Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары ... ..
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі
мәселелері ... ... ... ... ...
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену
стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ..13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары ... ... ..15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28

КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң
тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану
кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы
бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс
iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi
сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.
Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономика-сының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен
тығыз байланыста болады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыздың “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”,
“Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан
халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан
Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде
дамып, әлемдегi дамыған елу елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен
болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Менiң бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ҚР-сы экономикасының тұрақты дамуының
бiрден-бiр даңғыл жолы екендiгiн айтып өту болып табылады. Сонымен қатар,
осы мақсатқа жету үшiн мен курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей
мiндеттердi айқындап алуым керек. Оларға:
-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі қызметтерін зерттеу;
-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі қағидаларын қарастыру;
-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі проблемаларына тоқталу;
-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторларын анықтау;
-Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуын қарастыру;
-Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайына
тоқталу;
-Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттарын
көрсету.

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері

1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары
Бәсекеге қабілеттілік - қор мен бәсекенің шектеулі жағдайында әлемдік
шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға мүмкіндік беретін
мемлекет экономикасының маңызды сапасы.
Әлемдік тауар рыноктарындағы белгілі бір сегменттерін өрістету немесе
кеңейту қабілеттігімен, халықаралық саудаға мемлекеттің кіру деңгейімен
анықталады. Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана
осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен
шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады, деп 2006 жылы наурыз
айында мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауында айтып өткен болатын.
Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор –
инновациялық даму, жоғарғы технологияларды пайдалану, экспортты
тұспалданған өнімдерді дамыту. Ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге
қабілеттілігін қолдау жөнінде Еліміздің үкіметімен нақты шаралар
қабылданды. 30 корпоративті жетекшілер мемлекеттік бағдарламасы іске
асуда, Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі корпорация АҚ құрылған,
Қазақстанның даму институттары инновациялық жобаларға қаржы салу үшін
жағдай жасауда.
Бәсекеге қабілеттілік қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi,
дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономика-
сының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен
тығыз байланыста болады [1,215б].
Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол
экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-
қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып
келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк
теориясы жатыр, яғни, әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз
пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң
бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа
iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретiнде объективтi және
субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше
жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы
рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау
сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық
субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс
пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсекеге қабілеттілік жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi
дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi
фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi
бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан
– 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ
рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық
реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсекеге қабілеттіліктің экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары
арқылы да анықтауға болады.
Бәсекеге қабілеттіліктің негiзгi қағидалары: [2,105б].
-рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан
шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн,
олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардың еркiн
талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз
етуiн талап етедi;
-материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi.
Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша
ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға
мүмкiндiк беру;
-сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта
болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде
қадағалап отыруы керек;
-өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi.
Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн
жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
-рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы,
бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен
сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.
Бәсекеге қабілеттілік өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және
халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке
қабілеттілігі қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып,
өнеркәсiптi мамандандыруға, салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының
санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың
iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар
қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық
жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр
түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды
азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға
ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың
арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына
тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып
табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi
жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың
күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық
потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:
-бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту,
қаржылық жағдайын жақсарту;
-рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
-рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;
Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi
тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
1. Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
2. Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
3. Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
5. Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
6. Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технология-лардың,
қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының
бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына
сәйкестiгi;
7.Инновацияларды енгiзу.
Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi
қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар
тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне
ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық
тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар
бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне
мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп
атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады.

1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері

Таза капитализм механизмі ретінде нарықтық жүйе болып саналса да, сол
экономиканың негізгі, маңызды рөл ойнаушысы-бәсеке. Ұсыныс пен сұраныс
нарық механизімінде ұйымдарға, ұжымдарға тұтынушылардың тілектерін
білдіреді. Ал бәсекеге қабілеттілі болса осы талап-тілектерді
қанағаттандыруда, мекеме мен ұйымдарды шикізат шығарушыларды тағы
басқаларды дұрыс бағыттап отырады.
Бәсеке бұл - қазіргі замандағы аса өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өйткені нарықтық жүйден айрылмас бөлік ретінде үнемі жаныңда
болады. Әсіресе біздің еліміз үшін тап қазіргі кезеңде маңызды мәселе болып
табылады. Мемлекетіміздің қазіргі заманға сай техника мен технология арқылы
бәсекеге қабілетті өнім өндіруге талпынып және экономикасы жоғары
деңгейдегі мемлекеттерге дейін жетуге тырысуда. Сондықтан да Ел басшысы
еліміздің бәсекесі жайлы халыққа жолдау арнайды. Бұл жолдауда Қазақстанның
экономикасы да, халқы да, жалпы елдің өзі бәсекеге қабілетті деңгейге жету
үшін негізгі жолдарды сараптайды.
Нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекеқабілеттілікті дамытпай-ынша
өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі
тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан
әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады оның есесіне
олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағын үміт күттіретін қолайлы жағдай
жасайды. Бұдан біз нарықтық қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін
біріктірудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенің көріп
отырмыз. Нарықтық экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестеу мүмкін емес.
Бәсекені - нарықтың кең құқылы субъектілерінің араласуында тауарларды
барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласында
пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп
түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеледі, яғни нарықта кейбір
кәсіпорын-дардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына
көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп
болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Ол пайданы мол
табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке
нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизімінің өзара әрекетінің
нысаны ретінде жүреді. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы,
баға және тағы басқа экономикалық реттеушілер көлемін анықтау болып
табылады.
Бәсекені, оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалалық және бағалалық
емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті
өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық
бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре
отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта
нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын
және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік
бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің
басты қаруы —жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке
сипатымен да бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы,
олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. [3,24б]
1.Жетілген бәсеке нарығы — кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын)
тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде
бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардын түсуін
немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары
қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды
нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін
сатады. Бұларға нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай
нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын-
бидай, көкөніс, жеміс-жидек және т.б.
2.Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі "монос"- бір, "полео"-сатамын)
— көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады.
Өнімдерін бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға
болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады.
Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны
төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы - киім, аяқ-киім, тағам
өнімдері, жағар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.
3.Олигополия (грек сөзі "олигос" – аздау, ''полео"- сатамын) — бірнеше
деген сатушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны тіпті, осылардың
кейбіреулері нрықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті
және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірдей бір белгісі сол
оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп
құра алмайды. Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді.
Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы:
алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) немесе жіктелген (мысалы:
автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор және
т.б.).
4.Таза мопополия нарықтың бұл түрінде бір ғана өндіруші бір текті
өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады жөне ол өнімді соған жақын
ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық
қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы кіреді: жергілікті телефон байланысы,
электр жүйесін жөндуші және басқа да қоғамдық кызмет жасау жүйелері.
Бәсеке-құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Төртінші
жетілген бәсеке кезінде бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде
бақталастық мінез-құлық нрықта байқалып қалады. Монополия кезінде
бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің
нарығын бақыласа онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті
шағын кәсіпорынның өзінде монополист болуы мүмкін, егер онын тауар
өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие
болмауы да мүмкін, егер онын нрықтық қарқыны басқа өнідрушілермен тепе-тең
болса. [4,73б]
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау
мемлекеттік монополияға қарсы органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік
ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі
ерекше роль атқарады. Бәсекенің қатынастар дамуына белгілі әсері бар. Әр
бір кәсіпкердің мақсаты: пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да шаруашылық
қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары
үшін кәсіпкердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір-біріне деген
қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да
бір тауардың ұсынысы сұраныстан көп болса, онда сатушылардың арасындағы
бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әр қайсысы өз тауарын сату үшін бағасын
төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өңдірудің көлемін
қысқартады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге
сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін әр бір
сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға
өседі, ал осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Бәсеке көптеген фирмалардың жаңа салаға кіруіне, сонымен бірге
өндірісті ұлғайтуға, бағаларын төмендетуге әсер етеді. Көптеген фирмалар
бәсеке әсерінен өндіріс технологияларын жаңа эффективті әдісіне көшіреді.
Ал фирма тиімді өндіру технологиясын қолданбаса өзге бәсекелес фирмалардан
қалып қоюы даусыз.

1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық
өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру
бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік
қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті
болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін
қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп
бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай
иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі
нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық
тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны
жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін
арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық
үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар
өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін
алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына,
өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын
тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді.
Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін
негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалық объектілерге
тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық
тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі
шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес,
нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз
тауарын сату қабілеті.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда
болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да
айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық
параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция
мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін
жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын
табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және
оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі
кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және
оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде
өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық
сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
В.Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы
көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспеи
(мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.

С. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды
немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
Кәсіпорын өнімінің Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес
кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін
модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге
қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың
ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мәнерлеу;
• Буып-түю, т. б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы
жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен
қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің
мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда ғана
анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың
басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша
айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін
белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа тауарлармен
салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны
мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да
есептеледі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде
әмбебап сипатқа ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және
әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты.
Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің
мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі
мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға
мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал
бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның
коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік
тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық
экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге
коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі,
өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік.
Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып
эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда
бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық
және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог
тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан
олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті
кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады.
Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне
тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен
қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес
тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды
сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік
нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің
тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша
айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты
салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін
қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге
қабілеттілік жеке сипатқа ие болады.
Cондықтан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын
(берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана
анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері
бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ
деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құкықтардың шамадан тыс асуы
(мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып
қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын
көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға –тиімсіз
болып көрінеді. [5,42б]
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының
фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін
уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен
шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.)
үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей
жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз
болады. Сонымем қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге
қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып,
уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа
өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде
нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа
тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы
бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына
байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы
күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс
әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің
құрылымдық талдауын пайдалануға болады.
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықық
экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің,
яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және
(немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі
мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар
болуы мумкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы
мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің
теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
•үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі
тұракты шығындардың жоғары деңгейі;
•дифференциацияның жоқтығы (тиісінше - конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде
микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезо деңгейлі
(салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін
жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын,
олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік
саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді. [6,102б]
Өнімді нарыққа шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан
өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе
нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек
өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес,
сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің
модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда тезірек ұлғайтады, өйткені
тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл
этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне қарағанда сәл жоғары
болуы мүмкін. Жаңалық өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның
жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік
сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы
мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг
шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты
дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену
стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы

Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң
тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану
заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады.
Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика
салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың
қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң
халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз
азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын
қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен
көрiнiс табады.
Экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң
барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып табылады.
Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi
дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге
қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа
кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн
көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде,
қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен,
экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де
түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге
қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi
жеттi. [7,42б]
Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ
елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң
бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек
ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа
өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу
тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа
шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның
iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер
ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп
отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн
жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады:
Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға
мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын
амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай
отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана
шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын
өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция
тартылуда;
Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет
иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына
керi әсерiн тигiзуде;
Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және
моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80%
көлемiнде болуы;
Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын
импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан
өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр;
Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен
фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпте қызмет
көрсетушi әр түрлi инжинирингтiк, инновациялық, маркетингтiк,
консалтингтiк құрылымдардың жай ғана қызметтерден аса алмауы;
Жалпы ұлттық өнеркәсiптердi және ауыл шаруашылығының бәсеке
қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында ондағы кәсiпорындарды қаржыландырудың
толық жетiлмеуi, соның iшiнде лизингтiк несиелеудiң ауылшаруашылығында
дамымай отыруы.
Мiне осы мәселелердi шешiп, дамудың тиiмдi жолы болып табылатын
бәсекелi экономиканы қалыптастыру бүгiнде елiмiз алдындағы басты қызметтiң
бiрi екенi дау тудырмайды. Өйткенi бәсекеге қабiлеттiлiк қазiргi уақытта
тек Қазақстан экономикасы үшiн ғана өзектi мәселе емес, ол әлемдегi әр
мемлекет үшiн бүгiндi басты мәселе болып отыр. Сондықтан, бүгiнде бәсекеге
қабiлеттiлiк әлем мойындағын теориясы мен тұжырымдары жасалу үстiнде. Осы
теорияның негiзiн жасаған бәсекенiң атасы болып табылатын Гарвард бизнес
мектебiнiң профессоры Майкл Портер ұлттық мемлекеттiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiне ерекше көңiл бөледi, өйткенi осы көрсеткiш әр елдiң дүние
жүзiндегi орнын анықтайды. Ол төрт фактормен анықталады. [8,4б]
Бiрiншiсi - әр елдiң iшкi тұрақтылық деңгейi.
Екiншi – мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгi, яғни мемлекет
жүргiзiп отырған саясаттың сол елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жасаудағы
ықпалы.
Үшiншi – бизнестiң тиiмдiлiгi, басқаша айтқанда ел iшiндегi
кәсiпорындар iс қимылының жаңашылдығы, үзбей жаңартып отыру деңгейi;
Төртiншi – инфрақұрылым, немесе ұлттық экономика салаларында қолданылып
отырған технологиялардың, қарым-қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми
зерттеу орындарының даму нәтижесi, инновациялардың дамуы арқылы.
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары

Ендi осы бәсекелiк ортаның дамуының негiзгi факторларының Қазақстан
экономикасындағы жағдайына тоқталайық:
Бiрiншi фактор, яғни экономиканың тұрақтылығы елiмiзде жақсы деп айту
қиын. Өйткенi соңғы бiрнеше жылдарда ЖIӨ-нiң өсуi тұрақты 10%-дан астам
болып отырғанмен, ол негiзiнен әлемдегi шикiзат бағасының өсуi нәтижесiнде
болып отыр. Ал егер шикiзат бағасы төмендеп кетсе қайтемiз немесе шикiзат
қорымыз таусылса не iстеймiз деген алдымызда үлкен сұрақ тұрады. Ал мұны
шешудiң бiрден бiр жолы жамудың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, бәсекеге
қабiлеттi, индустриялы-инновациялы экономикаға көшуiмiз керек;
Екiншi фактор, экономиканы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң және ондағы
саясаттардың тиiмдiлiгi. Бұл iс шаралар елiмiзде егемендiгiн алған ылдардан
бастап iске асып келе жатыр. Ал бүгiнде негiзгi мемлекеттiң жүргiзiп
отырған саясаты, елiмiздiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер