Мұнай мен газды тасымалдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Тарау І. Қазақстан Республикасының шикізат базасының дамуы ... ... ...5
1.1Қазақстан Республикасының шикізаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3Шикізат көлемі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14

Тарау ІІ.Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18
2.1 Оңтүстік Қазақстанның
шикізат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2 Солтүстік Қазақстанның
шикізаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Батыс Қазақстанның
шикізаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...34
2.4 Шығыс Қазақстанның
шикізаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
39
2.5 Орталық Қазақстанның
шикізаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: экономиканың шикiзаттық бағдарын бiрте-
бiрте жеңу, көлiк желiлерiн және телекоммуникация саласын жедел дамыту,
сонымен бiрге жетiлген нарықтық құрылымдарды қалыптастыру, 2006-2012 жылдар
аралығында ашық типтегi экономиканы жедел қарқынмен дамыту, дүниежүзiлiк
саудадағы Қазақстанның позициясын нығайту және әлемнiң индустриялы
елдерiнiң қатарына кiру.
Экономиканың салалық құрылымын жақсартуға қолайлы жағдай жасайтын,
тиiмдi жобаларға ұзақ мерзiмге несие беретiн Қазақстанның Даму Банкiнiң
жарғылық қоры 45 млрд. теңге болып отыр. Инвестициялық-инновациялық қорлар,
экспортты сақтандыру корпорациялары 2004 жылы бюджеттен 45 млрд. теңге
көлемiнде қаржы алды. Қазiр де олардың қорларын капиталдандыру процесi одан
әрi жүргiзiлуде. Жалпы алғанда, Қазақстандағы даму институттарының жиынтық
жарғылық қоры 1 млрд. долларға жеттi. Үкiмет қарап жатқан 2005-2015
жылдарға есептелген Ұлттық инновациялық жүйенi (ҰИЖ) дамыту бағдарламасы,
Ұлттық Инновациялық қор шеңберiнде 12 арнаулы технопарктер мен бизнес-
инкубаторларды құруда Президент Жолдауында қойылған стратегиялық
мақсаттарға жетуге бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық
саласы туралы ұғым беру және талдау жасау. Әрбір саланы бөліп қарастырып,
ерекшеліктерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес төмендегідей
міндеттер қойылды:
- ағымдағы салалық жағдайды талдау;
- салалардың жағдайын алдыңғы жылдармен салыстыру және қазіргі уақыттағы
жетістіктер;
- әрбір саланың ерекшелігін анықтау.
Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Экономиканың
құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын
көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік
береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.
Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету
саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген
дамушы елдерге қарағанда төмен.
Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.
Оңтүстік-Батыс-Солтүстік аймақтарының өзіндік үштағаны анықтайды. Мұнда
жалпы енімнің 45 белігі жасалады.
Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда
елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 35 бөлігі жүзеге асады.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі –
Бағдарлама) Мемлекет басшысының Нұр Отан халықтық-демократиялық
партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген
тапсырмасын, Мемлекет басшысының Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау
үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске
асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз
етуге бағытталған.
Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының
қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық
дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, Қазақстанның 30
корпоративтік көшбасшысы бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру
саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін
біріктірді.
2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы
шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа
бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа
бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі
индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы Самұрық-Қазына ұлттық әл-
ауқат қоры акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ),
экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе
құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып
табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік
нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика
салаларын қалыптастыру жәненемесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа
бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті
құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және
шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында
ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру
перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро
және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-
ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті
шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және
инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және
қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік
деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде
жүйелі түрде құрады.
Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі
индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық,
институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады.
Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртарап тандыруды және технологиялық
жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес
ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің
интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері
мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

Тарау І. Қазақстан Республикасының шикізат базасының дамуы
1.1Қазақстан Республикасының шикізаты

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 -
2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
шеңберінде әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі ел экономикасындағы мұнай-газ
саласының рөлін тұрақты нығайтумен шарттасады.
Мұнай-газ саласы елдің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды
әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да
салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысы
өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік
бағдарламалардың іске асырылуымен байланысты.
Жақын болашақта елдің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл
өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын
қамтитын салаларды кешенді дамытудың ел үшін бірыңғай жоспарларын әзірлеу
жолымен барлық мүдделі тараптардың қызметін үйлестіруді талап етеді.
Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды
міндеттердің шеңберін айқындайды және тиісінше, оларды шешуге бағытталған
өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық,
қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.Бағдарламаны іске
асыру қорытындылары бойынша саланың жұмыс істеу тиімділігін арттыру арқылы
көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден, мұнай мен газ
ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит көлемдерін өсіруден
әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің
толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты мұнай өнімдері мен газға
қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз етуге қол жеткізу көзделеді.
Бағдарлама мұнай-газ кешенін дамыту мәселелерінен басқа, өндірістік,
әлеуметтік және экологиялық бағыттағы ілеспе объектілерді жақсарту
мүмкіндіктерін қарастырады.
Қазіргі уақытта республиканың шамамен 900 мың шаршы км. алаңы 1958 -
1965 және 1975 - 1995 жылдары Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі ұйымдары
жасаған өңірлік, іздеу және егжей-тегжейлі сейсмикалық бейіндерінің
желілерімен қамтылған.
Қазақстан Республикасындағы көмірсутек шикізатының жалпы болжамды алынатын
ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспий теңізінің
қазақстандық секторына (бұдан әрі - КТҚС) тиесілі. Расталған мұнай қорлары
бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдердің қатарына кіреді. Қазақстан
көмірсутек шикізатының елеулі қорларына - әлемдік қордың 3,3%-на иелік
етеді (алынатын мұнай қорлары 4,8 млрд. тонна және алынатын газ қорлары
Каспий қайраңындағы жаңа кен орындарын есептегенде, 3 трлн. текше метрден
асты, ал ықтимал ресурстары 6-8 трлн. текше метр деп бағаланады).
Республиканың 172 мұнай және 42 конденсатты кен орны орналасқан (оның
ішінде, 80-нен астамы игерілуде) мұнай-газды аудандары, оның алаңы шамамен
Қазақстан аумағының 62%-ын алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі
қорлары (90%-дан астамы) ең ірі 15 кен орнында, олар - Теңіз, Қашаған,
Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл,
Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай,
Королевское, жартысы - екі ірі мұнай кен орны Қашаған мен Теңізде
шоғырланған.
Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алтауының аумағында
орналасқан. Бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және
Маңғыстау облыстары. Бұл ретте көмірсутек қорларының шамамен 70%
Қазақстанның батысында шоғырланған.
Мұнайдың неғұрлым барланған қорлары Атырау облысына тиесілі, оның аумағында
өнеркәсіптік санаттағы 930 млн. тонна қормен 75-тен астам кен орны ашылды.
15-тен астам көмірсутек кен орны Батыс Қазақстан облысының аумағында
орналасқан. Мұнай-газды әлеует тұрғысынан Ақтөбе облысы тағы бір
перспективті өңір болып табылады. Мұнда 25-ке жуық кен орны ашылды.
Қызылорда және Қарағанды облыстарының мұнай өндіру саласының негізі -
маңыздылығы бойынша Қазақстанның бесінші мұнай-газды провинциясы - Құмкөл
кен орындар тобы болып табылады.
Қазақстанның мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін одан әрі молайтуға
Каспий және Арал теңіздерінің айдынында республика жүргізіп жатқан жер
қойнауы учаскелерін кең ауқымды зерттеулер ықпал ететін болады.
Каспийдің солтүстігінде алынатын 2,02 млрд. тонна болжамды қормен 2000 жылы
ашылған Қашаған кен орны соңғы 30 жыл ішіндегі әлемдік тәжірибедегі ең
маңызды оқиға деп аталды.

Мұнай мен газды іздеу перспективалары Каспий маңы ойпатындағы, Арал
маңындағы зерттелмеген терең жатқан құрылымдармен, сондай-ақ Солтүстік,
Орталық және Оңтүстік Қазақстан объектілерінде анықталған сейсмикалық
барлау нәтижелерімен байланыстырылады.
Қазақстан үшін табиғи газ неғұрлым перспективті энергия тасығыш
болуда, оның қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 14-орынды және тәуелсіз
мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерінің арасында Ресей,
Түрікменстан мен Өзбекстаннан кейінгі 4 - орынды иеленуде.
Географиялық тұрғыдан барлық газ қорының 98% - ы аумақтық тиесілілігі
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына жататын Батыс
Қазақстанның жер қойнауында орналасқан.
Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіру көлемінің 70%-дан астамын АҚШ,
Қытай, Ресей, Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) елдерінің шетелдік
инвесторлары қамтамасыз етеді, ExxonMobil, Chevron, Agip, BG, BPStatoil,
Shell, Total, INPEKS, Philips, ЛУКойл, Оман Ойл, Eni сияқты ірі ұлттық және
трансұлттық компаниялар және басқалар жұмыс істеуде.
Мұнай мен газды өндіру
2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын өндіру 2008 жылмен
салыстырғанда 8,3%-ға ұлғайып, 76,5 млн. тоннаны құрады, мұнай мен газ
конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаға - 8,4%-ға өсті.
Қазақстан Республикасының аумағында 2009 жылдың қорытындылары
бойынша негізгі мұнай өндіруші компаниялар Теңізшевройл жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ТШО) (22,5 млн. тонна), Қарашығанақ
Петролеум Оперейтинг Б.В. жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі
- ҚПО б.в.) (11,9 мен. тонна), ҚазМұнайГаз барлау және өндіру
акционерлік қоғамы (бұдан әрі - БҰ) (8,9 млн. тонна), СНПС-Ақтөбемұнайгаз
акционерлік қоғамы (бұдан әрі - СНЛС-Ақтөбемұнайгаз АҚ) (6,0 млн. тонна)
және Маңғыстаумұнайгаз акционерлік қоғамы (5,7 млн. тонна) болып
табылады.
Республика аумағындағы көмірсутек шикізатының құрылықта игеріліп жатқан кен
орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті. Құрылықтағы
өндірістің одан әрі өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен
орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. 2012 жылдың аяғында Қашаған
кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді іске асыруды бастау
жоспарлануда. Құрылықтағы қалған кен орындарында (Теңіз бен Қарашығанақты
есептемегенде) өндіру көлемі 45,0 млн. тоннаны немесе 2009 жылғы жалпы
өндіру көлемінің 58,8%-ын құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44,9 млн.
тоннаға дейін немесе жалпы өндіру көлемінің 52,8%-на дейін төмендейді.
Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың газды өндіруі
өндіру көлемдерінің тұрақты өсу үрдісін растайды - 2009 жылы 36,0 млрд.
текше метр газ өндірілді, бұл 2008 жылғы газ өндіру деңгейінен 7,5% жоғары.
Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі газ өндіруші компаниялар
(2009 жылғы деректер бойынша) ҚПО б.в (15,0 млрд. текше метр), ТШО (11,7
млрд. текше метр), СНЛС-Ақтөбемұнайгаз акционерлік қоғамы (3,0 млрд.
текше метр), Толқынмұнайгаз жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2,3
млрд. текше метр), ҚМГ (0,4 млрд. текше метр) болып табылады.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен тұрақты жабдықтау қажеттілігін
ескере отырып, жылына 300-330 млн. текше метр деңгейінде Амангелді кен
орындары тобын одан әрі игеру газ өндіру құрылымында маңызды орын алады.
Осы кен орындары тобын одан әрі дамыту мәселесі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кен орындарының табиғи газын сату бағасын кезең-кезеңмен көтеріп
отыру саясатына байланысты болады, себебі газға бағаның кезең-кезеңмен
өсуіне тосқауыл қою жер қойнауын пайдаланушы-компанияға кен орындарының
келісімшарттық аумағын барлау мен игерудің өндірістік бағдарламасын жүзеге
асыру үшін жеткілікті қаражат көлемін шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.
Мұнай өнімдерін өндіру тапшылығы мен оның импортының көлемі жұмыс істеп
тұрған МӨЗ-дердің Қазақстанның ішкі тұтынуын қанағаттандыра алмайтын жалпы
жеткіліксіз технологиялық жай-күйін сипаттайды. Атырау және Шымкент МӨЗ-дің
технологиялық мүмкіндіктері мұнайды тереңдетіп өңдеуді жүзеге асыруға
мүмкіндік бермейді - мазут пен вакуумдық газойлды өндіру үлесі жоғары.
Қазақстан МӨЗ-дерінде ресей мұнайын өңдеу көлемі 50%-ды құрайды - ПМХЗ
негізінен Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнайды өңдеуде, ПКОП 50%-ға
дейін ресей мұнайын өңдейді.
МӨЗ-дерге ресейлік мұнай жеткізілімдерінің басым болуының себептері -
қазақстандық мұнайды тасымалдаудың отандық инфрақұрылымының дамымағандығы.
Мысалы, ПМХЗ-ға мұнай кеңес уақытында салынған және ресей мұнайының
жүктемесіне бағдарланған мұнай құбыры бойынша жеткізіледі. Сонымен бірге,
Қазақстанның Батыс өңірінен Павлодар зауытына қарай мұнай құбырын салу
экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.
Қазіргі уақытта өндірілетін көмірсутек шикізатының негізгі көлемі
экспортқа жіберіледі және отын нұсқасы бойынша пайдаланылады, көмірсутек
шикізатын бастапқы өңдеу мұнай-химия шикізатын одан әрі шығармай, мұнай мен
газды сепарациялауға негізделген.
Негізгі өндірістік қорлары 30 жыл бұрын құрылған мұнай-химия кәсіпорындары
тауарлық өнімді шектелген көлемдерде (полистирол, полипропилен) немесе
сырттан әкелінген шикізатпен (Ресей Федерациясы — синтетикалық каучуктар,
қоспалардың негізгі компоненттері және т.б.) шығарып отырды.
Сонымен бірге, мұнай-химия өндірістерін құру үшін жеткілікті шикізат
ресурстары бар: Қазақстан Республикасының түрлі өңірлеріндегі кен орындарын
(Теңіз, Каспий) игерген кезде газдың жалпы көлемінің 13-тен 16 %-ға дейін
және одан жоғары этан құрамының фракциялары болатын табиғи және ілеспе
газдар, бұлар негізгі мұнай-химия өнімі - этиленді өндіру үшін негізгі
экономикалық және технологиялық басымдық болып табылады. Жол маркалы
битумдарды өндіру үшін Батыс Қазақстанның кен орындарынан өндірілетін
мұнай. Мысалы, Қаражанбас кен орнындағы мұнайдың тұтқырлығы жоғары - 200С
кезінде 0,9371гтек.см, қату температурасы төмен, парафині аз (2,22 %
масс.), құрамындағы шайыр мен асфальтені жоғары (тиісінше 13,28 % масс,
1,86 % масс), бұл жоғары сапалы жол битумын өндіру үшін қойылатын
талаптарға сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жағар майлар өндірісі жоқ және Шымкент МӨЗ-ді
жаңғырту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде базалық майлар өндірісін құру
жөнінде техникалық шешімдер әзірленуде. High Industrial Lubricants &
Liquids Соrроrаtіоn ЖШС компаниясы (майларды араластыру және өлшеп орау
зауыты), сонымен бірге гидрокрекинг қондырғысын салумен және ПКОП
шикізатынан (вакуумдық газойль) базалық майлар өндірісінің толық циклымен
зауытты кеңейту мүмкіндігін зерттеуде (5 км орналасқан).
Республиканың мұнай-газ кешені өндіретін газ, негізінен ілеспе газ болып
табылады, сондықтан кейіннен тұтынушылар мен кәсіпорындарға жеткізілетін
тауарлық газ жасау үшін оны газ өңдеу зауыттарында өңдеу талап етіледі.
Республикада жалпы өңдеу қуаты жылына 18,9 млрд. тек. м газ өңдейтін үш газ
өңдеу зауыты (бұдан әрі - ГӨЗ) бар:
Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ҚазГӨЗ);
Теңіз газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ТГӨЗ);
Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ЖГӨЗ).
Газ өндіру көлемі аздау кен орындарында газды тауарлық күйге дейін дайындау
газды кешенді дайындау қондырғыларында (бұдан әрі - ГКДҚ) жүргізіледі.
2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықта мұнай өндірісі 2006
жылғы 64,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 76,5 млн. тоннаға дейін және газ
өндірісі тиісінше 27,0-ден 36,0 млрд. текше м-ге ұлғайтылған кезде, газды
кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды орындау жағылатын газ көлемін 3,1 -ден
1,7 млрд. текше м-ге дейін, яғни 1,4 млрд. тек.м қысқартуға мүмкіндік
туғызды. Бұл ретте кәдеге жаратылған газдың көлемі 23,9 млрд. текше метрден
34,3 млрд. текше метрге дейін, яғни 10,4 млрд. текше м ұлғайды.
Республиканың жер қойнауын пайдаланушылары бекітілген Ілеспе газды кәдеге
жарату бағдарламаларын орындауға тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
Жалпы алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі
іс-шараларды орындауы қуаты 256 МВт-тен астам 12 газ турбиналық электр
станциясын (ГТЭС), газды кешенді кәдеге жаратудың 12 қондырғысын және
жылына 8 млрд. текше м газ өңдеуге және 350 мың тоннадан астам сұйытылған
газ шығаруға арналған газ өңдеу зауытын қамтитын кәдеге жаратылатын газды
пайдалану жөніндегі жаңа инфрақұрылым құруға ықпал етті.
Тарихи қалыптасқан магистралдық және газ тарту құбырлары жүйесіне
сәйкес табиғи газ республиканың 14 облысының 9-ына жеткізіледі. Қазақстан
Республикасының Үкіметі республиканың елді мекендерін газдандыру жөніндегі
іс-шараларға баса назар аударып отыр. 2006 - 2009 жылдары осы мақсаттарға
республикалық бюджеттен 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қабылданған шаралар Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстарының 80 елді мекенін, сондай-ақ Қызылорда
қаласындағы 46 көпқабатты үй мен 4 мың жеке үйді табиғи газбен қамтуға
мүмкіндік берді.
Газдандыру жөніндегі белсенді жұмыстар жергілікті деңгейде жергілікті
бюджет есебінен жүзеге асырылады. 2007-2009 жылдары осы мақсаттарға 30
млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 400 мыңдай адам тұратын тұрғын үйлер
газдандырылды.
Мұнай мен газды тасымалдау
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте
маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша - 21,8%-ды
құрады.
Мұнай-газ компанияларынан түсетін түсімдер 2009 жылдан бастап енгізілген
салық жеңілдіктеріне қарамастан, мемлекеттік бюджетте елеулі көлемді
құрайды. Атап айтқанда, мемлекеттік кірістердегі саланың үлесі 1531,2 млрд.
теңгені немесе 2008 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа ұлғайтылып
40,5 %-ды құрады. Мұнай-газ секторынан Ұлттық қорға түсетін төлемдер
алдыңғы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңгені немесе мемлекеттік кірістердегі
36,3%-ды құрады.
2009 жылы минералдық-шикізаттық кешеніндегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн.
теңгені (21,4 млрд. АҚШ долл.) құрады.
Көмірсутектерді өндіру көлемдерінің ұлғаюы мұнай-газ тасымалдау
инфрақұрылымын қарқынды дамытуды талап етеді. Жұмыс істеп жатқан
қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыттары Атырау - Самара құбыры,
Каспий Құбыр Консорциумы құбыры (бұдан әрі - КҚК), Атасу - Алашанькоу
құбыры, Ақтау порты болып табылады.
2009 жылы қазақстандық мұнайдың неғұрлым үлкен көлемі КҚК мұнай құбыры
бойынша - 27,5 млн. тонна және Атырау-Самара құбыры бойынша - 17,5 млн.
тонна экспортталды. Қытай бағытында - 7,7 млн. тонна тасымалданды, оның 6,2
млн. тоннасы қазақстандық мұнай. Теңіз экспорты - 11,1 млн. тоннаны құрады,
темір жол бойынша 4 млн. тонна тиелді. Орынбор ГӨЗ-ге 1,8 млн. тонна газ
конденсаты жеткізілді. 2009 жылы Қазақстан аумағы бойынша ҚХР-ға ресей
мұнайының транзиті 1,5 млн. тоннаны құрады, 2010 жылы 2,0 млн. тоннаға
жоспарланып отыр.
Жаңа экспорт жүйелерін құру және қолда барларын кеңейту өзекті жұмыс
болып табылады. 2009 жылы КҚК акционерлері жүйені кезең-кезеңмен кеңейту
туралы шешімді қабылдады, Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін құру
жөніндегі жұмыс, сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасының 2-ші
кезеңін салу жалғасуда.
2009 жылдың ішінде қазақстандық газ экспортының көлемі 7,0 млрд. тек. м
құрады, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газдың халықаралық
транзитінің көлемі 73,3 млрд. тек. м, оның ішінде ресейлік газ - 48,0 млрд.
тек. м, түрікмен газы - 11,9 млрд. тек. м, өзбек газы - 13,4 млрд. тек. м
құрады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газды тасымалдау және транзиті
Орта Азия - Орталық (орта азия газы), Бұхара газды өңірі - Ташкент-
Бішкек-Алматы (орта азия газы), Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-ші
учаскесі (орта азия газы), Орынбор-Новопсков (ресей газы), Бұхара-Орал
(ресей газы) негізгі магистралдық газ құбырлары бойынша жүзеге асырылады.
2009 жылға дейін транзит көлемі жыл сайын шамамен 100 млрд. тек. м
құрады. 2009 жылы транзит көлемінің төмендеуі Түрікменстан Республикасы мен
Газпром ААҚ арасындағы экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан 2009
жылдың сәуірінен бастап желтоқсанға дейін Орта Азия - Орталық
магистралдық газ құбыры бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
түрікмен газын тасымалдаудың тоқтатылуына байланысты болды.
Орта Азия — Орталық, Мақат - Солтүстік Кавказ және Окарем -
Бейнеу магистралдық газ құбырларын дамытуға әзірленген инвестициялардың
негіздемесі шеңберінде Түрікменстан мен Өзбекстаннан өсіп отырған табиғи
газ көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2007-2008 жылдарда
Орта Азия - Орталық - 4 магистралдық газ құбырының жаңа учаскелерінің,
Орта Азия - Орталық лупингінің құрылысы және Опорная компрессорлық
станциясындағы жаңа турбокомпрессорлық цех-4 құрылысы аяқталды, бұл Орта
Азия - Орталық магистралдық газ құбырының бүкіл жүйесінің өнімділігін
жылына 60 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық үлес бойынша ғана жер қойнауын пайдалану жобаларында
қалыптасатын сұраныс 16-18 млрд. АҚШ долл. құрайды, шамамен алғанда, оның
25% - тауарлар, 75% - жұмыстар мен қызметтер, оның ішінде құрылыс
жұмыстары. Қазақстанда тауарларға, қызметтер мен еңбекке ең ірі тапсырыс
берушілер мұнай компаниялары. 2009 жылы есеп берген мұнай-газ саласындағы
өндіруші компаниялар 450 млрд. теңгеден астам сомаға, ал 2008 жылы - 802
млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды.

2. Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері

2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың
адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара
металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі
сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие
және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын
өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3
есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9
млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда
болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна
мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.
2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады
деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады.
Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері
арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша,
Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай,
ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен
артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі
ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-
нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына
шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76
млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі
деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен
айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері
(50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне
теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.
Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл
көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді
қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап
барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың
көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5
млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса
есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін
өсті.
2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса
алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік
инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті
жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд.
доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен
салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы
сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ
долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар
нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың
қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді.
2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше
елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы
инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің
сақталуына ықпал етті. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші
болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd
сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс
рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі
Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ
мерзімді облигациялар бойынша ВВВ деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы
ұзық мерзімді облигациялар бойынша ВВВ+ деңгейіне дейін жоғарылатты,
сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша Ғ3
деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер тұрақты екені
болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық
ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін
айқындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша,
кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының
негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың
ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық
өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе;
зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты
(2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық
көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7
еседен астам өсті.

1.3 Шикізат көлемі

Экономика батыл қарқынмен қалпына келуін жалғастыруда, оған мұнай
бағасының қолайлығы және өткен жылғы құрғақшылықтан кейінгі ауыл
шаруашылығындағы өндіріс көлемі өсуінің қалпына келуі ықпал етуде.
Құрылыстағы және жылжымайтын мүлік саласындағы динамиканың әлсіздігіне
қарамастан, ХВҚ-ның қызметкерлері нақты ЖІӨ-нің 2011 жылы 6,5 пайызға дейін
өсетінін болжап отыр. Шетелдік активтер жоғары деңгейде және халықаралық
резервтер мен Ұлттық қордың ресурстарын есептегенде 72,5 млрд. АҚШ долл.
(ЖІӨ-нің 40%) құрайды, сол арқылы экономика үшін жеткілікті буфер
қалыптастырып отыр. Шикізат экспорты көлемінің ұлғаюының арқасында ағымдағы
шоттың оң сальдосы ұлғайды, мұнай саласымен байланысты тікелей шетелдік
инвестициялар және сыртқы қаражат көздерінен түскен инвестициялар капитал
ағынының сақталуына ықпал етеді. Азық-түліктің және отынның әлемдік
бағаларының едәуір дәрежеде жоғары болуынан, сондай-ақ халық кірісінің
өсуінен (бюджет саласындағы жалақының шілдеде 30%-ға өсуін қоса алғанда)
жылдық инфляцияның қарқыны қыркүйектің соңында 8,75 пайызды құрады және
қаңтардан бастап реттелетін бағалардың кеңінен қолданылуына қарамастан,
мемлекеттік органдар жоспарлаған 6-8 пайыздық деңгейден асып кетті.
Депозиттік база кредиттеу көлемінің ұлғаюы кезінде (мемлекеттік
кәсіпорындар қаражатының есебінен) өсуде, бірақ банктердің баланстары әлсіз
күйінде қалып отыр, бұл тәуекелдердің қолайсыздығын күшейтіп, қаржылық
делдалдыққа зиян келтіреді.
Қазақстан экономикасының 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін жылдам
көтерілуі сенім ұялатады. Алайда қалыпқа келу сыртқы экономикалық жағдайдың
жылдам нашарлауы аясында жүріп жатыр. Әлемде экономикалық белсенділік
төмендеп, әлсірей бастады, сенімділік азаяуда, ал теріс тәуекелдер күшейе
түсуде. Дағдарыс нәтижесінде зардап шеккен дамыған елдер бастан кешірген
құрылымдық проблемалар күткендегіден күрделірек болды, ал реформалар
әзірлеу мен іске асыру үдерісінің сипаты азая бастады. Осындай қиындықтарға
байланысты еуроаймақтағы дағдарысты реттеудегі және АҚШ-тағы мемлекеттік
емес сұранысты қалпына келтірудегі түрлі кідірістердің себебінен ғаламдық
өсу үшін анық теріс тәуекелдер туындауда. Бұл тәуекелдер орын ала бастаған
жағдайда шикізат бағасы түсіп, әлемдік сауда мен капиталдың қозғалысының
көлемдері қысқарады, бұл экономикасы қалыптасу үстіндегі елдердегі және
дамушы елдердегі өсуді тоқтатады. Оның шикізат экспортына тәуелділігін және
халықаралық нарықтармен тығыз байланысын ескере отырып, Қазақстан басқа да
көптеген елдер сияқты осындай күйзелістер нәтижесінде зардап шегуі мүмкін.

Қалыптасқан жағдайда Қазақстанның банк жүйесінде сақталып отырған
әлсіз тұстар алаңдаушылық туындатады. Сыртқы берешектің қайта құрылымдауына
және мемлекет тарапынан қаржылай көмекке қарамастан банк активтерінің
сапасы нашарлай берді, ал жұмыс істемейтін несиелер көлемі өте жоғары
деңгейде (халықаралық есеппен алғанда) қалып отыр. Есептелген, бірақ
алынбаған пайыздық кіріс көлемінің жоғары болуы, қайта құрылымдалған
несиелер үлесінің жоғары болуы және кірістіліктің төмен болуы капитал
жеткіліктілігінің нормативтері үшін тәуекелдер туындатады. Банктердің
бұрынғысынша тәуекелге барғысы келмеуін, ал ірі заңды тұлғалардың заем
қаражатының үлесін төмендетуді жалғастыруын ескерсек, мақсатты қаржы
бөлінген кредиттер, мемлекет тарапынан адрестік көмек және бейімделген ақша-
кредит саясаты кредиттеудің жақын болашақта өсуіне ықпал етуі екіталай.
Айтарлықтай күйзелістер болмаған кезде банктердің жағдайы біртіндеп
жақсаруы мүмкін. Алайда, әлемдік экономикадағы белгісіз ахуалды ескерсек,
банк жүйесінің толық сауығуын және оның әлеуетті күйзелістерге қарсы тұруын
және жинақталған қаражатты өндірістік қызметке бағыттауын қамтамасыз ету
үшін бастамашыл тәсіл қолданған жөн. Әлемдік экономикалық жағдайдың
айтарлықтай нашарлауы, атап айтқанда, ірі көршілес мемлекеттер тарапынан
болатын ықтимал теріс әсерлер, Қазақстанның экономикасына және оның банк
жүйесіне теріс әсер етеді. Ықпалдар қол жетімді ресурстар көлемінің
қысқаруы және қарыз құнының ұлғаюы (банктер, заңды тұлғалар және
квазимемлекеттік құрылымдар үшін), сондай-ақ сенімнің әлсіреуі түрінде
болады, бұл, өз кезегінде, банктер үшін қосымша қиындықтарға әкеп соғады.
Экономикадағы қаржы ресурстарының көптігіне қарамастан, мұндай ахуал
басқару органдары үшін көптеген қиындықтар туындатады, сондай-ақ 2020
жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарында көзделген мемлекеттік емес
секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру есебінен өсуді қамтамасыз
етудің міндеттерін іске асыру үшін кедергі болады.
Бұл қиындықтардан шығуға Қазақстанның банк жүйесін орнықты ету
жөніндегі уақтылы және шешімді шаралар көмектесуі мүмкін. Мемлекет орынды
бірқатар шешімдер қабылдады: үмітсіз несиелерді есептен шығаруға кедергі
келтірген салық ережелерінің күші жойылды; шетел валютасында кредиттеуге
қарсы және капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды ұлғайтуға
бағытталған шаралар есебінен нормативтік-құқықтық база нығайтылды;
проблемалық активтерді реттеудің жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Соған
қарамастан қосымша байыпты күш салу қажет. Бірінші кезекте, барлық
банктердің кредиттерді дұрыс бағалауына және резервтер қалыптастыруына
(олар қайтарылмаған жағдайда) пәрменді түрде қол жеткізу қажет. Одан басқа
тиісті жағдайларда үмітсіз несиелер көлемін төмендету және банктердің
капиталын акционерлер немесе мемлекет тарапынан толықтыру үшін нақты іс-
қимылдар жасау қажет. Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайдағы төтенше іс-
қимылдардың жоспарларын дайындау қажет.
Жағдайдың белгісіздігін назарға ала отырып икемді макроэкономикалық
саясат жүргізген жөн. Міндетті резервтеу нормативінің жақындағы аздап
ұлғаюы бейімділігі аз ақша-кредит саясатының жағына қарай жасалған қадам
ретінде қабылданады. Ұлттық банк қаржы секторына қолдау көрсету мен
инфляцияны ұстап тұрудың арасын байқап теңгеруі қажет. Жоспарланған
бюджетті біртіндеп шоғырландыру бұрынғысынша орынды болып табылады және ол
шығыстар сапасын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Егер сыртқы күйзелістер
отандық экономикаға әсер ететін болса, ақша-кредиттік және салық-бюджеттік
реттеу органдары жағдайды реттеуге дайын болғандары жөн. Айырбастау
бағамының едәуір икемділігі экономиканың осындай күйзелістерге
бейімділігіне жәрдемдесетін болады.
Болашақта қарсы циклдік бюджет саясатын жүргізуді жалғастыра беру
қажет, ал бюджетті макроэкономикалық саясат мақсаттарына және мұнай
ресурстарын оңтайлы пайдалануға сәйкес дайындаған жөн. Мемлекеттік
органдардың мұнайға жатпайтын бюджетті орта мерзімді перспективада қысқарту
жөніндегі жоспарлар жасағаны орынды. Әлеуметтік шығыстар инфляцияны ұстап
тұрудың әкімшілік шараларына сүйенбес үшін халықты қорғаудың жетілдірілген
жүйесі ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа мемлекеттік емес
сектордың одан да серпінді қызметі және одан әрі экономиканы әртараптандыру
үшін айтарлықтай резерв бар, бұл экономиканың өсуінің кемсітушілік
сипатының аз болуын, бүкіл халықтың берекесін қамтамасыз етеді. Соған
байланысты жақындағы Дуинг бизнес рейтингіндегі көрсеткіштердің жақсаруы
сенім ұялататын фактор болып табылады, ал басқару, ашықтық және
институционалдық құрылыс мәселесіндегі алдағы табыстар қаржы секторының
сауығуымен қатар инвестициялар мен өсу үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына
әкеп соғады.

Тарау ІІ.Практикалық бөлім
2.1 Оңтүстік Қазақстанның шикізат

Оңтүстік-Қазақстан облысы — республиканың оңтүстік шетінде орналасқан,
халық саны 2,5 млн. адам немесе республиканың барлық халқының 15 %.
Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі. Халқының
тығыздығы жағынан алғанда, 1 шаршы шақырымға 22 адамнан келеді.
Облыстың негізі 1932 жылдың 10 наурызында қаланған. 1962 жылдың 3
мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталған. 1992
жылы облыстың бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды. Облыс орталығы
- Шымкент қаласы.
Облыстың көлемі 117,3 мың км² немесе республика аумағының 4,3 %-ын
құрайды. Солтүстігі мен оңтүстігінің арасындағы тікелей телімдердің
қашықтығы 600 километрді құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып
есептеледі және шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды
облысымен, батысында Қызылорда облысымен және оңтүстігінде Өзбекстанмен
шекараласады. Оның аумағы - 117,3 мың шаршы км, мұнда 2213,9 мың адам
тұрады. Облыстың әкімшілік- аймақтық құрылымына 4 қала, 11 ауылдық аудандар
кіреді.
Қала халқының салыстырмалы саны - 40%. Облыс орталығы – Шымкент қаласы
негізі қаланғанына 800 жылдан астам уақыт болған, республикадағы ең ескі
қалалардың бірі.
Оңтүстік – Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігінде Тұран ойпатының
шығысы мен Тянь – Шаньның батыс тау сілемдерінің батыс бөлігінде
орналасқан. Аймақтың көп бөлігі жазықты, Қызылқұмның адырлы – атызды
құмдары, Шардара далалары (оңтүстік батысындағы Сырдарияның сол жағалауы )
және Мойынқұм ( солтүстігіндегі Шудың сол жағалауы ) болып келеді.
Солтүстік бөлігінде Бетпақдала шөлі, оңтүстік шетінде – Тақыр дала
(Мырзашөл ) орналасқан. Облыстың орта бөлігін – Қаратау тау жоталары (
Бессаз тауы – 2176 м ), оңтүстік – шығысын Талас Алатауының батыс шеті,
Қаржантау тау жоталары ( биіктігі 2824 метрге дейін ) және Угам тау
жоталары ( ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238 м ) алып жатыр.
Ең ірі өзені – Сырдария ( Келес, Құрықкелес, Арыс, Бүгін және т. б.
салалары бар ) облыс аумағын оңтүстіктен солтүстік – батысқа қарай қиып
өтеді, және Шу өзенінің ( төменгі ағысы ) солтүстігінен ағып, Мойынқұм
шөліне сіңіп кетеді.
Облыста полиметалл кендерінің кен орындары (Кентау қаласы ауданындағы
Қаратау тау жоталарының оңтүстік – батыс баурайы Ащысай, Байжансай,
Мырғалымсай т. б. кен орындары ) бар. Қаратау жоталарындағы темір кен
орындары үлкен қызығушылық туғызады. Облыста құрылыс материалдарын өндіруге
арналған минералдық – шикізат қорлары ( әктас, гипс, отқа берік керамикалық
және бентонитті саздар, минералды бояулар, өңдеу тастары) бар.
Облыстың негізгі өнеркәсіптік міндеті түсті металургияны, химия , тас
көмір, мұнай және құрылыс салаларын, сол сияқты жергілікті шикізат қорларын
өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінде
Оңтүстік Қазақстан облысы айтарлықтай өндірістік-экономикалық әлеуетке
бейім. Ол Қазақстанның ең көп жұмыспен қамтылған аймақтарының бірі. Аймақ
барит, көмір, темір және полиметалл кендері, бентонитті саздар, вермикулит,
тальк, әктас, гранит, мәрмәр, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбалардың кен
орындарына бай. Уран қоры бойынша облыс Қазақстанда бірінші орынды,
фосфорит және темір рудалары бойынша үшінші орынды иеленеді.
Облыс мақтаның, былғары шикізатының, өсімдік майының, көкөністердің,
жемістердің, жүзімнің, бақша, макарон, темекі, алкагольсіз сыра өнімдерінің
ірі өндірушісі және өнім берушісі болып саналады. Соныман қатар облыста
қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, экскаваторлар, қуат беретін
трансформаторлар, май ажыратқыштар, шұлық – ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз
өндіріледі. Облыста екі бағыттағы жалпы ұзындығы 444,6 км. темір жол,
жалпыға бірдей пайдаланатын авткөлік жолдары 5,3 мың километр, сонымен
бірге берік жабынды – 5,2 мың километр жол бар.
Азаматтық авиацияның ұзындығы 27 мың километр.
Облыс орталығы Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір халықаралық
магистралінің білігінде орналасқан. Сонымен қатар Ташкент – Шымкент – Тараз
– Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистральдарымен
де байланысқан.
Шымкент. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан
облысындағы жоғарғы өнімді жылыжайларының аумағы үш есеге өсетін болады.
Бұл туралы Шымкентте өткен Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп
саласын дамту мәселелері жөніндегі семинар-кеңесте Қазақстан
Республикасының ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп
хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Бүгінде Қазақстан барлық негізгі ұстанымдар бойынша өзін-өзі толық
қамтамасыз етіп отыр, бірақ ерте шығатын көкөніс проблемалары, жеміс-
жидекпен және жүзіммен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар бар. Сондай-ақ,
ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу проблемасы да бар. Оңтүстік
Қазақстан облысында осы проблемаларды шешу үшін өте қолайлы климаттық
мүмкіндіктер бар",- деді А. Есімов.
Ерте пісетін көкөністермен және жеміс-жидектермен қамтамасыз ету
проблемаларын шешу үшін облыста жылыжай шаруашылығының алаңын қарқынды
өсіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыстағы жылыжайлар 116 гектарды алып
жатыр. 2008 жылы жылыжай аумағын 200 гектарға, 2009 жылы - 250 гектарға,
2010 жылы - 300 гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар
көшетханалар алаңы 500 гектарға дейін жеткізілетін болады.
Бірақ ауылшарушалық өнімдерін өндірушілер жылыжай шаруашылығын
ұйымдастыру барысында айтарлықтай қиыншылықтарға тап болады. "Жылыжайға
арналған құрылғыларның өзі өте қымбат, оған қоса кедендік тарифтер де
жоғары. Біз Ауылшаруашылық министрілігіне осы тарифтерді қысқарту немесе
мүлдем алып тастау ұсыныс жасадық",- деді Оңтүстік Қазақстан облысының
ауылшарушалық департаменті директорының орынбасары Тасболат Есімов.
Сонымен қатар, Т. Есімовтің пайымдауынша ауылшаруашылық өнімдерін
өндірушілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау
Мұнай өнімдерін тасымалдаудың ерекшеліктері жайлы
Мұнай мен газ өндіру саласында
Ілеспе мұнай газын тасымалдауға дайындау
Мұнайтранспорт кешенінің тиімді қызмет ету негіздері
Мұнай-газ саласын дамыту
Мұнайды магистралдық құбырлармен тасымалдау
Газды сығу және кептіру
Мұнай дайындау қондырғылары
Сұйық-ағынды компрессорлық сепарация қондырғыны автоматтандыру
Пәндер