Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының рөлі және қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1–бөлім. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.
1. Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Инвестицияның қызметі мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Қазақстанда инвестициялық саясаттың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...18
2-бөлім.Негізгі бөлім.Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициялары және
Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың
келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың
басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.
2.1 Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының рөлі және

қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың
келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың
басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31

Кіріспе.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан
инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы
шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі
болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да
қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті
жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс
орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге,
сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен,
елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда
кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп
қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның
тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік
шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына
Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет
бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін,
халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-
қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым
бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине
Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын
көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін
қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері,
Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің
республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап
етеді.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай,
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып
алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер
қатарында ұсталады. -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің
экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді
және демеп отырады.
1. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар ,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың
мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала
бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің
қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз
жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде
тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де
Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді:
негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты
қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық
емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге
жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер
жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы
қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға ,
негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың
жиынтығы болып табылады.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның
жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға салынған
мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг
келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға
құқық.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың
экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да
кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал
құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар – бұл негізінен құралдардың
(капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді
салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы
салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге
заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда
банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.
Портфельді инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан
тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген
жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату
мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық
портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған
инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы .
Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар
өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа,
тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.
Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық
алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын
сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды
емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау
сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және
тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға
шығындар.
Одан басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды айырады,
олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.
Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар,
өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа
қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға,
технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына,
шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін
жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты
диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге
(мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.
Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына
бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.
Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар
қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік
және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру
көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар
әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын
құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің
реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері
мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер
сатып алу мен құру.
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей,
портфельдік, аннуитеттік түрде болады.1 – сурет:

1-сурет.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық
міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып
қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы,
мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды.
Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай
қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін
қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы
келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке
салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны
банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы
басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып
тастағанда) көбірек алғанда.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция
қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін
жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып
тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны
қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер.
Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық
шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай
нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты
болады. Есептеп шығару варианттары:
• Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға
жатқызылған пайда;
• Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке
алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне
қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз,
онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте
аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз
жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше
нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге
байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге
қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша,
өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл
варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу
керек болады.
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады,
өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі
ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни,
шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске
асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып,
бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны
әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды
белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады.
Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және
инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
• Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға
немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит
аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін,
қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл
бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек
болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың,
өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-
әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды
деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де
болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп
аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге
қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін
уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады,
іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын
қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал,
егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша
болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік
серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға
бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас
бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді
фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың
аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары
тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын
жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және
басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы,
яғни тек қана құндылық, ақшалай талдау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің
ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай
тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем
батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек
болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі.
Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға
үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және
кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп,
құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру,
орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді. Бірден
үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары
болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға
қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы,
жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай
құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген
өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат,
материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда
ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.
Сіздің өнімге сұраным көбейген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын бағалау әдістері
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Инвестиция туралы ақпарат
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Пәндер