«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама



Жоспар

Кіріспе
І Бөлім. «Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
1.1 «Қазпочта» АҚ БҚОФ.ның экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қоғамның ірі акционерлерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қоғамның басқармасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ Бөлім «Қазпочта» АҚ БҚОФ.ның шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы
2.1 Қоғам қызметінің түрлері және филиалдың мақсаты мен мән.мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Бухгалтерия құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Ақша қаражатындағы кассаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Негізгі құралдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.5 Тауарлы материалдық запастардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.6 Еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІІ Бөлім «Қазпочта» АҚ БҚОФ.ның экономикалық қызметі нәтижелері
3.1 Валюта айырбастау операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 қоғамды қаржыландыру және оның табысы ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.3 Қоғам есебі, есеп беруі және аудиты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалы ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсанындағы «Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» №1940 Қаулысына сәйкес құрылған. «Қазпочта» АҚ БҚОФ почта байланыс қызметтерінің түрлерін, атап айтқанда тіркелетін почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтерді,«EMS Kazpost» қызметін, почталық ақша аударымдарын, филателия өнімдерін сату, депозит қабылдау, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың банктік шотын ашу және жүргізу, аударым операциялары(еңбекақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу), шетел валютасында банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоғамның құрылтайшысы болып табылады және «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Қоғамның ірі акционері болып табылады, негізгі жарғы Қоғамның құрылтайшы құжаты болып табылады. Қоғам бухгалтериясы есебі Ұлттық шоттар жоспары негізінде жүргізіледі.
Қазіргі заман бухгалтерлері бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әртүрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.әрбір студент өндірістік тәжірбиеден өткен кезде өз мамандығын одан әрі тереңірек жетілдіре алады. Менің тәжірбиеден өту кезіндегі мақсатым, ұйымның жалпы сипаттамасымен танысу, қоғамның табысы, есеп беруі, еңбекақы төлеу, ТМЗ-ның есебі, материалдық емес активтердің есебі, негізгі құралдардың есебі және жүргізілетін көптеген операциялар туралы әртүрлі мәліметтер жинақтау болып табылады.
1. Абленов Д. О. «Аудит негіздері» Алматы 2005 жыл
2. Кәсіпорынның жарғысы
3. Кәсіпорынның жалпы ережелері
4. Кеулімжанов Қ. К «Қаржылық есеп» Алматы 2001 жыл
5. Назарова В. Л. «Басқару есебі» Алматы 2005 жыл
6. Назарова В. Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 жыл
7. Нурсейітов «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 жыл
8. Родостовец В. К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 жыл

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І Бөлім. Қазпочта Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық
филиалына жалпы сипаттама
1.1 Қазпочта АҚ БҚОФ-ның экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Қоғамның ірі акционерлерінің құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қоғамның
басқармасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..12

ІІ Бөлім Қазпочта АҚ БҚОФ-ның шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы
2.1 Қоғам қызметінің түрлері және филиалдың мақсаты мен мән-
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Бухгалтерия
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Ақша қаражатындағы кассаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .20
2.4 Негізгі құралдардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Тауарлы материалдық запастардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..23
2.6 Еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді
төлеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІІІ Бөлім Қазпочта АҚ БҚОФ-ның экономикалық қызметі нәтижелері
3.1 Валюта айырбастау
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 қоғамды қаржыландыру және оның табысы ... ... ... ... ... ... ... . ...27
3.3 Қоғам есебі, есеп беруі және
аудиты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 31

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Қазпочта Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалы
ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсанындағы Республикалық мемлекеттік
почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын
қайта ұйымдастыру туралы №1940 Қаулысына сәйкес құрылған. Қазпочта АҚ
БҚОФ почта байланыс қызметтерінің түрлерін, атап айтқанда тіркелетін почта
жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтерді,EMS Kazpost қызметін,
почталық ақша аударымдарын, филателия өнімдерін сату, депозит қабылдау,
жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың банктік шотын ашу және жүргізу,
аударым операциялары(еңбекақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді
төлеу), шетел валютасында банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоғамның құрылтайшысы болып
табылады және Самрұқ мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы Қоғамның ірі акционері болып
табылады, негізгі жарғы Қоғамның құрылтайшы құжаты болып табылады. Қоғам
бухгалтериясы есебі Ұлттық шоттар жоспары негізінде жүргізіледі.
Қазіргі заман бухгалтерлері бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең
кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі,
сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол қазақстан
Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып,
әртүрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін
жоспарлай білуі тиіс.әрбір студент өндірістік тәжірбиеден өткен кезде өз
мамандығын одан әрі тереңірек жетілдіре алады. Менің тәжірбиеден өту
кезіндегі мақсатым, ұйымның жалпы сипаттамасымен танысу, қоғамның табысы,
есеп беруі, еңбекақы төлеу, ТМЗ-ның есебі, материалдық емес активтердің
есебі, негізгі құралдардың есебі және жүргізілетін көптеген операциялар
туралы әртүрлі мәліметтер жинақтау болып табылады.

І Бөлім Қазпочта акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық
Филиалына жалпы сипаттама.

1. Қазпочта АҚ БҚОФ-ның экономикалық мазмұны.

Қазпочта Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық Филиалы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсанындағы
Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес
мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы №1940 Қаулысына сәйкес
құрылған.(Қосымша №1)
Қоғамның толық атауы:
мемлекеттік тілде: Қазпочта Акционерлік қоғамы
орыс тілінде: Акционерное общество Казпочта
ағылшын тілінде: Joint stock company Кazpost
Қоғамның қысқартылған атауы:
мемлекеттік тілде: Қазпочта АҚ
орыс тілінде: АО Казпочта
ағылшын тілінде: JSC Kazpost
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,
бөгенбай батыр көшесі, 152.
Атқарушы органның (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 152.
Филиалдың орналасқан жері: Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, Қасым
Аманжолова көшесі 1041.
Қоғамның қызмет ету мерзімі шектелмеген. Қоғам ұйымдастыру- құқықтық
нысандағы акционерлік қоғам болып құрылған заңды тұлға жәнеөз қызметін осы
Жарғыға және Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелдерде филиалдар мен өкілдіктер
ашуға құқылы, оларға өзінің меншікті мүліктерінің есебінен негізгі және
айналым қаражаттарын үлесіне бередіжәне олардың қызмет тәртібін анықтайды.
Филиалдың немесе өкілдіктердің мүліктері Қоғамның балансындағы есебінде
болады. Қоғам филиал немесе өкілдік ашар кезде Қазақстан Республикасының
заңдарымен анықталған тәртіп бойынша қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етуге
міндетті. Филиалдар немесе өкілдіктер қызметінің басшылығын Қоғамның
Басқарма Төрағасы тағайындаған тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдар мен
өкілдіктердің басшылары Қоғам Басқармасының Төрағасы берген сенімхат
негізінде әрекет жасайды. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі мүліктік,
экономикалық және қаржылық дербестік негізінде жүзеге асырады. Қоғам өз
акционерінен оқшауланған өзіне тиесілі мүлікке ие және оның міндеттемелері
бойынша жауапкершілік тартпайды. Қоғамның дербес балансы, атауы мемлекеттік
және орыс тілдерінде көрсетілген мөрлері бар және қоғамның банк шоттары
бар, сатып алу және өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар
мен міндеттерді жүзеге асырады, соттарда қуынушы және жауапкер бола алады,
сондай-ақ қазақстан республикасының заңдарына қарама-қайшы келмейтін басқа
да әрекеттерді жүзеге асырады. Қоғамның заңдармен бекітілген тәртіпте
тіркелген тауарлық белгісі және рәмізі, сондай-ақ мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдерінде және қажет болғанда басқа тілдерде жасалған мөртабалары,
фирмалық бланкілері және басқа көзгн еөрініп байқалатын құралдары болады.
Қоғамның ресми тілі- мемлекеттік және орыс тілдері болып табылады. Қоғам
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді.

1.2. Қоғамның ірі акционерлерінің құқықтары мен міндеттері.

Акционер:
1) Қазақстан Республикасының Заңдарында және қоғамның Жарғысында
қарастырылған тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қоғамның Жарғысында
қарастырылған тәртіп және шарттармен дивидендтер алуға;
3) Қоғам қызметі туралы ақпарат, оның ішінде еншілес ұйымдардың
тұрғысында, оған қоса Қоғамның сұрауын алған сәттен бастап отыз күннен
кешіктірмей, егер сұрауда өзге мерзім белгіленбесе, құпияны құрайтын
мәліметтерді алуға, сондай-ақ Ірі акционермен қарастылылған тәртіпте
Қоғакмның қаржылық есебімен танысуға;
Қоғамның құрамына кіретін Арайы байланыс қызметінің режимдік
бөлімшелерінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге жіберілу
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен жүзеге
асырылады.
4) тізілім ұстаушыдан немесе номиналдық ұстаушыдан өзінің бағалы
қағаздарға иелік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
5) Қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін үміткерлерді ұсынуға;
6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерге сот арқылы қарсылық білдіруге;
7) Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бөлігіне құқығы бар;
8) Қазақстан Республикасының Заңдарында қарастырылған тәртіпте оның
акцияларына айырбасталатын Қоғамның акциялары немесе басқа құнды
қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;
9) Қоғам органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғы
нормалаларын бұзатын әрекеттер жасаған жағдайда өз құқығы мен заңды
мүддесін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) Өз есебінен тексерісті ұйымдастыру арқылы Қоғамның қаржы-шаруашылық
қызметіне тексеріс жүргізуді талап етуге құқығы бар.
Ірі акционерлер құқығы осы бапта келтірілгендермен шектелмейді. Ірі
акционер Қазақстан Республикасының Заңдарына және жарғыға сәйкес басқа да
құқықтарды пайдалана алады.(Қосымша №2)
Ірі акционер:
1) акцияларды төлеуге;
2) Қоғам акцияларын ұстаушылар және номиналдық ұстаушыдан тізілімін
жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігі туралы Ірі акционерге тән
акциялардың тізілім ұстаушысын және номиналь ұстаушысын он күн ішінде
хабардар етуге;
3) Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да
құпиясы болып табылатын қоғам қызметі туралы ақпараттарды жария
етпеуге;
4) Қазақстан Республикасының заң актіреріне сәйкес басқа да міндеттерді
орындауға міндетті.
Қоға қоғамның Ірі акционерлерінің мүддесіне қатысты, қоғамның қызметі
туралы ақпаратты өзінің ірі акционердің назарына жеткізуге міндетті.
Қоғам ірі акционердің мүддесіне қатысты ақпараттарға мыналар жатады:
1) ірі акционердің және директорлар кеңесінің жалпы жиналысы қабылдаған
шешімдер және қабылданған шешімдерді орындау туралы ақпарат;
2) қоғамның акциялар және басқа да бағалы қағаздар шығаруы және уәкілетті
органдардың қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы,
қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы , қоғамның бағалы
қағаздарды өтеу қорытындысы туралы есептерді бекітуі, уәкілетті
органдардың қоғамның бағалы қағаздарды жоюы;
3) қоғамның ірі мәмілелер жасауы және қоғам мүдделілік білдірген
мәмілелер;
4) қоғамның меншікті капиталының көлемінен жиырма бес және одан да көп
пайызын құрайтын көлемде қарыз алуы;
5) қоғамның қандайда бір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін лицензия алуы,
қоғамның қандайда бір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін алдында алған
лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату;
6) қоғамның заңды тұлғаның құрылтайшысына қатысу;
7) қоғам мүлкіне тыйым салу;
8) соның салдарынан баланстық құны қоғам активтерінің жалпы көлемінен он
және одан да көп пайызын құрайтын, қоғам мүлкін жойған төтенше
сипаттағы жағдайлардың басталуы;
9) қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке
тарту;
10) қоғамды еріксіз тарату туралы шешім;қоғам Жарғысына сәйкес, Ірі
акционердің мүддесіне қатысты басқа да ақпараттар;
Ірі акционердің талабы бойынша Қоғам 10 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан
Республикасының заңдарында қарастырылған құжаттардың көшірмелерін беруге
міндетті. Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен
қорғалатын құпиясы болып табылатын ақпаратты, ішкі құжаттарды қорғау
мақсатында ақпараттардың берілуіне шектеу енгізілуі мүмкін.

1.3 Қоғамның басқармасы.

Басқарма Ірі акционердің және Директорлар кеңесінің айрықша құзырына
жататын мәселелерден басқа барлық мәселелерді шешетін Қоғамның алқалы
атқарушы органы болып табылады және ол өзіне жүктелген міндеттің
орындалуы үшін Ірі акционердің және Директорлар кеңесі алдында жауап
береді. Басқарма Ірі акционердің және директорлар кеңесінің шешімдерін
орындауға міндетті. Басқарма қоғамның Директорлар кеңесімен кем дегенде
бес мүше болып үш жылға сайланады және қайталанған мерзімге бірнеше рет
қайта сайлануы мүмкін. Ірі акционердің және қоғам қызметкерлерінің
өкілдері Басқарманың мүшелері бола алады. Басқарма мүшелері Басқарма
мәжілістеріне қатысу арқылы Қоғам қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Басқарма мүшелері тек Қоғамның Директорлар кеңесінің келісімімен ғана
басқа ұйымдармен жұмыс істеуге хақылы.
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының
заңдарымен, Жарғымен, сонымен қатар әрқайсысының Қоғаммен жасалатын жеке
еңбек шартымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен анықталады. Қоғамның
атынан Басқарма мүшелерімен және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерімен
жеке еңбек шарты Қоғамның Басқарма Төрағасымен жасалады.

Қоғам басқармасының құзыретіне мынадай басшылық мәселелері жатады:
1) Қоғамның Ірі акционерлерінің және Директорлар кеңесінің шешімдерін
жүзеге асыру;
2) Қоғам дамуының 5 жылға арналған стратегиялық бағыттарын, Қоғамның
даму жоспарын (орташа мерзімді Бизнес-жоспар), Қоғамның бюджетін (1
жылға арналған бизнес-жоспары) әзірлеу, мақұлдау және Директорлар
кеңесіне ұсыну;
3) Қоғамның даму жоспарын (орташа мерзімді Бизнес-жоспар), Қоғамның
бюджетін (1 жылға арналған бизнес-жоспары) дайындау және жүзеге
асыру, сонымен қатар олардың орындалуына жауапкершілік тартады;
4) Ішкі процедураларының дайындалуына және қолданылуына және Қоғамда
қауіп-қатерді басқару үшін жауапкершілік тартады;
5) Директорлар кеңесін Қоғамда қауіп-қатерді басқару жүйесіндегі елеулі
кемшіліктер туралы уақтылы хабардар етеді.
6) Қоғамның құрылымын және Директорлар кеңесімен бекітілген Қоғамның
орталық аппарат, Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің қызметкерлер
штатын (штаттағы қызметкерлер саны) ескере отырып, Қоғамның штаттық
кестесін бекітеді;
7) Директорлар кеңесімен бекітілетін құжаттарға жатпайтын, Қоғам
қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекітеді,
8) Еншілес және тәуелсіз ұйымдарға қатысты акционердің міндетін жүзеге
асыру
9) Ірі акционерге өткен жоспарланған жылдың 20-наурызына дейін Қоғамның
акциялары бойынша дивидендтер көлемінің болжамдық көрсеткіштерін
ұсыну,
10) Қоғамның филиалдарымен және басқа бөлімшелерімен жұмыс саясатын
дайындау және бекіту (пайдалылық, еңбекақы қоры, табыстар мен
шығыстардың сметасы және т.б.);
11) Бұқаралық ақпаратқұралдарында Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін,
акциялар сатып алу туралы ұсыныстарын, ірі мәмілелер жасау туралы
мағлұматтар мен басқа Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына
сәйкес мағлұматтарды жариялау;
12) Қоғамның жүргізетін барлық операцияларының түрлеріне бақылау жасауды
жүзеге асыру;
13) Статистикалық есептілікті қалыптастыру;
14) Қоғам міндеттемелерін өзінің меншікті капиталын 10 пайызға дейін
құрайтын көлемге арттыруға шешім қабылдау;
15) Ірі акционердің немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің айрықша
құзыретіне жататын мәселелерден басқа, Қоғам қызметінің барлық
мәселелерін шешу;
16) Ішкі аудит қызметі аудиторлық тапсырмаларды орындаған оған қажетті
құжаттарды уақтылы беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қоғамның
активтеріне және электронды деректер базасына кедергісіз рұқсат
беруге.
Басқарма мәжілісі қажеттілігіне қарай Басқарма төрағасының төрағалық
етуімен, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы орынбасарымен
өткізіледі. Басқарма мәжіліске Басқарма мүшелерінің тең жартысы қатысқан
жағдайда шешім қабылдауға құқығы бар. Басқарма шешімдері оның мүшелері
санының жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған
жағдайда Басқарма Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Ірі
акционердің, Басқарма Төрағасының және Директорлар кеңесі мен Ішкі аудит
қызметі мүшелерінің Басқарма қарастыруына мәселелер ұсынуға құқығы бар.
Қоғам басқармасының төрағасы қоғамның бірінші басшысы болып табылады және
Қоғамның қызметіне басшылық жасайды. Қоғамның Басқарма Төрағасы лауазымына
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Қоғамның
Директорлар кеңесімен сайланады.
Қоғам Басқармасының Төрағасы мынадай функцияларды атқарады:
1) сенімхатсыз Қоғам атынан үшінші ьұлғалармен қатынаста әрекет етеді;
2) Қоғамның барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті, Қоғамның
ағымдағы қызметіне қатысты, оның ішінде Ірі акционердің және Қоғамның
Директорлар кеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылау мәселелері
жөнінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
3) Қоғамның ішкі тәртібін реттейтін құжаттарды бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғымен анықталған
тәртіппен, сонымен қатар ірі акционердің және Қоғамның Директорлар
кеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылау мәселелері жөнінде бұйрықтар
мен өкімдер шығарады;
5) еңбекақы төлеу жүйесін анықтайды, еңбекақы қорының шегінде сыйақы
төлеу мәселелерін шешеді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғымен белгіленген
тәртіпте Қоғамның Бас бухгалтері лауазымына тағайындалады,
7) Қоғам қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және қайта дайындау туралы
мәселелерді шешеді, міндеттерін, сонымен қатар Басқарма мүшелері
арасында өкілдігі мен жауапкершілік аясын бөледі;
8) қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті органның сұрауы бойынша оған Қазақстан Республикасының
шегінен тыс орналасқан өз қаржылары туралы мәліметтермен қоса
берілген және алынған несиелер мөлшерінде өздері жүргізіп жатқан
операциялар туралы және басқа да кез келген мәліметтер береді;
9) Қоғам уәкілетті құқығына сенімхат береді;
10)Директорлар кеңесі Төрағасымен Басқарма Төрағасы және оның
орынбасарларының шетел іссапарларын келіседі;

ІІ Бөлім. Қазпочта АҚ БҚОФ-ның шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы.
2.1 Қоғам қызметінің түрлері және филиалдың мақсаты мен мән-мағынасы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық почта операторы
ретінде Қоғам қызметінің мақсаты:
1) таза табыс алу;
2) почта қызметі аясында қызметтер көрсету;
3) Жалпы қолжетерлік почта қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
4) Арнайы байланыс қызметін көрсету;
5) Қаржылық әрект және қаржылық қызметті жүзеге асыру болып
табылады.(Қосымша№3 және Қосымша№4)
Қоғам Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген тәртіпте және
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген
шартпен басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) почта байланысы саласында уәкілетті органмен бекітілген түрлері мен
көлеміне сәйкес мемлекеттік почта төлемдерінің белгілерін шығаруды
ұйымдастырады;
2) хаттардың (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған) карточкаларының
(жай,тапсырысты), бандерольдардың, сәлемдемелердің (қарапайым,
құндылығы жарияланған, соның ішінде ірі габариттілер, ұсақ пакеттер
мен почта контейнерлерінің қабылдануын, өңделуін табыс етілуін
қамтамасыз етеді;
3) почта арқылы ақша аударуды жүзеге асыру;
4) жеделдетілген және курьерлік почта қызметін көрсетеді;
5) жасалынатын келісім-шарттар негізінде мерзімді басылымдарының жазылым
және бөлшек сауда арқылы таралуын, тасылуын және жеткізілуін
ұйымдастырады;
6) жасалынған келісім-шарттар негізінде үйге жеткізіліп берілетін
зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, жұмысақы төлеу жөніндегі қызметтерді
асырады;
7) Дүниежүзілік почта конвенциясында және оның регламентінде,
Дүниежүзілік Почта Одағының басқа да актілерінде байланыс
жөнелтілімдерін алмасуды тоқтату туралы үкіметаралық қарастырылған
міндеттемелерге сәйкес халықаралық почта жөнелтілуін ің қабылдануын,
өңделуін, жіберілуін, жеткізілуін қамтамасыз етеді;
8) өз меншігіндегі немесе жалға алынған авиа, теміржол, автокөлік, арба,
теңіз және өзен көліктерін пайдалану арқылы почта және арнайы
жөнелтімдерін тасуды ұйымдастырады;
9) почта және арнайы байланыс, филателия салаларында почта коммерциялық
қызмет мәселелері жөнінде шетел почта операторларымен, почта
әкімшіліктерімен, Дүниежүзілік Почта Одағым ен, Аймақтық одақтарымен
ынтымақтастық жасайды және хат алмасуды жүзеге асырады;
10) арнайы байланыс жөнелтілімдерін қабылдауды, өңдеу, тасымалдау мен
жеткізуді және табыстауды қамтамасыз етеді;
11) азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, тасымалдау, меншік
иелерінің мүліктерін қорғау сияқты қорғау іс-әрекетін асырады;
12) ұлттық және халықаралық почта және арнайы байланыс рыноктарында почта
жөнелтілімдерін жіберудің бірыңғай технологияларының қызмет етуін
қамтамасыз етеді және Қоғам көрсететін почта және арнайы қызметін
пайдалану көрсеткіштері мен сапасы үшін жауапкершілік тартады;
13) транзит еркіндігін және почта кеңістігінің біртұтастығы арқылы
Қоғамның почта және арнайы байланыс қызметтерінің торабын халықаралық
халықаралық почта жөнелтілімдерін қабылдау, жіберу үшін ұсынады.
14) Дүниежүзілік Почта Одағының Актілерінде халықаралық почта
жөнелтілімдерімен алмасу үшін шетелдік операторларымен өзара есеп
айырысуларды жүргізу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржыландыруды жүзеге
асырады және қаржы ызметін көрсетеді;
16) Бюджетке коммуналдық төлемдер мен салықтарды және міндетті төлемдерді
қабылдауды ұйымдастырады;
17) Почта тораптары арқылы халық тұтынатын тауарларды сату;
18) Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды шығаруды
жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес вексельдер мен
облигациялар шығарады;
20) Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жағдайлары кепілдіктер
және басқа да қаржылық міндеттемелер қабылдауға және беруге;
21) Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады;
22) Төлем карточкаларын шығаруды ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің қарыз беру
операцияларын жүзеге асырады;
Қоғам бағалы қағаздар рыногында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асырады:
1)брокерлік-дилерлік
2)трансфер-агенттік
Қоғам Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбайтын басқа да
қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқықты. Егер жоғарыда аталғандармен қоса
қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін құзырлы органның арнайы
рұқсаты(лицензия, сертификат) немесе халықаралық органдардың тіркеуі және
рұқсаты қажет болса, онда қоғам қызметтің мұндай түрін Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша тиісті рұқсат
алғаннан кеін және соған сәйкес жүзеге асырады.

2.2 Бухгалтерия құрылымы

Бухгалтерия

Бас бухгалтер

Бас бухгалтер орынбасары

Кассир

Бас маман

Жүргізуші бухгалтер

Бас бухгалтер – кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізеді және
рационалға бақылау жасай отырып, филиалдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру
ЕСЕП БЕРУ “ҚАЗПОШТА” АҚ-на жалпы тәжірибелік сипаттама
Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы
Компанияның ақша қаражаттарын басқару
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
Мекемелер кірісі мен табысы
«Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі
Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы
Ұзақ мерзімді несиелерді беру
Пошта қызметіндегі веб-сайт құру
Пәндер