Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операциясын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 5
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 7
3. Желаев астық өнімдері комбинаты АҚ қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік
және салықтық есептіліктегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1. Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ...21
3. Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп
айырысу ... ... ... ... ..27
4. Өкілетті шығындарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .35

Кіріспе

Кәсіпорынның қызмет ету процессінде есеп беруге тиісті тұлғалармен
есеп айырысумен байланысты сұрақтар туындайды.
Сондықтан есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу кәсіпорынның
шаруашылық жұмысының ажырамас бөлігі болып есептеледі. Қаржы-шаруашылық
қызмет үдерісінде кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды, қызметтерді және
басқа да қызмет көрсетулерді қолма-қолсыз ақшаға ғана емес, сонымен қатар
қолма-қол ақшаға сатып алуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайларда жұмыскерге
ұйымның бұйрығымен есеп беруге тиісті ақша қаражаты беріледі.
Есеп беруге тиісті ақша қаражаты шаруашылық-операциялық мақсатта,
алдағы іссапар шығындарына, шаруашылық шығындарын төлеуге, өкілетті
мақсатта, жеке тұлғадан немесе басқа ұйымдардан өнімді сатып алуға
беріледі.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен
есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету
жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:
▪ есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық
реттелуін көрсету;
▪ есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
▪ тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды
қарастыру;
▪ іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
▪ материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
▪ өкілетті шығындарды есептеу.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімі есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп
айырысу операцияларының теориялық негіздері болып келеді. Бұл бөлімде есеп
беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының нормативтік-құқықтық
реттелуі, осы тұлғалармен есеп айырысу операцияларының ұйымдастырылуы
қарастырылады.
Екінші бөлімі есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу
операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі. Бұл
бөлім тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп
айырысу, іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операциялары,
материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу, өкілетті шығындарды
есептеу деген сұрақтарды қамтиды.
Жалпы, есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операциялары үшін
біріңғай талабы ретінде кәсіпорынның есеп саясатында қарастырылған және
бекітілген бақылау процедуралар мен құжаттар тізімі болады.
Жұмыстың объектісі ретінде Желаев астық өнімдері комбинаты АҚ
таңдалды. Бұл акционерлік қоғам негізінде қызметкерлерді іссапарға жіберу
қағидалары көрсетіледі.

1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық
негіздері

1.1 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-
құқықтық реттелуі

Әрбір кәсіпорын, ұйым өзінің есеп саясатын құру барысында нормативтік-
құқықтық құжаттарды негізге алуы тиіс.
Мысалы, “Желаев астық өнімдері комбинаты ” АҚ қызметінің шарттарына
сәйкес есеп саясатының құқықтық негізін ҚР заңи және нормативтік актілері
негізінде өңделген нұсқаулар және басқа да ұйымдық-басқарушылық құжаттар
құрайды. Осы құжаттар негізінде қаржылық - шаруашылық операциялардың
бухгалтерлік және салықтық есебі шығарылады.
Жалпы есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды дұрыс есептеу
үшін, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша есеп саясатын құру үшін белгілі
бір нормативтік құжаттарға негізделу қажет.
Кесте 1 – Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды реттейтін
нормативтік-құқықтық актілердің тізімі
№ Нормативтік-құқықтық актілердің атауы
1 “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер
туралы ” ҚР Кодексі 12.06.2001ж. (26.03.2007ж.)
2 28.02.2007 жылғы Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы” №234 Заңы
3 22.09.2000 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Мемлекеттік
бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы территориясында
мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары
туралы ережелерді бекіту туралы” №1428 Қаулысы
4 24.12.2001 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Салық
салынатын табысты анықтау кезінде ұсталымдарға тиісті болатын
Қазақстан Республикасынан тыс жерде іссапарда болған уақыты үшін
төленетін тәуліктік және өкілетті шығындардың нормаларын бекіту
туралы ” №1677 Қаулысы
5 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
6 ХБЕС 21
7 ҚР “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заң, 10.12.1999 ж.
№493-I (түзетулер мен қосымшалармен)

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы бухгалтерлік есепті
реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық акт болып табылады. Бұл заң
бойынша ҚР Ұлттық Банкімен тіркелмеген қағазды және электронды түрдегі
бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер және ұйымдардың өз еркімен құрастыруға
құқығы бар және олар келесідей міндетті реквизиттерді қамту керек: құжат
атауы, жасалған күні, құжат өз атынан жасалған ұйым атауы немесе дара
кәсіпкердің тегі және аты-жөні, операцияның немесе оқиғаның мазмұны,
операцияның немесе оқиғаның өлшемінің бірліктері (сандық және құндық
көрінісінде), операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс
рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы,
салық төлеушінің тіркеу нөмірі [1].
“Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы ”
ҚР Кодексі 12.06.2001ж. (26.03.2007ж.) салық және бюджетке басқа да
міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі
жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші
арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді
[2].
22.09.2000 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Мемлекеттік бюджет
қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы территориясында мемлекеттік мекеме
қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті
депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы ережелерді бекіту туралы”
№1428 Қаулысы. Бұл құжаттағы ережелер мемлекеттік мекемелер үшін регламент
етілгеніне және басқа субъектілерге арнап сілтеме жасалмағанына қарамастан,
осы ережелердің көптеген шарттары басқа субъектілермен де қолданылуы
мүмкін. Сонымен бірге бұл шарттарды кәсіпорын есеп саясатында қарастыру
лайықтырақ [3].
ХБЕС 21 бойынша “Валюта бағамының өзгерісінің әсер етуі” шетел
валютасымен жүргізілетін операциялар мен оқиғалар, операция жасаған күнінің
валюта бағамының өлшемімен есеп [6]

1.2 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операциясын
ұйымдастыру

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу кәсіпорынның шаруашылық
жұмысының ажырамас бөлігі болып есептеледі. Қаржы-шаруашылық қызмет
үдерісінде кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды, қызметтерді және басқа
да қызмет көрсетулерді қолма-қолсыз ақшаға ғана емес, сонымен қатар қолма-
қол ақшаға сатып алуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайларда жұмыскерге
ұйымның бұйрығымен есеп беруге тиісті ақша қаражаты беріледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуда бухгалтерлік есепте
шаруашылық операциялар көрінісінің анықтылығына көп мән беріледі.
Бухгалтерлік есепте операцияларды дұрыс құжаттамаусыз салықтық есепте
шығыстарды шегерім ретінде тану мүмкін емес.
Бухгалтерлік есепте есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды анық
көрсету мақсатында негізгі талап міндетті бақылау рәсімдері мен құжаттары
бар есеп саясатын бекіту болып табылады.
Есеп беруге тиісті тұлғалардың тізімін және олармен есеп айырысу
ережелерін, бухгалтерлік есеп тәртіптерін анықтайтын, есеп саясатына
енгізуге болады. Тек осы тізімге енгізілген тұлғалар ғана есеп беруге
тиісті ақша қаражатын ала алады. Ол тізім кәсіпорын басшысының бұйрығымен
бекітіледі.
Кәсіпорын өз қызметі барысында тек қолма-қолсыз есеп айырысуды ғана
жүргізбейді. Кей жағдайларда есеп айырысуды қолма-қол ақша негізінде
жүргізу ыңғайлы. Мысалы: кеңсе тауарлары, шаруашылық мүлік, жанармай және
тағы басқа. Қолма-қол есеп нәтижесінде есеп беруге тиісті тұлға сатып алған
заттар үшін аванстық есепті дайындап, бухгалтерияға тапсырады. Егер сатып
алу барысында ақша түгелімен жұмсалмаса, онда жұмыскер қалдықты кассаға
қайтару тиіс. Ал егер де жұмыскер берілген ақшаға өз ақшасын қосса, онда ол
ақшаны ұйым жұмыскерге қайтару тиіс.
Тауар үшін нақты ақшамен төлем жүргізетін барлық тұлғалар кәсіпорында
бекітілген ережелермен таныстырылуы тиіс. Сол себептен бұйрықта есеп беруге
тиісті тұлғалардың тізімін ғана жазып қоймай, сонымен қатар әр қайсысы
қандай соманы ала алады, аванстық есептілікті бухгалтерияға қандай мерзімге
және қашан тапсыруы керек екенін көрсету қажет.
Біріншіден, қызметкер кәсіпорын кассасынан ақшаны тек белгілі
мақсаттарға ала алады. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне ақша қаражатын (тәулік
ақысы, баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығындар, тұрғын үй
жалдауға) іссапарға жіберген кезде береді. Бірақ қызметкер ақшаны алмас
бұрын кәсіпорын басшысы іссапар туралы бұйрық шығару қажет. Онда
қызметкердің тегі, қызметі, жіберу жері мен мақсаты, және де қанша іссапар
сомасы берілу керек екені көрсетіледі.
Екіншіден, есеп беруге тиісті құралдарды басқа кәсіпорындармен және
ұйымдармен өз кәсіпорын атынан нақты ақшамен есеп айырысатын қызметкерлер
алады. Бұл жағдайда кәсіпорын басшысының атына керек соманы беру өтінішімен
арыз жазылады. Онда кімге және қандай мақсатта ақша берілетіні көрсетіледі.
Мысалы: жүргізуші АЗС-тен жанар-жағар май, хатшы маркаларды, конверттерді,
бухгалтер – арнайы дүкендерден құжат бланкілерін сатып алады.
Егер қызметкер есеп беруге тиісті ақша бойынша мерзімде есептеспесе
де, жеке тұлғалардың табыс салығын ұстауы керек емес.

1.3 Желаев астық өнімдері комбинаты АҚ қысқаша сипаттамасы

Желаев астық өнімдері комбинаты АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы
жиналысында Мәжіліс хат № 2 20 қазан 2004 жылы бекітілді. Акционерлік қоғам
Желаев астық өнімдері комбинаты 20 қазан 2004 жылы куәлік №122-1946 -
АҚИУ Шығыс - Қазақстандық облыс әділетінің басқарумен тіркелген, ОКПО коды
00960652.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің жеке
теңгерімі, банкілік есеп-айырысу шоттары бар, өзінің атын мүліктік және
жеке мүлiктiк емес құқықтарды алу және іске асыру, міндеттеме жүктеу, сотта
талапкер және жауапкер болуға хұқығы бар заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшiн жеке мөрі,
бланкiлерi және басқа да реквизиттері бар.
Қоғам өзінің шаруашылық қызметін жүргізу барысында Қазақстан
Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына,
сондай-ақ осы Жарғыға сүйенеді.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ережеге сай
заңды тұлғалардың жарғылық қорларына қатысуға хұқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде бекітілген ережеге
сай қоғам өзі орналасқан жерден тыс аймақта заңды тұлға болып табылмайтын,
қоғамның атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын филиалдары мен
өкілдіктерін ашуға хұқығы бар.
Қоғам өзінің қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және
комбинат территориясындағы заңды тұлғалардың мүлкінің тұтастығын қамтамасыз
ету мақсатында күзет қызметін жүзеге асырады.
Негiзгi қызмет түрлерi болып:
• астықты қабылдау, тазалау, кептіру, сақтау, сатып алу және оны ұқсату,
дайын және қосалқы өнімді сату;
• астықтың және оны ұқсатудан алынған өнімдердің, дәнді бұршақ және
майлы дақылдардың сапасын сертификациялық байқаудан өткізу, барлық
сауда мәмілелері бойынша, соның ішінде тауар биржаларында, Қазақстан
Республикасының ішкі нарығында және экспорт-импорт операциялары
бойынша кедендік рәсімдеу үшін сәйкес қорытынды, байқау протоколын
және сапа сертификатын беру;
• сыртқы экономикалық қызметтер.
Қоғам құрылтайшыларымен төленетін жарғылық қордың көлемі 97 206 000
теңгені құрайды.
Қоғамның жарғылық қорын ұлғайту акционерлердің жалпы жиналысының
шешiмi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасында бекітілген ережеге сай акцияларды шығару және орналастыру
негізінде жүзеге асырылады.
Таза табыс (бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер төлегеннен
кейінгі) қоғамның иелігінде қалады және акционерлердің жалпы жиналысының
шешiмi бойынша белгіленген тәртіпке сай бөлінеді, соның iшiнде
дивидендтерді төлеуге. Қалған бөлiгi акционерлердің жалпы жиналысының
шешiмi бойынша қоғамның дамуына және басқа мақсаттарға жұмсалады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жыл қорытындысына сәйкес жай акциялар
бойынша дивидендтер төлеудің мақсатқа сай еместiгi туралы шешім қабылдауға
құқылы.
Қоғам органдары
• жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы;
• басқару органы - директорлар кеңесі;
• атқарушы орган – директор, атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге
асырады;
• қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган –
iшкi бақылау қызметі (егер акционерлердің жалпы жиналысында оны құру
туралы шешім қабылданса).
Егер қоғамның барлық дауыс беруге құқылы акциялары бір акционерге
тиесілі болса, бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы өткiзiлмейдi. Заң
және осы жарғы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының құзырына
жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдердi жоғарыда аталған акционер өзі
қабылдайды және ол жазбаша түрде рәсімделеді, егер бұл шешімдер артықшылығы
бар акциялармен куәландырылған хұқықтарды шектемеген жағдайда.
Акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның коммерциялық құпиясы болып
табылмайтын мәселелерді талқылау барысында қоғам акционерлері болып
табылмайтын тұлғалардың қатысуына және сөйлеуіне мүмкіндік бар. Аталған
тұлғалар акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртiбiнде қаралатын
мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға хұқығы жоқ.
Заңмен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзырына
жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғам қызметіне жалпы басшылық ету
директорлар кеңесімен жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесін өткізу форумы директорлар кеңес мүшелерiнiң жалпы
санының 50 және оданда жоғары пайызын құрауы тиіс.
Директор акционерлердің жалпы жиналысымен сайланады.
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi
аудит қызметі ұйымдастырылған.
Iшкi аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оған
өзiнiң қызметі жөнінде есеп береді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Желаев астық өнімдері комбинаты акционерлік қоғамының 31.12.2006
жылғы балансы (қосымша Ә алынды) көрсетілген.
Желаев астық өнімдері комбинаты акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын
және табыстылық деңгейін Дуйсенбаев К.Ш пікірінше қолданылатын көрсеткіштер
негізінде талдау кесте-2 көрсетілген [8, 60-72б.].

Кесте-2

2006 жылдың басы мен соңындағы Желаев астық өнімдері комбинаты
акционерлік қоғамындағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
№ КөрсеткіштерЖыл басында Жыл аяғында Жыл бойындағы Құрылы
өзгеріс мның
өзгеру
і
(4-2)
Сомасы,мың тг. Үлесі % Сомасы,
мың тг.
Сомасы, Үлесі, % Сомасы, Үлесі, %
мың тг. мың тг
1 Ағымдағы
активтер: 842547 100 3913457 100 +364,5
a) ақша
қаражаттары
б)қысқа мерзімді30059 3,6 74502 1,9 +147,8
дебиторлық
берешек
в)қорлар
г)ағымдағы 222733 26,4 3073904 78,5 +128,0
салықтық
активтер 514742 61,9 665766 17,0 +29,3
д)өзге қысқа
мерзімді
активтер

73355 8,7 92184 2,4 +25,7


1658 0,2 7101 0,2 +328,3

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды
динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей
қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.
Желаев астық өнімдері комбинаты акционерлік қоғамындағы есепті жылы
ақша қаражаттары да 147,8 %-ға өсті және ол жыл аяғында 74502 мың теңгені
құрады. Олардың үлесі 1,7 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса
жоғары. Біздің кәсіпорынымызда ақша қаражаттары жыл аяғында 74502 мың
теңгені құрады. Бұл жыл басындағымен салыстырғанда 2,5-ке көп.
Сонымен қатар дебиторлық борыш та 128,0 %-ға өсті. Егер оның көлемі
жыл басында 222733 теңгені құраса, жыл аяғында ол 3073904 мың теңгені
құрайды.
Дебиторлық борыштың өсуі кәсіпорынға кері әсерін тигізеді. Бұның
нәтижесінде айналыстағы ақша қаражаты азаяды.

2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі
2.1 Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп
айырысу

Есеп саясатының тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті
тұлғалармен есеп айырысу бойынша бөлімі немесе жеке ережесі келесі
аспектілерді қамтуы тиіс:
• кәсіпорын басқарушысымен бекітілген кәсіпорын мұқтаждары үшін есептелуге
тиісті ақша қаражаттарын алуға құқығы болатын белгілі бір тұлғалар тобы;
• шаруашылық мұқтаждықтары үшін берілетін ақша қаражаттар шегі. Берілген
лимиттер жұмысшылардың лауазымдық міндеттері мен кәсіпорынның
ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі;
• есептелуге тиісті берілген ақша бойынша аванстық есептіліктің тапсырылу
мерзімі және берілген ережелерді орындамаған тұлғалар үшін компаниялармен
қарастырылатын шарттар;
• жұмсалған ақшаны растайтын есеп беруге тиісті тұлғалармен берілетін
құжаттар тізімі. Құжаттар тізімімен қатар осы құжаттарда болуға тиісті
реквизиттерді көрсету қажет;
• бухгалтерлік есепте операцияларды тіркеу үшін қолданылатын бухгалтерлік
құжаттардың тізімі;
• аванстық есептерде жұмсалған шығындардың мақсатқа лайықтылығын
белгілейтін тұлғалардың тізімі;
• кассадағы ақша қаражаттарын түгендеуді және есеп беруге тиісті
тұлғалармен есеп айырысуды өткізудің мерзімі мен тәртібі.
Тауар үшін нақты ақшамен төлем жүргізетін барлық тұлғалар кәсіпорында
бекітілген ережелермен таныстырылуы тиіс. Осы барлық процедураларды
орындаған жағдайда бақылау жүйесі тиімді жұмыс істей алады.
Аванстық есептіліктің тапсырылу мерзіміне ерекше көңіл бөлу қажет.
Егер кәсіпорында есеп беруге тиісті тұлғалар ертерек берілген аванстық
есептілік бойынша есеп бермесе, есептелінуге тиісті ақша қаражаттарын
бермеу қажет деген ереже қатал сақталынып, белгіленуі тиіс. Есеп беруге
тиісті тұлғалар бұл ережемен алдын ала таныстырылған кезде және осы ережені
орындамаған жағдайда басқарушылықпен белгілі бір іс-әрекеттер бекітіледі,
кәсіпорынның алдын ала белгіленген процедуралар бойынша қызметкердің еңбек
ақысынан ұстап қалуға немесе есептелінуге тиісті ақшаны кассаға қайтартуға
құқығы болады.
Егер басқарушылық қарыз ақшаны шығынға жіберу туралы шешім қабылдаса
және де өз шешімін бұйрықпен растаса, онда шығынға жіберілген қарыз
Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай
міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 151 бабына сәйкес материалдық түрдегі
қызметкердің пайдасы болып саналады және төлеу көзінде игеріледі [2].
Жеткізушілермен өзара қарым-қатынаc кезінде түрлі қиыншылықтар
туындауы мүмкін. Олардың ішінде ең негізгісі – бухгалтерлік есепте
операцияның көрсетілуі үшін керекті құжаттардың берілмеуі.
Салық кодексінің 546 бабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында
сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік
төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу
міндетті түрде фискалдық жадысы болатын бақылау-касса машиналарын қолдану
және чегін беру арқылы жүргізіледі. Бұл ереже келесілерге қолданылмайды:
1. жеке кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа):
• өз қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі
шеңберінде бір жолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын
жеке кәсіпкерлер;
• егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден
өткен кезден бері 6 ай өтпеген болса;
• өз қызметін шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі
шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер;
2. салық төлеушілерге.
Квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта төлемдері белгілерін
немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген қорытынды негізінде уәкілетті
мемлекеттік орган бекіткен нысандар бойынша чектерге теңестірілген басқа да
қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты
ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыретті мемлекеттік орган
қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
3. адвокаттарға.
Егер тауар жабдықтаушысы бақылау-касса машиналарын қолданылатын ұйым
болса, онда олар сатып алушыларға келесідей құжаттарды беруі тиіс: фискалды
чек, шот-фактуралары, накладная (тауарға). Фискалды чекті бермеген жағдайда
әкімшілікті жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін [2].
Сатушы бақылау-касса машиналары арқылы есеп айырысуды жүргізді
міндетті болса, бірақ келісім жасаған кезде электрэнергия болмай немесе
бақылау-касса машинасы жасамаса, тауар тізімі, саны, әр бірлігінің бағасы,
әр тауардың жалпы құны белгіленген тауар чегін беруге құқығы бар [2].
Салық кодексінің 66 бабы бойынша салық салу объектілері мен салық
салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық
міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар [2].
ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңы бойынша ҚР
Ұлттық Банкімен тіркелмеген қағазды және электронды түрдегі бастапқы
құжаттарды кәсіпкерлер және ұйымдардың өз еркімен құрастыруға құқығы бар
және олар келесідей міндетті реквизиттерді қамту керек:
1) құжат атауы;
2) жасалған күні;
3) құжат өз атынан жасалған ұйым атауы немесе дара кәсіпкердің тегі
және аты-жөні;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшемінің бірліктері (сандық және құндық
көрінісінде);
6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс
рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және
қолы;
7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Оқиғаның немесе операцияның ерекшеліктерімен байланысты, ҚР
нормативті құқықты актілердің талаптарына және есеп ақпаратын өңдеу
жолдарына байланысты бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер қосылуы
мүмкін. Бастапқы құжаттар оқиғаның немесе операцияның іске асырылу кезінде
не олар аяқтала салысымен құрастырылуы тиіс [1].
Мұндай құжат ретінде барлық керекті реквизиттерді және мәліметті
қамтитын сатып алу актісін пайдалануға болады.
Салық Кодексінің 369 бабы бойынша нарықтарда тауар сату бойынша
(жалдау шарттары бойынша нарық аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда
(тұрақты үлгі бөлімдерде) өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы
Кодекстің 392-бабында айқындалған тұлғалардан басқа, осы кодекстің 373-
бабында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес
субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі [2].
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге
асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері
қолданылмайды [2].
Салық Кодексінің 368 бабы бойынша біржолғы талон - арнаулы салық
режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем кезінен ұсталатын жеке
табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
фактісін растайтын құжат [2].
Егер де сатып алу актісінде бүкіл керекті реквизиттер қамтылған болса,
осы құжат негізінде кәсіпорын бухгалтериясы келесідей бухгалтерлік жазуды
орындайды [17]:
Дт Кт
1310 3390 - бөлшектер кіріске алынды
3390 1250 – аванстық есептілік негізінде есеп беруге тиісті
тұлғаның қарызы шығынға жазылуы.
Тәжірибеде кәсіпорындардың көбісі біз ұсынған жазудың орнына шоттар
корреспонденциясын қолданады:
Дт 1310 – Кт 1250 , бұл да жасалынған операция мазмұнына сәйкес
келеді.
Бірақ та, барлық сатып алғанымыздың аналитикасы үшін, 3390 “Өзге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек” немесе 3310 “Берушілер мен мердігерлерге
берілетін қысқа мерзімді берешек” шоттарын қолдану лайықты болатын еді.
Тауарды жеке кәсіпкерде сатып алған жағдайда жеке кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің серия номерін белгілеу керек, сонымен
қатар келісім жасасқан уақытта сауда-саттық жұмысты атқаруға құқық беретін,
құжаттың іс-әрекет уақытын және түрін дәлелдейтін, құжаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің маңызы
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу нышандары
Ақша қаражатын пайдалануын талдау
Танысу тәжірибиесі
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Пәндер