Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .3
І бөлім. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі және оның мәні
1.1 Бәсекеге қабілеттілік
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .5
1.2 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы экономикалық
даму ... ... ... ... ... ...7
ІІ бөлім. Бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылудағы Қазақстанны
экономикалық даму көрсеткіштері
2.1 ҚР экономикасылық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктерін
талдау ... .15
2.2 ҒТП және инновацияның экономикалық дамуға
әсері ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 ҚР мен шет елдеріндегі экономикалық дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті елу ел қатарына
қосылудағы негізгі мәселелер мен оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .3 0
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 31
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы (Қазақстанның
бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы атты
ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы) аса дамыған
әлемнің 50 елінің қатарына қосылуы мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз
ету стратегиялық курсын жариялауы алдында жүргізілген реформалармен
анықталған еді.. Тіршілік ету мәселесін шешіп және экономикалық өсімнің
тұрақты деңгейіне жеткендіктен Қазақстан экономикасының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету мен қоғам өмірінің сапасын көтеру міндеті
толықтай негізді түрде қойылып отыр. Елге әлемдік нарықтың талаптары
тұрғысынан қарау тиісті аймақтық дамыту бағдарламаларын әзірлеуді
міндеттейді. Бұл ғылым, білімді де, экономиканы да әлеуметтік қызметті де
дамытуға қатысты.
Қазақстанның әлемдегі елу бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына
ену бағдарламасы мемлекеттің көптеген аймақтары мен әлеуметтік-экономикалық
дамуының барлық деңгейінің бір-бірімен байланысты тапсырмалардың кешенді
шешімі болып табылады. Оларға ең бірінші халықтың жұмыспен қамтылуы мен
қазақстандық еңбек нарығы жатады. Тек жұмыспен қамтылу аясында тиімді өнім
еңбек негізінде ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін
қамтиды, ол өз кезегінде жабдықтардың техникалық жаңартылуына, жаңа
технологиялардың енгізілуіне, көбінесе адами шикізаттың жаңа сапасына
тәуелді.
Жаңашылдық – индустрия даму және жоғары технологиялық экономикаға өту
жағдайында жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді
өндіру, бірқатар нарық талаптарына сай кәсіби білімді көтеру және кадрларды
мамандандыру, дайындау жүйесін қайта бағыттау мен реформалау және
маманданған жұмысшы күштерді қайта дайындауды қажет етеді.
Мемлекеттік дамудың таяу болашақтағы басты мақсаты – бәсекеге
қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу. Бұл міндетке Елбасымыз жыл
сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында тоқталып келеді. Ал мұндай
мақсатқа біз экономика табысының шикізатқа тәуелді болуын жойғанда ғана қол
жеткізе аламыз. Осы негізде ел Үкіметі экономикамызды әртараптандыру
міндетін мойнына жүктеп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын қабылдаған болатын. Аталған бағдарлама аясында бүгіндері
еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген өндіріс орындары ашылуда. Дегенмен
Кеден одағына ену, келесі жылы бірыңғай экономикалық кеңістік құру секілді
ауқымды мемлекетаралық деңгейдегі қадамдар осы бағыттағы, нақтырақ
айтқанда, ел экономикасын әртараптандыру ісін жеделдетуді талап етуде.
Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық
саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-
нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану
әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық
өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.
Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық
негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік
экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда.
Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың,
қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі
болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік
шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын
еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық
өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз
сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының
жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында
қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан
ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық
қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің
үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай
үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика
байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі
макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды,
мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының
баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.

1.1 Бәсекеге қабілеттілік түсінігі
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық
өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру
бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік
қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті
болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін
қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп
бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай
иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі
нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық
тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны
жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін
арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық
үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар
өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін
алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына,
өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын
тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді.
Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін
негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - кез-келген экономикалық
объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне
қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері
бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі
абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста
пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен
КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық
параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция
мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін
жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын
табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және
оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықық
экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің,
яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және
(немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі
мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар
болуы мумкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
• өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің
қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің
теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі
тұракты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
• куаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде
микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі
(салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін
жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын,
олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік
саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары
мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің
элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға
мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға,
қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі
кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың
стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға
негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы
негізіндегі бәсеке) бөлуге болады.
Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына
қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қзіргі нарықта бағалар қактығысы жоқ
дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс
бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық кұнын
арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл
маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы,
сапа, жарнама, халыкаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы
көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-
техникалық деңгейіне тәуелді.
1.2 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы экономикалық даму
Экономикалық даму дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар
сапа жағынан жетілдірілуі, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен
байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі
өзгерістерін айтады.
Экономикалық дамудың негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру
және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі
мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады, осының құрамына
кіретіндер:
– Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы
көрсетеді.
– Бос уақыттың көбеюі. Нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс
көрсеткіштерінде орын алмауы. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін
бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы
қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы
ұзақтығына назар аударуы керек.
– Халықтың әр топтар арасында ұлттық табыстың бөлінуін жақсарту.
– Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту
[1].
Халықтың әл-ауқатын жоғарылату, технологиялық және саяси тұрғыдан
тұрақты даму үшін экономикалық өсу проблемасының маңызы зор. Нақты ЖІӨ
әрбір ағымдағы ұлғаюының немесе кемуінің ұзақ мерзімді кезеңде маңызы
жоғары болады, өйткені ол мемлекеттің экономикалық даму траекториясын және,
түптеп келгенде, оның дүниежүзілік экономикадағы және саясаттағы ролін
өзгертеді. Сондықтан, экономикалық өсу факторларын анықтау, олардың түрлі
даму сатыларындағы маңыздылығын салыстыру – теориялық және қолданбалы
ғылымның басты міндеті. Қазіргі уақытта экономикалық өсуге қатысты ғылыми
білімнің ауқымды көлемі жиналды, инновация, адам капиталы, меншік құқығы
және т.б. осындай факторлардың тізімі кеңеюде. Тиімді мемлекеттік басқару
проблемасының кеңінен талқылануына қарамастан, бұл тақырып іс жүзінде нақты
қолданыс таппады.
Экономикалық даму дүниежүзілік экономиканың әрбір сатысында өзінің
мазмұнын өзгертіп отырады, сондықтан экономикалық өсуге қатысты зерттеулер
санының тұрақты түрде ұлғайып отырғанына қарамастан, аталған проблема
күрделі, көп қырлы және үнемі өзгеріп тұратындықтан, ол толық зерттелмеген
деуге болады. Бұрынғыдай экономикалық өсуге факторлардың әсерін, олардың
өзара қарым-қатынасын және олардың даму көздерінің өзгеруіне синергетикалық
әсерді және өзгермелі ғаламдану жағдайында дүниежүзілік шаруашылық
байланыстарды жүйелі талдау қажет. Ғаламдану және әлемдік қаржы дағдарысы,
интернационалдану және интеграциялану процестерінің күшеюі кезінде
дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы Қазақстанның ұлттық құраушысын ескере
отырып, экономикалық өсуді негіздеу қажеттігін туғызып отыр.
Экономикалық өсу анықтамасында міндетті түрде осы ұғымның сапалық
және сандық сипаттамалары орын алады. Басқаша айтқанда,экономикалық өсу бір
жағынан, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көлемінің өзгеру серпінін,
ал екінші жағынан – экономикалық жүйенің қоғамның жаңа өспелі
қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілетін айқындайды. Әдетте осы екі
жақтың күрделі өзара байланысы бар екендігі атап көрсетілмейді. Шын
мәнінде, тауарлар мен қызметтер өндірісінің тіпті елеусіз өсуі міндетті
түрде жаңа сапа мен адамдардың өмірінің жақсаруына әкелмейді.
Экономикалық өсудің ЖҰӨ нақты көлемінің өсу қарқынымен немесе осы
көрсеткіштердің адам басына шаққандағы арту қарқынымен өлшенетін, шартты
алынған уақыт аралығында ұлттық экономиканың дамуының жалпылама сипаттамасы
ретіндегі анықтамалар неғұрлым кең тараған.Экономикалық өсуді өлшеудің
қайсыбір тәсілін қолдану қажеттілігі әдетте зерттеу міндеттерімен
байланысты. Экономикалық өсуді өлшеудің бірінші тәсілі, әдетте, елдің
экономикалық әлуетін кеңейту қарқынын бағалауда, екіншісі – халықтың әл-
ауқатын серпінді талдауы немесе түрлі елдер мен аймақтардағы өмір сүру
деңгейін салыстыру кезінде пайдаланылады.
Біз өз зерттеуімізде екінші тәсілді қолданамыз. Біздің пікірімізше,
экономикалық өсу деп нақты ЖІӨ арту қарқыны халықтың өсу қарқынынан асатын
ұлттық экономиканың дамуы деп түсіну керек. Бұл өсу қиындықтарын сырттай
бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге
мүмкіндік береді. Елдің материалдық әл-ауқатын арттыру азаматтық қоғамның
негізгі мақсаттарының санына кіреді. Бұл тұрғыда экономикалық өсу, ең
алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Басқа
жағынан, ол осы мақсаттарға жету құралы болып табылады, яғни,
төмендегілермен айқындалатын өспелі қажеттіліктер заңының әрекетін
қамтамасыз ететін тетік айқындалады:
– Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысының артуы. Бұл
мақсатқа жету жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-ң өсу
көрсеткіштерімен айқындалады;
– Бос уақыттың артуы. Күнделікті уақыт өткізу өмірлік игілік бола
отырып, макроэкономикалық көрсеткіштерде айқындалмайды.
Сондықтан, жұмысшылар мен қызметкерлердің ай немесе жыл ішіндегі
жұмыс аптасы немесе еңбек қызметінің жалпы ұзақтығы
қысқарғандығын ескеру керек;
– Сапаны арттыру және шығарылатын тауарлар мен қызметтердің
әртүрлілігінің өсуі.
Сонымен бірге, біздің ойымызша, экономикалық өсудің сыныптамалық
белгілері мақсаттық бағытталу, басымдылық, жүйелілік. Осы белгілер бойынша
экономикалық өсу түрлерінің жүйеленуі нақтыланды (1-кесте).
Негізгі жүйелеушілік белгілері бойынша экономикалық өсудің түрлері мен
факторларын реттеу
Кесте 1
Экономикалық өсудің жүйелеушілік Экономикалық өсу түрлері
белгісі
1 2
Экономикалық өсу қарқыны төмен, орташа, жоғары
Құнсыздану жағдайындағы атаулы, нақты
экономикалық өсу қарқыны
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу
ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Экономикалық өсу көздері экстенсивті өсу, интенсивті өсу
Экономикалық өсу стратегиясы ішкі қайта құрылымдаумен анықталатын
өсу, сыртқы қайта құрылымдаумен
анықталатын өсу
Құрылымдық өзгерістердің сипаты ішкі өсу, сыртқы өсу
Өсу ұзақтығы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді
Өсуді қамтамасыз ететін қалпына келтіретін
инвестициялық белсенділік деңгейіинвестициялық өсу
Экономикалық өсуге қол жеткізу теңгермелі
тәсілдері мен нәтижелерінің теңгерілмеген
тиімділігі
Қаржыландыру көздері бойынша өзіндік қаржы көздері есебінен қол
жеткізілетін өсу, сыртқы қаржыландыру
көздері есебінен қол жеткізілетін өсу,
аралас қаржыландыру көздері негізіндегі
өсу
Негізгі өсу факторлары әсерінің тұрақты, қол жеткізілетін, шекті
әлеуетін пайдалану
Өнімді, қызметтерді өткізу нарқы Ішкі нарыққа бағдарланған
Экспортқа бағдарланған
Мақсаты бойынша Экономикалық жүйені қайта құру, Нарықтық
қатынастарды қалыптастыру, Нарықтық
қатынастарды дамыту, Сыртқы экономикалық
байланыстарды қалыптастыру, Сыртқы
экономикалық байланыстарды дамыту
Әсер ету сипаты бойынша объективті, субъективті, ықтимал,
Бағыттылығы бойынша Экономикалық өсуді тұрақтандыру
Экономикалық өсуді жандандыру
Экономикалық өсуді тұрақсыздандыру
Атқарамдық белгісі бойынша саяси, экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдық,
ғылыми-техникалық және т.с.с.,
Әсер ету ауқымы бойынша өңірлік, салалық, салааралық,
экономиканың жекелеген салалары,
секторлары, бөліктері, деңгейлері
бойынша
Ықпал ету дәрежесі бойынша негізгі, қызмет көрсететін, қамтамасыз
ететін, қосалқы және т.с.с
Экономикалық өсудің мақсаты қоғам болып табылады. Бұл адам дамуы үшін
жағдай жасаумен, өмір сүру деңгейін арттырумен айқындалады. Адам ролі, оның
мәні оның өндірістік күштердің факторы, өндірістік және басқа барлық
қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен анықталады. Табыс, денсаулық,
білім, бостандық әл-ауқаттың компоненттері болып табылады. Адам игілігіне
қарай даму экономикалық даму әркімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен
барша үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге әкелу керектігін білдіреді.
Экономикалық өсу халықтың барлық деңгейлерінің әлеуметтік жағдайына жағымды
әсер етеді. Өсу әлсізденген кезде қоғамда жағымсыз құбылыстар көбейеді.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық
мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-
ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін
салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық
өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін
қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
– қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және
заттық капиталдың сапасын жақсарту);
– ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,
өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық
өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
– жұмыс күшінің санының өсуі;
– капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның
жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын
келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсуді бағалау теориясы мен тәжірибесінде қоғамдық
өндірісті мемлекеттік реттеуі маңызды орын алады. Мемлекетті ұлттық
экономиканың экономикалық өсуге жетіп жатқаны алаңдату керек. Бұл міндет
үкіметтің макроэкономикалық саясатының төрт басты тапсырмасынан туындайды:
тұрақты экономикалық өсу; бағалардың және ұлттық валютаның тұрақты деңгейі;
тепе-теңдестірілген сыртқы сауда балансы және халықтың жұмысбастылығы мен
қорлардың жоғары деңгейі. Үкіметтің күнделікті саясаты экономикалық өсуге
жетуге бағытталған болу керек.
Теориялық тұрғыда жоғарыда аталған жаңа парадигма – тұрақты
экономикалық даму тұжырымдамасын білдіреді, ал тәжірибе жүзінде – өсу
қарқынын реттеудің мемлекеттік экономикалық саясатын қайта бағдарлау. Бұл
төмен іскери белсенділік уақытында экономикалық өсудің жоғары қарқынын және
жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті, қоршаған ортаны қорғау аясында ұзақ
мерзімді стратегиялық мақсаттарға жетуге қарама-қайшы келмейтін тиімді және
әлеуметтік бағытталған экономика дамуы үшін жағымды жағдайларды жасауды
білдіреді [2].
Тұрақты даму деп қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
бірақ келешек ұрпақтың меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне
қауіп төндірмейтін экономикалық серпіннің ерекше түрі түсіну керек. Бұл
елдің дамуының қажеттіліктеріне баламалы, жаңа түрдегі экономиканың
макрореттеуін қайта жаңғырту қажеттілігі туралы маңызды қорытынды жасауға
мүкіндік береді. Өсу теориясы даму экономикасы тұжырымдамасын әзірлеген
шын мәнінде отандық экономистермен қабылданған және шетелдік теорияшылдары
жариялайтын тұрақты өсу мен тұрақты даму тұжырымдамаларына сынмен қарау
керек. Бұл ұғымдар біраз нақтылауды қажет етеді. Экономика әрқашанда даму
экономикасы болып табылады – не ілгерінді, не регрессивті. Көптеген
ғалымдар әлеуметтік-экономикалық дамудың үшінші жолының тұжырымдамасы
ретінде келесі ұрапқтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
тұрақты экономикалық өсу доктринасы болуы мүмкін деп санайды. Экологиялау
мен қоршаған ортаға қатысты талаптарды жеткілікті есепке алу ұстанымдар
негізіндегі әлемдік экономикасының қайта ұйымдастырылыуына келетін болсақ,
мағынасы тұрақтылық ұғымына қарама-қайшы келетін қайшылықтар қайтсе де
қалады.
Біз әрине жаһандану жағдайында тұрақты даму тұжырымдамасының ролі
мен маңыздылығын, сонымен бірге, қазіргі қаржы институттары арқылы
төмендетіп отырғанымыз жоқ, дамуға белгілі дәрежедегі тұрақсыздық тән
екенін қоса айтқымыз келеді: сандық өзгерістердің жинақталуы қалыпты сапалы
серпілістерге әкеліп соғады, және диалектиканың бұл қағидасы үнемі
дәлелденеді. А.Селезневтің пікірі бойынша экономика дамуының
бірыңғайсыздығының объективті заңы әрекет етеді, жаңа, дәстүрлі,
конъюктуралық қатаң түрлі салалардың біркелкі емес қарқыны заңдылықты.
Н.Д.Кондратьев атап өткен әлемдік экономиканың толқынды дамуы заңдылықты.
Белгілі бір кезеңдік, ұлттық шаруашылықтың қызметінде қайталану
бақыланып отыр, бұл кезде экономиканың шарықтау уақыты құлдырау мен тоқырау
уақытымен алмасады. Кезеңдікті ұлттық экономиканың бір макроэкономикалық
тепе-теңдіктен екіншісіне қозғалу деп анықтауға болады. Экономикалық кезең
ұлттық шаруашылықтың дамуы мен жалпы экономикалық үрдісті айқындайтын
экономикалық белсенділіктің біртіндеп бірін-бірі алмастыратын фазаларының
қатарынан тұрады. Нәтижесінде кезеңдік арқылы экономикалық өсу
айқындалады, яғни қозғалыс щеңбер бойымен емес, спираль бойынша жүреді,
конъюктураның ұзақ уақытты, сонымен бірге орта мерзімді құбылыстарын
көрсетеді.
Экономикалық өсудің құрамы туралы теориялық түсініктердің эволюциясы
оның дәстүрлі түрлерімен қатар экономикалық өсудің табиғи-трансформациялық,
мобилизациялық-трансформациялық, институционалды түрлерін ажыратуға
мүмкіндік береді. Экономикалық өсудің табиғи-трансформациялық түрі
өндірістің табиғи факторларының өнеркәсіптікке дейінгі қоғамдық өндіріс
тәсілімен соңғы нәтижеге (өнімге) қарапайым өзгеруін білдіреді.
Экономикалық өсудің мобилизациялық-трансформациялық түрі өндірістің
өнеркәсіптік тәсіліндегі өндірістік күштердің прогрессі есебінен
өнеркәсіптік капиталды жинақтауға негізделген. Экономикалық дамудың қазіргі
(ақпараттық) сатысында экономикалық өсудің басым түрі институционалды болып
табылады, ол елдер арасында қоғамдық-экономикалық қатынастарды
ұйымдастырудың ерекше тәсілін тағайындайтын халықаралық институттарды
ұсынатын, қалыптасқан экономикалық мүдделердің құрылымын өзгертуді
көздейтін, адам капиталын мадақтау, оны жинақтау мен түрлі формада
шоғырландыруға негізделген. Өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы
өнеркәсіптік даму уақытында анықтаушы фактор болып табылады, ал
интеллектуалды капиталдың шоғырлануы, қоғамдық қызметтің жаңа түрі бола
отырып, айқындаушы белгісі адам капиталын интеллектуалды капиталға өзгерту
болып табылатын ақпараттық қоғам уақытында әлеуметтік –экономикалық жүйенің
жетекші факторы болып табылады.
Экономиканың өсуге қабілеті, өндірістің нақты көлемін ұзақ мерзімді
арттыру қарқыны мен ауқымын, өсудің тиімділігі мен сапасын арттыру
мүмкіндігін анықтайтын құбылыстар мен үрдістерді айқындайтын бірқатар
факторлардан тұрады. Экономикалық өсудің факторлары – бұл экономикалық
өсуді тудыратын себептер. Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің
нақты көлемін арттыру мүмкіндігін, өсудің тиімділігі мен сапасын арттыруды
анықтайтын құбылыстар мен үрдістер. Экономикалық өсудің факторларының
классикалық сыныптамасы 2 кестеде келтірілген.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы экономикалық өсудің қозғаушы
күші болып табылады, сонымен бірге, біздің пікірімізше, олар жеткіліксіз,
себебі тарих көрсетіп отырғандай, экономикалық өсу жоғарыда аталған
факторлары жоқ елдерде бақыланып, осы факторлардың бірқатары болған елдерде
байқалмады. Келесі мысалдарды қарастырайық (3кесте).
Экономикалық өсудің факторлары
Кесте 2
Факторлар тобы Факторлардың мазмұны
1 2
Тура - еңбек ресурстарының санын ұлғайту және сапасын
(ұсыныс-факторлар)жоғарылату;
- негізгі капиталдың көлемін ұлғайту және сапалық
құрамын жақсарту;
- технологияларды жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру;
- шаруашылық айналымға енгізілетін табиғи ресурстардың
мөлшерін көбейту және сапасын жоғарылату;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетті арттыру.
Жанама (сұраныс - нарықтардың монополиялану дәрежесін төмендету;
және бөлу - экономикадағы салықтық ахуал;
факторлары) - несие-банктік жүйенің тиімділігі;
- өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі;
- тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың
артуы;
- экспортқа шығарылатын тауарлардың кеңеюі;
- экономикадағы өндірістік ресурстарды қайта бөлу
мүмкіндігі;
- кірістерді бөлудің қолданыстағы жүйесі.
Ішкі елдің өндіріс факторлары (фабрика ғимараттары және
олардың құрал-жабдықтары бар кеңселер, тауар қорлары)
Сыртқы шетелдік ресурстар
Аралас елдің өндіріс факторлары және шетелдік ресурстар
(аралас инвестициялар)
Экономикалық жұмыс күшін көп мөлшерде пайдалану;жаңа кәсіпорындар
өсудің экстенсивтісалу; құрал-жабдықтарды көп мөлшерде пайдалану;
типінің факторларышаруашылық айналымға қосымша жерлерді тарту; жаңа кен
орындарын ашу және пайдалы қазбаларды өндіру көлемін
ұлғайту; ресурстардың мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік
беретін сыртқы сауда және т.с.с. Алайда бұл кезде
жұмысшылардың біліктілігі және олардың еңбек
өнімділігі, құрал-жабдықтардың сапасы және технология
өзгеріссіз қалады. Сондықтан еңбек және капитал
бірлігіне шаққандағы өнімнің қайтарымы және кіріс
бұрынғы деңгейде сақталады.
Экономикалық жұмыс күшінің біліктік және кәсіби даярлық деңгейінің
өсудің интенсивті жоғарылауы; жетілдірілген құрал-жабдықтарды; озық
типінің факторлары(бірінші кезекте, ресурс үнемдейтін) технологияларды
пайдалану; еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру;
экономиканы мемлекеттік реттеудің аса тиімді әдістерін
пайдалану.
Біздің пікірімізше, егер елдің азаматтарының меншік құқығын қорғайтын
заңдары болмаса және сақталмаса және тқрақты демократия болмаса, жоғарыда
аталған факторлардың кез-келген елде әсері тұрақты экономикалық өсуге
әкелмейді.
Қазіргі кезде демократиялық тәжірибені тереңдету мақсатында
демократизация үрдістерін үкіметпен марапаттау беталысы бақыланып отыр.
Жаһандану мәселелерін шешу үшін жаңа институттарды құру керек, жеке
алғанда: ғаламдық экологиялық ұйым; ғаламдық банкроттық тетігі; халықаралық
салық ұйымы мен қаржылық реттеу органы. Шешімдер азаматтық қоғам
институттарының кең қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес, себебі,
құзыреттілік пен қорларды бейорталықтандыру да басқарудың бүкіл үрдісінің
тиімділігін арттыруға мардымды үлес қосады, оның демократиялық құрамдасын
күшейтеді. Қазақстан өзінің стратегиялық мақсаты ретінде мемлекетте
демократиялық үрдістердің келешек дамуын мақсат тұтып, әлемнің бәсекеге
қабілетті елу елдің құрамына енуді жариялады.
ІІ бөлім. Бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылудағы Қазақстанның
экономикалық даму көрсеткіштері
2.1 ҚР экономикасылық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктерін талдау
Институционалдық теория нарықтық өзгерістерді сапалық тұрғыдан
зерттеуге мүмкіндік береді. Ол экономика дамуының әлеуметтік
параметрлерінің ролі туралы мәселені жаңаша тұрғыдан қояды. Экономикалық
өзгерістер халықтың кірісін реформалауға негізделуі керек. Экономикалық
өзгерістердің бүкіл дүниежүзілік тәжірибесі реформалар бұқара халықтың
мүддесіне жауап бергенде ғана жемісті болатынын көрсетеді. Қазақстандық
қоғамның қазіргі құрылымына толық қалыптасқан тұрақты белгілер тән емес.
Әлеуметтік-экономикалық жүйені реформалау барысында туындайтын қайшылықтар
мен белгісіздіктерді еңсеру жолымен институционалдық өзгерістерді
жандандырудың маңызы зор. Экономиканы басқару жүйесінің басты қарама-
қайшылығы микроэкономика және макроэкономика мүдделерінің арасындағы
қайшылық болып табылады. Институционалдық қайта құру кезінде алдыңғы орынға
ұлттық мүдделерді қоюдың маңызы зор, олар экономиканы басқарудың барлық
деңгейлерінде өндіріс тиімділігін жоғарылату керектігін көрсетеді.
Институционалдық қайта құру ұлттық мүдделерді жеке мүдделермен үйлестірудің
әдіснамалық үлгісіне негізделуі керек.
Қаржы бөліп таратылатын категория ретінде экономикамен тығыз
байланысты. Бір жағынан, қаржы арқылы қоғамда өндірілген ЖІӨ бөлінеді.
Қанша өндірілсе, сол мөлшерді ғана бөлуге болады. Екінші жағынан,
айырбастау-бөлу қарым-қатынастары экономикалық мүдделердің белгілі бір
жүйесін қалыптастырады, ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру немесе, керісінше, тежеу
арқылы өндіру көлеміне әсер етеді.
Қаржы саясатын қалыптастыру мен іске асырудың негізіне алынатын
экономикалық дамуға және экономикалық өсуге қаржының әсері өздігінен
автоматты түрде емес, қоғамдағы қаржының қызмет ету бағытын, сипаты мен
мәнін көрсететін қаржы тетіктері арқылы жүзеге асады. Жалпылама анықтама
бойынша қаржы тетігін экономикалық дамуды және азаматтардың әлеуметтік
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру мен
пайдаланудың арнайы жасалған және заңмен бекітілген нысандары мен
әдістерінің кешені ретінде сипаттауға болады. Қаржы тетігі дегеніміз –
мемлекет экономикасында қаржы-қаражаттың қызмет етуін, тиісті
бағдарламаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін
практикалық пайдалануды анықтайтын әдістемелік, ұйымдық және құқықтық
ережелер мен іс-шаралар.
Серпінді экономикалық өсуге қол жеткізу үшін басқарудың ұйымдық-
экономикалық тетіктерінің маңызы зор, олар: бәсекелес нарықтар мен
монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын қалыптастыру, отандық және
шетелдік инвесторлардың белсенділігін жандандыру, индустриалдық-
инновациялық даму үшін инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет, жергілікті
атқарушы органдардың бюджеті, заңды тұлғалардың қаражаты, жеке
инвесторлардың қаражаты, мемлекеттік және өзге меншік негізінде
экономикалық базаны дамыту сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды.
Әлемдік экономиканың даму беталыстары мен сыртқы шарттары Қазақстан
экономикасының дамуының үш мүмкін сценарийін әлемдік экономика серпініне,
мұнайдың әлемдік бағалар деңгейіне мен әлемдік қаржы нарықтарындағы
жағдайларна тәуелді дамытудың мүмкіндіктері анықталды.
1-нұсқа бойынша орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар және қаржы
нарықтарында ахуалдың нашарлауы көзделген пессимистік болжам жасалып отыр.
Бұл сценарий бойынша мұнайға әлемдік баға (Brent) мынадай деңгейде: 2009
жылы бір баррель үшін – 25 АҚШ доллары, ал 2010 – 2013 жылдары бір баррель
үшін 40 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металға әлемдік баға 2008 жылғы
деңгейден 50% төмен болады. Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарызды
қолданбайтын болады.
2-нұсқада әлемдік тауар және қаржы нарықтарында жағдай тұрақталады
деп көзделіп отыр. Мұнайға әлемдік баға 2009 жылы бір баррель үшін – 40 АҚШ
доллары, ал 2010 – 2013 жылдары – 50 АҚШ долл. деңгейінде болады. Металға
әлемдік баға 2009 жылы орта есеппен 30 – 40% төмендейді, кейіннен 2010 –
2013 жылдары әлемдік баға деңгейі 8 – 10% жоғарылайды. Сырттан қарыз алу
шарттары жақсарады.
3-нұсқа бойынша мұнайға әлемдік баға 2009 – 2013 жылдары бір баррель
үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде болады деп көзделіп отыр. Әлемдік қаржы
нарықтарында жағдай жақсарады, екінші деңгейлі банктерге сырттан қарыз алу
үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады.
Дүниежүзілік экономикадағы және әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы
жағдай тұрғысынан алғанда, 2 нұсқаның даму ықтималдығы жоғары. Осы нұсқа
бойынша экзогендік параметрлердің негізгі мәндері қазір қалыптасып отырған
даму үрдістеріне айтарлықтай жақын.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы өнеркәсіптік-
инновацмялық даму Стратегиясында ЖІӨ-ң орташа жылдық өсімі 8,8% шамасында.
Бұл сандармен келісуге болады, алайда әлемдік экономикалық дағдарыс
экономикалық өсу серпініне түзетулер енгізді.
ЖІӨ өсу динамикасы әр түрлі болуы мүмкін және ол көптеген факторларға
байланысты. Қазақстандағы және оның көршілес аймағындағы қаржылық жағдай
инвестицияларды тартуға қолайлы болып отыр. Мемлекет алтын-валюта
резервтерін қалыптастыруда. Егер мұнайдың әлемдік бағасы бірден және
оқыстан бір баррель үшін 25-30 долларға дейін және одан да төмендеуі,
сондай-ақ біздің басқа да экспорттық тауарларымыздың арзандауы мүмкін деп
болжағанның өзінде, қолда бар резервтер экономиканы жаңғыртуға жетуі керек.
Дүниежүзілік дағдарыс халықаралық талдаушылардың болжамы бойынша 2010-2012
жылдары өтуі керек. Компаниялар мен банктер сыртқы қарыздарды азайтып,
оларды әртараптандырады. Орта және шағын бизнесті несиелеу үрдісі бой алып
келеді. 2008 – 2009 жылдарды стагнация кезеңінде көптеген кәсіпкерлер өз
бизнесін сатып жіберуді қарастырды. Осыған қарамастан, жеке бизнес үшін
оптимистік болжам жасалып отыр. Экономиканың жаппай дамуы ғана өсуге алып
келеді, өйткені оған ресурстарды сапалық дамыту есебінен қол жеткізіледі.
Халықтың жан басына шаққанда 40 мың долларға тең келетін ЖІӨ
жоспарланған деңгейіне бірінші нұсқа бойынша 2026 жылы қол жеткізуге
болады, В1 нүктесі, яғни ірі инвестициялар төрт жылды үнемдейді. Екінші,
нақты нұсқа бойынша – 2030 жылы қол жеткізіледі, В2 нүктесі. Үшінші
пессимистік нұсқа дүниежүзілік дағдарыс және Қазақстандағы стагнация 2015
жылға дейін созылатын жағдай үшін әзірленген, бұл кезде біз мақсатымызға
2034-35 жылдары қол жеткіземіз, В3 нүктесі. Оқиғалар осылай өрбуі де
мүмкін, бірақ оның ықтималдығы төмен. Іс жүзінде инвестициялық салымдардың
осындай нұсқасы жиірек болатыны сөзсіз.
Қойылған міндетті шешу үшін негізгі капиталға салынатын жыл сайынғы
инвестицияларды 10-12 млрд. теңгеге дейін жеткізу керек, бұл 2008 ж.
қарағанда үш есе көп. ҚР үшін экономикалық өсудің шикізаттық бағыты жүзеге
асуы да мүмкін. Бұл модельдің іске асырылуы ықпалды қаржы-өндірістік
топтардың мүдделеріне жауап береді. Ол шетелдік капиталдың мүддесіне сәйкес
келеді, өйткені оның салымдарының басым бөлігі отын-энергетикалық кешенге
келеді. Бірақ дамудың шикізаттық бағытын біз келешегі жоқ деп санаймыз,
себебі еліміз батыс мемлкеттерінің шикізат айлағына айналуы мүмкін. Табиғи
ресурстарды экспортқа шығару және тұтыну тауарларының импорты мұнайды
экспортаушылардың одан әрі баюына алып келеді.
Қазақстанның экономикалық өсудің озық моделін ұстанған мемлекеттерден
айырмашылығы – біздің елімізде дамушы елдердің экономикалық көтерілуі
кезеңінде олардың қарамағында болмаған факторлар бар. Бұл – халықтың жоғары
білім деңгейі, ұлттық инновациялық жүйе, ғарышты игерудегі жетістіктер.
Осымен бір мезгілде бізде өнеркәсіптің көптеген салаларында құрал-жабдықтар
тозған және ескірген. ҚР дамыған елдерден 30-25 жылға артта қалып отыр. ЖІӨ
үшінші технологиялық тізбекпен өндірілуде, оның үлесі 40– 50 % құрайды.
Төртінші ТТ үлесі 40-45% дейін жетті. Бесінші тізбек енді ғана бой көтеріп
келеді және оның қолданылуы жөнінде айту әлі ертерек. Ерекшеліктерді
ескеретін болсақ, Қазақстан үшін өспелі даму моделі экономикалық өсудің
келелі моделі болып табылады. Оның мәні мынадай. Қазақстанның салыстырмалы
қысқа мерзімдерде әлемдегі қолда бар үлгілерді әкелу есебінен технологиялар
мен негізгі құралдарды жаңартып алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар отандық
ұлттық инновациялық жүйеге сүйене отырып, еліміз технологиялық
жетістіктерге қол жеткізіп, дүниежүзілік нарыққа жаңа технологиямен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz