Израильдегі шағын бизнес


Жоспар
1Кіріспe . . . 2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі. 4-5
1. 1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік. . 5-6
1. 2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі. . 8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы. . 16-26
2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары26-32
2. 2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар. 32-37
2. 3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау. . 37-40
Қорытынды . . . 41-42
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, жаңа басқару жүйесі әлеуметтік экономикалық қатынастарды жүргізуде бірқатар қиыншылықтарға кезекті осы жағдайларға ретке келтіре отырып, экономикада реформалар жүргізіле бастады. Курс жұмысының жоспары кіріспе, көлемді екі бөлімнен тұрады
Курс жұмысындағы тақырыпқа экономикалық стратегияның бағыттары және жаңа технологиялық әдістері, Республикада бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерімен, Ұлттық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, өндіріс және ғылыми-техникалық жүйесі қалыпты жағдайға қол жеткізген мәселелерді ашу мақсаты көзделген.
Курс жұмысының бірінші бөлімінде Республикамыздың шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі, оның дамуы, қорғалуы, шет елдермен байланысы жан-жақты зерттелген. Екінші бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің жетілдіруі және проблемасы, қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің дамуы мен жағдайы, өз бетінше еркіндік алуы, ұйымдық экономикалық және құқықтық тұрғыдан қорғалатыны, кәсіпорынның ұйымдық түрлері, меншік түрлері талданды. Шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда құрылуы мен дамуына байланысты жағдайлар, қабылданған жарғылар мен заңдар, 2008 жылдан бастап, бүкіл дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша, Қазақстан Республикасы жоғары табысы бар мемлекеттер тобына жатқызылуы саралай отырып, ол өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес дамып келе жатқандығы дәлелденді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығын қарсаңында Қазастанның барлық өңірлерінде шағын кәсіпкерліктер құрып жылдан жылға қанат жайып өркендеуін, « Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылып, әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орында екені баспасөз материалдарының деректеріне сүйеніп жазылды.
Курс жұмысындағы негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаты, заңдары, сондай-ақ экономика саласындағы ғалымдардың теориялық еңбектері, атап айтқанда
Ө. К. Шеденов, Е. Н. Сағындықов, Б. А. Жүнісов, Ү. С. Байжомартов, В. И. Колягин, Қ. Қажымұратовжәне Ресей экономика саласының ғалымдары И. Н. Молчанов, И. А. Герасимов т. б. еңбектері мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың еңбектері басшылыққа алынды.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын кәсіпкерліктің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- шағын кәсіпкерліктің несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Курс жұмысында қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары. Қорытынды бөлімінде экономика теориялары туралы деректі әдебиеттер мен басылым материалдарын пайдалана отырып Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуын зерттеп, жетістіктерін аша отырып, өзіндік қорытынды жасалып ұсыныс пікір енгізілді.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
І. Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі
Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелер көлденең тұрды, атап айтқанда меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру мемлекеттіктердің жақындасу түрлерін табу, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесі туындады.
Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. «Олар нарықтың экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды. Сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады» [1]
Шағын кәсіпкерліктің нарық экономикасындағы рөлі өте күштілігі біріншіден нарықта тиімді жағдай жасалады, арнаулы кооперациялық мүмкіндіктер орнап, оның тиімділігі артады. Екіншіден тұтыну саласында тез өтімді мүмкіндіктер жасалынып, сатып алу қарқыны өсіп, өзін-өзі ақтайды. Үшіншіден, бәсекелестік ортаны қалыптастыруды. Төртіншіден нарықтық экономикаға ауадай қажет ортаны қалыптастырады. Шағын және орта кәсіпкерлік адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып, өндірісте жекелеген тауарлар шығарып жақсы мүмкіндіктер жасайды.
Шағын кәсіпкерлік үлкен көлемде жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтиды. АҚШ-тағы шағын фирмаларды 2000 жылы жұмыспен қамту 40%, ал Германияда 49 % жеткен. [2] Бұл шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік саладағы үлкен рөлі көрсетеді. Үлкен компаниялармен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік салалары жаңа тауарлар түрлерін шығаратынын ғылыми зерттеу негізінде анықталған. Германия мен АҚШ 500-ге тарта технологияның жаңа түрлері енгізіліп және тізімге алынған, бұл соңы жиырма жылдықта кішігірім фирмалардың жетістіктері екені анықталған. Шағын кәсіпкерліктің мұндай жетістіктерге жетуі, қарапайым тәуекел жол тауып, шағын салада қарқынды жұмыс жасауы. Шағын фирмалар жаңашылдықтың жаңа түрлерін еркін қолға алып, жаңа тауарларын өндіреді, сонымен қатар өнімдерді жаппай шығарып жетістікке жетуге тырысады. Олар ұсынған тауарлар, тұтынушылардың сұранымына ие болып, өнімдерді өндіре бастайды. Себебі өндірістегі алдыңғы орынға таласа отырып, олар сұраным өзгерісіне тез арада жауап береді және өндірістің тұтынушыны қанағаттандырмаған жаңа нәрселерін іздей бастайды. Сондықтан шағын фирмалардың жұмыстағы бір адамға шаққандағы ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмысқа шығындары ірі кәсіпорынға қарағанда жоғары болады. Сол себептен қазіргі кезеңде шағын кәсіпкерліктердің жалпы алғанда нарықта жаңа өнімдер өндіру көлеміндегі рөлі жоғары. Бұл ірі кәсіпорындармен салыстырғанда 3-4 есе артық болып есептеледі. Монополистік емес фирмалар бірқатар жаңа салаларда өзінің жағдайын кәдімгідей бекітіп алған, әсіресе алдымен ақпараттың кешенде. Ғылыми-техникалық прогресс негізінде іскерлік қызмет көрсету спектері электронды есептеу машиналары негізінде, ақпаратты өңдеу, бағдарламамен қамтамасыз ету, инжиниринг, консультациялық бизнес т. б. қалыптасты. Мұндай қызметтер түрі ресурстарды шоғырландыруды аса қажет етпейді және шағын компаниялар шеңберінде ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Германия мен АҚШ-ында және басқада дамыған мемлекеттерде шағын кәсіпкерліктің рөлі артып, өндірістік және технологияның дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырғандығы тегіннен тегін емес.
1. 1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік
Кәсіпкерлік- адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. «Бизнес- табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - өнертапқыш . Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар. Осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілет» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді». [3] Бизнес- бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ қызмет жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады. Сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық (жаңашылдық) жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Дүниежүзілік тәжірбиеде шағын кәсіпкерліктің барлық түріндегі негеізгі критерилері ең бірінші барлық қызметкерлердің орта көрсеткіші, кәсіпорында есепті уақытта атқарған қызметтері кіреді. Ғылыми әдебиеттерде шағын бизнестің қызметі, кішігірім атқарушы топ, немесе мекемені басқаратын жеке меншік иесі көрсетіледі. Осындай негізді ала отырып, мекемеге қатысты шағын кәсіпкерлікке мыналар кіреді.
1 Қызметкерлердің саны
2 Капиталдың мөлшері
3 Өсу деңгейі
4 Айналым деңгейі (кіріс, табыс)
Дүние жүзілік банктың мәліметі бойынша кәсіпорындарға қатысты шағын кәсіпкерлік (бизнестің) жалпы көрсеткіші 50-ден асып түсіп отыр. Бірақ қабылдаған критери бойынша бұл артық жазылған. Барлық мемлекеттерде тәжіриебеде анықтаушы критери есепті уақыттағы жұмысшылардың санына байланысты болады. Барлық нарық экономикасы дамыған елдерде кәсіпорының шағын кәсіпкерлікке байланысты критериі. Ал, Еуропа әлемінде 2000 жылдың 1 қаңтарындағы шағын кәсіпкерлікке жататын көрсеткіштердің деңгейінің өспеуі керек [4]
1) Жұмыспен шұғылданатын қызметкерлердің саны 50 адам
2 ) Жылдық айналым кем дегенде 4 млн. доллар
3 ) Баланыс деңгейі 2 млн. доллар
Орта кәсіпкерліктің деңгейі аспауы керек
1) Жұмыспен шұғылданатын қызметкерлер 50-ден 250 адамға дейін.
2) Жылдың айналым кем дегенде 16 млн доллар
3) Баланыс деңгейі 8 млн. доллар
Еуропа одағына қатысты елдер шағын кәсіпкерлікті қолдаушының деңгейінде басқа көрсеткіштерді пайдалануы мүмкін. Басқа экономикалық ұйымдар шағын кәсіпкерлікке қатысты фирмаларға өздерінің көрсеткіштерін пайдаланады. Ал халықаралық экономикалық ұйымдарға кіретін экономикасы жоғары елдерде кәсіпорындағы жұмыс жасайтын қызметкерлердің 19 дейін адамын «өте кіші 99 дейінгі санды «кіші», ал 100-ден 499 адамға дейінгі көрсеткішті «орта» ал 500 адамнан аса «ірі» анықтайды.
«Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. «Фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетіеше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен айқындалады. Олардың түрлері:
- Азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар
- Ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның байлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді. Барлық Батыс Еуропалық дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік елдің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешіп, шаруашылықты әрі қарай дамуына өз үлестерін қосуда. Шағын кәсіпкерлік еңбекті дұрыс дамытуды, табыс көзінің дамуына, сұранымы өте қажет тауарларды өндіруде үлкен табысқа жетуде.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-ның өзінде олардың саны 7 млн құрайды. Қолдағы қаржы қолының шектеулігі оларды бірігуге көтермелейді. Осындай жағдайларға байланысты әртүрлі серіктестіктер құрылады.
1. 2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері
Шағын кәсіпкерлік әр түрлі нысанды құрылады. Қазіргі кезеңде шағын кәсіпкерлігінің үш түрі құқықтық негізде белгілі болып отыр:
1) Бір тұлғалы жекелеген шаруашылықтар
2) Серіктестіктер
3) Корпорациялар
Бір тұлғаның жеке меншік түрі бұл шағын кәсіпкерліктің қарапайым түрі болып саналады. Мұндай кәсіпорынды ашу үшін жергілікті билік орындарынан лицензия алып, кәсіпшіліктің атын тіркету керек. Серіктестік құру үшін екі ұйымның және екі адамның өзара келісімшарт жасасып, бірігіп кәсіпкерлік құру. Серіктестік толық немесе шектеулі жағдайда болуы мүмкін. Үшінші түрі корпорациялар. Бұл түрі орта және ірі кәсіпкерлікке жатады. Мысалы: АҚШ-тың мұндай кәсіпкерліктің 98% кішігірім отбасылық кәсіпорындарда. Корпорацияны басқару үшін ол өзінің иесінен бөлек болуы керек. Кей жағдайда корпорацияны иесі иемденіп өзі басқарады, бұл жағдайда ол басқа адамды пайдаланып әрекет етеді, ал ол адамның ешқандай иесі де басқарушысыда емес.
Ресей Федерациясының «мекемелер мен шағын кәсіпкерлік туралы» заңының ІV бөлімінде былай деп атап көрсетілген. Кәсіпорындар және меншік иесінің немесе атқарушы ұйымының, еңбекші коллективтің шешімімен жүзеге асырылады. Кәсіпорының өзінің жарғысын, сондай-ақ құрылтайшының шарты, құру жөніндегі шешімі болады. Кәсіпорынның жарғысында құқықтық түрі анықталады, аты, адресі, басқару және бақылау ұйымдары, кірісті бөлу және мекеменнің ұйымдастырылуы, қаражаты, мекеменің жойылуы туралы жағдайлар қамтылады.
Кәсіпорынның жарғысын құрылтайшы бекітеді. Ал мемлекеттік және біріккен жеке меншік ұйымдарында, мемлекеттің немесе жергілікті басқару ұйымдарының мүлкінің 50% құрайтын болса кәсіпорынның жарғысын құрылтайшы еңбек коллективімен бірігіп қабылдайды. Кәсіпорынды басқарушы заңды тұлғаны бекітіп, оны мемлекеттік тіркеуге ұсынуға құқық алады.
Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуге алынуы, оның ұйымдастырылу түріне байланысты емес, жергілікті Советтің шешімімен қабылданады. Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуге алынуы бір ай ішінде Ресей Федерациясының қаржы министрлігіне хабарланып мемлекеттік тіркеуге алынады. Тіркеуге алынбаған кәсіпорынның қызмет жасауына рұқсат етілмейді. Мұндай кәсіпорындар болса сот арқылы тыйым салынып, олардың кіріс қаражаты тәркіленіп, жергілікті бюджетке беріледі. Құрылтайшының кәсіпорынды тіркеуге алу үшін жіберетін құжаттары.
1 ) Құрылтайшының арызы
2 ) Кәсіпорынның жарғысы
3 ) Кәсіпорынның құрылуы туралы шешім немесе құрылтайшынның келісім шарты.
4 ) Мемлекеттік салық төлеу жөніндегі куәлік
Тіркеуге алу жөніндегі немесе бекітілмеуі жөнінде 1 ай мерзім ішінде құрылтайшыға хабарланады. Кәсіпорынның тіркеуге алынуы туралы жергілікті баспасөзге бір жеті ішінде жарияланады. Мемлекеттік тіркеуге алынбауы көбіне заң талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, құрылтайшы құжаттарының Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес болмаған кезде бекітілмейді. Мемлекеттік тіркеуге алынбаудың басқа жағдайлары заңсыздық болып табылады. тіркеуге қабылданбау туралы ұсыныс 3 күн ішінде құрылтайшыға хабарланады. Тіркеуге қабылданбау туралы мәселені құрылтайшы сотқа шағым жасай алады. Құрылтайшы сот арқылы, себепсіз мемлекеттік тіркеуге қабылданбауы туралы заңсыздыққа байланысты шағымданып өзінің шығынын қайтарып алады.
Кәсіпорынның өз жұмысын тоқтатуды туралы шешімді меншік иесі немесе оның ұйымы қызмет жасайтын коллективтің келісімімен сот арқылы шешіледі.
Кәсіпорын қандай жағдайда өз жұмысын тоқтатады.
1) Банкротқа ұшырағанда
2) РФ заңдарына сәйкес, кәсіпорынның заңдылықты бұзуы, өнім шығарудағы оның түрін өзгертуі тағы басқа
3) Сот шешімі бойынша құрылтайшының құжаттары және кәсіпорынды құру шешімінің дұрыс болмауы
4) РФ басқа заңды жарлықтарына сәйкес келмеуіне байланысты болады.
Шағын кәсікерлікті басқаратын басшыға жаңа технологияны білу ғана емес, сонымен қатар басқару тәсілін, заңды, қызметтің атқарылуын жан-жақты меңгеруді қажет.
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.
Ортаның бизнеске макроықпалы
Экономикалық
факторлар
Технологиялық
факторлар
Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.
АҚШ - ғы шағын бизнес .
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет) . Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.
АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99, 7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер - кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан - аймақ - орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz