Философиялық құндылықтар мен идеалдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Кәсіби әлеуметтік жұмыстың құндылықтары мен идеалдары ... ... ... ...
1.1.Әлеуметтік жұмыс құндылықтарының
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
1.2.Философиялық құндылықтар мен
идеалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.Құндылық
деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 10

2. Әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік сапалары ... ... ... ... ...
2.1.Моральдық
сапалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12
2.2.Этикалық кодекс және оның
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3.Әдеп
дилеммалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы Әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік
сапалары. Мұнда әлеуметтік жұмыстың құндылықтары, мақсаты мен
құндылықтарын деңгейлерге бөлу, әлеуметттік қызметкердің рухани-
адамгершілік сапалары, әлеуметтік жұмыстың этикалық кодексі, этикалық
дилемма секілді түсініктер қарастыруға тырысады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғаламшардың кез-келген нүктесіндегі
қоғамның күйі, ол әлеуметтік қызметтің – әлеуметтік жұмыстың, сонымен
бірге, кәсіби-тұлғалық дайындығымен қоса дамуы мен жетілуін қажтсінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Болашақ әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби іс-
әрекетке дайындығы. Бұл дайындық теориялық, тәжірибелік және моральды-
психологиялық аспектілерді қамтиды. Егер теориялық аспектінің мазмұны –
білім, тәжірибеліктікі – қабілеттілік пен икемділік және оны қолдану болса,
айтылған аспектілердің соңғысының мазмұны – таңдаған мамандықты бітірушінің
кәсіпке тұлғалық сәйкестігі болып табылады. Ол жоғары деңгейлі этикалық
стандарттарға сай келуі керек және гумандық мән, әлеуметтік жұмыстың кәсіби
іс-әрекет облысы ретіндегі сипаты мен мазмұнына теңбе-тең келуі қажет.
Курстық жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік
сапасының қалыптасуы болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні болашақ әлеуметтік жұмыскерлердің құндылық
бағдарларының қалыптасу процесі болып табылады.
Міндеті:
- Әлеуметтік жұмыстың аксиологиялық мазмұны мен рухани-адамгершілік
құндылықтарының өзара әрекеттестігіне салыстыру жасау;
- Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби мәнді құндылықтарын анықтау.
Әлеуметтік құндылықтар – жалпыға ортақ тәртіп стандарттары, яғни қол
жеткізуге қажетті мақсаттар мен сол мақсатқа жетудің негізгі жолдары және
құралдары бойынша қоғам және әлеуметтік топ бөлген нанымдар. Осы
құндылықтар негізінде әлеуметтік нормалар қалыптасады. Маңызды әлеуметтік
құндылықтар қатарына, мысалы, мынадай, бостандық, теңдік, бауырластық,
бейбітшілік, тұлғаның ар-намысы мен құндылығы, азаматтық парызы,
ынтымақтастық, материалдық саулық, рухани байлық және осы сияқтылар кіреді.
Осы сұрақтарды кең түсіну үшін әлеуметтік жұмыстың философиясын
қарастыру қажет. Әлеуметтік жұмыс философиясы – бұл кәсіби іс-әрекеттің
идеологиясы. Оның негізін әлеуметтік жұмыс қоғамдық кәсіп ретінде
эволюциялық даму процесінде қалыптасқан құндылықтар мен мақсат-мұраттар
құрайды.
Әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік сапасы, өзге де
құндылықтармен бірге әлеуметтік жұмыстың көне формасынан қазіргі жағдайына
дейінгі тарихи даму процесінде қалыптасты. Әлеуметтік жұмыскердің
адамгершілігі: адамгершілік білімі, адами сенім (наным) және адами
қажеттілік деген құрылымнан тұратын адами түсінікпен қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік жұмыс құндылықтарының философиясы әр түрлі деңгейде көрініс
табады және өзіндік жүйені құрайды. Әлеуметтік жұмыс құндылықтарының
философиясы әлеуметтік саладағы мамандар қызметінің өзгешілігімен
байланысты.
Жалпы рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне
заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен
әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам
ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені,
жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей
көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен
қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б.
мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік жұмыскерлердің
мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында
сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-
экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты –
коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік
құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен,
құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын
мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-
санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың кәсібі, қазіргі таңда, үлкен
құрметпен қолданылады. Оның мәртебесінің өсуі территориялық қызметтің өсу
мөлшері және жаңа әлеуметтік мекемелердің құрыла бастауына байланысты.
Әлеуметтік сала бойынша кең ауқымды білімді игере отырып, әлеуметтік жұмыс
бойынша мамандар мемлекеттегі әлеуметтік сәтсіздікпен күресуде алғашқы
қатарда тұрады. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер халықты әлеуметтік
қорғау жүйесінде, өзі орналасқан мемлекеттегі тұлғаның ар-намысын қалпына
келтіру бойынша мемлекеттік-қоғамдық институттардың құрылуында үлкен роль
ойнайды. Қазіргі таңда, біздің елімізде әлеуметтік жұмыскерлерге деген
талап өсіп келеді. 
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық сапаларына замануи келіс
Әлеуметтік жұмыс бойынша маман (1991жыл) атты біліктілік
(квалификациялық) мінездемеде (сипаттама) бекітілген. Кәсіби
стандарттар мен әлеуметтік қызметкерге арналған талаптар әлеуметтік
қызметкердің күнделікті іс-әрекетіне басшылық қызметін атқаратын этика және
кәсіби біліктілік кодексіне негізделеді. Сонымен қатар, басты жалпы
адамзаттық құндылықтарға негізделеді және әрбір жеке тұлғаның ар-намысы мен
бірегейлілігін және оның құқықтары мен мүмкіншіліктерін ескереді. Кодекске
сәйкес, әлеуметтік қызметкер клиент пен қоғам алдындағы өзінің моральдық
жауапкершілігін сезінетін, адамдарға көмек көрсету барысында және
адамдардың өмір сапасын жақсарту жолында өзіне бар жауапкершілікті алатын
әлеуметтік қызмет көрсетуші маман ретінде қарастырылады.

І БӨЛІМ. КӘСІБИ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИДЕАЛДАРЫ
1.1Әлеуметтік жұмыс құндылықтарының негізі
Өзінің тарихи дамуында әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде түбегейлі
өзгерістер де болды, бірақ әлеуметтік қызметкерлер кейбір конструктивті
өзгерістерге ұшырап, бірақ өзінің қайнар көзін сақтап қалған нақты
құндылықтар кешенін ұстануды жалғастырып келді. Заманауи әлеуметтік жұмыс
үшін, ертедегідей, адамның саулығына, индивидтің әлеуметтік әділдігі мен
абыройлылығына талпыныс жасау тән.
Әлеуметтік жұмыс барша адамға, әсіресе өзінің өмір сүру процесінде
қажеттілікті сезінуші әлсіз әлеуметтік топтарға көмек, қолғабыс көрсетуге
және қорғауға бағытталған. Сондықтан, әлеуметтік жұмыс гуманизм мен
адамгершілікке негізделе отырып, тарихи дамуында өзгеріске ұшыраған
(адамдардың саулығы, индивидтің әлеуметтік әділдігі мен абыройы)
құндылықтар кешенінің негізгі элементтеріне бағытталады. Әрбір адам
бірегейлілігімен құнды, және оны ескеру мен құрметтеу қажет.
Қоғамдық сананың күй-жағдайы әрдайым сол мемлекеттің адамгершіліктік
саулылығының көрсеткіші болған. Құндылықтар, қондырулар, бағыт-бағдарлар
білім, әлеуметтік көңіл-күй, дүниені сезіну сияқты уақытта оның дамуға
бағытталғанын куәландырады. Қоғамдық санада тұрақтылық, сонымен қатар сол
мемлекеттің қауіпсіздігі басымдық көрсетеді.
Қоғамдағы түпкі және батыл (радикалды) өзгерістер рухани саладағы,
өмірдің жаңа картинасы мен тұлғаның жаңа мінез-құлығының қалыптасуындағы
өзгерістермен тұспа-тұс келмеуі мүмкін емес. Халықтың рухани қорғаныс
сұрақтары еңбек және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттермен бірге алдыңғы
қатарға шықты, сонымен қатар, халықтың көптеген бөлігінің назарына енді.
Егер мұны өз уақытында саяси тәжірибеде түсінбесе немесе есепке алмаса,
онда адамдар санасы материалдық негіздер сияқты қоғамның рухани негізін
талқандауға қабілетті жарылғаш затқа айналуы мүмкін.
Адамзат тарихы келесі заңдылықты дәлелдейді: қоғамда рухани шама
қаншалықты аз болса, әлеуметтік жетімдіктің даму қабілеттілігі соншалықты
жоғары болады. Қазіргі жетімдік – 10 жыл көлемінде бақыланып келе жатқан
халықтың, әсіресе отбасының әлеуметтік-мәдени сұранымдарына өзіндік
кереңдік пен мылқаулық. Жетімдер, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасылар
мәселесі ұзақ уақыт бойы жартылай жабық мәселе болып саналып келді.
Қоғамдық сананы зақымдамау үшін ол туралы қатты дауыстап айтуға, әлеуметтік
мәнмәтінде (контекст) де қарастыруға тыйым салынатын. Қазіргі таңда,
әлеуметтік жұмыс мемлекет пен қоғам тіршілік әрекетінің айырылмас бөлігі
болып, ал әлеуметтік қызметкерлер қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік
құрылымына және қоғамдық қатынастарға араласа бастаған кезде халықты
әлеуметтік сақтандыру саласында этикалық нормативтерді ресімдеуге деген
талаптар пайда бола бастады. Басқа да барлық әлеуметтік институттар сияқты
әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік жұмыс институты да маңызды міндетті
атқаратын болды. Ол міндет – социумның тұрақтылығы мен сақталуы, бар
қоғамдық қатынастардың үйлесімділігін ұстап тұру және оның ары қарай жан-
жақты дамуына жағдай жасау, яғни, жұмыс барысында, маңызды факторлардың
бірі болып мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
табылады.
Болашақ әлеуметтік қызметкерлерді жалпы адамзаттық рухани
құндылықтарға қатыстыру құндылық түсінігінің мәнін біліп алуды ұйғарады.
Н.И.Лапинаның пікірінше, құндылық – экономика мен саясатқа қосалқы
жапсырма емес, тарихи дамуы барысында қалыптасқан бүкіл адамзаттың және
бөлек этностың өздерінің жүріс-тұрысының мақсаты мен нормалары туралы
көзқарастары. Бұл индивидтер мен әлеуметтік топтар өз іс- әрекеттерінің
арақатынасын белгілейтін, әр адамның санасында өмір сүретін бағыт-
бағдарлар. Осы бағдарлардың астарында іс-әрекеттің нақты типтері жатыр.
Бізді қоршаған ортаның қалыптасу құндылығы, адам өмірінің құндылығы, оның
идеалдары мен мақсаттарының проблемасы адам туралы оқу ғылымдарының
(философия, әлеуметтану, психология, педагогика) пәні болған және болады
да.
Батыс және отандық әдебиеттерде кездесетін құндылықтар теориясының
анализі әр түрлі құндылықтар теориясының айырмашылықтары мен жалпы
тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жеке тұлғаның
рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына әсер етуші қоғамның әр
түрлі саласының ішкі өзара әрекеттестігін анықтауға да мүмкіндік ашады.
Философия және педагогика әдебиеттеріндегі теориялық анализдер бойынша,
құндылықтық қатынас антикалық дәуірде жол тапқанымен, аксиология
құндылықтар туралы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Ежелгі философтар, қоғамдық құбылыстарды бағалай отырып, игілік,
жақсылық, ақиқат, пайда, әдемілік түсініктерін қолданған.
Құндылықтар теориясының қалыптасуымен, онда оны өңдеп дамытатын әр
түрлі мектептердің толық қатары құрылады. Құндылық түсінігінің генезисте
қарастырылуы, онда 3 негізгі түсінік байланысатынын айқын көрсетеді:
адамның бағаланушы заттар мен көріністерге практикалық және эмоционалдық
қатынасында жатқан, құбылыстардың айғақтық-заттық анықтамасы; адамның
психологиялық сипаттамасын көрсететін адамгершілік категорияларының
анықтамасы; адамдар арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын әлеуметтік
құбылыстар анықтамасы. Құндылық түсінігінің генезисі, сонымен қатар,
құндылықтардың әр түрлі түрлерін шартты түрде белгілеуге жол ашады:
экономикалық, психологиялық, адамгершіліктік, танымдық, әлеуметтік.
Қазіргі таңда жалпы аксиологияда құндылық табиғатын әр түрлі
дәлелдейтін бағыттар қатары қалыптасты:
- объективті-идеалистік теория (неокантшылдық, феноменология,
неотомизм, интуитивизм) – құндылықты басқа әлемдік мәнді кеңістіктен
және уақыттан тыс ретінде дәлелдейді;
- субъективтік-идеалистік теория (логикалық позитивизм, эмотивизм,
беттегі лингвистикалық анализ, құндылықтың аффективті-жігерлі
теориясы және т.б.) – құндылықты сананың көрінісі, адамның өзі
бағалап отырған объектіге субъективтік қатынасы ретінде анықтау;
- құндылықтың натуралистік теориясы (қызығушылық теориясы, эволюциялық
этика, ғарыштық теология этикасы) – құндылықты адамның
табиғи қажеттіліктері немесе жалпы табиғат заңдылықтары ретінде
бағалау, анықтау;
- трансценденталистік теория – құндылықты адам араласа алатын (немесе
араласа алмайтын) тіршілік ортасын құрайтын идеал ретінде
сипаттайды;

1.2.Философиялық құндылықтар мен идеалдар
Құндылықтар жүйесі көне формасынан заманауи жағдайына дейін қалыптасты.
Тарихи шарттарының өзгеруіне байланысты құндылық бағдарларының өзгерісі
(трансформация) болды. Алайда қоғамдық игілік, әділдік, жауапкершілік әр
дайым адамның азаматтық және саяси құқығының философиялық ұғынудың негізгі
басымдығы (доминант) болған.
Әлеуметтік жұмыстың философиялық құндылықтары әр түрлі деңгейде
қалыптасады және өзіндік жүйесін құрайды. Мұнда наным-сенім және байланыс,
идеалдар мен талпыныс, өзара қатынастың нормалары мен тәжірибелік
принциптері, этикалық ережелер мен кәсіби құндылықтар орындалады.
Мамандықты мемлекетаралық қоғамдастық деңгейінде қарастырылғанда,
мультимәдениетті ортадағы философиялық құндылықтар кәсіби субмәдениеттің
құндылықтар ретінде алға шығады. Бұл жерден, кәсіби субмәдениет
құндылықтары әлемдік деңгейде ғаламдық өркениетті мақсаттар мен міндеттер
контекстінде қарастырылады.
Философиялық құндылықтар кәсіби нормалар мен қажеттіліктер деңгейінде
құндылық бағдарларының басқа қабаттарын қамтиды. Макродеңгей жалпы сипаттың
мақсаты мен міндетін анықтайды. Олар бірлескен ұстанымдар, нормалар және
өзара қатынас нормаларымен, ұжымдық жауапкершілікпен байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың философиялық құндылықтарының микродеңгейі
әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы кәсіби өзара қатынастың
құндылықты спектрді көрсетеді.
Философия және педагогика әдебиеттеріндегі теориялық анализдер бойынша,
құндылықтық қатынас антикалық дәуірде жол тапқанымен, аксиология
құндылықтар туралы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Ежелгі философтар, қоғамдық құбылыстарды бағалай отырып, игілік,
жақсылық, ақиқат, пайда, әдемілік түсініктерін қолданған.
Құндылық түсінігін арнайы философиялық лексикаға ХІХ ғасырдың 60
жылдарында неміс философы және физиологы Р.Г.Лотце енгізген. Ол бір
нәрсенің объекттің тіршілігі және оның сапалық сипаттамаларының мағынасымен
сәйкес келді. Р.Г.Лотце құндылық саласын ақиқат көрінісі (факт) мен
олардың түсініктілігіне (шындық) интеллектуалдық сенімнен теориялық бөлек
қарастырды.
Философия үшін құндылықтар проблемасын орнату адам табиғатын түсініп
қана қоймай, сонымен бірге, оны білімділік пен іс-әрекетке итермелейтін
механизмдерді де түсінуге жол ашты. Құндылық табиғатының бір мағыналы
болмауы, құндылық ұғымын түсіндіруге, оның құрылымын анықтауға әр түрлі
келістердің болуы құндылық түсініктерін жүйелендірудің қажеттілігіне алып
келді.
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме
береді?
Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерде құндылық, адамгершілік құндылық, жалпы
адамзаттық құндылық ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар
берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар,
пікірлер де әртүрлі болған.
Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап
беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен ахіс - құндылық және logos -
ілім деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан,
орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша болмыс
ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап
пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты –
болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық
ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсетіп
ұғымдарын қалыптастырады.
И.Кант және Г.Гегель – немістің ұлы философтардың танымдары бойынша
құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Мысалы, И.Кант
аксиологиялық түсініктерді қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты
және идеалды деп екіге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол
факторлардың ықпалына, мәнділігіне қатысты деген ойларда болған.
Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер
арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың
зерттеулерімен танысу барысында құндылықтар теориясын өмірге алып
келгендігі және оларды типтерге бөлуге арналған философиялық әлеуметтік
тұжырымдары айқындалады.
Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз
заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Оның маңызды құрамдас
бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және
реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы,
философиялық, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы
түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне:
натуралисті психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релетивизм және
социологизм жатады.
Шынайы дүниедегі кез-келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас
құндылығы болуымен қатар, құндылықты феномен есебінде қарастыратын алғашқы
типті – натуралистік психологизм дейміз. Натуралистік психологизм өкілдері
құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып,
қайнар көзі есебінде түсінеді.
Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын
табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлермен
түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип – аксилогиялық трансцендентализм,
тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік
философия еді. Трансцендентализмнің өкілдері В.Виндельбант, Г.Риккерт
сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлі формасы болатындығын
айтқан.
Келесі, үшінші тип - әрбір құбылыстың көпжақтылы құндылығы болуы, оның
салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи
релятивизм әрбір тарихи кезеңде мәні артуы мүмкін деген бағыттың өкілдері
А.Тойнби, П.А.Сорокиндер болатын.
Әлеуметтік тип құндылықтардың әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы
айқындалған қалып деп еспетейді. Бұл бағытқа М.Вебер еңбек сіңірген, ол
төртінші тип деп айтылуда. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына
үлес қосқан Ф.Ницще өзінің мораль генеологиясы атты шығармасы адамдарды
жақсы және жаман, игілік пен зұлымдық тәрізді түсініктерді, қарама-
қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар
қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ
Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің
әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.
Синергетикалық, герменетиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар,
мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы
жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің
әмбебап философиясы деп ойласа, Х.Гадамердің пайымы бойынша құндылықтарды
түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың
даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу
қажеттілігін айтып, ақиқат деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын,
әдісін табамыз.
Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда
болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді.
Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы
адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму,
жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға
маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы
үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін
жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек
кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік
белестеріне деткен адамдардың қасиеті.
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір.
Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік
иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің
мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы,
бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты
құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп
түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда
пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс,
әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла
салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи
құбылыс болып саналады.
Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:
1.Тәжірибеден (трансдентальдық) ақыл-санадан тыс құндылық. Оған
жаратушы ием туралы әлем дүниесіндегі абсолютті ұстанымдар, моральді
абсолют жүйесі енеді. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойлауға, оған мән
беруге әкеледі. Олар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды
біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.
2.Әлеуметтік – мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет мәдениеті,
мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б. қасиеттері бар
адамды тапқандай болады.

1.3.Құндылық деңгейлері
Мегадеңгей
Әлеуметтік жұмыс құндылықтарының мегадеңгейі мамандықты халықаралық
деңгейде оқытуды қамтиды. Құндылықтар ғаламдық дамыған мақсаттар мен
міндеттер контекстінде қарастырылады:
Өмір сүру құқығы (адамның өмір сүруінде белсенді қолғабыс, оның
құқығының бұзылуына қарсы әрекет жасау, өмір сапасын жақсарту саласындағы
іс-әрекет);
Еркіндік (адам құқығының жалпыға бір декларациясы; корреспонденция,
тұрғылықты жері туралы құпия);
Теңдік пен кемсітпеушілік (қоғам негізі, тұлғаның абыройын құрметтеу);
Әділдік (адамның құқығы мен бостандығына құқықтық, әлеуметтік, соттық,
экономикалық кепілдік)
Тілектестік (адамның зары мен арманын түсіну, оның құқығын қорғау үшін
күресте қатысу)
Әлеуметтік жауапкершілік (тілектестіктің, кедейлер мен көмек қажет
етушілерге көмек көрсетудің тәжірибелік көрінісі);
Бейбітшілікпен қамту және зорлықтан бас тарту (бейбітшілік құндылық,
өзімен және өзгелермен, қоршаған ортамен үндестікте болу);
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас (табиғатпен үндестікті
іздеу).
Макродеңгей
Бұл деңгейдің құндылықтары кәсіби міндеттілік (компетенция) шегінде
әлеуметтік қызметкердің нақты іс-әрекетін негідейді, оның клиент,
әрептестері, жұмыс берушілер және кәсіп алдындағы жауапкершілігін
анықтайды:
Қоғамға қарағанда индивидтің артықшылығы;
Клиентпен өзара қарым-қатынаста құпиялылықты құрметтеу;
Кәсіби байланыстан жеке қажеттіліктер мен сезімдерді айыруға дайын
болу;
Саналы әлеуметтік қажеттіліктерге лайық әлеуметтік өзгерістерге
талпыну;
Білімі мен іскерлігін өзгелерге жеткізуге дайын болу;
Жеке және топтық ерекшеліктерді құрметтеу, және оларды лайықты бағалау;
Клиенттің өзіне өзі көмек көрсетуінің дамуына талпыну.
Мезодеңгей
Әлеуметтік жұмыс нормативті пән болып табылады, ол адамдардың
құндылықтары және әлеуметтік нормаларымен іс атқарады. Бұл тұрғыда
клиенттердің нормалары мен құндылық бағдарларын есепке алу әлеуметтік
жұмыстың философиялық тұжырымдамалар (концепт) үшін қажетті шарт болып
саналады.
Әлеуметтік жұмыстың микроқұндылықтары. Егер олар тиімді терапевтикалық
байланысқа икемді болғандағы (көңiл ортақтығы, сенiмдiлiк, құрмет,
қабылдаушылық, сарапшылылық, аттрактивтілік, тең заңды болу) тұлғааралық
деңгейде сөйлесуші әлеуметтік жұмыстағы құндылық бағыттары.

ІІ БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК САПАЛАРЫ
2.1.Моральдық сапалар
Әлеуметтік жұмыс адамдарға көмек көрсету және олардың мәселелерін
шешумен айналысады. Сондықтан ол адамгершіліктік (гуманды) мамандықтар
қатарына кіреді. Тұлғаны ауруынан жазылту мақсаты болып табылатын медицина,
жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат ететін педагогика секілді әлеуметтік
жұмыс қоғамда алдына ең үлкен құндылық етіп қоятын адамгершілік (гуманизм)
қағидасының (принцип) тәжірибелік көрінісі болып табылады. Адамгершілік
(гуманность) әлеуметтік қызметкердің клиентке деген қарым-қатынасын
сипаттайтын моральдық сапаларын көрсетеді.
Моральдық сапа ретінде қарастырылып отырған адамгершілік әлеуметтік
жұмыстың түп-негізінен шығып келеді. Яғни, әлеуметтік жұмыстың
мінездемесіне жатады.
Әлеуметтік қызметкер өзінің клиентімен адамгершіліктік қатынас орнатуы
керек. Ол жеке әлеуметтік қызметкерге моральдық талап ретінде қойылады.
Әлеуметтік жұмыстағы адамгершілік әр түрлі формада көрініс табады. Оның
ішінде ең белгілісі альтруизм болып табылады.
Альтруизм – бұл өзінің мүдделерін өзге адамдардың игілігі үшін құрбан
етуге дайындығын сипаттайтын, адамның моральдық сапасы. Яғни ол эгоизмге
тікелей қарама-қарсы.
Альтруизмнің қалыптасуы туралы сұрақтарының әртүрлілігіне қарамастан,
барлық философтар оның мәнін бірдей түсінді: О.Конттың ізін жалғастыра
отырып, олар өзін сүюден айырылған іс-әрекетті сипаттады. Альтруизм
тұлғаның мінез-құлығында көрінетін мінездің ерекшелігі ретінде, яғни
жағымды іс-ірекетінің жиынтығы. Бұл қасиет, әсіресе, адамдарға көмек
берумен айналысатын (көмектесушілер) кәсіп иелеріне өте қажет.
Мазмұны басқа адамдардың мүдделерін қарастыра отырып, альтруизм
адамгершілікті көрсететін ең белгілі форма болып табылады. Өзге адамдар
үшін өмір сүру, - осы жалпы ережеде оның мәні өте анық байқалады. Өзге
адамдарға қатынасын көрсете тұрып, альтруизм, кейде абстрактты болып
келеді. Сондықтан ол күнделікті өмірдегі әртүрлі ахуалдардың ерекшелігін
есепке алмайды. Сол арада бұл ахуалдар әр түрлі: біріншісі, мысалы,
бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға қатынас болса, екіншісі – жеңілген жауға
қатынас. Бірінші жағдайда адамгершіліктің табиғи формасы ниет білдіру
болса, ал екіншісінде – қайырымдылық.
Басқа сөзбен айтқанда, адамгершілікті нақтырақ бейнелейтін басқа да
түрлері бар. Әлеуметтік жұмыс және басқа да көмек көрсетуші мамандықтарда
маңызды рөл ойнайтын түрлердің бірі ниеттестік (немесе жанашырлық).
Ниеттестік деп өзгелердің жан-дүниесін ұғыну, оларға моральдық көмек
беру, сонымен қатар оларға көмек ұшын беретініне сендіруді сипаттайтын
басқа адамдарға қарым-қатынастың түрі. Ниеттестік өзге адамның орнына өзін
қоюға бейім моральдық сезім болғандықтан, ол табиғи негізге ие эгоизмді
шектейді. Шынында, ол адамдарды өзімен ұқсас етіп қарайтын, адамның өзге
адамдарға деген қатынасы. Сондықтан ниеттестік адамдар бір-бірімен тең және
бір әкеден, яғни Құдайдан жаралған деп ұғынатын христиандықта мағызды рөл
атқарады. Христиандық бойынша, жалпылай махаббатқа негізделген, адамдардың
бір-біріне жанашырлық байланысы (немесе қайырымдылық) адамды Құдайға алып
баратын жол болып саналады.
Альтруизм секілді, ниеттестік те әлеуметтік жұмыстың қажетті шарты
болып есептелінеді. Егер әлеуметтік қызметкер өз клиентімен байланыста оны
түсінбесе, өзі үшін де оның қызығушылықтарын бірінші деңгейлі етіп
қарастыра алмайды. Керісінше алдындағы мәселені шешуге жоғары дәрежеде күш-
жігерін жұмсамайды. Басқа жағынан, бұл жағдайда клиентте сенім орнату
әлеуметтік қызметкер үшін қиын болады. Олардың қызметінде тиімді көмек
көрсету тәжірибелі түрде нақты болмайды. Сондықтан, әлеуметтік қызметкердің
кәсібі альтруизмге негізделе отырып, сонымен бірге ниеттестік секілді
моральдық сапасының болуын талап етеді деп айтуға да болады.
Кез келген басқа ғылымдар сияқты, әлеуметтік жұмыс та нақты қоғамдық
шарттарда қалыптасатын, субъект пен объектінің өзара байланысын (яғны
әлеуметтік қызметкер мен клиент) ұсынады. Осы шарт бойынша, әлеуметтік
қызметкер мен клиент оларға берілген шартты қаншалықты қанағаттандырып
жатқанын анықтауға болады. Әлеуметтік қызметкер өз аумағында білікті маман
болуы керек, сонымен қоса оның адамгершілігін бейнелейтін моральдық
сапалары да болуы қажет. Ал клиентке оралатын болсақ, ол тек өзінің жеке
мәселесін шешуге шынайы ниет білдіріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік
қызметкерге сенім артуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, әлеуметтік қызметкер
мен клиент арасында сенімді байланыс орнауы қажет.
Ниеттестік пен сенімділікке негізделген әлеуметтік қызметкер мен клиент
арасындағы байланыс көбінесе достық қатынасқа ұқсас. Достық сияқты, ол
тұлғааралық қатынас балып саналады. Яғни адамдар арасындағы жеке
байланыстарды қалыптастыруға бағытталған. Достық, кейде, әлеуметтік
қызметкер мен клиент арасындағы байланыс тең болмаған жағдайда теңдікті
орнатуды қадағалайды. Шынында, бұл байланыс клиенттің әлеуметтік
қызметкерге емес, әлеуметтік қызметкердің клиентке көмегін бейнелейді.
Әлеуметтік қызметкерге сенім арта отырып, клиент оның мәселесін шешуде
көмек көрсететініне сенеді. Оның сенімділігі әлеуметтік жұмыстың
тиімділігіне әсер етуші психиологиялық фактор балып табылады.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік санасы. Әлеуметтік қызметкердің
тұлғалық сапалары қалыптасатын іргетасы оның адамгершілік сапасын құрайды.
Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сапасы әлеуметтік қызметкердің
этикалық құндылықтарымен тығыз байланысты: адамның ар-ұяты мен төзімділігі;
әлеуметтік әділеттілік пен адам сүйгіштік (гуманизм); біліктілік
(компетенттілік); әлеуметтік белсенділік және икемділік. Адамгершілік
(әлеуметтік қызметкердің тұлғалық іргетасы) – адамның этика заңдары мен
моральға сәйкес өзгелерге жақсылық жасау, игілік алып келу мүмкіндігін
сипаттайтын ішкі және рухани-интеллектуалдық сапасы.
Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сапасы адамгершілік санасымен
қамсыздандырылады. Адамгершілік санасы өз қатарына мынадай құрылымдарды
енгізеді: адамгершілік білімі, адамгершілік наным-сенім және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Құндылықтар философиясы
Дүниеге көзқарастың түрлері
Дүниеге көэқарас, оның құрылымы және негізгі үлгілері (типтері)
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі
Құндылық - бағдар мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым
Канттың пікірінше, идеалдар
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
Құндылықтар философиясы. Құндылықтар - қасиеттер
Мораль мен этикаға түсінік
Пәндер