Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...4
1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін
қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл,
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6-7
3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші
механизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13

ІІ ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ
ТӘРБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .14
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін
ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың негiзгi
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-18

2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін
қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни
балаға жалпы
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...19-25
2.3 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу
процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық
түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33-34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35-36

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі: Баланың жеке басын тәрбиелеу-қазіргі таңда
мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі. ”Адамға ең бірінші керегі
білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол
келешекте оның өміріне опат әкеледі”-деп Әл-Фараби айтып кеткен [1].
Бұл заңды да, өйткені біздің қоғамымызда тәрбиенің маңызы артып отырғаны
баршамызға мәлім. Әсіресе, баланың жеке басын қалыптастыруда ерекше роль
атқаратын-адамгершілік тәрбиесі.
Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік
тәрбиесінен бастайды. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін,
оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, еңбекке деген қатынасын ұйымдастыруды
жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгіниеттілігін, адалдығын,
кішіпейілділігін қалыптастырады [2].
Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тәрбиелеуде адамгершілік
тәрбиенің орны ерекше болуы керек. Соның ішінде оқушының дүниеге
көзқарасы қалыптастыру, дамыған өзіндік сананы пайда болдыруға күш жұмсау
қажет.
Міндеті:
• мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды бойына адамгершілік қасиетін
дамыту.
• достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, отан туралы
ұғымдарды санасына қалыптастастыру және сол ұғымдардың мағынасына
жете түсіндіру.
• үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік
сақтауға үйрету.
• мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ең алдымен адамгершіліктің негізгі
категориялары-қайырымдылық пен зұлымдық, жақсы мен жаман туралы
түсініктері, ізгілік, сезімталдық, әділеттік деген ұғымдарды
ұғынулары, оларды айыра білуді үйрету керек.
І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері
1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті,
мазмұны, мәні.

Қазақстанның ілгерілеу процесінде, ел өмірінің барлық жақтарын: қоғамдық-
экономикалық құрылысы мен әлеуметтік техникалық-технологиялық жаңартуды ең
басты қрщылық ретінде, адам факторын жандандыруға, жағдайын жақсартуға
бағытталуы тиіс. Бұл мәселенің шешілуінде этикалық, адамгершілік-имандылық
тәрбиесінің мәні ерекше екендігі айтііаса да гүсінекті. Ал қазіргі кезеңде
тәрбиенің алдьнда тұрған мәселелері күрделене түсуде. Педагогика
классиктерінің жан - жақты қарастырған тәрбиенің негізгі салаларының бірі —
адамгершілік тәрбиесінің проблемасы. Педагогика мен философия, психология
адамгершілік тәрбнесі теориясьш жеке адам, жеке тұлғаға іс-әрекеттік қарым
- қатынастық, қатынас тұжырымдамасы тұрғысынан қарастьфады. Философия,
социологиялық психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз больш табылатын
талапқа сай, белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
бойында белгілі бір мінез - құлықтардың сипаттарын қалыптастыру, өзіне және
өзге де адамдарға, отбасының мүшелеріне, ата - анасына, тума -
туысқандарына, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген
қатынасын анықтайтын мінез -құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту
мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші,
мұғалімдердің қызметі. Абай: "Адамның адамшылығы, адамгершілігі -ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан,-"дейді
Адамгершілік тәрбиесі - меңгерген идея, қоғамдық моральдың нормалары мен
пршщиптері, іс - тәжірибелік әрекетке қатысуы негізінде тұрақты моральдық
сапаны адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны
және мінез - құлық әдетін, әдепті қалыптастыру процесі. Жеке адамның
үйлесімді дамуының, рухани ізгілік негізінде қалыптасуының жетекші жағы.
Адамгершілік - адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Адамның жақсы
қасиеті оның табиғатынан тыс болуы мүмкін емес. Табиғат адамға игіліктерді,
адамдық қадір - қасиетгі, ізгілікті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер
береді. Бұл мүмкіндіктер бара - бара шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының
жақсы сапаларының біріне айналады.
Ізгіліктілік қасиеттер тектілікке, білімге, мәдениетке, өскен ортасына,
тәлім - тәрбиеге байланысты болады. "Қасиет" сөзінің мәні: "Адамның өзіне
тән (жақсы не жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер (имандылық, парасаттылық,
бірсөзділік инабаттылық, т.б.) адамда тәрбие арқылы қалыптасады",- деген
ұғымды білдіреді. Абай: "Адамгершілік мұраты жас ұрпақтың имандылық
сипаттарының негізі үш сүю, не иманигүл",- дей келіп "Адамзаттың бәрін сүй
бауырым деп",- деген тұжырым жасайды.
Адамгершілік тәрбиенің теориялық негізін этика, әдеп, әдептілік
инабаттылық, мінез-құлық көркемділігі, парасаттылық құрайды.
Адамгершілік тәрбиесі міндеттерінің негізі-оқушылардың белсенді өмірлік
позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі -адамның санасы,
адамгершілік сезімі, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы
қасиетгерінің бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны
қалыптастыру.
-жас ұрпақтың туған жерге, өскен ортасына, ага-анасына, бауырларына,
Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзінің - өзіне деген қатынасын,
сезімін дамыту.
-қазіргі емір талабына сай тұтас адамгершілік имандылық, ізгілік
парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін
қалыптастыру жолдары, әдіс - тәсіл, құралдары.
Адамның адамгершілік қасиеттерінің құрылымын психолог -педагогтар
мынандай бөліктерден: сезім, сана, сенім, мінез - құлық дағдысынан қщралады
деген қорытынды жасайды. Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің
тәрбие процесіндегі жетекшілік ролі өзгеріп тұрады. Абайдың пікірінше,
адамгершілік мұраты-Толық адам. Ол адамның үш-ақ қасиеті: Нұрлы —ақыл,
жылы жүрек ыстық қайрат иесін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жүйеленген адамгершілік имандылық,
ізгілік қасиеттерді, сапаны, сезімді,ізгілікті сананы қалыптастыру
бағытында сан-салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып, жас жеткіншектерді
көркем мінез-құлық ережелері, моральдық нормалар туралы біліммен,
іскерлікпен, дағдымен қаруландыру. Адамгершілік қасиеттер әлеуметтік
қоғамдық ортаның ықпалымен қалыптасатындықтан отбасы, мектеп, оқу-еңбек
орындарының тәрбиелік әсерін орынды, дұрыс ұйымдастыруға баса назар
аударған парыз. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру әдіс-тәсіл, құралдары
сан алуан. Ықпал ету механизмдері де көп қьфлы. Адамгершілік тәрбиесі
адамның ізгілікті қасиеттерін дамыту көзі болғандықтан жеке тұлғаны
жақсылық жасауға ынталандыратын педагогикалық, тәрбиелік жағдаятар туындата
отырьш, әрбір жеткіншек бойында инабаттьшық, сөзінде ілтипаттылық
қалыптасатындай жағдаят жасалады. Өйткені, адам баласына-деген мейірім ең
жақын адамьш: ата-анасын, бауырларын сүюден басталады. Адамды ең биік
құндылық ретінде бағалау осы сүйіспеншіліктен бастау алады. Адамгершілік
адамзат қоғамының даму тарихының барлық сатысында дамып, қалыптасып, әрбір
дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайысып жетіледі. Адамгершілік
қасиеттер мен әдеп нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін сақтаған жан ғана
әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңдылықты үйлесімдікті
сақтай отырып өмір сүреді.
Балалық ортаның әсерi – бүл балалар iс-әрекетiнiң, психологиялық,
функциясының түзету әрекеттерiнiң дамуына жағдай жасайтын жүйе.
Баланың эстетикалық, танымдық, әлеуметтiк, дене тәрбиесiне қажеттi
базалық қосалқы құрамдас бөлiктер:
- табиғи орта, мәдени орталықтар, дене шынықтыратын, ойын өткiзетiн
алаңдар, балалар кiтапханасы, ойын залдары, музыкалық театрлар, пәндi
дамытатын оқу залы т.с.с.
Базалық қосалқы бөлiмдердiң мазмұнын анықтау үшiн, тек қана жасқа
байланысты iс-әрекет жасау. (Iс-әрекет түрлерi: сәбилiк жас, ерте жас,
мектепке дейiнгi жас).
Материалдық техникалық қамтамасыз ету, бүл әсiресе баланың денсаулығын
сақтау, қорғау, баланы әлеуметтендiру.
Ауытқуы бар балалар жеке техникалық құралдармен жабдықталып, оларды
түзету, медициналық қызмет жасауға қолдану.
Ауытқуы бар балалар тәрбиеленетiн жалпы бiлiм беретiн мектепке дейiнгi
мекемелерде жабдықтар, әр баланың ерекшелiгiне сай жасалады, мысалы: түрлi-
түстi шыныдан iстелген, көзi нашар көретiн балаларға арналған құрал, жұре
алмайтын балаларұа арналған көтерiп, түсiретiн пандустар, нашар еститiн
балаларға арналған аппаратар болуы керек.
Көзi нашар көретiн балалрға: оптикалық құрал (лупа, көзiлдiрiк,
үлкейтетiн эпи-и диапроекторлар, сканерлер, жазатын машиналар, компьютерлер
Браль жүйесi бойынша, сурет салатын құралдар болуы керек).
Педагогикалық кадрлер - балалардың жас ерекшелiктерiне қарай түзету
жүмыстарын құра беру, дефектiнiң құрылысын, арнаулы педагогиканың
үстанымдары мен әдiстерiн меңгерiп, қазiргi жасқа технологияны қолдана
бiлулерi керек.

3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер.

Кейiн онжылдықта дүние жүзiнде баланың сәбилiк дәуiрiнде деген
қызығушылық арта түсуде. Мұның ерекшелiгi - адамның көптеген қасиеттерi мен
қабiлеттерi дәл осы кезде қалыптасатын болғандықтан шығар.
Осы жастаға балалардың миының жүмсақтығы, осы кезде көңiл-күй,
интеллект, сөйлеу қабiлеттерiнiң дамуы, түзету педогогикасына көп көмек
бередi.
Осыдан кейiн, көптеген балалар туғанда кемтар болуы, тағы да зерттеудi
бала туған күннен бастауды талап етедi. Мүндай тексерулер, аурудың алдын
алып, ата-аналар мен дёрiгерлердiң көңiлiн баланың психологиялық-
физиологиялық дамуына аударады.
Балалар поликлиникасында, жанұяда мүндай балаларға ерекше бақылау
қойылып, ауытқуы байқалса онда ерекше тексеруден өткiзедi.
Ауытқуы бар балалардың жанұясына да көмекке арнайы мамандар, педиатр,
невропатолог, неонатолог, психолог, мұғалiм-дефектологтар келедi. Осылардың
әрәайсысы өз жүмыстарын жақсы меңгеруi қажет.
Осылайша, ауытқуы бар балаларды ерте бастан түзету:
- 39 жаңа туған сәбидi жан-жақты тексерiп, картаға баланың қауiптi жерлерiн
көрсетiп жазу;
- сау балалардың бөлмелерiнiң қызметiн кеңейту;
- ауытқуы бар балаларды түрған жерлерiнде педиатрлар үнемi бақылап
отырулары керек;
- ауытқуға диагноз қою;
- ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек;
- жүйелi түзету жүмысын ерте бастау;
- аранйы мамандарды дайындау, олардың қызметiн түзету жүмысына бағыттау.
Ерте басталған түзету жүмыстары мынанадай мiндеттердi шешедi:
- Қарым-қатынастың дамуын, ойында, өмiрде өзiн-өзi алып жүру, қабылдай
бiлу, ойлай бiлу, сөйлей бiлудi дамытады;
- Жалпы түзету мен арнаулы түзетулер қолдың дамуына, әлеуметтiк дамуға,
ойынның дамуына жағдай жасайды.
Осыдан кейiн, мынандай педагогикалық жағдайлар керек:
- Дамытатын орта қалыптастыру;
- Балалармен жүмысты аранаулы маман (дефектолог) жүргiзуi керек:
- баламен жақсы қатынаста болу;
- баланың алдында дұрыс оқыту-тәрбиелеу мiндеттерiн қойғанда оның танымдық
қабiлетiн есте сақтау керек;
- өмiрден алған тәжiрибесiн бере алатын, баланың қабiлетiн дамыта бiлу;
- баланың өздiк дамуына көмектесу.
Қоғамдық тәжiрибенi бере алу жолдары: бала мен үлкен адамның бiрге қимыл
жасауы; үлгi бойынша, тiлдi дамыту, танымдық iс-әрекетте iзденудi дамыту.
- Жүмыстың мазмұны, әдiс-тәсiлi, дамыта оқытудың, диагноз қоюдың,
түзетудiң бәрi де баланың жас шамасына қарай болу керек.
- Ата-аналарды түзету процесiне қатыстыру қажет.
- Баланың балалар үжымына кiрiп, олармен жақсы қатынасқа түсуiне көмек
жасау.
Қазiргi уақыттағы зерттеулердi қараса, балалардың ауытқуы, түзету
педагогикалық жүмыстарын ерте бастаған кезде, қиын балалардың қоғамдық
тәжiрибелердi меңгеруi, басқа балалармен қатынастары жақсы дамиды екен.
Сонымен қатар, арнайы түзету мен тәрбиелеудiң жеке бағдарламасы құрылып,
оны ауытқуы бар балалардың даму процесiнде қолдануға үлкен көңiл бөлiнiп
отыр.
Дамуында ауытқуы бар балаларға уақытында жүйелi түрде психологиялық
медициналық-педагогикалық көмек көрсету, ата-аналардың көмегi, баланың
ортаға үйренуi, оның оқуға деген ынтасының пайда болуы - бiлiм саласының,
денсаулық сақтау бөлiмiнiң және әлеуметтiк қорғау жүйелерiнiң күшiмен iске
асады.
Ауытқуы бар балалар, үш түрге бөлiнетiн “Бастауыш мектеп – бала бақша”
және мектепке дейiнгi бiлiм беретiн мекемелерде тәрбиеленедi:
- әртүрлi ауытқуы бар балаларды оқутыға арналған, орнына келтiретiн мекеме;
- құрамында дұрыс балаларға арналған топ (сынып) бар, және де қалпына
келтiретiн топ бар, құрама мекеме;
- ауытқуы бар балаларға түзету, оқыту арқылы көмек беретiн дұрыс балалармен
бiрге оқытатын жалпы мекеме.
Мектеп жасына жейiнгi балалар,үйде тәрбиелетiн,-уақытша топтарда оқи
алады.
Ауытқуы бар балаларға мынадай түзету мекемелерi көмек жасайды:
- психологиялық-педагогикалық, дәрiгерлiк әлеуметтiк әртүрлi жастағы
топтарға көмек беретiн, диагноз қоятын, түзететiн жалпы бiлiм беретiн
мекеме;
- мектеп жасына дейiнгi ұзақ уақыт емделуге тиiстi балалар оқитын
санаторлық типтегi сауықтыру мекемесi;
- қосымша бiлiм беретiн мекеме (балаларда әртүрлi профильде сауықтыру).
Мектепке дейiнгi мекемелерде iрiктеп жинақтау ПМПК-ның жұмысы. Баланы
басқа топқа ауыстыру, оны мектепке дейiнгi мекемелерге жiберу де осы ПМПК-
ның жұмысы.
Ауытқуы бар балалар, осы ПМПК-ға, тағы басқа бiлiм беретiн мекемелерге
жiберiледi. Денсаулық сақтау органдары балаларды сауықтыру орнына жiберумен
айналысады. Қосымша бiлiм беретiн мекемелерге балалар ата-анасының
келiсiмiмен және мамандардың ақыл-кеңесiмен жiберiледi.
Ауытқуы бар балаларды оқытып, тәрбиелеу, “Бастауыш мектеп – бала бақша”
тәрiздi қалпына келтiретiн мекемелерде арнаулы мектепке дейiнгi
мекемелерде, уақытша топтарда – осылардың бәрiнде де арнаулы оқу
бағдарламасымен, оқу жоспарымен оқытады, және оларда лицензия (рұқсат
қағаз) болу керек.
Бүл мекемелерде оқыту және тәрбиелеу арнайы бiлiмi бар мұғалiм-
дефектологтар, тәрбиешiлер, музыкалық жетекшiлер жұмыс iстейдi.
Балалар осылай, арнаулы және қосымша мекемелерде оқи алады.
Интеграция (шоғырлану, бiрiгу) - мектепке дейiнгi балалардың дамуына
мынандай жағдай жасайды:
- бала туғаннан кейiнгi тұзету жұмыстарын алға қою;
- жалпы бiлiм беретiн мекемелерде оқитын балаларға мiндеттi түрде түзету
көмегi;
- шоғырланған тәрбиеде-мiндеттi түрде медико-педагогикалық негiз болуы
керек.
Интеграция (бiрiктiру) – арнаулы педагогиканың моделi, ауытқуы бар бала
арнаулы топта тәрбиеленедi немесе мiндеттi түрде түзету көмегiн алып, дүрыс
балалар тобында бола бередi.
Интеграция түрлерi - құрастырылған мекемелердегi:
Құрастырылған бiрiгу. Психофизикалық және тiл дамыту деңгейiндегi кейбiр
балалар көпшiлiк топта тәрбиеленедi және жүйелi түрде дефектолог-мұғалiм
мен педагог-психологтан түзету көмегiн алып түрады.
Жекелеген бiрiгу. Кейбiр балалар, сау балалармен бiрдей бағдарламаны
қабылдай алмағандықтан, күннiң екiншi жартысын ғана дүрыс балалрмен
өткiзедi.
Уақытша бiрiгу. Арнаулы топтың балалары, тiлдерiне де психологиялық
дамуына да байланысты емес, айына 1-2 рет сау балалармен тәрбиелiк мәнi бар
шаралар өткiзуге қатысады.
Толық бiрiгу - ауытқуы бар балаларға өте пайдалы, олар өзiне-өзi еркiн
қызмет етедi, сау балалармен жақсы қарым-қатынас жасайды. Бiрақ бұлар
мiндеттi түрде түзету көмегiн алуы керек. Түзету көмегiн олар уақытша
мекемеде, мектепке дейiнгi арнаулы мекемеде, мектеп-интернатта, немесе
поликлиникада алуы керек.
Осындай әртүрлi бiрiгулердiң арқасында, ауытқуы бар балалар
әлеуметтенедi, ал сау балалар әлем бiртүтас адамдар жиынтығынан түратынын
сезiнiп өседi.
Балалық шақтың әр түрлi кезеңiнде, үлкен адамдардың балалармен қарым-
қатынастары.
Педагогикалық түзету процесiнде үлкен адамдардың балалармен арасындағы
қарым-қатынастарында ерекше орын алатын нәрсе-жеке басқа дүрыс қарау, оны
психологиялық қорғау, әр балаға психологиялық жақсы жағдай жасау.
Балалар мен үлкен адамдар арасындағы қарым-қатынас, сол балалардың жас
шамасына, ықыласына байланысты болуы керек. Бүл жағдайда әр баланың
психологиялық дамуындағы ерекшелiк, бүлiну процесiнiң құрылысына көңiл
болу қажет.
Сәбилiк жас.
үлкен адам өзiнiң бар күшiн мыналарға бағыттайды:
- қозғалыста, көңiл-күй өзгерiстерiнде, жаңалыққа құштарлығын арттыруда
баланы қанағаттандыру;
- қолдың функцияларының дамуы мен жүру процестерiнiң дамуды қамтамасыз
ету;
- көңiл-күй, iскерлiк қарым-қатынасқа, бiреуден үйренуге дамыту;
- сөйлеу қабiлетiн жылдамдату.
Ерте жас.
үлкен адам жағдай жасайды:
- баланың танымдық iс-әрекетiнiң дамуына;
- сезiм мүшелерiнiң нығайуына;
- баланың белгiлi бiр заттың орнын ауыстыруға бейiмдiлiгiн дамыту;
- қоршаған ортамен байланыста iскерлiк көрсете бiлуiн дамыту;
- баланы қанағаттандыру үшiн, ол өзiнiң жетiстiктерiн мойындайтын “мен” -
“мен-сана” деуiн қалыптастыру.
Мектепке дейiнгi жас.
үлкен адам мен баланың арасындағы қарым-қатынас, баланың әлеуметтiк
өзгерiстердi сезiммен қабылдауына байланысты. Арадағы қарым-қатынас,
танымдыә қызықты ойынмен байланысты.
Баланың жетiстiгiн мойындата отырып, баланың мақтанышын оята отырып,
үлкен адам баланың талабын қанағаттындырады. Баланың достарымен арасындағы
қатынастарына көңiл бөлiп, түсiнiсуге шақырады. Осы үлкендермен қатынаста
бала өзiнiң кiм екендiгiн, “мен”, “мен-тұғыр”, өзiн қандай бiр ортада,
табиғатта, достарының арасында танымдық iс-әрекетiнiң, өзiн-өзi танып,
жауапкершiлiкпен қарауын дамытады.
Дамуында ауытқуы және бүлiнуi бар балаларды зерттеудiң бiртүтас жүйесi
қазiргi уақытта кеңiнен iске асуда. Мүндай бiртүтастың баланың даму
ерекшелiктерiне дүрыс баға берiп, олардың танымдық iс-әрекеттерiнiң,
тәртiбiне, көңiл-күйiне, есту, көру, жүру, нерв жүйүелерiн қамтиды. Мүндай
тексерулерде дәрiгер - невропатолог, психиатр, генетик, физиолог, психолог,
дефектологтар қатысады.
Тексеру әдiсi: клиникалық әдiс - неврологиялық тексерiс, клиникалық-
генеологиялық талдау, кариотиптi анықтау, биохимиялық әдiс, т.с.с;
нейропсихологиялық тексерiс; психологиялық-педагогикалық әдiс; баланың даму
тарихын тексеру, бақылау, әңгiмелесу, тестер өткiзу, графикалық әдiстер,
сурет, қолөнер, жапсырма жасау т.с.с. Психологиялық-педагогикалық
тексерудiң ерекшелiгi, ол баланың дамуына жүйелi талдау жасайды: баланың
дамуындағы әлеуметтiк жағдайлар, iс-әрекет және психологиялық жаңа пайда
болған өзгерiстердi тексередi.

II . ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБЕСІ
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін
ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың негiзгi сатылары

Мектепке дейiнгi түзету педагогикасы, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда
мынандай сатыларға бөледi:
1 саты.
Сезiм жүйесiнiң бүлiнуi.
“Ақыл-ой кемiстiгi“ – ми құрылысының органикалық бұзылуы нәтижесiнде
танымдық iс-әрекет бұзылады.
Аурулардың халықаралық 9 классификациясы бойынша, келесi топтарға
бүлiнген:
а) ақыл-ойдың кемуiнiң есуастық сатысы;
б) ақыл-ойдың кемуiнiң имбецильдiк сатысы;
в) ақыл-ойдың кемуiнiң нақұрыстық сатысы.
Халықаралық классификация бойынша ақыл-ойы кем балаларды психометрлiк
зерттеудің нәтижесiнде 4 түрге бөледi: жеңiл (IQ 40-69), бiрқалыпты (IQ 35-
49), ауыр (IQ 20-34), терең (IQ 20).
(Балалардың және жасөспiрiмдер психологиясы мен психологиясының анықтама
кiтабы.-СП б., 1999 ж.).
2 саты. пДТ (3 пр) дизонтогенездiң шекаралық тұрiне кiредi, және әртұрлi
психикалық функциялардың баяу дамуымен белгiленедi. Жалпы мұндай жағдайда
гетерохронды (әруақытта) көрiнуi, биологиялық ауытқуыға байланысты.
Этиопатогенетикалық классификация бойынша келесi нұсқауларды айырады:
а) ПДТ (3 пр) конституциялық генез;
б) ПДТ соматогендiк генез;
в) ПДТ психогендiк генез;
г) ПДТ церебалды-органикалық генез.
3 саты. Көрудiң бұзылуы.
а) соқырлық (жарықты сезетiн – көз көруi 0,01ден 0,04 дейiнгi);
б) нашар көру (көзiлдiрiкпен 0,05тен 0,2 дейiн);
в)қылилық және амблиопия ( 0,4тен жоғары).
4 саты. Естудiң бүлiнуi.
а) саңыраулық, естiмеу (есту қабiлетiнiң жойылуы, еститiн құлақтан 85ДБ
жоғары);
б) нашар есту (есту қабiлетiнiң жойылуы, еститiн құлақтан 85ДБ төмен);
в) кейiннен естiмей қалу ( 3-4 жасында естiмей қалған, бiрақ сөзi
сақталған, кейiннен пайда болатын саңыраулық).
5. Жүрудiң бұзылуы (ОДА).
Себептерi:
а) нерв жүйесiнiң ауруы:
балалардың церебральдық сал болуы;
полиомиелит.
б) туа пайда болан жүрудiң бұзылуы:
жамбастың шығып кетуi, туа бiткен.
мойыны қисықтық.
талтақтық, табанның қисаюы;
омыртқаға зақым келу (сколиоз);
аяқ-қолдың дамымауы, кемiстiгi;
саусақ сұйектерiнiң кемiстiгi;
артрогрипоз (туа бiткен кемiстiк).
в) жүре пайда болған аурулар:
мидiң, аяқ-қолдың жарақат алуынан зақымдануы;
полиартрит;
сұйек аурулары (туберкулез, сұйек iсiктерi, остеомиелит);
сүйек жүйесiнiң ауруы (рахит, хондродистрофия).
6 саты. Сөйлеу қабiлетiнiң бүлiнуi.
Сөйлеу қабiлетiнiң бүлiнуi (алалия);
Сөйлеу аппаратының функциясын және құрылысының бүлінуі (ринолалия,
дизартрия, сложная дислалия);
Жазу мен оқудың бүлінуі (дислексия, дисграфия);
Сөйлеудің жылдамдығының бүлініу;
Сөйлеудің қабілетің бағыттайтын жағының бүлінуі (мутизм);
7. Эмоция (жан) жұйесінің бүлінуі:
Ерте балалық аутизм (тұйықтық);
Ертеде шешеден айрылу нәтижесінде пайда балған эмоциялық бүліну;
Симблингтік бәсекелесудің нәтижиесінде пайда болған бүліну;
Балалық шақта қарынғылықтан қорқу пайда болған бүліну.
8. Көптеген ауыр бүлiнулер.
Бұл бүлiну екi немесе одан да көп бөлiнулер: көз көрмеу, естiмеу,
сөйлемеу, жүрмеу – бiр балада болуы.
Ауытқуы бар барлық балалардың дамуында жалпы және өзiне тән ауытқулары
бар, олардың көпшiлiгi мiнездерiне байланысты, бүлiнудiң ауыр-жеңiлдiгiне
байланысты.
Алғашқы бүлiнулер биологиялық аурулардың әсерiнен пайда болса,
кейiнгiлерi осы алдыңғылардың әсерiнен пайда болады. Осы екiншi бүлiнулердi
зерттеу, түзету керек дейдi Л.С.Выготский.
Естен шығармау керек, кейiнгi бүлiнулердiң себебiн алғашқыларынан байқап
анықтауға болатынын, және керiсiнше болуы мұмкiн – алғашқы бүлiнулерге
кейiнгi бүлiнудiң дәл келмеуi. Осы ойлардан кейiн Выготский айтқан, тек
қана алғашқы бүлiнулер ғана ауытқуды анықтап қоймайды, тәрбие де осыны
жеңуге көмектеседi деп. Мысалы: ақыл-ойы кемiстiкте, бiр балада тепе-тең
(адекватное) тәртiп, балалармен жақсы қарым-қатынас орнаған, ал екiншi
балада басқалармен қарым-қатынас жоқ. Осындай екiншi ауытқулар басқа
себептерге байланысты болады. Мысалы, эмоциялық (жаны) зақымдану. Жалпы
проблемалар қатарына кiредi:
• Баланың әлеуметтiк қатынасы болмауы;
• Психикалық процестердiң төмен дамуы;
• Эмоциялық ерi-жiгердiң, ықыластың қалыптаспауы;
• Дамудың моторлық кемшiлiгi;
• iс-әрекеттiң, психикалық емiн-еркiндiктiң төмендеуi.-
Осы себептердiң барлығы ПДК әкеледi. Бұл кемшiлiктер мектепке дейiнгi
балаларда әртұрлi бұлiнулермен және әртұрлi сатыда, әртүрлi жағдайда
көрiнедi.
озiне тән қиындылықтар – әлеуметтiк-педагогикалық жағдайлардың баланы
ерте кезден тәрбиелеуiне себепкер болады.
Мектепке дейiнгi тұзету педагогикасы, әр баланы оқыту, тәрбиелеу жағын
қарастыра отырып, баланың оқу қабiлетiне көп көңiл бөледi, кемшiлiктерiн
тұзетуге тырысады.
Осымен қатар бала ұшiн семьяның жанұяның орны ерекше екендiгiн де
айтады. Жанұя - негiзгi әлеуметтiк институт. Ата-аналардың әлеуметтiк-
педагогикалық қатынастарының қалыптасуы, ана-бала қатынасының тәрбиесi, ата-
аналарды өзiнiң тәртiбi қиын баласын тәрбиелеуге оқыту, мектепке дейiнгi
түзету педагогикасының тәрбиелiк бағытталарының бiрi болады.
Жалпы біім беретін мекемеде ой қабілеті өспей қалған баланы қабылдай
отырып оның тағдырына оның ата-анасын оқытып тәрбиелеу ұстаз-
мүкілікшілеріне жауапты болу керек. Қазіргі уақытта ой қабілеті өспей
қалған балалар көпшілік балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге
жиі түсіп отырады. Диагнозының мінездемесіне қарамай, ата-ана баланың
қалыпты дамуының тәрбиесін қалайды. Қалай болса да ата-аналардың таңдауын
құрметтеу керек. Осындай баламен кездесуіне және әрекеттесуіне тәрбиеші мен
ұстаз жақсы маман болуы керек.
Ой-қабілеті өспей қалған бала топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе
жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керек. Дегенмен, тәрбиеші
немесе ұстаз көпшілік мекемеде басқа балалардың арасында бұған ерекше көңіл
аудармау керек. Оқытушы баланы коллективтегі құрдастарына үйренуге, басқа
балаларымен достастыруға көмектесуі керек. Қиыншылықтар болған жағдайда
балаға оңай көмектесе алатын орынды сыныпта табу өте маңызды. Бала сыныптың
жұмыстарына араласып, сабақтың, оқудың қарқынына бөгет жасамау керек.
Маңызды бірдеменің түсінбеушілікті болдырмау керек, себебі бұл онан әрі
мәліметтерді түсінбеулікке әкеліп соқтырады.
Жалпы білім беретін мекемеде оқутышы ой-қабілеті өспей қалған баланың
білім танушылық қызметін ескеру қажет. Жаңа оқу мәліметтік меңгеру үшін
мәліметтерді кішкене үлестерге бөліп және көрнекі-практикалық және қызметті
жағдайлармен, көп жаттығулармен жаттықтандырып, бекітіп, бірнеше рет
меңгерген мәліметті қайталау беру керек.
Ой-қабілеті өспей қалған мектепке дейінгі баланың және мектеп
оқушысының көпшілік мекемеде ата-ананың күнделікті қатысуы керек, себебі
түзету жұмыстарының көп бөлігін нақ атқаратын ата-аналар. Балаға үнемі
мамандандырылған олигофренпедагогының көмегі қажет, ал ата-аналар мен
ұстазға оның кеңесі керек.

2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін
қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни
балаға жалпы міндеті

Жалпы білім беретін мекемеде ой қабілеті өспей қалған баланы қабылдай
отырып оның тағдырына оның ата-анасын оқытып тәрбиелеу ұстаз-
мүкілікшілеріне жауапты болу керек. Қазіргі уақытта ой қабілеті өспей
қалған балалар көпшілік балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге
жиі түсіп отырады. Диагнозының мінездемесіне қарамай, ата-ана баланың
қалыпты дамуының тәрбиесін қалайды. Қалай болса да ата-аналардың таңдауын
құрметтеу керек. Осындай баламен кездесуіне және әрекеттесуіне тәрбиеші мен
ұстаз жақсы маман болуы керек.
Ой-қабілеті өспей қалған бала топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе
жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керек. Дегенмен, тәрбиеші
немесе ұстаз көпшілік мекемеде басқа балалардың арасында бұған ерекше көңіл
аудармау керек. Оқытушы баланы коллективтегі құрдастарына үйренуге, басқа
балаларымен достастыруға көмектесуі керек. Қиыншылықтар болған жағдайда
балаға оңай көмектесе алатын орынды сыныпта табу өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу процесінің мәні
Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі
Танымдық қызығушылық
Бала тәрбиесіндегі жаттықтыру істерінің тиімділігі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Оқушыларда оқу – танымдық іс -әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру
Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі
Пәндер