Қазақ ономастикасының зерттелуі


Мазмұны
1-Тарау. Қазақ ономастикасының зерттелуі
1. 1 Қазақстан жер-су атауларының зерттелуі
1. 2 Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
2-Тарау Қазақ дүниетанымындағы перзент мәселесі және ат қою дәстүрі
2. 1. Қазақ халқындағы наным-сенімдердің кісі есімдерімен байланысы
2. 2 Қазақ халқындағы ат қою дәстүріне байланысты этнолингвистикалық факторлар
3-Тарау Қазақ фразеологизмдеріндегі ұлттық дүниетаным бейнесі және кісі есімдері
1-Тарау. Қазақ ономастикасының зерттелуі
1. 1 Қазақстан жер-су атауларының зерттелуі
Қазақ тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис, лексика мәселелері жан-жақты зерттеліп, тиісті дәрежеде ғылыми табыстарға жетіп отыр. Дегенмен аталмыш ғылымдардың кейбір бағыттары, мәселен, тарихи фанетика, тарихи лексика т. б. тереңдеу зерттеуді қажет етеді. Сол тарихи лексикаға қатысты күрделі мәселенің бірі - ономастика.
Қазақ ономастикасы соңғы 30-40 жылдары бойында ғана зерттеле бастаған жас сала. 1950-1960 жылдар топонимдер мен антропонимдер диссертациялық тақырып ретінде зерттеле бастаған кезде ономастиканың басқа бөлімдері жөнінде, әлі ашылып ештене айтылмаған еді.
Тәуелсіз ел болып, қазақ тіл білімі қарыштап дамуымен байланысты ономастиканы зерттеу мәселесі де жолға қойыла бастады. Осыған байланысты қазақ ономастикасын тіл ғылымының бір саласы ретінде зерттей бастады.
Ономастика лингвистикалық, этнолингвистикалық, тарихи-этнологиялық, тұрғыдан талдап зерттеудің маңызы орасан зор екені ғылымда толық дәлелденді. Ономастика материалдарында тарихи лексиканың, грамматикалық көне формалардың, халық тарихының, бір ел мен екінші елдің тарихи қарым-қатысын, мәдени байланысын көрсететін әртүрлі материалдар сақталған. Бұған негіз ретінде Ф. Энгельстің: «Материя и форма родного языка становится понятными лишь тогда, когда прослеживается его возникновение и постепенное развитие, а это невозможно, если не уделять внимание, во-первых, его собственным отмершим формам и, во-вторых, родственным живым и мертвым языкам» [13, 143] деген қағидасына сүйене отырып, қазақ ономастикасын мүмкіндігінше толық қамтып, мұқият зерттеудің маңызы зор болмақ. Өйткені ономастика ойында кездесетін өлі, көнерген және тірі форманттар мен көне сөздер қазақ тілінің ғана емес, азаматтық тарихтың да кейбір мәселелеріне септігін тигізеді.
Қазақ ономастикасының шығу, даму, қалыптасу кезеңдері және жасалу жолдары да кеңінен зерттеп, ерекше зер салатын мәселелердің негізінен саналады. Бұның өзі сөз тарихымен, тілдің әр дәуірдегі даму, өзгеру күйімен, тіптен қоғамдық формациялардың өзгеруімен де тікелей байланысты келеді. Әсіресе антропонимдер, топонимдер мен этнонимдер тарихи жіті назар аударарлық сан қилы тарихи деректерге бай, ірі мәселелер болып табылады.
Т. Жанұзақ «Қазақ ономастикасы» еңбегінде «Ономастикалық материалдарға ғылыми негізінде талдау жасағанымызда, олардың қазіргі ежелгі заман мен көне түркі, араб, иран, монғол, қытай, тұнғыс-маньчжур, славян лексикасына тән қабаттар бары сөзсіз. Одан басқа да Алтай дәуіріне тән мағынасы белгісіз көне есімдер тобы бары да көрініс табуда. Қазақ ономастикасы құрамында бірнеше лексикалық қабат-қатпарлар болғанмен оның басым көпшілігі ана тіліміздің төл сөзінен жасалғандар, екені даусыз. Сондықтан да соңғыларының мағынасы көбіне айқын, бірден белгілі, түсінікті келеді. Алайда ономастикалық лексикалардың семантикасы мен этимологиясын жан-жақты айқындап, талдау ең күрделі де үлкен жұмыс» [14; 4] . Бұл мәселелер зерттеу жұмыстарда өз алдына жеке де толық қарастырылуға тиіс. Әлбетте, оның әрқилы дау мен талас, айтыс тудырар пікірлерден алшақ болмасы да күмәнсіз.
Тіліміздегі халық атауларының шығу, даму тарихын, лексикалық құрамы мен морфологиялық құрылымын және семантикасы мен этимологиясын зерттейтін тіл білімінің саласы - ономастика (грек сөзі «опота» - есім, логия - ілім) .
Ономастиканың негізгі бөлімдері антропонимика (адам аттары мен фамилияларын зерттейді), топонимика (жер, су, қала, дала аттарын зерттейді), этнонимика (ру, тайпа, ел, халық аттарын зерттейді), космонимика (ай, жқлдыз, әлем, аспан аттарын зерттейді), зоонимика (үй-хайуандарын зерттейді), 1-кестеден көруге болады. Ономастикаға тән бұл терминдердің әрқайсысы ішінара жеке-жеке тармақтарға бөлінеді.
Жалқы есім түрлері
Ономастиканы (кісі аттарын немесе жер, су, ру, тайпа аттарын т. б. ) зертеудің қажеттігін көрнекті ғалымдар: В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Х. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов т. б. өздерінің жазған мақалаларында айтып кеткен.
С. Е. Малов ономастиканы зерттеуге ерекше назар аударған, мейлінше қолдаған ғалым. Түркі тілдерін, әсіресе үйғыр, қарақалпақ, өзбек, қазақ тілдерін жетік білетін Сергей Ефимович Малов 1954 жылждың қаңтар айында Ленинград қаласында «Қазақ тіліндегі кісі аттары» деген кандидаттық диссертацияның тақырыбын ұсынған еді.
Ономастиканы зерттеудің өзекті мәселе екені әсіресе қазіргі лингвистикалық қауымда ерекше дамып, зор мәнге ие болып отыр. Бұл жөнінде 1965 жылы СССР Ғылым академиясы Президиумының арнай қаулы алғаны да белгілі [15; 7] . Елімізде тіл білімінің қарқындап дамуымен байланысты соңғы 10-15 жыл ішінде ономастиканы зерттеуге айрықша мән беріліп отыр.
Қазақ ономастикасының, оның ішінде топонимика саласының ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастауына географ-ғалым Ғ. Қоңқашбаевтың 1948 жылы «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыпқа қорғаған кандидаттық диссертациясы мен осы тақырып төңірегінде жазылған көптеген мақалалар ұйытқы болды.
Қазақстан топонимдерін тарихи-лингвистикалық аспектіде, басқа туыстас тілдермен салыстыра тұңғыш зерттеген А. Әбдірахманов 1955 жылы кандидаттық дисертация қорғап, ғылыми дәреже алды. Автор бұл еңбегінде Қазақстандағы ірі объектілік географиялық атаулардың ішінен 800-ден аса қала, ауыл, аудан және темір жол бекеттерінің атауларына талдау жасады. Автордың ерекше назар аударған мәселелері: топонимдердің жасалуындағы лексика, грамматикалық құбылыстар, топонимдердің лексикалық жүйедегі орны, топонимдерді лексика-семантикалық тұрғыдан классификациялау жұмыстарын жасады. Көптеген топонимдерге этимологиялық талдау жасап, тіл тарихына қатысты ойлар айты.
Одан әрі ономастикалық зерттеу проблемаларының аясы кеңи түсіп, топонимия саласындағы ареалдық, аймақтық тұрғыдан зерттеу қарқын ала бастады. Қазақстан топонимдерін регионалдық, ареалдық бағытта зерттеген кандидаттық диссертациялар әрбір облыс топонимдерінің шығу, пайда болу, даму жолдарын анықтау, олардың лексика-семантикалық, хронологиялық топтарын, лексика-фоно-морфоло. гиялық құрылымдарын сипаттау тәрізді мәселелерге арналған. Е. Қойшыбаевтың «Жетісу топонимдерінің негізгі типтері» (1967 жылы), В. Н. Попованың «Павлодар облысының гидронимдері» (1966 жылы), О. А. Сұлтаньяевтың «Көкшетау облысының топонимдері» атты кандидаттық диссертациялары бірінен соң бірі қорғалды.
Алпысыншы жылдары Одақ көлемінде «топонимиялық үрдіс» кезеңі болды, яғни ғылыми орталықтарда жер-су атауларын зерттеу жұмысы асқан ыждахаттықпен қолға алынып, ұлттық ономастикалық мектептер қалыптаса бастаған еді. Кеңес көлемінде ономастикалық жұмыстарды атқаруға ортақ үлес қосқан белгілі орыс зерттеушілерінен В. Н. Топоров, О. Н. Трубачев, Н. И. Толстой, А. И. Попов, В. А. Никонов, А. К. Матвеев, А. П. Дульзон т. б. есімдерін атауға болады.
Теориялық топономастиканың лингвистикалық сипаттағы ерекше пән ретінде қолдау таппауымен қатар ономастиканың үлкен «құрлықтық» лингвистиканың проблемалық аясын кеңейтіп, жалпы тіл теориясына қосар үлесінің қомақты боларын мойындағандар да баршылық еді. Поляк ғалымы В. Тащицкий кезінде айтып кеткендей: «Лингвистиканың келешекте дамуы, оның аумағының кеңеюі көбіне ономастикалық зерттеулерге тікелей байланысты» [16; 4] . Қазақ ғалымдарының бұл кезеңдегі жұмыстарында ономастиканың ғылыми-әдістемелік аппараты жасала бастады.
1971 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жарлығымен Тіл білімі институтында ономастика бөлімі ашылып, ф. ғ. к. А. Әбдірахманов бөлім меңгерушісі болып бекітілді. Бөлімде ф. ғ. к. Е. Қойшыбаев, екі ғылыми қызыметкер жұмыс істеді. Бөлім қызметкерлері: А. Әбдірахманов 1975 жылы «Топонимика және этимология» атты еңбек шығарды. Е. Қойшыбаев 1974 жылы «Краткий толковый словарь топонимии Казахстана» атты сөздік шығарды.
1959 жылы Тіл білімі және әдебиет институты мамандарының қатысуымен Мәскеудегі профессор Донидзенің жетекшілігімен «Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР» көрген еді. Бұл нұсқаулық Тіл білімі институты мамандарының күшімен 1971 жылы қайта қаралып, толықтырылып «Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР» деген атпен жарыққа шықты.
Республикадағы ономастикалық жұмыстарды жүргізуде басты құрал болған осы нұсқаулық 2000 жылы, тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген өзгеріс, толықтырылуымен қайта шығарылуына ҚР Мәдениет министрлігінің Тілдерді дамыту департаменті мұрындық болғаны мәлім.
1988 жылы Қазақстанның жер бедерін сипаттайтын географиялық атаулар мен апеллятивтік атауларды типологиялық аяда зерделеген Е. Керімбаевтың «Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана» атты кандидаттық диссертациясында қазақ оронимдерінің ұлттық спецификасы, атаулардың жасалуындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениетінің маңызы баса айтылады.
Қазақ тілінің аймақтық топонимдерді зерттеуде жаңа этнолингвистикалық бағыттың әдіс-тәсілдері кеңінен қолданды. Қазақ топонимиясын регионалдық бағытта зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелерді Т. Жанұзақ өзінің «Қазақ ономастикасы» атты еңбегінде көрсеткен:
-Қазақстан территориясындағы топонимдік, микротопонимдік бірліктер толық дерлік жинақталып, инвентаризацияланады;
-Әр аймақтың топонимдік жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи, географиялық т. б. экстралингвистикалық факторлар біршама толық сипатталды;
-Қазақ ономаст-ғалымдары 1970-1980 жылдары қолданған топонимдердің тақырыптық топтастыру әдісі толықтырылып, ғылыми тұрғыдан дәйектелді;
-Қазақ тілінің топонимдік бірліктерін жасаушы номинациялық тип, атау жасауға ұйытқы болған уәждер негізінен ортақ, бірегей екендігі айқындалды;
-Қазақ жер-су атауларының сөзжасамдық үлгілері, оларды жасауға қатысатын форманттар мен жұрнақ, қосымшылар негізінен ортақ, ұқсас келді;
Топоним түрлері
-Қазақ топонимдерінің фоно-морфологиялық, грамматикалық құрылымы мен синтаксистік жасалу жолдары да негізінен ортақ екендігі анықталды;
-Ұлттық ономастиконның бет-бейнесін қалыптастыруға қатысатын тарихи, этномәдени және қоршаған табиғи орта ерекшелігі ұйытқы болатындығы айқындалды;
-Қазақ жер-су атауларының жасауға қатысатын халқымыздың рухани, мәдени дүниетанымдық жүйесі мен материалдық тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдар кешенің ортақ, бірегей екендігі айқындалды;
-Ежелгі қала мәдениет, отырықшылық дәстүр, суармалы шаруашылық ертеден қалыптасқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде осы кәсіптерге қатысты қалыптасқан жер-су атаулары мен географиялық апеллятивтер репертуары, терминдік жүйесінде өзгешеліктер байқалады; [14; 41] .
Атауы бар объектілер нақты аймаққа бекітілген. Кез келген топоним атау қызметімен қоса объектіге сілтеу қызметін де атқарады. Топонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі - топонимика зерттейді. Қазіргі күнде топонимдер терең зертеліп жүр, ол қуантар жағдай деп айта аламыз.
1. 2 Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Ономастика - заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейтін тіл білімі саласы. Ономастика термині сонымен бірге жалқы есім жиынтығын - қазіргі ғылымда «онимия» ретінде белгілі онимдерді (гр. unoma, unuma «есім, атау») атау үшін қолданады. Жеке ел, аймақ немесе мәтіндегі жалқы есімдердің тізбегі «ономастикон» (лексикон сөзіне сай) деп аталады. ХХ ғ. 60-жылдарындағы жеке ономастика, яғни адамның есімдер жиынтығы мағынасында қолданылған.
Аталушы объектіге қарай жалқы есім бірнеше түрлерге бөлінеді, ал олар өз ішінде текті-түрлік қатынаста бірнеше кластарға бөлініп кетеді. Мәселен, антропоним адамды немесе бірнеше адамдарды атайтын есімдер жиынтығынан, соның ішінде жеке есім, әкесінің аты, тегі, лақап аты, жасырын аты, андроним (әйелін күйеуінің аты, лақап аты немесе фамилиясымен атау), гинеконим (еркекті кейін фамилиясы болып қалған шешесінің не әйелінің атымен немесе лақап атымен атау), патроним (әкесінің не әкесінің тегіндегі атпен немесе лақап атпен атау) онимдердің бір түрі.
Антропонимдер - кісі аттарынан тұратын жалқы есімдердің ірі разряды. Антропонимдер кісі аты, әкесінің аты, фамилиясы, лақап аты, бүркеншік аты, критоним, қосымша аты, андроним, гинеконим, патроним сияқты кластарға бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру уәжінде, атау құрылымында байқалатын әр халықтың өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез келген халықтың антропонимдік қоры (антропонимдер жиынтығы) құрамы жағынан әр түрлі. Әр халықтың атау тізімі немесе реестрі (антропонимиконы) шектеулі, сондықтан бір атқа бірнеше адам ие болуы мүмкін. Антропонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі - антропонимика зерттейді.
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, мақал-мәтелдегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі көптеген қырларды зерттеп білудің бір жолы болмақ. Тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі антропонимдер жүйесін этнолингвистикалық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше.
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы энонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Антропонимдердің мәнін, олардың этнолингвистикалық табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықты анықтауға болады.
Лингвистикалық жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс. Антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоцияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі. Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этнолингвистикалық сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық санада жатқан тілдік этно таңбалық бейненің көрінісі.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Ол мәселе қазақ тіл білімінде Қ. Жұбанов, Т. Жанұзақов зерттеуінен бастап, кейінгі зертеушілер Қ. Рысбергенова, Ұ. Ержанова, М. Мұсабаева, Б. Бияров, Г. Мадиева, Б. Досжан, Б. Тілеубердиев т. с. с. ғалымдардың зертеулерінде қарастырылған. Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихи, ұлттық мәдениетке сәйкес әлеуметтік мәні мен қызметі, пайда болу жолы бар.
Ғаламның танымдық болмысының адам санасында бейнеленуін түсініп білу үшін антропонимдердің қызметі зор. Өйткені олардың мазмұнында және халықтық дүниенің болмысын мифологиялық, тарихи, эстетикалық, саяси т. б. қырларында тану - адамның, этностың тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымына, қоғамның тарихи-әлеуметтік дәрежесіне, өмір сүріп жатқан заманына байланысты екені анық. «Атау - халықтың мінез-құлқы, оның тарихы, оның тұрмыс-тіршілігі туралы мәлемет береді» , - деп, К. Паустовский айтып кеткендей [1, 197], кез келген тілдің антропоним формуласында, атау беру есім құрылымдарында, мақсатында әр халықтың, ұлттың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі бар. Қазақ халқының балаға ат қоюда өзіндік талғам-талабы қалыптасқаны ақиқат. Бұл ең алдымен балаға ат қою кезіндегі ырымдар мен тыйымдарға мән беруден айқын көрінеді.
Профессор Қ. Жұбанов «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан» атты еңбегінде біріккен тұлғалы антропонимдер мен топонимдердің синтаксистік құрылысына талдау жасады. Ол біріккен тұлғалы кісі есімдері компоненттерінің орны тәртібін, синтаксистік құрылысын тексере отырып, олардың тілдік, грамматикалық құрылысының даму жайын, өзгеру сатысын көрсеткен еді. Тіліміздегі Қойлыбай, Малдыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай, Сиырбай, Түйебай секілді есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей еместігін аса көргендікпен байқаған. Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың сөз тәртібіне, олардың орналасу принципіне сай болатыны терең талданады. Біріккен тұлғалы есімдердің компоненттеріндегі бай сөзінің, біріншіден, мағынасына байланысты, екіншіден, зат есім не сын есім ретінде қолдануына орай бірінші не екінші компонентте келетінін көреміз.
Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор тұңғыш еңбек санатына қосылады.
Кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу қойылу ретінде қарай топтастыру, жіктеу мәселелерін профессор С. Аманжолов мақаласынан да көреміз.
Тіліміздегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш, құрметтеп-сыйлауға қатысты жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары мол. Тіліміздегі осы өзекті мәселе профессор Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласында сөз болды.
Антропоним түрлері
Кісі аттарындағы кішірейткіш -ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралаумен қатар, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарына қосылып, оны өзгертіп, түрлендіріп тұрудағы орны тым орасан, бұлар тілде жиі кездесетін өнімді қосымшалар деген пікір айтқан болатын. Алайда бұл айтылған ой-пікірлер эпизодтық, фрагментарлық сипатқа ие болғандығын айту керек. Қазақ ономастикасы ғылыми сала ретінде, кәсіби мамандар тарапынан 50-жылдардың басынан бастап қолға алынып жүйелі түрде зерттеле бастады.
1954 жылдан Т. Жанұзақов қазақ антропонимдері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1961 жылы «Лично-собственные имена в казахском языке» атты қазақ антропонимдері мәселесіне арналған алғашқы еңбегі қорғалды. Қазақ ономастикасы ғылымын теориялық, фактологиялық мол материалмен байытқан, бұрын-соңды зерттелмеген тың лексикалық қабат есімдер жүйесіне арналған аталмыш еңбекпен бірге Т. Жанұзақовтың екі еңбегі жарық көрді, олар: «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) және «Қазақ есімдерінің тарихы» (1971) .
Лингвистиканың көптеген слалары сияқты ономастика бойынша да халықаралық конгресс үш жылда бір рет өтіп тұрады. Бірінші халықаралық конгресс 1938 жылы Парижде өткен еді. Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан бірінші және екінші конгресс аралығында 8 жыл айырмашылық болды. Алайда екінші конгресс 1946 жылы тағы да Парижде өтті. Осыдан кейінгі конгрестер жоспарлы түрде өтіп отыратын болды. Соңғы конгресс 1972 жылы Софияда өтті. Оған түрколог ғалымдары қатысты. 1978 жылы Польшада, 1948 жылы Германияда, 1990 жылы Финляндияда өткен халықаралық ономастикалық конгрестерге қатысып, қазақ ономастикасы жайлы баяндамаларымыз тыңдалды.
2-Тарау Қазақ дүниетанымындағы перзент мәселесі және ат қою дәстүрі
2. 1. Қазақ халқындағы наным-сенімдердің кісі есімдерімен байланысы
Ономастиканы салыстыра зерттеудің тіл тарихы мен тарихи этнография үшін мәні аса зор. Өйткені ономастикалық материалдар бойында көне лексикалық қабаттар, грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстар, халықтық әдет ғұрыптары мен ырымдар, т. б. жайыттар толық байқалды. Табиғаты жағынан жалқы есімдер тілдегі сөздік қорға тән, тілдің жалпы заңы мен нормасына бағынышты. Бұлардың бәрі жалпы есім сөздерден жасалады. Тіліміздегі сол жалқы есімдерді құрамына қарай жіктегенде, төл сөздерден жасалғандармен қатар, басқа тілдерден енгендері де мол екені байқалады. Оларды зерттеу барысында қоғамдық құрылыстың көрінісін, халықтың дүниеге көзқарасын, басқа елдермен жасаған мәдени қарым-қатынасын, тарихи байланысын анық аңғарамыз. Орыс ономастикасының осындай сипаттарын анық байқаған ғалым В. К. Чичагов былай жазады: «Имена и их формы, восходящие к различным эпохам истории русского народа, красноречиво отражают состояние тогдашнего общества: уровень его культуры, положение их носителей в обществе, а вместе с тем классовую структуру этого общества. Пожалуй, ни одна область языковой деятельности русского народа не была так тесно и непосредственно связана с его историей, как область ономастики. Русская историческая ономастика как один из отделов науки об истории русского народа имеет свои особенности. Эта наука прежде него лингвистическая, являющаяся разделом истории русского языка» [17; 7] . Демек, орыс халқы ономастикасының кешкен тарихын, оның басты белгілерін қазақ есімдерінің де шығу, жасалу тарихы сырынан толық байқаймыз. Тіліміздегі халық есімдерінің шығу, пайда болуы әр түрлі қоғамдық дәуірлерге тән екендігі даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz