Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
І Әлеуметтік жұмыскер маман
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...5
1.2 Әлеуметтік жұмыскердің коммуникативтілік
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... 6
1.3 Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қарым-қатынасының этикалық
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Әлеуметтік жұмыскердің әріптестерімен қарым-қатынасындағы этикалық
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II Әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11
2.1 Әлеуметтік жұмыскердің адамгершлік қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық Мен-концепциясы ... ... ... 16
2.3 Әлеуметтік жұмыскердің
психограммасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ Әлеуметтік жұмыс мамандығына кандидаттың мінсіз бейнесі
... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Әлеуметтік жұмыс мамандығы ресми түрде ХХ ғасырда пайда болды, бірақ
та мұқтаждарға қамқор болатын, көмек беретін адамдар ежелгі заманнан бері
өз ісін атқаруда. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап туыстастарына
көмек беру, жолаушыны қонақ ретінде құрметтеп, оған сый сыйлау, соғыс
кезінде жаралы жауынгердің жарасын тану, жесір-жетімдерді асырау, сол
сияқты кез келген мейірбандық көрінісі әлеуметтік жұмысқа жақын, оның құрам
бөлігі болып табылады. Сол көмекті жүзеге асыратын адамдардың барлығы
әлеуметтік жұмысты өзектендіріп, бүгінгі таңда оның дербес мамандыққа
айналуына ат салысқан адамдар. Өзімізге әлеуметтік жұмыскер кім, және
қандай қызмет атқырады деген сұрақ қойсақ, мынадай жауап алар едік:
Ерекше лауазымға ие, қоғамның әлеуметтік денсаулығын қамтамасыз ететін
маман. Әлеуметтік жұмыскердің құқықтары мен міндеттері қазіргі заңнамаға
сәйкес болып табылады. Әлеуметтік жұмыскерге қойылатын талаптар мен
міндеттер әр қилы, себебі әлеуметтік жұмыс бірнеше ғылымдармен ұштасып
жатқан универсалды ғылым. Әлеуметтік жұмыскер жұмысқа тұру үшін мамандығы
сәйкес келетін әлеуметтік сферадағы жұмыс берушімен келісімшартқа отырады,
ал олардың көмегін алу үшін адамдар арыз жазып, сол жұмыс орынының
бастығымен келісімшарт жасалынады.
Ең басты әлеуметтік жұмыскер бауырмалдық пен аяушылық қасиеттеріне ие
болуы тиіс, себебі әлеуметтік жұмыс көмегіне тек өмірлік жолында көптеген
қиындықтар көрген, бақытсыз адамдар жүгінеді. Олардың көбі өмірден
түнілген, үнемі пессимистік көңіл күйде болады. Әлеуметтік жұмыскердің
коммуникативтілігі жоғары болуы керек, себебі ол жұмыс барысымен көптеген
адамдармен араласуы, әр алуан мекемелермен байланыс орнатуы тиіс.
Әлеуметтік жұмыскер абсолютті шыншыл болуы тиіс, себебі ол біреудің
ақшасымен жұмыс істеуі мүмкін, ал деңсаулығына тоқталсақ, қамқорлыққа
алынған адамдарға кез келген уақытта, ауа-райына қарамай шықырылуы мүмкін,
және ауыр сөмкелерді көтеруі де мүмкін, сондықтан денсаулығы мінсіз болуы
қажет. Жинақылық пен мұқияттылықтың да маңызы зор. Сонымен қатар әлеуметтік
жұмыскердің еске сақтау қабілеті жоғыры болуы тиіс, қамқорлығына алған
адамдардың түрлерін, өмірлік хикаяларын, тұрмыс жағдайын біліп, есте
сақтауы керек. Соған байланысты көмек көрсету жоспарын құрап, жоспар
бойынша көмек көрсетуі тиіс. Демек, әлеуметтік жұмыспен айналысу үшін,
әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттерінін маңызы зор.
Оқу барысында профессионалдық қасиеттер қалыптасады. Оларға
әлеуметтік жұмыстың әдіс-тәсілдерін білу, сөйлеу этикетін меңгеру, сөз
арқылы психотерапия жүргізу, т.с.с көптеген аспектілерді білуі тиіс.
Алайда, тек қана профессионалдық дағдылар мен білімділіктіліктерге сүйеніп
әлеуметтік жұмыспен айналысу мүмкін емес, солай болған жағдайда әлеуметтік
жұмыс химия немесе информатика сияөты техникалық мамандыққа айналып кетеді
Адамда міндетті түрде эмпатия қасиеті болуы тиіс.
Тұлғалық және профессионалдық қасиеттері қосылып әлеуметтік
жұмыскердін профессионалдық сана сезімін қалыптастырады.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс мамандығыны бой
көтеруде, және соған байланысты әлеуметтік жұмысты жүзеге асырушысы –
әлеуметтік жұмыскерлерді профессионалдық дағдаларын қалыптастыратын оқу
орындары көбеюде. Алайда, тәжірибе жүзінде әлеуметтік жұмыскерлердің
функцияларын басқа мамандық өкілдері (қаржы, заң мамандары) атқаруда.
Олардың әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша хабардар болуы күмән туғызады,
осыған орай әлеуметтік жұмыспен айналысатын мамандардың профессионалдылығы,
сана - сезімі бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтар
психология, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану ғылымдарына
зерттелінеді.
Зерттеудің объектісі: әлеуметтік жұмыскердің сана-сезімін
қалфптастырушы факторлар.
Зерттеудің пәні: әлеуметтік жұмыскердің сана-сезімі көмекті іс-
әрекетті жүзеге асырушы құрал ретінде.
Зерттеудің мақсаты: әлеуметтік жұмыскердің сана-сезімінің мағыздылығын
зеттеу.
Зерттеудің міндеттері:
• Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық сана сезіміне түрлі уақыт
аралығында әсер етуші факторларды анықтау
• Әлеуметтік жұмыскердің атқаратын іс-әрекетіне байланысты сана-
сезімінің өзгерістерін анықтау
Теориялық маңызы: зерттеу барысында алынған мәліметтерге сүйеніп
профессионалдық сана-сезімге әсер ететін факторлардың әсерін бақылауға,
өзгертуге мүмкіндік пайда болады.
Тәжірибелік маңызы: әлеуметтік жұмыскердің сана сезімін қалыптастыра
отырып, жұмыс нәтижелілігін жоғарлату мүмкіндігі.
Зерттеу құралы: салыстырмалы талдам, дедукция, индукция.
І Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері
1. Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық ерекшеліктері (Н.С.Данакин)
Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық ерекшелігі – оның шекаралық
сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыскер универсалды маман десе де болады. Алайда
оның универсалдылығының нақты шектері бар, олар клиенттің мәселесі мен оның
шешу жолдарына байланысты. Әлеуметтік жұмыстың мағыналық мазмұны
психология, әлеуметтану, педагогика, заңтану, және т.б. мамандықтарымен
шектеседі.
Әлеуметтік жқмыстың тағы да бір ерекшелігі оның делдалдық сипаттамасында.
Делдалдықтың негізгі бағыттары:
- Клиент және өзге же әлеуметтік институттар арасында.
- Клиент және де өзге де мамандар арасында
- Клиенттің мәселесін шешуге ат салысатын өзге мамандар арасында
- Клиеттердің арасында
Әлеуметтік жұмыскердің әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі рольдері.
Рольдердің классификациялануы және типологиясы.
Профессионалдық рольдің әлеуметтік рөл ретінде қарастырылуы,
индивидтің әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде тек қана алатын орны
бойынша емес, оның атқаратын функцияларын ескере отырып, әлеуметтік
жұмыскердің атқаратын іс-әрекетің анықтауға мүмкіндік береді.(И.А.Зимняя).
Оларға жатады: клиентпен практикалық әлеуметтік жұмыс; сол жұмыстың
клиентпен жүргізудің ұйымдастырылуы және координациясы; әлеуметтік жұмысты
әлеуметтік депертаменттер, құзыреттіліктер т.б. деңгейінде басқару;
әлеуметтік жұмысқа баулу, әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеулер.
Ең алдымен әлеуметтік жұмыскер клиент және қоғам арасында делдал ретінде
жұмыс атқарады. Ол бір жағынан клиенттің қоғамға бейімделуін қамтамасыз
етеді, екнші жағының қоғамның нақты адамдардың қажеттіліктерінен
алыстауына әкеліп соқтырады. Профессор И.А.Зимняя шет ел авторларының
еңбектеріне сілтеме жасап әлеуметтік жұмыскердің атқаратын 13 рөліне
функционал арқылы сипаттама береді:
- Әлеуметтік жұмыскер, мұқтаж адамдардың (кризистік ахуалға душар болған)
және зорлыққа ұшырауы мүмкін адамдардың (тәуекел тобы) қажеттіліктерін
анықтайды. Осы әлеуметтік жұмыскердің мақсаты мәселе туғызушы факторларды
анықтау. Клиенттің анықтаушысы (Outreach Worker).
- Брокер (Broker ) – адамдарды қызмет көсету жүйесін қолдануға мүмкіндік
беру және сол қызмет көрсету орталықтарын байланыстыру мақсатымен
лайықты қызмет көрсету орталықтарына жіберетін әлуметтік жұмыскер
- Делдал, буфер (Mediator) — екі адам, адам және топ немесе екі топ
арасында қайшылықтарды жеңу және бірігіп жұмыс істеу мақсатымен
жүретін әлеуметтік жұмыскер.
- Қорғаушы (Advocate) — адам құқықтарын қорғайтын әлеусеттік жұмыскер.
- Бағалаушы (Evaluator) — мәлімет жинаумен айналысатын, адамдардың,
топтардың, қауымдастықтардың мәселелерін бағалайтын әлеуметтік
жұмыскер, оларға әрекет жасауға шешім қабылдауға көмектеседі.
- Мобилизатор (Mobilizer) — бұрыннан бар немесе жаңадан құрылған
топтардағы бар мәселелерді шешу мақсатында қозғалыс ұйымдастырады.
Мобилизация индивидуалды деңгейде де жүзеге асады.
- Мұғалім (Teacher) — адамдарға мәлімет беретін және білім беріп,
қолдарынан келетін жұмыстардың дамуына көмектеседі
- Мінез-құлық корректоры (Savior Charger ) — адамдардың немесе
топтардың жүріс-тұрыс стереотиптеріне, дағдыларына, қабылдауына
өзгертулер енгізетін әлеуметтік жұмыскер.
- Кеңесші (Consultant ) — басқа әлеуметтік жұмыскерлер, агенттіктермен
клиенттің мәселелерін шешу дағдыларын ұштау мақсатында бірлесіп жұмыс
істейтін әлеуметтік жұмыскер.
- Қауымдастықтардың жобалаушылары (Community Planner )
—қауымдастықтардың іс әрекет бағдарламасын жобалаушы әлеуметтік
жұмыскер.
- Мәлімет басқарушысы (Data manager) - әлеуметтік орта жайлы мәліметті
жинап, классификация, талдау жасайтын әлеуметтік жұмыскер.
- Администратор (Administrator) — агенттік, мекеме, бағдарлама немесе
әлеуметтік қызметкерлік басқармасымен айналысатын әлеуметтік
жұмыскер.
- Тәжірибеші (Caregwer ) — нақты көмек көрсететін (физикалық,
болмыстық, қаржылық) әлеуметтік жұмыскер.
2. Әлеуметтік жұмыскердің коммуникативтілік қасиеттері
Кәсіби қарым-қатынас – бұл кәсіби іс-әрекет процесс кезінде
қалыптасатын қарым-қатынас. Әлеуметтік жұмыстың маманы үшін қарым-қатынас
әр түрлілігі өзге мамандық өкілдеріне қарағанда кең ауқымды болып келеді,
себебі өзінің әріптестері және әлеуметтік қызмет көрсету клиенттерімен
қарым-қатынас орнатумен қатар, ол түрлі ұйымдар, әр түрлі деңгейдегі
шенеуніктермен де қарым-қатынаста болады. Әлеуметтік жұмыскердің қарым-
қатынаста құзіретті болуы өте маңызды, оның жұмысының тиімді болуы, демек
клиенттерінің жағдайы да (психикалық, физикалық, материалдық және т.б)
осыған байланысты. Сонымен қатар, қарым-қатынаста құзіретті әлеуметтік
жұмыскер өз клиентіне қарым-қатынас жасай алуға және осы арқылы оның
мәселелерін шеше алады.
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби іс-әрекеті барысында қарым-қатынастың
негізгі 3 түрін бөліп көрсетуге болады:
1. іскерлік (бұл әлеуметтік жұмыс бойынша маманның ұйымдар, әлеуметтік
институттар өкілдерімен, әр түрлі деңгейдегі шенеуніктер мен әлеуметтік
көмек қызметкерліктерінің іс-әрекетін жақсартып, өз клиенттерінің қандай да
бір мәселелерін (құқықтық, материалдық, тұрғын үй, психологиялық т.б) шешу
мақсатындағы ресми-іскерлік саладағы қарым-қатынасы.)
2. кеңес берушілік (клиентке көмек көрсету мақсатындағы қарым-
қатынас, әсіресе психологиялық, бірақ міндетті емес)
3.жекелік (клиент пен әлеуметтік жұмыскер арасындағы достық қарым-
қатынастар, сенімге негізделген қарым-қатынас түрі)
Осы қарым-қатынас түрлерінің барлығы өзара байланысты және вербалдық
(сөз арқылы), сондай-ақ вербалдық емес (сөзсіз) құралдар арқылы жүзеге
асырылады.
Осылайша, әлеуметтік жұмыскердің қарым-қатынасы көп қырлы, көп
функциялы және сол себепті әрбір әлеуметтік жұмыскер өз іс-әрекетінің түрлі
салаларында қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын
қолданып қарым-қатынас жасай алуы керек, өзге адамдарды түсіне білуі керек,
яғни қарым-қатынаста құзіретті болу, бұл әлеуметтік жұмыстың коммуникативті
мамандықтардың бірінің қатарына жататындығымен байланысты.
Қарым-қатынас көп қырлы процесс болып табылады және әр түрлі қалыпта
(тұлғааралық қарым-қатынас, әлеуметтік диалог, іскерлік және кәсіби қарым-
қатынас, коммуникация) жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыскердің қарым-
қатынасы мынандай өзара байланыстарда болады:
1) Мен – Мен (индивидуалды-тұлғалық тип);
2) Мен – Біз (индивидуалды-ұжымдық тип);
3) Біз – Біз (ұжымдық-қоғамдық тип). Әрбір тип өзінің белгілерімен,
арнайы сөздік қорымен ерекшеленеді, өзінің міндеттері мен мақсаттары бар.
Қарым-қатынастың мазмұны қарым-қатынас пәнімен анықталады.
Мұндай іс-әрекеттің негізінде қарым-қатынастың коммуникативті техникасы
жатыр, оны меңгеру әлеуметтік жұмыскердің кәсіби жарамдылығының маңызды
көрсеткіші. Әлеуметтік жұмыскердің коммуникативті техниканы игеру
тұрғысынан кәсіби портретін қалыптастыратын мінездемелер әлеуметтік
жұмыскердің коммуникативті профессиограммасы деп аталады.
Әлеуметтік жұмыскер міндетті:
- сөйлеу этикетін білу және қолдана алу;
- іскерлік қарым-қатынастың мақсаттары мен міндеттерін құрылымдай алу;
- қарым-қатынас нысанына анализ жасау, шағымдар мен арыздарды реттеу,
сұрақтар қойып, оларға нақты жауап беру;
- қарым-қатынастың дағдыларын, әдіс-тәсілдерін игеру;
- әңгіме, іскерлік әңгіме, пікірталас, дискуссия, дебат, диалог, дөңгелек
столдар, кеңес, келіссөз, саудаласу ұйымдастыра білу;
- дәлелдеу, негіздеу, көндіру,сын айту және теріске шығару, келісімдер мен
шешімдерге келу, баға беру мен ұсыныс жасау дағдыларын білу;
- сөздің көмегімен психотерапия жүргізуді, қорқыныш пен стрессті шешу,
клиентті сәйкес жағдайларға бейімдеу, оның мінез-қылықтарын түзету.
Осылайша, әлеуметтік жұмыскердің міндеті – клиенттің өзін-өзі табуына,
жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделуге көмектесу.
Кәсіби қарым-қатынас техникасының маңызды құраушысы – тыңдай алу
қабілеті. Тұлғааралық кері байланыстың кез-келген формасы қабылдау
құралының қалыпты жұмыс істеуінсіз мүмкін емес. Келіп түскен ақпаратты
(когнитивті, сондай-ақ эмоционалды) дұрыс қабылдай білудің мағынасы
бағалаусыз кері байланысты айтқан кезде көп рет артады. Шынымен,
хабарламаның шынайы мағынасын анықтап тану дегеніміз әсер ету құралдарын
еркін және дұрыс таңдауға алғашқы қадам жасау.
Маманның арнайы өзіне бағытталған үндеулерді (вербалды немесе вербалды
емес) қабылдау және түсіну қабілетінің болмауы кері байланыс механизмінің
жұмысының келеңсіздіктеріне алып келеді, демек мәселенің мәнін түсінуді
қиындатады, оған әсер ету мүмкіндіктерін шектейді. Толыққанды тыңдауға
кедергі келтіретін объективті себептер болады. Оларға, ең алдымен, зейіннің
ерекшеліктерін жатқызуға болады.
Одан да орынды себеп қабылдаудың интенсивтілігі мен ойлау бейнелерінің
негізінде оны құрудың қарама-қайшылықтары, біз сөйлеуден төрт есе тез
ойлаймыз. Он минуттық әңгіме барысында 600-ден 900-ге дейін сөздерді естуге
болады.
Тыңдаудағы тосқауылға серіктестердің субъективті ұстанымдары жатуы
мүмкін. Мұндай ұстаным кері байланысты қиындатады.
Тиімді тыңдау дағдысын иемденудің алғашқы қадамы өзіндік стидьді
бағалау.
Ең кең танымалы агрессивті тыңдау - серіктестің ұстанымын назарға
алмай-ақ, өзінің ойлары мен көзқарастарын тезірек жеткізуге ұмтылудың
салдары. Мұндай тыңдаушының үзілістері де жаңа ақпаратты қабылдау үшін
емес, жаңа шабуыл алдында тынығу үшін керек.
Іріктемелі тыңдау реципиент үшін маңызды және қызықты болып келетін
хабарламаның кейбір бөліктеріне ғана назар аударуға мүмкіндік береді.
Тыңдауды кәсіби қарым-қатынас техникасы ретінде қарастыра отырып,
мақсатты түрде оның екі типін бөліп қарастыруға болады: пассивті және
активті. Пассивті тыңдау реципиенттің тарапынан оның хабарламасының қалай
қабылданғанын және түсінілгенін тыңдаушыға жеткізетін іс-әрекеттің болмауы.
Басқаша айтқанда, пассивті тыңдауда толыққанды кері байланыс болмайды
немесе оны жеткізу құралдары тиімді өзара байланысқа әсер етпейді.
Ақпаратты қабылдаудың альтернативті тәсілі ретінде белсенді тыңдауды
айтуға болады. Оның көрнекті артықшылықтары, ең біріншіден, вербалды кері
байланыс арқылы үндеуі немесе хабарламасы қаншалықты дұрыс қабылданғанын
тексеру мүмкіндігі. Сонымен қатар, белсенді тыңдау техникасы серіктестің
эмоционалды мәселелерін қарым-қатынаспен шешуде таптырмайтын құрал. Оның
дәл осы қасиеті коммуникативті мамандықтар саласындағы кәсіби қарым-қатынас
үшін орны бөлек.
Белсенді тыңдау кезінде кері байланысты орнатуды игеру мәселелері қиын
болып келеді.
Кеңес. Мәселені шешу жолдарын ұсыну, яғни кеңес беру әрқашан сәтті
бола бермейді. Ең алдымен, ол қате болуы мүмкін, соған сәйкес пайдадан гөрі
зиянға әкеліп соқтырады. Кеңес, сонымен қатар, серіктесті істелінген іс-
әрекет салдарының жауапкершілігінен қашуға итермелейді: әрқашан іс-
әрекеттің өзіндік ұстанымнан тыс жасалғандығына сілтей салу.
Баға. Өмір көп жағдайда бағасыз мүмкін емес. Баға, әсіресе, сыни
немесе жағымсыз сипатта болғанда психологиялық қорғаныс механизмдерін іске
қосуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сындарлы критика кең таралған болып
табылады, яғни жақсы оймен айтылған баға. Кей кезде жағымды бағаның да орны
бар, дегенмен бұл жағдайда серіктестің тарапынан ашықтық пен шынайылық
дәрежесінің төмен болуы жоққа шығарылмайды.
Талдау. Талдау естілгенді сұрыптауды білдіреді. Егер талдау дұрыс емес
болса қарым-қатынаста тосқауылдардың пайда болуы мүмкіндігі бар. Ондай
жағдайда серіктес альтернативті көзқарасты қабылдамайды, өзара байланыс
аргументтердің ауысуына, жасырын немесе ашық қарсылықтарға әкеледі.
Сондықтан интерпретация нақты фактілерге негізделуі керек.
Нақтылаушы сұрақтар. Нақтылаушы сұрақтар көп жағдайда кері байланыстың
тиімді құралы болып табылады. Олардың көмегімен сұхбаттасушының ойы мен
ұстанымын түсінуге болады, мәселені мазмұндау барысы реттеледі.
3. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қарым-қатынасының этикалық стандарттары
1) Әлеуметтік жұмыскер өтірік алдаумен байланысты істерге араласпауы
керек.
2) Әлеуметтік жұмыскер өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіріп, кәсіби
парызды бәрінен жоғары қоюы қажет.
3) Әріптестермен қарым-қатынас кезінде шыншыл, әділ болу;
4) Әріптестермен кіәсіби қызығушылықтарды тиімді жүзеге асыру үшін
бірігіп жұмыс жасау;
5) Ғылыми немесе зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген әлеуметтік
жұмыскер әріптестері үшін олардың мүмкін салдарларын болжау және
қарастыру, зерттеуге қатысушылардың өз еріктерімен қатысып
жүргендеріне көз жеткізу, ол жайында ертерек ақпараттандыру және қысым
көрсетпеу (сонымен қатар, құпиялылықты сақтау және зерттеуге
қатысушылардың абыройына нұқсан келтірмеу).
6) Әлеуметтік жұмыскер жеке мақсаттарына жету үшін кәсіби қарым-қатынасты
қолданбауы тиіс.
7) Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген әлеуметтік жұмыскер өзінің қол
астындағыларды қолайсыздықтан, зияннан,қауіп-қатерден, қандай да бір
құқықтардан айырылуларынан қорғауы керек.
8) Түрлі жағдайларды сараптаушы әлеуметтік жұмыскер оларды тек кәсіби
мақсатпен және олармен кәсіби байланысты адамдармен ғана талқылауы
керек.
9) Зерттеу жұмысының барысында алынған ақпарат құпия сақталуы керек.
10) Клиенттің қызығушылықтары әрқашан бірінші орында болу керек.
11) Ешқашан нәсілдік, жыныстық, жастық, діни, ұлттық, отбасы жағдайына,
саяси көзқарастарға, ақыл-ес немесе физикалық ауытқушылықтарға
байланысты дискриминацияның түрлеріне араласпау.
12) Клиентке пайдасы тиетін болса, әріптестермен, жетекшілермен ақылдасу.
13) Әлеуметтік жұмыскер клиентпен қарым-қатынасын ерекше жағдайларда ғана
тоқтата алады.
14) Әлеуметтік жұмыскер клиенттің атынан оның азаматтық және заңдық
құқықтарын бұзатын ешқандай іс-әрекеттерге қатыспау.

нормалар
Әлеуметтік жұмыскер әріптестеріне құрметпен, әдептілікпен, әділдікпен,
сеніммен қарауы керек.
1) әлеуметтік жұмыскер әріптестерімен кәсіби қызығушылықтар негізінде
араласуы керек;
2) әлеуметтік жұмыскер кәсіби қарым-қатынас барысында әріптестерінің
сенімін құрметтеуі қажет;
3) әлеуметтік жұмыскер әріптестерінің этикалық, кәсіби құзіретті іс-
әрекеттерін жеңілдететін жағдайларды қалыптастыру және ұстануы керек;
4) клиентпен жұмыс жасау кезінде әлеуметтік жұмыскер әріптестерінің
шығармашылық табыстары, көзқарасы, біліктілігі жайындағы деректерді шыншыл
көрсету; әріптестерінің жұмысының тәсілдерін бағалау үшін сай келетін
қайнар көздерді қолдану;
5) әріптесінің орнында жүрген әлеуметтік жұмыскер ауыстырып отырған
адамының беделіне нұқсан келтірмейтіндей істер атқару;
6) әлеуметтік жұмыскер әріптесі мен жетекшісі арасындағы келіспеушілікті өз
мүддесі мен көзқарасын нығайту үшін пайдаланбауы керек;
7) әлеуметтік жұмыскер өзінің жұмыс саласына байланысы жоқ әріптестеріне де
сыйластықпен қарауы тиіс;
8) сарапшының, жетекшінің, инспектопрдың, тәрбиешінің функцияларын
атқарушы әлеуметтік жұмыскер әріптестерімен қарым-қатынас кезінде
объективті болуы керек;
9) өзге әлеуметтік жұмыскерлердің бағасына жауапты әлеуметтік жұмыскер
қойылған бағамен оларды хабардар етуі керек;
10) жұмысқа қабылдау және өзге әлеуметтік жұмыскерлердің іс-әрекетінің
бағасына жауапты әлеуметтік қызмет көрсету орнының қызметшісі бұл міндетті
сабырлықпен, шыдымдылықпен, нақты құрылымданған талаптар негізінде атқаруы
керек;
II Әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық
ерекшеліктері

Әлеуметтік жұмыс адамның тұлғалық қасиеттері профессионалдық қасиеттерінен
басым болатын ерекше мамандық. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа баулу
процессінде профессионалдық дағыдаларды үйретумен қатар, тұлғаны тәрбиелеу,
рухани- қасиеттерін қалыптастыру. Нағыз әлеуметтік жұмыскер өз бойында
профессионалдық білімдер мен дағыдаларды және тұлғалық қасиеттерді
үйлестіре біледі.Әлеумтеттік жұмыскер мамандығын таңдаудың негізгі себебі –
адам сол мамандықты өмірлік ісі деп санаса, болашақ маманның рухани-
әдептілік қасиеттері мен мамандыққа бейімділігі. Егер де адам мамандықта
саналы түрде, өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес таңдасы,
онда оның жұмысы оған ешқандай ауыртпалық әкелмейді, өзіне, клиенттеріне,
қоғамға пайдалы, әрі табысты болады.
Әлеуметтік жұмыскер мен клиент клиенттің өміріндегі ең ауыр кездерінде
кезедеседі, сол кездесу клиент үшін ауыр тиеді, себебі әлеуметтік
жұмыскерге бару клиент үшін өзінің қабілетсіздігін мойындаумен парапар. Осы
кезде клиенттің өзіне деген сенімділігін қайтару, өз күшіне қайта сенуі
әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Солардың ішінде
әлеуметтік жұмыскердің моральдылық деңгейі үлкен маңызға ие. Әлеуметтік
жұмыскердің моральдылық деңгейі жоғары немесе орташадан жоғары болуы тиіс,
себебі моральдылығы жоғары адам басқа адамға ұрыс-керіссіз ақыл үйретіп,
түсіне алады. Әлеуметтік жұмыскер мен клиентті ортақ мақсат біріктіреді,
бірақ та әлеуметтік жұмыскер белсенді бастама ретінде танылуы тиіс.
Әлеуметтік жұмыскер мен клиент өзара серіктертестер, алайда әлеуметтік
жұмыскер міселені шешу әдіс-тәсілдерін, келістерін, басқа да білім және
дағдыларға ие болғандықтан клиентке көмекші, жолдас, жетекші, басқарушы
ретінде қарайды. Әлеуметтік жұмыскердің жетекші рөлі тек қана жай
қажеттілік пен әлеуметтік рөлдердің бөлінуінен емес, оның адамгершілік
қасиеттеріне де байланысты.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілігін - адамның ішкі рухани қасиеті, этика
және мораль нормаларымен сәйкес іс-әрекет жасауы, жақсылық жасау және
адамдарға пайда әкелу қажеттілігі деп ұғыну керек. Әлеуметтік жұмыстан адам
факторын жою мүмкін еместігі әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттерін
этикалық кеңңстікке проекциялауды талап етеді. Кері жағдайда маман тек
қызметтік инструкцияда жазылған жұмыстарды орындап, өзінің профессионалдық
функцияларын дұрыс орындаған жайғдайда да, атқарылған жұмысты тек
техникалық мәліметтердің жинақтамасы ретінде қарастыруға болар еді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік санасы 3 негізгі копмоненттен тұрады:
адамгершілік білімдер, адамгершілік ұстанымдар мен адамгершілік
қажеттіліктер.
Адамгершілік білімдер:
Әлеуметтік жұмыскер этика, мораль туралы түсініктерді орта,
жоғары білім беру мекемелері, квалификацияны жоғарылату факультеттерінде,
курстарда алады. Оқу барысында болашақ маман адамгершіліктің мағынасын,
оның қоғамдағы мазмұны мен әрекет етуі, орнатылған нормалардан ауытқулар
болған жағдайда қолданылатын санкциялар мен шарттар туралы мәлімет алады,
өзінің адамгершілік нормативтерін профессионалдық, әлеуметтік маңызы бар
нормалармен салыстыра отырып, өзінің адамгершілік позициясын реттейді.
Профессионалдық дайындық курстарынан өтпеген практикалық әлеуметтік
жұмыскер жұмыс орнында интуитивті өзінің практика барысында жинаған
тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне сүйенеді, көп жағдайда олар
профессионалдық этика талаптарына сай болуы мүмкін, алайда, сәйкес келмеуі
де мүмкін.
Әлеуметтік жұмыскердің моральдық нормаларды білуі, оның мінез-
құлқы абсолютті моральді екенін білдірмейді, мораль туралы білімдерді
қолдануы да, қолданбауы да мүмкін, сондықтан профессионалдық тәжірибелік іс-
әрекетте білімдер дербес қасиетке ие. Осыған орай біз екі қырлы моральді
тұлғамен кездесуіміз мүмкін, демек, тұлға адамгершілік, мораль теориясында
еркін бағдар ұстайды, бірақ та тәжірибиеге келгенде сол мораль принциптерін
қолдануды тиіс деп ескермейді.
Жоғары адамгершілікті қалыптастыру мен оның дамуы, оны тұлғаның
ажырамас қасиеті қылып ұстау маманнан тек білімнің болуы ғана емес, өз
үстіне өмірбойылық жұмысты талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар – әлеуметтік жұмыскердің білімдер мен
тәжірибе негізінде қалыптасқан профессионалдық мораль талаптарының
әділеттілігіне сенімділігі. Адамгершлік ұстанымдар маман тұлғасы дамуының
жоғары сатысы, себебі тұлғаға таныс моральдік нормалардың терең және жан-
жақты зерттеулеріне, өмірлік және профессионалдық тәжірибиеге, оларды іштей
қолдау және жалғыз дұрыс және мүмкін деп тануға негізделген. Адамгершілік
ұстанымдар маманнан өз еңбегіне іс мүддесі жағынан қарауын, қоғамға
әкелетін пайдасы мен міндетті пайданың қатынасын анықтауды талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар маманның профессионалдық іс-әрекетке теориялық және
практикалық әзірлігін анықтайды, әлеуметтік жұмыс практикасында өз мінез-
құлығы мен қимылдарына саналы түрде қарауына негіздеме болады. Олар
тұлғаның еріктік сапалары мен қоршаған ақиқатқа моральдық елеудің тұрақты
формаларының қалыптасуына қатынасады.
Алайда адамгершілік ұстанымдар салыстырмалы дербестікке ие,
себебі күнделікті өмірде тұлға өз ұстанымдарына қарсы келетін жағдайлар
болады, өйткені өзінің ұстанымдарынан маңыздырақ себептер пайда болуы
мүмкін. Осы жағдайда тұлға өзімен, ұстанымдарымен араздықта болады.
Адамгершілік қажеттілік – әлеуметтік жұмыскердің саналылығының ең
жоғары деңгейі. Ол профессионалдық талартарды орындау моральдық
қажеттілігімен сипатталады. Профессионалдық этика талаптарын орындау
адамның ішкі қажеттілігіне айналғанда, адам этикалық принциптерге сәйкес
өзінің еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, бар ынтасын
этикалық жағынан қиын мәселелерді адамгершілік көзқарасынан шешуге
тырысады. Нағыз маман адамгершілік қажеттіліктеріне бағына отырып, оның
көзқарасы бойынша теріс болатын әрекеттерді ешқашан жасамайды. Әлеуметтік
жұмыскердің тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеті берілген еңбек ұжымында
қалыптасқан моральдық мінез-құлықтын әсеріне ұшырайды, ол тек қана берілген
этикалық идеалды меңгере ғана қоймай, оны ақиқи шыңдықпен, моральдық
қатынастардың күнделікті тәжірибиесімен үнемі салыстырып отырады. Осы
жалпылаулар профессионалдық моральдың мазмұнына әсер ете отырып, оны
түзейді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік дағдыларының, ұстанымдарының,
қажеттіліктерінің қалыптасуында профессионалдық моральдің маңызы зор. Олар
практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты, бірақ әрқалай шарттайды. Ең
қатаң әрі тұрақты байланыс әлеуметтік жұмыскерде адамгершілік қажеттіліктің
қалыптасыунда байқалады.
Әлеуметтік жұмыскер абстактілі нұсқамалардың шегінен шығу жағдайы.
Осы жағдай моральдық мәселелерді шешуде шығармашылық келістіталап етеді,
соған байланысты әрдайым адамгершілік жасау, қимылдарын адамгершілік
нормалары мен меңгерілген құндылықтар жүйесі арқылы реттеу теория мен
практиканың анализі мен синтезінің ерекше формасы болып тиісті іс-әрекет
немесе қылық уәжға әкеледі. Бұл ретте адамгершілік қажеттілік пен
адамгершілік уәж әлеуметтік жұмыскерді тұлға ретінде сипаттайды. Әлеуметтік
жұмыскердің іс-әрекет мотивтері оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайды.
Сонымен,әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік мінез-құлығы тұлғасының
жеткілікті анықталған адамгершілік және рухани қасиеттеріне байланысты.
➢ Ұждандылық – әлеуметтік жұмыскерге қажетті қасиет. Әлеуметтік
жұмыскер клиенттің жағдайы, оның мәселелерін шешу мүмкіндіктері,
жұмыста кездесетін қиыншылықтар мен қателіктер туралы шыңдық айту
керек. Алайда ұждандылық тек сөзде ғана емес, істе де болуы
керек.Әлеуметтік жұмыскер клиенттің мәселесін шешуге уәде етсе, оны
алдауға құқығы жоқ. Егер де әлеуметтік жұмыскер жұмысының нәтижесінде
күмәнданса, оны орындалмас арман тудырмауы үшін клиентке айтуы тиіс.
➢ Ар-ұят. Әлеуметтік жұмыскердің ар-ұяты - өз мінез-құлқы үшін
жауапкершілігі, оның жақсылық, игілік, әділеттілік туралы
түсініктеріне сай әрекет ету қажеттілігі, сонымен қатар эмоционалдық
компоненттерді қамтиды. Ар-ұят тұлғалық қасиет қоғам және
профессионалдық топ талаптарының кескінделу формасы болып табылады. Ар-
ұят адамды моральдық және профессионалдық функцияларды тек формальды
түрде орындаудан қорғайтын, мінез-құлықты реттеуші болып табылады.
Егер де болжалмаған жағдайда қиын немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz