Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Девианттық тәртіп әлеуметтік мәселе ретінде

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I Девианттық мінез-құлықтың қалыптасуын теориялық зерттеу
1.1 Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлықтың түрлері . . . . . . . . . .
. . . . . . .5
1.2 Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін
факторлар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
II Әлеуметтік жұмыста девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс
жүргізудің ерекшеліктері
2.1 Әлеуметтік жұмыстағы девиантты мінез-құлық мәселесі және оны шешудің
жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.2 Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықпен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстың түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
2.3 Жасөспірімдер тәрбиесін алдын-алу жолдары (профилактика). . . . . . .
. . . 19
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .30
КІРІСПЕ
Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси,
экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім,
тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып
отыр. Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік
тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған
жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу жиі кездесетін құбылыс.
Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам
үшін қатерлі қауіп тудыруы ықтимал.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық
девианттық мінез-құлық деп аталады және олардың түрлеріне қылмыс, ішімдікке
салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық
бұзылу және тағы да басқа жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Осындай
келеңсіз құбылыстарды зерттеудің қажеттілігі курстық жұмыс тақырыбының
өзектілігін аша түседі.
Сонымен, жасөспірімнің осы девианттық мінез-құлқы жасы кәмелетке
толмаған құқық бұзушы тұлғаның қалыптасуын анықтайтын негізгі шарт болып
табылады. Жастардың ауытқыған мінез-құлқының негізгі мәселелеріне арналған
құқықтық және психологиялық әдебиеттерде, девиант-жасөспірімдердің сәтсіз
отбасыларда тұруы, олардың тұрмыс жағдайы, отбасындағы шиеленіскен
қатынастар осындай мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі себептері деген
пікір анағұрлым басым.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық
әсерін Т.В.Лодкина, А.В. Захарова, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар
алғаш атап көрсеткен.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық
педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде,
Жүсіп Баласағұни, Саиф Сараи шығармаларында, Ы.Алтынсарин еңбектерінде,
Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мұраларынан да
елеулі орын алған.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда жастар мәселесі өте
өзекті проблемалардың бірі, дүниежүзіндегі қандай мемлекет болмасын жастар
саясатын мемлекеттің дамуындағы басты бағыттарының бірі ретінде
қарастырады. Себебі сол мемлекеттің болашағы кейінгі ұрпақ жастар
екендігінің айғағы. Жастар және олардың тәрбиесі жөнінде қаншама ғылыми
жұмыстар, тұжырымдамалар, әдістемелер тағы да басқа ізденіс жұмыстары
жүргізіліп жатса да күн тәртібінен түскен емес, мұның астарында еліміздегі
жалпы жастар деп атайтын топ өкілдері: сәби, жас жеткіншек, жас буын,
бозбалалардың қоғамдағы өзін алып жүру тәртібінен туындайды. Олай
дейтініміз қазіргі жастардың ой-өрісі мен өмірлік ұстанымдары өзгерген, бұл
бүгінгі жаһандану кезіндегі батыстық мәдениеттің басымдылығынан болып отыр.
Біз қозғағалы отырған мәселе жастардың девиантты мінез-құлқы болғандықтан,
жоғарыда айтып кеткен жастар ортасындағы батыстық бағыт - жастарды
тәрбиелеудегі негізгі проблемалардың бірі болмақ.
Курстық жұмысымның мақсаты – жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының
қалыптасуына жол бермеу және оларды болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Курстық жұмысымның міндеттері:
– қазіргі заман отбасында ата-ананың тәрбиелік рөлінің арту
ерекшеліктерін ашып көрсету;
– отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің
барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы
қаталдыққа дейін әртүрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;
– немқұрайдылық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз
қалуына жол бермеу;
– жасөспірімдердің қылмыс жасауына жол бермеу;
– девианттық мінез-құлықтың моралдық этикалық факторы қоғамның
моралдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуін бодырмау;
– девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайды қарауын
болдырмау.
1 Девианттық мінез-құлықтың қалыптасуын теориялық зерттеу
1.2 Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлықтың түрлері
Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі
заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса
қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте оңай
шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса,
қоғам үшін өте қауіпті болуы ықтимал.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық
девианттық мінез-құлық деп аталатыны белгілі.
Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлеріне [1]:
• қылмысты;
• ішімдікке салынуды;
• нашақорлық;
• жезөкшелік;
• құмар ойындарына қызығушылық;
• психопатиялық бұзылу;
• өзін-өзі өлтіруді жатқызамыз.
Жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы әлеуметтік жүріс-тұрыс
нормаларына қайшы келетін әртүрлі әрекеттердің салдары. Оған
жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе
біреудің затын тонау немесе қасақана бүлдіруі жатады.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық
жасөспірімдерге өте тән. Оның объективтік себебі, жасөспірімдерде құқықтық
әлеуметтану процесі (нормаларды меңгеру) және девиантты мінез-құлық
(нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Сөйтіп, девианттық мінез-құлыққа
психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы
қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін
жатқызамыз.
Жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді.

Осының барлығы көп жағдайда жасөспірімнің санасы мен психологиясына
әсер ететін көптеген факторлардан тұрады. Ондай факторларға дара, жеке,
әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік факторлар жатады.
Сонымен, жасөспірімнің осы девианттық мінез-құлқы жасы кәмелетке
толмаған құқық бұзушы тұлғаның қалыптасуын анықтайтын негізгі шарт болып
табылады. Жасөспірімдердің ауытқыған мінез-құлқының негізгі мәселелеріне
арналған құқықтық және психологиялық әдебиеттерде, девианттық
жасөспірімдердің сәтсіз отбасыларда тұруы, олардың тұрмыс жағдайы,
отбасындағы шиеленіскен қатынастар осындай мінез-құлықтың қалыптасуының
негізгі себептері деген пікір анағұрлым басым.
Осындай отбасында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп
бағдарламасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және
мұғалімдермен қарым-қатынастарының нашарлауы, сабақты жиі жіберуі және т.б.
осындай қасиеттер жатады. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар
қоршаған тұрақты отбасының баласы өз ортасының қабылдаған нормаларынан бас
тартып, нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Адамдар
девианттық мінез-құлықты көбіне қылмыскерлермен байланыста болған жағдайда
меңгереді. Егерде жасөспірімнің достары және туыстары қылмыстық іспен
айналысса, ол да нағыз қылмыскерге айналуы мүмкін.
Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер уақытын үйлердің жертөлелерінде
өткізеді. Үй асты өмірі олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге әр
түрлі өздері сияқты жастар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің Үй асты
моралдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай
жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке
субмәдениеттік нормаларға сай өмір сүреді.
Жасөспірім тұлғасының дамуының криминалды нұсқасы тек сәтсіз отбасының
жағдайларына ғана байланысты емес. Ол кең түрде әлеуметтік және жалпы
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге де байланысты. Дегенмен,
статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44%-ы
сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың санының көбеюі отбасы
құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты
болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар
қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Сол себепті, өзі
ияқты балаларды іздей бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішкілікке
салыну немесе ата-анасының біреуінің бейморалдық мінез-құлқына байланысты
болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының
жақсаруына ықпал етуі мүмкін.
Біз қарастырып жатқан мәселеде, профессор А.Е.Личконың пікірі анағұрлым
құнды болып табылады. Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып, жиі
кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:
- отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің
барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы
қаталдыққа дейін әртүрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;
- немқұрайдылылық (гипооека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың
сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды
байқаймыз, яғни объективтік және субъективтік факторлар. Объективті
себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын
әртүрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады.
Сөйтіп, объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-
құлқының қалыптасуына әсер етеді. Мына төмендегі сандар жиынтығынан
девианттық іс-әрекеттердің бір қырының динамикасын көруге болады [2]:
- бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру (назар
аудару) және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;
- отбасында золушканың болуы – бұл ата-аналардың өзіне көп көңіл бөліп,
ал балаларына аз көңіл бөлуі.
Айтылғандарды зерттей келе, мынадай пікірге тоқталамыз. Жасөсірімнің
әлеуметтік қарсы мінез-құлқы өзін қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға және
оның ішкі жеке ерекшелігіне де байланысты.
Делвианттық мінез-құлық жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанында
қызуқандылық міндетті түрде болады.
Р.Бэрон және Д.Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп
көрсетеді: Олар: әлеуметтік, сыртқы, жеке, биологиялық.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында
қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқанылықтың дамуына алып келетін
мына жағдайлар:
- жиі болатын ата-ананың арасындағы ұрыс-жанжалдар;
- ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
- балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
- жасөспірімдердің пікірін елемеу;
- ата-аналармен жылы шырайлы байланыстардың болмауы;
- балалардың ар-намысына тию;
- тәрбие беру жүйесінің сапасыздығы.
Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске
асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға, үлкендер
жағынан қатал қарауға ұшырағандар.
Бүгінгі күнде көптеген отбасы өзінің рухани моралдық қуатынан айрылған.
Оған ықпал етуші жағдайларға қазіргі жасөспірімдер арасындағы рухани
жүдеулікті, нашақорлықты, маскүнемдікті, қазақ қоғамында кездесе бермейтін
қыздардың жезөкшелігін жатқызуға болады.
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынадай
тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік
нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және
қоршаған ортасына байланысты болады.
Сот, медицина, педагогика, психиатрия тәжірибесінде ішкіштің
қылмыскерге айналуы, ал ұсақ құқық бұзушының ауыр қылмыс жасауы,
қылмыскердің нашақорға айналуы т.б. жиі кездеседі. Нашақорлардың 70%-ы 30
дейінгі жастар, ал 60%-ы 19 жасқа дейінгі нашаның дәмін алғандар. Сондықтан
нашақорлық мәселесі бүгінгі күндегі жастар мәселесімен тығыз байланысты
болып отыр.
Девианттық мінез-құлықтың бір түрі – суицид, яғни бұл өзін-өзіне қол
жұмсау. Ауытқудың бұл түрі 55 жастан кейін және 20 жасқа дейін кездеседі,
ал қазіргі таңда 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан
Қазақстанда басқа ТМД елдерінен қалыспай отыр.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының бірнеше себептері бар. Олар
төмендегі сызба түрінде берілген.

1.2 Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін
факторлар
Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік
жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық ызығушылықтарды үнемі
жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер
жасауы.
Демек, жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни девианттық) мінез-құлық
нышандарын арылту арқылы, олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып
келе жатқан рухани жаңа құндылықтық бағдарларды, соның ішінде, әсіресе, ең
алдымен, ұлтжандылықты, азаматтықты, жоғары моралдық және адамгершілік
қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен
сыйластықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын
мүлтіксіз орындаушылықты қалптастыру, орта мектептердегі тәрбие
процестерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.
Себебі, қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып
отырған әлеуметтік дағдарыс (күнкөріс көзінен айрылып, жұмыссыз жүрген
сөйтіп, кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік), жастар бойында (оның ішінде
ектеп оқушылары да бар) моралдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып,
оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.
Жастар арасында бұрын-соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар
ойындарымен әуестенушілік, нашақорлық ұрлық жасаушылық, ішімдікке
салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. Мысалы, ішкі істер министрлігіне
жергілікті бөлімшелері тарапынан жинақталып, сұрыпталған мәліметтерді
екшелеп қарасақ, кәмелетке толмағандар тарапынан соңғы жылдары жасалған
қылмыс пен заң бұзушылықтың өте жоғары деңгейге әртүрлі сипатта екендігін
байқауға болады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-
әрекеттерін, ақпарат құралдардан (теледидар, түрлі-түсті бейресми журналдар
және т.б.) көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді. Міне,
сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп тұратын
қылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне
қатігездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолог Э.Дюркгеймнің сөзімен
айтқанда, тобырлық тұрпайылыққа айналдыруда. Кешегі күні, Кеңестік
дәуірде жалпы одақ немесе республика, немесе аймақ пен облыс, немесе ауыл
мен аудан шеңберінде болған кез келген қылмыстық әрекет баспасөзде
жарияланып, терең мәнді тәрбиелік маңызы бар ашу ызалы пікірталасын
туғызады. Осындай өткір қоғамдық пікірден қаймыққан құқық қорғау органдары
қызметкерлері ол қылмысты тез ашуға ұмтылып жан-жақты іздестіру жұмыстары
жандандырып жіберетін.
Ал, бұл күндері қаншама ауыр қылмыстар жасалып, ол қоғамдық пікірді
дүрліктіргенімен баспасөз бетінде қоғамдық, жалпы халықтық деңгейде
талқыланбайды. Өткен ғасырдың 80 жылдары қандай-да бір бір қылмыс түріне
қатыстылығы болмаса, қоғамдық әсіресе, айқай-шулы әрекеттермен түнгі
тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі-жиі дүрліктіретін хиппилер,
панктар, металлистер, жылтырбастылар, мотоциклистер сияқты бейресми
топтардың жөн-жосықсыз қылықтары баспасөз беттерінде әртүрлі
пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді
қалыптастырып жатады. Яғни, жұмыссыз қылықтарға үйір жасөспірімдердің
тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті қатты
ойландыратын. Көп болып олардың жаман жолға түсіп кетпеулеріне ат
салысатын.
Бұзақылық жасап жауапқа тартылған көптеген жастардың күнделікті өмірде
мағыналы нақтылы бағыттары жоқ. Олардың ішінде өздері күнде
бейнефильмдерден көріп жүрген батыстың сұлу өміріне еліктеушілер көп-ақ.
Сондықтан да болар олардың өмірге деген құштарлықтарын залалды әдет
арқылы қалыптасуда. Әрі көше сомдаған сәнді өмірден қалмауға тырысып
бағуда.
2 Әлеуметтік жұмыста девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс
жүргізудің ерекшеліктері
2.1 Әлеуметтік жұмыстағы девиантты мінез-құлық мәселесі және оны
шешудің жолдары
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы девианттық ауытқушылықтар әсерінен
болатын қылмыстық әрекеттерімен жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталатын
болсақ, жоғарыда айтылған тәртіп сақтау басқармасымен бірлестікте, ізденуші
Е.Н. Нұсқабаев, оқушы жастар тарапынан жасалып жатқан қылмыстық
әрекеттердің ішкі түрткілік механизмін анықтау мақсатында арнайы
сауалнамалық зерттеу жүргізді. Сауалнама сұрақтары жасөспірімдер көп
жүретін дискотека, клубтар, кафе-барларда таратылды. Сауалнамаға 345
респонденттен жауап алынды. Олардың 38% қыздар, 62% ер балалар. Олардың
31% мектеп оқушылары, 25% мектепті бітіргендер, бірақ не оқымайды, не жқмыс
істемейді; 10% колледж оқушылары; қалған 28%. Жоғары оқу орындарының
студенттері, жұмыссыздар, әр жерде уақытша жұмыс істейтін жастар,
оралмандар. Сауалнаманың адамгершілік, құқықтық мінез-құлық мәселелері
туралы сұрақтарына берілген жауаптарда қарама қайшы пікірлер көп.
Сауалнамаға жауап қайтарғандардың ақшаның қайдан келетініне мән бермей,
әйтеуір болса болды дегендері 44% құрады, екінші орынды адамгершілікті өз
пікірлеріне азда болса арқау еткендер, яғни өзіне ыңғайсыз жағдайды екінші
адамға жасама - дегендер – 41% құраса, үшінші орындағы әркім өз қалауынша
өмір сүруге тиіс - деген жауапты мансұқ тұтқандар 39% дауыс жинақтады.
Біздің заманымызда күшін болмаса, ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес деп
есептейтін қол күші мықтылар төртінші орынды қанағат тұтты, қыздар
еркектердің қажеттілігі үшін ғана қажет деген жауап қайтарғандар, бесінші
орынды қанағаттанса, ішімдік ішу өмірдің ең қызығы деп санайтындар алтыншы
орында қалды. Тұтас алғанда барлық сұралғандардың 17% заңды білу және
құрметтеу өз құқығынды қорғау үшін қажет деген пікір ұстанып, заң
талаптарына құрметтеушілік білдірді. 31%заң талаптарына қызықпаймыз десе,
ал 47% тәртіптілік пен заң талаптарын орындауға асықпаймыз деген пікірлер
айтты. Жасөспірімдердің арасында қылмыстық кодекс пен істеген залалды
істері үшін жауапкершілік берулері керектігін түсінетіндері де шамалы
болды. Олардың 44% қылмыстық кодекс баптарынан аз-маз хабардармыз десе,
38% ешнәрсе білмейміз деген жауаптар қайтарды.
Тұтас алғанда сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 39% кез-келген
қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21% ондай қылықтардан
бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35% қылмыстық әрекеттерге бармауға
тырысады. Апиын, есірткі немесе басқа да организмге залалды заттар
қолдандың ба? - деген сұраққа жауап бергендердің 35% жоқ деп жауап
берсе, қалғандары сұралғандардың 60% мойындады.
Сауалнама сұрақтарына жауаптардан байқап отырғандығымыздай көбінесе
ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір
табан болса да жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан келесі бір
маңызды фактор – олардың өзі құрбы – құрдастары арасында зорлық-зомбылық
жасауға әзір тұратындықтары [3].
Сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 33%-ның пікірлеріне қарағанда
қазіргі кезде күш көрсетпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін болса,
сұралғандардың 14% адамгершілік жасау әлсіздік белгісі деп санайды. Мысалы,
сұралғандардың ішінен Топтың көсемі болу үшін қандай ерекшелік қажет?
деген сұраққа 42% жақсы төбелесе білу керек десе; 53% өз артықшылығымен, ал
20% басқалай жауаптар қайтарған. Өз намысына тигендерге күшпен жауап
қайтаруға сұралғандардың 45% дайын тұрса, 2% байқамаған сыңай таныту керек
дейді, 16% басқаша әрекет жасайды, бірақ айтқанды түсінбесе, күш қолдануға
мәжбүр боламын деген жауаптар берген.
Жасаған қылмыстарына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің
жас ерекшеліктері төмендегідей болып келеді: 14 жастағылар – 11%,
жастағылар – 7%, 16-17 аралығындағылары – 42%,14 жасар балалар қылмысты
істерді топтасып жасайды. Жалпы 2-3 балалардан құралған топтар қалаларда -
33% құраса, 4 баладан қралған топтар -12%, басқа топтар 6 немесе одан да
көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушылардың ең төменгі
жасы 14-15 жас аралығын құрап отыр. Топтасып жасалған қылмыстардың басым
көпшілігін ер балалаор құраса, қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық
қылықтар жалпы қылмыстың 5% құрайды.
Алынған мәліметтер жасөспірімдер арасында кеңінен тараған қылмыстық
істердің, жасалған ұрлықтың, зорлық-зомбылықтың, бұзақылықтың күш
көрсетулердің, жезөзекшіліктің, т.с.с. пайда болуы мен дамуы себептерін
анықтауға мүмкіндік береді.
2.2 Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықпен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстың түрлері
Мектеп жасындағы оқушылар біздің қоғамның әлеуметтік тобының бір
бөлігін құрайды. Қазақстанның 8069 мектебінде білім алып жатқан 3 млн 200
мың балалардың денсаулық мүмкіндіктері төменгі деңгейде.
Соңғы 5 жылда оқушылардың аурушаңдығы 22% өсті. Соның ішінде:
• анемия 2,5 есеге;
• тыныс алу мүшелерінің аурулары 1,5 есеге;
• эндокринді аурулар мен тамақтанудың бұзылуы 1,4 есеге;
• жарақаттар мен улану 1,2 есеге;
• жүйке жүйесінің аурулары 1,5 есеге артты.
Қазақстан Республикасы Елбасы 2002 жылды Денсаулық жылы етіп
жариялаған соң Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде білім алып
жатқан 12-18 жас аралығындағы 1 млн 700 мың оқушы диспансеризацияланды,
оның 44,6% әр түрлі патологияға шалдыққан балалар екені анықталды. Ең көп
тараған ауру ол асқорыту жүйелері аурулары, бұл сырқатпен әрбір алтыншы
оқушы ауырады. Онан кейінгі орында тыныс алу мүшелерінің, жүйке жүйесінің,
қимыл тірек аппараттарының аурулары тұр.
Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық және мінез-құлықтың
өзгеруі аурулар көбейтуде. Қазіргі таңда психикалық аурумен ауыратындардың
әрбір төртіншісі – бала. Ересек адамдарға қарағанда жасөспірімдер арасында
бұл патологияның өсу қарқыны екі есе артық.
Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық
орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың ауруларымен
ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде:
- ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455.
Әрбір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр
деңгейлі патологияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда – 22%, ал 14-
18 жас аралығындағы жасөспірімдер – 32,7% болған.
Жасөспірімдер арасында маскүнемдік соңғы – 4 жылда 2,5 есеге өскен. Тек
2002 жылдың ішінде психиатрге 5 мыңнан астам жасөспірім есепке алынды. 14
жасқа дейінгі балаларда маскүнемдік соңғы 4 жылда 21есеге өскен. 2002 жылы
спирттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс-әрекетке
бұзылыстар психиатр дәрігерлерге 610 бала тіркелген.
Есірткіге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімдерде анықталып, 14-ке
дейінгі балаларда 385-ке жеткен.
Егер де осындай өсім сақталатын болса, 2007 жылы психиатрға алғаш
көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы
бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. Бұл дегеніміз, әрбір 5
оқушының 2-нің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз. Өкінішке орай,
девиантты іс-әрекетке ие болушы балалар жайлы бізде мәліметтер жоқ. Бұл
әрине, ауру емес, бірақта ол біздің қоғамдағы іс-әрекеттік қабылдаған
нормаға сәйкес емес. Өсіп келе жатқан балаға көптеген жан-жақты факторлар
әсер етеді, солардың әсер етуіне қарай бала жеке тұлға ретінде қалыптасады,
сонымен қатар, оның психикалық жәбірленуінен физикалық денсаулығы нығаяды
немесе нашарлайды.
Девиантты іс-әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс
әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбылырының, мұғалімдер мен
ата-аналардың жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады.
Олар жиі агрессиялар мен теріс әрекеттерге бейімделген. Әсіресе, көп
қорқыныш туғызытын жағдай, соңғы жылдары 15-20 жасөспірімдер аралығындағы
балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруі.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақтық бюросының мәліметтері
бойынша, дүниежүзінде 14-24 жасөспірімдер аралығындағы адамдарда өзін-өзі
өлтіру соңғы 15 жылда екі есеге өскен.
Қазақстан Республикасы Агенттігінің статистикалық есебі бойыша,
Республика бойынша өзін-өзі өлтіру әрбір 100 мың халыққа 29,9 болып отыр.
2001 жылы 4462 өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10-18 жас
аралығындағы жастардың 154-і ер балалар, 57-сі қыз балалар. 10-24 жас
аралығындағы жастардың 678 өздерін өздері өлтірген, ол барлық жағдайдың
15,1% құрайды.
Қоғамда қалыптасқан іс-әрекеттік нормалардың бұзылуының салдарынан 18
жасқа дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде
Қиын балалар ұғымының мәні
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Педагогика бойынша практика
Жасөспірімдік шақтағы мінез акцентуация типтерінің көрінісінің жастық-жыныстық ерекшеліктері және динамикасы
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Пәндер