Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры


Мазмұны
Кіріспе 4
І Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
дипломатиялық қатынас эволюциясы және даму тенденциясы 5
ІІ Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру 13
2. 1 Мемлекетаралық экономикалық және саяси іздестіру 13
ІІІ Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы - екі әріптес арасындағы үлгілі ынтымақтастықтың өнегесі 16 3. 1 Екі жақты қатынастағы Байқоңыр ғарыш кешенін пайдалану мәселесі 19
3. 2 Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі саясаты 20
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 32
Кіріспе
Менің бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы, ондағы проблемалардың экономикалық, географиялық және геосаяси аспектілері». Бұл жұмыс үш бөлімнен тұрады.
І бөлімде Қазақстан мен Ресей арасындағы көз-қарастарының кезеңдерге бөлінуі және хронологиясы жайлы айтылып өтеді, ал ІІ бөлімде екі елдің экономикасын дамытудағы келісімдері мен жоспарлары. ІІІ бөлімге келетін болсақ, Ресей мен Қазақстан елдерінің достығымен экологиялық проблемаларды шешу және «Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдалануына тоқталып оттім.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне - стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАС ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Қазақстан Республика мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынас эволюциясы және даму тенденциясы отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз - 1992 ж. мамыр) ;
2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр - 1994 ж. соңы) ;
3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін) .
Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.
Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді.
1994 жылғы наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемелекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Шын мәнінде мемлекеттер басшыларының келіссөздері экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан екі ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси сондай-ақ экономикалық сипаттағы маңызды құжаттарға қол қойылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz