Психологиялық тұлға туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
  1. ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Философиядағы тұлға түсінігі . . . 5

1. 2. Психологиялық тұлға туралы түсінік . . . 7

1. 3. Педагогикадағы жеке тұлға туралы түсінік . . . 17

ІІ ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2. 1. Жеке тұлғаның дамуына тұқымқуалаушылықтың әсері . . . 22

2. 2. Жеке тұлғаның дамуына ортаның әсері . . . 27

2. 3. Жеке тұлғаның дамуына өзіндік бейімделудің әсері . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Жеке тұлғаның мінез-құлқы мен өмір салтында жүріп жатқан әлеуметтік-психологиялық өзгерістер қоғам мен мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдениеті саласындағы орасан зор қайта құруларынан туындаған. Жастардың бір бөлігі өндіріс пен өмірдің жаңа жағдайларына, жаңа көзқарастар мен идеяға бейімделіп қалды, дегенмен де олардың едәуір бөлігі қазіргі уақыттағы нарықтық қатынас жағдайларындағы өмір қызметін түсінуге сәйкес келетін жаңа бағытқа өздерінің сенімдері мен мақсатын дер кезінде қайта бағыттай алмай отыр.

Қазіргі дүниеде адамдар қиын, ал кейде кездейсоқ болатын жағдайлармен жиі кездесіп қалатын болып жүр. Ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын қызметкерлерге көп мағлұмат жинақтау мен өзінің кәсіби қызметінде терең білім иесі болу талабы қойылуда, өзге мамандар үшін дене және психикалық тұрғыдан үлкен жүктемелермен қосарлана жүретін жоғары белсенділік қажет болады.

Біздің қарастыратын мәселеміз қазіргі жағдайдағы жеке тұлғаның психологиялық тәрбие субектісі ретіндегі мәселе. Тұлға қоғамның толық мүшесі бола отырып, оның объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі болып саналады. Тұлға объект ретінде қаралып, онын бүкіл өмірі үш денгейге бөлінеді. Әр денгейдің барысында адам еріксіз өз алдына мақсат қояды, яғни өзінің субъект екенің көрсетеді. Қазіргі заманда психологияда тұлғаның маныздылығы, тұлғаға қиын кезенде.

Қурстық жұмыстың мақсаты :

тұлғаны зерттеудегі психологиялық педагогика теориялар негіздерін анықтай отырып, жеке тұлғаның психологиясын қалыптастырудағы тәрбие мазмұның, тұлға психологиялық тәрбие субъектісі ретіндегі мәселені шешу және талдау.

Қурстық жұмыстың міндеттері:

  • тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар негіздерін қарастыру;
  • психологиялық тұлғаның тарихы;
  • психологиялық тәрбие түсінігін, мазмұнын түсіндіру;
  • психологиялық тәрбие қағидалары;
  • тұлға психологиялық тәрбие субъектісі ретіндегі қарастыру.
  • Психологиядағы тұлғаның дамуына байланысты проблемалар
  • Тұлғаның даму процесіндегі іс-әрекеттер
  • Даму диагностикасы және қоршаған ортаның әсері.

Қазақстан Республикасының тұғырлы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ Президенттік басқару нысанасындағы демократиялық мемлекеттің және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.

Жеке тұлғаның психологиясының объектісі - адамның өмірлік іс-әрекеті, мінез-құлқы, психиканың жасқа байланысты өзгеруін көрсетеді.

Белгілі жағдай қиын субъективті-объективті ақиқат ретінде қарастырылуы мүмкін. Отандық және шетелдік ғылымда жағдайлардың көптеген топтастыруларда қарастырылады (Е. Бабосов: жәй, кризистік, экстремальды, катастрофалық; А. Кочарян: жәй, қыин және экстремальді; В. Латынов: нейтральді және конфликтілі; К. Левин: конфликттер, физикалық қауіпті және белгісіз; Г. Морозова: жәй және мәселелелі; А. Матюшкин: бағдарламалық, қыин және мінез-қулықтық; А. Федотов: қиын, жәй және экстремальді, және т. б. ) . Егер де бұл бағыттарды жалпыласа, жағдайлардың екі негізгі түрін белгілеуге болады: жәй (күнделікті), бұнда жекетұлғалар күнделікті жағдайда өмір сүреді; қиын (экстремальді), бұнда жеке тұлғаға мүмкіндігіне сай емес талаптар қойылады .

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Философиядағы тұлға түсінігі

Даму - адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі - адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.

Адам дамуы - бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, жеке тұлға лық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі - сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму - бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар өте көп, бірақ оның қалыптасуындағы негізгі роль психологиялық жағдайға - тәрбиеге, білімге қоршаған психологиялық ортаға, ата-анаға тиеселі т. б . Тұлғаның ролі адамның жеке тұлға лық және жасөспірімдік кездері қандай моральдық, қоғамдық құндылықтарды шеруімен байланысты. Білім адамға әр алуан ақпаратты және маңыздығы өтіп жатқан оқиғаларды талдау мен бағалау қабілетін беріп, ойлауды дамытады. Қоршаған психологиялық орта -бұл адамның мекен ету әлемі. Бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететін дүниетанымдық кәсіби адамгершілік құндылықтар .

Тұлға бас кеңістікте емес ұжымда, қоғамда әрекет ететіндіктен ол белгілі бір дәрежеде оларға тәуелдік . Мұндағы қағамның ролі тұлға және оның мүмкіндігін жүзеге асыруға қажетті алғы шарттар қалыптасуырумен қатар, осы жолда кедергілер жасаумен де көрінеді. Тұлғаның маңызды сипаттамасы - оның адамгершілік рухани мәні. Тұлға мазмұнын және бағалауының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік денгейі мен сипаттайтын тұлғалық бағдарлары көрінеді . Тұлға атрибуты-еркіндік . Тұлға проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардын адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніңдегі ой-толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып; білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінің түсініп, соны іштей де болса мойындау қажет. Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзі өиір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан ерекшеліктері мен қасиеттері есепке алынады. Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фарабі болды. Адамның табиғи-психологиялық мәні, қоғамдағы ролі мен орны жөніңдегі мәселе оның ондаған мын жылдар ішіндегі тарихи алға басуы.

1. 2. Психологиялық тұлға туралы түсінік

XIX ғасырдың ортасында К. Д. Ушинскийдің және Л. Н. Толстойдың қоғамда тұлғаны тәрбиелеу проблемалары көтерілді. Тұлғаны психологиялық тәрбиелеу мақсатында психологиялық ортаның үлкен ерекшелігін В. Т. Вахтеров көрсеткен. П. Ф. Каптеров та мектеп тұлғаның дамуына жақсы әсерін беретіндігін айтқан. 1911жылы Пауль Наторпоның «Психологиялық педагогика» атты кітабы жарық көрді, ол орыс тілінде шықты. Ол ортамен байланысты болғанда ғана адам-адаммен араласып, осыны формула ретінде пайдалану керек екенін көрсеткен.

Тұлғаның психологиялық жағдайда тұлға болатынын С. И. Гесен де «Основа педагогики»атты еңбегінде көрсеткен. Росияда психологиялық педагогиканы құрастырған В. В. Зеньковский. Оның айтуы бойынша психологиялық педагогиканың маңыздылығы тек қана адамды қоршаған орта арқылы зерттеуіне болады. Тұлғаның қалыптасуына тек қоршаған орта әсер етеді.

Психологиялық педагогиканың дамуына С. Т. Шацкий өз үлесін қосты. Ол тұлғаны қалыптасуына қоршаған орта оның салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыбы әсер беретінін айтқан.

Жаңа туған нәресте “адам” деп аталғанымен, “тұлға” деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін жеке тұлға оңын мен солын, өзінің “менін” басқа “мендерден”, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мін, ез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасқан үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгендей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т. б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.

Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде “Он үште отау иесі”(қыз жеке тұлға лар үшін), “Он бесте отау иесі”(ұл жеке тұлға лар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен жеке тұлға лық шақ аяқталады. Бұл- өмірталабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез-келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабду нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.

Кісіліктің түрлеше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегелісізі, т. б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пікір тұтқан, адагершілігі төмен, не одан жұрдайларды “имансыз”, “көргенсіз” деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі деп саналвп, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі- ар-ұятқа кір келтірмеу, насыты аяққа баспау. Қазақта “жарлы болсаң да, арлы бол” деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақылпарасатты келеді. Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары “кісілік” ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері:ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайрымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау,, оның алдын кесе өтопеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адам жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның психологиялық жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай типтің өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірбиесін білуіміз қажет. “Әлеуметшіліксіз, -дейді Х. Досмұхамедов(1883-1939), -қазқша ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес… Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек”. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары:мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. бұл түрткіні психологияда мотив(себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқыныңмән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріскетүсіп отырады. Осыған орай, он, ың түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүру үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер(тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б. ) болады. адам жеке тұлға сының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын-рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы-материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы-тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. олар адамның алдына әр түрлі мақсаттары қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өз қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгетуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеу акдам психологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері-іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет-(әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам кқп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сна-сезімінің өсуіне кдергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ блұл-биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлестік сипатта болады.

Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат

Қызығу-шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрніс. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойлады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі- “Бұл не?” дейтін рефлекс. мәселен, біреуді “футболға қызығады” десек, ол адамның футбол ойнына үнемі баратыны, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де, көбінесе, осы тақырыптың айналасында сөз қозғауда тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп, адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады. Қызығулар да бейімдіктер тәрізді жеке тұлға лардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір жеке тұлға лар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы-техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай жеке тұлға лардың есі-дерті машина болып, уақыттының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы жеке тұлға мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол жеке тұлға лардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығу өте тайыз, ой-өрісті тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, “Шинель” әңгімесіндегі Акаккий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған. Адамда сан алуан, қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы тұлғаның сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары жеке тұлға ларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Психологиялық консультация жайында
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Тұлға туралы теориялар жайлы ақпарат
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz