Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және оларды мемлекеттік реттеу
... ..5
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы
қорлары, олардың қазіргі жағдайын экономикалық талдау ... ... ... ..11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ІСКЕРЛІГІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ (Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ-ның мысалында)

2.1 Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ-ның жалпы сипаттамасы мен қаржылық
көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Ұлар Үміт ЖЗҚ активтері мен тәуекелдерін талдау және басқару
... ... ... .26

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жинақтаушы зейнетақы
қорларын дамыту мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жетілдіру жолдары
... ... ..31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие
болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені
тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз
тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел
ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында
түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар
атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына
арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап
айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының
бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен
реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның
2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз
болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030"
бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн
жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап
өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың
материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының
әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі
зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені
бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай.
Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар
зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі
схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын
құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй
қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде
мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль
атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды
рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі
таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ
зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға
болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте
маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік –
экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан
Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің
ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды
мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет
ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты
тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.
Жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың тереңдетiлген жағдайындағы
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң
қазiргi жағдайын кешендi зерттеу негiзiнде жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн, портфельдi инвестициялардың
пайда болу процесстерiн және оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстарды
жасап шығару және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң әрекет етуiнiң
экономикалық-ұйымдық тетiгiн жаңғыртудың ғылыми негiзделген ұсыныстарын
әзiрлеумен түсiндiрiледi.
Зерттеудiң мiндеттерi. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесi
мiндеттердi шешудi қажет етедi:
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн
анықтау, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен
қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;
- елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының әр-түрлi сатысында
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудi реттеудегi мемлекеттiк саясаттың
ролiн анықтау;
- нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды
зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшеліктеріне
байланысты қолдануына талдау жүргізу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiне талдау жүргiзу
негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу және
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау;
- келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
дамытудың және тұрақты етудің негiзгi бағыттарын анықтау, зейнетақы
жүйесiнiң тиiмдi әрекет етуiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге байланысты
ұсыныстар әзiрлеу;
- зейнетақымен қамтамасыз етудiң сақтандыру тетiктерiн әзiрлеу және
келешекте зейнетақымен қамтамасыз ету мөлшерiн анықтау.

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және оларды мемлекеттік реттеу

Күнделікті өмірде әрбір адам денсаулығының және тіршілік етуінің
негізгі көзі жалақының жойылуына байланысты әр түрлі жағдайларға душар
болуы мүмкін. Бұл жағдайларға мыналар жатады: кәрілік, мүгедектік,
науқасқа шалдығу, асыраушысынан айрылу және т.б. Оларды көп жағдайда
өздігінен жеңу мүмкін емес, сондықтан олар әлеуметтік-экономикалық
талаптармен анықталғандықтан және өндірістік іс әрекетпен тығыз байланысты
болғандықтан жеке адамның еркіне тәуелсіз болып келеді. Адамзат дамуында
қоғамның жарымжан және кәрі мүшелеріне көрсетілетін жәрдем түрлері
өзгеріп отырды, алғашқы кезде бұл шіркеулерден қайырымдылық түрінде
жүргізілсе, кейіннен мемлекетке адал қызметі үшін әскерилерге жалақы
түрінде болды.Ақырында бұл адамның бүкіл өмір бойы жинақтаған қаржысын
зейнетақы түрінде мемлекеттің кепілдендірілген жәрдемі түрінде жүзеге асты.

Қазақстан зейнетақы реформасының басталғаннан бері 7 жыл асып барады.
Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ реформаның
нәтижелерімен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін емес. Елдегі
болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнет ақы жүйесін қайта
құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып өтейін.
Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне негізделеді,
яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен емес,
жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткер санының жұмысшылардың
санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы жүйесі
кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өсті. Бұдан
бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны тек
зейнетақы берушілердің негізі болып табылатын прициптерді түбегейлі өзгерту
негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зенетақы қамсыздандыру деңгейі
тікелей зейнетақы аударымдардың тарифімен, зейнеткерлермен жұмысшы халықтың
саны және оның еңбекақы деңгеімен қатынасы байланысты.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып
табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына
жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға
қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке
зейнетақымен қамтамасыз етуіне кетеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын
шоғырландырылған, ал оларға біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ
деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге
дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана
емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы
зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол
Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігінің немесе Ұлттық банкісінің
бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің
құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды объектілерге
инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін
аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрлысына салсақ, олар 20
жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67%
мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегініміз мемлекеттік
қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұнай жиналымдар болса ерте
де кеш қирайды.
Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне
тоқталсақ, олар:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы
активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
2. жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
3. зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне
мәлімет беруге;
4. зейнетақы қорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
5. зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
6. зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа
қорға аударуға;
7. зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы
активтерін басқаратын компаниялармен келісімге тұру
(мемлекеттік жинақтаушы қорынан басқа);
8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге
тұрған азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т.б.
міндетті. 2,б.28
Қазақстан Республикасының “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы
бойынша үш субьектi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толыққанды мүшесi
болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқарушы
компания, банк-кастодиан. Олардың қызметiн реттеп, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер шығарып қадағалайтын үш мемлекеттiк орган бар. Олар
мыналар:
1) Ұлттық банк (ҰБ);
2) Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚҰК) Бұл мемлекетік
орган Ұлттық Банктің департамент ретінде қосылып, енді Бағалы
қағаздар нарығын реттеу жөніндегі депортаменті;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттейтiн комитет
(ЖЗҚIРК) бұл да Ұлттық Банк департаменті болып қосылып, енді
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттің реттеу департаменті.
Ұлттық банк банк-кастодиандардың қызметiн бақылап, оларға лицензия
беру және одан айыру iстерiмен айналысады.
БҚҰК қор биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң инвестициялау әрекетiн
бақылап, олардың iстерiн қадағалайды. ЖЗҚIРК ЖЗҚ-ң iс-әрекеттерiнiң заңға
сәйкестiлiгiн және салымшылармен арақатынасын бақылау, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы
мемлекеттiк органдар, бұл негiзгi қызметiнен басқа да iстермен айналысады.
Ендi жинақтаушы жүйенiң iс жүзiне асу, аспауының негiзгi гаранты болып
табылатын субьектiлерге тоқталайық.2, б.32
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары төмендегідей болып бөлінеді:

1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
а) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілетін
лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерін дербес
жүзеге асыруға;
ә) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот
органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының мынадай міндеттері қарастырылған:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау
салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы
ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР-сының зейнетақы
заңдары мен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап
беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорының екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына
осы Заңда және ҚР-сының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған
жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға
шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртіппен
қаржылық есептілікті және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзге
де есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті.
Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа
кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ҚР-сының
заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтерді
жариялауға жол бермейді;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11) салымшымен еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге
міндетті.

Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында
жинақтаушы зейнетақы қорларына:

1) қызмет түрлеріне және кәсіпкерлік қызметке;

2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға
беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді
қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3) сақтандыру қызметіне;
4) зейнетақы активтерін кепілге беру;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық
нормативтер бе лгіленеді.Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың
нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік
нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен
аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен
қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу
шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуші шоғырландырылған
негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған
жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы
міндетті жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу
туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
айыппұлдар салуға және өндіріп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға, не қайтарып алуға.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнеақы қорының зейнетақы жарналарын тарту
жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының
қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан
үш және оданда көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген
нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді
үнемі бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін,жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесіне және уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы, не уәкілетті органның
жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көбінеу дұрыс
емес есептілікпен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша
алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын
сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын
тарту жөніндеге қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында
мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салушылар
мен алушылардың назарына жеткізеді.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы
қорының белгіленген мерзімде жойылмауы оны уәкілетті органның қайтарып
алуына негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты ықпал ету шараларын қолданған
жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның іс-әрекетіне сот тәртібімен
шағымдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның
рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп
шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге
өзгерту нысанында жүзеге асырылады.Рұқсат беру талаптары мен тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргізуге рұқсат алу
туралы өтінішіне мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта
құру туралы шешімі;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделіп
отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдері жазылатын құжаттар;
3) қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақтаушы
зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың
нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі
есептік балансы;
Ұлттық комиссияның зейнетақы жүйесін тікелей реттеу қызметтеріне
келісімдер жатады:
1) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялардың қызмет
істеуіне лицензия беру;
2) кастодиандық қызметті іске асыру үшін екінші
деңгейдегі банктерге лицензия беру;
3) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-
кастодиандардың қызметін қадағалау;
4) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-
кастодиандардың қызметтерін реттейтін нормативтік базаны құру;
ЖЗҚ-лары үшін тағы бір инвестициялық маңызды мәселе мемлекеттік бағалы
қағаздарды эммиссиялау көлемінің өсу және олардың айналым мерзімінің өсуі
болып табылады, өйткені барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық
мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті лимит бойынша салым жасаулары қажет.
Үкімет 2007 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі былтырғы
жылдан төмен болмауына барлық күшін салуды міндетке алды.
Әрине зейнетақы рыногының дамуына ұлттық кампаниялар мен ірі
масштабтағы өндірістік кәсіпорындардың акциялары қаржы рыногына шыға алған
жағдайда айтарлықтай тиімді әсерін тигізетін еді. Бірақ инвестициялық
проблеманы глобалды масштабта қарастырсақ акция рыногы зейнетақы рыногына
сәйкес дамымай отыр. 2006 жылдың аяғында Қазақстанда 2,8 мың акционерлік
қоғам тіркелген. Бірақ Қазақстандық қор биржасына тек 76 акционерлік қоғам
ғана, яғни жалпы акционерлік қоғамдардың санынан 3% жіберілген. Қор
рыногының болмауы ол рынокта акциялардың болмауына байланысты.
Сонымен қатар МЖЗҚ-ның капиталындағы қалған акциялардың пакетін сақтау
керек болатын, МЖЗҚ акцияларын бөлудің схемасы жекешелендіруден кейін,
келесідей түрде болатын болған: Қазақстан Республикасы үкіметі (25% +1
акция), стратегиялық инвестор (50%+ 1 акция), ІВRDжәне IFC (25% + 2 акция).
2006 жылдың күзінде МЖЗҚ халықаралық стандарттардың серияларына ISO
9001200212 берілген қордың менеджмент сапасының жүйесі сай
келетіндігі туралы сертификат алды. Бұл сертификацияның негізгі мақсаты
қор қызметін халықаралық стандарттағы максималды жақындату болып
табылады, бірақ МЖЗҚ-ның кейбір басшыларының сөзіне қарағанда
қандай сертификацияны енгізу жекешелендіру кезінде оның акцияларының
бағасының көрсетілуіне әсер етуі мүмкін, яғни МЖЗҚ-ын
жекешелендіруге дайындықтардың жүруі байқалынады 26.115б
Келесі болатын шаралар IBRD, Қазақстан Республикасы үкіметі және ұлттық
банктің арасындағы мимориандумға қол қоюы, сонымен қатар қосымша эмиссия
жүргізуге рұқсат алуы және IBRD акциясының 10% сатып алуға рұқсат алуы
болып отыр. Егер МЖЗҚ ағымдары жылда сату туралы шешім қабылданса, онда
шешімнің өзі (үкіметтің қаулысы) екі-үш айдың ішінде нарыққа шығуы мүмкін,
ал жылдың ортасында МЖЗҚ акцияларын сату бойынша байқау өтілуі мүмкін.
Бұл мәселенің 2010 жылға дейін МЖЗҚ-ның кейбір көрсеткіштерінің
жақсаруына дейін қалдырмауы мүмкін. Қазіргі кезде МЖЗҚ халық банкінің ЖЗҚ-
нан активтері бойынша артта қалуда, ал табыстылық бойынша соңғы орында.
2007 жылдың зейнетақы рыногында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болған
жоқ. Ал екінші жартысында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
дамуына әсерін тигізетін бірнеше маңызды өзгерістер болды.

1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
зейнетақы қорлары, олардың қазіргі жағдайын экономикалық талдау

Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы әлеуметтік
қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінен халықты әлеуметтік қорғаудың
рыноктық жүйесіне өтуіне алып келді. Зейнетақы реформасын жүргізуге түрлі
себептер болды. Бұл реформаның жүргізілуіне ынтымақтастық зейнетақы
жүйесінің қаржымен қамтамасыз етілмеуі, салық төлеушілердің азаюы, түскен
салықтардың ағымдағы жылдағы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жіберілуі
және басқа жағынан зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың санының өсуі
себеп болды.
Жинақталған зейнетақы жарналары инфляция мен девальвацияның әсерiне
ұшырап, нақты құны төмендемес үшiн оны бағалы қағаздарға тиiмдi
инвестициялау керек. Бүл iспен мамандары жеткiлiктi және тәжiрибесi бар
компания шұғылданса, оң табыстарға жеткiзетiнi сөзсiз. Қазақстанда бұнымен
Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары шұғылданады. ЖЗҚ бағалы қағаздар рыногының
маман қатысушысы және заңды тұлға болып табылады. Жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерi 80 млн. теңгеден кем болмауы тиiс. Компания мүлкi есебi
басқаруға алған зейнетақы активтерiнен бөлек жүргiзiледi. Компанияның
негiзгi қызметi заңда көрсетiлген шектеулер мен диверсификация нормаларын
ескере отырып, зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға, инвестициялық табыс
алу мақсатында орналастыру. Бұл қызмет түрi лицензияланатындықтан, оны алу
үшiн қойылатын негiзгi талаптарға тоқталайық:
1) штатында ең кемiнде 3 категориялы квалификацияның куәлiкке ие үш
маманның болуы. Соның iшiнде:
а) басқарушы қызметкерлер (тағайындау Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаментпен келiсуi қажет);
ә) активтердi инвестицияның басқару бөлiмдерiнiң басшылары;
б) инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға қатысатын
мамандар болуы тиiс;
2) ұйымдық-техника, компьютердiң, бағдарлама құралдары мен
телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болуы;
3) заңды тұлға құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын дәлелдеуi
қажет;
4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын iшкi
ұйымдастырудың құжаттары болуы шарт.3, б.20
ЖЗҚ-ң инвестициялық iс-әрекетiн қадағалап, бақылайтын ҚР-ң Бағалы
қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаменттің қолданатын бақылау
нормаларын көрсетейiк:
1) пруденциальды норматив, яғни ЖЗҚ-ң меншiк капиталының ең төменгi
мөлшерi 150 млн. теңгеден төмен болмауы тиiс;
2) ЖЗҚ-ң меншiк қаражатының жеткiлiктiлiк коэффициентi (ЖЗҚ-ң меншiк
қаражатының зейнетақы және меншiктi активтерiнiң қосындысына
қатысы). Бұл ЖЗҚ-ң өтiмдiлiгi төмен активтердi алып тастағандағы
меншiк қаражаттарымен басқаруға алған зейнетақы активтерi, сонымен
бiрге өзiнiң жеке активтi операцияларына жауап беру мүмкiндiгiн
анықтау үшiн қолданылады;
3) ЖЗҚ-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiнiң әр қор үшiн реальды
табысы (инфляцияға түзетiлген) келесi минимальды көрсеткiштерден кем
болмауы тиiс жұмыс 12 жұмыс ай бойынша:
а) сол уақыт мезгілінде қызмет етiп жатқан барлық ЖЗҚ-ң 21 реальды
табысы мөлшерiнен;
ә) барлық ЖЗҚ-ң реальды табысы минус екi проценттiк пункт. Егер сәйкес
келмесе онда соңғысы жетiлген ақшаны өзi толтыруы қажет;
4) Бiр заңды тұлғаның бағалы қағаздарына, депозитiне, депозиттiк
сертификаттарына инвестициялаудың максималды мөлшерi. Ол
инвестициялық қоржынды диверсификациялау мен бiр заңды тұлғаға
қатысты тәуекелдi азайту үшiн қолданылады;
5) Негiзгi құралдар мен басқадай материалды емес активтерге
инвестицияның максималды мөлшерi. Ол негiзгi қорлар мен басқадай
айналымнан тыс активтерге инвестицияның өзiндiк капиталға қатынасы
арқылы анықталып, 0,25-тен жоғары болмауы тиiс. Бұл ЖЗҚ-ң меншiктi
капиталының өтiмдiлiгi жоғары және өтiмдiлiгi төмен активтерге
инвестицияны шектеу үшiн қолданылады;
6) Негiзгi және қосымша резервтi капитал. Негiзгi резервтi капитал
өзiнiң мiндеттемесi уақтылы орындау үшiн болса, қосымша резервтi
капитал зейнетақы активтерiн инвестицияда кеткен қателiктер есебiнен
туған шығынның орнын толтыру үшiн қолданылады.
ЖЗҚ-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiн қандай бағалы қағаздарға
инвестициялай алатынын қарайық. Қазiр ҚР-ң Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаменті бекiткен нормативтерi келесiдей:
1) Зейнетақы активтерiнiң 50% кем емес мөлшерi мемлекеттiк құнды
қағаздарға салынуы тиiс. Осы арқылы тәуекелдi төмендету мақсаты
қарастырылады;
2) 40%-тен артық емес мөлшерi Қазақстан қор биржаларының “А”
категориялы листингiне тiркелген корпоративтiк құнды қағаздарға;
3) 10%-н артық емес мөлшерi халықтың қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарына;
4) 40%-н артық емес мөлшерi банктерге депозитқа салыну мүмкiн және бiр
банкке 10%-н аспайтын мөлшерде;
5) Корпоративтiк құнды қағаздар бойынша қосымша шектеулер бар:
Зейнетақы активтерiнiң 5% аспайтын бөлiгi өте үлкен болып жоғарыдағы
шектеу орындалмаса, компанияның жарғылық капиталының 5%-н аспайтын
бөлiгiнiң акциясына инвестиция салынуы мүмкiн.
Кей iстермен ЖЗҚ-ң айналысуына тиым салынған:
1) маржа бойынша мәмiле жүргiзу;
2) қайта сатып алу шарты бойынша бағалы қағаздар сату;
3) қысқа сату жүргiзу (келiсiм уақыты кезiнде инвестицияның қоржында
жоқ бағалы қағазды сату мәмiлесi);
4) заем беруге;
5) зейнетақы активтерiмен кепiлдемелi операция жүргiзу;
6) акциядан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
7) гарантия немесе поручительство беру.
2009 жыл – жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін ең жоғарғы нәтиже берген
жыл болып есептеледі. Себебі зейнетақы активтерінің қарқынды өсуі болып
табылады. Зейнетақы активтері жылдық индикативтік ЖҰӨ-ң 10,5 %-н құрады,
яғни 8,7 трлн тенгеге немесе 68 млрд долларға тең болды. Макроэкономикалық
жоспарда бұл өсу Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар арасындағы ең
жоғарғысы болып табылады. Мысалға 2004-2008 жылдардағы зейнетақы активтері
ЖҰӨ-ң 8 %-нан 9 %-ына дейін ғана құраған. Ал 2009 жылы зейнетақы активтері
(+40,3 %) ЖҰӨ-ді (+18,9 %) екі есе өсіріп жіберді.5, б.16
2010 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 14 Жинақтаушы
Зейнетақы Қоры қызмет етті. Олар мыналар:
1) “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ”;
2) “Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры”;
3) “Ұлар Үміт” ЖЗҚ;
4) “БТА Қазақстан” ЖЗҚ;
5) “Грантум” ЖЗҚ;
6) “Сенім” ЖЗҚ;
7) “Валют-транзит Фонд”;
8) “Атамекен” ЖЗҚ;
9) “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ;
10) “Қазақмыс” ЖЗҚ;
11) “Капитал” ЖЗҚ;
12) “Отан” ЖЗҚ;
13) “Қорғау” ЖЗҚ;
14) “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ”.
Енді олардың жергілікті жерлердегі филиалдар, бөлімшелер санына және
олардың іс-әрекетін жүзеге асырушы кастодиан банктеріне тоқталайық:
Бұл мәліметтер бойынша ең көп филиалы бар ЖЗҚ “Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ-
ы (34) болып табылады. Одан кейінгі орындарды “БТА Қазақстан”; “Мемлекеттік
ЖЗҚ”; “Ұлар Үміт”; “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” алады. Филиалдары мүлдем
жоқ ЖЗҚ-на “Капитал” ЖЗҚ және “Қазақмыс” ЖЗҚ жатады.6, б.6

Кесте 1 – 2010 жылғы 1 қаңтардағы ҚР-ғы ЖЗҚ-ң филиалдары және кастодиан
банктері туралы жалпы мәлімет

Филиалдар
№ ЖЗҚ түрлері және Кастодиан банктерінің
бөлімшелер атауы
саны
1 “Капитал” ЖЗҚ - АТФБанкі
2 “Қазақстан Халық Банкінің” ЖЗҚ 17 АТФБанкі
3 “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ 17 Қ Халық Банкі
4 “Отан” ЖЗҚ 2 БанкЦентрКредит
5 “Сенiм” ЖЗҚ 16 Еуразиялық Банк
6 “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ 3 Қ Халық Банкі
7 “Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ 34 Темірбанк
8 “Корғау” ЖЗҚ 2 БанкЦентрКредит
9 “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ 2 АТФБанкі
10 “Казахмыс” ЖЗҚ - Қ Халық Банкі
11 “БТА Қазақстан” ЖЗҚ 20 Темірбанк
12 “Атамекен” ЖЗҚ 14 Қ Халық Банкі
13 “Грантум” ЖЗҚ 10 ДБ HSBC Қазақстан
Банкі
14 “Мемлекеттік ЖЗҚ” 18 ҚР Ұлттық Банкі
15 Барлығы 155

Әрбір Жинақтаушы Зейнетақы Қорының өзіндік жарғылық капиталы және
меншік капиталы болады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:7, б.55

Кесте 2 – Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының жарғылық капиталының көлемі

2010 жылғы 1
№ Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының атауы қаңтардағы
жарғылық капитал
көлемі
1 “Капитал” ЖЗҚ 500000
2 “Қазақстан Халық Банкінің” ЖЗҚ 1000000
3 “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ 1005000
4 “Отан” ЖЗҚ 500000
5 “Сенiм ЖЗҚ” 600000
6 “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ 800000
7 “Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ 900000
8 “Корғау” ЖЗҚ 400000
9 “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ 300000
10 “Казахмыс” ЖЗҚ 300000
11 “БТА Қазақстан” ЖЗҚ 1004000
12 “Атамекен” ЖЗҚ 200200
13 “Грантум” ЖЗҚ 150000
14 “Мемлекеттік ЖЗҚ” 500000

Кестеде көріп тұрғанымыздай ең жоғарғы жарғылық капитал “Ұлар Үміт”
ЖЗҚ-ы болып табылады. Одан кейінгілер “БТА Қазақстан” ЖЗҚ, “Қазақстан Халық
Банкінің” ЖЗҚ, “ Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ болып табылады. Ең төменгі
жарғылық капитал “Грантум” ЖЗҚ-да. ЖЗҚ-ң жарғылық капиталының өзгерулерін
келесі диаграммадан да көруге болады.8, б.80

Кесте 3 – Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының меншік капиталының көлемі

2010 жылғы 1
№ Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының атауы қаңтардағы меншік
капитал көлемі
1 “Капитал” ЖЗҚ 621865
2 “Қазақстан Халық Банкінің” ЖЗҚ 6470598
3 “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ 6389652
4 “Отан” ЖЗҚ 788147
5 “Сенiм ЖЗҚ” 5698321
6 “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ 3659847
7 “Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ 2987652
8 “Корғау” ЖЗҚ 654602
9 “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ 589620
10 “Казахмыс” ЖЗҚ 421126
11 “БТА Қазақстан” ЖЗҚ 3296470
12 “Атамекен” ЖЗҚ 400635
13 “Грантум” ЖЗҚ 842631
14 “Мемлекеттік ЖЗҚ” 4099190

Меншік капиталы бойынша бірінші орынды “Қазақстан Халық Банкінің”
ЖЗҚ алады. Бірінші бестікке “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ, “Сенiм ЖЗҚ”, “Мемлекеттік
ЖЗҚ”, “БТА Қазақстан” ЖЗҚ, “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ-ы кіреді. Ең төменгі меншік
капиталы “Атамекен” ЖЗҚ болып табылады. Меншік капиталдарының көлемінің
өзгерісін келесі диаграммадан көруге болады.9, б.46
Енді Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының
инвестициялық қоржынының құрамына толығырақ тоқталайық:

Кесте 4 – ҚР-ң ЖЗҚ-ң инвестициялық қоржыны
№ Қаржылық инструменттер млн.тенге % үлесі
1 ҚР-ң мемлекеттік бағалы қағаздары, оның 254857 51,53
ішінде:
1.1 ҚР-ң еурооблигациясы 2516 0,51
1.2 ҚР-ң қаржылық министрлігінің бағалы 108740 21,90
қағаздары
1.3 ҚР-ң Ұлттық Банкінің бағамы 143435 28,89
1.4 Жергілікті атқарушы органдардың бағалы 166 0,03
қағаздары
2 Екінші деңгейлі банктерге салымдар 57109 11,50
3 Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы 3460 0,70
қағаздары
4 Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы 2337 0,47
қағаздары
5 Шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары 128 0,03
6 ҚР-ң эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы169510 34,13
қағаздары, оның ішінде:
6.1 Акциялар 30956 6,23
6.2 Облигациялар, оның ішінде: 138554 27,90
6.2.1АҚШ долларымен көрсетілгені 130204 26,22
6.2.2Тенгемен көрсетілгені 8350 1,68
7 Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес 9168 1,84
бағалы қағаздары, оның ішінде:
7.1 Акциялар 7207 1,45
7.2 Облигацииялар 1961 0,39
Барлығы 496569 100,0

Инвестициялық қоржынды талдайтын болсақ, онда оның ең көп бөлігін
мемлекеттік бағалы қағаздар құрайды, оның ішіне еурооблигация, қаржы
министрлігінің бағалы қағаздары, ҚР-ң Ұлттық Банкінің бағамы, жергілікті
атқарушы органдардың бағалы қағаздары кіреді, яғни 254857 млн тенгені
немесе 51,53 % үлесін құрайды. Ал инвестициялық қоржынның ең аз бөлігін
шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары (128; 0,03 %) құрайды.10, б.18

Қазiргi кезде Қазақстанда 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары бар.
Олардың салымшылар санына, зейнетақы активтеріне, инвестициялық қоржынына
толығырақ тоқталайық. Жинақтаушы Зейнетақы Қорларындағы салымшылар санына
келсек, онда мыналарды байқауға болады:12, б.112

Кесте 5 – 2010 жылғы 1 қаңтардағы ҚР-ғы ЖЗҚ-ғы салымшылар туралы жалпы
мәлімет
1салымшыға
Салымшылар шаққан-
№ ЖЗҚ түрлері саны, (адам) дағы зейнетақы
жинағы
1 “Капитал” ЖЗҚ 264239 74751
2 “Қазақстан Халық Банкінің” ЖЗҚ 1709422 147446
3 “Ұлар Үмiт” ЖЗҚ 1304131 122756
4 “Отан” ЖЗҚ 169041 115835
5 “Сенiм ЖЗҚ” 244872 144658
6 “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ 294783 72372
7 “Валют-транзит” ЖЗҚ 714872 49239
8 “Корғау” ЖЗҚ 135645 93952
9 “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ" 64690 65666
10 “Казахмыс” ЖЗҚ 113977 176172
11 “БТА Қазақстан” ЖЗҚ 712667 117615
12 “Атамекен” ЖЗҚ 268660 85125
13 “Грантум” ЖЗҚ 198511 296270
14 “Мемлекеттік ЖЗҚ” 2377323 68857
15 Барлығы 8572833 1630714

Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай салымшылар саны жағынан ең жоғары
белсенділік көрсеткен Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры болып табылады.
Ондағы салымшылар саны 2377323 адам болды. Салымшыларды тартуда жоғары
белсенділік көрсеткен қорлар “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ”, “Ұлар Үміт”
ЖЗҚ, “Валют-транзит Фонд” ЖЗҚ болып табылады. Қалған қорлар қалыпты
деңгейде өсті. Ең төмен нәтиже көрсеткен “Д.А.Қонаев атындағы ЖЗҚ” болып
табылады. Ал 1 салымшыға шаққандағы зейнетақы жинағы бойынша лидері
“Грантум” ЖЗҚ (296270 тенге) болып табылады. Одан кейінгі орындарды
“Қазақмыс” ЖЗҚ, “ Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ”, “Сенім” ЖЗҚ-ы алады. Ең
төменгісі “Д.А.Қонаев атындағы ЖЗҚ” болып табылады. Оны келесі диаграммадан
да көруге болады.13, б.127
Жоғарыда көрсетiлген барлық ЖЗҚ-р, 2009 жылдың 1 сәуiрiндегi 192683500515
мың теңгенi инвестициялық басқаруға алып, қор биржасының iрi брокерi болып
табылады.8, б.79
инақтаушы зейнетақы қорлары қызметі көп қырлы, сондықтан да ол
халықты қорғау жүйесінің элементі болып табылады. Оның сомасын
математикалық әдісті қолдана отырып келесі формула арқылы есептеп шығаруға
болады:

(1)
Мұндағы:
А – жыл сайынғы жинақ сомасы;
В – зейнетақы салымы;
R – инвестициялық кіріс қойылымы;
I – зейнетақы жинағының қалыптасу мерзімі (еңбек стажы).
Жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдай отырып, әрбір салымшы
тәуекелділікке бел буады, себебі ол оның табыстық тәуекелділігімен тікелей
байланысты. Сондықтан да мемлекеттік зейнетақы қорлары салымшыларына
қарағанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларында
тәуекелділік деңгейі жоғары және зейнетақы салымшалары күтетін табыстылығы
да жоғары болады.

Сурет 1 - 2010 жылғы 1 қаңтардағы ҚР-ң ЖЗҚ-ғы салымшылар санының көлемі.
Ескерту:
1.ОХ сызығы бойынша – ЖЗҚ-ң атауы
(сандармен берілген), ОУ сызығы бойынша өзгеріс деңгейлері.
ЖЗҚ-ң iс-әрекетiнiң талдауын аяқтай келе, 2009 - 2010 жыл қорытындысы
бойынша ЖЗҚ-ң салымшылар саны, зейнетақы активтері, инвестициялық қоржыны
бойынша ең жоғары белсенділік көрсетіп жүрген Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары
мыналар: “Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы Зейнетақы Қоры”, “Ұлар Үміт”
ЖЗҚ, “Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры”, “Сенім” ЖЗҚ. Бұл қорлар
Қазақстан Республикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары ішіндегі ең ірі
брендтер болып табылады. Келесі диаграммадан 2009 жылғы Жинақтаушы
Зейнетақы Қорларының үлесін көруге болады:5, б.21

Сурет 3 – ҚР-ң 2009 жылғы Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының үлесі.

Енді қаржы нарығындағы зейнетақы қорларының үлесі және қазіргі
уақытта зейнетақы аударымдарының қайда жұмсалу керектегі туралы көптеген
ұсыныстар жасалынуда, солар туралы айта кетсем.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ІСКЕРЛІГІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ (Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ-ның мысалында)

2.1 Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ-ның жалпы сипаттамасы мен қаржылық көрсеткіштері

"Ұлар Үміт" қоры №1 мемлекеттік лицензиясы негізінде зейнетақы
жарнасын тарту, зейнетақы төлемдерін жасау бойынша қызмет көрсетеді және
жетекші үш жинақтаушы зейнетақы қорының құрамына кіреді, зейнетақы
активінің жалпы сомасы барлық зейнетақы жүйесінің 63,17% құрайды.
"Ұлар Үміт" қоры ірі институционалдық инвестор болып табылады. Қордың
зейнетақы активінің 31 бөлігі А листингті корпоративті эмитенттің акция
облигациясына, ипотекалық облигацияға, Қазақстан даму банкінің
облигаңиясына, екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне салынған бұл біздің
республикамыздың экономикасының нақты секторын даиытуына қосқан маңызды
үлесі болып табылады.
1997 жылы ҚР Үкіметінің "ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қайта
құру тұжырымдамасын бекіту туралы" қаулысы қабылданғаннан кейін осы қордың
акционерлері алғашқы болып осы идеяны қолдады және жинақтаушы зейнетақы
қорын құру туралы стратегиялық шешім қабылдады, соның негізінде
Республикамыздың қаржы нарығында алғашқы жинақтаушы зейнетақы қоры
"Қазақтелеком Үміт" жаңа қатысушы пайда болды. Алғашқы Қазақстандық қор
мемлекеттік №1 лицензия алды, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және
зейнетақы жарналарын тарату туралы лицензия алды. 1998 жылы акционерлер
қорды ашық жинақтаушы зейнетақы қоры "Үміт" деп өзгерту туралы шешім
қабылдады. 2002 жылы жинақтаушы зейнетақы қоры "Үміт", жинақтаушы зейнетақы
қоры кәсіподақтар федерациясына қосылды.
2003 жылдың 6 тамызында акционерлер елдің 2 ірі қорын: ЖЗҚ "Ұлар" және
ЖЗҚ "Үміт" – ті қосу туралы стартегиялық шешім қабылданды; ЖЗҚ "Ұлар Үміт"
ЖАҚ деп өзгертті.
Бұл қорды біріктірудегі мақсат қуатты қаржы және әлеуметтік институтты
құру. Қазіргі заман талабына сай жоғарғы кәсіби тұрғыда зейнетақы қызметін
көрсетуге ықпал ету болды.
2007 жылы 12 майда жаңа жарғының қабылдануына байланысты ЖАҚ ЖЗҚ "Ұлар
Үміт", АҚ ЖЗҚ "Ұлар Үміт" болып өзгертілді.
Республикадағы зейнетақылық қызмет нарығындағы қордың алдына қойған
мақсаты - өз позициясын сақтау және нығайту; сондай-ақ бірінші кезекте,
салымшылар сеніміне ие болу. Бұл қор үшін аса маңызды дәйек.
2004 жылдың мәліметі бойынша қор салымшыларының саны 811636 мыңнан
астам адамды құрады, ал зейнетақылық активі 46350 млрд теңгеден аса соманы
құрады.
2008 жылы "Ұлар Үміт" ЖЗҚ-ның салымшыларының зейнетақы қоры 100 млрд
теңгеге өсті, ал зейнетақылық активі 129 млрд теңгеге немесе 1 млрд АҚШ $
жетті.
Қор жұмысының жүйелене түсуінің екінші себебі – бұл қор
қыызметкерлерінің белсенді әрі сапалы жұмысы. Үшіншіден қордың стратегиялық
саясатына акционерлер тарапынан көрсетілетін қолдау үлкен маңызға ие.
Қызмет ету барысында қор акционерлері болып саналатын ірі кәсіпорындары
"Казкомбанк" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "компания Внешинвест" ЖШС,
"Алаутрансгаз" АҚ, "Терминал" ЖШС ЖЗҚ арасындағы ең үлкен жарғылық
капиталды жасақтады.
Қор ең алдымен салымшылардың шынайы нақты ақпаратқа, қызмет корсетудің
шұғыл түріне, ең басты зейнетақылық жинақтың сақталуына деген сұраныстарын
толықтай қанағаттандыруға бағытталған. Қор ішкі регламент жүйесін айқын
сақтайды. "Ұлар Үміт" жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ-ның даму
бағдарламасында басты назар іс жүзіндегі салымшыларды сақтауға және қордың
зейнетақылық қызмет нарығындағы үлесінің ұлғаюына аударылған. Бүгінгі таңда
"Ұлар Үміт" АҚ-ның инвестициялық портфелі зейнетақылық активтерді
қайтарылмау қаупінен, еліміздегі экономикалық жағдайлардың өзгеруінен
қорғайтын жоғары шарамен сипатталады. "ҰларҮміт" жинақтаушы зейнетақы қоры
АҚ-ның инвестициялық портфель құрылымы былай дәйектеледі:

4-сурет. ҰларҮміт АҚ-ның инвестициялық портфель құрылымы.

"Ұлар Үміт" өз салымшыларына көрсетілетін қызметтің үздік талаптарын
құруға ұмтылады. Атап айтқанда қор салымшылары еліміздің барлық
аймақтарында қордың тармақталған филиалдық желелері арқылы тегін қызмет
көрсетудің кең көлемін пайдалана алады. Бүгінгі таңда қор салымшысы болуға
ниет білдіргендердің бәріне нарықтың озық талаптарын мұқият зерттеуге
негізделген корпоративтік және жеке қызмет ауқымын кеңейту мақсатында
еліміздегі зейнетақы нарығында бірінші рет тек қана "Ұлар Үміт" зейнетақы
қорында жүзеге асырылып отырған бір шара бар. Ол-қор салымшысының
инвестицтялық табыс өсіміне және жеке зейнетақылық есеп-шотына
интернеттегі қордың веб-сайты арқылы бақылау жасауында тудырылған
мүмкіндік.
Төлем жасаушыдан келген белгілі кезеңдегі төлемдік тапсырыстар тізімі;
Кезең ішінде қордың қате аударылған сомаларды қайтаруы:
Қорға жіберілген, бірақ зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
арқылы өтпеген төлемдік тапсырыстар тізімі.
Қор салымшылары үшін келесі қызметтер көрсетіледі:
- зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасу;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі сұрақтары бойынша кеңес беру;
- интернет жүйесіне қосылған кез-келген компьютер немесе ұялы телефон
арқылы зейнетақы есебінің жағдайы туралы on-line режимінде ақпарат
алу;
- несие рәсімдеу үшін салымшының жеке зейнетақы шотының жағдайы
туралы анықтама беру;
- салымшыларға жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы электрондық
почтальон арқылы хабарлау;

5-сурет. "Ұлар Үміт" жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ-ның зейнетақылық
активтерінің өсу қарқыны, млн. тг

6-сурет. "ҰларҮміт" жинақтаушы қоры АҚ-ның салымшылары санының өсімі.

Біз, Ұлар Үміт жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұдан әрі - Қор)
2010 жылғы 31 қаңтардағы жай-күйі бойынша бухгалтерлік баланстан және
көрсетілген датада аяқталатын жыл үшін пайда мен шығындар туралы есептен,
капиталдағы өзгертулер туралы есептен, және ақшалай қаражат қозғалысынан
және капиталдағы өзгертулер туралы тиісті есептерден және есеп саясатының
негізгі ережелерінің қысқаша мазмұнынан және басқа түсініктеме беруші
ескертпелерден тұратын Қордың беріліп отырған қаржылық есептілігіне аудит
жүргіздік. Ұлар Үміт Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ 2009 жылғы 31
қаңтардағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігіне басқа аудитор аудит
жүргізілген және 2010 жылғы 18 наурыздағы ол өз есебінде көрсетілген
қаржылық есеп беру бойынша сөзсіз оң қорытынды білдірген.
Көрсетілген қаржылық есеп берудің Қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарына сәйкес дайындалуына және шынайы ұсынылуына Қор басшылығы
жауап береді. Аталған жауапкершілік алақол әрекеттердің немесе қателердің
салдарынан орын алатын ерекше бұрмалаушылықтарға жол бермейтін, қаржылық
есептілікті дайындауға және оны шынайы ұсынуға қажетті ішкі бақылау жүйесін
әзірлеуден, енгізуден және қолдаудан; керекті есеп саясатын таңдаудан және
оны қолданысқа енгізуден; тікелей жағдайларға қатысты қолданылатын
негізделген бағамдарды пайдаланудан тұрады.
39 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (IAS) құнсызданудың
анық айғағы бар болған жағдайда, шығын сомасы активтердің баланстық құны
мен ақшалай қаражат ағымдарының күтілетін дисконтированды құнының
арасындағы айырмашылық секілді бағаланғанын талап етеді. Алайда бағалы
қағаздардың әділ құнын біздің бағалауымыз негізінде құнсызданудан 1,954,926
мың теңге сомада шығын болды, ол 2010 жылғы 31 қаңтарда аяқталатын жыл
ішіндегі таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есепте танылды.
Егер осы құнсыздану 2010 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша
бейнеленген болса, онда өтеуге дейін ұсталатын инвестиция және таза
зейнетақы активтер 1,954,926 мың теңгеге төмендейді, таза зейнетақы
активтеріндегі өзгертулер туралы есепте бейнеленген, өтеуге дейін ұсталатын
инвестициялар бойынша құнсызданудан болған шығын 1,954,926 мың теңгеге
ұлғайды, ал таза зейнетақы активтеріндегі өзгерту 1,954,926 мың теңгеге
төмендеді.

Кесте 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
Атамекен» зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау
Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
Пәндер