Бәсекеге қабілетті әлемдік дамыған мемлекеттер экономикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
1.1 Бәсекеге қабілеттілік факторлары,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.2 Бәсекеге қабілеттілік индекстері,
параметрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Бәсекеге қабілетті әлемдік дамыған мемлекеттер
экономикасы ... ... ... ... ..9

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСА ДАМЫҒАН ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру
мәселелері ... 12
2.2 Қазақстанның дамыған елу елдің қатарына кіруінің негізгі
бағыттары ... 18

3 СТРАТЕГИЯНЫҢ НАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстанның даму стратегиясының
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...21
3.2 Дамыған елу елдің қатарына кіру стратегияның аймақтарда жүзеге асу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң
тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану
кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы
бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс
iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi
сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.
Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономика-сының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен
тығыз байланыста болады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыздың “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”,
“Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан
халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан
Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде
дамып, әлемдегi дамыған елу елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен
болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынмен қол жеткізу негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы
елімізді дамытуын 2015 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бәсеке ұғымы нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының
басты тетігі болып табылады. Бәсеке жоқ жерде және өңдірілген өнім бәсекеге
төтеп бере алмайтын болса, нарықтық экономиканы тиімді деп, ал оның өсуі
тұрақты деп атуға болмайды.
Қазақстан экономикасының тап бүгінгі күндегі дамуының негізгі
үрдістерін және бағыттарын сараптай келе бәсекеге қабілеттіліктің ақтандақ-
тары анықталады. Жалпы еліміздің сол бәсекелестік күресіндегі қабілеттері
мен мүмкіндіктері, сонымен қатар әлемдік экономикалық деңгейдегі даму
мәселесі қозғалады. Сыртқы және ішкі экономикалық үрдістердің маныздылығы,
ондағы Қазақстан ұстанатын позициясының қаншалықты беріктігі туралы
мәселелер қарастырылады.
Қазіргі танда әлемдік экономика жаҺандану үрдісінде іске асырылып,
бағдарланып жасалуда. Әлемдік экономикаға интеграциялану барысында әрбір
мемлекет, сол мемлекеттің әр бір аймағы мекеме мен өнеркәсібі өзіне тиімді
деген жағдайды ұстануға тырысуда. Дүние жүзілік денгейде экономикалық
тұрғыдан күш сынасу үшін, мемлекет ішкі жағдайды неғұрлым берік әрі жүйелі
құрылған болуы керек. Ішкі экономикалық жағдайының беріктігі оның
экономикалық даму тұрақтылығы, озықтығына байланысты. Сол себепті бәсекеге
қабілеттілік әр бір мемлекеттің әлемдік экономикалық сахнадағы рөлін
анықтаушы болып табылады. Және бүгінгі күнде экономикалық манызды шарт.
Қазақстан Республикасы әуелден ресурс тұрғысынан жоғары қамтылған
мемлекеттердің бірі, алайда экономикалық дамуы тежеулі еді. Республиканың
басты мақсаты бар ресурстарды қолданып мешеулікті артта қалдырып, аршынды
дамып келе жатқан, экономикалық деңгейі ең жоғары 50 мемлекеттің қатарына
қосылу. Бұл мақсатқа тек бәсекеге қабілеттіліктің әр бір көрсеткішін жан
жақты зерттеп оның тиімдісін өзімізге қолдану арқылы жетуге мүмкін.
Сондықтан тап бүгінгі күнгі экономикамызда жетіліп келе жатқан
бәсекелестікті ұлғайту өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының кәзіргі тандағы
экономикалық дамуының артылықшылықтары мен кемшіліктерін, басымдықтары мен
проблемаларын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Бәсекеге қабілеттілік факторларын, ерекшеліктерін, индекстерін
зерттеу;
-Бәсекеге қабілетті әлемдік дамыған мемлекеттер экономикасын зерттеу;
-Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін
қарастыру;
-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік сипаттары мен Дамыған елу елдің
қатарына кіру стратегиясының аймақтарда жүзеге асу барысын қарастыру.
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР

1.1 Бәсекеге қабілеттілік факторлары, ерекшеліктері

Қоғамда нарық дамуымен қатар бәсеке де жетіліп жатты. Нарық стихиялы
түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялық нарық, реттелмелі нарық деп
бөлінеді. Нарықтың түріне қарай бәсеке де өзінше солармен қатар дамып
отырады. Және түрлі көріністе болады.
Стихиялық нарық-капитализмнің алғашқы кезенінде болды, оған еркін тауар
өндірушілері мен сатып алушылар еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды.
Монополиялық нарық-XIXғ. аяғында XXғ. басында, алғашқы кезеңдерінде өмір
сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы
сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Бұндай
үстемдік ғылыми техникалық прогресстің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар
тапшылығына тағы басқа жағдайларға әкеп салады.
Реттелмелі нарық қазіргі заманның өркениетті елдеріне тән. Оны тек қана
еркін тауар өндірушілері мен тұтынушылары, еркін бәсеке мен бағалар ғана
емес, сонымен бірге өнім өндірушілерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру,
шаруашылық субъектілеріне қаржы – несие тұтынуы арқылы әсер етуі. Бәсеке
нарық субъектісінің тепе-тендік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара
экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің
болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет
өздерінің кұқықтарын нарықта өктем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса,
бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.
Батыс сарапшыларынын бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз
болмағаны жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-
саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады. Бәсекенің
классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе.
Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді
тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының
негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар
елдерде ХVІІІ-ші ғасырда және ХІХ-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін
байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында
монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін
болған.
Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін
салушы Адам Смит (1723-1790) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен
себептері туралы зерттеу” (1776) деген басты еңбегінде- жеке меншік
иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оның
қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады. Оның
пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол
тек жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқару қажет.
Мемлекет “Laisser faire” – “мейлі өзімен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп
бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А. Смит осы екі дәлел негізінде
жатпай анархияны қорғағаны жоқ керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар
мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “жаман әдеттеріне”
мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс
көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп
көрсеткен болатын. А.Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деп атаған
және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын
ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады.
Сөйтіп, А.Смит нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты.
Еркін бәсеке мен нарықтың “көрінбейтін қолы” – ның пайғамбары пікірінше –
жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық
емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі
монополиялық бәсеке теориясында айкын көрінді. Оның негізін қалаушы
американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967ж.ж.) болды.
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің
бір түрін ерекше байқады: "өнімді дифференциациялау" үшін. Ол былай деп
жазған: Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына
қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды" барлығында, қайда болса
да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге
абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген
ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік
күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі
жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына
өзара бөлісуін көрсетті. "Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық нарық
кұрылымында әрекет етеді,"-деп 1975 жылы американ экономистері Роберт
Хейлбронер (1919ж.) мен Лестер Туроу (1938ж.) жазды. "Олар рынокты бөледі
және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы
бәсекелестікке түседі". Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген:
"Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке
көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер
етуі болмауын қадағалайды".
Бәсекені алғаш зерттеген және маңызын аша білген А.Смит болса, осы А.
Смит зерттеулерінің жалғасы іспеттес. Бәсекенің нарықтағы дамуы, қазіргі
нарықтағы бәсеке жүйесін, құрлымын, даму белсенділігін жан-жақты
сараптаған, сонымен бірге бәсеке әсер ететін артықшылықты, ауқымды, күшті
ашық көрсете білген көрнекті ағылшын экономист, ғалым Майкл Портердің
маңызы зор. Бұл зерттеулерді М. Портердің “Халықаралық бәсеке” атты
еңбегінде жинақтаған және нарықтық экономикада алға озған 10 мемлекеттердің
(АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Франция, Корей және т.б.) қабілетін,
бәсекелік қабілеттін аумағын жан-жақты көрсете білді.

1.2 Бәсекеге қабілеттілік индекстері, параметрлері

Таза капитализм механизмі ретінде нарықтық жүйе болып саналса да, сол
экономиканың негізгі, маңызды рөл ойнаушысы-бәсеке. Ұсыныс пен сұраныс
нарық механизімінде ұйымдарға, ұжымдарға тұтынушылардың тілектерін
білдіреді. Ал бәсеке болса осы талап-тілектерді қанағаттандыруда, мекеме
мен ұйымдарды шикізат шығарушыларды тағы басқаларды дұрыс бағыттап отырады.
Бәсеке бұл – қазіргі замандағы аса өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өйткені нарықтық жүйден айрылмас бөлік ретінде үнемі жаныңда
болады. Әсіресе біздің еліміз үшін тап қазіргі кезеңде маңызды мәселе болып
табылады. Мемлекетіміздің қазіргі заманға сай техника мен технология арқылы
бәсекеге қабілетті өнім өндіруге талпынып және экономикасы жоғары
деңгейдегі мемлекеттерге дейін жетуге тырысуда. Сондықтан да Ел басшысы
еліміздің бәсекесі жайлы халыққа жолдау арнайды. Бұл жолдауда Қазақстанның
экономикасы да, халқы да, жалпы елдің өзі бәсекеге қабілетті деңгейге жету
үшін негізгі жолдарды сараптайды.
Нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре
алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар
өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,
өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады оның есесіне олардың
тиімді жұмыс жасайтын болашағын үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.
Бұдан біз нарықтық қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін біріктірудің
демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенің көріп отырмыз.
Нарықтық экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестеу мүмкін емес. Бәсекені-
нарықтың кең құқылы субъектілерінің араласуында тауарларды барынша тиімді
өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласында пайдалы түрде
орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек.
Бәсекенің болмауы монополизмге әкеледі, яғни нарықта кейбір кәсіпорын-
дардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына көндіруге тырысқан
үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған сайын
бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Ол пайданы мол табуды және
осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке нарықтық
субъектілер мен пропорцияны реттеу механизімінің өзара әрекетінің нысаны
ретінде жүреді. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және
тағы басқа экономикалық реттеушілер көлемін анықтау болып табылады.
Бәсекені, оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалалық және бағалалық
емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті
өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық
бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре
отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта
нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын
және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік
бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің
басты қаруы —жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке
сипатымен да бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы,
олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.
1.Жетілген бәсеке нарығы — кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын)
тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде
бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардын түсуін
немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары
қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды
нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін
сатады. Бұларға нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай
нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын-
бидай, көкөніс, жеміс-жидек және т.б.
2.Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі "монос"- бір, "полео"-сатамын)
— көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады.
Өнімдерін бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға
болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады.
Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны
төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы - киім, аяқ-киім, тағам
өнімдері, жағар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.
3.Олигополия (грек сөзі "олигос" – аздау, ''полео"- сатамын) — бірнеше
деген сатушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны тіпті, осылардың
кейбіреулері нрықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті
және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірдей бір белгісі сол
оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп
құра алмайды. Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді.
Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы:
алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) немесе жіктелген (мысалы:
автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор және
т.б.).
4.Таза мопополия нарықтың бұл түрінде бір ғана өндіруші бір текті
өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады жөне ол өнімді соған жақын
ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық
қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы кіреді: жергілікті телефон байланысы,
электр жүйесін жөндуші және басқа да қоғамдық кызмет жасау жүйелері.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау
мемлекеттік монополияға қарсы органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік
ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі
ерекше роль атқарады. Бәсекенің қатынастар дамуына белгілі әсері бар. Әр
бір кәсіпкердің мақсаты: пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да шаруашылық
қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары
үшін кәсіпкердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір-біріне деген
қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да
бір тауардың ұсынысы сұраныстан көп болса, онда сатушылардың арасындағы
бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әр қайсысы өз тауарын сату үшін бағасын
төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өңдірудің көлемін
қысқартады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге
сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін әр бір
сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға
өседі, ал осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Бәсеке көптеген фирмалардың жаңа салаға кіруіне, сонымен бірге
өндірісті ұлғайтуға, бағаларын төмендетуге әсер етеді. Көптеген фирмалар
бәсеке әсерінен өндіріс технологияларын жаңа эффективті әдісіне көшіреді.
Ал фирма тиімді өндіру технологиясын қолданбаса өзге бәсекелес фирмалардан
қалып қоюы даусыз.

1.3 Бәсекеге қабілетті әлемдік дамыған мемлекеттер экономикасы

Жер жүзінде экономикалық жоғары дамыған мемлекеттердін мамандары
бәсекелік даму жайлы түрлі көз қарастар білдіреді. Бәсекеге қабілеттілік
көптеген жағдайларға байланысты дамиды деп біледі. Әдетте мемлекеттін
бәсекеге қабілеттілігі макроэкономикалық сипатқа, арзан жұмыс күшіне,
мемлекеттік саясатқа, салаларды басқару жүйесіне байланысты жағдайларға
жетіледі деп таниды. Және бұл жағдайларға байланысты көптеген мемлекеттер
алға шықты деп қарастырады, алайда көптеген мемлекеттерде бұл жағдайлар
сәйкес келмеуі байқалса да тұрмыс денгейі үнемі жоғарлауда болды. Мысалға:
кей бір экономисттер мемлекеттің бәсекеге қабілетін макроэкономикалық
тұжырым деп түсіндіреді. Макроэкономикалық тұжырым валюта курсымен, ставка
пайызымен, бюджет тапшылығымен сипатталады. Бірақ көптеген мемлекеттер бұл
айтылған сипаттарға қарамастан тұрмыс деңгейін айтарлықтай көтере алды.
Сонынын ішінде: Жапония, Италия, Корея мемлекеттерінің кезінде бюджет
тапшылығы, Германия мен Швейцарияда ұлттық валюта курсының бір кездері
құлдырауы байқалуымен мемлекеттердін жалпы дамуына, бәсеке қабілеттігінің
өсуіне кері әсері байқалмады. Кей бір мәліметтерде бәсекеге қабілеттілік
арзан жұмыс күшіне байланысты түсіндіріледі. Сондада Германия, Швейцария
мен Швецияның даму жолында жоғары жалақы мен жұмыс күшінің жетіспеушілігі
байқалды.
Бәсекеге қабілеттілік ауқымды, бай табиғи ресурстармен баланысты-
рылады, алайда жер жаһандық сауда-саттықта жоғары деңгейге жеткен
Германия, Жапония, Швейцария, Корея, Италия сияқты мемлекеттерінің қазба
байлықтары өте аз. Соңғы кездері ең біріншіден фирманың бәсеке
қабілеттігіне мемлекеттің саясаты үлкен әсер көрсетеді деп қарастырады.
Ол бойынша мақсатты түрде протекционизм, экспорт шығару, субсидиялар беру,
саясаты тікелей мемлекет тарапынан жүргізіледі. Бұндай саясат Жапония,
Корея, сияқты мемлекеттерде ерекше белсенділікпен іске асырылды, бірақ
нақты мемлекеттің бәсекелестік күреске әсері өте аз ауқымды қамтиды.
Сонымен қатар бәсекелестікті арттыратын мәселе бұл салаларды басқару жүйесі
болып табылады. Бұл жерде да әр мемлекеттін, тіпті әр саланың тек өзіне
ғана тән басқару жүйесі болады және өзге саланы басқаруда қолданылмайды.
Себебі бір сала үшн тиімді басқару жүйесі өзге мемлекет үшін құлдыраудын
басты мәнісі болуы мүмкүн. 80 жылдары Жапонияның басқару жүйесі ең тиімді
жүйелердін бірі болып саналатын. Сол сияқты Италияның ұсақ аяқ киім,
зерегерлік бұйым, өндіретін фирмаларды басқару жүйесі олар үшін өте тиімді
әрі пайдалы болып табылса, бұл жүйені Неміс химиялық немесе автомобиль
саласында қолданылса немесе Швейцариялық формацевтикада, не болмаса
американ авиация компанияларында бұндай басқару әдістері мүлтіксіз
құлдыраудын кепілі болар еді. Алда қарастырылып өткен бәсекеге
қабілеттілігін дамытатын жағдайларды толықтай дұрыс деп қарастыруға
болмайтынына көз жеткіздік, себебі еш қайсысы мемлекеттін әлемдік
бәсекелестік аясында нақты тиімді немесе тиімсіз жақтарын айыра алмайды.
Әлемдік бәсекелестікті нақты қарастырсақ әр бір мемлекет өз халқының әл-
ауқатының жағдайынан шығуға тырысады. Ал бұл мемлееттің еңбек пен
капиталдың өнімділігін арттыру арқылы іске асырылады. Өнімділік мемлекеттін
өмір сүру денгейінің басты көрінісі болып табылады. Сол себепті де
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ресурстардын қолдану өнімділігімен
қарастырылады. Әрбір ұйым ресурстарды пайдалану өнім-ділігін арттыруға
тырысады. Халықаралық бәсеке сол өнімділікті мемлекет ішінде ғана емес
жалпы әлемдік денгейде ұлғайтып қарастыруға әсер етеді.
Жалпы дүние жүзінде бәсекелестік тұрғыдан дамыған бір қатар
мемлекеттер алға озып әлі де беделін ұстануда. Экономикада XX ғасырдың
басында ақ бәсекелік қабілеттін ең жоғарғы көш басшылық тұғырын Америка
Құрама Штаттары ұстанды. АҚШ-тың Зингер тігін машиналары, Форд
автомобильдері, Отис лифттері сияқты салалары жаһандық тиімділікке ие.
АҚШ-тың бәсекелестік дамуы соғыстан кейінгі мейілінше ерекше
артықшылығымен яғни соғыс зардаптарының аздығы салдарынан тез өрбиді.
Сонымен қатар бұл мемлекеттің табиғи ресурстарының бай қорларымен
ерекшеленеді. Соғыстан кейін ғылым мен білімге көп назар аударылды және осы
кезде болған барлық өндіріс ошақтары қайта жарақталып, іске қосылды.
Біртіндеп ішкі нарықта белсенділік танытқан жана салалар біріге бастады,
өзге салаларда қызмет етуші өндрістер құрылады (кластерлер) Халықаралық
деңгейде автомобиль, самолет жасау, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және
құрылыс салалары таралады. Пайда болған және бекінген кластерлер бегілі бір
немесе екі географиялық аймақта шоғырланады. Мысалы: автомобилдер шығару
Детроидте, электроника Миннеаполис пен Нью-йоркте, мұңай өндіру Хьюстонда,
фармацевтика мен медицина өнімдері Филадельфияда орын алды.
Жалпы Американдық экономика әу бастан-ақ бәсеке арқылы дамыды. АҚШ үшін
маңызды жоғары салаларда белсенді күресу үнемі жүрді. Көптеген бәсекелестер
нарық үшін күресіп бір-бірінің дамуына итермеледі. АҚШ үкіметінің саясаты
нақты мемлекеттін саясатына сай болды. Өндіріске тікелей араласпай, ең
бастысы ұлттық артықшылық алға ұстанды.
АҚШ-пен қатар экономикалық дамудың жоғары белсенділігін танытқан
Швейцария мен Швеция болды. XX ғасырдын басында Швйцария өндірісі жоғары
дамыған мемлекетіне айналды. Соғыстан кейін Швейцария әлемдегі ең бай
мемлекеттердің қатарына енді. XX ғасырдын 60 жылдары Швейцарияның адам
санына шаққандағы табыс мөлшері әлемде ең жоғары денгейге жетті.
Швейцарияның басты ұлттық бәсекелестік артықшылықтары болып шағын
мемлекеттегі өңдеуші өнеркәсіп және қызмет аясының кең ауқымдылығында.
Сонымен қатар, Швейцария адам ресурстарының басымы жоғары білімді және
мамандырылған болып табылады. Швейцарияның банк қызметтері, киім, аяқ киім
салалары сағат жасау және өзге да салалары әлемдік экономикада жоғары
бәсеке қабілетіне ие болып отыр.
Сол сияқты Швеция да экономикалық дамуы жағынан белсенді елдердің бірі,
бұл елдің артықшылығы, ол шағын мемлекет аумағында көптеген шетел,
халықаралық ұйымдардын орналасуы, олардын арасында әйгілі “Вольво”, “Cааб-
сканна”, “Электролюкс” кіреді. Сонымен қатар Швеция ауыр өнеркәсіп, тау-кен
жабдықтары, жеңіл автомобильдері және т.б. шығаруда әлемде жоғары табысқа
жетті. Көптеген экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекеттер қатарына
Германияны да жатқызуға болады. Германия экономикасының негізгі тиімділігі
бұл кластерлік жүйенің ауқымдылығы. Барлық кластерлердің ішінде ең
басымдысы бұл химия өңдірісі және оған туыстас салалар жатады. Одан кейін
метал өңдіру мен өңдеу бойынша кластерлер жатқызылады. Сонымен қатар
транспорт пен оған қажет бөлшектер шығаруда, денсаулық сақтау, тамақ
өнеркәсібі мен текстиль сияқты салалар экономиканы алға тартушы салалар
болып қалыптасты. Грманияның көптеген фирмалары халықаралықық қатынастарға
беиімделген. Сол сияқты Жапонияның да экономикалық деңгейі бәсекеге
қабілетті болып тбылады. Жапония өндірісіндегі ең жоғарғы бәсекеге
қабілеттігіне ие салалар ол: транспорт өңдірісі, және оның жабдықтары,
офистік жабдықтар, дем алу салалары, электронды бұйымдар мен компьютерлер
және оның жабдықтары сонымен қатар өзге де ұсақ өндірістер негізгі
белсенділік аясын құрайды. Жапония экономикасының тағы бір ерекшелігі бұл
өндірісті көбіне табиғи ресурстарға сүйенбей өндіру, яғни қайта өндіру
басым болып табылады. Жоғарыда қарастырылған әрбір мемлекет өзіне ғана тән
жүйелер бойынша дамыды. Ең бастысы экономикасы жоғары дамыған
мемлекеттердің негізгі алдыңғы қатардағы салалары кластерлік жүйеге
негіздіелген және барлық кластерлер бір бірімен өзара байланысқан. Және
көбіне әр бір мемлекетте кластерлер географиялық тұрғыдан белгілі бір
территорияда шоғырланған.
Жер жаһандағы аса ірі мемлекеттердің осындай жетістіктерін саралай
келе, ең тиімді әрекеттерін таңдай біле Қазақстан мемлекеті бәсекеге
қабілетті аса дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында.

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСА ДАМЫҒАН ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері

Экономикалық құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты
қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен
демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір
лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50
мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Қазақстан жауапты тандау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы
формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды
белгіледі. Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны
сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс
бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын,
инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық. Біздің еліміз әлемдік
темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға
жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-ші
орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан
алғашқы ондық елдердің қатарына кіреді. Қазақстан көмір өндіретін ел
ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 25,8 миллиард тоннаны
құрайды. Бұл жалпы әлемдік қордың 3,6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір
қоры мен оны өндіру бойынша Қазақстан Ресей мен Украйнадан кейін үшінші
орын алады.
Біздің республиканың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілетін табиғи
ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдын —70, темір
рудасының-55, қара металдың-46, көмірдің-28 пайызы сыртқа кетіп жаты.
Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті
шығармады, онда 4-ші және 5-ші қайта бөлісулер болмады. Жерімізде
ресурстардың барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық.
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен
ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен
инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын
енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.
Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегия-лық
маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар
арқылы сақталды. Мұнай газ секторында-"ҚазМұнайГаз", энергетикада- "КЕГОК",
телекоммуникацияда "Қазақтелеком", темір жолда -"Қзақстан темір жолы".
Қазір бұл салалар да реформалануда. Темір жол саласы қайта құрылымдау
бағдарламасы жүргізілуде. Электр энергетикасы және телекоммуникация
салаларына монополиясыздандыру міндеті қойылды
Экономикалық реформалар ЖІӨ құрлымында жақсы байқалды. Мәселен, 1991-
ден 2008 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23
пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3
пайызға дейін өсті. ЖІӨ құрылымының мұндай өзгерісі осы заманғы жалпы
әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ЖІӨ құрылымындағы қызмет
көрсетудің үлесі достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарғысы (ТМД
бойынша орташа 44 пайыз). әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі
шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда -66 пайыз,
Ұлыбритания мен Германияда- 71 пайыз.

Кесте 1 - Ұлттық санақтардың негізгі көрсеткіштері
2006 2007 2008 2009 2010
ЖІӨ млрд.тг. 3250,6 3776,34612,0 5542,5 7453,0
Физикалық көлем индексі өткен 113,5 109,8 109,3 109,4 109,4
жылға, %
Дефлятор, өткен жылға, процентпен 110,1 105,8 111,7 109,8 116,1
ЖІӨ адам басына, мың тг. 218,8 254,2 309,3 369,2 434,4
Физикалық көлем индексі адам басына113,7 109,8 108,9 108,6 108,6
өткен жылға, процентпен

Жалпы 2008-2010 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5 пайыз
болды. Бірақ тендестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді
жүргізудің арқасында 2008-2010 жылдар кезеніңде ЖІӨ өсуінің орташа жылдық
қарқыны 9,4 пайыз болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ жан басына
шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтастай алғанда, 2008-2010 жылдары
ЖІӨ 1,3 есеге өсті.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы
бағаларда 7453,0 млрд. теңгені құрады. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2009 жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайызды құрады.
Еліміздің экономикалық даму моделінің дұрыстығын дәлелдейді. Мұны нақты
ЖІӨ згерістерінің динамикасы айқын көрсетеді. Мәселен 2008 жылы 1991 жылмен
салыстырғанда ЖІӨ-нің артуы 106,3 пайызды құрады, бірақ бастысы— бұл
көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа дейінгі 1990 жылдың психологиялық тұрғыдан
манызды шебіне әбден жақындай түссек, 2009 жылдың қорытындылары бойынша бұл
шепті еңсердік.
Мемлекеттін таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде
табиғи байлықтар қоры мен миниралдық шикі заттық ресурстар ескеріле отырып,
республиканың экономикадағы дәстүрлі артықшылығын барынша пайдалану
қажеттілігі көрсетілген.

Кесте 2 - Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері
2006 2007 2008 2009 2010
Өнеркәсіптер мен мекемелер саны, 13343 13177 12707 12519 12619
бірлік
Өнім көлемі, млрд. тг. 2000,2 2336,9 2836,03733,85124,1
Өнеркәсіптің ЖІӨ-гі үлесі 30,7 29,5 29,1 31,1 29,7
өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлем 113,8 110,5 109,1 110,1 109,8
индексі: өткен жылға процентпен
Өнеркәсіптің негізгі персоналы, мың 664,5 671,2 629,6 636,4 639,3
адам

2010 жылдын өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 5124,1
млрд. теңгені құрды, бұл 2009 жылғы сәйкесінше кезенінен 4,6 пайыз артық.
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеніңде инвестициялық саясат басым
сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі
бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазақстанда ел экономикасын қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен,
мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің
жаныңдағы шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы
заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы,
қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер
жасалды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі
бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнекәсібі, жаңа елорданың нысандары,
әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.
Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей
шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің көшбасшы
екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит
рйетингі берілді. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші
біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ
саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер
әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақ-тылығы мен
сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы
"Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірге теңіз кең орны бойынша
келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвесторлардың мұнай- газ саласына белсене келуі осыдан басталды.
Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс
істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил ", "Шелл", "Эни", Шеврон Тексако",
Тоталь", "Бритиш петролиум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы
бар. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық
тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқтарын қорғау
саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды

Кесте 3 - 2006-2010 жылдар бойынша инвестициялр көлемі динамикасы

2006 2007 2008 2009 2010
Финанстық емес активтер 1158148 1307249 1472341 1547652 2273,4
инвестициясы, млн. тг.
Негізгі капиталға 943398 1099986 1327864 1530628 2205,2
инвестициялар млн.тг.

2010 ж. Қаңтар желтоқсанда негізгі капиталға жұмсалған инвестиция-
лардың көлемі 2205,2 млрд. Теңге құрды бұл өткен жылғымен 1,2 есе жоғары.
Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард барль деп бағаланған аса ірі Қашаған
кең орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде
жетекші орындардың біріне шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің
стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндіру мен тәмәмдалмайды. Оларды әлемдік
нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес
болатын. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба
Каспий тұрба құбыры консорциуымы болды. КТК-ның қосылуымен біз тасымал
маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты іске асыра бастадық.
Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін
жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазаргі динамикасы қол жеткізуге энргия
сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
Экспорт пен ұлттық экономика
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Дамушы мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде
Қазақстанның халықаралық сауда қозғалысына қатысуы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Индустриалды-инновациялық даму
Пәндер