Тасымалдау шартының тараптары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе бөлім.
Негізгі бөлім:
1. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының
басқа да түрлерi.
3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк.
4. Көлiк экспедициясы шарты.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиет.

Кіріспе.
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да
қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан
Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке
бiр саласын құрайды.
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен,
қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық
маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары
дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық
сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк
қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң,
мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған.
Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар,
қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi
мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және
шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз
болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi,
шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға
қатысты шарттар – тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары
қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе
ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi
бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк
түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен
ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге
қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге
бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және
нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң,
стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк
(ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және
әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту
мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен
тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы
түрде қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен
мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекiту үшiн
ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлiк инфрақұрылымын құратын болады және
басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көлiктiк қызмет көрсету бойынша
вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүрiс көпiрлерi мен
тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектiлер құрылысын
жүргiзу оны жеке кәсiпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық
және жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет
тасымалдауды жүзеге асыру үшiн айтарлықтай қосымша маңызға ие болады.
Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет
аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз
ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау
шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн
қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған
байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын,
олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т.б. қамтамасыз ететiн
құқықтық құралдардың бiрi болып табылады.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi
белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн)
тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды
ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы
пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты.
Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен
жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының
құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.
Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге
асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме
жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе
шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы
төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде
аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк
шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi
туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi
арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс
көптеген арнайы талаптар бар.
Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет
болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу
аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен
тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi.
Қазақстан Республикасының көлiгi – бұл оның аумағында тiркелген
темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның
бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де жатқызылады.∗ Көлiктiң аталған
түрлерi Қазақстан Республикасының көлiк жүйесiн құрайды.
Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк
шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар)
арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса
зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық
қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа
да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға
тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының
шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң
араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шек-
терi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.
Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай
параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы
саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы
“Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы” Заң қабылданды. Онда Қазақстан
Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды
реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық-құқықтық қатынастарды
реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды
орналастыру – басқа да көлiк-құқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ,
бұл мұндай жағдайда қандай да бiр әкiмшiлiк-құқықтық “дақтары” бар шарт
туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де
болмайды.
Көлiктiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету аясы табиғи монополияларға
жатқызылған, сондықтан олардың қызметiне 9 шiлде 1998 жылғы Қазақстан
Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңы да қолданылады.
Қазiргi таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерiн реттейтiн заңдар
қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1) 8 жел-тоқсан 2001 жылғы
Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңы; 2) желтоқсан 2001
жылғы Қазақстан Республикасының “Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу
туралы” Заңы; 3) 17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының “Сауда
мақсатында теңiзде жүзу туралы” Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың
тұрғындар үшiн жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметiне Қазақстан
Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң 20 қыркүйек 1996 жылғы №97 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi қолданылады.
Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесiмен бекiтiлген КСРО-ның iшкi
су көлiгiнiң жарғысы (IСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы
Қаз ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Қаз ССР-дiң автомобиль
көлiгiнiң жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екi актiсi
Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстiң 3-бабының 2-
тармағында көзделген ережелердi ескере отырып, әрекет етедi.1 Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су
көлiктерiмен мемлекетаралық байланыстар үшiн ашық жолдар, трассалар мен су
жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалы жүзеге
асырылуы мүмкiн. Олар Республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен шарттарына сәйкес жүзеге
асырылады.

Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
Тасымалдау шартының сипаттамасы. Тасымалдау шартына тән ерекше белгiлер
жүктердi тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрiнедi. Өзiнiң құқықтық
табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзiне сенiп
тапсырылған жүктi белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi. Осылайша,
тасымалдау шартын бекiту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары
ретiнде бағалауға болатын, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруды талап
етедi. Кейбiр жағдайларда тасымалдауға мүдделi жүк жөнелтушi мәлiмдеме
(тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын, яғни
олар дұрыс болуға тиiс беруге мiндеттi. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға
беруге тиiс. Темiр жолдар мен жүк жөнелтушiлер (жүк алушылар) жүктердi
тасымалдауға қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiм-шарттар)
бекiте алады. Ұзақ мерзiмдi тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте
даулы болып табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексi 692-бабымен және ҚР “Темiр
жол көлiгi туралы” Заңының 38-бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру
туралы шарт жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзiмдi жүйелi тасымалдаулар орын
алғанда қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып
табылады, өйткенi тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде жүктi қабылдауға, ал
жүк жөнелтушi жүктi келiсiлген көлемде тасымалдауға беруге мiндеттенедi.
Сөз алдын ала шарттың ерекше бiр түрi жайлы болып отыр. Заң шығарушы екi
мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзiмдi шарт мәнiсi жағынан алдын ала
шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негiзгi шарттарын (болашақта)
бекiту туралы келiсiм болып табылады (ҚР АК 390-б.). Оның алдын ала шарт
екенiне қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер мүдделерiнiң
маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшiн оның мiндеттемелiк дәрежесi
жоғары болуға тиiс.
Осы айтылғанмен байланысты барлық өзектi мәселелердi оқу процесі аясында
қамту әрине, мүмкiн емес, тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазiргi
жағдайларда жоспарлаудың әкiмшiлiк актiсiне балама болып табылатынын атап
өткен жөн. Сонымен қатар ол тасымалдау шартында тiкелей бекiтiлетiн
тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтау үшiн аса зор маңызға ие.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемi, мерзiмдерi,
сапасы және тасымалдау үшiн көлiк құралдары мен жүктердi берудiң басқа да
жағдайлары анықталады.
Тасымалдау шарты – екi жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары
оның элементтерiн, соның iшiнде ерекше тұрғын жүктердi тасымалдау шартының
мазмұнын, одан әрi қарастыру кезiнде көрiнетiн болады. Заңнама (жүктердi)
тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлiк накладнойын,
коносаменттi, тауарлы-көлiк накладнойын немесе көлiк туралы заңды
актiлермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен
рәсiмделедi. Тауарлы-көлiк жүкқұжаты (жүкқұжат пен коносаментте) шарттың
негiзгi жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың
құжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация
министрлiгiмен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы
жазбаша нысанда бекiтiлетiндiгi туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының
ерекшелiгi – оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiнiң көпшiлiгi
тiкелей нормативтiк актiлермен реттелгендiгiнде. Жалпы алғанда тасымалдау
шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасы-ның “Көлiк туралы” Заңының
11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк
кодекстерiмен (жарғыларымен) көзделген жағдайлардан басқа. Жеке және заңды
тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
Тасымалдау шартының тараптары. Жүктердi тасымалдау шартының бiр тарабы
болып тасымалдаушы – заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы –
заңды тұлға ретiнде негiзiнен (мамандандырылған) көлiк кәсiпорны болады,
оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкiн. Көлiк кәсiпорындары жүктердi
жолаушыларды тасымалдау бойынша көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық
қызмет көрсету мен жөндеу жүргiзу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен
айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшiн қызметтiң аталған
түрлерiнiң барлығы да маңызды болып табылады. Тасымалдаушы меншiк құқығы
немесе басқа да заңдық негiздер бойынша көлiк құралын иеленетiн, ақы үшiн
немесе жалдау бойынша жолаушыларды, көтерме жүктi, жүктердi және почтаны
тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн және оған белгiленген тәртiпте
берiлген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға ретiнде анықталады. 17 сәуiр
1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” Заңының 9-бабына
сәйкес жолаушылар мен жүктердi темiр жол теңiз, өзен, әуе және автомобиль
көлiгiмен тасымалдау лицензиялауға жатады.
Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы) яғни көлiк қызметтерiн тұтынушы – бұл
жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкiн. Жүк жөнелтушi
ретiнде жүктiң иесi және ол жөнелтiлу үшiн сенiп тапсырылған тұлға да болуы
мүмкiн. Кейбiр жағдайларда жүк жөнелтушi мен жүк қабылдаушы бiр тұлға болуы
мүмкiн. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткiзудiң азаматтық-құқықтық
шарттары бойынша несие берушiлер, мүлiктi бөлу әкiмшiлiк актiсiне сәйкес
мүлiк алатын субъектiлер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша
клиент ретiнде, әр уақытта көлiктiң қайсыбiр түрiне билет алған немесе
ауызша тасымалдау шартын бекiткен жеке тұлға танылады.
Тасымалдау шартының пәнi. Тасымалдау шартының пәнi болып тасымалдаушы
көрсететiн қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзi мәнiсi жағынан қызмет
көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезiнде, белгiлi бiр
шамада өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет.
Көлiкте көрсетiлетiн қызмет (қызметтер) қандай да бiр заттық нысанға ие
емес, және оларды тұтыну дер кезiнде жүзеге асады. Көлiк қызметi – бұл
жүктердi (жолаушыларды) кеңiстiкте тасымалдау болып табылады және осы
қасиетiне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы мiндеттеменiң жеке пәнi бар
және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негiзi де бар.
Тасымалдау ақысы. Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүктi тасымалдағаны
үшiн тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн тасымалдау ақысы төленедi.
Автомобиль, әуе, су көлiктерiмен тасымалдау кезiнде еркiн шарттық баға
қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерiнiң бағалары мен тарифтерiн
басшылыққа алады.
Орталықтандырыла белгiленген тарифтер жүктердi, жолаушылар мен қол жүгiн
қоғамдық көлiкпен тасымалдау кезiнде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла
белгiленген бағалар темiр жол тасымалдаулары үшiн де көзделген болатын.
Ендi Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 12-бабына
сәйкес тасымалдаушының қызметiне бағалар, соның iшiнде тариф (тасымалдау
ақысы) тасымалдаушымен белгiленедi. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар реттелiнiп
тұрады.
Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңы тасымалдаушы мен клиенттiң
өзара қарым-қатынасының жалпы негiздерiн анықтайды. Жүктердi жолаушылар мен
көтерме жүгiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедициялық қызметтердi
жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын ғана
қолдануға мiндеттi. Мұндай талап тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi
тиiстi түрде орындаудың маңызды алғышарттарының бiрi болып табылатыны
сөзсiз клиент пен үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды, соның iшiнде
ақшалай эквиваленттегi уақыт шығынын, өтеу көзделедi. Жолаушының өлiмiне
немесе оның денсаулығын жарақаттауға алып келген зиянды өтеу ерекше орында
тұрады. Жолаушы тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде жолаушының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету, оған қызмет көрсетудiң қажеттi ыңғайлылығы мен жағдайларды
қалыптастыру, ал жолаушы көтерме жүктi тапсырған жағдайда – оны уақытында
тасымалдау мен сақтау талап етiледi.
Тасымалдау процесi барысында қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуге
тиiс. Клиенттiң көлiк қызметi нарығында көлiк таңдау еркiндiгi шектелмеуге
тиiс. Тасымалдаушы жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн
куәландыратын құжаттарды алуға, әлеуметтiк маңызды және қорғаныс
тасымалдарын жү-зеге асыруға мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi. (Егер осындай
тасымалдаудың бағалары көлiк шығындарын өтемесе, онда тиiстi компенсациялық
дотация жүзеге асырылуға тиiс). Реттелетiн тасымалдаулардан басқа,
тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелерiне сәйкес тасымалдаудың бағаларын
еркiн белгiлеуге құқылы.
Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша клиенттiң құқықтық жағдайы оған
оның және тасымалдаушының арасында бекiтiлген шартты орындауды талап ету,
тасымалдау сапасы деңгейiнiң сертификатына сәйкестiгiн даулау, келтiрiлген
зиянды, соның iшiнде ақша эквивалентiндегi уақыт шығынын, өтеудi талап ету
мүмкiндiктерiн (құқықтарын) берумен сипатталады. Клиенттiң өзi де
тасымалдаушымен бекiткен шарт жағдайларын сақтауға мiндеттi. Ол сондай-ақ
жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн куәландыратын құжатты тасымалдаушыға
беруге, тасымалдау ережелерiн орындауға, жүктер мен көтерме жүктi
тасымалдауға дайын күйiнде беруге тиiс.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн (жүктердi тасымалдау шартын
мысалға келтiре отырып) қарастырайық. Жүктердi тасымалдау шартын орындау
кезiнде тасымалдаушы тиiстi жүктi тасымалдау үшiн жарамды күйдегi көлiк
құралын беруге мiндеттi. Яғни, тасымалдаушы қандай да бiр жағдайда, қажеттi
көлiк құралының түрiн өзi анықтайды. Ол жүк пен қыл-қыбырдың қалдықтарынан
таза, реквизиттерi алынған күйiнде, қажет болған жағдайларда жуылған,
дезинфекцияланған күйiнде бередi. Жүк жөнелтушi жүктi жөнелтпеуге
(тасымалдауға) бiрқатар талаптарды сақтай отырып бередi. Олардың бiр бөлiгi
жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы
талаптар жүктiң саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып
түюiн анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка мен бағалығын
хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктiң ерекше
сипатымен немесе қайсыбiр талаптар қойылатын көлiк түрiне байланысты.
Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивтi, улы және басқа да қауiптi
жүктердi жөнелтетiн және алатын жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар және
темiр жолдар, олардың қауiпсiз тасымалданатына кепiл болуға, бұл жүктердi
тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда
болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильдi бөлiмшелердi иеленуге
мiндеттi.
Қазақстанда темiр жолмен тасымалдау кеңiнен қолданылатындықтан оларға
қатысты жүктердi тасымалдауға беру мен қабылдау кезiнде туындайтын
тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қарастырып өтейiк.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi көлiк құралының дайын екендiгi туралы алдын
ала ескертедi. Мысалы, жүк жөнелтушiнiң құралдарымен тиеу үшiн вагондар мен
контейнерлердiң берiлу уақыты туралы станция жұмысшысы жүк жөнелтушiнi
вагондар берiлгенге дейiн екi сағаттан кем емес мерзiмде хабарландыруға
тиiс. Мұнай жүктерiн құятын мұнай битумы үшiн цистерналар мен бункерлiк
жартылай вагондарды дайындау жол есебiнен шарт бойынша темiр жолмен немесе
жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылады, ал мамандандырылған (жалпы тармақтағы
парк цистерналарынан басқа) жалға алынған, өз цистерналарын – жүк
жөнелтушiнiң өзi дайындайды.
Жылжымалы составтың жарамдылығын анықтау және коммерциялық мағынада
тиiстi жүктi тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру:
- вагондар – жүк жөнелтушiмен, егер тиеу оның немесе темiр жолдың
құралдарымен жүзеге асырылса, егер тиеу темiр жолдың құралдарымен жүзеге
асырылса;
- контейнерлер, цистерналар мен бункерлiк жартылай вагондар – жүк
жөнелтушiмен. Темiр жол кiрiс жолға тиелген вагондарды өткiзу кезiнде
жүктердiң белгiлi бiр түрiн тиеуге олардың техникалық жарамдылығын
қосарланған операциялар тәртiбiмен анықтайды.
Жүктердi вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан
түсiру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темiр
жолмен, жүктердi тиегенi мен түсiргенi үшiн темiр жол жүк жөнелтушiден, жүк
алушыдан ер-кiн тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес
орындарда жүк жөнелтушi мен жүк алушымен сондай-ақ, жалпы пайдаланыстан,
орындарда қауiптi және тез бұзылатын заттарды, iшкi жануар өнiмдерiн, ауыр
(бiр орында 0,5 тоннадан артық) және габариттi емес жүктердi. Құю үйiндi
және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын
жүктердi және жүк жөнелтушi мен жүк алушылардың жолсерiктерiнен
жөнелтiлетiн жүктердi де. Осылайша, аталған жүктердiң түрлерiн дұрыс
тиеумен байланысты тәуекел қауiптерi тiкелей жүк жөнелтушiлер мен жүк
алушыларға жүктеледi.
Жүктердi тиеу, бекiту мен тасымалдау үшiн қажет құрылғылар мен
материалдарды жүк жөнелтушi беруге тиiс.Жекелеген тасымалдау құрылғылар
(нан және көкөнiс қалқандары) және буып-түю құралдары (тұғырықтар,
арқандар, қысқыштар) шарттық жағдайларда, тиiстi алымдарды ала отырып,
темiр жолмен де берiлуi мүмкiн. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу
кезiнде орнату мен түсiру кезiнде алу, тиеу мен түсiру кiмнiң құралдарымен
жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен немесе темiр
жолмен жүзеге асырылады. Орнатылған қондырғылар туралы жүк жөнелтушi
жүкқағазда көрсетедi, бұл кейiн (дау туындаған жағдайларда) жүк жөнелтушi
тараптың тиеу бойынша өз мiндеттемелерiнiң тиiстi түрде орындау дәрежесiн
бағалауға мүмкiндiк бередi. Қондырғылардың техникалық жай күйi үшiн
жауапкершiлiк (темiр жолмен берiлгендерiнен басқа) жүк жөнелтушiлерге
жүктеледi.
Механизацияланған және механизацияланбаған әдiстермен жүзеге асатын тиеу
белгiленген мерзiмдерде аяқталуға тиiс. Бұл мерзiмдерден асып кеткен
жағдайда тиеу мiндетi жүктелген тарап мерзiмдi өткiзiп алғаны үшiн жауапты
болады.
Жоғарыда айтылғандай, жүтердi тасымалдау контейнерлермен де жүзеге
асырылады. Жүктердi тасымалдау үшiн стандарттар талаптарына сай келетiн
және темiр жолдарға, соның iшiнде шетелдiк кәсiпорындарға, ұйымдарға, теңiз
және өзен кеме шаруашылықтарына, порттарға тиесiлi контейнерлер
қолданылады. Контейнерлерде тасымалдауға тиым салынатын жүктердiң тiзiмi
жүктердi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
Контейнерлер әмбебап және арнайы болып бөлiнедi. Әмбебап контейнерлерде
әртүрлi жүктердi тасымалдауға болады. Бiрақ, оларда сасық иiстi жүктердi
және контейнердiң қабырғалары мен еденiн, сондай-ақ қара және түстi
металдардың жаңқасы мен сынықтарын қатты ластайтын жүктердi тасымалдауға
тыйым салынады. Тасымалдауға берiлетiн жеке жүк орындарының салмағы 120 кг-
нан аспауға тиiс. Бұл шектеу үй заттарына таралмайды. Арнайы контейнерлер
тасымал кезiнде ерекше жағдайларды талап ететiн өнеркәсiптiк және азық-
түлiктiк жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн (мысалы, черепица, әйнек, қауiптi
жүктер және т.б.) тасымалдауға арналады. Жүктердi тасымалдау шартының
тараптары (ең алдымен, жүк жөнелтушi, өйткенi контейнерлерге тиеу соның
күшiмен жүзеге асырылады) контейнерлердiң неге арналғандығын ескеруге тиiс.

Жүктердi тасымалдауға беру кезiнде темiр жол құжатының қосымшасында
транспорт, стандарт немесе өлшеу жолы бойынша олардың салмағы анықталуға
тиiс. Салмақты есептеу жолымен, шартты түрде және жылжымалы составтың толық
сыюына дейiн тиеу оның жол берiлетiн жүк көтерiмдiлiгiнен асып кетуiне алып
келмейтiн жүктердi өлшеу бойынша анықтауға жол бередi. Тиеу жалпы
пайдаланыс орындарында жүзеге асырылған кезде темiр жол жүктiң салмағын
анықтайды. Тиеу жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылатын барлық жағдайларда
жүктiң салмағын сол анықтайды. Тиеудi кiм жүзеге асырғанына қарамастан
жүктiң салмағын трафарет, стандарт бойынша, есептеу жолымен, өлшеу бойынша
немесе шартты түрде анықтау жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылады.
Тиеу аяқталғаннан кейiн вагондар мен контейнерлерге темiр жолдың
пломбаларымен, егер жүк темiр жолмен тиелген болса, мөр басылуға тиiс. Егер
жүк жүк жөнелтушiмен, портпен, кеме-жаймен тиелген болса, онда вагонға
(контейнерге) жүк жөнелтушiнiң, порттың немесе кеме жайдың пломбасымен мөр
қойылады. Кейбiр жүктердi пломбасы, соның iшiнде ақтара тиеу, үйiндi
түрiнде тасымалданатындарын, тасымалдауға жол берiледi.
Пломбылау жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылатынына қарамастан, жүк
жөнелтушiлердi (жүк алушыларды) пломбылармен пломбылау қысқыштарымен бекiту
құрылғыларымен, оларды шешу құрылғыларымен, плашкалармен, вагондар мен
контей-нерлердi пломбылау үшiн сым темiрлермен жабдықтауды ақы үшiн темiр
жол жүзеге асырады.
Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға жүктердiң
әр жөнелтiлуiне темiр жол жүкқұжатынын, ал Қазақстан Республикасының
заңнамасымен көзделген қажет жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификат,
лицензия, мал дәрiгерлiк куәлiк, кеден декларациясы) беруге тиiс.
Жүк жөнелтушi немесе оның атынан әрекет ететiн тұлға жүкқұжатқа
енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн, сонымен қатар, өздерi жүкқұжатта
көрсеткен мәлiметтердiң қателiгi, нақты болмауы немесе толық болмауының
барлық салдары үшiн жауапты болады. Темiр жол бұл мәлiметтердiң дұрыстығын
тексеруге, сондай-ақ жүк жөнелтушi көрсеткен жүктiң салмағын таңдамалы
өлшеу жолымен тексеруге құқылы.
Заңнамамен тасымалдаушы, жүкке қойылатын барлық талаптар сақталған
кезде, жүктердi тасымалдауға қабылдаудан бас тартуға құқылы болатын
негiздердiң түпкiлiктi тiзiмi белгiленген. Тасымалдау бұл кезде шарт
тараптары үшiн объективтi себептер бойынша мүмкiн болмай қалады. Белгiлi
бiр бағыттар бойынша жөнелту үшiн жүктердi тиеуге ерекше жағдайларда темiр
жол бағытының ұсынысы негiзiнде Көлiк және коммуникация ми-нистрiнiң
нұсқауы бойынша тыйым салынуы мүмкiн. Бұл туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметiне хабарланады. Стихиялық сипаттағы құбылыстар, апаттар, авариялар,
көлiк коммуникацияларын қасақана қоршап тастау орын алғанда, сондай-ақ,
карантин жарияланғанда жүктердi тиеу темiр жол бастығының ұйғарымымен
уақытша шектелуi немесе тоқтатылуы мүмкiн. Бұл туралы Көлiк және
коммуникация министрi хабарландырылады, ол тиеу және темiр жолдардың
белгiлi бiр учаскелерiнде поездардың қозғалысы шектелетiн немесе
тоқтатылатын мерзiмдi белгiлейдi. Аталған мерзiм темiр жолдардың барлық
бастықтарына хабарландырылады. Мұндай жағдайлардың орын алуы тасымалдаушыны
тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындалмағаны немесе тиiстi түрде
орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктен босатуға негiз болып табылады. Тиеуге
тиым салумен немесе оны шектеумен байланысты аяқталмай қалған тиеу келесi
кезеңдерде жүзеге асырылады.
Жүктердi тасымалдағаны үшiн есе айырысу тәртiбi. Шартқа сәйкес жүк
жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушы қызметiне ақы төлеуге мiндеттi.
Тиiстi төлмдердi төлеушiлер қолма-қол ақшамен, чектер негiзiнде қолма-қол
ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгiлi
бiр жүк жөнелтушiлер мен жүк қабылдаушылар үшiн есеп айырысудың өзге
тәртiбi көзделуi мүмкiн. Бұл кезде есеп айырысу тәртiбiн Көлiк және
коммуникация министрлiгi бекiтуi мүмкiн, ол өз кезегiнде несиелiк және есеп
айырысу қатынастарын реттейтiн заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте,
төлеушiлер тасымалдау төлемдерiн жүк станциядан жөнелтiлгенге дейiн
енгiзедi. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемiнiң жеткiлiксiз бөлiгiн
төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейiн жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық
төленген сомалар да қайтарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының “Темiр жол
көлiгi туралы” Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi
төлемдердi төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн бөтеннiң ақшаларын заңсыз
пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде белгiленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем
жүзеге асырылғанға дейiн жүктi жөнелтудi кiдiрту жолымен шұғыл санкциялар
қолдану құқығы берiледi.
Жүктi жөнелткенге дейiн есеп айырысу кезiнде төлемдердi енгiзу мерзiмi
тасымалдауға қабылдау күнiмен анықталады, ал жүк баратын жерге есеп айырысу
кезiнде, тасымалдау құжатын-да көрсетiлген жүктi жүк қабылдаушыға беру
күнiмен анықталады. Тасымалдау төлемдерiн кем төлеу және артық төлеу
бойынша есеп айырысу мерзiмдерi қайсыбiр тарап есептi көр-сеткен сәттен
бастап анықталады.
Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушiнiң (басқа тұлғаның) жүкке билiк
ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтушi немесе жүкке билiк ету құжатының иесi
тасымалдаушыға тасымалдауды тоқтатуды немесе жүктi қайтаруды талап ете
алады не басқа да өкiм бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған
тасымалға ақы төлеудi, сондай-ақ жасалған өкiмге байланысты келтiрген
шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы. Жүк баратын жерiне жеткеннен кейiн
жүк алушыға жүктi берген кезде жүк жөнелтушi аталған құқықтардан айырылады.
Темiр жол тасымалдаулары кезiнде жүктердi жаңа адреске жолдау мүмкiндiгi
көзделедi. Жаңа адреске жолдау дегенiмiз жүк алушыны немесе тасымалдауға
қабылданған жүктiң баратын станциясын өзгерту. Темiр жол жаңа адреске
жолдауды жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының мәлiмдемесi бойынша жүзеге
асырады, мәлiмдемесi бойынша өзгерiс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат
алдында сол өзгерiстiң салдары үшiн жауапты болады және ол жүк жөнелтушi,
бастапқы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге мiндеттi.

Теңiз тасымалдау шарты бойынша, егер тиелген жүктiң басқа да шығындарын
өтемесе, ал жүк жөнелтушi немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейiн тасымал
төлемiн толық енгiзбесе не қосымша қамтамасыз етудi жүзеге асырмаса,
тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтушi
тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемiнiң) екiден бiрiн ал, бос
тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшiн ақы төлеуге және
тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиiс. Бұл жағдайда жүктi қайта
түсiру де жүк жөнелтушiнiң немесе кеме жалдаушының есебiнен жүзеге
асырылады. (Теңiз саудасы туралы заңның 90-бабы). Аталған заңның 89-бабында
екi тараптың жүктi теңiзде тасымалдау шартын орындаудан бас тарту негiздерi
көзделген 91-бапта жүктi теңiзде тасымалдау шартынан жүк жөнелтушiнiң бас
тарту негiздерi мен жағдайлары көзделген.
Тасымалдаушының келiсiмiндегi – өзiне тапсырылған жүктi белгiленген
мерзiмде жеткiзiп беру. Жүктердi темiр жолмен тасымалдау шарты бойынша
жүктi жеткiзiп беру мерзiмдегi басқа шарттардағыдай ерiктi түрде
белгiленбейдi, ол орталықтан анықталады, өйткенi тасымалдаушының жүктi
жеткiзiп беру бойынша өз мiндетiн орындауы тек тараптардың еркiне ғана
емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдай-ларға да байланысты
(жолдың өткiзу қабiлеттiлiгiне, поездар қозғалысының белгiленген
жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер
жеткiзу мерзiмi өткенге дейiн жүк темiр жолдың құралдарымен баратын
станцияда түсiрiлiп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының
құралдарымен түсiрiлуге берiлсе жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.
Жүктердi тасымалдаудың басқа түрлерi бойынша мерзiм заңнамамен белгiленбеуi
де мүмкiн, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы. Егер
жүктi жеткiзу мерзiмi заңнамада және шартта анықталмаса жеткiзу қисынды.
Егер жүктi жеткiзу мерзiмi заңнамада және шартта анықталмаса, жеткiзу
қисынды мерзiмде жүргiзiлуге тиiс (ҚР АК 698-бап).
Егер вагондарды, контейнерлердi түсiруге беру түсiрушiлер-дiң бос
болмауы салдарынан немесе жүк алушыға немесе оның атынан әрекет етiп жатқан
көлiк-экспедициялық кәсiпорынға тәуелдi басқа да себептер бойынша
кiдiртiлiп жатса және бұған қатысты жалпы нысандағы акт рәсiмделiп қойса,
жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi егер ол баратын станцияға
жеткiзудiң белгiленген мерзiмi өткенге дейiн келсе. Жүктiң келгендiгi
туралы темiр жол жүк алушыны жүк келген күннен кейiнгi 12 сағат-тан кем
емес мерзiм iшiнде хабарландыруға мiндеттi. Сондай-ақ, жүк алушы
вагондарды, контейнерлердi жүк алушының құралдарымен түсiруге беру уақыты
туралы оларды бергенге дейiн екi сағаттан кем емес уақыт iшiнде
хабарландырылады. Кейбiр жағдайларда темiр жол жүк алушыны хабарландыруды
шарт бойынша жүргiзедi. Темiр жол жүк алушыны жүктiң келгендiгi туралы
хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердiң тұрып
қалғандығы үшiн жауапкершiлiк жүктел-мейдi және ол жүктiң келгендiгi туралы
хабарландыру жiберiлгенге дейiн жүктердi сақтау үшiн алынатын алымды
төлеуден босатылады.
Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетiлген жүк алушыға жүктi беруге
мiндеттi, ал соңғысы өз кезегiнде, тиiстi тасымал бойынша тиесiлi
төлемдердi төлеуге мiндеттi.
Жүк алушы оны алу барысында бұл туралы жол ведомостiне қол қояды. Жүктi
жүк алушының өкiлеттi тұлғасына да беруге болады.
Егер алушының атына жеткiзуi шартпен, келiсiм-шартпен көзделмеген,
сондай-ақ атауы темiр жол накладнойына сәйкес келмейтiн жүк келсе, жүк
алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға мiндеттi.
Жүк ортақ пайдалану орындарында алынған кезде жүк алушы өз атына келген
жүктi қабылдауға және станциядан алып кетуге мiндеттi. Жүктiң сапасы бүлiну
немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкiндiгi толығымен немесе
iшiнара жоғалтылатындай өзгерiске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүктi
қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға келген жүктер 24 сағат
iшiнде тегiн сақталады. Бұл мерзiмнiң ерекшелiгi оның басталуы жүк немесе
контейнер темiр жолдың құралдарымен түсiрiлген күннiң немесе жүк жүк
алушының құралдарымен түсiрiлуге берiлген күннiң 24 сағатына
тураланатындығында. Егер жүк аталған мерзiмнен артық сақталатын болса онда
темiр жол еркiн тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын
күш жағдайларының орын алды нәтижесiнде жүктi жеткiзуге немесе жүктi
сақтаудың шектi мерзiмдерi iшiнде оны құжатта көрсетiлген жүк алушыға
беруге мүмкiндiгi болмаған кезде темiр жол жүкке қатысты жүк жөнелтушiнiң
нұсқауы бойынша шара қолданады. Жүк жөнелтушi мұндай нұсқауды өзiне
хабарландыру келген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде беруге мiндеттi.
Әдетте жүк темiр жолмен оның жай-күйiн тексерусiз берiледi. Жтекiзiлетiн
станцияда жүктiң жай-күйiн, салмағы мен санын тексеруге заңнамада көзделген
негiздер болған кезде ғана жол берiледi. Яғни бұл жерде болжамды түрде
жүктiң жеткiлiксiз болу, бүлiну, жойылу жағдайлары туралы сөз болып отыр.
Мысалы, жүк бұзылған вагонда, контейнерде немесе пломбасы зақымданған
вагонмен, контейнермен не жол бойындағы стан-циялардың пломбаларымен келсе,
жүк ашық жылжымалы составта немесе пломбасыз жабық вагондарда
жетiспеушiлiк, бүлiну немесе зақымдану белгiлерiмен келсе. Егер тез
бүлiнетiн жүк жеткiзу мерзiмiн немесе тоңазытқыш вагондардың температура
режимiн сақтамаумен келсе онда жүктi бүлiндi деп болжауға негiз пайда
болады. Темiр жол жүктi ортақ пайдалану орындарында түсiрген кезде, жүк
алушының тарапынан болашақта болуы мүмкiн талаптардың алдын алудың белгiлi
бiр шарасы ретiнде, жүктiң санын тексеру қолданылады. Бұл жағ-дайда тексеру
жүктi қабылдау мен берудi еске түсiредi. Өйткенi сол сәттен бастап жүк
алушы, тасымалдаушыға тәуелдi емес негiздер бойынша жүктiң түсiрiлу жерiнде
жойылу немесе бүлiну қаупiмен, жүктi шығару үшiн өзiне тәуелдi барлық
шараларды қолдануға тиiс. Жүктiң салмағы өлшеу кезiнде кемiген, бiрақ
айырмашылық қалыпты азаю нормасынан және таза салмағын анықтауда шектi (жол
берiлетiн) айырмашылықтан аспайтын кезде жүктiң салмағы тасымалдау
құжаттарында көрсетiлген салмаққа сәйкес деп есептеледi. Артық салмақ
анықталған кезде, таза салмақты анықтауда жол берiлетiн айырмашылық
процентi есепке алынады.
Жүктiң салмағын оны беру кезiнде тексеру әдiсi осы жүктi тиеу кезiнде
қолданылған әдiспен жүзеге асырылады. Яғни, салмағын шартты түрде анықтау
мүмкiн болады. Алайда, егер жүк баратын станцияда темiр жол мен жүк алушыда
таразы болмаса, онда бос тиеу немесе үйiндi түрiнде тасымалданатын жүктер
салмағын тексерместен берiледi.
Жүктi тексеру темiр жолдың мiндетi болып табылмайтын жағдайларда ол
жүктiң салмағын, орындардың санын, оның жай-күйiн анықтауға шарттық негiзде
қатыса алады. Онда еркiн тарифтер бойынша алым алынады.
Жүктi беру сәтiнде немесе оның жол жүруiнде кемiстiктi, бүлiну немесе
зақымдануын анықтаудан келесi қадамы болып (коммерциялық актiмен
белгiленген) жүктiң iс жүзiндегi кемiс-тiгi, бүлiну немесе зақымдануының
мөлшерiн анықтау табылады. Егер сараптама жүргiзу қажеттiлiгi туындаса
темiр жол өз бастамасы бойынша немесе жүк алушының талап етуi бойынша
сарапшыны немесе тиiстi маманды шақырады. Жүк алушы жүктi дер кезiнде
түсiрмеген немесе алып кетпеген жағдайда тасымалдаушы (темiр жол) белгiлi
бiр шараларды қолдануға құқылы. Темiр жол бөлiмi бастығының шешiмi бойынша
түсiрiлген жүктердi сақтау үшiн алынатын ақы ұлғаюы мүмкiн. Баламалы түрде
жүк алушыға жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша вагондарды кiрiс
жолына өткiзуге күтуде темiр жолдың кiрiс жолдарында немесе станция
жолдарында белгiленген мерзiмдерден асыра 24 сағаттан артық кiдiртiлген
вагондардың, контейнерлердiң тұрып қалуы үшiн айыппұл төленуi немесе
вагондарды пайдаланғаны үшiн ақы екi есе мөлшерiне дейiн ұлғайтылуы мүмкiн.
Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлердi) темiр жолға тапсыруға
мiндеттi. Тараптар арасында вагондарды қабылдау тапсырумен байланысты
мiндеттер бөлiнедi. Вагондардың iшкi және сыртқы беттерi тазартылуға тиiс,
жылжымайтын ин-вентарлық бекiту құралдары (соның iшiнде турникет) дұрыс
техникалық жағдайға келтiрiлуге тиiс. Бұл жүктi түсiрудi жүзеге асыратын
ұйымға жүктеледi. Вагондарды тазалау мен реквизит-тердi алып тастау жүк
алушының мiндетi болып табылатын жағдайларда темiр жол тиiстi түрде
тазартылмаған вагондарды қабылдамауға құқылы.

Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының
басқа да түрлерi

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын
мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де
апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген
адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған
кезде – теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы
тасымалдау шарты – екi жақты, ақылы және жүктердi тасымалдау шартына
қарағанда консенсуалды.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол
тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен рәсiмделедi.
Аталған құжаттарда шарттар негiзiнен бiржолғы болып табылады, яғни белгiлi
бiр көлiкпен бiр рет жол жүру мақсатында бекiтiледi. Жолаушыларды қалалық
және қала маңы көлiгiмен тасымалдау туралы сөз болғанда белгiлi бiр (әдетте
бiр айлық) мерзiмге бекiтiлетiн тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл
мерзiм iшiнде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға мiндеттенедi. Мұндай
шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкiн, мысалы, тасымалдаушы жеңiлдiк
жағдайларымен тұлғалардың белгiлi бiр категориясын тасымал-дауды жүзеге
асырғанда. Бiржолғы жолаушылар билетi жеке адамға да, сондай-ақ адамдар
тобын тасымалдауға берiлуi мүмкiн, осындай жолмен бекiтiлген тасымалдау
шарты жеке сипатқа ие емес, бiрақ тасымалдау басталғаннан кейiн ол тек
билет бойынша жол жүрудi бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана
жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерiн басқаға беруге,
қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа
ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату
немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады және оның
бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын
куәландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады.
Әрбiр жолаушы жол жүру билетiн иеленуге мiндеттi, тасы-малдаушы оның
сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi
(егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы
жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына
келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.
Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдала-нылатын поезд түрi
маңызды болып табылады. Мәселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел және
жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру
қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi және қала маңына қатынайтын
болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық
болып бөлiнедi. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де
маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның класы (не
палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие.
Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның класына
(қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Азаматтық кодексте
анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ң “Көлiк туралы” Заңында көрсетiлген,
көлiктiң жекелеген түрлерiмен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар
жолаушыларды тасы-малдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк
актiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары
аталған заңның нормаларымен сәйкес келедi.
Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшiн айрықша
нақтыланады. Оған кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн
ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы берiледi. Бекiтiлген
шарт бойынша жолаушы көлiк құралында билiкке сәйкес орын-ды иеленуге
құқылы. Бұл көлiк құралындағы орын категориясына да, нақты орынға да
қатысты.
Жолаушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаудың тiкелей
жағдайларының өзi ғана емес, сонымен қатар қажеттi инфрақұрылымның, тиiстi
қосымша сервистiк болуы маңызды болып табылады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдаумен байланысты операцияларды
орындау үшiн ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын
қамтамасыз ететiн талаптарға сай болуға тиiс. Тасымалдаудың мөлшерiне қарай
вокзалдарда теңдеме жүктi қабылдау мен беру бөлмелерi, қол жүгiн сақтау
камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттiк жолаушылардың, ана
мен баланың демалу бөлмелерi; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-
тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететiн үй-жайлар (почта,
телеграф, радиожелiлер, шаштараздар, дәрiгерлiк көмек пунктерi және т.б.)
жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн және олардың жол жүру, түсу
және өту қауiпсiздiгiн арттыру үшiн станцияларда төбесi жабылған,
павильондары бар платформалар, өту тоннельдерi немесе көпiрлер салынады.
Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға және жаяу жүретiндер мен қала
көлiгiнiң ыңғайлы және қауiпсiз қозғалысының талаптарына сай болуға тиiс.
Жолаушы билеттi өзiнiң жол жүруi үшiн, сондай-ақ өзiмен бiрге 7 жасқа
дейiнгi, ал халықаралық тасымал кезiнде 5 жасқа дейiнгi, бiр баланы (жеке
орын берiлмейтiн) тегiн алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай
жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекiту талап етiлмейдi. Мұндай
мүмкiндiк жолаушыға көлiктiң таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа
барлық түрiмен тасымалдау кезiнде берiлдi.
Жолаушыға iшкi тасымалдар кезiнде 7-ден 15 жасқа дейiнгi және
халықаралық тасымалдар кезiнде 5-тен 12 жасқа дейiнгi балаларға қатысты
шартты билет құнын 50% мөлшерiнде төлеумен жеңiлдiк жағдайларында бекiтуге
құқық берiледi. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бiрге
немесе бөлек жол жүретiндiгi маңызды болып табылмайды.
Тасымалдау әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушыларымен жүзеге
асырылатын және оған солармен бiрге Қазақстан Республикасының
тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңiлдiк (құқық) тек Қазақстан
Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлiгiнде
ғана берiлетiн болады.
Жолаушы көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Тауар жеткізілім шартының элементтері
Тауар жеткізілім шартының ұғымы
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Жалға алу шарты
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Прокат шарты
Пәндер