Жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 3
І бөлім Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері ... ... ... ... . 5
1. Әлеуметтік жұмыстың этикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Әлеуметтік жұмыскерге қойылатын кәсіби талаптар ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Әлеуметтік жұмыстың профессиограммасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
ІІ бөлім. Әлеуметтік жұмыс маманның әлеуметтік жұмыстағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 12
2.1 Еңбек қызметіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби бейнесі ... ... ... .. 13
2.2 Әлеуметтік жұмыскердің атқаратын қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.3 Құқықтық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік қызметкер маманы ... .. 19
ІІІ бөлім. Әлеуметтік жұмыстың этикалық кодексі және
стандарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 28

Кіріспе

Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік экономикалық, саяси, демографиялық
жағдайлар қоғамның әлеуметтік өмірін түбегейлі өзгертті. Тез қарқынмен өсіп
келе жатқан халықтың әлеуметтік және материалдық дифференциациясы,
жұмыссыздық, босқындардың,мигранттардың, маргиналды топтардың пайда болуы,
қолайсыз экологиялық жағдай және күрделі демографиялық жағдай бүгінгі
күннің шындығы.

Осындай қиын жағдайда әлеуметтік көмекпен, қолдаумен, жеке тұлғаның,
әр түрлі топтардың және бірлестіктердің реабилитациялануымен байланысты
өзекті мәселелер туындайды. Бүгінгі күні адамдар кәсіби кадрлардағы
әлеуметтік жұмыс маманын қажетсінетін әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет
етеді..

Осыған байланысты адамдардың,топтардың және бірлестіктердің
әлеуметтік қорғалуы, ең алдымен, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік
әлеуметтік қорғау мен қолдаудың дамуына байланысты. Мұның барлығы
әлеуметтік қызметтің, мекемелердің қызметіне кіреді, сонымен қатар
әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлауды талап етеді.

Тақырып өзектілігі әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби моделін
қалыптастыруда әлеуметтік жұмыскердің бойында болуы қажет рухани, этикалық
құндылықтарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты – әр саладағы әлеуметтік жұмыскердің моделін зерттеу.

Жұмыстың зерттеу болжамы – әлеуметтік жұмыскердің кәсіби моделі оның
рухани, тұлғалық этикалық құндылықтары арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар
оның қызмет барысындағы кәсібилігіне байланысты.

Көрсетілген мақсатқа және болжамға жету жолында бірнеше міндеттер
анықталған:

1. Зерттелінетін тақырып бойынша әдебиеттерді оқып білу;
2. Әдебиеттерден әлеуметтік жұмыстың кәсіби қызмет ретіндегі мәнді және
кұрылымдық маңызды сипаттамаларын айқындау;
3. Әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
4. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктерін талдау;
Жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби дамуы.

Жұмыстың зерттеу пәні – әлеуметтік жұмыскердің кәсіби моделін
қалыптастырушы деңгейлер.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І бөлім Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері
1.1 Әлеуметтік жұмыстың этикалық аспектілері.

Әлеуметтік жұмыс өз негізінде нормативтік қызмет екенін көрсетеді.
Ол тікелей әдет-ғұрыптық құндылықтармен және әлеуметтік нормалармен,
әлеуметтік мақұлданған немесе мақұлданбаған, жақсы немесе жаман,
агрессивті немесе заңды мақұлдайтын адамның мінезімен тығыз байланысты.
Көмек көрсету ортасы клиентке өзінің бостандығы мен тұтастығын
ұйымдастыруға және этикалық таңдау мен бағалы шешімдер қабылдауға
бағытталған.
Құндылықты бағыттар жеке адам мен қоғамның қалыптасуында маңызды роль
атқарады. Құндылықтар – әлем мен адамға деген қарым-қатынастың жолдары.
Олар бағалы субъекті мен бағаланатын объектінің арасындағы байланысты
көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыстағы координаттардың құндылықты жүйесі кез келген
ұғынылған практиканың құрылысындағы негізгі мәселесі болып табылады: тек
сонда ғана бақыланған фактілер белгілі бір мәнге ие бола алады, және тек
солай ғана әлеуметтік іс-әрекеттер мақсаттанған қызметке орай
қалыптастырылады. Әлеуметтік жұмыскер клиентке және оның проблемаларына
қатысты ғылыми әділдік принциптерін басқара отырып, сыртқы бақылаушының
бейтарап орнын ала алмайды. Ол өзара әрекеттесу жағдайына кіріктірілген.
Әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі жұмыскер мен клиенттің өзара мақсаттық
қалып пен мақсатқа жетудің жолындағы бірігуіне байланысты. Әлеуметтік жұмыс
ұғымы мен категориясының кілті ретінде әлеуметтік тұрмыс халі және
әлеуметтік жүйе болады. Олар өзінің құндылықтарына сай нормалары бар
қоғамның тіршілік әрекетін тұспалдайды. Әлеуметтік жүйенің бұзылуын
қоғамдық құндылықтардың лауазымдық сатысы тарапынан бұзылуы ретінде
қарастыруға болады. Әлеуметтік жүйенің жақсаруы – әлеуметтік нормаларға
сәйкес дамуды айтады.
Әлеуметтік қарым қатынас жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың делдалдық
тапсырмасы бірполярлы этикалық ригоризмді немесе-немесе орынсыз етті.
Сондықтан да кәсіпқой құндылықты бағдарлар жүйесі бір түрлі, солай және
басқасы деген принциптер бойынша құрыла бастады. Мұндай амал жеке тұлға
мен қоғамның тұрмыс халінің, бостандығы мен жауапкершілігінің, құқықтары
мен міндеттерінің өзара тәуелділік және өзара шарттасуларын ескереді.
Мұнда жеке тұлғаның өзіндік жүзеге асыру және қоғамдық игіліктердің
құндылықтарымен байланысты. Жеке тұлғаның өзін өзі билеуі әлеуметтік
кіріктірілуі мен жауапкершіліктің қажетті шарты ретінде қарастырылады.
Осыған ұқсас жағдайлар әлеуметтік жұмыскерді әрбір нақты жағдайларда
жеке және әлеуметтік, мұратты және объективті шындықтың, лайықты, мүмкін
және қажеттіліктердің арасындағы қарама қайшылықтардың шегін, тепе
теңдігін іздеуге мәжбүрлейді. Бұл түсініктегі әлеуметтік жұмыс
демократиялық қоғамның құралы болып тұрады – ол жеке тұлға мен әлеуметтік
топтардың, қоғамның, мемлекеттің көзқарастарының көптеген қарама
қайшылықтарын мақұлдауға тырысады.
Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптері демократиялық қоғамның
негізгі құндылықтарымен анықталады. У. Фридлендер және Р.Эпттің айтуынша
бұл:
1) Әрбір индивидтің шығармашылық мүмкіндіктері мен адамгершілігі,
құндылықтарға деген мықты сенімі
2) Әрбіреуінің өз сенімі мен көзқарасына құқығы бар екеніне сенуі
3) Әр адамның тұрақты қоғамдағы өз таңдауын жасап және соған орай
ауыспалы және даму негізінде әрекет етуіне сенуі.
Әлеуметтік жұмыстың нормативті-құндылықты табиғаты клиенттердің кәсіпқой
құндылықты бағдарлар жүйесіне шарасыз қосылуымен айқындалады. Әлеуметтік
жұмыскер клиентпен жұмыс істей отырып, өзінің бағалы ұстанымдарымен
таныстырып, оның проблемаларын түсінетіндігі жайлы хабардар етіп
отырады.Шынына келгенде, әлеуметтік жұмыскер клиентке дәлелдер, кінәні
сезіну, дауласу, агрессия, мазасыздық категориялары жүйесінде өзінің
психологиялық кеңістігін сезінуге мүмкіншілік береді. Ал өз кезегінде
әлеуметтік жұмыскер клиенттің негізгі құндылықтарына, мәдени нормаларына
сай онымен қоршаған ортасының терминдерінде диалог жүргізе білу керек.
Сондықтан да әлеуметтік жұмыстың маңызды мәселесі - ол құндылықты
жүйелердің өзара әсерлесу процесі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстағы кеңес берудің имманентті моральдық-этикалық
табиғаты клиенттің проблемасының түсіндірілуі және анықталуы шеңберінде
әлеуметтік жұмыстың құндылықты жүйесін қабылдауында байқалады. Индивидтің
немесе топтың клиенттің орнына сай қаулысы әлеуметтік жұмыскермен нақтылы
байланысудың бастамасын білдіреді. Соның барысында сураушы клиентке
айналады. Шынтуайтына келгенде, клиент теориялық көзқарастарды,
жорамалдарды, өз пікірін айтуға, тіпті кей жағдайда әлеуметтік жұмыстың
кәсіпқой тілін түсіне бастады деген болжамдарға келіп тіреледі. Мүмкін,
клиент ашық келісімді қатынасқа кіргенше, жаңа сенімдерге жүгінеді. Бірақ
мұндай жағдайларда әлеуметтік жұмыскер мен клиенттің көзқарастары едәуір әр
түрлі болуы мүмкін. Онда жұмыстың барысының жетістікке жету мүмкіншілігі
аз болуы мүмкін.
Егер өзің шын сенбесең, құндылықтарды тарату мүмкін бе?
Құндылықты жүйелердің байланысының көзқарасы бойынша С.Халлектің
бақылауларынан әлеуметтік жұмыскер мен жасөспірімдердің арасындағы
байланыстар қызығушылық тудырады. Оның ойынша, жасөспірімдердің көтеріліске
шығу себептерін олардың өміріндегі үлкендер өтірік айтатынын түсіне
бастаған фактісіне келтіреді. Бұл әсіресе, интернаттарда, түзету
мекемелерінде және басқа да арнайы мекемелерде тұрып жатқан жасөспірімдерге
қатысты. Осындай проблемалы жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, әлеуметтік
жұмыскер мынадай сұрақтарды естен шығармау керек: Ақпараттар мен
құндылықтар жайлы хабар беру мүмкін бе, егер сен өзің соған соңына дейін
сенбесең? Үлкендер (соның ішінде әлеуметтік жұмыскерлер) өздері толық
түсінбейтін құндылықтарды балаларға жеткізуге тырысады. Мұндай өтіріктерге
көбіне мән берілмейді. [1;85]
Рефлексия – әлеуметтік жұмыскердің кәсіпқой қасиеті.
С.Халлек әлеуметтік жұмыскердің кәсіпқой өтіріктерінің бірнеше жиі
кездесетін түрлерін айқындап қойды:
1. Өтірік үлкендердің негізгі құндылықтары болып табылады. Үлкен
адамдардың жоғары моральды-құндылықты қасиеттері барын көрсетеді, бірақ
негізіне келгенде олар өздерінің жағымсыз қасиеттерін шебер жасыра алады.
2. Өтірік ол кәсіпқойдан көмек сұраған қажеттілік ретінде де болады ...
біз бұны сенің игілігің үшін істеп жатырмыз. Біз тек саған көмектескіміз
келеді. . Әлеуметтік жұмыскер жасөспірімге байланысты онымен әлеуметтік
қабылданатын белгілі бір әлеуметтік тапсырыс алады. Ол белгілі бір
қызығушылық пен жауапкершілік негізінде іс әрекет етіп көзбояушылық
көрсетпеуі керек.
3. Өтірік ол құпия тәрізді. Не болғанын маған айтшы, бұл біздің арамызда
қалады. Әлеуметтік жұмыскер жұмыс барысына кіріктірілген мекемелер мен
адамдардан маңызды ақпаратты жасыруға құқығы жоқ. Жасөспірімге ақпараттар
мен материалдар тек әлеуметтік жұмыскерге ғана мәлім екенін тіке айту
дұрыс болады.
4. Өтірік ол конформдық үшін сый сияпат тәрізді. Істе, бұл сен үшін
маңызды. Саған өмір сүру оңай болады. Жасөспірімнен талап етілетін
нәрсе, көбіне қоғамның сұраныстарына жауап береді.
5. Өтірік ол шектеуліктен бас тарту. Егер сен қаласаң, сен бәрін жасай
аласың. Көптеген жасөспірімдердің шамалары шектеулі болады. Әлеуметтік
жұмыскер барлығы мүмкін дей отырып жасөспірімді айқындалған шынайы емес
мақсаттарға итермелеуі мүмкін.
6. Шектеусіз көмектесетін өтірік. Сен маған сен, бәрі де жақсы болады.
Мен саған әрдайым көмектесіп отырамын. Жасөспірімнің әлеуметтік
жұмыскермен кәсіпқой жүйелер шеңберінде байланысы шектеулі екенін түсіну
керек.Әлеуметтік жұмыскер досы болып қолдау көрсетуіне міндетті емес.
7. Өтірік ол шартсыз қабылдау. Сен маған ұнайсың, бірақ мінезің
ұнамайды. Тәрбиедегі адамгершілік жолдың негізгі принципі: ұнайды -
ұнамайды категорияларындағы тәрбиені бақылау, бірақ жеке тұлғаны емес,
себебі ол бағаланатын пікірлердің заты болуы мүмкін емес, ол құнсыз.
Жасөспірім үлкендер тарапынан шартсыз қабылдануын түсінуі керек. Алайда,
шындыққа келсек, жасөспірімдермен жұмыс істей отырып белгілі бір
жағдайларда ашу-ызаға бой алдыруымыз ғажап емес. Мұндай жағдай туғанда
әлеуметтік жұмыскер мұны кәсіпқой жете білмеушіліктің, мамандықтың
гуманистік идеалдарына сәйкес келмейтіндігінің салдары екендігін түсінуі
керек. Егер осындай жағдайлар туып жатса, жасөспірімге кәсіпқой этиканың
мөлшерінің шегінде өз эмоцияларының белгісін көрсету дұрыс болады.
Ашуланшақтық та өзара қарым қатынастың үдеуі мен күшеюіне себеп болатын
терапевттік және педагогикалық жағдайлардың бір бөлігі болуы мүмкін.
[13]
С.Халлек ұсынған классификация жеке және кәсіпқой дамуында қызығушылық
тудырған әлеуметтік жұмыскерге көмектесуі керек. Бұл классификация -
рефлексияның дамуына жақсы себеп болып отыр.
Әлеуметтік жұмыскерге көбіне оның мамандығымен түскен қарама
қайшылықты талаптарды біріктіру керек. Бұл кәсіпқойлық қызметте көптеген
құндылықты дилеммалар мен қарама қайшылықтардың негізі болып табылады.
Осындай қарама қайшылықтардың бір түрі әлеуметтік жұмыскер үшін әлеуметтік
өзгеріс пен әлеуметтік бақылаудың инструменті болу қажеттілігін туындатады.
Әлеуметтік жұмыскер көбінесе қоғам мен жеке тұлға мүдделерінің арасындағы
туындаған қарама қайшылықтарды шешу проблемаларымен кезігіп қалады. Оған
клиент пен өзінің әлеуметтік жауапкершілігіндегі бостандығының шектелуінің:
сабырлық пен мәжбүрленуінің, төрешілдік жүйенің алдындағы тікелей қарызы
мен клиенттің талабы бойынша оған көмек көрсету арасындағы, ата аналар мен
балалардың, әйелі мен күйеуі арасындағы тепе теңдікті іздеуге тура келеді.
Әлеуметтік жұмыстың алдындағы ескі дилеммалардың бірі – әлеуметтік
асыраулардан алшақ ұстай отырып халықтың әлеуметтік топтарының
қиыншылықтарын жеңілдету, оларға көмек көрсету.
Әлеуметтік жұмыскерлер адамдарға қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен шиеленіскен күрделі сұрақтар мен қиыншылықтарды шешуге көмек
көрсетуге ұсыныс жасайды.
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіпқой бағытының іс әрекеттерін гуманистік
құндылықтармен әрекеттесетін құндылықты координаталар жүйесінде қарастыру
қажет. Құндылықты орындардың рефлексиясы әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіпқой
сана сезімдерінің кілті ретінде қарастырылуы керек.

2. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын кәсіби талаптар.

1998 жылы Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыстың маманы және
әлеуметтік жұмыскердің қызметі енгізілген. Ол біліктілік анықтамалығында
келесі меңгерушілік қызметтермен белгіленген: мекемелерде, отбасы және жеке
тұлға шағын аудандарында әлеуметтік медициналық, заңдық, психолого-
педагогикалық, материалды және басқа да көмекке зәру халықты анықтайды.
Олардағы туындаған қиыншылықтар мен ушыққан жағдайлардың пайда болу
себептерін айқындайды және оларды шешуге және әлеуметтік қорғаныс беруге
көмектеседі; халыққа қажетті әлеуметтік экономикалық көмек көрсететін
мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің ықпалдасуына көмектеседі; отбасылық
тәрбиеде, үйде отырған, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге жұмысқа
тұру келісімдерін құруға, инвалидтарға, зейнеткерлерге көмектеседі;
отбасы және неке қию сұрақтары бойынша және ашушаң мінезді кәмелетке
толмаған балалармен заңды және психолого-педагогикалық консультациялар
жүргізеді.
Әлеуметтік үй тұрмысты, материалды, емдік және оқу-тәрбиелік
мекемелерге орналасу, қамқорлықты қажет ететін үлкендер мен балаларды
анықтап оларға қол үшін тигізеді. Кәмелетке толмаған заң бұзушылардың
қоғамдық қорғанысын,кей жағдайда сотта олардың қоғамдық қорғаушысы да болып
көмек көрсетеді.
Отбасылық әлеуметтік көмек көрсету орталығын құруға қатысады: асырап
алу, қамқорлыққа алу, әлеуметтік ақтауларда, жетімханалар, жастардың,
жасөспірімдік, балалардың және отбасылардың, клубтар мен ассоциациялар және
т.б. Арнайы оқу-тәрбиелік мекемелерден қайтып келген жеке тұлғалардың
ақталуы мен әлеуметтік бейімделу жұмыстарын ұйымдастырады.
Әлеуметтік жұмыскердің арнайыланған жүйесі этикалық және кәсіпқой
кодексте көрсетілгендей жеке тұлғалық және кәсіпқойлық қасиеттерінің
бірігуін болжамдайды.
Сонымен, әлеуметтік жұмыскердің міндетті қасиеттеріне жатады:
- Психологиялық жете білушілік;
- Сыпайыгершілік және өнегелік;
- Адамгершілік және мейірімділік;
- Ұйымдастырушылық қасиеттері;
- Жоғары рухани мәдениеттілік пен құндылығы;
- Әлеуметтік интеллект;
- Қоршаған ортаға қызығушылық тудыра алатын және клиентпен жұмыс
істегенде бейресми бола алатын;
- Ықыласының клиенттің адамгершілік қасиетінің қажеттілігі мен
қорғанысына бағытталуы;
- Клиенттің жеке құпияларын және қызметтік ақпараттардың сыртқа
таратылмауы;
- Кәсіпқой білімінің үнемі жоғарылатуына тырмысу;
- Адалдық, өз жұмысындағы рухани тазалық, адамдармен араласқандағы
этиканың сақталуы және т.б.

1.3 Әлеуметтік жұмыстың профессиограммасы.

Профессиограмма – арнайы тапсырмаларды шешу үшін және белгілі
бір жүйеде жасалынған кәсіпқой қызметтің бір түрінің сипаттама-
технологиялық мінездемесі. Бұл маманның сәйкесінше қасиеттерін, тәртіптің
негізін беретін және тиімділігін қалыптастыратын, шеберлігі мен
құндылықтарын, білім жүйесін және кәсіпқойлық қызметтің мазмұнын
айқындайтын құжат.
Әлеуметтік жұмыс мамандығының профессиограммасы
1.Мамандықтың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыс – қазіргі заманға
сай, қоғамдағы қажеттілікті тудыратын қызмет ортасы. Әлеуметтік жұмыс
ортасындағы маман әлеуметтік қолдауға, көмекке, қорғанысқа және қызмет
көрсетуіне мұқтаж жеке тұлғалармен, отбасылармен, халықтық топтармен
кәсіпқой практикалық қызмет көрсетеді.
2.Кәсіпқойлық қызметтің мазмұны. Маман әлеуметтік проектілер мен
программалар ұйымдастыру мақсатында қарастырылып жатқан аудандарындағы
халықтың әлеуметтік жағдайының проблемалары бойынша аналитикалық-зерттеулік
қызметтер атқарады.
Маманның міндетіне тағы да мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғалармен және
топтармен әлеуметтің жұмыстың ұйымдастырылуы жатады.
Әлеуметтік жұмыс ортасындағы маман әлеуметтік қызмет пен мекемелердің
әкімшіліктік жұмысында және ұйымдастырушылық-басқарушылық жұмыстарына
қатысады. Сонымен қатар халыққа қажетті әлеуметтік қорғаныс пен көмектің
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың шоғырлануына ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік жұмыстың маманының міндетіне тағы әлеуметтік орындардағы,
арнайы орта оқу орындарындағы тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуі жатады.
3.Қажетті білім мен қабілеттілік. Әлеуметтік жұмыстың маманы қажетті
мөлшерде әр түрлі салада білімі жетілген болуы керек.
Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық пәндерден басқа
Ресейдегі және шет елдердегі әлеуметтік институттардағыдай әлеуметтік
жұмыстың негізгі этаптары мен тенденцияларын, анықтамалары мен
категорияларын, принциптері мен заңдылықтарын, формалары мен әлеуметтік
жұмыс деңгейлерін, әлеуметтік жұмыстың болжамдары мен жобалауларын білуі
керек.
Әлеуметтік жұмыстың маманы халықтың әр түрлі жеке тұлғалары мен
топтарының түрлі сферадағы әдістері мен технология түрлерін, мазмұнын білуі
қажет.
Оның міндетіне психология, педагогика, әлеуметтік медицина, әлеуметтік
жұмыстың құқықтық қамсыздандырудың негіздерін білу жатады.
Әлеуметтік жұмыстың маманы әлеуметтік мекемелер мен қызмет
орталықтарындағы ұйымдастыру мен басқару жайлы түсінігі болу керек, және де
кәсіпқойлық қызметке қажетті ақпаратты алып оны өңдей алуы және әлеуметтік
жұмыстың анализі мен мониторингінің жағдайы мен дамуын жүргізе алуы керек.
Маманның міндетіне әлеуметтік медициналық және әлеуметтік
педагогикалық,психоәлеуметтік жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі
жатады.
4.Маманға деген талаптар. Әлеуметтік жұмыстағы маманның қызметі
алдымен халықтың ерекше контингентімен араласуынан тұрады. Көбіне көмек
сұрап келген адамдар эмоционалды тұрақсыз, ерекше жақындау жолын қажет
ететін болады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелерінде жақсы жұмыс істеу үшін
тұрақты қарым қатынасты және сабырлы болуы қажет. Маманның кәсіпқойлық
қасиеттері ол оның жылуқандылығы, адалдығы, жібі түзу адам, еңбекқорлығы,
байқағыштығы, өзіне сенімді және тұрақтылығы.
Әлеуметтік жұмыс ортасындағы маманның дамыған интеллектуалды
қасиеттері болу керек: ақылының талдағыштық қасиеті, үлкен ақпаратпен жұмыс
істеу қабілеті.
5.Жұмысқа орналастыру. Маманның кәсіпқойлық қызметінің әлеуметтік
жұмыс сферасына мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік қызмет
көрсету орталықтары, денсаулық сақтау министрлігі, құқық қорғау
министрлігі, білім беру министрлігі жатады.
Әлеуметтік жұмыскерде кәсіпқойлық қабілеттілік, адам жайлы
тереңдетілген ғылыми білімі: психология, әлеуметтану, педагогика,
акмеология болу керек. Әлеуметтік қызметкердің білімі мен қабілеттілігі
өзіне сай болып тұрса, кәсіпқойлық қызметі жоғары дәрежеде орындалуына көп
септігін тигізеді.

ІІ бөлім. Әлеуметтік жұмыс маманының әлеуметтік жұмыстағы қызметі
Әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік жұмыс бойынша
маман мамандықтары шартты түрде ресейлік мемлекеттік құжаттарында наурыз-
сәуір 1991 жылы тіркеліп адам мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешу
үшін арналған, соның ішінде:
- Әлеуметтік және психологиялық конфликттер, кризистік және стресстық
жағдайлар;
- Эмоционалды және психологиялық проблемалар;
- Қажеттілік пен кедейшілік;
- Алкоголизм мен наркомания;
- Зорлық пен зомбылық;
- Ұлттық проблемалар;
- Қылмыс пен тәртіп бұзушылық;
- Жұмыссыздық пен кәсіпқойлық адаптация;
- Тұрмыстық проблема;
- Бала асыраушылық;
- Ата аналық қатыгездік және тағы басқалары.
Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыскер мамандығы өте қажетті мамандықтардың
бірі болып отыр. Шындығында, медициналық, психологиялық, заң негіздерін
білетін жоғары бағдарлы маман қажет. Мұндай әлеуметтік жұмыскер маман
болады, егер келесі еңбек операциялары кірсе:
- Жеке тұлға жайлы ақпараттың сарапталуы мен жинақталуы;
- шағын орта диагностикасы;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен дамуын болжау;
- Қоршаған ортадағы жағымсыз құбылыстарға әлеуметтік терапия және
алдын алу шараларын жүргізу;
- ортаны организациялық коммукативті педагогизациялау;
- құқықтық сақтандыру;
- Білім беру, тәрбиелеу міндеттері;
- құжаттарды жазу және құрастыру;
- Пед коллективпен жұмыс.
Әлеуметтік жұмыстың қарастын мәселелері ауқымды және ол өзіне барлық
өмірлік жағдайлардың әртүрлілігін және әр түрлі жастағы адамдардың
қақтығысын және әлеуметтік жағдайларын енгізеді. Белгілі бір мекемедегі
әлеуметтік жұмыскердің мәселелері әлеуметтік тапсырыс негізінде, мекеменің
контингенттік ерекшелігінде, оның ведомствалық бағыныштылығында, сонымен
қатар маманның кәсибілінде негізделеді.
Әрбір мекемеге өзіндік ерекше бір тәсіл керек, мысалы, ауылдық орта
мектепте 100 оқушыға дезадаптивті мінез құлқы бар 8 баладан келеді, ал
әлеуметтік реабилитациялық орталықта бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары, ол
анкеталау жүргізу нәтижесінде 100 ге 24 тен келеді, осы жерде әлеуметтік
қызметкердің жұмыс ерекшелігі байқалады.
Әлеуметтік жұмыс маманы өзінің тәжірибелерінде әр түрлі әлеуметтік
ролдер атқарады. Ең алдымен, ол азамат пен азаматтарға қамқор болуға
шақырылған мемлекеттік әлеуметтік топтарды байланыстыратын адам отбасы
қоғам үштігі арасындағы делдал.
Әлеуметтік ортаның қызметкері бір мезетте адамдардың қызығушылығын
қорғаушы, оның құқықтары мен әрбір отбасының құқықтарын қорғаушы.
Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыскер бірігіп атқарылатын қызметтердің
мүшесі болуы және де осы қызметті ұйымдастырушысы болуы керек. Ол өздігінше
рухани тәлімгер, тұлғаны және оның отбасын көптен бері өзімен психологиялық
тұрғыдан ертіп жүрген, қоғамдық құндылықтарын қоғамда орындай алуларын
қадағалайды.
Және де ол өз қамқоршысының шиеленістік жағдайларын шешетін және
алдын алатын әлеуметтік терапевт.

2.1 Еңбек қызметіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби бейнесі

Әлеуметтік жұмыскер қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асырады. Біз
оларға психологиялық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және
т.б. жатқызамыз. Бірақ ескере кететін жайт, қандай да болсын қызмет түрі
әлеуметтік маманның негізгі қолданатын функциясына байланысты болады.
Кәсіби тұлға ретінде әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаттарына
келесілерді жатқызуға болады:
1) Клиенттердің өз өмірлерін басқара алуын және туындаған мәселелерді өз
бетінше тиімді шеше алу қабілеттерін арттыру;
2) Клиенттің өз мүмкіндіктерін максималды түрде көрсете алатын және заң
бойынша өзіне тиесіліні алу үшін жағдай жасау;
3) Адамдардың қоғамға бейімделуі;
4) Адамдардың физикалық зақымдануына, жан күйзелісіне және өмірлік
сәтсіздігіне қарамастан, өзіне деген сенім мен айналасындағы
адамдардың құрметін сақтай отырып әрі қарай өмір сүруін жалғастыру;
5) Және де соңғы мақсат клиенттің әлеуметтік қызметкердің көмегіне
мұқтаж болмайтындай нәтижеге жету.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибе ретінде, алдымен, индивидуалды және әлеуметтік
субъектілікті қолдауға, оның дамуына және реабилитациялануына бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаттарын жүзеге асырушы клиентпен жұмыс жасаудан
бастап, мемлекеттік ведомстваларда басқарумен аяқтаған, түрлі функцияларды
жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен әлеуметтік қызметкер болып
табылады.
Әлеуметтік жұмыс бұл басқару, экономика, психология, социология,
педагогика, медицина, құқық және т.б. теориялар саларында мықты білімді
талап ететін күрделі процесс. Оның нәтижелілігі көбіне әлеуметтік
қызметкердің өзіне байланысты, оның біліміне, тәжірибесіне, тұлғалық
ерекшеліктері мен қасиетіне.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қасиеттері тұлғаның арнайы білімді,
шеберлік пен әдеттерді меңгеруіне қажетті психологиялық ерекшеліктерінің
көрсетілуі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыскерді суреттеуде қабілеттілік түсініктерін әлеуметтік
қызметке жауап беруші және оның жетістігін анықтаушы: басқаларды тыңдай
алу; оларды түсіну; тез және нақты бағдарлану, ұйымдастырушылық
қабілеттілігі, моралдік қасиеттері және т.б. тұлғаның айқын ерекшелік
кескіні ретінде таңдауға болады.
Әлеуметтік қызметке қажет ең жақсы жеке қасиеттер: жауапкершілік,
табандылық, байқағыштық, коммукабельділік, сыпайылық, интуиция, өзіндік
баға беруге және басқалардың бағалауларына сәйкес келу, өздігінен білім
алуға қабілеттілік, оптимисттік, мобилділік, иілгіштік, адамгершілік,
басқалардың қайғысына ортақтасу, шыдамдылық.
Сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа қайшы психологиялық қасиеттер
анықталған. Оларға: басқа адамдарға деген қызығушылықтың болмауы (эгоизм),
ашушаңдық, тез арада пайымдау, кесімділік, сарапшымен диалог жүргізе алмау,
жинақы болмау, дау жанжал шығару, агрессивтілік, басқаның ойын есепке
алмау. [14; 16]
Кез келген адам әлеуметтік қызметкер бола алмайды; басты анықтаушы
факторы кандидаттың ең соңында оның кәсіби жарамдылығы мен тиімділігін
анықтайтын құндылықтар системасы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс ең күрделі мамандықтың бірі болып келген және солай
болып қалады. Ол әр уақытта қоғам пікірімен сай келе бермейді. Бірақ
әлеуметтік жұмыс адамның руханилы және қайырымды әрекетінің бірі болып
табылады.
Әлеуметтік жұмыскердің жеке қасиеттерін анықтай отырып, Е.Н.Холостова
оларды үш топқа бөледі:
1) Психологиялық сипаттама;
2) Екіншісі әлеуметтік қызметкердің тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған психолого педагогикалық қасиеттер;
3) Үшіншісі өзіне деген қызығушылыққа бағытталған психолого
педагогикалық қасиеттер. [5; 101]
Адамдармен жұмыс жасау психологиялық талаптарға жинақылық пен
зейінділікке, басқаны түсінушілікке, шыдамдылық, сабырлық секілді
қасиеттерді көрсете алуға негізделеді. Бұл мамандыққа қажет қасиеттерсіз
нәтижелі жұмыс атқару мүмкін емес.
Шет елде әлеуметтік жұмыскерге үлкен үміт артылады. АҚШ тағы әлеуметтік
жұмыстың тәжірибелік класификация стандартына сәйкес әлеуметтік
жұмыскердің білуі қажет:
- Клиентпен және топпен жұмыс жасаудың теориясы мен тәсілдерін
- Қауымдар ойлағандай қызмет пен ресурстарды
- Әлеуметтік қызметтік бағдарламалар мен мақсаттарын
- Жергілікті мекемелердің құрылымын, денсаулық сақтау ұйымдарының және
әлеуметтік қамсыздандырудың дамуы туралы
- Әлеуметтік экономикалық және саяси теориялар туралы
- Қоғамдағы нәсілдік, этникалық және басқа да мәдени топтар туралы
(олардың моралді құндылықтарын, өмірлік жағдайларын және туындаған
мәселелерін)
- Тәжірибеде қолдануға болатын кәсіби және ғылыми зерттеулер нәтижелерін
- Әлеуметтік жоспарлаудың тәсілдері мен концепцияларын
- Бақылау жүргізудің теориясы мен іс тәжірибесін, әсіресе, әлеуметтік
жұмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде қалыптасыуындағы этикалық сапалары
Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары
Әлеуметтік жұмыскер
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшелігі
Әлеуметтік жұмыста болжаудың типологиясы
Пәндер