Қазақстандағы темір жолдың даму тарихы
Жоспар
Кіріспе
1. Қазақстандағы темір жолдың даму тарихы.
2. Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінде жүк тасымалының
қазіргі жағдайы мен талдауы
3. Қазақстан Республикасының темір жол көлігінің ұйымдастыру қызметінің
дамуы
4. Темір жол дамуының перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес
кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына
және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.
Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистральды
өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына
негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны Қазақстан темір
жолы РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы
қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, Қазақстан темір жолы ұлттық
компания ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды.
Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді
салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді
кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың
талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100
жылдығы мерейтойына жетті. Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100
жылдығы кең көлемде аталып өтті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері
аталып өтілді. Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың
еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды
ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан
бастау туралы шешім қабылдады. Премьер-министр темір жол көлігінің 100
жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды.
Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-да Нұрсұлтан
Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медаль шығару туралы
бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға
бұйырды. Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің
теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы
Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді. Жоғары
мәртебелі қонақтардың көзінше Қазақстан темір жолының 100-жылдығына
арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.
Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен
атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде Мудис инвесторс сервис халықаралық
рейтингтік агенттігі жүргізген Қазақстан темір жолы компаниясының ұзақ
мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне
темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық
көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.
2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан Отан пойызы елімізді аралап,
сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол
станциялары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар
өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға
алды. Оларға Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының мерейтойлық
медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар
және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы
жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс станцияларда тұратын
теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп,
мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге
балалар тағамдары табыс етілді. Барлық станцияларда мәдени- сауықтық,
спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол
жұмысшыларының оңды лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл
сайын ұйымдастырылатын болды. Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің
шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен
салтанатты жиналысымен аяқталды. Ол республика астанасында 2004 жылдың 6
тамызында өткізілді.
Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет
тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын
нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз
кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру,
теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару
саласындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді. Осы жылдың 9
қарашасында Ақтау портынан Құлсары станциясына дейін үлкен көлемді,
биіктігі төрт қабатты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық
теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты.
1 Қазақстандағы темір жолдың даму тарихы.
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25
қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) -
Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды.
Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл
өткеннен кейін Урбах-Астрахань тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да
77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған
Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190
шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының
экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған,
Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы
салынды.1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының
Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай
(Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды. 1915-1917 жылдары соғылған
Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы
өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар
табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан
аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған
Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту
және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-
Курорты және Ақмола станциялары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700
шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі
құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған
Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір
(Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды
Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді
жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған
Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-
Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің
дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден
Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары
Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі -
Орал-Елек салынды. 1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін
Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты
жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық
маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.
1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін
Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады.
Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске
қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді.
Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы
құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.
1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан
кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі
Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-
Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды
желісін құрайды.
Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі
Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз
көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар
жасады.
1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның
солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен
жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай
Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары
Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты. 1958 жылдың 1
шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың
шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал,
Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және
меридионалды магистральдарды біріктірді. 1960 жылы шөлді өлкенің дамуына
себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км)
телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде
салынған Гурьев-Астрахань желісін пайдалану зор ықпал етті.
1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-
Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды
электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік
және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-
Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан
бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында
электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға
жетті. 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы
және Батыс-Қазақстан.
Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды. Байланыс және
белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың
жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық
есептеу жүйелері өндіріске белсенді енгізілді.
Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986
жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және
ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың
темір жолы арқылы өткізілді.
1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын
теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі
салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын
қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-
қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың
түйісуі қазақстандық Достық станциясы мен қытайлық Алашанькоу станциясын
қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының
қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі
іске қосылды. Сол кезеңде Достық станциясын қайта тиеу және тасымалдау
қуаты артты.
30-шы қарашада Арқа станциясында мемлекеттің жоғары лауазымды
тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті.
Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін
бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160
миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар
Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың
шақырымға дейін қысқарды.
Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат
- Эш 4161 сериялы паровозы орнатылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы
Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі
басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің
куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды.
Алтынсарин -Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін
10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа
дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132
шақырымдық Павлодар - Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі
жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы
тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын
сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым
миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың
түспеуіне игі ықпал етті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі
Достық станциясының маңызы зор. 2004 жылы Достық станциясы арқылы 9,5 млн.
тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 млрд теңге
бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал,
вагондарды алмастыру орны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102
шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына
80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық станциясында теміржолшылар
мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй
пайдалануға берілді.
Шығындардың айқындығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ресупбликасы
Үкіметінің Қазақстан темір жолы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын
қайта құру туралы 1998 жылғы 14-шілдедегі №667 қаулысына сәйкес
жолаушылар тасымалы жеке еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып бөлінді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан темір жолы ұлттық
компаниясы жабық акционерлік қоғамының (бұдан былай-ҚТЖ ҰК ЖАҚ)
қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру мәселелері туралы 2002 жылғы
27-сәуірдегі №479 Қаулысымен Жолаушылар тасымалы еншілес мемлекеттік
кәсіпорны ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылып, Жолаушылар
тасымалы ашық акционерлік қоғамы (бұдан былай-Жолаушылар тасымалы ААҚ)
2002 жылғы 21-мамырда мемлекеттік тіркеуге алынды.
2004 жылы сервистік қызметті қамтамасыз ететін қайта құрылымдау жұмыстары
жүргізілді, бұл шығындардың айқындығын қамтамасыз ету үшін жолаушылар
тасымалы қызметінің негізгі бөліміне және жолаушылар тасымалын
республикалық және жергілікті бюджеттен мақсатты субсидиялауға бағытталған
болатын. Қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы
вагон жөндеу зауыты, Вокзал-сервис, Қала маңындағы тасымал, Багаж
тасымалы, Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы, Вагонсервис сияқты
алты акционерлік қоғам, Жолсерік-Алматы жауапкершілігі шектеулі
серіктестігін (ол 2005 жылы Жолаушылартранс компаниясы жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне өзгертілді) құру жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық
тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы 2004 жылғы 25-желтоқсандағы
№1389 Қаулысына сәйкес Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамына Ұлттық
тасымалдаушы мәртебесі берілді.
2 Қазақстан Республикасындағы Темір жол көлігінде жүк тасымалының қазіргі
жағдайы мен талдауы
1-кестеде әр түрлі көліктің жасайтын жүк тасымалының көлемі
көрсетілген. 2004 жылы ҚР-дағы жүк тасымалының жалпы көлемі 283,4 млрд.
тонна км-ді құрады. Соның ішінде темір жол көлігі 58%, автомобиль көлігі
15%, ал құбырлы көлік 27% құрады. Құбырлы көлікті есепке алмағанда,
теміржол көлігі бүкіл жүк тасымалының негізгі жалпы көлемінің 80% құрайды
және ол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі тәсілі болып табылады. Бұл
мемлекет аймақтарының кең ауқымдылығына және көлік жүйесінің даму
жағдайларына байланысты.
1-кестеде көрсетілгендей, 2000-2004 жылдар аралығында жүк
тасымалының көлемі әуелі, құбырлы және автокөліктің арқасында өсті. Сонымен
қатар, 2002 жылдан бастап, теміржол көлігі жүк тасымалы көлемінің жыл сайын
10%-ға өсу тенденциясы сақталуда [4-6].
1-кесте. Көліктің жеке түрлері бойынша жүк тасымалының тенденциялары.
(Бірлгі: млрд. Тонна-км)
2000 2001 2002 2003 2004 Жылдың орташа өсімі
Теміржол 125,0 135,7 133,1 147,7 163,4 6,9
көлігі
Авто көлік 31,0 33,0 37,6 40,2 43,9 9,1
Құбырлар 51,0 57,3 63,5 69,8 76,0 10,5
көлігі
Әуе көлігі 0,0 0,0 0,1 0,1 0,1 23,6
Нәтижесі 207,0 225,9 234,2 257,7 283,4 8,2
2 – кестеде темір жол көлігінің жүк айналымының динамикасы тоннамен
көрсетіледі. Бұл кестеге сәйкес экспорттық жүктің көлемі өсуінің қарқыны 8%
құрып келе жатыр (импорттан екі есе аз). Импорт жүктердің көлемі жылдам
қарқындылықпен өсуде транзитті жүктер көлемінің өсуі әсіресе жоғары
(өсуінің жылдық орташа қарқындылығы 10%-н астам). Жүк тасымалының ішкі
өсімі 9% құрайды.
2-сурет. Жүк тасымалының түрлері.
Теміржол Құбыр жолы Жол Әуе
58% 27% 15% 0%
3-сурет. Темір жолда жүк тасымалдаудың құрылымы түрлері бойынша.
Ішкі тасымалдау.
Халықаралық тасымалдау.
4-кесте. Жүк тасымалының динамикасы жүк көрсеткішін шаққандағы түрімен.
(Бірлік: млн.тонна)
1999 2000 2001 2002 2003 2004 Жылдың орташа өсімі
Ішкі жүктер 78,1 89,3 95,3 98,4 113,6122,59,4
Халықаралық жүктер48,2 70,0 69,4 64,8 72,3 72,2 8,4
(экспорт) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz