Жаздық бидайдың агротехникасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бидай егіншілігі және алғашқы астық қорлары жайлы 5
мәліметтер ... ... ..
1.1 Қазақстанда бидай егіншілігінің 6
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
2 Бидайдың жалпы 8
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.1 Жаздық бидай астық дақылының биологиялық ерекшеліктері (ауа
райы) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.2 Бидайдың түрлері мен түр 11
тармақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Күшті 12
бидай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3 Жаздық бидайдың 15
агротехникасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
3.1 Топырақты 15
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Ауыспалы 16
егіс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Себу 16
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
3.4 Тұқым себу мөлшері мен 17
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3.5 Егісті 18
күту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.6 Тыңайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3.7 Егіс 19
жинау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
4 Жаздық бидайдың экономикалық 20
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды және ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
Қолданылған әдебиеттер 22
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Технологиялық 23
карта ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Бидай астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн,
нан, макорон және тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер
алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен
пайдаланады.
Астық піскен кезде дәнінің құрамына кіріп сақталады. Міне, осыдан көк
өсімдіктер нан және ет, сүт, май сияқты басқа да адамға өте керектік
заттарға айналады да, денсаулық сақтау саласында баға жетпес манызға ие
болады,ал оттегі болса,адамның және басқа жануалардың тыныс алуына
жұмсалады.
Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға
құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да,
суықтан да қорықпайды. Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап
кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүние жүзінің
көптеген елдеріне егін шаруашылығын дамытуға,сапалы астықты мол өндіруге
үлкен мән беріледі.
Құрғақшылық Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында
әр бес жылдың ішінде екі немесе үш жылда байқалып отырады. Сондықтан мұнда
құрғақшылықты стихиялы апат деп қарамау керек, ол бұл аймақтағы қалыпты
табиғи жағдай. Оны игеру егіншілердің міндеті болып саналады.
Ол үшін барлық агротехникалық шаралар топырақтағы ылғал қорын жинауға,
сақтауға және үнемді пайдалануға бағытталуы керек.
Жаздық бидай өсіріу технологиясына байланысты өзінің өсіп –дамуына
керекті ылғалдың 50% күзгі-қысқы ылғал қорынан алады.
Жазғы жауындар топырақты терең суландырмайды, ол жауындар ылғалының
үлкен бөлігі тиімсіз. Топырақтың терең қабатында жиналған күзгі-қысқы ылғал
өсімдік тамырларымен жеңіл көтерілетіндіктен тиімді пайдаланылады.
Біздің аймақта астық дақылдарының дұрыс таңдалған себу мерзімінің
маңызы өте зор. Дұрыс таңдалмаған себу мерзімі егіншілердің барлық еңбегін
жоққа шығарады. Топырақ ылғалын буландыруға және топырақты кептіруге әкеп
соғуға душар ететін жоғары жел белсенділігі қатар жүретін сәуір, мамыр,
маусымның алғашқы екі онкүндігінде ылғал өте аз түседі де көктемгі –ерте
жазғы құрғақшылық туындауы біздің аймақтың қалыпты жағдайы болып саналады.
Бізде ылғалдың ең көп мөлшері шілденің басы мен ортасында болады. Сондықтан
егіншілердің басты міндеті топырақта қысқы, ерте жазғы түскен ылғалдарды
жинау арқылы оның ылғал қорын жазғы жауын жауғанға дейін жеткізу болып
саналады. Осыған байланысты астық дақылдарының себу мөлшерін таңдағанда
олардың өсімдіктерінің жазғы жауындарға дейін ескіріп кетпеуін, өсу
мерзімінің ылғалды көп пайдаланатын кездері жазғы жауынға жетуін қамтамасыз
ететінін ескеру керек.
Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің
қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығын өркендетуге басты көңіл
бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5
млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Қазақстанда астық өнімі 32-34 мил
тоннаға дейін жетеді. Мысалы, 1992 жылы 32 мил тоннадан астам астық
өндірілді.
Жер жүзінде адам саны көбейіп, соған байланысты тамақ өнеркәсібін
өркендету мәселесі күрделі міндет болып тұрғанда, құнарлы жерлердің көлемі
жыл сайын азайып, шөп-шабындық кеміп, мал көбінесе қолға қарайтын болғанда
егін шаруашылығын өркендету, одан жыл сайын сапалы мол өнім алуаса маңызды
міәндет болып қалып отыр.
Егін шаруашылығының көлемі жөңінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде
үшінші орында (Ресей мен Украйнадан кейін). Бірақ бидай астығының сапасы
жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде
дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Осы сапалы нан пісіру мүмкін емес
және оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады. Сондықтан
Қазақстанда жылына 15,5-17,5 мил тонна сапалы бидай өндіру жоспарлы меже
саналады.
Қазақстан республикасында бидай дақылының көптеген мол өнімді, сапасы
жақсы жаңа сұрыптары шығарылып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең
таралды.
Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор және астық
қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған
және автоматтандырылған.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология
кеңінен еңгізілуде. Ол астықты көп өндеріп, оның сапасын жақсартуға
мүмкіндік беріп отыр. Оның төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды. 1961-1965
жылдары орта есеппен жылына Қазақстан бойынша 14,5 мил тонна астық
өндіріліп, мемлекетке 7,7 мил. тоннаға жақын астық тапсырылған болса, ал
1976-1980 жылдары 27,5 мил тонна астық өндіріліп, оны 16,3 мил. га жуық
тоннасы мемлекетке тапсырылды.
Осы уақыттың ішінде егістіктің 1га алынатын өнім 6,1 центнерден 10,8
центнерге дейін өсті. Қазақстан астық өнімдері 1953 жылдан, яғни тың және
тыңайған жерлерді игеруден бастап тез өсе бастады. Қазір республикамызда
25,5 мл. га артық егіс егіледі. Осындай жетістіктерге қарамастан, астық
өнімдері тамақ өнер-кәсібін шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен
қамтамасыз етуге әліде жетіспейді.
Сондықтан республикамыздың 2000-2010 жылдарға дейінгі әлеуметтік және
экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты
бағыт деп есептеліп ,әр адам басына жылына1,5тоннадан астық өндіру міндетін
алға қойып отыр.
Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын
тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ.
1 Бидай егіншілігі және алғашқы астық қорлары жайлы мәліметтер
Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территориясында
бастапқы егіншіліктің пайда болуы және алғашқы астық қорларының жасалуы
бастауын сонау қаумдық құрылыс кезеңінен алады. Осы кезден семья құрыла
бастаған, одан кейін келе жеке меншік айырбас сияқты әрекет пайда болған.
Адам қоғамы біртіндеп дамып, бір жерге тұрақты қоныс тепкен
қауымдастықтар арасында байланыс, сауда-саттық, айырбас қызметінің
өрістеуіне орай астық басты айырбас құралының біріне айналған.
Бұл адамзатты егішілікті дамытуға, астық өндірісін кеңейтуге, астық
сапасын жақсартуға итермелейді. Осы туралы алғашқы деректер 17 ғасырдың
екінші жартысында Киев маңынан табылған, ал 19 ғасырда жазба түрінде
сақталған астық сапасы туралы деректер көп кездеседі. Ал адамзат қоғамы
бұдан әрі өркендеп, өнеркәсіп дәуірлеген, сауда-саттық кең қанат жацған
заманда астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары
да өріс ала бастаған.
Астықтың химиялық құрамын бірінші тексерген Д.И. Менделеев деп
есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, агротехникалық шаралар арқылы сапасын
қалай жоғарылатуға боландығын дәлелдеген және ұн тартуға жарамдылық
қасиеттерін тексерген.
1894 жылы Ресей жер Департаментінде өсімдіктерді іс жүзінде пайдалану
бюросы құрылып, Ресейде өсетін дәнді дақылдары жіктеу, топтау басталады, ал
1875 жылдан бастап көрнекті биолог және селекционер И.В.Мичурин жұмыс істей
бастайды.
Оның істеген істерінің пайдасы далалық егіс шаруашылығына да тиеді.
Міне осыдан кейін ғана шет елдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар
салу, астықты топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле бастаған және
1910 жылы ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып,
жіктеу принциптері қалыптасады.
1918 жылдан бастап Ресейде астықты зерттеу жаңа арнада жүргізіле
бастады.Астықты жинап-тексеру,оны сақтау, өндеу үстінде ғылымның
жетістіктерін кең түрде пайдалынады. Қазір Қазақстанда астықтын күрделі
проблемаларын Ғылым академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық
шаруашылығы институты, Қазақтын егін шаруашылығы т.б. жоғарғы оқу орындары
және ғылыми-зерттеу институттар зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сұрыптарын сынау комиссиясы өзінің
көптеген сұрып сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы биохимия
институтында және басқа да көптеген тәжірибе және селекция станцияларында
тексеріледі. 1946 жылы Женевада халқаралық астық сапасын стандарттау
орталығы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стандарттар
жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту және астық, нан өндірісінде
істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алдарына қойған.
Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтын сапасын, оны қабылдау, сақтау,
өндеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы басқарады.
1.1 Қазақстанда бидай егіншілігінің дамуы
Қазақстанды негізінен ежелден мал шаруашылығымен айналасқан көшпелі
халықтар мекен еткен. Мұны мен қатар тәрихи-әдеби деректерге қарағанда,
кейбір топырағы құнарлы сулы аудандарда аздаған егін шаруашылығының болғаны
туралы да мәліметтер бар.
М.С.Сүлейменовтың (1971) деректеріне қарағанда, Қазақстан жерінде
біздің заманымыздан бұрынғы 11 мың жылдықта Қазақстанның оңтүстік
облыстарында бидай егістігі болғаны байқалады.
Тарихи деректерге қарағанда алғашқы кезде бұл жерлерде жұмсақ бидай,
құрғақшылық аудандарда тары егілген. Бидайдың аласа бойлы қожа бидай түрі
осы қазақ жерінде пайда болып тараған. Оның себебі көшпелі халықтар бидайды
қыстауда егіп, өздері мал бағып жайлауға шығып кететін де, күзде жайлаудан
қайтып оралған соң ғана бидайды орып алатын болған. Сонда жуан сабақты, ауа
райының қолайсыздығына төзімді түрлері жығылмай қалып, көшпелі халық
соларды жинап алып кажетіне жаратқан. Сөйтіп, қожа бидай аты бидайдың бұл
түрі табиғи жағдайда қазақ жерінде қалыптасқан және осы уақытқа дейін
кейбір аудандарда егіледі. Батыс облыстарда Ресейде, Ираннан әкелген қатты
бидай көп егіліп келген.
Қазақстан жерінде жоғары сапалы бидай өсетіні баяғыдан белгілі.
Академик Д.Н.Прянишников (19650) өзінің кітабында бұлай деп жазды: Франция
бидайының 100 дәні, 4,55 грамм, Индия бидайының дәні –3,8, Америка бидайы-
3,12, орыс бидайы –2,25, ал Қоңыраттын ақ бидайы –6,12 грамм, кожа бидайы-
4,5 гр, тартады деп жазылған.
Қазір ғылым Удольская осы Қожа бидайында Қазақстан 126 аты жана
сұрып шығарды. Осы кезге дейін Ақ бидай, Шөл бидай, Сыр бидай, Қызыл бидай
сияқты т.б. да байырғы бидайдын жергілікті сұрыптар кездеседі.
Қазақ жерінде қыс қатты болып, жұт болған жылдары көп мал қырылып,
қазақтар кейінрек күн көріс қамы үшін егіншілікпен де айналыса бастаған.
Солардың ішінде Сейтқұл (1771830) деген дихан қазақтың аты тарихта қалған.
Ол қазіргі Торғай облысы, Торғай ауданда тұрған, бидай, тары, қауын,
қарбыз, пияз, асқабақ және жүзім егістерін бірінші болып еккен.
1730 жылдарда Қазақстанның Ресеймен байланысының, қарым-қатысының
кеңеуіне орай егін шаруашылығы да өркендей бастайды. Кейін келе дәнді
дақылдар егісі Әулие Ата уезінде (1900 жылдары ) әдеуір кеңейтілді.
Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда егістіктің көлемі тез ұлғая
бастады. 1928-1930 жылдары қара шаруаларды колхоздастыруға байланысты,
егістіктің көлемі өсіп –3,8 млн гектарға, ал 1953 жылы –7 млн гектарға
жетті. 1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
басталады. 1965 жылы 25,5 млн га жер игеріліп, ол жерлерде 337 үлкен
астық совхоздары құрылды да, сол жылдары үкіметке 10 млн тоннадан астық
тапсырылды.
Сөйтіп Қазақстан ірі астық өндіретін аймаққа айналады. Қазақстан
астығының 57 процентіне дейіні үкіметке тапсырылады. Республиканың
оңтүстік облыстарында күздік, ал солтүстік облыстарында жаздық бидай
егіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бидай жер жүзінде өте көп
тараған дақыл және ,қара бидайды есептемегенде, ұн мен нан сияқты кең
тараған тағамдары тек бидайдан ғана алуға болады.
Жер шарында оның көптеген түрлері бар. Оның ішінде екі түрі көп
тараған. Олар жұмсақ бидай көбінесе нан пісіруге пайдаланылады. Ол өзінің
наубайханалық қабілетіне қарай үш топқа бөленіде.
Бірінші топ – күшті бидай. Оның наубайханалық қабілеті өте жоғары,
осал бидайдың наубайханалық қабілетін қатардаға дәрежеге жеткізе алады.
Оның құрамында ақуыз (белок) және дән маңызы (клейковина) көп болады және
олардың сапасы – өте жақсы болып келеді.
Екінші топқа – қатардағы бидай жатады.
Үшінші топ-осал бидай - наубайханалық қабілеті қанағаттанарлықсыз, өзі
таза күйінде нан пісіруге жарамайды.
Күшті бидай Қазақстанның тек солтүстік облыстарында өседі. Күшті
бидай өңдірісі бойынша Қазақстан жер жүзінде елеулі орын алады. Бұл бидай
халықаралық стандарттарға сәйкес шет елге сатқанда КС-14,5 немесе КС-15,5
деген өзіндік атағымен сатылады.
КС-Қазақстан спрингі (Ағылш. жаздық деген сөз). 14,5 немесе 15,5-оның
құрамындағы ақуыздың проценті. Бұл бидай тек алтынмен есептелетін бағамен
сатылады.
Күшті бидай Қазақстаннан басқа АҚШ-та, Канада және Ресейдің Краснодар
өлкесінде өседі. Оның құны өте жоғары, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде
ерекше орын алады және оның көлімі жылдан-жылға өсуде.
2 Бидайдың жалпы сипаттамасы
Бидай – баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Ол жер
шарында кең тараған, қазір барлық жерде егіліп жүрген ауыл шаруашылық
дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Бидайдың мұндай кең тарауына, тек
соның ғана химиялық құрамында болатын, сумен қосылып клейковинаға айналатын
белоктардың болуы. Осының арқасында бидайдың ұнынан нан, макарон сияқты
тағамдар дайындауға болады. Бидай ұнынан пісірілген нан дәмді, басқа
дақылдардың ұнынан пісірілген нанға қарағанда өте сіңімді болады. Бидай
белогының құрамында адам организміне керекті барлық амин қышқылдары бар.
Сондықтан олар түгелдей ет белогына айналады. Бидайдың егістік
көлемі мен оның жалпы түсімі бойынша біздің еліміз жер жүзінде бірінші орын
алады. Оның егіс көлемі 70- 80 млн га-дан асады. Бұл басқа егіліп жүрген
ауыл шаруашылық дақылдарының көлемінің 50 процентіне жуығы.
Бидай дәнді дақылдар (Jramineal) тұқымдастығына Triticum тегіне
жатады, кейде қоңырбас (Pouceae) тұқымдас деп те атайды.
Дәнді дақылдар тұқымдастығы 500-ге жақын тектерді біріктіреді. Олар үш
кіші тұқымдастыққа бөлінеді: Бамбук (Bambusoi) тұқымдастар, қоңырбас
(Pooicleae) тұқымдастар – бидай, сұлы, қарабидай, күріш, арпа және
басқалар, тары тұқымдастар (Panicoileae) – тары, қонақ жүгері, жүгері тағы
басқалар. Бидай қоңырбас тұқымдастардың ішінде арпа трибасына жатады, кейде
бидай трибасы деп атап та жүр. (Tribus triticeae) деп халықаралық
ботаникалық номенклатура аталған. Бұл триба екі кіші текке (подродқа)
бөлінеді. Бидай бірінші кіші текке жатады.
Бидай тегіне 27 түр кіреді. Оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай
(Tritcum aestivum) екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық
бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы
оңтүстік аймақтарға ғана егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға
ғана егіледі. Ол аймақтарға Украина Молдова солтүстік Кавказ орталық
қаратопырақты аудандар ал Қазақстанда – Алматы Талдықорған Жамбыл Шымкент
және Қызылорда облыстары жатады. Кейінгі кезде солтүстік облыстар үшін
қысқа төзімді сұрыптар шығарылып тарай бастады. Күздік бидай жаздық
бидайдан гөрі өнімді көбірек береді және ерте орылып, күзде себіліп,
ауылшаруашылық қызметкерлеріне бірқатар жеңілдік жасайды.
Жаздық бидай өте көп тараған, барлық бидай егісінің 75-80 пайызын
алады. Әр аймақтың ауа райының жағдайына байланысты әртүрлі қасиеттері бар,
өзі аудандасқан облыстарда, өнімді салыстырмалы түрде көп беретін сұрыптар
шығарылған.
Күздік және жаздық бидайлар бірінен бірі өзінің өсіп-өну кезеңінің
ұзақтығы арқылы ерекшеленеді және олардың өсіп-өнуіне керекті сапалық
кезеңдері де әртүрлі. Күздік бидай өзінің яровизациялық сатысының өтуіне
төмен температура (0-(-) 20ºС) керек етеді және ол саты көп уақыт (60-90
күн) ішінде өтеді. Ал жаздық бидай болса, бұл сатысын +20ºС-ға жақын
температурада 5-10 күн ішінде өтеді. Егер күздік бидай көктемде себіле
қалса, ол дән байламайды, қысқа дейін өсіп қыстап шығады да, екінші жылы
ғана өнім береді, ал жаздық бидай күзде себіле қалса, ол қыста үсіп кетеді.
1 сурет – Жұмсақ жаздық бидай дақылының жалпы бір көрінісі
Егіс көлемі мен түсімі, дәннің сапасы жағынан жаздық бидай өзге дәнді
дақылдар арасында бірінші орын алады. Жалпы алғанда жаздық бидай еліміздің
барлық территориясында өсіріледі. Жаздық бидайды көбінесе Қазақстанның
Солтүстік облыстарында өсіреді.
Жаздық бидай жұмсақ және қатты болып екіге бөледі. Оның құрамындағы
белогы 16-18%, ал құрғақшылық жылдары 20%-тен астам болады. Әсіресе қатты
бидайдың дәнінде белок мол болады. Қатты бидайдан ұн,жарма, макорон, кеспе,
вермишель жасайды, ал жұмсақ бидайдан, негізінен ұнынан нан пісіреді.
Солтүстік Қазақстанның далалық бидайдың дәнінің сапасы өте жоғары.
Мемлекетке тапсырылатын жаздық бидайдың күшті сұрыптарының 80%-інен артығы
Қазақстанның солтүстігіндегі шаруашылықтардың үлесіне тиеді.
Қатты бидай жұмсақ бидайға қарағанда жатып қалмайды, дәні төгілмейді,
гессен шыбынымен аз жарақаттанады және тот, тозаңды қаракүйе ауруына аз
шалдығады, ал суармалы жерде суды толық пайдаланады және суармалы жерге
бейім. Қатты бидай өнім жағынан жұмсақ бидайдан қалыспайды. Көкшетау
облысының Мичуринский ауылында қатты бидай орта есеппен гектарынан 20 ц
дән, ал жұмсақ бидай 13,4 центнер дән берді. Жаздық бидайдың жұмсақ түрін
әсіресе, оның күшті сұрыптарын, сонымен қатар қатты бидайды Волга
жағасында, Оралда, Қазақстанда, Шығыс Сібірде және басқа аудандарда өндіру
біздің егіншіліктегі зор мәні бар міндет.
Қазақстан облыстарында аудандастырылып көп тараған жаздық жұмсақ
бидайдың сұрыптары: Иртышанка 10, Казахстанская 3, 4, Целинная 21, 26, 60,
Саратовская 29, 40, 42, 46, Омская 9, 19, Иртыш 91, Павлодарская 93 және
т.б.
2.1 Жаздық бидай астық дақылының биологиялық
ерекшеліктері (ауа райы)
Жаздық бидай басқа астықтарға қарағанда тамыр жүйесі аздап жетілген,
сіңіру қабелеті жоғары емес. Сондықтанда ол құнарлы топырақты керек етеді.
Оның тұқымы 1-2 ºС көктеп, топырақ бетіне өсімдік көгі 4-5 ºС шыға
бастайды. Бірақ бұл температурада көктеуі және өсуі өте баяу жүреді. Егер
тұқымының себілу тереңдігінде топырақтың температурасы 5-6 ºС болса, онда,
өсімдіктің көктеуі шамамен 20 күннен, ал 8ºС – 13 күннен, 10ºС – 9 күннен,
15 ºС болса 7 күннен кейін басталады да, ол аз уақыт ішінде болып өткен 10
ºС суықтыққа шыдайтын болса, ал өсу кезеңінде бұл дақылға 1-2 ºС суықтың
өзі өте қауіпті болады.
Жаздық бидайдың түптенуі 10...12ºС температурасында жақсы өтеді.
Себу – көктеу кезінде белсенді температурасының қосындысы 10 ... 130ºС,
ал көктеу – бас алу кезеңінде 8000...900ºС, бас алу – пісу кезеңінде
650...700ºС болу керек.
Егер пісу кезеңінде температураның төмендеуі 0ºС жетсе, ондай салқынға
шалынып аяз ұрған дәннің технологиялық және себу сапасы төмен болады.
Жоғары температураға бидай нашар төзеді де, 10 ... 18 сағатта тыныцс
саңылауы қурап қалады. Орта Азия мен Қазақстанда аудандастырылған қатты
және жұмсақ бидайдың сұрыптары жоғары температураға төзімді. Жұмсақ бидай
дәнінің көктеуі үшін құрғақ дәнінің салмағының 50-60 процентіне дейін су,
ал қатты бидайдың дәні үшін оның белогы көп болуына байланысты 5-7%, су көп
болу керек. Жаздық бидайдың даму кезеңдерінде судың бөлінуі шамамен
мынандай: көктеу кезеңінде жалпы өсіп-даму кезеңінде пайдаланатын судың 5-
7%, түптену кезеңінде 15...20, сабақтану (түтіктену) және бас алу кезеңінде
50...60, дәннің сүттенген кезінде 20...30 және балауызданып пісуі – 3-5%
болу керек.
Өсіп-даму кезеңінің қысқалығына, тамыр жүйесінің нашар сіңіру
қабілетіне байланысты жаздық бидай топырақтағы жеңіл игерілетін
(қабылданатын) қоректік заттарды керек етеді.
Бірінші өсу кезеңінің басында жұмсақ бидайдың тамыры жайыла тарайды,
ал қатты бидайдың тамыры топырақтың тереңдігіне қарай енеді. Жаздық
бидайдың сұрыпына, өсірілетін аудандарына және ауа райына байланысты өсіп-
даму кезеңі 80-нен 120 тәуліктей боладыц.
Жаздық бидай ылғалды жақсы ұнататын дақыл. Ол ылғал мен қоректік
заттарды түптену және бастату арасындағы кезінде, сондай-ақ дән салу
кезінде барынша көп керек етеді. Осы кезеңде топырақта ылғалдың және
өсімдік пайдалана аллатын қоректік заттардың болуы өнімін арттырады.
2.2 Бидайдың түрлері мен түр тармақтары
Жоғарыда көрсетілгендей жер жүзінде бидайдың 27 мәдени және жабайы
түрлері тараған. Оның ішінде Қазақстанда жұмсақ және қатты, бидай көп
тараған. Бұлардың аттары да олардың дәндерінің құрылысына сай берілген.
Жұмсақ бидай, жалаңаш дәнді, яғни әртүрлі үш жұп геномды бидай.
Полиплоидтардың бір ерекшеліктері олар табиғат жағдайларына баланысты тез
өзгеріп, салыстырмалы түрде өнімді көбірек береді. Оның мысалы ретінде,
бидайдың жаздық және күздік түрлерге бөлінуін айтуға болады. Біздің
елімізде жұмсақ бидай барлық бидай егісінің 80-90 пайызын құрайды. Мұның
ішінде суыққа, қысқа, құрғақшылыққа төзімді көптеген сұрыптары бар.
Жұмсақ бидайдың масағы екі қатар масақшалардан тұрады. Әр масақша үш
гүл, яғни үш дән салады. Құрғақшылық аудандарда бір-ақ немесе екі дән ғана
жетілуі мүмкін. Масақтары қылтықты да, қылтықсыз да болуы мүмкін. Масақтары
қылтықты да, қылтықсыз да болуы мүмкін. Қылтықты масақтардың қылтығы жан-
жағына шашырап жайылған, масақтан қысқалау келеді. Масағы борпастау болады.
Сондықтан әбден піскен кезде төгіліп кетуі мүмкін.
Әр гүлдің ішкі және сыртқы қауызы бар. Осы екеуінің ортасында дән
орналасқан. Дән піскен соң сол екеуінің ортасында бос жатады.
Қатты бидай (T. durum) жалаңаш дәнді, тетраплоидты немесе екі жұп
геномды бидай. Тек жаздық форма түрінде кездеседі. Кейінгі кезде күздік
формасына жататын сұрыпттар шығарылып, тарап келе жатыр. Қатты барлық
өндірілетін бидай өнімдерінің 10 пайызың алады. Қатты бидай жаздық бидайға
қарағанда ауа райына және жер қыртысының құнарына тәуелділеу.
Қатты бидайдың масағы тығыз, қауызы қылтықты, қылтықтары ұзын болып,
масақтан жоғары көтеріліп тұрады. Қылтығы жоқ сұрыптары кездеспейді.
Қатты бидайдың дәні қауыздың ішінде мықты орналасқан. Сондықтан орып-
бастырған кезде көбінесе қауыздың ішінде қалып қояды.
Осы екі негізгі түрлерден басқа кездесетін түрлер: қос дәнекті бидай
(полба) ( T. dicoccum) – екі дәнді, эммер – масағында екі қатар ғана дән
байланады. Дәні қауызды. Еш қандай аурумен ауырмайды, зиянды жәндіктерге
төзімді. Көбінесе мал азығына пайдаланады. Қауызынан айрып алу өте қиын.
Карамышев бидайы (T. Karamishewii), колхида полбасы, Грузия бидайы-
ылғал сүйгіш, масағы бұтақты, 350-ге дейін ұсақ қысқа дән береді. Орысша
ветвистая, қазақша бесбас бидай деп аталып, көп уақыт қарағанды облысының
Қоңырат ауданында егіліп келді. Құрғақшылық жылы масағы бұтақтай алмай,
түсімі азайып кетеді.
Бұлардан басқа Туран бидайы (T. turanicum), спелта бидай, бірдәнді
бидай (T. monococum), арарат бидайы (T. araratikum) қауызды бидайлар
кездеседі.
Жұмсақ бидайдың Қазақстанда мынадай түрлері кездеседі. Олардың орысша
да, қазақша да аттары жоқ, сондықтан тек латын тілінде береміз:
Лютесценс – қылтығы жоқ, масағы ақ, дәні қызыл түсті бидай. Жаздық
және күздік формаларда кездеседі.
1 кесте – Жұмсақ және қатты бидайдың айырмашылықтары
№ Белгілері Жұмсақ бидай Қатты бидай
1 Дәннің түсі қызыл және ақ янтарлық сары
2 Формасы ұзынша дөңгелек, дөңес ұзыншақ, көлденең
кесіндісі бұрыштама
3 Шынылығы шыны тәрізді, жартылай шыны (95 пайыз
шыны тәрізді шамасында)
4 Ұрық дөңгелек ұзыншақ
5 Сақалшасы бар жоқ
6 Ұзынының
жалпақтығына 2 : 1 3,5 : 1
қатынасы
7 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz