Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I тарау. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық санат

ретіндегі жалпы сипаттамасы . . . 4

1. 1 Қаржылық жоспарлаудың мәні мен мазмұны. . . . 4

1. 2 Қаржылық жоспарлаудың міндеттері, қағидаттары мен әдістері. . . . 8

1. 3 Қаржы жоспарларының жүйесі. . . . 11

II тарау. Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы

стратегиясының рөлі . . . 17

2. 1 Қаржы стратегиясының - қаржылық жоспарлауда алатын орнын

бағалау. . . . 17

2. 2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы. . . . 23

III тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржылық жоспарлау қызметтерін жетілдіру жолдары . . . 27

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Кез - келген мемлекет дамуының негізгі факторларының бірі - экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. Елбасымыз: " Экономиканың тұрақты дамуы қазақстандықтардың әл - ауқатын жақсартқаны үстіне жақсарта беруге жағдай туғызады. Бұл - біздің саясатымыздың әлеуметтік жемісі " - деп атап көрсеткендей кез келген дамушы қоғамның басты мақсаты - адамдардың ұзақ, салауатты және материалдық тұрғыда баянды өмір сүрулері үшін қолайлы жағдайлар жасау. Ал бұл процесс еліміздің экономикасын жан- жақты реттеп, орталықтандырылған ұлттық ақша қорын дұрыс жоспарлап, стратегиялық дамуда алға қойылған мақсаттарды дұрыс айқындай білуді талап етеді. Осы аталған мәселе жұмысты жазуға негіз болды.

Қаржының табысты іс - әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе, қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үдгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды талап етеді. Қаржылық жоспарлау қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Жұмысты жазудағы басты мақсат - Қазақстан Респубдикасының экономикасы аясында болып жатқан процестерді жан - жақты зерттей отырып, мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың мәні мен мазмұнын және оның елімізде іске асырылу ерекшелігін ашып көрсету.

Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылды:

1. Қаржылық жоспарлау ұғымының мәні мен мазмұнын сипаттау.

2. Қазақстан Республикасында қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясын жүйелі түрде қарастыру.

3. Қазақстан Республикасы бюджетінің қаржы жоспарын талдау.

Курстық жұмыс - өзекті мәселелерді айқындайтын кіріспеден, әрқайсысы жұмыстың өзектігін талдайтын үш тараудан, барлық жазылған жұмысты нәтижелейтін қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - қаржылық жоспарлаудың мәні мен мазмұнын, міндеттері мен қағидаттары және оның Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасындағы рөлі мен атқаратын функциясы.

Зерттеу құралы - Қазақстан Республикасының нарығындағы қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының функционалдық механизмі мен оптимизациялау үлгісін ұйымдастыру.

I тарау. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық санат ретіндегі

жалпы сипаттамасы

1. 1 Қаржылық жоспарлаудың мәні мен мазмұны

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік - экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе - теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі бұл жоспарлау өндірістің материалдық - заттай элементтері, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау және ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Қаржының табысты іс- әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті ( реттілікті ) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлеледеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс ( тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс ) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай - ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын ( тапсырмаларын ) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы мен кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:

1) экстенсивтілігімен ( әлеуметтік - саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды ) ;

2) қарқындылығымен ( кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді ) ;

3) тиімділігімен ( қорытындысында қаржыны басқаруға қойған міндеттерге жетуін қажеттілігін білдіреді ) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық ( өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэфиценттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады ) ;

ә) статистикалық ( өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі ) ;

б) нөлдік база тәсілдемесі ( барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс, бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі ) .

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану ( мойындау ) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементі болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында, қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші

көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу ( дәлелдеу ) . Болжамдар орташа мерзімді ( 5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді ( 10 жылдам астам ) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық жоспарлаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Жоспарлар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін ( құрамын ) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспарлау әртүрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

-экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

- корреляциялық - регрессиялық талдау;

- тікелей сараптамалық бағалау әдісі;

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы ( нұсқамалық ) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субьектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканың ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

Қазақстан Республикасында индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті ( жылдық ) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.

Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан - жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік - экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.

Индикативтік жоспарлардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.

Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аммортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді.

Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктердің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, аммортизациялық аударымдардың нормалары.

Әлеуметтік - экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т. б. ескере отырып, сондай - ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

1. 2 Қаржылық жоспарлаудың міндеттері, қағидаттары мен әдістері

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

-орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің ( бастаудың ) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті ( төменгі ) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жүргізуге, мелекет ауқымында қаржы ресуртарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;

-бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық

жоспарлаудың барысында обьектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субьектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары ( мемлекеттік бюджет ) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

- жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық ( ағымдағы ) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс - қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және пекрспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субьектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік - түрлендірме әдісі - жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:

-жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді;

-бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;

-бюджет жасау - жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататындардың ең маңыздылары мыналар:

1. Экстраполяция ( немесе коэфиценттер ) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп - қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

- мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

- материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады;

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,

қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан - жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Сараптамалық бағалаулар әдісі жоспарлау обьектісін жай - күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамндардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

Обьективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әртүрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомостволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомостволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың ( оның қатаң, әміршіл әдістерімен ) кезеңіне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік - мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшіл - аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; обьективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

Қаржылық жоспарлаудағы предметтік - мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептернін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп - қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарларлы

тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

  1. Қаржы жоспарларының жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары ( кірістері ) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомостволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомоствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары, ең алдымен, өзінің мазмұнымен, ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекетті, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді ( бес жылдық ) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп - қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге ( әлеуметтік - мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға ) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар ( қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары ), аммортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің

ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар ( күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаржыларының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар ) ; сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік - мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді несие салымдарының және ұзақ мерзімді несие беруге арналған қаражаттардың өсімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Қаржылық жоспарды құрастыру
Кәсіпорындардық басқару құрылымы және даму стратегиясының өзара байланыстары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz