Нарықтық экономиканың баға жүйесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Баға құрылымының теориялық негізері

1. 1. Бағаның түсінігі және оның қалыптасуындағы теориялар . . . 6

1. 2 Бағаның экономикалық функциялары . . . 9

1. 3. Бағаның атқаратын қызметтері . . . 11

1. 4. Бағаның түрлері, олардың жіктемесі . . . 12

1. 5 Бағаның деңгейі, құрылымы және динамикасы . . . 15

2. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

2. 1. Бағаны мемлекеттік реттеу . . . 17

2. 2. Баға, сұраныс және ұсыныс . . . 1

3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы баға жүйесі

3. 1 Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі және баға белгілеу

факторлары мен стратегиялары . . .

3. 2. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері . . . 29

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Баға теориясы мен оларды қалыптастыру практикасы кез келген шаруашылықты жүргізудің басты тетіктері болып табылады. Экономика тұрғысынан алсақ, баға ең алғашқы құн категориясы. Экономика өзіндік ерекшелігі бар байланыстар жүйесі ретінде тауарларды тікелей айырбастау актісі, тауар құнының тауарлық және ақшалай көрінісі түрінде пайда болады.

Бағаны анықтау тәсілі нарықтың табиғатын және тұтастай экономикалық жүйені сипаттайды. Баға өндірістің тұтастай құрылымын анықтап, материалдық және ақшалай ағынның қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, халықтың әл-ауқатының деңгейіне әсер етеді.

Баға белгілеу процесіне үкіметпен қатар әр түрлі қаржылық жағдай да көп әсерін тигізеді.

Елдегі ақша айналысы жағдайының да, кредиттік сектордың жұмыс істеу сипатының да мәні бар. Сонымен қатар, баға нарықтық экономика жағдайында экономикалық тұрғыдан басқарудың тұтқасы ретінде кредит, кеден, эмиссия, сыртқы сауда және салық саясаттары, сондай-ақ еңбекақы және табысты бөлу жүйелері үйлескенде әрі халық әлеуметтік жағынан қорғалған жағдайда өз функциясын тиімді және сәтті жүзеге асырды.

Баға белгілеу жүйесі ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруы тиіс әрі ресурстың үнемделуіне және экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуына ықпал етуі қажет. Баға адамның қажеттілігін ескеріп, олардың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіндей болуы тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында баға белгіленген кезде меншік түрлерінде орын алған өзгерістер де, тауар-ақша қатынасының одан ары қалай дамитыны да, сондай-ақ ішкі нарықтың қандай жолмен қалыптасатыны да назардан тыс қалмауы керек.

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес[16] .

Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады[4] .

1. Баға құрылымының теориялық негіздері.

1. 1. Бағаның түсінігі және оның қалыптасуындағы теориялар.

Баға - күрделі экономикалық категория. Ол арқылы қоғамдық негізгі қатынастардың барысын, өндірістің жағдайын, тауарлардың қалай өтіп жатқанын және олардың құнының қалыптасуын қадағалауға болады. Баға барлық әлеуметтік-экономикалық саясаттың айнасы болып табылады. Оның микро және макроэкономикалық мәні баға белгілеудің тұжырымдамасына тәуелді емес, ол өнімдердің нарықтағы айналасының және өндірістің объективті жағдайымен анықталады.

Баға тетігі, баға белгілеу, баға саясаты - өте күрделі әрі өте нәзік құрал. Сол себепті де біз баға белгілеуді зерттеп-тануды баға теориясына қатысты мәселелерден бастаймыз.

Баға теориясының басты постулаты бағаның түбегейлі негізіне қатысты көзқараспен байланысты. Экономистер мұндай негіз ретінде құнды, мейлінше пайдалы жақты, өндіріс факторларының өзара әрекетін бөліп көрсетеді. Алайда, экономика ғылымында екі теория кеңінен мәлім.

Біріншісі - бағаның негізіне құнды жатқызатын маркстік теория, екіншісі - бағаның негізі ретінде тауардың пайдалылығын қарастыратын австриялық теория[16] .

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас болса жоғары бағаланады. Кейінірек А. Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А. Смиттің пайымдауынша алмазды қазуға көптеген шығынмен байланыстырған. Молшылық кезінде су гауһар тастан төмен бағаланады, ал судың тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында адам бір тамшы суға зәру (судан артық, бағалы нәрсе жоқ ол кезде) болады. Себебі өмір мен өлім кесе-көлденең тұрады. Міне осыдан барып жаңа теория пайда болады. Игілік бағалалығы қолда бар нәрсенің пайдалығымен анықталады немесе сол игіліктің шекті пайдалылығы мөлшерімен бағаланады. Осы ойлар тауардың құн теориясына революция жасады. Сөйтіп шекті пайдалылық теориясы дүниеге келді. Оның негізін салушылар: ағылшын Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 ж. ), Альфред Маршалл (1842-1924 ж. ), австриялық Карл Менгер (1840-1921 ж. ), Ейген Фон Бем-Баверк (1851-1914ж. ) және тағы басқалар. Олардың ойынша, құн тиімді пайдалылық дәрежесімен анықталады.

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К. Маркс дамыта түсті.

Егер К. Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арнаса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм - барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді. Баға қозғалысының әсер ететін өндіріс шығындарының ықпалын ғана емес, сондай-ақ жұмыссыздықтың, бәсекенің, саяси тұрақсыздық, экономикалық дағдарыстың, салық, мода, сиректік, пайдалылық және басқа факторлардың әсерін қарастырады.

ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын экономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М. И. Туган-Барановский т. б. еңбектің құндық теориясын шекті пайдалылық теориясымен қосты. Мысалы, ағылшын экономисі Альфред Маршалл құнның қайнар көзін бір жерден ғана іздемеуге құлшыныс жасап, шекті пайдалылық теориясын сұраным мен ұсыным теориясы және өндіріс шығындар теориясымен қосып қарады.

Бұл ізденіс пайдалылықтың өзара әсерін біртекті анықтауға итермеледі. Ол сұраным-ұсынымға, шығынға және бағаға бірдей ықпал етеді деген сөз.

Демек, құн мен баға - ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара-пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы әбден мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік тән, инфляция және т. б. факторлар ықпал жасады. Баға - тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы[11] .

Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

Сұраныс және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;

Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;

Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;

Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.

Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.

Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады[4] .

1. 2 Бағаның экономикалық функциялары мен атқаратын қызметтері.

Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясын ашып көрсете, мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

- есептік өлшемдік;

- қайта үлестіру;

- ынталандыру;

- баланыстық / теңестіру;

- өндірісті орналастыру.

Есептеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құнына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.

Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік (диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.

Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.

Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.

Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізіледі.

Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.

Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенмен де, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен рөл атқарады.

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.

Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.

Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз керек. [19] .

Алайда, баға, өз кезегінде тауар ұсынысының кемуіне апарып соқтыратын кері күшке (ол кемітілген жағдайда) де ие. Ал бұл өз кезегінде, ұсыныс сұраныстан асып тұскен жағдайда, сұраныс пен ұсынысты “келістіру” қажеттілігін тудырады.

Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

Біріншісі - есеп-қисап қызметі . Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.

Нарық жағдайында және табиғи ресурстардың шектеулі болуы кезінде, тауар өндіруші өнімді шығаруға қандай шығындар жұмсау пайдалы екендігін үнемі қарастырады. Өндіріс шығындарының балама мәселесі туады. Тауар өндіруші “жіберілген мүмкіндіктің бағасы” мәселесімен бетпе-бет келеді.

Екіншісі - ынталандыру қызметі . Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

Үшіншісі - бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. Бағаның түскен кезінде тұтынушы көп сатып алады. Мейлі тамақ болсын, киім болсын, кейде қымбаттау өнімді де ала салады. Әрине, бұл процесс кері де болуы мүмкін. Бағаның араласуымен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу, ұдайы ұлғаймалы және материалдық емес өндіріс саласын қаржыландыру жүзеге асады.

Бағаның төртінші қызметі - нарықтың тепе-теңдік сақтағанда, тұтыну мен өндірісті теңгергенде байқалады . Сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара қолдануды талап етеді.

Бағаның бесінші қызметі - ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды [1] .

1. 3. Бағаның түрлері және олардың жіктемесі, деңгейі, құрылымы, динамикасы.

Шығарылатын өнімдердің экономикалық ерекшеліктеріне, өндіріс және айналыс процесіне қатысушыларға қарай бағаның мынадай түрлері айрықша бөліп көрсетіледі:

  • көтерме сауда бағасы;
  • биржалық баға;
  • сатып алу бағасы;
  • құрылыс өнімдерінің бағасы;
  • бөлшек сауда бағасы.

Көтерме сауда бағасы бойынша өнім ірі партиямен сатылады. Өнімді мұндай баға бойынша көтере сатып алушы сатып алады. Өтпелі кезең экономикасының ерекшелігіне тауарды тұтынушыға жеткізу үшін делдалдық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар санының көбеюі жатады.

Құрылыс саласы бойынша қолданыстағы баға “құрылыс-монтаж жұмыстарының және дайын объектілерінің сметалық құны” әрі “құрылыс өнімдерінің прейскуранттық және келісімді бағасы” болып табылады. Мұндай бағаларды тапсырыс берушілер құрылыс ұйымдарының мердігілерімен орындалған жұмыс бойынша есеп айырысуда, капиталдық салымдардың және қызмет нәтижесін сипаттайтын басқа көрсеткіштердің мөлшерін анықтауда пайдаланады. “Сметалық баға” термині құрылыста пайдаланылатын көтерме сауда бағасын білдіреді.

Бөлшек сауда бағасы бойынша көтерме сауда саласындағы тауар сатып алынады. Бөлшек сауда бағасы жеке тұтынуға түсетін тауарға белгіленеді[3] .

Тауарлар мен қызмет көрсетулердің бірқатар бағасы прейскурант түрінде, құжат жүзінде тіркеледі. Мұндай құжаттарда келтірілген бағалардың шамасы прейскурсанттық деп аталады.

Мемлекеттік прейскурсант нарықтық экономикада мемлекет реттейтін тауардың бағаларын қоспағанда ақпараттық функцияны орындайды.

Баға белгілеудің тәртібіне қарай ол реттелетін және еркін баға болып бөлінеді. Еркін баға тараптардың келісімі бойынша сұраныс пен ұсыныстың негізінде белгіленеді.

Бағаны реттеу экономикалық әдістердің негізінде жүзеге асырылады. Баға қаржы, салық, кеден және бюджет саясаттары арқылы экономикалық жағынан реттеледі.

Экономикасы өтпелі кезеңде тұрған мемлекеттерде баға белгілеу реформасы бағаны ырықтандырудан басталады. Еркін баға белең алады. Өнімнің шекті бағасын монополист-кәсіпорындар белгілейді. Мұндай бағалардың деңгейі өнімнің маңыздылығына қарай тиісті органдарда мағлұмдалады әрі тіркеледі. Сол себепті шекті баға мағлұмдалған баға деп те аталады.

Бұйымдар мен қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін жобалау процесінде лимиттік (шекті жол берілетін), жобалық және бағдарлы бағалар пайдаланылады.

Экономикалық талдауда, жоспарлауда және статистика нақты бағалармен қатар салыстырмалы баға, орташа баға және баға индекстері пайдаланылады.

Баға индексі - белгілі бір кезеңде салыстырылған элементтер (тауарлар мен қызмет көрсетулер) бойынша баға динамикасының көрсеткіші.

Тұтыну бағасының индексі - халықтың өндіріс үшін емес, өздерінің жеке қажеттіліктері үшін сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасының жалпы деңгейінің уақытқа байланысты өзгерісін сипаттайды. Бұл индекс тұтыну тауарлары мен қызметкөрсетулер “себеті” құнының динамикасы негізінде есептеледі. Ол инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Әрекет ету теориясына қарай елдегі бірыңғай баға, аймақтық баға бөліп көрсетіледі.

Түрлі елдердегі бір типтес тауар бағасының әр қилы болуы әлемдік бағаны пайдаланудың қажеттілігін тудырады.

Әлемдік баға - әлемдік нарықта қандай да бір тауарға белгіленетін бағаны немесе халықаралық сауда-саттықта жетекші рөл атқаратын субьектілердің белгілі бір уақыт аралығында мойындаған бағаны иә болмаса осыған ұқсас тауардың әр түрлі елдер мен аймақтарда белгіленген бағаларының орташа мәнін білдіреді.

Жоғарыда аталған барлық баға түрлері өзара байланысты элементтер жүйесін құрайды. Осы өзара байланыстардың негізінде әрекеттес тамыр принципі жатыр: бір қосалқы жүйедегі бағаның қандай да бір өзгерісі басқа бағаларға автоматты түрде әсер етеді.

Нарықтық экономикада бірыңғай жүйені құрайтын бағалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі екі жағдайда байланысты орын алады:

  • сұраныс, ұсыныс және құн заңдарының бірыңғай әдістемелік негізінде бағаның қалыптасуымен;
  • қызметі бағалармен байланысты өндірістің кәсіпорындар мн салалардың өзара байланысымен.

Осылайша, экономикада қолданылып жүрген бағалардың әр алуандығы динамикасына көптеген нарықтық факторлар әсер ететін жүйені қалыптастырады. Бұл жүйе бағаның жекелеген, өзара байланысты және өзара тәуелді қосалқы жүйелерінен тұрады [4] .

Баға жүйесін мынадай параметрлер сипаттайды:

- деңгей;

- құрылым;

- динамика.

Кесте 1-1

Баға жүйесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық экономиканың мақсаттары
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Нарық, тауар құны туралы түсінік
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Сұраныс пен ұсыныс жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарықтық экономика жайлы
Нарық жүйесі туралы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz