Желілі ақпараттық технология
Тақырыбы: Иформатика пәнінен қызық тапсырмалар құру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ТАЛДАУ 6
1.1 Информатика пәнін оқыту ерекшеліктері 6
1.2 Дамыта оқыту технологиясы 11
2 ОҚУ ҮРДІСІН ТҮРЛЕНДІРІП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР 15
2.1 Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту 15
2.2 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту 18
2.3 Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану
22
3 ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗЫҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР 28
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
ҚОСЫМША 1. Ойын сабақтар 39
ҚОСЫМША 2. Бағдарлама листингі 46
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр.
Ел басшысы Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына
Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта
даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, Біз
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек - деді. Бұл міндеттерді жүзеге
асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің
тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту
тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына
жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен
ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап
көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең
білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым
және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім
саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім
беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен
әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай
отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша
ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Информатика жалпы білім беру пәндеріне жатады, жоғары оқулардың бар
мамандықтарында оқылады сондықтан көп көңіл бөлуді талап етеді. Қазіргі
ақпараттандырылған әлемде ақпаратты электрондық түрде жеткізуге көп
мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғамда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып
отырған сәтте электрондық оқу құралын пайдалану еліміздің болашағына барлық
ғылым салаларда жаңа идеяларды ұсынып отырамыз.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл
процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның
тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін
арттырудың бірнеше тәсілдері бар [1, 13б].
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану
мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай,
қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары
мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып,олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі
информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-
де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу,оқу, жазу, сурет салу,
ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде
компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып
табылады.
Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік
дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру,
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену,
коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын
іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту
мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік
технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін
ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және
жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан,
көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.
Осы орайда, ең алдымен, Информатика пәнін оқытудың алатын орны
ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу
техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы
қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін
шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте 9-сынып
информатика пәнін оқыту үрдісінің әдістемесі.
Курстық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде
оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.
Курстық жұмыстың мақсаты – 9-сыныбына информатика пәнін игіруде
оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету
әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша
оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу
үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі
артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі
көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны
оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;
- Информатика орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін
анықтау;
- Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;
9 - сыныпта информатика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-
әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын
белгілеу;
9-сынып оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және
үйрету әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, орта мектептің 9-сынып
информатикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық
тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу
үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.
Курстық жұмыстың әдістемелік теориялық негіздері жалпы білім беретін
мектептің информатика 9-сыныбына арналған оқулықтары, авторлары:
Н.Т.Ермеков, В.А. Криворучко, Л.Н. Кафтункина, Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков,
Г.Мадиярова және т.б.
1 ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ТАЛДАУ
1.1 Информатика пәнін оқыту ерекшеліктері
Информатиканың пайда болуы мен пән ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың
екінші жартысына келеді. Информатиканың қызығушылық облысы бұл – ақпараттың
құрылымы мен жалпы қасиеттері және ақпаратты іздеу, жинау, сақтау,
түрлендіру, алмастыру және қолданудың адам әрекетінің әр түрлі салаларында
қарастыру сұрақтары. Үлкен көлемдегі ақпаратты автоматтандырусыз және
қатынас жүйелерінсіз өңдеу мүмкін емес, сондықтан ЭЕМ-дер және қазіргі
кездегі ақпараттық және қатынастық технологиялар информатиканың
фундаментальді негізі және мәліметтік негізі болып табылады. Қазіргі кезде
информатиканың жалпыға бірдей анықтамасы жоқ.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін табиғаттың әр түрлі жүйелеріндегі –
табиғи, биологиялық, әлеуметтік, басқару мен байланыстар туралы кибернетика
ғылымы дамыды [2, 72б].
Кибернетиканың пайда болуын 1948 жылы Норберт Виннердің Кибернетика
или Управление и связь в животном и машине кітабының шығумен
байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасау жолдары және
бір бағыттағы әр түрлі жүйелердің байланыстары мен басқару мәселелерін
қарастырудың негізгі мәселелері ЭЕМ - мен бірге дамып, кибернетика жалпы
ғылым бола бастады, ол – ақпаратты түрлендіру туралы ғылым болды. Ақпарат -
деп кибернетикада кейбір жүйелердің қоршаған ортаны қабылдауы, қоршаған
орта беретін және өзінде сақтайтын мағлұматтар немесе әсер етулер,
сигналдар жиынын айтады.
Кибернетиканың дамуы біздің елде драмалық периодын бастан кешірді.
60–жылдары академик А.И.Берг былай жазған: ...1955-1957 жылдарда және
кейін кибернетиканың мүмкіндігі мен мәнін бағалауда әдебиеттерде қателіктер
көп кездеседі. Ғылымдардың дамуына кері әсерін тигізді, көптеген теориялық
материалдың, тіпті есептеуіш машиналарды дайындауға кедергі болды. Оған
дәлел ретінде Қысқаша философиялық сөздіктің төртінші басылымындағы
анықтаманы келтіруге болады: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та
пайда болған және басқа елдерді дамыған реакциялық жалған ғылым; қазіргі
заман механизмінің түрі. Бұл ең біріншіден ғылымды дұрыс бағаламаудан,
екіншіден ғалымдардың бос сөзге көп көңіл бөлгендіктерінен туындап отыр.
Бірақ кибернетиканы ғылым деп жариялаудан кейін де қиындықтар азайған
жоқ. Ол кибернетиканың дамуы мемлекеттің ірі жобаларының іске аспауы мен
қатар дамуы мен де байланысты болады. 80–жылдардағы жағдайға қысқаша шолу
жасайық.
Кибернетиканың халық шаруашылығында қолдану перспективалары
метематикалық модельдерді және ЭЕМ-ді ауқымды жоспарлау мен басқару
мақсаттарына ұсыныстар тудырды. Ғалымдармен жасалған бұл ұсынымдар партия
және үкімет шешімдерінде көрініс тапты. Халық шаруашылығының барлық
бөлімдерде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (БАЖ) жасау мемлекеттік
жоспарлау бағдарламасына енді. БАЖ халық шаруашылығын басқарудың құрылымын
қайта жасау негізі болуы керек еді: БАЖ-бен қатар технологиялық процестерді
басқаратын автоматтандырылған жүйе (ТПБАЖ) болу керек еді, БАЖ-ға жоспарлық
есептердің автоматтандырылған жүйелері (ЖЕАЖ) жасалу керек еді. Барлық
автоматтандырылған жүйелерді есептеу орталықтарының жалпы мемлекеттік
жүйесінде жүзеге асыру керек болды. Бірақ кейбір себептермен тек басқару
жүйесінің жеке бөліктері ғана жүзеге асты, басқару өзінің ауқымды мақсатына
жетпеді.
70-жылдардың ортасына қарай АЖЖ (автоматтандырылған жоспарлау жүйесі)
құруға мақсат қойылды; АЖЖ шегінде конструкторлардың, ғылыми жұмыскерлердің
және т.б. автоматтандырлыған жұмыс орындары (АЖО) туралы ой-пікір дамыды
[4, 34б].
Киберентика негізінде терминологиялық көзқарастан информатиканың
құрылуы туралы сұраққа келейік. Кибернетика термині пайда болғаннан кейін
әлем ғылымында мынадай ұғым пайда болды: Computer Scence (компьютерлік
ғылым); ол ұғым компьютерлік және телекомуникациялық жүйелердің көмегімен
ақпаратты өңдеу, сақтау және алмасу процестерін зерттейтін ғылым, сонымен
қатар оқу пәндерінің атауы ретінде АҚШ, Канада және т.б. бірқатар елдерінде
қолданылады.
60-70-жылдарда француздар informatione” (теминін) ендірді, ол
француздың екі сөзінен - “informatione” (информация) және “avtomatique”
(автоматика) құрылған. Жаңа термин СССР-да және Батыс Европада даму тапты.
Үлкен Совет энциклопедиясында информатикаға берілген анықтама: Ғылыми
ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, сонымен қатар оны
құрудың заңдылықтары, түрлендіру, алмастыру және адам әрекетінің басқа
сфераларда қолдануы туралы пән. Бұл анықтама информатиканы кітапханамен,
библиографиямен, ақпаратты іздестіру әдістерімен байланыстырады. Бұл
мақсатпен 1952 жылы ғылыми ақпарат институты АН СССР құрылды, кейін ол
ғылыми және техникалық ақпараттың Бүкілодақтық Институтына – ҒТАБИ –
айналды.
Бұл бағытпен қатар информатика терминінің басқа анықтамасы жүрді, ол
А.П.Ершов ойынша, 70 - жылдардың екінші жартысынан бастап нақтылана
бастады. А.П.Ершов Информатика терминінің мағынасын түсіндіргенде, ол
орыс тіліне ...Ақпаратты өңдеу және беру процесін зерттейтін
фундаментальді жаратылыстану ғылымы ретінде енеді деген.
Бұл анықтамаға түсініктеме бере келе А.П.Ершов былай деген: Ғылымды
жаратылыстану және қоғамдық деп бөлгенде, информатиканы біз жаратылыстану
ғылымдарына жатқызамыз. Информатиканы фундаментальді ғылымға жатқызу
ақпараттың жалпы ғылыми белгілерін және оны өңдеу процесін сипаттайды.
Информатика ғылым ретінде тек зерттелетін үзінді үшін ақпараттық модель
құрылған жағдайда қалыптасады. Ақпараттық модельдердің құрылымының жалпы
әдістемелік принципі информатика пәні болуы мүмкін, ақпараттық модельдің
құрылымы мен негізі жеке ғылымның мақсаты болып табылады.
Академик Н.Н.Моисеев келесідей айтқан: Кибернетика, информатика –
басқару процестері ғылымдарынан пайда болып, біздің көзімізше ақпарат пен
табиғат қоғамындағы ақпараттық процестер туралы фундаментальді
жаратылыстану ғылымына айналды. Сол арада отандық ғалымдардың арасында
информатикаға ортақ анықтама берілген жоқ.
В.С.Михайлевич, Ю.М.Каныгин, В.И.Греценконың Ставление информатики
кітабында былай деген: Информатика – ақпаратты өңдеу, жобалау, жасау,
бағалау, қайта өңдеу жүйесінің машиналық функцияны зерттейтін комплексті
ғылым және инженерлік пән. Бұл тұжырымнан информатиканың пайда болуы
компьютерлік техниканың дамуымен байланысты, сонымен қатар информатика –
ЭЕМ дамуының мәні екендігін көрсетеді.
Мектеп информатикасының курсы информатика ғылымын түгелдей қамти
алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі
керек, сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.
Қазіргі кездегі дидактика жалпы білім берудің мазмұнының қалыптасуы
принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық
принципін бөліп алады. Б.Т.Лихачев бұл жөнінде былай деген: Кез-келген
ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір
орында тұрады.
Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты
қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе
керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі информатика курсының мазмұнын
анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.
Теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде 60–жылдардың басында
кибернетика білімнің фундаментальді негіздері жалпы білім беру жүйесіне
кіру керектігі және бұл сұрақты шешу үшін мектеп пәндеріне жаңа арнайы пән
енуі керектігін түсінеді [5, 83б].
Ең басында В.С.Леднев жаңа пәннің атауы ретінде кибернетика терминін
қолданды, бірақ ол принципке сай болмады.
Кибернетиканың ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейтін
ғылымы ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда үлкен қадам болды.
Математикалық жүйелердің осы екі типіне – физика және кибернетика
байланыстырады. В.С.Леднев ғылымның екі қатарын талдайды:
- материяның заттай-энергетикалық ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (химия,
космология, физика);
- сатерияның кибернетикалық (антиэтропиялы) ұйымдасуын зерттейтін
ғылымдар (киберентика, биология, комплекс, антропологиялық ғылымдар,
қоғамтану, техникатану);
Сонымен қатар физика және киберенетика аспектілі ғылымдар категориясына
жатады, яғни нақтылықтың жалпы заңдылықтарын, заттай-энергеитикалық және
киберентикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар. Бұның негізінде жалпы
білім берудің ортақ қағидасы құрылады. Бұл қағида негізінде қоршаған ортаны
зерттейтін жалпы білім беру пәндері екі топқа бөлінеді: заттай-
энергетикалық және кибернетика-ақпараттық. Осы әрбір топта жүйе құраушы
элементтері болады. Заттай-энергетикалық топта бұл – физика, кибернетика-
ақпараттық топта –кибернетика (информатика).
Жоғарыда келтірілген қағидаға және негізгі оқу пәндері екі фактор мен -
әрекеттің жалпы құрылымының және зерттеу объектісінің құрылымы мен
анықталатындықтан, В.С.Леднев кибернетиканы негізгі оқу пәндеріне енуі
керек деген тұжырым жасайды. Кибернетика пәні ХХ ғасырда пайда болған
жалғыз жаңа пән, қалғаны ХІХ ғасырда пайда болған.
Одан кейін мынадай сұрақ туады: информатиканы білім беру жүйесіне жеке
пән ретінде ме немесе басқа бір пәнге ендіру керек пе? В.С.Леднев
информатиканы жеке курс ретінде келесі аргументтерді берген:
Егер кибернетиканы басқа ғылымға енгізсек, ол өзінің негізін жоғалтып
алады. Бұл оқушылардың кибернетика туралы білімін таяздатады. Сондықтан
кибернетиканы жеке оқу курсы ретінде енгізу керек. Кибернетика туралы
білімді басқа пәндерді де жалғастыруға болады.
1985 жылы мектеп курсына Информатика және есептеуіш техника негіздері
пәні енгеннен кейін, педагогикалық ғылымға жаңа старт берілді, оның
объектісі информатикаға оқыту болып табылды. Педагогиканың бұл бөлімі –
Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы және әдісі (информатика; білім дәрежесіне
байланысты) деген атау алды. Бұдан информатиканы оқыту теориясын және
әдістемесін информатиканы оқыту процесінің түгелдей облыстарына енгізу
керек. Біз жалпы білім беру жүйесіндегі орта мектеп бағдарламасындағы
информатика пәнін қарастырамыз.
Білім берудің жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі
өз алдына мынадай негізгі мақсат қояды:
- Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарын анықтау;
- Сәйкес жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау;
- Орта мектептің оқу жоспарында алатын орны;
- Информатиканы оқыту құралдарының жиынын қарастыру;
- Мұғалім жұмысында оларды қолдануға ұсынымдар жасау.
Басқа ғылымдар сияқты информатика да өз алдына мынадай үш сұрақ қояды:
1. Информатиканы не үшін оқыту керек?
2. Нені оқыту керек?
3. Информатиканы қалай оқыту керек?
Информатиканы оқыту әдістемесі ғылымы өте жаңа ғылым. Бірақ ол тақыр
жерден пайда болған жоқ. Себебі кейбір практикалық тәжірибелер оған дейін
болған, мысалы математикада логиканың кейбір элементтері оқытылады,
физикада және т.с.с.
Бұл пән ең алғаш педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына
1985 жылы кірді. Одан кейін кітап шықты. 1993 жылы Информатика мамандығы
шықты.
- Негізгі ақпараттық тәртіп бойынша оқыған оқушыларды білім мөлшерін,
ЭЕМ- да тәжірибелік жұмыс жүзіндегі білімін, қазіргі заманғы қолданбалы
бағдарламалар арқылы
- Негізгі ақпараттық желіні және телекоммуникацияны қамтамасыздандыру
үшін.
- Оқыту мекемелеріне және білім беру басқарма жүйесіне іс-қағаздарды
автоматтандыру құжаттамасын енгізу.
- Негізгі ақпараттық және коммуникациялық технология және мультимедиа
құралдарына оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін.
- Автоматтандыру процесін бақылау үшін керек оқыту шарасы, тестілеу
және психодиагностика арқылы түзету нәтижелерін қамтамасыздандыру.
- Педагогикалық жоспарды қамтамасыздандыру, жүзеге асыру және осыған
байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамту.
Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол
үкім шығарушы қоры негізінде өзінің жалпы педагогикалық негіздерін
қалыптастырады. Бірінші орында тұрған негіз: білім берудің адамгершілігі,
жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы,
тұлғаның дамуы; азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу. ҚР білім
беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы,
қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын
қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру. Мұның негізінде жалпы білім беретін
мектептердің негізгі міндеттері келесідей болады:
- Оқушылардың қоғамдық және өндірістік құндылықтарымен анықталатын білім
жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
- Ғылыми дүниетанымды, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті,
гуманистік құндылықтар мен идеалдарды, шығармашылық ізденісті
қалыптастыру;
- Халықтың ұлттық-мәдени қажеттілігін ескеріп оқушыларды тәрбиелеу;
- Жастарда азаматтық орынды, адамгершілік қасиетін, демократиялық өзін-
өзі басқаруға қатысуға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілігін дамыту [7,
28б].
Жалпы білім беретін мектептің ортақ мақсаттары үш негізгі топқа
бөлінеді: білім берушілік және дамытушылық мақсат, тәжірибелік мақсат,
тәрбиелік мақсат.
Мектептегі информатиканы оқытудың білім берушілік және дамытушылық
мақсаты, бұл – түрлендіру процесстерімен қоса әрбір оқушыға информатика
ғылымының бастапқы функционалды білім беру және осының негізінде оқушыларға
әлемдік ғылымның қалыптасуындағы ақпараттық процесстердің мағынасын ашу,
сонымен қатар қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиялардың және
есептеуіш техниканың рөлін түсіндіру.
Мектептегі информатиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты – оқушылардың
технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектепті бітіргеннен
кейінгі кәсіби білімі іскерліктерімен қаруландыру. Бұл информатика пәнінің
баланың ішкі дүниесімен, білімімен қатар оның тәжірибелік бағыттылығын
дамытатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл пән оқушыларды компьютерлік
техниканың және басқа да ақпараттық және қатынастық технологияларды
күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дайындау керек.
Мектептегі информатика пәні нақтылықты қажет етеді, өйткені ол
компьютермен жұмыс істеудегі негізгі құрамдас.
1.2 Дамыта оқыту технологиясы
ИЕТН курсының бірінші бағдарламасында оқытудың нақты мақсаттарының
бастапқы мінездемесі ретінде оқушылардың компьютерлік білімділігі (ОКБ)
хабарларды. ОКБ мектепке ИЕТН пәнінің енуімен бірге қалыптасты және бірден
мектеп дидактикасының жаңа ұғымдары қатарына тұрды. ОКБ мазмұнын
құрастыратын құрауыштарын келесідей топтастыруға болады:
1. Алгоритм, оның қасиеттері, оны сипаттаудың құралдары мен әдістері
туралы, бағдарламалау бір тіліндегі бағдарламалау негіздері туралы
ұғым;
2. ЭЕМ-ді қолданудағы тәжірибелік қабілеттері;
3. ЭЕМ құрылымы мен оның негізгі элементтерінің әрекет негізі;
4. Өндірісте және басқа да адам әрекетінің бөлімдеріндегі компьютердің
рөлі мен қолданылуы.
Аталған құрамдастар анализі келесіні көрсетеді, компьютерлік білімділік
(КБ) ұғымының пайда болуы алгоритмдік мәдениет (АМ) ұғымының кеңеюінің
нәтижесі. Мұны былай белгілеуімізге болады:
АМ КБ
ИЕТН курсының бірінші бағдарламасы енгеннен кейін мамандар мен
мұғалімдер арасында КБ ұғымының келесі қосымшалары пайда болды:
1. Компьютермен қатынаса білу. Қолданушылық деңгейде ДК-мен қатынасу бұл
– компьютерді жұмысқа дайындау, оны қосу мен сөндіру, дисплеймен жұмыс
істей білу. Мұнда ең қарапайым сервистік бағдарламалармен жұмыс істеу
де кіреді. Мысалы, тексттік, графиктік редактор, электрондық кесте
және т.б. Бұл білім мен іскерлікті кіші буындағы және мектепке дейінгі
оқушыларда да қалыптаса алады.
2. Компьютерде ең қарапайым бағдарламаларды жасау. Бағдарламалаушыларды
дайындау жалпы білім беретін мектептің мақсаты болып табылмайды, бірақ
ЭЕМ үшін бағдарламалаудың негізгі негіздерін түсіну білім беру
жүйесіне енуі керек. Бұл процесс созылыңқы және бірте-бірте іске
асады.
3. ЭЕМ жұмысының құрылымы мен негіздері туралы ұғым. Бұл
компонентте негізгі екі құраушы бөлінеді: а) ДК құрылымы және оның
негізгі құрылымдарының функциялары б) компьютердің негізгі элементтерінің
әрекет негіздері және физикалық негізі. Бұл құрамның өте қажетті
дүниетанымдық мағынасы бар, бірақ оқушылардың түсінуіне қиын болып келеді.
4. ЭЕМ-нің мүмкіншілігі және қолдану облысы, компьютермен жабдықтау
әлеуметтік жалғасы туралы оқушылардың ой өрісін дамыту. Бұл
құрамдастың қалыптасуы тек қана информатика курсының міндеті болып
табылмайды. ЭЕМ-нің ролі бірқатар оқу пәндерінде есептерді шығару
кезіндегі компьютерді тәжірибелік қолдануда көрінеді. Есеп шығарғанда,
ол ЭЕМ-нің барлық негізгі салаларын қамту керек [9, 39б].
КБ ұғымы күні бүгінге дейін әдістемелік әдебиетте белсенді жұмыс
істеуде. КБ-нің жоғарыда көрсетілген 4 құрамдасы құрылымы, 4 кілтті сөздің
жиынымен белгіленуі мүмкін: қарым-қатынас, бағдарламалау, құрылым, қолдану.
Бас кезіндегі информатиканы тек қана екі жоғарғы сыныпқа енгізу
бағдарлама авторларына байланысты емес, ол – математикалық қордың
жоқтығына, мұғалімдік кадрлардың дайын еместігіне, сонымен қатар барлығының
да информатиканың мектептің оқу жоспарына кіруіне дайын еместігіне
байланысты болды. Ресей Білім Министрлігінің 22.02.95 ж. №41 шешімі
бойынша орта буынға да информатика курсы енді. Бұл құжат бойынша,
анықталған мақсаттары бар, 11 жылдық мектепте информатика үш сатылы құрылым
ретінде кірді:
Бірінші саты (І-ҮІ класстар) - пропедевтикалық. Бұл сатыда математика,
орыс тілі және басқа да пән сабақтарында ақпараттық мәдениеттің алғашқы
элементтері қалыптасады;
Екінші саты (ҮІІ-ІХ класстар) – негізгі курс, оқушыларды информатикаға
дайындауда жалпы білім беру типологиясымен қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың
есеп шығарудағы информатикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін меңгеруге,
компьютерді өзінің оқу, одан кейін кәсіби әрекетінде пайдалануына
бағытталған;
Үшінші саты (Х-ХІ класстар) – білімді информатика облысында профильдік
оқыту ретінде жалғастыру.
Ресей білім Академиясында ғылыми бағыт шегінде жалпы білім мазмұнына
негіздік кибернетикалық білімді анықтау және қамсыздандыруға көп көңіл
бөлінеді. Бұл негіздік кибернетикалық білім, көптеген ғалымдардың ойынша
мектеп информатикасы пәнінің негізін құру керек. Жалпы білім беретін
мектептерге мұндай білім мазмұнын енгізгеннен кейін, информатика пәніне
келесі мақсаттар қойылады:
1. Ғылыми дүниетанымның негізін қалыптастыру. Мұнда ақпаратты ғылымның
негізгі үш ұғымының бірі ретінде ой түйсіндіру керек.
2. Ақпаратпен жұмыстың жалпы білім және жалпы мәдени іскерлігін
қалыптастыру. Мұнда ақпарат көздерімен дұрыс пайдалана білу, ақпарат
нақтылығының негізі, ақпарат пен білім қатынасы, ақпараттық үрдісті
дұрыс ұйымдастыра білу, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау қарастырады.
3. Оқушыларды келешек мамандық әрекетінің өзгеруіне және экономикадағы
ақпараттық сектордың өсуіне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен
айналысатын әрекеттің әр түрлеріне дайындау қажет. Бұл ақпараттық
құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеру болып табылады.
4. Үздіксіз білім беру жүйесіне өтудің шарты ретінде ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды меңгеру [10, 62б].
Мұндай дайындықтың қажеттілігі үздіксіз білім берудің ерекшеліктерінен
шығады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың
негізгі курстың ішінде 9-сынып, себебі информатикадан білім беру жобасының
стандарты бойынша, информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті
жалпы білімдік минимумын қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беру стандартының 9-сынып информатика пәнінің құрылымына
сәйкес, біз информатиканы оқыту әдістемесінің келесі сұрақтарын
қарастырамыз:
1. Алгоритмдеу және программалау
2. Формалдау және модельдеу
3. Желілік ақпараттық тахнология
Бұл бағыттар білім берудің негізгі элементі болғандықтан,
информатиканың негізгі курсы жалпыға түсінікті болу керек. Яғни, біріншіден
негізгі курстың теориялық материялы оқушылардың даму және білім деңгейіне
сай болу керек.
Екіншіден жалпы білім беру мектептеріндегі оқытуды қамтамасыз ететін
барлық қажетті компоненттер болу қажет.
Алгоритмдеу және программалау бағыты
Алгоритмдеу бағытының стандарттық жобасы және міндетінің мазмұны мына
тізбектер арқылы анықталады: алгоритм, алгоритм қасиеттері, алгоритмді
орындаушылары, орындаушының бұйрық жүйесі, алгоритмді орындау түрі, негізгі
алгоритмдық конструкциялар, көмекші алгоритмдер.
Мектептік жоспар бойынша информатика пәнінде алгоритмдеуді оқытудың екі
мақсаттық аспектісі бар:
Бірінші - дамытушы аспект, оқушылардың алгоритмдеуді меңгере дамуы.
Екінші - программалық аспект, ЭЕМ үшін программа құру, алгоритм құрудан
басталады.
Кәсіптік бағдарламалық білімдік сапасы – алгоритмдіқ ойлау қабілетінің
кең дамуы болып табылады. Бастапқыда айтылған екі аспектіні талдайтын
болсақ; Бірінші аспект информатика курсының іргетасты құрамдасы болып
табылады. Онда оқушылар бағдарламалық тілдердің жоғарғы деңгейлі
екендігімен, жаңа үлгідегі бағдарлама құру жобасымен танысады. Соның
арқасында оқушылар “трансляция” (эфирге шығару) деген түсінікті қабылдайды.
Екінші аспект профориенталдық мінездемені негіздейді. Программист мамандығы
қазіргі уақытта кең жайылған және танымал. Мектеп қабырғасындағы
бағдарламалады оқыту, оқушылардың өз білім деңгейін тексеруге және
бағалауға көмектеседі. Бұл әсіресе, жоғарғы сыныптар және информатика курсы
тереңдетіліп оқылатын сыныптар үшін қолайлы әдіс. Формальдау және
модельдеу бағыты
Формальдау және моделдеу бағыты білім мазмұнының минимумында бар. Бұл
бағыттың мазмұны келесі ұғымдармен анықталады: модельдей білу әдіс ретінде,
қалыптасу, математикалық және ақпараттық модельдер, ақпараттық модельдеу,
ақпараттық модельдердің негізгі типтері. Модельдеу бағыты информатика
курсының теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық модельдеу
информатиканы оқытудың пәні болып табылады. Ақпараттық модельдеу өз алдына
келесідей бөлінеді:
- объектілер мен процесстерді модельдеу;
- Білімді модельдеу.
Білімді модельдеу жасанды ақыл-ой тақырыбы объектілер мен процестер
түсіну формасы бойынша классификацияланады. Бұл белгісі бойынша модельдер –
графикалық, вербальді кестелік, математикалық, объектілі-ақпараттық болып
бөлінеді.
Желілі ақпараттық технология
Компьютерлік телекомуникация - ақпараттық технологиядағы дамыған
облыстардың бірі. Берілген базалық курс бөлім келесі педагогикалық мақсатты
қамтыған тізімде бейнеленген:
1. Жергілікті және ғаламдық желілердің міндеті және құрылымы
жөнінде түсінік беру;
2. Оқушыларды Internet – тің мүмкіндіктерімен желілердің ақпараттық
түрінде қолдану түрлерімен таныстыру;
3. файлдарды компьютерлік класстағы жергілікті желіде ауыстырып
үйрету;
4. Internet –тен ақпарат іздеу тәсілдерімен таныстыру.
Компьютерлік желі 2 – ге бөлінеді:
- жергілікті
- ғаламдық.
Сонымен, мектеп информатикасы курсындағы тәрбиелік мақсат, бұл –
оқушылардың есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың қоғам
дамуындағы мүмкіндіктері мен рөлін түсіндірулері. Мектептегі информатика
курсының оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасына әсері - ақпараттың ғылым
негізін салушы 3 ұғымның : зат, қуат, ақпарат бірі ретінде түсінігінің
қалыптасуымен анықталады. Информатиканы оқыған кезде оқушыда ой еңбегінің
мәдениеті және жалпы адами мінездемесі қалыптасады, яғни мақсаттылық,
бағыттылық, өз ісіне жауапкершілік, белсенділік және т.б.
2 ОҚУ ҮРДІСІН ТҮРЛЕНДІРІП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР
2.1 Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Педагогикалық іс-әрекеттің әрқашан да мақсаты бар. Осы мақсатты іске
асыру үшін педагогикалық жобалау қолданылады. Педагогикалық жобалау
терминін ғылыми айналымға А.С. Макаренко енгізді: Тұлғаны тәрбиелеу өнімі
ретінде жобалау қоғамның тапсырысы негізінде өндірілуі қажет.
Педагогикалық жобалау – педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудағы
бастапқы кезеңі. Қажетті адамдарды арнайы сапаларға ие болатындай
тәрбиелеуге болмайды.
Қазіргі заман шарттарында педагогиканың алдында мақсат қойылған: есейіп
келе жатқан ұрпақты ақпараттандырумен байланысқан қазіргі қоғам дамуының
сапалы жаңа қезеңіне белсенді енгізуіне дайындау және тәрбиелеу. Осы
мақсатты жету – яғни қоғамның саяси тапсырысын орындау.
Ақпараттық қоғамдағы тіршілік әрекет ерекшеліктері есейіп келе жатқан
ұрпақты дайындауда шығармашылық белсенді болу қажеттілігін анықтайды.
Сондықтан педагогикалық жобалаудың негізгі идеясы оқытуды дамытатын,
оқытылатын тұлғаны дамыту идеясы болып табылады. Педагогикалық процессте
информатиканың әдістері мен құралдарын қолдану мектеп оқушылардың әлеует
шығармашылығын дамыту үшін қызмет етеді, өзінің іс-әрекет нәтижелерін
болжамын іске асыра білуін қалыптастыру, тапсырманың іздеу жолдарының және
шешу технологиясының стратегиясын жасау. Ол үшін қоғамның жаңа мүшесі
ақпараттық мәдениетке ие болуы қажет.
Ақпараттық мәдениет адамның жалпы мәдениетінің құраушысы болып
табылады. Ғылыми-техникалық прогресс және ақпараттық технологияның пайда
болуы тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігін анықтады.
Ақпараттық қоғам қалыптасқан кезде адамдарды үлкен көлемді ақпаратты жылдам
қабылдауға және өңдеуге дайындау, олардың жұмыстың қазіргі құралдарды,
әдістерді және технологияларды басып алу. Адам ақпаратпен сөйлеу
мәдениетінің нақты деңгейіие болу міндетті. Адамның информатика әлеміне
қатынасының үш деңгейін бөліп алуға болады: компьютерлік білгіштік
(компьютермен және сандық техникамен бастапқы танысуы), компьютерлік
сауатталық және ақпараттық мәдениет.
Компьютерлік сауатталық – бұл жаңа ақпараттық технологиялар
құралдарымен жұмыс жасай білу, жиі айтқанда, қандай да бір әмбебап таралған
программалық тілінде программаны жаза білу.
Ақпараттық мәдениет – ақпарат және оны үшін қолдану мақсатымен жұмыс
жасай білу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды хабарлау және
өңдеу, қазіргі техникалық құралдар және әдістер.
Ақпараттық мәдениет адамның саяси табиғатымен сабақтас. Ол адамның
алуан шығармашылық қабілет өнімі болып табылады, осылайша көрінеді:
- Техникалық құрылғыны қолдану бойынша нақты дағдыда (телефоннан дербес
компьютер және компьютерлік желіге дейін);
- Өзінің іс-қимылында көптеген программалық өнімдердің базалық құрамы
болатын ақпараттық технологияларды қолдану қабілетінде;
- Алуан түрлі дерекнамалардан ақпараттарды жинай білуінде: периодты
баспалардан, электронды коммуникациялардан, оны түсінікті түрде тапсыру
және оны тиімді қолдану;
- Алуан түрлі ақпаратпен жұмыс жасай білуінде;
- Өзінің іс-әрекет облысында ақпараттық ағымдардың ерекшеліктерін
білуінде [11, 433б].
Адамның ақпараттық мәдениетінде маңызды құрамдасы мақсаттарды
қалыптастыру және тандай білу болып табылады, сонымен қатар, тапсырмалардың
қойылымын жүзеге асыру, оқытылатын процестер мен құбылыстарға ақпараттық
модельдер құру; автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің көмегімен
ақпараттық модельдерді талдау және алған нәтижелерді түсіндіру; қабылдайтын
шешімдердің зардаптарды болжау және сай келетін қорытынды жасау; оқытылатын
процестер және мәліметтер қор құбылысын талдау үшін жасанды интеллект
жүйелерін және басқа да ақпараттық технологиялар білімдерін қолдану.
Осындайда мәліметтер және білімдерді ретке келтіруді, жүйелеуді және
құрылымдауды, мәліметтер және білімдерді ұсыну әдістерін, ақпараттық
модельдеу мәнін түсіне білу маңызды.
Ақпараттық мәдениет өзіне оны дамытуға және белгілі бір іс-әрекетке
бейімдеуге жағдай жасайтын білімдерді тандайды (кибернетика, информатика,
ақпарат теориясы). Ақпараттық және коммуникационды технологиялар білімі
ақпараттық мәдениеттің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады және оларды
рутиндік операцияларды автоматтандыру үшін қолдана білу.
Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру педагогикалық іс-
әрекеттің маңызды мәселесі болып саналады.
Білім беру ақпараттандыру оқытылатын пәндердің, қызығушылығы бойынша
оқудан тыс сабағының, кәсіби дайындығының мағынасына әлді әсер етеді.
Қоғамды ақпараттандыру өлшемі бойынша білім беру мазмұнынын өзгеруі
бірнеше бағыт бойынша жүреді [1, 13б].
Бірінші бағыты оқушылардың информатика облысында жалпы білім беру және
кәсіби дайындықты қамтамасыз ететін оқытылатын пәндерінің қалыптасуымен
байланысты.
Екіншісі – адам іс-әрекетінің барлық облыстарында норма түрінде
қолданылатын информатика әдістері мен жағдайларының кеңейтілуі.
Үшінші бағыт ақпараттандырудың оқыту мақсаттарына тереңдетілген түрде
әсер етумен байланысты. Ол ақпараттық-компьютерлік революцияның дамуымен
байланысты, сол сияқты ақпараттық үрдіспен және болашақ ұрпақтардың пайда
болуымен.
Білім беру облыстарының стандарттары ақпараттық технологияларды
қолданудың педагогикалық мақсаттарын ескерумен жасалуы керек.
Бірінші мақсат – оқушы тұлғасының дамуы, оның ақпараттық қоғам
шартындағы өмірге дайындығы.
Екінші мақсат – ақпараттық технологияларды қолданушылар мен информатика
облысындағы мамандарды дайындау.
Үшінші мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің барлық деңгейінің
интенсификациясы: оқыту сапасының және эффективтілігінің жоғарылауы,
пәнаралық байланыстардың тереңдетілуі.
Педагогикалық жобалаудың қиын және үлкенкөлемді үрдісінде білім беру
стандарттары басты рольді атқарады.
Біріншіден, олар мұғалімдерді алқындыру педагогикалық іс-әрекеттегі
ақпараттық технологияларды қолдануға бағыттайды. Білім беру стандарттары
мұғалімдердің және тәрбиешілердің жекелік жоспарлауы үшін, сол сияқты оқыту-
тақырыптық жоспарлар мен сабақ жоспарлары үшін ағымдық құжаттары болып
келеді. Білім беру стандарттарының негізінде педагогикалық іс-әрекетте
қолданылатын ақпараттық технологиялардың түрлері анықталынады. Олар:
1) ақпараттық технологияларды оқыту процестерін жасау үшін (олардың
эффективтілігі мен сапасының жоғарылауы үшін) қолдану.
2) ақпараттық технологияларды оқушы тұлғасының дамуы үшін қолдану.
3) ақпараттық технологияларды коммуникациялар үшін қолдану.
4) Ақпараттық технологияларды оқытудың тәжірибелік-зерттеушілік іс-
әрекеті үшін қолдану.
Екіншіден, білім беру стандарттары жеке сабақтардың құрамын анықтайтын
оқыту-әдістемелік материалдарды жасау үшін ағымдық болып келеді.
Білім беру стандарттары да, оқыту-әдістемелік материалдар да мұғалімдер
мен оқушылардың қолданатын ақпараттарымен және білімдерімен толықтырылады.
Мұғалімнің педагогикалық шешім қабылдауы ерекше педагогикалық деп
аталатын ақпаратты жасау мен алу негізінде жасалады.
Педагогикалық ақпарат – педагогикалық білім мен фактілердің арасындағы
тәуелділік. Оған кіретіндер:
- оқыту және тәрбие мақсаттарын анықтайтын мемлекеттік нормативті
құжаттар;
- педагогикалық іс-әрекеттің құрамын, жағдайлары мен әдістерін
анықтайтын ғылыми концепциялар;
- оқушылардың меңгеруіне арналған оқытушылық, ғылыми, өндірістік,
эстетикалық, экологиялық және т.б. білімдер.
- Ұжымдық және тұлғалық диагностика негізінде алынған ақпарат;
ұзақмерзімді болжам үшін берілген педагогикалық жүйелер анализі;
Педагогикалық ақпарат мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Біріншіден, актуальділік талабы. Ақпарат, оны қолдану кезінде бағалы
болуы керек.
Екіншіден, анықтық талабы. Ақпарат нақты объектілерді көрсетуі керек.
Үшіншіден, көрсету талабы. Ақпарат педагогикалық объектілер
қасиеттерінің нақты көрсетілуі үшін дқрыс алынуы және құрастырылуы керек.
Төртіншіден, толықтылық талабы. Ақпарат педагогикалық шешімнің дұрыс
қабылдануы үшін мәліметтердің минималды, бірақ жеткілікті жиынтығына ие
болуы керек.
Бесіншіден, құрамдылық талабы. Ақпарат педагогикалық объект жөніндегі
мәліметтердің барлық жиынтығын көрсетуі керек.
Алтыншыдан, оперативтілік талабы. Ақпарат, оның мінездемесінің
өзгеруіне байланысты оперативті түрде жаңартылып отыруы тиіс.
Қазіргі кездегі педагогикалық іс-әрекетті ақпараттандыруда
педагогикалық ақпарат белсенді түрде қолданылады, өңделеді және ақпараттық
технологиялар көмегімен тасымалданады.
Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекетінің барлық жағына әсер ететін
ақпараттық білім беру ортасының қалыптасуы жасалынады.
2.2 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту
Информатиканы оқытуда ойын, білімнің дидактикалық бірліктерін
ірілендіру, зерттеу, ақпаратты-коммуникациялық және тұлғалық-бағдарлы,
ынтымақтастық және жобалау технологияларын қолдану жоспарланады.
9-сыныпта балалардың танымдылық белсенділігін арттыру үшін ойын
технологиясын пайдалану жалғастырылады, дидактикалық ойындарды қолдану
жиілігі біртіндеп кемиді, ойын іс - әрекеті оқыту іс-әрекетіне ұласады.
Төртінші сыныпта алгоритмдерді сипаттау, құрастыру және талдау,
нысандар арасындағы қатынастарды тағайындау және оларды график түрінде
кескіндеу; заттарды біріктіру және жіктеу; қарапайым алгоритмдерді табу
және оны салу; логикалық есептер мен заңдылықтарды іздестіруге бағытталған
есептерді шешу; ұқсастығы бойынша шешімді табу; логикалық қорытындылар
тізбегін түзу қажеттігі туындайтын жұмыстар жалғастырылады да зерттеу
біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді [12, 73б].
Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы танымдық қабілеттерді, ақыл-ой іс
- әрекет тәсілдерін дамытуға және жетістікке жету жағдаятын туғызуға
септігін тигізетін өзіндік жұмыстары әр түрлі деңгейдегі шығармашылық
тапсырмаларды орындау барысында іске асырылады.
Ілгері жаңалықтар мен жаңа технологияларға толы ақпараттық қоғамда
жаңаша ойлау стилін қалыптастырудың әлеуметтік маңызы зор. Көрнекі-бейнелік
ойлаудан сөздік-логикалық ойлауға көшу, қабылдаудың, талдау және саралау
сипатына ие болуы, жадының жетілдірілуі 3-сыныпта зияттың қарқынды
дамитындығын білдіреді.
Жобалау әдісі оқушылардың тұрмыстық мәселелермен және оларды шешумен
байланысты білім беру жағдаяттарын жасақтауға мүмкіндік беретін
құзыреттілікке бағдарланған пәндік тапсырмаларды, жеке және топтық
жобаларды орындау арқылы іске асырылады.
Информатиканы оқыту математика, ана тілі, сурет, еңбек, ән, қоршаған
орта сияқты пәндермен интеграцияланған жеке пән шеңберінде өткізіледі.
Информатиканы оқыту үрдісінде оның әдістері мен құралдары тілдің,
математиканың, музыканың және әдебиеттің түсініктерімен табиғи байланыста
болады, яғни балалардың жалпы білім беретін пәндерден алған білімдерін оқу
мен бекітуде нақты материалдардың шектесуін көрсетеді. Бағдарламаның
негізгі құрылымдарының бірі интегративті жобалар болып табылады, оның
барысында курс материалын оқу мен белсенді меңгеруі болады.
Ақпараттық оқыту ортасы – бұл педагогикалық объектілер мен олардың
арасындағы байланыстар, педагогикалық ақпараттың жиналуы, көрсетілуі,
өңделуі, таралуы мен берілімінің жағдайлары мен технологиялары, оқыту
білімдері мен педагогикалық білімдер, сол сияқты, педагогикалық жүйелердегі
ақпараттық процесстердің жасалуын қамтамасыз ететін инфрақұрылым.
Ақпараттық ортаны ерекше бөліп алуға болады, оның негізінде оқыту
пәндерінің процесі жүргізіледі. Мұндай ортаның қызмет істеуі үшін оқыту
жағдайларының жүйесі қажет. Ол техникалық және дидактикалық жағдайлардан
тұрады. Оқытудың техникалық жағдайлары дәстүрлі жағдайлар және жаңа
ақпараттық технологиялар жағдайлары болып екіге бөлінеді. Бірінші түріне
кіретіндер:
- аудиотехника (магнитофондар мен проигрыватель),
- проекциялық техника (диа- және эпипроектілер, графопроектілер мен
кинопроектілер),
- теледидар техникасы,
- бейнетехника.
Жаңа ақпараттық технологиялар жағдайларына кіретіндер:
- дербес компьютерлер,
- мультимедиа-жабдықтары (дыбыстық және бейнеплаталар, акустикалық
жүйелер, компакт-дискілердің проигрывательдері, дыбыс енгізу және
бейнеақпарат құралдары және т.с.с.),
- мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу-шығару құралдары
(дигитайзерлер, сканерлер, принтерлер, плоттерлер және т.с.с.),
- оқу жұмыстары,
- компьютерлік лабораториялар,
- хост-компьютерлер және таратылатын ақпараттық ресурстары бар
серверлер,
- жергілікті есептеуіш тораптар
- Интернетке шығу құрылғысы
- Проекциялық құрал-жабдықтар (бейнепроекторлар, үлкенэкранды
мониторлар, плазмалы панельдер және т.б.).
Дидактикалық құралдар оқыту ақпараттарының тасымалдаушылары болып
табылады және басқа техикалық құралдармен бірлесе пайдаланады.
Дәстүрлі техникалық құралдармен аудиожазулар, диафильмдер,
диапозитивтер, проекциялық жылтыр объектілер (фотосуреттер, суреттер
иллюстрациялар, т.б.), транспаранттар, кино және бейне фильмдер бірге
пайдаланылады [13, 39б].
Жаңа информациялық технологиялардың дидактикалық құралдары дегеніміз –
бұл компьютерлік программалар. Оны оқытуда педагогикалық программалық
құралдар, бекітілген программалық құралдар және таратушы информациялық
ресурстар қолданылады.
Педагогикалық программалық құралдар – бұл белгілі оқыту технологияларын
жүзеге асыратын компьютерлік құралдар. Оларға демонстрациялық программалар,
программа-жаттықтырушылар, бақылаушы программалар және т.б. жатады. Кешенді
педагогикалық іс-әрекеттестікті жабдықтаушы программалар электронды
оқулықтар деп аталады.
Бекітілген программалық құралдар – бұл информацияларды өңдейтін белгілі
технологияларды жүзеге асыратын компьютерлік программалар. Оларға мәтіндік
редактор, музыкалық редактор, графикалық редактор, электронды таблицалар,
базалық мәліметтердің басқару жүйесі жатады.
Информациялық таратылатын ресурстар – бұл таратылатын оқыту
информацияларын сақтау мен оларға қосылуға мүмкіндікті тудыратын
ұйымдастырушы қамтамасыз етуші компьютерлік программа. Оған компакт-
дисктердегі, мәліметтер базасындағы, жергілікті есептеуіш торабындағы
серверлерде, web-беттерде, Интернет желісіндегі хост-компьютерлерде
орналасқан электронды энциклопедиялар мен анықтамалар жатады.
Мұндай оқыту құралдары бар жүйені пайдаланудағы педагогикалық
қызметтердің өзіндік ерекшеліктері бар. Оған компьютер көмегін пайдалана
отырып өңдеу процестерін автоматтандыру мен педагогикалық ақпаратты
жеткізу; информациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың шығармашылық
ой-өрістеріне орай экспериментальді-зерттеулер ұйымдастыру; оқушылардың
жеке және топтық оқыту кезіндегі өздігімен үлкен жұмыс жасай білуі жатады.
Оқыту құралы, сонымен бірге жаңа информациялық технологиялар базасындағы
қызмет ететін құралдар көбіне оқу-әдістемелік материалдарымен оқыту-
әдістемелік комплектісін құрады.
Оқыту-әдістемелік комплектісіндегі педагогикалық программалық
құралдарды (ППҚ) ерекшелеп алған жөн. ППҚ-ларды пайдалану кезінде қолдануға
болатын маңызды әдістемелік мақсаттарды атап өтсек:
1. Оқыту процесін оның программалану кезеңдері есебінен және оның
алгоритмдерін анықтау арқылы тұлғаландыру мен диференциациялау.
2. Жедел қайтарымды байланыс және қате диагностикасымен оқыту
әрекетіне бақылауды жобалау, нәтижеге баға беру.
3. Оқушының өзіндік бақылауы және өзіндік түзетуі.
4. Материалды қайталай программалау есебінен оқушының жаттығуы.
5. Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері арқылы образды және
көрнекі оқыту информацияларын ұсыну. Зертеліп жатқан құбылыстар мен
процестерді моделдеу мен имитациялау (химиялық, биологиялық, физикалық және
т.б компьютерлік эксперименттер).
6. Оқыту информациясын эсперименттау мүмкіндігі арқылы, тапсырманы
шешудің бірнеше нұсқаларын қарау, нақты іс-әрекеттен бас тарту есебінен
оқушының пайымдауын дамыту.
Педагогикалық программалау құралдарының өзіндік типологиясы бар. Ол
оқыту процесінде ППҚ-ның пайдалану кезіндегі әдістемелік мақсатын
білдіреді.
1. Демонстрациялық программалық құралдар. Әдістемелік міндеті – оқу
материалының көрнекілігін таныстыру, зерттеу объектілерінің арасындағы
өзара байланыс визуалдылығы.
2. Программалық құралдар-жаттықтырушы. Әдістемелік міндеті – ептілік
пен машықты жасау, өзіндік дайындауды қамтамасыз етуші. Өткізілген
материалдың қайталанған немесе бекітілген кезінде пайдаланылады.
3. Бақылаушы программалық құралдар (оқу негізіндегі компьютерлік
тестер). Әдістемелік міндеті –оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау
немесе өзіндік бақылау.
4. Информациялық-анықтамалық программалық құралдар. Әдістемелік
міндеті–информацияны жүйелендірудегі ептілік пен машықты қалыптастыру.
Қажетті оқу информациясын іздеу мен таңдау мүмкіндіктерін ұсынады.
5. Оқыту программалық құралдары. Әдістемелік міндеті – біліктілікті
хабарлау, ептілік пен машықты қалыптастыру және өздік оқу материалын
қажетті деңгейін жасау [14, 19б].
Сонымен, оқу-әдістемелік комплекті – бұл оқу материалдарының
программалық-әдістемелік, көрнекі құралдардың, оқу құрал-жабдықтарының,
оқытудың техникалық құралдары, жаңа информациялық технологиялар құралдары,
педагогикалық программалық құралдардың, оқытушылық процесіндегі және оқу
курсында кеңінен қолданылатын жиынтық. Мұндай комплектілердің құрылуы, әр
пәнге сай материалдардың жиналуы және олардың әрбір мектеп пен сыныптарда
болуы – оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік
жарақталу негізі, сондай-ақ оның бар болуының дәлелі.
Шығармашылық жұмыс жасаушы мұғалімдер мен мектептер біртұтас өзіндік
оқу материалдарын, байытылған және қосымша оқу-әдістемелік комплектісін
құрулары шарт. Педагогикалық программалық құралдарды жасауда ең біріншіден
программалы-әдістемелік құжаттамаларды өңдеу қажет, сондай-ақ сценарий да
ең бір маңызды бөлшек.
Программалардың сценарийлерін құруда педагогикалық программалық
құралдарға қойылатын әртүрлі талаптарды есепке алған жөн. Педагогикалық
талаптар ең негізгісі болып табылады.
ППҚ-ға ұсынылған педагогикалық талаптарды қарап көрелік.
ППҚ-ның ғылыми мазмұны талаптары ғылыми кепіл бере алатын куәліктерді
ұсынуды қажет етеді. Қосылу талаптары оқу материалы, оқу іс-әрекеттерінің
формасы мен әдістері оқушылардың даярлық деңгейлері мен олардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келуді қажеттейтінін білдіреді. Бейімдеу талаптары
оқушыға жеке ыңғаймен қарауға болжам жасап, оқу материалдарында оның жеке
мүмкіндіктерін есепке алады. ППҚ-дағы бейімделуді көрнекі құралдарың
түрлілігімен, оқу материалдарындағы дифференциациялардың бірнеше деңгейлері
арқылы, көлем және мазмұн арқылы қамтамасыз етуге болады.
Жүйелендіру мен бірізді оқыту талаптары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz