ЖШС Атырау жолдары негізгі қызметі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 4
1 ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы жол құрылыс өндірісінің теориясы және оның
ерекшеліктері 5
1.2 Автокөлік жолдарын салу әлеуметтік-экономикалық жүйесіне әсері 16
2.1 Қазақстан Республикасындағы жол құрылыс жұмыстарын жетілдіру жолдары
және жаңа технологияны қолдану 24
2.2 Қазақстан Республикасындағы жол салу жұмыстарын дамытудың болашақтағы
бағыттары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Президенттің ағымдағы жылдың Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы бүгінгі күні ел
экономикасының алдында тұрған негізгі үрдістер мен қауіптерді атап өтті.
Бұл жолдаудың ерекшелігі жаңа инфрақұрылымды құру, экономиканың жаңа
мүмкіндіктерін қолдану әрекетке тәжірибелік бағыт болып табылады. 2009-2010
жылы жол құрылысы саласы ғана емес, тұтастай алғанда экономиканың барлық
саласына да оңайға түскен жоқ. Бұл жағдайда Жолдауды экономиканың негізгі
секторларына әлемдік дағдарыстың әсерін төмендетуге ғана бағытталған емес,
келешектегі өсуі мен өркендеуіне жағдайлар жасайтын тұрақтандыру
бағдарламасы ретінде қарастыру қажеттігі айқын аңғарылды. Жол құрылыс
желілерінің дамуы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің
құзырындағы істер қатарында. Қазақстанның жуық арадағы даму жоспарында
өндірістік-экономикалық және стратегиялық аудандарды бір-бірімен қосатын
жаңа автокөлік және темір жолдардың құрылысы және бар жолдардың жөндеу
жұмыстары қарастырылған.
Әрбір кәсіпорынның маңызды мақсаты ресурстардың шығындарды қатаң
үнемдеу режимін ұстану жағымен аз мөлшерде шығындалып, жоғары мөлшерде
кіріс келтіру. Зерттеу пәні - жол құрылыс қызметін талдау және оның қазіргі
жетілдіру жолдары
Құрылыс бұл барлық экономикасы дамыған елдердің негізгі инвестициялық
жобаның қайнар көзі болып табылады. Капитал салымдарының нәтижесі,
технологиялық жүйесінің негізгі фонды, ескі және жаңа технологияларды
жетілдіруі жаңа өндірісте құрылыстың даму деңгейіне байланысты. Негізгі
экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес: құрылыстың дамуы оның заттық деңгейі,
еңбек деңгейі және барлық саладағы жетілдіру деңгейі оның дамуымен
анықталады.
Дипломдық жұмысымды Жол құрылысы қызметін ұйымдастыру арнадым.
Өйткені нарықтық қатынастардың даму жағдайында күннен-күнге дамып келе
жатқан, заман талабына сай сұраныстың өсуіне байланысты - құрлыс саласы
бағыт алып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ең бастысы пайда табу,
толықтай зерттеліп отырған кәсіпорынның міндеттемесін, нормативтерін, жұмыс
мақсатын, жол құрылысындағы техникалық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық
жағдайын толықтай ашу. Қазақстан Республикасының жол салу құрылыс
қызметінің жаңа бағыттары, жетілдіру жолдарын ашу, өндіріс шығынын ашу,
техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау, жол салу процесін анықтау және
қазіргі автомобиль жолдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы толықтай
зерттеу болып табылады.

1 ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы жол құрылыс өндірісінің теориясы және оның
ерекшеліктері

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған
талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі жол құрылыс
өндірісінің ауқымы кеңейіп, көлемі күннен күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа
байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы
керек.
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субьектілерінің
аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән
ерекшеліктері бар. Жол құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс
барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен
құрылыс техникасы жаңа обьектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс
техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір
шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу)
есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп обьектілеріне
бөлінеді.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс
процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны
құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де
инфляция мен өндіріс құралдарына бағаны өсу жағдайында бас мердігерлер үшін
үлкен тәуекелмен байланысты.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің
ұзақтығына және көптеген обьектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың
жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгертіп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс
процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс – монтажды өзгерісті қыс мерзімінде
жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электр энергияны
көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде
бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде
сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық
жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны
кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың
нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу
жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи
шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау – негізгі және қосымша
өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттілігін
тудырады.
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі
шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында
8 бөліміінің шоттары – Өндірістік есептің шоттар оның бөлімшелері: 8010
Негізгі өндіріс, 8030 Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары. 8030
Қосалқы өндірістер, 8040 Үстеме шығыстар белгіленген. Шығындардың
деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек
бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырылады.
Негізгі құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырылғылар, өндіріс күштері,
тұрғын ұйлер, жол салу құрылыстары саналады. Капиталды құрылыста ереже
бойынша құрылыс өнімінің келісім бағасының екі моделі – шектелген және
еркін (ашық) бір мезгілде қолданылады.

ЖШС Атырау жолдары мысалындағы жол құрылыс қызметіне қысқаша сипаттамасы

Атырау жолдары ЖШС заңды түрде 22 қарашада 1993 жылы Атырау
облысындағы Юстиция бақылауында тіркелген. Серіктестік - бұл заңды
тұлғалар, өзіндік баланстары, банктермен есеп айырысу шоттар және өзіндік
атауы көрсетілген мөрі қолданылады.
Айналысатын саласы - құрылыс бойынша мердігерлік қызмет көрсету,
реконструкция, басқа да жөндеу жұмыстары, автокөлік жолдарын салу,
обьектінің орналасу аумағы, жер құрылысы – плотина, насып және басқалары.
Сонымен қатар кәсіпорын щебень өндірісімен асфальтобетондық қоспаларын
шығарады. Бұл материалдарды кәсіпорын мердігерлік жұмыс кезінде өзі
өндіреді.
ЖШС Атырау жолдары негізгі қызметі:
1. Құрылыс, жөндеу, қоғамдық тұтынатын автокөлік жолдарын салу;
2. Реконструкция, реабилитация, автокөлік жолдарын күрделі және орта
жөндеу;
3. Обьектінің және аумақтың орналастыруы;
4. Жол құрлыс материалдарын қайта өңдеу;
5. Құрлыс материалдарын өндіру және құрастыру;
6. Тауарлар өндіру және сату, кәсіпорындарға қызмет көрсету;
7. Құрлыс- жөндеу жұмыстары;
8. Автокөлік қызметі;
Серіктестіктің құрамының өндіріс бөлімшелері
Атауы Заңды мекені
ДРСУ-1 Атырау қаласы база 5 км.
ДРСУ-2 п. Аккистау
Басқару бөлімшесі Атырау қаласы Исатай даңғылы 1а

ЖШС Атырау жолдары мына серіктестермен жұмыс жасайды:
• МТК көлік инфрақұрлымын дамыту Комитеті;
• АО РД КазМұнайГаз ;
• ЗФ АО КазТрансОйл ;
• АО КазТрансГаз ;
• АО КТК – К
ЖШС Атырау жолдары басты мақсаты – жаңа заман технологияларын
пайдаланып, ұзақ мерзімді автокөлік жолдарын салып, сапасын арттыру.
Атырау жолдары ЖШС тендерлерге қатысып, Атырау облысы бойынша
бас мердігер және аралық мердігер болып табылады. Атырау облысында 1500
шаршы метр жол бар. Соның ішінен, орташа жөндеу 100 шаршы метр 20-25 шаршы
метр күрделі жөндеумен, жаңа құрылыс 10 шаршы метрге дейін, жыл сайын 50-
70 мың тн шикізат (асфальт) өнімін шығарады.
Атырау жолдары жекеменшік шаруашылық серіптестігінде 202 адам еңбек
етеді, соның ішінде 112 адам 5 жылдан көп еңбек ететіндер. Бұл
серіптестіктің өз бөлімшелері бар, бұнда мамандармен толық камтамасыз
етілген бухгалтерлер, механизаторлар мен инженерлік мамандар және шеберлер
т.б қызмет етеді.

2009 жылғы құрылыc ұйымдары орындаған жұмыстар (қызметтер) көлемі туралы
есеп

Объектінің тұрған Тапсырыс берушілердің Қызмет түрлеріКелісімшарттың
жерінің атауы атауы және олардың сомасы,теңгемен
телефон номерлері
Махамбет ауданы ТОО”Гюрал” Құрылыс-жөндеу8000000 (сегіз
ТОО”Гюрал” Телефон 97-05-40 жұмыстары миллион)
Полипропилен зауыты Полипропилен зауыты Құрылыс-жөндеу10000000 (он
Атырау қаласы Телефон 25-03-59 жұмыстары миллион)
Маңғыстау облысы ТОО “Дунамис” Құрылыс-жөндеу83000000 (сексен
Баутино селосы 21-14-94 жұмыстары үш миллион)
ЖШС “АМӨЗ” ТОО”АМӨЗ” Асфалтты-бетон12000000 (он екі
25-97-55 ды жұмыстар миллион)
ТОО “Светланд-Ойл” ТОО”Светланд-Ойл” Мұнай базасын 20000000 (жиырма
орнату миллион)
ТОО”Электрохимзащита” ТОО”Электрохимзащита” Жер жұмыстары 47000000 (қырық
жеті миллион)
Подстанция ПС-200 АО Кегок Су құбырларын 12000000 (он екі
жөндеу, орнатумиллион)
ЖШС “АМӨЗ” объектілеріЖШС “АМӨЗ” Құрылыс-жөндеу83000000 (сексен
жұмыстары үш миллион)

Сипаттама
Соңғы 5 жылда жасалған жол құрылыс жұмыстарының көлемі
• 2004 жылы – 10560000 ( он миллион бес жүз алпыс мың) теңге
• 2005 жылы - 45830000 ( қырық бес миллион сегіз жүз отыз мың ) тенге
• 2006 жылы - 17000000 (он жеті миллион)тенге
• 2007 жылы –83000000 (сексен үш миллион) тенге
• 2008 жылы - 156000000 (жүз елу алты миллион)тенге
• 2009 жылы – 87000000 (сексен жеті миллион)тенге
2008 жылы мемлекеттік маңызы бар Атырау қаласы Кигач өзені мен РФ
Астрахань қаласын қосып мост арқылы өту автокөлік жолдарын салды. Екі
жыл құрылыс ішінде мынадай технологиялық жұмыстар жасалды:
- 18 метрлік биіктіктегі жер бетіндегі құрылғы көлемі 250 мың м3;
- құрылғысы
- екі қабатты жабу құрылғысы;
- жаға ұстату жұмысы;
- жолдарды бардюрлермен орналастыру;
- жол белгілерін қондыру;
Атырау жолдарының ЖШС техника-экономикалық өндірістік қызметпен
байланысты кәсіпорынның мынадай көрсеткіштері бар:
- Өндіріске жоспарлаған тауар, өнім, қызметтерге сұранысты талдау.
- Өндірістік көрсеткіштері;
- Конструкциялық, технологиялық және басқа да керекті құжаттардың болуын
тексеру;
- Өндірістік бағдарлама;
- Бағдарламаны іске асыруға қажетті машиналар, жабдықтар, аспаптар және
басқа негізгі өндірістік қорлар, сонымен бірге шикізат, материялдың
барын анықтау;
- Өндірістік қуаттың барын тексеру немесе оны жасақтау жобасы;
- Қолда бар жабдықтар және негізгі өндірістік қорларды, басқа да
элементтері;
- Жеке өнімдер мен қызметтердің рендабелділігі;
- Амортизациялық қайтарым мөлшері.
Финанстық көрсеткіштері:
- Өткізілетін өнімнен болжамды түсім мөлшері;
- Материалдық және басқа болжамды шығындар мөлшері;
- Бюджетке аударылатын қайтарым мөлшері;
- Таза пайда;
- Еңбек ақы төлеу қоры;
- Жасақталатын басқалай қорлар мөлшері.
Әлеуметтік көрсеткіштер:
- Болжамды қызметкерлер, жұмысшылар саны;
- Болашақта белгіленген еңбек ақы мөлшері;
- 1 адамға шаққандағы өнім өткізу мөлшері;
- Мүгедектер мен зейнеткерлер еңбегін пайдалану мүмкіншіліктері.

Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдіру жолдары
ЖШС Атырау жолдарын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Олардың ішіндегі негіздері:
- оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
- бөлімшелер қызыметкерлер саны;
- жабдықтардың қуаты;
- өндірістік қорлардың құны;
- өнім шығару көлемі;
- мамандандыру және механикаландыру;
- күрделі қаржының құрлымы;
ЖШС Атырау жолдарының көрсеткіштерін дұрыс таңдау осал жерлерін ашуға
және осы кәсіпорынның оңтайлы құрлымын таңдауға мүмкіндік туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты Атырау
жолдары ЖШС үдемелі құрлымын анықтайтын кейбір өндірістің бөлімшелердің
арақатынасын анықтайды. Оның құрлымындағы цехтар, дайын шикізаттар
шығарумен байланысты негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін
құрлымының тейімділігін көрсетеді. Сонымен нақтылы көрсеткіштерді салыстыру
арқылы басқару құрлымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы
кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді.
Мұндай салыстырмалы тәсілмен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын
анықтайды.
Салалық құрлымдарды жетілдіру көзінің бірі- бұл өндірістік бірлестіктерді
құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрлымдарды алдын ала анықтайды.
Дегенмен қағида бойынша, өндірістік бірлістіктерде ғылыми-зерттеу
лабораториялары, жобалау конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу
қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтырады.
Өндіріспен қатар ғылыми өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың
басты мақсаты- машиналардың, жабдықтардың, потборлардың, материалдардың,
және басқада өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық деңгейлігін
артырады. Сөйтіп олардың негізінде саладағы ғылыми техникалық прогресті
жеделдету болып табылады.
Ғылыми-өндірістік бірлестіктер біріңғай ғылыми - өндірістік және
шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжіребе үлгілер шығару,
жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші табын немесе тәжіребе-өнеркәсіп
үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу,
конструкторлық, жобалау конструкторлық және технологиялық ұйымдар,
эксперементтік зауыттар, іске қосуды реттеушілер және т.б. қосады. Ғылыми-
өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылуы нысаны
ретінде ең алдымен ондай кәсіпорын салаларда жүргізілетін, сөйтіп, олардың
дамуы көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми –технологиялық прогресті
жеделдету қарқыны байланысты болды.
Кәсіпорынның қаржылық есептілік құрамы және оны жасақтау
Атырау жолдары жекеменшік шаруашылық серіктестігінің балансы.
Баланс баптары мен бөлімдері арасындағы негізгі байланыстарды талдау және
бухгалтерлік баланысты экономикалық оқуды каралды.
Баланыстың, табыстар мен шығындар есебінің ақиқаттылығын тексеріп, олардың
колданылуын біліп олардағы көрсеткіштердің ағымдық есеп мәліметтеріне
сәйкестілігін тексерілді. Баланс квартал сайын жасалады, сосын жылдық
баланс бөлек жасалады.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің нысандары.
ЖШС Атырау жолдарының сыртқы экономикалық қызметі- бұл экспорт пен
импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-
техникалық кооперацияларымен байланысты өндірістік шаруашылық қызметі.
ЖШСАтырау жолдарының халықаралық нарықта шығу өзі үшін қалай
болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге
әкеледі. Сыртқы экономикалық ұлттық экономиканы тұрақтандыруда қосымша
ынталандырудың қосымша факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде
дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты- сыртқы экономикалық
байланыстарды іске асырады. Бұл жөнінде соңғы кездерде ресурстарымызда
атқарылып жатқан жұмыстар баршылық.
Қаржыландыруға мүмкіндіктерді пайдалану.
Кәсіпорын қарызға алып қаржы ресурстарын жасақтайды: банктердің
кредиттері, басқа мекемелердің қаржылары, облигациялық қарыз т.б. Кейбір
жағдайда қайтарымды немесе қайтарымсыз негізінде, белгілі бір инвестициялық
жобаны іске асыру үшін, немесе қысқы мерзімді финанстық қолдау үшін
бюджеттен ақша бөліну мүмкін.
Атырау жолдары ЖШС құрлыс нысанының есептеулері қортындылай келе,
табыс пен шығындар құрамын анықтауға септігін тигізеді. Әрине, құрамына мән
беретін болсақ келесідей тануға болады. Табыс және шығындар құрамы –
мердігерлік құрылыс мәмілесі бойынша табыстары:
- құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны бойынша мәміле
өзгертілуіне байланысты табыс;
- назарлықтан түскен табыс;
- артық төленген сома (егер табыс әкелетін болса, үлкен сенімділікпен
салыстырылатын болса);
- құрылыс келісім – шартының өзгеруі – табыстың кемуіне немесе артуына
әкелетін тапсырыс берушінің қолда бар келісімі шартқа жұмыс көлеміне,
уақыт ұзақтығына байланысты өзгертулердің енгізілуі.
Мәміленің өзгертілген сомасы табысқа енеді, егер:
- тапсырыс беруші өзгертулерге келісімін берсе;
- өзгертулер үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса;
- талаптар бойынша табыс – келсім-шартта көрсетілменген қосымша
шығындарды өтеу үшін мердігердің тапсырыс берушіден сұрайтын сомасы.
Бұндай талаптар табысқа келесі жағдайда ғана енеді:
- егер тапсырыс беруші қосымша шығындарды өтеуге келісімін берсе;
- қосымша төлемінің сомасы үлкен сенімділікпен салыстыратын болса;
Көтермелеу төлемдері – келісім-шарттағы талаптар артық орындалғанда
төленентін қосымша төлем. Олар табысқа енеді:
- егер нормалар артық орындалса;
- артық төленетін сома үлкен сенімділікпен салыстыратын болса;
Табыс пен шығындарды анықтай келсе, оны мойындауға тура келеді. Табыстар
мен шығындар 12 бес Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім-шарт нұсқауы
негізінде мойындалады (ХҚЕС 11 Мердігерлік мәмілелер). Табыс және онымен
пайда болатын шығындар кәсіпорынмен үлкен сенімділікпен салыстырылатын
жағдайда ғана мойындалады. Мәмілелер екі түрге жіктеледі:
- қатаң құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 бойынша
нақтыланған құны бар мәміле)
- ашық құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11- мәміле
шығындар қосылғанда)
- стандартта табысты мойындау үшін 5-кестеде орындалған жұмыс пайызын
анықтау нұсқасы ұсынылған.
Табыс және онымен байда болатын шығындарының тәсілі
І-нұсқа ІІ нұсқа
Атқарылған жұмыстың пайызын табу Екінші тәсіл бойынша, құрылыс
үшін, белгілі уақытта шеккен өнімінің атқарылған бірлігін мәміле
шығындар сомасын сметалық құнға бөлубойынша жалпы бірлікке бөлу қажет.
керек.
Атқарылған жұмыс пайызы =(шеккен Атқарылған жұмыс пайызы =(құрлыс
шығын сметалық құнға) х 100% өнімінің атқарылған бірлігі мәміле
бойынша жалпы бірлік) х 100%

Атырау жолдары ЖШС мысалы:
Мердігерлек келісім бойынша жолдар салуды көзделген. Сметалық шығындары
750,0 теңгені құрайды. Есепті кезең соңында мердігер 10 жолдың 2 –уін
салып бітті. Құруға кеткен шығындар 200,0 мың теңгені құрайды. Жалпы
келісілген құн – 1000,0 мың теңге. Екі тәсілді пайдалана отырып,
мердігердің жасалған жұмысының пайызын анықтаймыз.
1- тәсіл.
Орындау пайызы = (200,0750,0) х 100% = 26,6%
2- тәсіл
Орындау пайызы =(210)х100%= 20%
Бірінші жағдайда есепті күні танылатын шығын көлемі 1000,0 мың теңге х
26,6%= 266,0 мың теңге құрайды, ал екіншісі 1000,0 мың теңге х 20%= 200,0
мың теңге.
Кейде құрылыстық-мердігерлік келісімнен нәтиженің шындығын анықтау қиын
болады, ондай жағдайда табысты артық бағаламау үшін табысты тану күніндегі
шығындар көлемінде тану қажет [4, 43 б.].

1.2 Автокөлік жолдарын салу әлеуметтік-экономикалық жүйесіне әсері

Қоғамдағы экономика мен әлеуметтік дамуы оның басты көрсеткіштері
бірден-бір көзі автомобилизация болып саналады. Әр түрлі мемлекеттерде жол
құрылысы автомобиль құрамы бір біріне байланысты өткені көптеген
кәсіпшіліктер, қызмет сферасын қолданады. Бірақ жол салуға ұмытылған
жағдайдада автомобиль транспорттардың ауаға келтіретін зияны ¾ бөлігін
алады. Жарты халық автотранспорттың шуынан зардап шегеді. Жол алатын
территория, экологиялық комплекс жерлерін шегереді. Автомобиль жолдары мен
табиғаттың өзара байланысын анықтау үшін объективті және факторлық құрамын
анықтауға арналған талдау түрін қолданамыз. Қысқартылған жүйесінде:
автомобиль транспорты (автомобиль заты + автомобил жолы) қоршаған ортаға
әсерін 5-ші суретте көрсетілген:

Сурет 1. Автокөлік жолдарының әлеуметтік–экономикалық комплекспен
өзара байланысы.

Мұндағы: Р- жүру күші, С- жүру бағыты, Т- жол жұмыстары, Н-негізгі
қысымы, 1- автокөлік қалдықтарының шығыны, 2- жол комплексі, 3- құрылыс
және жөндеу жұмыстарының технологиялық әсері, 4-жол-құрылыс ұмыстарының
материалдық шығындары.
Көлік жолдары функциясы ретінде материалдар, транспорттық жұмыстар
табылады. Егер оны интегралды процесс ретінде қарастыратын болсақ, онда
термодинамика заңдылығына сәйкес энергияны жоғалту, транспорттық қалдықтар,
жылу, шу, болуынан халық көп зардап шегеді. Осындай әсерлер тобы
транспорттық заттың қозғалысынан болады, осылар қалдықтардың басы болып
табылады. Негізгі әсері бұл жол құрлысы болып табылады.
Құрылыс процесінің әсері, жөндеу жұмыстары тек салыстырмалы түрде
зиянның мағынасын береді. Біздің мемлекетімізде әрқашанда транспорттық
комплекстің бір бөлігі – жол-құрылысы. Оған көптеген инвестиция салынады,
бірақ мемлекетте даму деңгейі басқа мемлекетте секілді жоғарламайды. Жолды
дұрыс жасамауынан зардап шеккен халық бұл құбылысқа көнген.
Экологиялық бағалау кезінде автокөлік жолдары негізгі құбылыстарына
көңіл бөлетін болсақ бұл автокөлік заты болып табылады. Жол құрылыс пен
жолды жөндеу жұмыстарынан қарағанда транспорттық зияндар көптеп қоршаған
ортаға да, қоғамғада көп әсерін тигізеді. Транспорттық затының зиян келтіру
объектісі барлық аталып кеткен табиғи комплекске әсерін тигізеді, бірақ
соның ішіндегі көптеп зардап шегетін адам денсаулығы.
Транспорттық зиян келтірулердің 3 компаненттері бар; параметірлік-
энергияның көптеп жоғалтуынан болатын зиян; механикалық- жол құрылыс
кезіндегі апатты жағдайлар; ингредитті- материалды қалдықтар.
Параметірлік- жылу қалдықтары. Жер жылулығын өлшеген кезде
қарастырылады. Параметірілікке басқа да энергетикалық топтар жатады: шу,
электромагниттік энергиялар т.б. Осылардың әсері толықтай зерттелмегенімен,
олардан қорғану тәсілдері белгілі.
Механикалық – жол құрылысы кезінде кездесетін болғандықтан, толықтай
автокөлік затымен байланысты объектілер экологияның өзгерісіне әкеледі.
Қазіргі уақытта экологиялық қауіпсіздік қана емес сонымен қатар жол
қозғалысыныңда қауіпсіздігін ескеру керек. Осы жүйелерінің өзара байланысын
мынадай түсінік беруі керек: қауіпсіздік: табиғат, қоршаған орта, жолды
қолдана білу. Жол қозғалысының қоршаған ортаға өзінің әсерін тигізбей
пайдасын әкелуге көптеп жұмыс жұмсалу керек. [20, 5б.].
Экологиялық қауіпсіздігін сақтап қалудың бірден бірі бұл материалдық
қалдықтардың тасталуын тоқтату. Яғни, ингредитті компанентті болдырмау. Бұл
компанентердің басты қалдықтары: газ, қалайы, басқада ауыр металлдар.
Негізгі зияны жол құрылысы кезіндегі қолданатын ысы асфальт б.т.
Әрине мұндай қалдықтардан көбінесе зардап шегетін адам. Автокөлік
жолдарын салу кезіндегі кенлтіретін зияндарыда көп.
Қазақстандағы автокөлік жолдарының құрылысы техникалық қатынаста
әлемдік деңгейге жатқызуға болады. Қазіргі уақытта негізгі өндірісі
автокөлік. Осы салаға көптеген кәсіпшіліктер көңіл бөледі. Технологиялық
деңгейдегі өндіріс толықтай автокөлік бөлшектерін жинауға мүмкіншілігі
болмағандықтан, өндіріс толықтай іске асып кете алмай тұр. Күні бүгінгі
зертеулердің көрсеткіштеріне сәйкес біздің кәсіпшілік жылу энергиясын
үнемдеуінен және зиян келтіруді азайтудан өзінің рационалды құрамы бар
екенін көрсетті. Яғни бізде автокөліктердің аз бөлігі ауыр жүк көтергіш
көліктер 5-8 есеге аз, басқа дамыған елдерге қарағанда.
Ауа қабатына әкелетін зияндарының бірі бұл сапасыз автокөлік майын
қолдануынан болады. 90 пайызға дейінгі бензин шығыны А-76 түріне кетеді. Ал
Батыста дамыған мемлекеттерде осындай ауыр көліктерге АИ-95 түрін
қолданады. Бензин құрамындағы свинец болдырмау немесе аз ғана болуын Батыс
мемлекеттерде қарастырылған. [21, 47б.].
Автокөлік жолдарының комплексі әрине экологияға әсері бар, бұл жол
құрылысы кезіндегі немесе жөндеу жұмыстары кезіндегі әсері. Қазіргі
уақыттағы автокөлік жолдарын салу кезінде зиян келтірмейтін қалдықтарды
қолдануға жұмыстануда. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау кезінде
транспорттық – эксплуатациялық жолдарды салу экологияғада және адам
денсаулығына зиян келтірмеу көзделеді. Технологиялық ережелерге анықтау
кезінде қолданылатын жүйе бұл әлеуметтік – экономикалық жүйесі болып
табылады. Негізгі қиындақты туғызатын жол комплексінің табиғатпен
байланыстыру, және де экономиканы әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру. Талдау
барысында қоршаған ортаға әсерін тигізетін автокөлік жолдары мен автокөлік
заты талдау барысында қоршаған ортаға әсерін тигізетін автокөлік жолдары
мен автокөлік заты Ресей мемлекетінде басты экологиялық проблемасы б.т.
Қойылған бағыттарға қол жеткізу үшін:
1. Экономикалық критериялардан экологиялық-экономикалық әлеуметтік
критерияларға ауысу жоспарлануы керек. Яғни, бұл жерде қарастырылатын
жоспарлардың бірі бұл құрылыс және жол реконструкциясы, олардың
құрамы, сонымен қатар өндірісімен қамтамасыз етуі. Практикада
жоспарланған жұмыстардықазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып
орындау.
2. Экологиялық қауіпсіздіктің көрсеткіштерінің құрамында негізгі
транспорттық эксплуатациялық автокөлік жолдарының болуы.
3. Жол салу барысындағы құрылыс немесе жол монтаж жұмыстары кезіндегі
қоршаған ортаға аз зиян келтіру немесе зиян келтіруді болдырмауды
қарастыру.
4. Экологиялық қауіпсіздіктің өте төменгі деңгейінің болады, себебі
автокөлік жолдарының және жол шаруашылығының техникалық
жұмысшылыларының дайындығы сапасыз жүргізілуінен болуы.
Соңғы жұмыстарға сүйенетін болсақ, жол салу сапасын қамтамасыз ету үшін,
табиғатты тиімді пайдалана отырып жұмыс жасау бағыт алып отыр. Көрсетілген
бағыттарға қол жеткізу үшін алып отырған жерлерді, қоршаған ландшафты,
әртүрлі шартарға бағына отырып салынатын жол қоршаған ортаға зиян келтірмеу
немесе оған өз пайдасын әкеле отырып жұмыс жасауды білдіреді.
Келтірілген жоспарлардың нүсқауларында экономикалық негіздемелерге
немесе жол салу жоспарына қарай отырып құрылыс жүргізу ауа райына және
жол эксплуатация кезіндеге қоршаған ортаға әсерін келесідей көрсеткіштермен
көрсетуге болады:
- күнделікті бақылаудағы ауылшаруашылық территория және орман
тоғайлары;
- тұрғын ғимараттар, емхана, демалыс үйлер тұрған жол учаскілері;
- санитарлық нормаға сәйкес зиянды емес қалдықтарды тұрғын
ғимараттар тұрған жол учаскілерінде болуы;
- санитарлық нормаға сәйкес автокөлік транспорттының жолмен жүру
кезіндегі мыс концентрациясының бөлінуі;
- жол құрылысы және жол эксплуатация кезіндегі жол салу процессінде
тозуы, сынық бөлуі болуын барынша болдырмау;
- жол құрылыс учаскісінің қасында мәдени құлпы тастар, мәдениет
үйлері, архетектура сонымен қатар ғимараттар мен тұрғын үйлерінің
болмауын қадағалау, егер сондай жағдайдың болмаса, қоршаған
ортаға ғана емес сонымен адам затына жол құрылысы кезінде зиян
келтіру мүмкін.
Осы негіздегі қоршаған ортаны қорғау немесе табиғатты тиімді
пайдалануға керекті іс шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Атырау қаласы
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Атырау облысының құрылыс индустриясы
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Мұнай сферасындағы маркетинг
Пәндер