Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері


Мазмұны
Кіріспе 3-4
I. XVIII - XIX ғғ. шендеріндегі Қазақстанның экономикалық дамуы
1. 1 ХVІІІ ғ. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылық жағдайы 5-8
1. 2. Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі мен даму процестері 8-12
II. Патша үкіметінің аграрлық отарлау саясаты және дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруі
2. 1. Қазақ қоғамының дағдарысы және көшіп-қону жүйесінің өзгеруі 13-16
2. 2. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның салдарлары 16-23
III. Өлкедегі әлеуметтік-демографиялық жағдай
3. 1. Өлкенің әлеуметтік құрлымы және оның өзгеруі 24-26
3. 2. Патша үкіметінің саясатындағы ұлт мәселесі 26-28
Қорытынды 29-30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31-32
Кіріспе
Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
XVIII-XIX ғасырларда қазақтардың жерлерін жаппай басып алудан, салық салуды жəне əр түрлі монополияларды енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты. Осындай шаралардың жиынтығы, сайып келгенде, патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатында, бір жағынан, қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйенді.
Курс жұмысының мақсаты: XVIII және XIХ ғасырлардағы Қазақ хандығының экономикалық және әлеуметтік тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, қамтып отырған жерлерiн анықтау, жалпы ерекшелiктерiн саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Тарихи естеліктерге және жаңа оқу құралдарына сүйеніп, Қазақ хандарының ресейге қосылуына дейінгі және кейінгі өмірін және даму тарихын зерделеу.
2. XVIII және XIХ ғасырлардағы гоесаяси жағдайын түсіндіріп беру.
3. Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі мен даму процестерін баяндап беру.
4. Ресей мен Қазақ хандығының екi жақты байланыстардың қалыптасып, мүдделерiнiң өзара үйлеспей отырғандығын негiздеу
5. Патша үкіметінің аграрлық отарлау саясаты және дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруін саралау.
Курс жұмысының өзектiлiгi: XVIII және XIХ ғасырлардағы Қазақ хандығының экономикалық және әлеуметтік тарихы.
Мұндай зерттеудiң маңыздылығы барысында елдердiң бiр-бiрiнiң экономикалық, саяси дамуындағы мақсаттарға жетуiнде тигiзетiн әсерiн күшейтудiң нәтижесiнде байқауға болады.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Берілген тақырып бойынша мектептегі тарих және факультатив сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға болады. Жоғарғы оқу орындарында элективттік курс ретінде оқытушының студентпен өзіндік жұмыстары және студенттің өзінді жұмыс тапсырмаларын орындауға, баяндамалар жазуға пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: XVIII және XIХ ғасырлардағы Қазақ жерінің жалпы әлеуметтік, экономикалық және саяси ахуалын талдап зертеулер жүргізу.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: халықаралық қатынастардағы оқиғалар мен соғыстардың алғы-шарттары, себептерi, салдары болатындығын және олардың тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Курстық жұмыс тақырыбы бойынша XVIII ғасырдың басымен XIX ғасырдың ортасындағы тарихи тұрғыдан зерттелген.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Курстық жұмысты орындау барысында тарихилық және объективтілік қағидаларды, тарихи-салыстырмалы әдістерді, талдау әдістері қолданылған.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі: XIX-XX ғасырлар бойында қалыптасқан қазақ -ресей қатынастары жөнінде жекеленген тақырыптарда көптеген еңбектер жарық көрген. Қазақтың дана ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов «Шығармалар жинағы» атты еңбегінде қазақтар ХІХ ғасырдың орта шенімен салыстырғанда ХVІІІ ғасырда әлдеқайда бай болған деп санайды: «Сібір қазақтары сыртқы приказдар құрылғанға дейін байырақ болған, бұл - титтей де күмән келтірмейтін факт: өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Орынбор және Сібір шептеріне айдап әкелінген малдың саны мен 20-30 жылдардағы ресми есептеулерге көз салудың өзі жеткілікті. Осы соңғы дәуірде 10 мың үйір жылқысы болған қазақтар аз болмаған» [1, 201 б] .
Көшпенділер тарихы «Ақиқат» журналынан 60-90 жылдардағы патшалы Ресейдің қазақ жерінде ХІХ ғасырда жүргізген территориялық-әкімшілік өзгерістердің дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымына ықпалы Б. С. Сүлейменовтың, С. З. Зимановтың еңбектерінде жүйелі түрде зерттеле бастады. С. З. Зимановтың зерттеулерінде ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстанның саяси құрылымының жағдайы және оның өзгеріске ұшырауы, хандық билік кезіндегі және хандық билік жойылғаннан кейінгі жергілікті басқару ұйымдарының құрылымы, әлеуметтік топтардың жіктелісі терең талданады [2, 45 б] .
Шонанұлы Т. «Жер тағдыры - ел тағдыры» және Ерниязов Т. М., Ақиқат «Патша өкіметінің көші-қон саясаты» атты еңбегінен көші-қон саясатына және қоныс аудару саясатына байланысты терең үлгідегі материалдарды қолдандым.
Курстық жұмыс құрылымы: жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сiлтемелерден, деректер мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
I. XVIII - XIX ғғ. шендеріндегі Қазақстанның экономикалық дамуы
1. 1 ХVІІІ ғ. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылық жағдайы
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері баяу дамыды, өндірістік қатынастар патриархаттық - феодалдық қатынаста. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі) -көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
Сөйтіп, қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен роль атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған калалар құлдырап кетті.
Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылық қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын қатаң бір формуламен және бәлгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға болмайды. Онда елеулі өзгерістер болмағанына қарамастан, дегенмен оның түрлері сан алуан болды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен салыстырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық дамуының барысы сауда көлемінің біртіндеп өсе түсуімен және сайып келгенде рынокқа тәуелділігімен анықталады. Зерттеліп отырған уақытта қазақтардың шаруашылығында болған елеулі өзгерістер - солтүстіктегі көршінің неғұрлым дамыған экономикасы ықпалының нәтижесімен жүзеге асты.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың жартысындағы шаруашылық дамуының негізгі сыртқы өлшемдері мынадай ерекшеліктерден көрінеді.
Соның алдындағы дәуірлерден айырмашылығы жер қатынастары жүйесінде көшпелі қауымдар анықталуының үдемелі үрдісі жүріп жатты, қазақтрдың отырықшылану үрдісі күшейеді. ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде оңтүстікте қалыптасқан шаруашылық күйзелісі содан соң солтүстік-батыс және солтүстік Қазақстан аумағына да таралады. Көшпелі топтардың ішінара отырықшылануы кейіннен Орта Азияда «құрама» үлгісіндегі кіші этникалық топтардың қалыптасуына және әр түрлі рулардың араласуына әкеп соқты. Қазақтар шаруашылығының даму сарыны айырбас саудаға негізделді.
ХVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақтардың оңтүстіктегі қысқы қыстаулардан солтүстік жаққа ауысуына байланысты сауда Ресей шекарасына қайта бағдарланды.
Сонымен бірге аумақтық байланыстар баяу дамиды. Жаңа құбылыстар экономикалық өмірде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орныға бастады. ХVІІІ ғасырдың бүкіл өндірісінің негізі бұрынғысынша көшпелі мал шаруашылығы болып қалады. ХVІІІ ғасырда дәстүрлі егіншілік пен қалалардың рөлі зор болды. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметінің түрлі салаларының үйлесімді ұштасуы қазақ қоғамы дамуының дәрежесімен анықталады. Қазақ қоғамының материалдық негізі бола отырып, шаруашылық укладтары қазақ қоғамының әр түрлі әлеуметтік-саяси құндылықтары мен институттарын белгілеп берді.
Көшпелі тұрмыс салтының өкілдері бола отырып, қазақтар сонымен бірге егіншілік және қолөнершілік кәсіптерін тоқтатқан жоқ. Қалалар мен егіншілік жазиралар, әлбетте, қазақ хандығының экономикалық жүйесіне ХVІІІ ғасырдың басында енді. Қала айырбас пен қолөнер орталығы болды. Деректемелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың басында қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы егіншілікті және қалалы орталықтармен тығыз байланысты болған. Қазақ хандығын ұзақ уақыт тіршілік еткізген ең қуатты экономикалық әлеуетті қалыптастырған да, қолөнер мен керуен саудасының тұрақты дамуына жәрдемдескен де осы құбылыс болатын. Көшпелі мал шаруашылығы таралған аудандар Қазақстан даласының орасан зор кеңестігін алып жатты. ХVІІІ ғасырдың басында солтүстік шекарасы Ертістің оң жағасын бойлап өтті.
Сарыарқаға және Сырдарияның арғы бетіне көшіп кеткен қазақ қауымы 1727 жылдың өзінде-ақ біріккен күштермен жоңғарларға тойтарыс бере бастағанына қарамастан, шаруашылық күйзелісі жалғаса берді. Қала және қолөнер орталықтарымен байланыстың болмауы қатты аңғарылды. Қысқа уақыт ішінде мал шығынын қалпына келтіру мүмкін болмады. Солтүстікке бет ала жылжыған олар, башқұрттармен, сібір қазақтармен, еділ қалмақтарымен жиі қақтығысқа түсіп отырды, мұның қасіретті жағдайды одан сайын қиындата түскені сөзсіз. Көші-қон жүйесі бұзылды, дәстүрлі «оңтүстік-солтүстік» өңірге қоныс аудара паналайтын тірлік қалды [3, 19-20 б] .
ХVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ қоғамын есеңгіреткен әлеуметтік экономикалық тығырыққа тірелуін шаруашылықтың терең дағдарысы туғызды. Ол көшпелі шаруашылықтың дәстүрлі экологиялық ырғағының бұзылуы себепті тұйыққа тірелді және мал шаруашылығында да, демографияда да шығындарға әкеп соқты.
Тек ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап қана қазақтар экономикасындағы алғашқы оңға басушылық байқалады. Олар мал санының көбеюінен, қазақтардың айырбас саудаға тұрақты қатысуынан көрінеді.
Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым-қатынаста болды. Бұл қарым-қатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақтауы тиіс болды. Ресей қол астындағы елдің ішкі саясатына араласпауы қажет болды. Шынында Ресей қазақтардың ішкі ісіне бірден-ақ араласа бастады. Сыртқы саясатта соғысып жатқан қазақтарға әскер және қару-жарақ жағынан жәрдем бермеді. Жоңғарларға қазақтар өзінің қол астында деген мәлімдемеден ары аспады. Қазақтардың ішкі өмірде өзін-өзі басқаруы да бұзыла берді. Қазақтың жерлеріне айналдыра әскери қамалдар орнатылып, оларға әскерәкеліп қойылды. Қазақтар ресейдің келісімінсіз хан сайлай алмады. Қазақ хандары балаларын аманатқа беруі тиіс болды. Жайылымдар тартып лынып қазақтар ішкі жаққа ығыстырыла түсті.
Кейбір есептеулер бойынша ХVII ғасыр мен XVIII ғасырдың ортасында барлық үш жүздің құрамына 112 рулық-тайпалық бөліністер кірген.
Мал шаруашылығы Қазақстанның табиғат-климаттық жағдайының нәтижесінде халықтың үш мың жылдар бойғы табиғатты пайдалануы мен өмірлерін қамтамасыз етулерінің негізгі формасы - көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл - өндіруші шаруашылықтың басым кәсібі экстенсивті (сан жағынан көбеюі) жылжымалы мал шаруашылығы болған. Қазақстанда мал өсіретін шаруашылықтың екі түрі: қолдан жасалған су көздерін пайдалануға негізделген көшпелі мал шаруашылығы және табиғи шығатын су қорларын пайдаланатын - жартылай көшпелі шаруашылық қалыптасты.
Қазақтардың шаруашылықпен айналысуы құрылымында егіншілік екінші орын алды. Егіншілік мәдениетінің ошақтары әдетте Қазақстанның табиғат-климаттық жағынан егін салу үшін неғұрлым қолайлы аудандарында орын тепті. Солтүстік-батыста - Сағыз, Жем, Елек, Ырғыз, Утва және Ойыл, өзен алабындағы жерлер, Мұғалжар тауының аңғарлары; Орталық-Қазақстанда-Сарысу өзенінің орта сағасындағы алқаптар; оңтүстікте-Сырдария, Қуаңдария және Жаңадария бойлары; солтүстікте - Есіл, Нұра және Торғай өзендерінің бойы мен солардың тармақтары; Шығыс-Қазақстанда - Қалба және Тарбағатай қыраттарының маңы, Қарқаралы тауы маңайы; Жетісуда - Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендерінің бас жағы мен Іленің орта сағалары осындай аудандары болды.
«Көптеген дәулетті шаруашылықтар егінді өздері емес, ал малдарынан айырылып, бір жапырақ нан үшін құлдарға айналған кедей байғұстардың еңбегін пайдаланып салады» - деп көрсетті XIX ғасырдың ортасында И. Ф. Бларамберг.
XVIII ғасырдың аяғында егіншілікте үш танапты ауыспалы егіс жүйесі аздап қолданыла бастады. Онымен қазақтар Есіл - бойында орыс шаруаларынан көріп танысты. Үй кәсібі мен қолөнері. XVIII-XIX ғасырлардың ортасындағы қазақ халқының шаруашылық тұрмысында аңшылық, балық аулаушылық, ителгі кәсіп пен қолөнер сияқты дәстүрлі тірліктер белгілі орын алды. Аңшылық өнімдердің едәуір бөлігі көшпелілердің ішкі тұтынуына: киімдер тігуге, азық етуге жұмсалды. Мұнымен қатар суырлардың, қарсақтардың, түлкілер мен қасқырладың терілері көп мөлшерде Орынбор мен Сібір жерлеріндегі айырбас саудаларына өткізіліп тұрды. Майда кәсіпкерлік: ағаш пен металдан әр түрлі бұйымдар, үй аспаптарын жасау тіршілік қамының маңызды көзі саналды.
Қазақ шаруашылықтарында қолөнершілер аз болған жоқ, олар «ер тоқымды жасайды, ағаштан ыдыстар жонады, ұсталар пышақ найзалар соғады, мысшалар мыстан, жезден жиектер қақтап, оларға асыл тастар қондырады және басқа ұсақ-түйек әсемдік заттар жасап шығарады. Мұса Шормановтың мәлімдеуі бойынша, «күмісші-қазақтар бойжеткендер үшін бас киімдер (сәукеле) жасайды. Олар сонымен бірге әртүрлі мүліктерді: жүгенді, ерді және басқаларын күмістейді» [4, 128-130 б] .
Осылай қазақтардың Ресейдің қол астына кіруі протекторлық қатынастардың шеңберінен асып, Ресей тарапынан таза отырықшылық сипат алды.
Сөйтіп Екатерина II патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.
1. 2. Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі мен даму процестері
Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.
Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды: қозғалмалы айырбас саудасы, маусымдық жәрмеңкелер, тұрақты сауда. Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.
Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі - Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С. Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.
XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі - Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында - Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т. б. ) болды.
Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.
Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты. Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады. Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады [5, 28-33 б] .
Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттық капитал толығымен қалыптаса алмады.
Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.
Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т. б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері негізінде жандана түсті.
Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.
Бұл сұраққа жауапты біз В. Лениннен, оның «Ресейде капитализмнің дамуы» деген еңбегінен табамыз: «Капитализм өзінің билік ауқымын үнемі кеңейтпей, жаңа елдерді отарламай және капиталистік емес ескі елдерді дүние жүзілік шаруашылық аймағына тартпай өмір сүре алмайды».
Осылайша ол капитализмнің терең және кең даму мәселесін көрсетті. «Нарықтың құрылу процесі капитализмнің екі жағын көрсетеді: капитализмнің терең дамуы, яғни нақты, шектелген территорияда капиталистік жер шаруашылығы мен капиталистік өнеркәсіптің дамуы және капитализмнің кең дамуы, яғни капитализм билігінің жаңа территорияларда тарауы»
Ресей капитализмінің кең даму процесі шеткі аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды патшалық Ресейдің отарына айналдыру процесі болды. Қазақстан басқа да шеткі аймақтардағы елдер сияқты орталық Ресейдің фабрикалық өнімдерін өткізу және шикізат қорына біртіндеп айнала бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz