Сақтандыруды ұйымдастырудың түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ3
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3: 1. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
:
КІРІСПЕ3: 1. 1 Сақтандыру және сақтандыру қызметін мәні мен мазмұны…. . 4-5
:
КІРІСПЕ3: 1. 2 Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың нысандары. 6-9
:
КІРІСПЕ3:

1. 3 Сақтандыру қызметі - бәсекеге қабілетті айрықша

тауар ретінде. . ………10-15

:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3: 2. САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3: 2. 1 «Алатау» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы……16-19
:
КІРІСПЕ3: 2. 2 «Алатау» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы жүзеге асыратын сақтандыру түрлері20-27
:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3:

3. CАҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

3. 1 Сақтандыру ұйымының қаржылық көрсеткіштері. 28-30

3. 2 Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері31-32

:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3: ҚОРЫТЫНДЫ33
:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
:
КІРІСПЕ3:
:
КІРІСПЕ3:
:

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысының 27 қаңтар 2012 жылғы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында: «Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады» деп атап өтті. /1/

Экономиканың тұрақты дамуы реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік туғызып отыр. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың маңызды қорытындысы. «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүйелі түрде орындау ары қарай даму үшін сенімді негіз берді. /2/

Қазақстан расында да тауарлардың, қызмет көрсетулер мен еңбек ресурстарының, қаржы және қазіргі заман технологиялар мен идеялар нарығының ажырамас қарқынды бөлігіне айналуы үшін он маңызды міндеттің бірін орындауымыз қажет. Олардың бірі:

Жұмыс істейтін әйел адамдардың жүкті болғанындағы, босануын, балаға аналық күтім жасау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру. Сонымен қоса олардың зейнетақылық жинақтамасын декреттік демалыста кезінде және бала бір жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға байланысты алған мерзім барысында түсіп отырады.

Бұл жәрдем ақыны төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен құрылған әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүргізіледі.

Қазақстанның сақтандыру нарығы негізінен банктердің қосалқы құрылымдарынан тұрады және оның дамуы айтарлықтай дәрежеде банктік өнімдердің сақтандыруымен байланысты .

Қазақстанның сақтандыру нарығы көптеген себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар : мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлем қабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі факторларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің сақтандыру нарықтарының дамуы.

1992-жылы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы қабылданған болатын және ол бүкіл отандық сақтандыру нарығының қатысушылары үшін олардың іс қызметі барысындағы бағдар ретінде болды. Сол жылдар сақтандыру іс қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілді, яғни сақтандыру ұйымының капитализациясына талаптар күшейтілді, олардың сақтандырудан басқа кәсіпкерлік түрімен айналысуына тыйым салынды, жекеленген келісімшарттардағы жауапкершіліктің барынша жоғары көрсеткіші енгізілді.

1. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Сақтандыру және сақтандыру қызметін мәні мен мазмұны

Сақтандыру - бұл заңды не жеке тұлғаның шеккен зиянын табу жолы. Зиянды табу сақтандыру ұйымының қарамағындағы сақтандыру қорының қаражатынан табылады. Сақтандыруға деген объективті қажеттілік адамға тәуелсіз факторлар есебінен болатын зиянның пайда болуымен түсіндіріледі. Мұндай жоғалтуларды қандай да бір адамның азаматтық -құқықтық жауапкершілікке тарту арқылы қайтара алмайсың, сол себепті зиян шеккен адам шығынды өз қалтасынан жабады.

Алдын-ала құрылған сақтандыру келісімінде жазбаша көрсетілген сақтандыру қатынастары келісімінде жазбаша көрсетілген сақтандыру қатынастары орта ғасырдан бері белгілі. Ол кезеңде ұлы географиялық ашулардың көп болуына байланысты халықаралық теңіз саудасының шекарасы кеңіді. Кәсіпкерлерге жаңадан ашылған мүмкіндіктерді қолдану үшін қомақты қаржы керек болды.

Шеккен зиянды жабу қажеттілігімен пайда болған сақтандыру түрлі өзгерістерге ұшырады. Мүліктік сақтандырумен қатар өлім, ауру, мертігу жағдайлары болған кезде жеке сақтандыру болған. /3/

Сақтандыру мен кәсіпкерлік тығыз байланысты. Кәсіпкерлік үшін ұйымдастырушылық-шаруашылық жаңашылдық тән, ресурсты қолданудың неғұрлым тиімді жолдарын іздеу кезінде тәуекелділікке бел буу қажет. Осы уақытта кәсіпкерлік қызметке негізделген белгілі бір сақтандыру мүдделері туындайды.

Сақтандырудың мақсаты- қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Оның құрамына ақша қаражаттың мақсатты қорын құру әдісі мен тәсілдері және оларды төтенше кездейсоқ жағдайларда шеккен зиянды өтеуге, адам өміріндегі күтпеген оқиға болған кезде көмек беруге байланысты қолдану кіреді. Сақтандырудың экономикалық категориясын келесілер сипаттайды:

  • Қайта бөлу қатынастарының болуы;
  • Сақтандыру тәуекелділігінің болуы;
  • Сақтандырушы мен сақтанушының ішінен сақтандыру қауымдастығын қалыптастыру;
  • Жеке және топтық сақтандыру мүдделерін біріктіру;
  • Зиян үшін барлық сақтандырушылардың келісілген жауапкершілігі;
  • Зиянды бөлудегі тұйықтық;
  • Зиянды кеңістік пен уақыт бойынша қайта бөлу;
  • Сақтандыру бөлімдерінің қайтарымдылығы;
  • Сақтандыру қызметінің өзін-өзі өтеуі.

Сақтандырудың белгілері: Сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары туындайды, олар сақтандыру оқиғасының болып қалу мүмкіндігі мен сақтандыру тәуекелінің бар болуына негізделеді.

Тұйық қайта бөлу қатынастары. Ол зардап шеккендер санының аз болуына байланысты негізделеді (сақтандыруға қатысушылар саны көп болған жағдайда) . Мұнда мақсатты сақтандыру қоры құрылады да, зиянды сақтандыру жарнасын бөлудегі әрбір қатысушының үлесі арқылы анықталады.

Сақтандыру зиянды қайта бөлуде территориялық бірлік арасында да, уақыт бойынша да қарастырады.

Сақтандырудың функциялары: Ақша-қаражаттарының маманданған сақтандыру қорын қалыптастыру, яғни сақтандыру компанияларының өз мойнына алған тәуекелділіктері үшін төлем. Бұл қор міндетіне ерікті түрде құрылуы мүмкін. Бұл функция резервтік қор жүйесінде сақтандырудың тұрақтылығын төлемнің кепілдігін қамтамасыз етеді. Мысалға, егер коммерциялық банктерде халықтардың қаржысы ақшалай жинақ мақсатында тек Сақтандыруға бастау ие болса, сақтандыру бұл қызмет арқылы Сақтандыру - тәуекелділік бастау алады. Моральдік жағынан алғанды сақтандыру процесінің әрбір қатысушысы, мысалы, өмірді сақтандыру кезінде қайғылы оқиға орын алғанда материалдық қамтамасыз етілетініне сенімді болады. Мүліктік сақтандыруда бұл қызмет арқылы тек қана зиян шеккен мүлік құнын жабу мәселесі ғана емес, сондай-ақ оның материалды қайтарылу мәселесі шешіледі. Сонымен қатар, осы қызмет арқылы инвестиция салу мәселесі өз шешімін табады. /4/

Зиянды жабу мен азаматтарды жеке материалды қамтамасыз ету. Зиянды жаба алу құқығына тек сақтандыру қорын қалыптастыруға қатысқан жеке және заңды тұлғалар ие. Ол келісім-шартта көрсетілген тәртіппен жүргізіледі және мемлекеттің реттелуімен қадағаланады.

Бақылау функциясы, яғни мақсатты қалыптасқан сақтандыру резервін қаржылық бақылау, сақтандыру операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын қатаң Сақтандыруын қадағалайды.

Тәуелділік функциясы, ең маңызды қызметі, ол сақтандырудың негізгі қолданылу себебімен байланысты. Осы қызметтің жүзеге асуы кезінде сақтандыру резервінің сақтандыруға қатысушылар арасында зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетумен байланысты қайта бөлінуі жүреді.

Сақтандыру дегенiмiз сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген ақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi. /4/

Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметі.

  1. Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың нысандары

Мемлекеттік сақтандыру - бұл сақтандырушы ретінде мемлекет қатысатын сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру мемлекеттік абсолюттік монополияда, сақтандырудың барлық түрлерін мемлекеттік сақтандыру компаниясы жүзеге асырады. /4/

Өзара сақтандыру - әрбір сақтанушы сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылатын, яғни өзара көмекпен қамтамасыз ету мақсатында біріктірілген сақтандырушылардың сақтандыру қорғауының ұйымдастыру нысаны. Акционерлік қоғаммен салыстырғанда, бұл нысанға коммерциялық бағыт аса маңызды емес.

Акционерлік сақтандыру - бұл өзінің жарғылық капиталын акция шығару арқылы қалыптастыратын акционерлік қоғам сақтандырушы ретінде қатысатын сақтандыр қарекетінің ұйымдық нысаны.

Кооперативтік сақтандыру - өзінің мазмұны жағынан өзара сақтандыру нысанына ұқсас.

Біріктірілген сақтандыру (қоса сақтандыру) - бұл ірі объектілерде немесе қауіпті тәуекелдерді үлестік бастамада сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру компанияларының әріптестігі.

Сақтандыру пулы - жекелеген тәуекелді бірігіп сақтандыратын сақтандыру компанияларының бірлестігі. /5/

Сақтандыру ұйымының түрлері: Сақтандыру компаниясы - заң шегінде әрекет ететін сақтандыру қарекетін сақтандыру келісімшартын жасау, сақтандыру қорын қалыптастыру, сақтандыру өтемін немесе сомасын төлеу, уақытша бос ақшаларды инвестициялауды жүзеге асыратын, экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастарға негізделген құрылым.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру нарығы құрылымының институционалдық негізін құрайды.

Сақтандыру компаниялары келесі белгілері бойынша жіктелінеді:

  • меншік нысанына байланысты сақтандыру компаниясы өзара сақтандыру, акционерлік қоғам, дара құқық, жария құқықтық, мемлекетті және үкіметтік болып ажыратылса;
  • орындалатын операция сипаты сәйкес: маманданған сақтандыру компаниясы, әмбебап сақтандыру компаниясы, қайта сақтандыру компаниясы болады;
  • қызмет ету зонасына байланысты: жергілікті сақтандыру компаниясы, аймақтық сақтандыру компаниясы, ұлттық сақтандыру компаниясы және халықаралық немесе трансұлттық сақтандыру компаниясы болып бөлінеді;
  • жарғылық капиталының шамасына қарай : ірі, орта және шағын сақтандыру компаниялары болып ажыратылады.

Сақтандыруды ұйымдастырудың түрлері. Аффилилендірілген сақтандыру компаниясы - бұл акция пакеті бақылау пакетінен аз, акционерлік қоғам. Акция үлесі 5-49 процентті құрайды. Еншілес компания ретінде қатысатын компания Аффилилендірілген деп танылады. /6/

Өзара сақтандыру компаниясы - мүшелерінің үлестік қатысуы мен қаражатты орталықтандыру негізінде сақтандыру қорын ұйымдастыру нысаны. Өзара сақтандыру қоғамына қатысушылар бір мезгілде әрі сақтанушы болып табылады.

Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы - оның мүшелерінің жиналысы болып танылады.

Өзара сақтандыру қоғамының ерекшелігі - олар сақтандыру агенттерінің қызмет көрсетулеріне жүгінбейді.

Үкіметтік сақтандыру компаниясы - қарекеті субсидирлеуге негізделген коммерциялық емес компания. Жұмыссыздықтан, жұмыскерлер мен қызметкерлерді компенсациялауды сақтандыру, кәсіби емес еңбекке қабілеттілігін сақтандыруға маманданады.

Жеке сақтандыру компаниясы - бір иеленушінің немесе өзінің жанұясының компаниясы. Жеке сақтандыруды біріктірудің айырықша нысаны. Ағылшындық «Ллойдс» корпорациясы. Оның тәжірибесі бойынша «андеррайтер» деп аталатын әрбір сақтандырушы өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты «өзі тәуекеліне» сақттандыруды қабылдайды. «Ллойд» барлық мүшелері сақтандыруға тәуекелді қабылдай отырып, қаржылық мүмкіншілікті арттыру үшін синдикатқа біріктіріледі. Синдикат - біріктірілген андеррайтингті жүргізетін сақтандырушылар тобы. Олар тәуекелдің өзіндік үлесіне ғана жауап береді.

Андеррайтинг - өтініш етілген залалды немесе бұзылуды сыйақы үшін сақтандыру жауапкершілігін қабылдау. Әдетте болжанатын тәуекелдің қолайлығы мен сыйақы мөлшері анықталған соң жүргізіледі.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры - белгілі бір жаста немесе оған жетуде рентабельді төлемдерді кепілдендіретін, жеке сақтандыруды ұйымдастырудың айырықша нысаны.

Мемлекеттік сақтандыру компаниясы - мемлекеттік немесе ұлттық акционерлік сақтандыру компанияның тарапынан құрылтайшылық етумен және олардың мүлкі мемлекеттік меншікке жатқызылған, сақтандыру қорын жариялы - құқықты ұйымдастыру нысаны.

Концерн - сақтандыру қоғамымен қоса компанияның бірігуі, мұнда КЭПТИВті бөліп қарастырады.

КЭПТИВ - құрылтайшылардың корпоративтік сақтандыру мүдделерін тұтастай немесе басым көпшілігін, сондай-ақ ірі қаржы өндірістік топтық немесе көп профильді концерндердің құрылымына енетін дербес меншік субъектілеріне қызмет ететін акционерлік сақтандыру компаниясы.

Консорциум - нақты міндеттерді шешу үшін сақтандыру компаниясы мен өндірістік компанияның уақытша келісім-шарттық бірлестігі (Каспий теңізінде мұнай таратушы шельфті меңгеру) . /7/

Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін ұйымдастырудың нысаны- акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік сақтандыру қоғамы - акция сату арқылы ақша-қаражатын орталықтандыру негізінде сақтандыру қорын ұйымдастыру нысаны болып табылады.

Акционерлік қоғам өкілеттік, агенттік және филиалдарды иеленеді.

Сақтандыру компаниясының өкілеттігі- ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттерді іздеумен айналысып, коммерциялық қарекет етпейді.

Сақтандыру компаниясының агенттігіне өкілеттіктің барлық функцияларын және сақтандыру келісімшарттарын жасаумен қызмет көрсету тәрізді анықталған сақтандыру операцияларын атқаруға рұқсат етілген. /8/

Сақтандыру компаниясының филиалы заңдық тұлға құқығы жоқ, сақтандырушының оқшауланған құрылымдық бөлімшесі. Компания президенті бекіткен ереже негізінде өз қарекетін жүзеге асырды. Филиал жұмысы сақтандыру компаниясының біріктірілген балансында көрсетіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға тиiс.

Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап кемiнде бiр жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi. /9/

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.

"Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

"Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.

Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.

Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды. /8/

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:

  1. директорлар кеңесi - басқару органы;
  2. басқарма - атқарушы орган;
  3. тексеру комиссиясы - бақылау органы.

Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi. /9/

  1. Сақтандыру қызметінің - бәсекеге қабілетті айрықша тауар ретінде

Сақтандыру қызметі - айрықша товар. Сақтандыру нарығының айрықша товары - сақтандыру қызметі болып табылады. Сақтандыру қызметі- сақтандыру жарнасы түріндегі белгілі - бір сомаға сақтандырушының сақтанушыға сатқан, сақтандырылған оқиға туындағанда сақтанушыға мүмкін болатын сақтандыру өтемін сақтандырушының төлеу міндеттемесі. /10/

Сақтандыру қызметін нарықта өткізу сақтандыру маркетингі түсінігімен түсіндіріледі. Маркетинг сақтандыру компаниясының қарекетінің коммерциялық жағын басқарудың және сақтандыру қызметі нарығын зерттеудің әдісі ретінде 20 ғасырдың 60 жылдарында қалыптаса бастады.

Сақтандыру маркетингінің тәжірибесі осы әдістің екі жағын қалыптастырды. Бірініші жағы-сақтандыру компаниясының маңызды функциясы- өткізу қызметін сипаттайтын болса, екінші жағы- маркетингтік компанияның барлық қарекетін ұйымдастыру мен басқару мәселелерінің кешенді тәсілі ретінде ұсынады. /11/

Осы тұрғыда маректинг қызметі сақтандыру компаниясы қарекетінің маңызды сұрақтары бойынша объективті ақпараттар мен нұсқаулардың көзі және ми орталығы ретінде қарастырылады.

Маркетинг қызметі сақтандыру компаниясының дамуы перспективасын, жарнама, сақтандыру рыногын зерттеу мен меңгеру, қызмет түрлері мен тарифтерін қалыптастырудағы әрекеттерді біріктіреді.

Өткізу қызметі термині ретінде сақтандыру компаниясының екі маңызды міндеттермен яғни: сақтандыру қызмет көрсетулеріне сұранысты қалыптастыру және компания клиентурасының сақтандыру мүдделерін қанағаттандырумен тоғысатын бірқатар әрекеттері түсіну керек.

Сақтандыру қызмет көрсетулеріне сұранысты қалыптастыруы нақты қол жеткізілген сұраныстың деңгейін қажетті деңгейге дейін жеткізу мақсатында әлеуетті клиенттерге -сатып алушыларға мақсатты бағытталған ықпал ету.

Сақтандыру мүдделерін қанағаттандыру үшін жоғары мәдениетті қызмет көрсету-сақтандыру қызмет көрсетулеріне кең сұраныс кепілі қағидасының көмегімен жүзеге асырылады. /12/

«Кез-келген келуші- болашақтағы әлеуетті клиент» принципін ұстанатын сақтандыру компаниясы жұмысында табыстылыққа қол жеткізеді.

Сақтандыру компаниясы маркетингі өзінің маңызды функцияларын орындау үшін сәйкесінше құрылымды иелену қажет. Маркетинг құрылымы сақтандыру түрлері, сақтандыру қызмет көрсетулер кешені, рынокты сегменттеу, яғни сақтандыру салалары бойынша қызметтер қалыптастыруды талап етеді. Маркетинг ұйымы - бұл оңтайлы шешімді таңдауға, бағалауға және талдауды қамтамасыз ететін ақпараттың үздіксіз ағымы жағдайында жұмыс жасайтын адамдардың өзара байланысының жүйесі.

Сақтандыру маркетингінің бағыттары:

  • Сақтандыру қызмет көрсетулерінің рыногын анықтау;
  • Сақтандыру рыногы конъюнктурасын талдау мен болжау;
  • Рыногта сақтандыру өнімдерін жылжыту (жарнама, жеке қатынас, насихаттау, ынталандыру) ;
  • Бәсекелес компанияның әлеуетті мүмкіншіліктерін зерттеу

Сақтандыру қызмет көрсетулеріне сұраныс жағдайына қатысты ақпараттарды талдау, өзіндік қаржылық мүмкіншіліктерді есепке алу келесі бөлімдерді қамтитын сақтандыру рыногын меңгерудің іскерлік стратегия жоспарын жасауға ықпал етеді:

  • берілген кезеңдегі стратегияны анықтау;
  • сақтандырудың әлде қайда перспективалық түрлерін таңдау;
  • сақтандыру қызмет көрсетулерінің оңтайлы арналарын таңдау;
  • қызмет көрсетулерге ынталандырушыларды анықтау;
  • бәсекенің аспаптарын таңдау;
  • сақтандырудың жаңа келісімшарттарын тарту және бұрынғыларын ұзарту бойынша шаралар;
  • сақтандыру компаниясының рентабельділігін есептеу;
  • маркетингтік және басқада шығындардың технико-экономикалық негіздемесі;
  • жоспарды орындауға бақылау. /13/

Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

"Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмiрдi сақтандыру; 2) аннуитеттiк сақтандыру.

"Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2) медициналық сақтандыру;

3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

5) әуе көлiгiн сақтандыру;

6) су көлiгiн сақтандыру;

7) жүктердi сақтандыру;

8) автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiктерi мен жүктерді сақтандыруды қоспағандағы мүлiктi сақтандыру;

9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;

10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;

16) 10) -14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру. /4/

Ерiктi сақтандыру нысанындағы әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзi әзiрлеген сақтандыру түрi бойынша қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.

Мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Мiндеттi сақтандыру нысаны бойынша әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының сақтық рыногы:оның жай-күйін талдау және даму перспективалары
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалык мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жайлы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Сақтандыру бойынша қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz