Африканың географиялық орналасуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ. Африканың физикалық – географиялық сипаттамасы
1.1 Географиялық орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.2 Жер бедері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Климаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 7
1.4 Ішкі сулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 10
1.5 Топырағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 11
1.6 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
ІІ ТАРАУ. АФРИКАНЫҢ ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАРЫ
2.1 Вирунга ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 14
2.2 Серенгети ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2.3 Ишкель ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 16
2.4 Найроби ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 17
2.5 Масаи Мара ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

2.6 Килиманджаро ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.7 Крюгер ұлттық саябағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
ІІІ ТАРАУ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ. АФРИКАНЫҢ
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАРЫ САБАҚ ЖОСПАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 28

Кіріспе

Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер
үлесі Оңтүстік - Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі
көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 15 – і ғана өңделеді.
Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі
топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тропиктік
белдеу топырақтары біршама құнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет
етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралиті топырақ, керісінше
артық ылғал әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі. Соңғы жылдары Африка
жерінде топырақ эрозиясы апатты сипатта белең алуда. Шөл және көлейтті
жерлер үлесінің жоғары болуымен (материктің 13 – і) жер өңдеудің дамуына
кедергі келтіреді. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі (ауданы 7 млн км2-ден
астам) мен оның оңтүстігіндегі өте құрғақ Сахель жерінде қуаңшылық бірнеше
жылға созылатын жағдай жиі болып тұрады.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты табиғат комплекстерін
(ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш
жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін
алып жатыр. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың
арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны
қазіргі кезде қалпына келтірілген. Бұл саябақтар бір-бірлерінен жануарлары
мен өсімдіктері, орналасу жағдайы мен аумағы бойынша ерекшелінеді және
Африка материгінің табиғи байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Сондықтан
бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Африкадағы ұлттық саябақтардың маңыздылығын және орналасуын, бір-бірлерінен
ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
❖ Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
❖ Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;
❖ Африкадағы ұлттық саябақтарды жетік білу, зерттеу.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты:
Бұл тақырыпта орта білім беретін мекемелерде 7 сыныпта оқылатын Материктер
мен мұхиттар курсында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Курстық жұмыс 34 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. Африканың физикалық – географиялық сипаттамасы
1.1 Географиялық орны
Африка – көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк ( Сурет 1
көрсетілген). Оның көлемі аралдарын қоса есептегенде 30,3 млн км2,
аралдарсыз -29,2 млн км2. Аралдарының ең үлкені – Мадагаскар. Ғалымдардың
жорамалдауынша, Африка деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың
бірінде тіршілік еткен афригация деген бер-бер тайпасының атынан шыққан.
Кейіннен бұл атау бүкіл материкке таралған. Кез келген материк секілді,
Африка да өзінің қайталанбас табиғат жағдайлары мен халқы жөнінен айрықша
көзге түседі. Бұл жазықтары басым, Жер шарындағы ең жоғары температура мен
қарама-қарсы табиғат комплекстері кездесетін континент. Әлемдегі ең үлкен
шөл мен ылғалды экваторлық ормандардың ірі алабы да осында орналасқан.
Ыстық саванналардың ұшы-қиырсыз кеңістігінде биік таулардың қарлы шыңдары
асқақтап тұрады. Африкада жер шарындағы ең мол сулы өзен – Ніл және шығыс
жарты шардағы ең мол сулы өзен – Конго (Заир) ағып жатады. Бұл материкте
төменгі ендіктердің бірегей жануарлар дүниесі, атап айтқанда, құрлықтың ең
ірі сүтқоректілері – пілдер, бегемоттар, мүйізтұмсықтар, жирафтар сақталып
қалған.
Сурет 1.Африканың географиялық орналасуы

Әрбір материк өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Мұндай
ерекшеліктер материктің физикалық – географиялық орнына байланысты. Африка
– экватор дәл ортасынан дерлік кесіп өтетін бір ғана материк. Оның
солтүстіктегі және оңтүстіктегі шеткі нүктелері экватордан шамамен бірдей
қашықтықта жатыр. Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі
(37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка
солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі
экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б.
б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені
7500 км-ге жетеді.  Африка территориясының көп бөлігі экваторлық,
субэкваторлық және тропиктік белдеулердегі екі тропиктің аралығына
орналасқан. Оның солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік
белдеулерге енеді.
Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің солтүстік
жартысы батыстан шығысқа қарай мыңдаған километрге созылып жатыр.
Оңтүстікке қарай материктің пішіні сүірлене түседі. Демек, оның жерінің көп
бөлігі экватордың солтүстігінде орналасқан.
Африканы Еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтар бұғазы мен
Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік шығысында оны енсіз Суэц мойнағы
Авразиямен жалғастырады. Солтүстік Африка мен Оңтүстік Европаның және
Оңтүстік Азияның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіндегі зор ұқсастық
олардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік
Африка халқының құрамына, оның мәдениетіне, тіліне әсер еткен. Африканы
басқа материктерден ұлан – байтақ мұхиттар бөліп тұрады.
Демек, материктің физикалық географиялық орны – бұл оның экватор мен
бастапқы меридианға, климаттық белдеулерге, сондай-ақ мұхиттар мен басқа
материктерге қатысты орны.
1.2 Жер бедері
Материктің көп бөлігі жазықты болып келеді. Солтүстік-батысында –
Атлас таулары, Сахарада – Ахаггар мен Тибести таулы жоталары, шығысында –
Эфиопия таулы жотасы, ал оңтүстікке қарай материктің ең биік нүктесі вулкан
Килиманджарода Шығыс-Африкалық таулы үстірті орналасқан. Ең төмен нүктесі
– Джибутида тұзды көл Ассальда орналасқан ( Әлемдік мұхиттан -157 м). Ең
терең үңгір Ану Иффлис деп талады. Ол Алжирдің солтүстігінде, Тель Атлас
тауында орналасқан. ( Сурет 2 көресетілген)
Сурет 2. Африканың физикалық картасы

1.3 Климаты
Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты
қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде
дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа
жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-
Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп
түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде
(10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан
қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық,
ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі
құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және
субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.
Экватор Африканы дәл ортасынан дерлік кесіп өтетіндіктен, экваторлық
белдеуді қоспағанда климаттық белдеулер оның территориясында екі рет
қайталанады.
Экваторлық белдеу Конго (Заир) өзені алабының бір бөлігін және Гвинея
шығанағының жағалауын қамтиды. Бұл белдеуде бүкіл жыл бойы экваторлық ауа
массалары басым болып тұрады. Мұда қашан да орташа айлық жоғары температура
біркелкі сақталып, жауын-шашын да біркелкі жауады, бұл өсімдіктердің
үздіксіз өсіп жетілуіне мүмкіндік береді. Әдетте таңертең күн ашық болады.
Күндіз күн жер бетін күшті қыздыратындықтан, ылғалға қаныққан ауа жоғары
көтерілуге тырысады. Будақ бұлттар пайда болады. Түс ауа көбіне күшті
найзағай жарқылына ұласқан нөсер жауады. Кешке қарай тағы да күн ашылады.
Күн сайын дерлік осылай болып тұрады. Бұл жылдың бір мезгілі – жаз белдеуі.
Айлық орташа температура мен жауын-шашынның маусымдық ауытқуы шамалы ғана
болады. Мұндай климатты экваторлық климат деп атайды.
Экваторлық климат белдеуін субэкваторлық белдеудің кең алқабы көмкеріп
тұрады. Бұл белдеу экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай шамамен 15-
200 ендіктерге дейін жетеді. Мұнда бүкіл жыл бойы температура жоғары
болады, бірақ маусымдық ауытқулар байқалады. Субэкваторлық клматтың
экваторлық клматтан айырмашылығы – мұнда жауын-шашын мөлшері азырақ болады
да, ол жыл мезгілдеріне қарай негізінен әркелкі жауады. Мұнда екі маусым –
ылғалды жаз бен құрғақ қыс айқын байқалады. Бұл ауа массаларының Күннің дәл
төбеде тұру жағдайына ілесе біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке қарай
ауытқуына байланысты. Жазда субэкваторлық белдеуге экваторлық ауа массалары
келеді, бұл кезде онда экваторлық белдеудегі сияқты ыстық және жаңбырлы ауа
– райы орнығады. Қыста тропиктік ауа үстем болады, сондықтан жаңбыр жаууы
тоқталып, құрғақ ауа- райы орнығады.
Тропиктерге қарай жылжыған сайын жазғы жауын-шашынның мөлшері мен
жаңбырлы маусымның ұзақтығы азая береді.
Тропиктік белдеулер екі жарты шардағы тропиктік белдеулерге сәйкес
келеді. Солтүстік Африка мейлінше құрғақ болады. Мұнда Африкада ғана емес,
сонымен бірге бүкіл Жер шарындағы ең ыстық және құрғақ аймақ – Сахара шөлі
жатыр. Сахарада жаз айрықша ыстық, аспан мүлдем бұлтсыз болып тұрады. Күн
тас пен құмның бетін +700 С-ге қыздырады, ауаның температурасы +400 С-ге
дейін және одан да жоғары көтеріледі. Бұлттың жоқтығына байланысты түнде
жер беті мен ауа тез салқындайды. Сондықтан тәуліктік температураның
ауытқуы өте үлкен, кейде ол 400 С-ден асып кетеді. Сахараға тап болған адам
күндіз аптап ыстықтан азаптанса, түнде суықтан тоңып қалтырайды. Күндіз өте
құрғақ ауамен тыныс алу қиындайды. Бүкіл жанды атаулы тастардың
жықпылдарына, қураған шөптердің тамырларына кіріп жасырынады. Бұл кезде шөл
жансыз аймақ секілденеді.
Оңтүстік Африкада тропиктік климаттық белдеу аз ғана жерде таралған.
Мұнда, әсіресе Дракон тауларының шығыс беткейлерінде, Мадагаскар аралының
шығысында Сахараға қарағанда жауын-шашын көп жауады. Алайда Атлант
мұхитының жағалауында жаңбыр мүлде жаумайды деуге болады.
Материктің қиыр солтүстігі мен оңтүстігі субтропиктік белдеулерге
орналасқан. Тропиктік белдеумен салытырғанда мұнда күн жылуы едәуір аз
болады. Температураның маусымдық ауытқуы айқын байқалады: жазы ыстық (+27,
+280 С), қысы біршама жылы (+10, -120 С). Африканың солтүстігімен оңтүстік-
батысында жаз өте құрғақ (тропиктік ауа массалары басым), қыс ылғалды,
өйткені жылдың бұл мезгілінде батыс желдері мқхиттан қоңыржай ендіктердің
теңіздік ауа массаларын әкеледі.
Африкада жылудың молдығы бағалы тропиктік дақылдар – кофе, какао,
құрма пальмасы мен май пальмасы және т.б өсіруге қолайлы жағдай туғызады.
Алайда жауын-шашынның жетіспеушілігі материкте ауыл-шаруашылығын дамытуға
кедергі келтіреді. Шөлдер мен шөлейттерде егіншілікті оазистерде ғана және
қолдан суару жағдайында ғана жүзеге асыруға болады.
Африканың көп бөлігінде жылдық орташа температурасы +200 С-ден жоғары
болады. Күндізгі температура көбіне +400 С-ден асып кетеді. Тіпті
материктің субтропиктік белдеулерге еніп жатқан солтүстік және оңтүстік
аймақтарында қыс айларының орташа температурасы +10 - +120 С-ден төмен
түспейді. Территориясының көпшілік бөлігінің қысы мен жазы ылғалдану
жағдайлары жөнінен көзге түседі. Таулы аймақтарында ғана температура төмен
болады. Таулардың биік шыңдарын тіпті экватор маңында да мәңгі қар басып
жатады.
Конго өзенінің алабы мен Гвинея шығанағының жағалауы өте ылғалды
келеді. Ал Африканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі кең-байтақ кеңістікте
тропиктер аймағында жауын-шашын аз түседі. Солтүстік Африканың пассаттар
өтетін аудандарында жаңбыр мүлдем жаймайды деуге болады. Эфиопия таулы
қыратында әсіресе Камерун тауларының оңтүстік – батыс беткейлерінде жауын-
шашын көп жауады. Мұнда оның мөлшері жылына 10000 мм-ге дерлік жетеді. Бұл
аймаққа мол ылғалды Атлант мұхитынан оңтүстік-батыс желдері әкеледі.Мұндай
өте ылғалды желдер Конго ойысында бүкіл жыл бойы мұхиттағыға қарағанда
қысым әлдеқайда төмен болатындықтан түзіледі.
1.4 Ішкі сулары
Африкада оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын, дүние жүзіндегі ең
ұзын өзен Ніл өзені бар(ұзындығы 6671 км). Соынмен қатар ірі өзендеріне
батысында Нигер, Орталық Африкада Конго, оңтүстігінде Замбези, Лимпопо
және Оранжевая өзендері ағады.
Ең ірі көл – Виктория. Соынмен қатар Ньяса мен Танганьика да бар. Материкте
ең ірі тұщы көлдердің бірі Чад.
Жер бетінің құрылысына, яғни оның шығыс бөлігінің көтеріңкі болуына
байланысты өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк бетінің
шамамен 13 бөлігінде мұхитқа құятын су ағыны жоқ, сондықтан бұл бөлік ішкі
ағын территориясына жатады. Африканың өзендері шоңғалды болып
келеді,сондықтан тіпті ең ірі өзендердің бүкіл ұзына бойында кемелер жүзе
алмайды. Оларда су энергиясының орасан зор қоры бар. Материктегі ең жиі
өзен торы экваторлық және субэкваторлық климаттық белдеулерге орналасқан.
Шөлдерде өзендер өте аз. Мұнда құрғап қалған өзендердің арналары – вадилер
кездеседі, олар сирек жауатын күшті жаңбырлардан кейін ғана суға толады.
Африка өзендерінің барлығы дерлік жаңбыр суымен толығады. Бірақ олардың
режимдері әр түрлі және жаңбыр маусымына тәуелді болады. Бірнеше климаттық
белдеулер арқылы ағып өтетін өзендердің режимі күрделі болып келеді.
1.5 Топырағы
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік
ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді,
тұтас орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды.
Бірте – бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал
суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе
саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының
және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының
ықпалымен жүреді.Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас
саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар
өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз
шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген
ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн
пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас
саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық
тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты
жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa
астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын
жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың
шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір
оңтүстікке қарай ұшырасады.
1.6 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
Африканың ылғалды тропикалық ормандары өзінің түр құрамының байлығы
мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың тропиктік
ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын
алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы, шарап пальмасы, сейба, қола
ағашы тағы басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі
папоротниктер, либерия кофе ағашы өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды
ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы және
басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропикалық ормандарынан көптеген
бағалы техникалық және азық-түліктік май береді.
Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға
жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды
тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы
құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго
ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар
бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі
60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба,
қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі
бөліктерде банан, папоротниктер, ли бериялық кофе ағашы және каучук беретін
ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның
негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-
ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари
шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ,
акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті
өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен
құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі
жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51
туысқа біріктірілетінсүтқоректілерд ің 14-і осында шоғырланған. Тек қана
Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес
маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас
маймылдар павиан мен мандрил,сондай -ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы
лемурды атауға болады.

Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында
аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден
астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. 

ІІ. Африканың ұлттық саябақтары
Қазіргі кезде адам баласы Жер шарында табиғатты қорғаудың қажеттігін
жақсы түсінеді. Осы мақсатта барлық материктерде қорықтар (табиғат
комплекстері табиғи күйінде сақталатын территориялар) мен ұлттық саябақтар
ұйымдастырылуда. Қорықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың ғана
болуына рұқсат етіледі. Қорықтардан өзгеше, ұлттық парктерге оларда
белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенген туристер бара алады.
Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты табиғат комплекстерін
(ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш
жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін
алып жатыр. Олар әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африкада көп. Олардың
бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе
жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына
келтірілген.
2.1 Вирунга ұлттық саябағы
Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан.
Саябақтың шекарасы 300 километрге созылып жатқан жері Руанда мен Уганданың
шекарасымен сәйкес келеді. Ол ең алғаш рет Альберт және Киву деп 1929 жылы
аталған болатын. Кейін 1969 жылы Альберт пен Киву территориясынан бөлек
Вирунга деп аталатын саябақ бөлініп шықты.

Вирунга ұлттық саябағының ауданы 790 мың га. Саябақтың ландшафтысы
алуан түрлі. Мұнда шөптесін және ағаш саванналарын, төмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ніл өзенінің ағыстары
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Африка жайлы
Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
Африканың араб елдерінің эканомикалық - саяси географиялық жағдайы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Африка құрлығын оқыту
Пәндер