Есепті қойылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. . Есепті қойылымы
2. . Математикалық модель құру
3. . Есепті шығарудың нақты әдісі
4. . Есептің шешімі
5. . Есептің блок – схемасы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

1. Кiрiспе
Ойындар теориясы ойындық сипаттамадағы тиімді стратегияларды зерттейді.
Оларға ғылыми және шаруашылық эксперименттердің ең тиімді өндірістік
шешімдерін таңдауға байланысты жағдайлар жатады. Келіспеушілік жағдайларды
математикалық қалыпқа келтіре отырып оларды 2, 3 және т.с.с ойыншыың ойыны
реттелетінің ұсынуға болады. Осындай есептерді шешу олардың шарты
анықталғаның талап етеді: ойыншылар саны және ойын ережесін құру,
ойыншылардың мүмкін болатын стратегиясын және жеңістерін шығару. Есептің
шартының маңызды элементтері стратегия. Стратегиялар саны әрбір ойыншыда
ақырлы және ақырсыз болуы мүмкін. Осындағы ойыншылар да ақырлы және
ақырсыз болып табылады.
Ақырлы ойынды зерттеуде ұтыстар матрицасы беріледі, ал ақырсыз ойындар
зерттеуде ұтыстар функциясы беріледі. Есепті шешу үшін сызықтық теңдеулер
мен теңсіздіктерге негізделген алгоритімдік әдістер, интеграциялық әдістер,
сол сияқты дифференциялдық есептер қолданылады.
Өндірістік кәсіпорындарда ойындар теориясы тиімді шешіледі таңдау үшін
пайдаланылады.
Адамзат баласы өте ертеде объектілерді, процестердi, зерттеулердiң
нәтижелерi сона әр түрлi саладағы құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу
тәсiлiн қолданып келедi, нақты объектiлер мен процестердiң қасиеттерiн
анықтауда, құбылыстардың болу себептерiн ашуда жаңа объектiлердi құрастыру
мен ескiлерiн таңдауда маңызды орын алады. Адам қолымен жасалған
абстрактiлi немесе материалды объектiлер - әрекетiн алдын ала жоспарлап
дұрыс шешiм қабылдауға әсер етедi. Мұндағы шын мәнiндегi нағыз табиғи
модельдi талдау нәтижесiнде шын мәнiндегi күрделi объектiнi тереңiрек
бiлуге мүмкiндiк туады, түп тұлғасы ектiнi яғни нақты объекті немесе
түпнұсқа деп аталады, процестi немесе құбылысты ықшам әрi шағын түрде
бейнелеп көрсету. Тiлдердi, процестердi және құбылыстарды зерттеу
мақсатында олардың модельдерiн жасау.
Түпнұсқаның өзiн зерттемей, оның моделiн жасаудың қандай пайдасы бар
деген сұраққа жауап берейiк:
1. Модельдеу арқылы шын мәнiнде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен
объектiнi зерттеуге болады. Модельдеу үшiн уақыт ешқандай кдергi
жасамайды. Белгiлi деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық
әдiсiмен өте рете замандағы жағдайлар мен табиғи катаклизмдердi
модельдеуге болады.
2. Түпнұсқаның қасиеттерi мен өзара әсерi орасан зор болуы мүмкiн. Кейбiр
жағдайларды адамды қызықтыратын объектiлердiң қасиеттерiн зерттеу
үшiн, оның басқа қасиеттерi ескерiлмей жасалған модельдер түпнұсқаға
қарағанда, оның қасиеттерiн зерттеуге тиiмдiрек болады. Объектiлердiң
модельдерi ретiнде әдеби шығармалар, архитектуралық ғимараттардың
кiшiрейтiлген көшiрмесi, мектептегi оқу жабдықтары болуы мүмкiн.
Модель – күн жүйесiндегi планеталар моделi, сутегi атомы және тағы да
басқалар. Өмiрдегi нақты бар дүниенi бейнелеуi мүмкiн.
Модель ретiнде нақты бiр заттың абстрактiлi қорытындысын көрсетуге
болады. Объектiлердiң немесе құбылыстардың моделiнде түпнұсқаның
қасиеттерi, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлерi бейнеленедi.
Процестердiң моделiн жасауға, яғни материалдық объектiмен жасалатын iс -
әрекеттердi модельдеуге болады. Мысалы, экономикалық немесе экологиялық
процестердi бүкiл әлемнiң немесе қоғамның дамуын модель арқылы айтуға
болады. әрбiр адамның күнделiктi iс - әрекетiнде белгiлi бiр мәселенi шешу
немесе кез – келген жұмысты орындамас бұрын адамның сана сезiмiнде алдын
ала ойлау моделi жасалады.
Модель – көрнектi түрде, жазбаша жоспар, сызба түрiнде жасалуы мүмкiн.
Мұндай модельдер бiздiң ойымызда бейнеленетiн прототип пайда болғанға дейiн
жасалады. Кез – келген объект үшiн әр түрлi модельдер жасалуы мүмкiн.
Модельдiң жасалуы зерттеу мақсатында және прототип жөнiнде жинақталған
мәлiметтердiң көлемiне тәуелдi болады.
Модельдiң түрлерi.
Модельдердi қасиеттерiне байланысты мынадай топтарға жiктеймiз:
1. Қолданылу аймағы;
2. Модельдiк уақыт факторын ескеру;
3. Бiлiм саласына қарай топтау;
4. Модельдi көрсету тәсiлiне қарай топтау.
1) Қолданылу аймағына байланысты модель – оқу, тәжiрибелiк, ғылыми –
техникалық, ойын және имитациялық болып беске бөлiнедi.
1 Оқу модельдерi – көрнектi оқу құралы, әр түрлi жаттықтырушы және
үйретушi программалар түрiнде болады.
2 Тәжiрибелiк модель – жобалау объектiсiнiң кiшiрейтiлген немесе өте
кiшкентай объектiлер үшiн олардың үлкейтiлген көшiрмесi болып табылады. Бұл
модельдер объектiлердi зерттеп, қасиеттерiн болжау, зерттеу мақсатында
қолданылады.
3 Ғылыми – техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу
мақсатында жасалады.
4 Ойын модельдерi - әскери, экономикалық спорттық ойындар жатады. Бұл
модельдер әр түрлi жағдайда объектiнi бақылауға жаттықтырады. Ойын
модельдерi әр түрлi жағдайда адамға психологиялық көмек көрсетедi.
5 Имитациялық модель – шын мәнiндегi нақты объектiнi өте жоғары
дәлдiкпен бейнелей алады. Тәжiрибе нақты объектiнi зерттеу, бағалау
мақсатында бiрнеше рет қайталанады немесе бiр мезгiлде әр түрлi жағдайларда
жүргiзiледi. Дұрыс шешiмдi таңдаудың мұндай тәсiлi – байқау әдiсi деп
аталады.
2) Модельдi уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық
деп екi топқа бөлемiз.
1. Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі
бір уақыт бөлігіндегі уақыт үзіндісін айтамыз.
2. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің
өзгерістерін көрсету мүмкіндігін береді.
3) Модельдерді көрсетілу әдісіне байланысты, материалдық және
ақпараттық деп 2 топқа бөлеміз.
Ақпараттық модель екіге бөлінеді: таңбалық және вербальдік.
Таңбалықтың өзі екіге бөлінеді: компьютерлік модель және компьютерлік
емес модель.

Ойын модельдері туралы түсінік
Ойындар теориясы ойындық сипаттамадағы жағдайларда тиімді стратегияларды
зерттейді. Оларды ғылыми және шаруашылық эксперименттердің ең тиімді
өндірістік шешімдерін таңдауға байланысты жағдайлар жатады. Келіспеушілік
жағдайларды математикалық қалыпқа келтіре отырып оларды екі, үш және т.с.с
ойындардың ойыны ретінде ұсынуға болады, яғни әрқайсысы өзінің максималды
табу мақсатында басқаның есебінде өзінің жеңіске жетуі. Осындай есептерді
шешу олардың шарты анықталған талап етеді:ойыншылар саны және ойын ережесін
құру; ойыншылардың мүмкін болатын стратегияларын және жеңістерін шығару.
Есептің шартының маңызды элементі стратегиялар саны әрбір ойыншыда ақырлы
және ақырсыз болып бөлінеді. Ақырлы ойынды зерттеуде ұтыстар матрицасы
беріледі, ал ақырсыз ойынды зерттеуде ұтыстар функциясы беріледі. Есепті
шешу үшін сызықтық теңдеулермен, теңсіздіктер негізделген алгебралық
әдістер, итерациялық әдістер т.с.с дифферациялық есептер қолданылады. Жалпы
модель дегеніміз-бұл зерттелетін обьектінің, процестің немесе құбылыстардың
барлық маңызды жақтарын көрсететін қандай да бір жаңа объект. Модель
берілген зерттеу үшін кейбір маңызды шешімнің, сипаттамаларын және оригинал
қасиеттерін сақтай отырып, объект оригиналды зерттеу мақсатында
ауыстырылатын материалды немесе ойша ұсынылатын объект жақсы салынған
модель нақты объектіге қарағанда зерттеуге қолайлы болады.
Модельдеу кез-келген объектіне немесе объект жүйесінде олардың
модельдерін жасау және оқу арқылы зерттеуді айтады. Модельдеу өзінің
негізгі әдісінің бүйірі ретінде нақтылықтың бейне формасы болыр табылады
және обьектілік заттардың және құбылыстардың қасиеттері анықталады немесе
басқа объектілер, процесстер, құбылыстар көмегімен шығаруды немесе
обстрактілі жазылу бейне, карта, алгоритм және программа көмегімен
шығарады. Бір объектіні алғашқы маңызды қасиеттерін сақтай отырып
алмастыруды модельдеу деп атайды. Ал алмастыратын объект алғашқы объектінің
моделі деп аталады.

Аралас стратегиядағы ойын. Негізгі анықтамалар
Модель өзімен қоса онда бар белгілерді жасайтын анықталған жүйені
суреттейді. Математикалық программалау моделі көмегімен экономикалық
процесстерді тексеру тапсырмаларды қарау.
Ағымды мәліметтердің тапсырмаларымен және ағымды шешімдер арасындағы
математикалық қатынастарды анықтайды. Жалпы жағдайда кіріске тәуелді
шығатын мәліметтерді анықтайтын қатынастардың жиынтығын жүйенің немесе
процесстің математикалық моделі деп атайды.
Математикалық модельдердің тапсырмалары негізгі тапсырманың формальді
құрамын көрсетеді.
Негізгі тапсырмаларының құрамын бейнелейтін математикалық формулалар
сызықты теңдеулер түріндегі процесстер тапсырмалардың формализациясы деп
аталады.
Математикалық программалу экстремальді тапсырмаларының теориялық негізін
құрайды. Математикалық программаның құрылымдық бөлігі болып сызықтық,
сызықтық емес және тапсырмаларды шешуде ең қолайлысы сызықтық программалау
әдісі болып табылады. Олар экономикалық және өндірістік тапсырмаларда кең
таралған. Программалық тапсырмаларды экономика – математикалық әдісі мен
оптималды шешуде, оптималды критериясын таңдауға көңіл бөлу керек. Яғни
экстремалды тапсырманы қажет ететін экономикалық көрсеткіш. Берілген
тапсырманың негізімен оптималды критерияны таңдау қажет. Мысалға,
экономикалық топтастырудың оптиамльды критериесін таңдауда бірден, халық
шаруашылық экономикалық эффектифтілігін қарайтын процестердің бейнелейтін
көрсеткішке бағдарлау керек. Сонымен қатар өзгерістерді көрсететін
кезеңдерін және бұл эффективті деңгейін көрсететін кәсіпорын жұмыстарының
көрсеткішін бағдарлау қажет. Жеңіл өндірістік кәсіпорын жұмыстарының
жетекші көрсеткіштері болып жалпы рентабельдік, суммалық және жеке пайда
капиталды шығындарды алатын мерзімі, фонды (отдача) қайтару өнімдерінің
фондтық көлемі, өнімнің еңбек көлемі және т.б. экстималды экономикалық
тапсырмалардыңоптимальды критериелерін шешу теңдеу түрінде алатын мақсаттық
тәуелділіктерде көрсетіледі. Сондықтан оптимальды критериелердің теңдеулері
мақсатталған функция деп аталады. Әрбір экономикалық экспериментальды
тапсырмаға бір мақсатталған функция сәйкес келеді. Яғни сызықты
программалау әдісі арқылы шешілетін әрбір осындай тапсырмаларда критери
көрсеткіштерінің тек бір максимальды немесе минимальды мәндері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графтардағы тиімділеу есептерін шешу әдістері
Инвестициялар туралы есептер
Pascal және Си тілінде бағдарламалау
Turbo Pascal программалау жүйесі
Си және Паскаль тілдері
Сүзу жылдамдығы
БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Табысты құраушы факторлары
Дисконт туралы және KUAT корпорациясының дисконт бағдарламасы
Пәндер