны және нәтижесі.
Инвестициялық саясаттың көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаржатының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады.
1. А.Д. Шеремет, Р.С.Сайфуллин . Кәсіпорын қаржысы: Москва 1999 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп В.К. Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмид
2. П.Н. Шумяк, Н.П. Белотелова . Қаржы. Москва. 2000
3. А.М. Ковалева, М.Г. Лапуста, А.Г. Скамой, Кәсіпорын қаржысы, Москва 2002
4. Л.Л. Павлов, Кәсіпорын қаржысы Москва 2000
5. К.Ш. Дүйсенбаев, Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алматы 2001
6. А.М. Ковалев, Қаржылар, Москва 1998

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
1 бөлім. Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері
1.1. Инвестиция түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Инвестицилардың мәні, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Инвестиция ұғымы, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Инвестициялық қызметтің субьектілері және
ерекшеліктері ... ... ... ... .

2 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық инвестициялары
2.1. Портфельдік (қоржындық) инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Инвестициялық саясаттың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Қаржылық инвестициялар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Қаржылық инвестициялар әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Инвестициялық салымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Мен курстық жұмысымды жаза отырып, “Кәсіпорынның инвестициялық
саясаты” туралы тақырыбы бойынша бірнеше әдебиеттер, газеттерді
қолдана отырып, инвестиция түсінігі, инвестицилардың мәні,
жіктелуі, инвестиция ұғымы, түрлері, инвестициялық қызметтің
субьектілері және ерекшеліктері, портфельдік (қоржындық)
инвестициялар, инвестициялық саясаттың ерекшелігі, инвестициялық
саясаттың жүзеге асуы, қаржылық инвестициялар түсінігі, қаржылық
инвестициялар әдістері, инвестициялық салымдар аясындағы
тақырыптарды жан-жақты қамтыдым.
Кез-келген кәсіпкерлік фирманың басты саласы инвестициялық
қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
инвестицияға және ағымдағы шығындарды қаржыландыруға бағытталады.
Инвестиция – бұл пайда алу мақсатында кәсіпкерлік немесе басқа
да қызметке алынған мүлік, бағалы қағаздар және ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты – біздің экономикамыз үшін
жаңа термин. Отандық әдебиеттерде инвестиция түсінігі капитал
салымының синонимі ретінде қолданылады.
Нарықтық экономикада инвестициялар өзінің мәніне инвестициялық
қызметтің өзінің мәніне инвестициялық қызметтің 2 жағдайын қамтиды:
ресурстар шығыны және нәтижесі.
Инвестициялық саясаттың көзі болып жаңадан қалыптасқан құн
немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер
(кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаржатының есебінен
жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі
болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады.

1 бөлім. Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері
1.1. Инвестиция түсінігі
Инвестиция – бұл кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне немесе басқа да
қызметтің түрлеріне пайда алу мақсатында салынған ақша қорлары. Мақсатты
банктік салымдар: тайпалар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар,
машиналар құрал-жабдықтар, лицензиялар, несиелер және тағы басқа. Отандық
әдебиеттерде инвестиция түсінігі капитал салымының синонимы ретінде
қолданылады. Ал нарықтық экономикада кәсіпорын инвестициясы дегеніміз – кез
келген формада пайда алу мақсатында капитал салу процесі айтылады. Жоспарлы
экономикадағы капитал салымына берілген анықтама инвестиция шеңберін
қысқартып, оны тек негізгі қорларды көбейту мен жетілдіруге салынған
салыммен шектеп қояды. Нарықтық экономикада инвестиция өзінің мәніне
инвестициялық қызметтің екі жағын қамтиды: ресурстар шығыны және нәтижесі.
Инвестиция табысты нәтижеге қол жеткізу мақсатымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар инвестицияның мынадай белгілері бар, олар: ұзақ мерзімді
сипатта болады. Инвестициялық қызмет және қабылданған инвестициялық
шешімдер кәсіпкерлік қызметтің барлық жағына және аймақтағы әлеуметтік
экономикалық жағдайларға жан-жақты әсер етеді.
Барлық инвестициялар 3 топқа бөлінеді:
- Қаржылық
- Нақты
- Материалдық емес активтерді инвестициялар болып.
Қаржылық инвестиция–меншіктен табыс алуға құқық беретін акция
облигация банктік депозиттер және тағы басқа бағалы қағаздарға капитал салу
Заңға сәйкес бағалы қағаздар нарығының қатысушылары бағалы қағаздардың
элементтері, инвесторлар және инвестициялық институттар. Элемент бұл бағалы
қағаздар шығаратын заңды тұлғалар мемлекеттік орган немесе жергілікті
әкімшілік орган. Инвестор – мемлекетпен және акциялық қоғамдармен
шығарылған акция. Облигация басқа да бағалы қағаздарды сатып алудың
инвестициялық жобасына жеке құралдарын иә болмаса материалдық құндылықтарын
салуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.
Инвестициялық институт – бұл заңмен рұқсат етілген кез келген ұйымдық
құқықтық формада құрылған заңды тұлға. Инвестициялық консультант ретінде
жеке тұлға да әрекет етуі мүмкін. Инвестициялық институттардың
құрылтайшылары заңды тұлға да сонымен қатар еліміздің және шетелдің
азаматтары болады. Инвестициялық институттар бағалы қағаздар нарығында
мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
➢ Бағалы қағаздар мен келісімді орындау үшін құжаттарды жинау;
➢ Бағалы қағаздарды сақтау және онымен байланысты есеп жүргізу.
Осы қызмет түрлеріне сәйкес инвестициялық институттар, бағалы қағаздар
нарығында
1. Делдал (бағалы қағаздарды сатып алу, сатуда делдалқы қызметтер атқарады)
2. Инвестициялық кеңес беру (бағалы қағаздарды шығару және олардың айналымы
жөнінде кеңес беру қызметтерін көрсету)
3. Инвестициялық қор (инвестордың ақша құралдарының қозғалысын ұйымдастыру
мақсатында акция шығару қордың атынан оларды бағалы қағаздарға банктік
шоттарға салу) қызметін атқарады.

1.2. Инвестициялардың мәні, жіктелуі
Нарықтық инвестиция – бұл материалдардың өндіріс салаларына
құралдарды ұзақ мерзімге салу. Бұл жеке фирмаларының немесе
мемлекеттің өнім өндіруге салынған капиталы. (ғимараттар, құрал-
жабдықтар, ТМЗ және тағы басқалар). Инвестицияны жасаушы субъекті
тұрғысынан инвестиция мемлекеттік және жеке деп бөлуге болады.
Мемлекеттік инвестиция негізінен денсаулық сақтауға, мәдениетке,
ғылыми зерттеуге, қорғанысқа, экономиканы құрылымдық реттеу үшін
өндірістің түрерімен салаларын қаржыландыруға жұмсалады. Мемлекеттік
инвестиция республикалық жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылады. Жеке инвестиция ең жоғарғы пайда алатын
кәсіпорындармен салаларға жұмсалады. Оның қаржыландыру көзі
кәсіпорынның бөлінбеген жеке табысы амортизациялық қор, бағалы
қағаздарды сатудан несиеден алынған құралдар.
Өзінің бағытына қара кәсіпорынның инвестициялық қызмет ішкі және
сыртқы болып 2 типке бөлінеді:
Ішкі инвестицияның мақсаты өндіріс қуатын кеңейту шығарылған өнім
көлемін арттыру және жаңа өнім шығару.
Сыртқы инвестиция – компанияны иемденуші үшін бағалы қағаздарды
иемдену үшін жасалады.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салалаларының кәсіпорындарына капитал түрінде
саланып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің
мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып
табылады.

1.3. Инвестиция ұғымы, түрлері
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысның (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бқл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және тағы басқалар жатады.
Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналық (атулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазы куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немес
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп –
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (поценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.

1.4. Инвестициялық қызметтің субьектілері және ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің
баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан
кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.
Сондай-ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер және ұзақ және қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялардың есептен шығуынан түскен табыстар мен
шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.
Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың ағымдағы құны, сондай-ақ
инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы;
олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезеңде қайта бағалаудан
түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды
есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялары бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта
бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізі есебі ашылуы тиіс.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береду, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстаңы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Бағалы қағаздар нарықтық капитал ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша; негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздардың өздерінің алдына қойған міндеті мен сақсатына
сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын
және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс
әкелетін) жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болды. егер кәсіпорын қаажаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынған болса, онда инвестордың табысы неғұрлым
аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор
әр тараптандыру (диверсификациялаудың) принципін ұстанатын болса, онда ол
инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.

2 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық инвестициялары
2.1. Портфельдік (қоржындық) инвестициялар
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелдіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағазардың тізбесін де көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор факторларды есепке алуы тиіс:
тәуекелдікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім
қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен
проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысыты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның
түрлерін, атап айтқанада: агрессивті, конвервативті және орташа өсімін
бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды
өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін
көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен
табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас
компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Конвервативтік өоржынның
өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясына
тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның
орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән
инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сеніәмді кәсіпорындармен
қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын
жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейіңн ұстауына қолайлы
жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс
алду болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала
жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз ететді және онда тәуекелдіктің
деңгейі нольге тең болады. Қорждындардың аталған типін инвестициялау
объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның
құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін,
нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін
(айырбастаклатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан
тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық
коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де,
қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек
тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфел) капиталды толық сақтау мақсатынан
тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін.
Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін
сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және
нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен
бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және
мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай,
алдына ла уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал
мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі
(тоықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды

2.2. Инвестициялық саясаттың ерекшелігі
Инвестиция – экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестициялық саясаттың ерекшелігін дамытуда кәсіпорындарды
қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған
инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған
инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың
неғұрлым пайдалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялардың экономикалық мәні
Бизнестің тартымдылығы
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын бағалау
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің аудиті
Қаржылық стратегияның түрлері
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Инвестиция және оны қаржыландыру
Пәндер