Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ролі және поэзиясындағы патриоттық жалыны


Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ролі және поэзиясындағы патриоттық жалыны
Жыр алыбы-Жамбыл өзінің өмірбаянын былай бастайды:
«Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, ікемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға да жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл алмай қасаратынмын.
Менің ағам - ікемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағандабүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.
Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сыяпат көрсете бастады.
15-ке толған мен атақты ақын сСүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім бе әндете бастадым.
Жүрегім менің елжіреп,
Көзімнің жасы мөлдіреп,
Өткізіп ем ертерек,
Өксумен бала шағымды.
Көксегем бірақ көбірек,
Бақытты болашағымды.
Алба-жұлба киініп,
Кедейлікке күйініп,
Жаяулап жерді жағалап,
Домбыраны сабалап,
Безегем тіл мен жағымды.
Өлеңіме риза болған Сүйінбай иені үйіне шақырып алып:
-Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, -деді Сүйінбай.
Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген індерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым.
Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қощеметімді, өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйінбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.
Бұл менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым. Тек 16 жасымнан бастап қанамен өз бетімммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу-ақынның өлгенімен тең саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес ақындармен сөз таластырып жүрдім.
Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлдиі», «Сәлем саған комсомол», «Ленинградтық өренім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» тағы басқа да көптеген өлеңдері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.
«Шәкірт балаларға» деген өлеңінде:
Сендерді қоссам жырыма,
Саңқылдап үнім сайраған.
Қаздаңдап кәрі саусағым,
Шекте бойлап ойнаған.
Мектептен сендер келгенше,
Тағы да бір жыл ойланам.
Келген соң, айтып бермесем,
Балалар, кінә қой маған!-
Деп ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздерін жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы қасиеттерді шыңдай түсуге, өз Отанының мақтанышы, азаматы болуға баулиды. Өзін ұялы бәйтерекке, биік шынарға балаумен қатар, жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің де биік шынардай болуына талпынтады. « . . . бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.
Өзінің жеке басының мінез-құлқы және ақын-жазушылар шығармасының жоғарғы идеялы, ықпалды болып келуі балаларға күшті әсер ете алады.
«Балаларға»деген өлеңінде - Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей бодмай қалса, «қуанышым, тірегім, жас ботам»деп аңсаған сағынышты көңілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асы кетсе бір аптаның, -
Деп, бірден тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы - даңқты Коммунистік партияның басшылығы арқасында ғана біздің Ұлы Отанымызда іске асқанын жыр етеді. Барлық ұлт, барлық халық балаларын әкелік аясына алып, оларға бақыт бақшасын орнатқан Коммунистік партияны жыр етеді. Оларға жасалып отырған қамқорлық, құрмет барлығын түсіндіреді.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су,
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Балалардың көңілін тасқындатып, қанатына су бүркіп аспандатып отырады. Жасалып жатқан барлық игілік, абрлық іс соларға, тек солар үшін үшін ғана екенін естеріне салады. өйткені жастар біздің болашағымыз, олар өміріміздің жалғасы екенін мақтанышпен жыр етеді. Жамбыл өлеңінің жалпы идеясы - баланы семьялық жеке тәрбиеден қоғамдық коллективтік тәрбиеге баулуға бағытталғанын байқатады. Мұнда коллектив ортасында тәрбиеленіп жатқан балаларға айтылған арнау бар.
Жамбыл балалардың психологиясын жақсы білетін, оларды өзінің айналасына тез үйіріп алатын. Домбырасын тартып, өлеңін айта отырып, олардың балалық істері туралы шын ынтамен, аталық көңілмен сөйлесе білетін. Олар еліктерлік әңгіме айтып, солармен бірге шаттана алатын. Сондықтан да Жамбыл өлеңдері балаларға патриоттық рух беретіндей әсерлі де, көңілді шығады. «Бесік жыры» өлеңінде балалардың бақытты өмірін қызыға да, қуана жыр етеді.
Балалық, жастың шағыңды,
Өсірді елің дарынды.
Еліңменен бір көрдің,
Жарқыраған бағыңды.
Бақ жұлдызы жайнатты,
Жас бөбегім, жаныңды.
Өмірің кең шалқыған,
Жолың ашқ аңдаған.
Сен үшін бақша бұлбұлы,
Сұлу әнін сайраған.
Сайдың сұлу гүлдері,
Сенің үшін жайнаған
Аққан күміс арнадан.
деп балаларды қуанта да, серпілте түседі. Балаға қамқорлық жасаумен бірге оларға күшті талаптар қою арқылы саналы тәртіпке үйретуге болатынын ақын жақсы түсіндіреді. Бала өмірге өзі араласпайынша оның ішкі сыр-сипатына, өмір үшін күрестің әр алуан тәсіліне түсіне бермейді.
Көзің жарық жұлдыздан,
Шашың жібек құндыздан,
Сен бір артық көркемсің
Биік асқар шың-құздан.
Дей отырып, Отанымызға қауіп-қатер төнгенде оларға үлкен міндет артады. Халық сен үшін қызмет етсе, енді сен халқың үшін қызмет етуге міндеттісің дегенге үйретеді оларды.
Балаларды патриотизм рухына тәрбиелеу міндеті Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғыдан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдерінің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқанбағытың тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырады. Жас болса да, оң мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:
Есіңде, балам, бар шығар,
Айтқан Отан әмірін.
Шещінбе жаудан жанды сал,
Шещілмек содан тағдырың!-
деп әкелік әмірін көрсете, баласының алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйлейді:
Аянба, балам, аянба!
Бәлекет содан ашылар.
Алғадай ылғи алда бол,
Аяған адам болмақ қор!
Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол.
Достарыңа осыны айт,
Жауларыңды жеңіп қайт!
Айтарым арнап саған сол!
әке әмірі екі етілген жоқ, орындалды. Көп ұлтты қаһарман қазақ халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттық күшін танытып, Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тас-талқанын шығарды. Балаларға арналған Жамбыл өлеңдерінің патриоттық сезімдерге толыкүш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.
Жамбылдың жастарға арналған қай өлеңін алсақ та, ол алдымен олардың күшіне сеніп, мақтаныш ете жырлайды. өйткені жігер де, күш те, қайрат та солардан табылады. жастарға осылайша сенім арта сөйлеу олардың күш-жігерін тасытып, рухын көтереді. Оларды қандай қиыншылық болса да табандылықпен күресіп жеңіп шығуды көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz