Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың әлемдік үлгілері және
олардың студенттік кезеңдегі өзін-өзі қалыптастыру барысының сипаты
1. Еуропа елдеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың алғашқы
бастамалары және
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Америка елдеріндегі әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді дайындау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .8
3. Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының
құрылымдары мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .9
4. Әлеуметтік жұмыскерлердің студенттік кезеңнің педагогикалық процесінде
кәсіби – жеке дамуы және оқытылатын пәндердің өтілу
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5. Студенттік кезеңде әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық сапаларды тану
арқылы өзіндік сана-сезімін қалыптастыруы ... ... ... ... ... .1 8
2. Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту
технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
1. Кредитік оқыту технологиясының әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудағы
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..20
2. Жаңадан енгізіліп отырған модульдік және инновациялық
технологиялардың студенттердің дамуы мен қалыптасуындағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3. Оқыту технологияларының қайсысының студенттерге қолайлылығын зерттеу
жұмысын жүргізу арқылы анықтау ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған
әдебиетттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...26
Қосымшалар
Кіріспе
Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша кадрларды дайындау Қазақстанда
егемендіктің алғашқы жылдарында қолға алына бастады. Қазірде
мемлекетіміздің алдыңғы мақсаттарының бірі – әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы мамандар тапшылығын жою, халықтың көмекке мұқтаж әлеуметтік
топтарын мемлекеттік көмек түрлерімен қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау және
сақтандыру шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі – әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту мен кәсіби дайындау
бағдарламаларының кәсіби, этикалық, ғылыми сипаттарын талдау, анықтау.
Жұмыстың мақсаты – әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың шетелдік
үлгілерімен таныса отырып, тұлғаның студенттік кезеңде өзіндік сана-
сезімінің қалыптасуына әсер етуші педагогикалық аспектілерін ашып
қарастыру.
Жұмыстың зерттеу болжамы – әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіби дайындауды
дамыту үшін келесі міндеттер атқарылуы тиіс:
✓ Оқытушылар біліктілігін арттыру
✓ Оқу құралдарымен қамту
✓ Жан-жақты білім беру
✓ Студенттің өзіндік ізденісі
Жұмыстың объектісі – әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзін-өзі
тану процесі.
Жұмыстың зерттеу пәні – әлеуметтік жұмыскердің оқыту мекемелері мен
бағдарламаларының құрылымы

1.1 Еуропа елдеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың алғашқы
бастамалары және сипаттамасы
Әлеуметтік жұмыс алғашында қоғамда қайырымдылық, тұлғаның діни қарызы
ретінде пайда болды. Тек соңғы ғасырда ғана әлеуметтік жұмыс арнайы
дайындықты талап ететін мамандық ретінде танылды. Әлеуметтік жұмыскерлерді
дайындау кедейлерге көмек беру мен әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсартуға
байланысты XIX соңында бастама алды. Көптеген қайырымдылық ұйымдардың
басшылары тәжірибеге ие бола отырып, тұрақты білімге ие әлеуметтік
жұмыскерлердің қажеттігін түсінеді. Әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту
бағдарламасында негізгі орынды келесілер алды:
✓ Оқу жоспарында қамтылуы тиісті міндетті минимум теориялық және
практикалық білімдер;
✓ Білім берудің практика талаптарымен сәйкестігі;
✓ Білім беруде стандарттарды қолдану.
Алғаш пайда болған мектептердің жұмысы қайырымдылық ұйымдарымен тікелей
баланысты болды. Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындауға арналған
бағдарламаларды жасауда маңызды орынды көмекке мұқтаж отбасыларға көмек
көрсететін мекемелер иемденді. Осы мекемелерге қажетті болып табылатын
практикалық білімнің негізінде оқу бағдарламалары қайта жасалып отырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңында Дайындық мектептерінің ассоциациясы
кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерге айналған 17 бағдарлама ұсынды. 1927 жылы
ол оқу жұмысы нормативтері мен мектептер арасындағы байланысты қамтамасыз
ететін Әлеуметтік жұмыс мектептерінің ассоциациясы (ӘЖМА) болып қайта
құрылды. Ассоциация университеттерге арналған әлеуметтік жұмыскерлердің оқу
жоспарларын жасаумен айналысты. 30 жылдары ӘЖМА біл жылға арналған
минималды оқу жоспарын жасады. 1646 жылы әлеуметтік жұмыскерлерге білім
беру бойынша кеңес құрылды. Кеңес құрамына университетердің, кәсіби
ассоциациялардың,қоғамдық және мемлекеттік мекемелердің өкілдері енді. Оқу
жоспарының стандартизациясы, оларды сертификаттау мен бағалау сияқты кәсіби
дайындықпен байланысты сұрақтарға жауапты Кеңес компентациясында толығымен
қарастырып отырды. Бірнеше жылдардан кейін, 1984 жылы Кеңес әлеуметтік
жұмыскерлерге білім беруге байланысты талаптарға жауап бере алатын оқу
бағдарламасын ұсынды. Әлеуметтік жұмыскерлер мамандарды бакалавр және
магистр ретінде дайындау орталық концепция болып, ресми сипатқа ие болды.
50 жылдардын бастап БҰҰ әлеуметтік жұмыскерлерді оқытатын мектептер ашу мен
әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін дамытудың негізгі күшіне айналды. 1951
жылы БҰҰ-ның арнайы комиссиясы келесі резолюцияны қабылдады: Әлеуметтік
жұмыс - кәсіби дайындыққа ие, оқу орындарында әлеуметтік жұмыстың теориясы
мен практикасымен ресми курс барысында танысқан тұлғалар атқаратын кәсіби
қызмет ретінде қабылдануы керек. Сонымен қатар университеттер мен арнайы
мектептердегі әлеуметтік жұмыс курстары жан-жақты максималды талаптарға
жауап беруі қажет. Әлеуметтік жұмыс сферасын арналған оқу жоспары
негізінен психология, әлеуметтану ғылымдарына негізделеді. Студенттердің
кәсіби қызығушылығы оқу планын анықтауда маңызда рөл алады. Әлеуметтік
жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларды ұсынатын колледждер мен университеттер
өзгеріс енгізуші негізгі қор болып табылады. Әлеуметтік жұмысты оқыту
сапасының төмендеуіне әсер ететін факторлар: кандидаттар санының азаюы,
қабылдаудың кемуі, таңдау барсында стандарттың төмендеуі, бюджеттік
ассигнованияның қысқаруы және оқуға қажетті ресурстардың жетіспеушілігі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік жұмыстың тиімділігі мен кәсіби
деңгейі тек елдегі дамыған әлеуметтік қызметтер желісіне ғана емес,
сонымен қатар, қәсіби білім беру сапасымен де тығыз байланысты. Әлеуметтік
жұмыстың кәсіби бастапқы негізі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалана
бастады. Бүгінде әлеуметік жұмыстың аясына халықтың көмекке мұқтаж
топтарына эмоционалды, психологиялық, физикалық, әлеуметтік, құқықтық,
тіпті, экономикалық қызмет көрсету еніп отыр. Әлеуметтік жұмыскерлердің
оқыту ұлттық білім беру жүйесіне байланысты әртүрлі елдерде түрліше сипатта
болуы мүмкін. Әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқытудың әмбебап
үлгісі жоқ. Тіпті, бір елдің ішінде әлеуметтік жұмыскерлерді оқытудың
бірнеше түрдегі моделдері қатар қолданылады. Мұны шартты түрде
университеттік жіне университеттік деп бөлуге болады. Білім беру
мекемелерінде әлеуметтік жұмысты оқыту алдыңғы қатарлы, екінші дәрежелі
немесе алынған жоғары білімге қосымша түрінде болуы мүмкін. Әлеуметтік
жұмысты түрліпрофилді оқыту бүгінде кең таралған және жан-жақтама тиімді
болып табылады. Нәтижесінде әлеуметтік жұмыскер мамандана түседі. Соңғы
тенденция – әлеуметтік жұмысты заң, сәулет, менеджмент, коммерция,
педагогика, денсаулық сақтау, медицина, әлеуметтану және психология
салаларымен байланыстыра отырып оқыту болып табылады. Көптеген елдерде
әлеуметтік жұмыстың базалық деңгейіндегі ресми білім беру бағдарламасы
жоқ. Оның орнына жалғастырушы курстар оқытылады. Әлеуметтік жұмыстағы
жоғары деңгейлі білім алу не политехникалық, яғни бастапқы академиялық
деңгейде, не университеттік деңгейде жүргізіледі. Сонымен қатар,
университеттердің барлығында магистратуралық деңгей бар деп айта алмаймыз.
Мысалы, салыстырмалы түрде алғанда, Ұлыбританияда университеттік білім беру
жүйесінде әлеуметтік жұмысты оқыту екіжылдық курстан тұрады. Орталық Еуропа
елдерінде политехникалық деңгейде әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау кеңінен
таралған, сонымен бірге, мұнда әлеуметтік жұмыскерлердің басым көпшілігін
әлеуметтік педагог мамандар құрайды. АҚШ-та әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту
екі сатыда жүреді: бакалавр деңгейі және магистр деңгейі. Жапонияда
бағдарламалар таңдауға жеткілікті түрде мүмкіндік бар. Онда жергілікті
колледждерде 2 жыл, университетте 4 жыл және магистратурамен қатар 2 жыл
асперантуралық деңгейде білім алуға мүмкіндіктер жасалған. Университеттік
емес деңгейдегі голландиялық моделде жасалған білім жүйесіне ие Индонезияда
әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді оқытудың бастапқы курсттық және
университтетік деңгейлері қарастырылған. Кешегі күнге дейін Еуропада
әлеуметтік жұмыс мектептері басқарма, діни, политехникалық ұйымдардың
қарамағандағы жеке меншік оқу орындары ретінде саналып келді. Бұл бүгінде
де Австрия, Бельгия, Дания, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Норвегия,
Португалия, Швейцария сияқты елдерде кеңінен қолданылатын модель болып
табылады. Дегенмен бұл мемлекеттерде әлеуметтік жұмыс жоғарғы білім беру
шеңберінде жүргізіледі. Оқыту бағдарламалары 3-4 жылды қамтитын техникалық
немесе мамандандырылған кәсіби дайындық ретінде қаратырылады. Бітірушілелер
дипломға немесе әлеуметтік жұмыскер деңгейіне ие болады. Африкада отарлау
державаларның ықпалы күшті байқалды. Француз тілінде сөйлейтін елдер 3
жылдық білім беру жүйесіне негізделген Франциялық және Бельгиялық оқыту
моделдерін қолданды. Оларға оқу соңында бітіргені туралы сертификат немесе
мемлекеттік диплом беріледі. Оңтүстік Африкада негізгі кәсіби дайындық
курсы 4 жылдық болып табылады.
Германиядағы әлеуметтік
жұмыс мектептерінде білім беру үш типтік бағдарлама бойынша оқытылады:
әлеуметттік жұмыс, әлеумметтік педагогика және оқу бағдарламасы. Теориялық
оқыту 3 жылға созылады, сосын 1 жылдай уақыт көлемінде практика
жүргізіледі. Студенттер теориялық және практикалық дайындықтан өткеннен
кейін ғана мемлекеттік сертификатқа ие бола алады. Германиялық оқыту
бағдарламалары негізгі 6 базалық пәннен тұрады:
• Әлеуметтік қызмет теориясы мен практикасы
• Әлеуметтік жұмыс институттарының құрылымы
• Әлеуметтік экономика
• Әлеуметтік ортадағы адамдар мен денсаулықтың арақатынасы
• Гигиена
• Халықты медико-әлеуметтік қорғау
Курс соңында студенттер мемлкеттік диплом алу үшін емтихан тапсырады.
Жазбаза түрде тест және практика кезінде таңдалған бір әлеуметтік мәселеге
ауызша қысқаша баяндама жасайды. Германияда әлеуметтік жұмыскерлер мен
әлеуметтік педагогтардың академиялық статусы төмен болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс мамандары тек институттық деңгейде ғана дайындалады.
Францияда, көпшілігі жеке меншік болып табылатын, жүздеген әлеуметтік
жұмыскерлерді дайындайтын мектептер қалыптасқан. Оларда 15-30 мың
шамасындағы студенттер білім алуда. Франциядағы әлеуметтік жұмыскерлерді
дайындау жүйесі бойынша үй шаруасынадағы әйелдер үшін кәсіби білім алу 8
айды, мектепке дейінге оқыту мекемелерінде жұмыс істейтін әлеуметтік
педагогтарды дайындау 2 жылды, ал әлеуметтік қызметкер, отбасылық
консультант, әлеуметттік аниматор және арнайы эксперттерді мамандарды
дайындау 3 жыл уақытты қамтиды. Кей пәндерден университет профессорлары,
көбінесе, терапия және кеңес беру сферасында практикалық қызметтен өткен
мұғалімдер дәрістер жүргізеді. Англияда оқыту
университеттік, политехникалық, колледждік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі
заманғы оқыту бағдарламалары бойынша бакалавр 4 жылдық, аспирантура 1
жылдық, бірітушілер үшін 2 жылдық жүйеде өтеді. Студенттік топтар үлкен
емес – 4-10 аралығындағы адамнан тұрады. Оқытуда өз бетінше және
индивидуалды білім алуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттерді оқу
материалдарымен таныстыру барысында эксперименталды әдістер кеңінен
қолданылады. Ұлыбританияда әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауда маңызды
рөлді практикалық қызмет иемденеді. Осы мақсатқа негізделе отырып, жоғары
оқу орындарының ұстаздары жоғары квалификацияланған және тәжірибелі
әлеуметтік жұмыскерлер болуы тиіс. Британдық жүйенің ерекшелігі –
кандидаттарды қатал сараптау. Егер АҚШ- та абитурент тестілеуге келгенде
болашақ студенттің тек базалық білімін тексеретін болса, ағылшындық жүйе
бойынша базалық біліммен қоса, әлеуметттік қызметке қажетті тұлғалық
ерекшеліктердің болуы да міндетті түрде ескеріледі. Сонымен қатар, болашақ
студент Мен не үшін әлеуметтік жұмыскер болғым келеді? деген тақырыпта
қысқаша шағын шығарма жазуы тиіс. Ал екінші этапта абитурент жергілікті
жердегі әлеуметтік жұмыскермен интенсивті әңгімелесу жүргізеді.
Швецияда әлеуметтік
жұмыскерлер мен әлеуметтік педагогтарды дайындайтын 6 оқу орны және
бірнеше кафедралар жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыс бойынша бастапқы
дайындықтан өту үшін үш жарым жыл уақыт шамасында білім алу және төрт
жылдан астам уақыт аралығында практикадан өткен болуы қажет. Университетті
оқудың бірінші жылында студент психология, әлеуметтік саясат, әлеуметтану,
экономика, құқық негіздерімен танысады. Кейіннен кәсіби әлеуметтік
жұмыскердің басшылығымен оқу практикасы жүргізіледі. Екінші курста
әлеуметтік жұмыстың маманданған аспектілері оқытылады, яғни клиентпен
жұмыстың әлеуметтік-психологиялық жақтары (индивид, отбасы, әлеуметтік топ)
және құрылымдық мәселелер (тұрғын үй, қоғамдық жұмыс, қоғамның өзі).
Міндетті оқу курстарынан өтіп болғаннан кейін студентке 8 тақырып
ұсынылады, оның екеуін таңдауға міндеттеледі. Келесі кезекте жоғары талап
қойылатын оқу практикасынан жүргізіледі. Сосын мамандандыру, соңында
курстық жұмыс жазады. Шведтік моделдің басты ерекшелігі – маңызды рөлде
практика болады, студенттер алдымен оқу практикасынан өтеді, кейіннен
әлеуметтік жұмыскердің көмегімен теориялық негіздерді оқиды. Финляндияда
білім беру құрылымы 3 деңгейден тұрады. Алғашқы базалық, кәсіби -
техникалық деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыдандыру
сферасындағы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындауға арналған 3 жылдық жалпы
бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Екінші деңгей мамандарды дайындау
бағдарламасының эквиваленті болып табылады. Бұд деңгейде балалар бақшасы
және тағы да басқа балаларға арналған мекемелерде жұмыс атқаратын
әлеуметтік педагогтарды дайындайды. Дегенмен кейбір бітіруші студенттер
қарттармен, мүгедектермен, жетімдермен, ақыл-есінде кемістігі бар
балалармен әлеуметтік жұмыс саласында жұмыс жасауы мүмкін. Кейбір мамандар
білім алу барысында ерікті түрде қала территориясындағы қоғамдық ұйымдар
мен қызмет көрсету орталықтарында практика ретінде жұмыс істеп отырады.
Үшінші, университеттік деңгей әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
медицина саласында әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау, сонымен қатар
зерттеуге қажетті әдістермен таныстырумен айналысады. Финляндиядағы
университеттерде 3500-4000 шамасында студенттер әлеуметтік жұмыс мамандар
бойынша дайындалады. Университеттік білімге ие мамандар негізінен
әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарында, әлеуметтік мекемелерде,
ауруханалар мен медициналық мекемелерде, мектептерде, отбасылық және
балалар клиникасында, ішімдікке берілушілерді емдеу клиникасында, ерікті
ұйымдарды жұмыс істейді.
1.2 Америка елдеріндегі әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді дайындау
жүйесі
Америкадағы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау, құрамына күндізгі және
сырттай оқу, университеттік және университеттік емес квалификацияланған
курстар, деңгейлер, конференциялар мен симпозиумдар енетін үштік жүйеден
тұрады. АҚШ-та әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау 3 дәрежеде жүргізіледі:
бакалавр, магистратура, доктарантура. Бакалавр дәжежесі – бірінші кәсіби
дәреже. Келесідей 6 базалық пәннен тұратын 4 жылдық оқу бағдарламасын
құрайды:
➢ Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы
➢ Әлеуметтік саясат
➢ Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы
➢ Құндылықтар және этика
➢ Зерттеу жұмысы
➢ Практика
Магистр болу үшін бакалавр дәрежесіне және әлеуметтік сферада практикалық
тәжірибеге ие болуы тиіс. Магистратура 2 жылдық білімді қамтиды. Бұл
деңгейде оқытылатын негізгі пәндер:
▪ Әлеуметтік саясат
▪ Әлеуметтік экономика
▪ Әлеуметтік құқық
▪ Әлеуметтік психология
▪ Геронтология
▪ Әлеуметтік жұмыс әдістері
Докторантуралық білім алудың негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеушілік
дағдыларын дамыту, терең теориялық білім алу. Докторантура 2 жылдық болып
табылады және докторлық диссертация қорғалады. Жоғарғы оқу орнынын аяқтаған
соңда терең практика мен қосымша мамандандырылған курстар талап етіледі.
Мексикада 100-ден астам әлеуметтік жұмыс мектептері бар, бірақ тек
20 мектеп ғана 4-5 жылдық университеттік оқудан соң квалификацияланған
лиценсиадо береді. Көптеген бағдарламаларда орта білімнен соң үшжылдық
техникалық дайындық бойынша жүргізіледі.
1.3 Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының
құрылымдары мен ерекшеліктері
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау мен қалыптастыру жүйесі.
Барлығымыз білетіндей әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар әлемнің барлық
елдерінде практикалық жұмыс атқарып келеді. Ресейде 1991 жылы Әлеуметтік
жұмыс мамандығы ашылды. 1991 жылдан бастап Ресейде әлеуметтік жұмыс
мамандарын дайындайтын оқу орындарының желісі кеңейе түсті. Егер 1990-1991
жылдар аралығында 8 оқу орны болған болса, 1994-1995 жылдары бұлардың саны
70 болды. Ресейдегі әлеуметік жұмыс бойынша кадрлар дайындау жүйесін
бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады:
1. Курстық немесе кәсібилікке дейінгі деңгей. Бітіруші түлектер орта
біліммен науқастарға, қарттарға, жалғыз бастыларға әлеуметтік жұмыскер
ретінде қызмет көрсете алады.
2. Орта арнайы оқу орындарында білім алу. Аяқталғаннан соң науқастарға,
қарттарға әлеуметтік педагогикалық қызмет көрсететін бөлімдерде топтық
түрде жұмыс істей алады.
3. Университеттерде, академияларда күндізгі және сырттай бөлімдерде,
арнайы факультеттерде оқыту.
Жоғары кәсіби білім 3 дәрежеде оқытылады: бакалавр (4 жыл), арнайы
мамандарды дайындау (5 жыл), магистратура (6 жыл). Дегенмен түрлі оқу
орындарының бітірушілері әртүрлі бағытта маман болып шығады. Олар:
ұйымдастырушы, басқару ісі, жастармен әлеуметтік жұмыс, қарттармен
әлеуметтік жұмыс, медико-әлеуметтік жұмыс, т.б. Ресейде құрамына әлеуметтік
жұмыскерлер кіретін бірнеше кәсіби бірлестіктер бар: Әлеуметтік қызмет
жұмысшыларының аймақаралық ассоциациясы, Жоғары оқу орындары мен әлеуметтік
жұмыс мектептерінің ұжымдарының ассоциациясы, Әлеуметтік жұмыскерлер
ассоциациясы. 1993 жылы әлеуметтік жұмыс шеңберіндегі Ресей Федерациясының
университеттерінің оқу-әдістемелік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің негізгі
міндеттері:
• Университеттердің қоғамдық педагогикалық қызметтерін және мамандардың
ғылыми – зерттеу мекемелерін координациялау;
• Перспективті жоспарларды қалыптастыру;
• Оқу құралдарын дайындау;
• Білім туралы заңға сәйкестендіре отырып мемлекеттік стандарттарды
қайта жасау;
• Әлемдік академиялық қоғаммен интеграция жасау.
Бұл кеңес өз жұмысын бастағаннан бері құрамына Әлеуметтік жұмыс
мамандарын дайындайтын 42 жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу
орталықтарының өкілдері енді.
Әлеуметтік жұмыс мектептерінің халықаралық
ассоциациясы Кеңес директоры басқаратын 41 ресми тұлғадан тұрады: 12
арнайы сайланады, ал 29 азамат кеңес құрамына ұлттық, аймақтық және
халықаралық ұйымдардың ұсынысымен енеді. Ассоциацияның басты қызметі болып
әлеуметтік жұмыс сферасындағы білім беру жүйесінің мәселелерін үйренудің
халықаралық форумдарын ұйымдастыру табылады. Ассоциацияның халықаралық
конгресі екі жылда бір рет өткізіледі. Даму жолдары мен тенденциялар туралы
ақпараттар әлем бойынша семинарлар, эксперттердің кездесулері,
материалдардың публикациялары арқылы кеңінен таралып отырады. Ассоциаияның
маңызды функциясы – кеңес мүшелерінің халықаралық және аймақтық ұйымдарға
деген қызығушылықтарын арттыру, әлеуметтік жұмысты оқыту бағдарламаларына
эксперттік баға беру. Ассоциация қызметкерлері мен мүшелері БҰҰ
бағдарламаларын жүргізуде маңызды рөл орындайды, әлеуметтік комиссияда
жұмыс атқарады, зерттеу жұмыстарының авторы және семинарлардың
ұйымдастырушылары болып табылады, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары
үшін кадрларды дайындауды өз мойнына алады. Әлеуметтік жұмыс мектептерінің
халықаралық ассоциациясы ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Еуропалық Одақ және Американдық
мемлекеттер одағы тарапынан консультативті орган статусына ие. 60 -
жылдардың ортасында әлеуметтік жұмыс мектептеріндегі қызметтерді реттеу
және бұл процесті жақсарту мақсатында дамыған елдерге білім беру саласының
ондаған американдық, британдық, канадалық мамандары шақырылды. Сол
уақыттарды АҚШ-тың білім саласының жұмысшылары еуропалықтар үшін семиналар
өткізді және көмекке мұқтаж отбасылардың өмір сүру шарттары мен оларға
көмек беру жолдарымен таныстырып отырды. Халықаралық агенттіктер, түрлі
елдердің басшылығы және жеке тұлғалар тарапынан ұсынылған шәкіртақылар мен
сынақ мерзімі бойынша жұмыстар АҚШ, Канада, Ұлыбританиядағы әлеуметтік
жұмыскерлерде қызығушылық тудырмай қоймады. Бұл мамандар мен әлеуметік
пәндерді мұғалімдерінің интернационализациялануына септігін тигізіп,
батыстық әлеуметтік жұмыскерлерді оқытудың дамушы елдерге ықпалын күшейтті.
Дамушы елдерде әлеуметтік жұмыс сферасында кадрларды дайындау, айтарлықтай,
жаңа сала болды. Сондықтан бұд елдер негізінен жергілікті шарттары сәйкес
келетін елдердің моделдерін қолданды. Әлеуметтік жұмыскерлерді оқытудың
әлемдік тәжіибесі тарала келе дұрыс ойлармен басшылық жасауды, түрліше
келістерді қолдануды, плюралистік концепцияларды пайдалануды және
әлеуметтік жұмысты гуманды түрде сипаттайтын құндылықтарды қалыптастыруды
талап етеді. Әлеуметтік
жұмыскерлерге үздіксі білім беру Ресейде кеңінен таралған. Көптеген
келесідей факторлар үздіксіз оқыту бағдарламасының кеңінен таралуына серпін
берді:
• Қоғамдық және кәсіби орталық назарға ие жаңа әлеуметтік мәселелерді
тану;
• Жаңаша заңдылықтар, саясаттар және инструкциялар әрекетіне кіріспе;
• Жаңа емдеу моделдерінің таралуы;
• Жаңа басқару әдістері мен даму көздерін іздеу;
• Ақпараттарды пайдалану мен жинақтауға тиімді келістердің туындауы;
• Лицензиялау жүйесін жаңарту қажеттігінің туындауы.
Үздіксіз оқытуға университеттік оқу курстары, штаттыық қызметкерлерді
дайындау бағдарламалары және жұмыс орнына байланысты курстарда
квалификацияның артуы, өзін-өзі дамыту, қызметкерлерге кеңестер беру,
бақылау жүргізу жатады. Үздіксіз оқыту бағдарламалары мекемелерде, сонымен
қатар симпозиумдар мен конференцияларда қысқаша курстық форма түрінде
сипатталады. Өз ішіне бағдарлау, рәсімдеу және ұсыныстарды қамтитын
әлеуметтік жұмыскерлерді жұмыс орнына байланыста дайындау бағдарламалары
квалификациялау мәселелерін шешуге қабілетті болып табылады. Қазіргі
уақыттта үздіксіз оқыту бағдарламалары әртүрлі нұсқаларда ұсынылады.
Университеттер қосымша бөлімдер мен факультеттер қосуды ұсынады. Әлеуметтік
жұмыскерлердің ұлттық ассоциациясы үздіксіз оқыту бағдарламаларын толығымен
қолдайды. Компонентті әлеуметтік жұмыскерлерге қажетті болып табылатын
білім жүйесі күрделене түсуде. Кәсіби мамандар өз сферасындағы және
практикада қолданылатын ғылыми-техникилық сферадағы даму жаңалықтарынан
хабардар болуы қажет. Сонымен қатар практикалық қызметке қатысты жаңа
тұтынушылар, клиенттер мен пациенттер топтарының пайда болғаны туралы,
заңдар мен ережелердегі өзгерістер жайлы мәліметтерге ие болуда маңызды
болып саналады. Әлеуметтік жұмыс үздіксіз
айналымдағы жетістіктерді қамтитын білім жүйесін құруды талап етеді.
Әлеуметтік жұмыскерлерді оқытудың кешенді жүйесінде квалификацияны арттыру
маңызды саты болы саналуы тиіс. Білім алуды жалғастыру әлеуметтік жұмыста
істеуге құқық беретін лицензияны жаңартушы шарт ретінде қарастырылуы керек.
Әлеуметтік жұмыскерлерге үздіксіз білім берудің шешімін таппаған мәселесі
легитимация болып табылады. Оқу орындары және кәсіби ұйымдар үздіксіз оқу
бағдарламасын эксперименттік түрде талдай отырып, әлеуметтік жұмыскерлерді
дайындауды қамтамасыз етудегі ұжымдық міндеттерін толықтай орындайды.
Әлеуметтік жұмыс сферасындағы үздіксіз білім беру бағдарламасының 95% -ын
келесі мекемелер қаржыландырады:
❖ Ұйымдар- 50%
❖ Университеттер-25%
❖ Кәсіби және функционалды ассоциациялар-15%
❖ Жеке және арнайы ұйымдар-5%
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау мекемелері
Агенттік. Әлеуметтік агенттіктер әлеуметтік ұйымдарда, клиенттермен,
еріктілермен кең контингенттік жұмыс жасайтын арнайы қызметкерлерді
белгілейді. Агенттіктер бірнеше мамандардан немесе нақты бір бағытта жұмыс
атқарушы маман негізінде арнайы бағдар жасай алады. Агенттік, ереже
түрінде, қызметкерлерге жаңа бағдар бере алатын, әрекет ережелерімен,
саясатымен , заңдылықтарымен танысуға мүмкіндік беретін минимум білім
болуын талап етеді.
Университеттер. 80-жылдардың басында жоғары оқу орындарында
әлеуметтік жұмыскерлерді үздіксіз білім берудің жүзге тарта бағдарламалары
қарастырылды. Үздіксіз оқыту бағдарламалары маңызды әлеуметтік мәнге ие
болды. Мұндағы бағдарламаларды қарастырылатын негізгі сұрақтар кедейшілік,
әйелдер жағдайы, ауылдық жерлердегі коммуникацияның жақсы дамымауы,
т.б. болды.
Кәсіби ассоциациялар. Кәсіби және функционалдық
ассоциациялар әлеуметтік жұмыскерлерге кәсіби үздіксіз білім берудің
негізгі каналы болып саналады. Ассоциацияларды үздіксіз білім беру
бағдарламаларында басты іс-әрекет түрі ретінде клиенттерге сапалы қызмет
көрсету және Этикалық кодекс шеңберінде қызмет ету қарастырылады. Ұлттық
конференциялар және симпозиумдар жалпы профильді практикалық жұмыскерлер
мен басқа тұлғаларға жаңа оқиғалар мен кәсіби ұстанымдар туралы ақпаратқа
қолжетімділікке мүмкіндік береді. Публикациялардың кең көлемді
бағдарламалары журналдар басылымдарын, кітаптарды, монографиялар мен
конференция материалдарын қамтиды. Әлеуметтік жұмыскерлер – тұрақты білім
алушылар. Олар қалыпты түрде кәсіби этиканы сақтау, компотенттілікті
арттыру, әлеуметтік қызмет сапасын жақсартуға талпынуға тиіс. Ересектерге
әлеуметтік жұмыс бойынша білім берудің принциптері
I. Андрагогика. Ересек адам ерікті білім алушы субъект ретінде
қарастырылады. Ерікті субъект – кәсіби маман, білім алуды
жалғастырушы, белгілі дағды, білім мен тәжірибеге ие тұлға екенін
ескере отырып, білім берудегі негізгі назар өзгерістер мен жаңашыл
функцияларға аударылады.
II. Білім алу бағдарламасы маманның қалауына байланысты жеке және кәсіби
қажеттіліктерге негізделеді. Бұл процесс барысында педагог маман
қатысушы немесе білім алушының қажеттіліктері жайлы таныс болуы керек.
Яғни, оқу әдістемелері мен материалдар, оқу құралдары талапқа толық
жауап беруі тиіс.
III. Үздіксіз білім берудің көптеген формалары қолданылады. Ең қарапайым
формасы – формальды оқыту, сонымен кәсіби конференциялар мен
симпозиумдарға қатысуға кеңінен қолданылады. Дегенмен, кәсіби
әдебиеттерді қолдану, жиналыстарға қатысу, консультация сияқты
формальды емес формаларда оптималды болып табылады. Бұл жаңа
бағдармаларды қайта жасау мен дамытуға септінін тигізуші идеялардың
қалыптасуына ықпал жасайды. Сонымен қатар біріккен жоспарлау
комитеттері құрылады.
IV. Бұл принциптің негізгі ерекшелігі, мысалы, студенттерге білім беру
барысында жалпылама және толықтай база бойынша дайындық жүргізіліп
отырса, ересек адамдарды әлеуметтік жұмыс бойынша оқытуда тікелей
практикалық қызметте қолданылатын жаңа дағдылар мен технологияларды
таныстыру маңызды рөлге ие.
V. Негізінен әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларындағы
белсенділік пен шығармашылық келіске байланысты мәселелер
қарастырылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс маманыдарын дайындау басты мәселе болып
табылады. Өйткені қоғамда әлеуметтік көмекті, қамсыздандаруды, қызмет
көрсетуді қажет ететін мұқтаж жандар көбеюде. Ал әлеуметтік жұмыс
мамандарының объектілері сол мұқтаж жандар болып табылады. Сондықтан
әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау Ресейдің әртүрлі қалаларында жүзеге
асырылуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындайтын жоғарғы
оқу орындары бірнешеірі қалаларды оқытылады. Бұл қалалардағы жоғарғы оқу
орындарында әлеуметтік жұмыс мамандары 4 жыл ішінде дайындалып шығады,
бірақ толығымен емес, 4 жыл ішінде оқыған мамандар бакалавр деңгейін алады.
Маман білімділігін жоғарлатқысы келсе 2 жыл магистратураны оқиды. Көптеген
жоғарғы оқу орындары әр қалада мамандарды әр түрлі бағытта дайындайды.
Жоғарғы оқу орындарының көп бөлігі ұйымдастырушы мамандарды, әлеуметтік
жұмыс басқарушыларын, ал кейбір жоғарғы оқу орындар – құқықтық және
психологиялық бағытта мамандарды дайындайды. Әлеуметтік жұмыс – көп
деңгейлік іс - әрекет болғандықтан, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау
толық пәндер кешеніне негізделеді. Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауға
негізделген әлеуметтік жұмыстың негізгі пәндеріне: әлеуметтік жұмыс
теориясы мен тарихы, әлеуметтік жұмыс технологиясы, халықаралық әлеуметтік
жұмыс, әлеуметтік жұмыстағы басқару, мамандыққа кіріспе жатады. Сонымен
қатар мамандарды дайындауда жалпы пәндер: әлеуметтану, педагогика,
психология, құқық, медицина, философия, экономика, тарих, мәдениеттану,
экология оқытылады. Бұл пәндер әлеуметтік жұмыскер іс - әрекетінің
бөлімдерін толықтырады. Әлеуметтік жұмыс мамандарын
дайындаудағы басты мәселелерге мыналар жатады:
1. Бітірушілер білімінің болашақ кәсіби іс - әрекетімен сәйкес еместігі.
Өйткені ғылым және оқу пәні ретіндегі әлеуметтік жұмыс спецификациясы
білім мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz