Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1. Қазақстан Республикасындағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары.

1. 1. Республикадағы әлеуметтік саланың дамуы . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикасындағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының даму тарихы . . . 16

2. Маңғыстау облысы бойынша білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының жағдайын талдау

2. 1. Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарының даму деңгейі мен қазіргі жағдайы . . . 19

2. 2. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен қазіргі жағдайы . . . 21

3. Маңғыстау облысы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткіштерін талдау.

3. 1. Маңғыстау облысы білім беруді дамытуға арналған бағдарламалар . . . 26

3. 2. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау ұйымдарын дамытуға арналған бағдарламалар . . . 27

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1] . Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау тудырмасы анық.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің әлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдары айқындалып, оны жүзеге асырудың тетіктері әлі де болса жетілдірілу үстінде екенін ескерсек, бұл мәселелер бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың да маңызы зор деп есептейміз. Сол себепті қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: «Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері, азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы бағаланады . . . » деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2] .

Курстық жұмыстың мақсаты ҚР білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының даму деңгейі мен қазіргі жағдайын талдау болып табылады.

Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланың даму жағдайын ашу;
  • Қазақстан Республикасындағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының даму тарихын қарастыру;
  • Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарының даму деңгейі мен қазіргі жағдайын талдау;
  • Маңғыстау облысы денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен қазіргі жағдайын қарастыру;
  • Маңғыстау облысы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткіштерін талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан 3 бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасындағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары.

1. 1. Республикадағы әлеуметтік саланың дамуы

Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру өзекті саяси мәселелер өзекті проблемалардың қатарында болып табылады. Егер бұл мәселелерді кешенді түрде қарастыратын болсақ, бүкіл дүниежүзі мемлекеттеріндегі әлеуметтік ахуал, әлеуметтік тұрақсыздық, кедейшілік локальдық сипаттан тұтас ғаламдық мәселеге айналады. Сол себепті де 1990 жылдан бастап БҰҰ-ның Даму бағдарламасы адамзаттың дамуы мәселесі жөнінде әлемдік ауқымда есептерін жариялай бастады. Әлеуметтік - экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Оны төмендегідей көрсеткіштермен, яғни жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алуы, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анықтады. Егер осылардың барлығын топтастырсақ онда негізгі көрсеткіштер - экономика, денсаулық сақтау, білім беру болады. Қазақстандағы адам дамуы жөніндегі есептің бірінші басылымы 1995 жылы жарыққа шықты. БҰҰ ДБ есебі бойынша Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда адам дамуының индексінің көрсеткіштері құлдырап кетті. 1991 жылы оның төмендеп кетуінің себептері 84%-ы экономикалық құлдыраудан, 13%-ы адам жасының ұзақтығының қысқаруынан және 3%-ы білім берудің сапасының төмендеуінен болған. Ал 1990 жылдардың аяғына таман бұл көрсеткіштер жақсара бастады. Адам дамуының индексінің жақсаруы Қазақстанда қалай жүрді? БҰҰ ДБ есебі бойынша АДИ көрсеткіші 0, 5 болса, онда ол әлеуметтік - экономикалық дамуы төмен елдер қатарына жатқызылады. Оған Африканың экватор бойындағы елдері, кішігірім аралдардағы мемлекеттер, Пакистан және Үндістан жатады. Ал, АДИ деңгейі 0, 5-0, 799 аралығында болса, олар дамудың орта дәрежесіндегі елдерге жатады. АДИ 0, 8 және одан жоғары болса, олар индустриясы дамыған, сондай-ақ табиғи қазынасы бай мемлекеттерге енеді. Мысалы, мұнай экспорттаушы елдер. 1996 жылы Қазақстанда АДИ 0, 7 құраған, ал бұл көрсеткіштер Атырау облысында 0, 813, Маңғыстауда - 0, 835, Алматыда - 0, 844-ке жетті [2] . Бұл Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың біршама жақсарғанын, яғни оның 1990 жылдардың аяғында сезіле бастағанын көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірінші кезекте экономикалық реформалар мен инвестициялық саясат тұрғанымен, Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың аса тиімді болмаса да, жүйелі түрде жүзеге асырылғанын байқауға болады.

Әлеуметтік саяси мәселеде мемлекеттің көңіл аударуын талап ететін бірқатар жайттар бар. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:

  • жұмысқа орналасу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті жетілдіру қажеттігі (дәл қазіргі таңда кәсіпкерлер, кәсіподақтар және өкімет арасындағы мүдделі келістірудің осынау маңызды тетігінің әлеуеті, нақ осы бағытта жеткіліксіз пайдаланылуда) ;
  • еңбек және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі күші бар заңдардың еңбекшілер құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бөлігін жақсарту мәселесін ойластыра түсу қажеттігі.

Жұмыссыздыққа қарсы күрес мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі болғандықтан, оны шешу жолдарын қарастыруда мемлекет жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Оған дәлел ретінде қоғам үшін әлеуметтік-саяси құндылығы бар мына ресми құжатты келтіруге болады. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 - 2008 жылдарға арналған Бас Келісімі [3] . Мұндай саяси - әлеуметтік құжаттардың қабылдануы Қазақстанда саяси билік пен қоғамдық институттар арасында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында өзара жауапкершілік қарым-қатынастары қалыптасып келе жатқандығын дәлелдесе керек. Сондай-ақ, бұл саяси мәні бар құжатқа назар аударатын болсақ, онда кәсіби-техникалық білім беру мен мамандарды қайта даярлау ісіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінген. Оның саяси заңдылығы да бар. Өйткені еліміздегі әлеуметтік саясаттағы басты басымдықтардың бірі жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар орта және арнайы кәсіби білім беру мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан да бұл өзекті мәселені шешу үшін, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасында тығыз байланыстар орнатылып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет. Әлеуметтік саясаттағы негізгі қағидалардың бірі білім алуға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету болса, кәсіби-техникалық білім беруді жандандыру арқылы жұмыссыздық мәселесін де кешенді түрде біртіндеп шешуге болады деп ойлаймыз.

Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:

  • жалпыланған көрсеткіштер;
  • халықтың табыстары;
  • халықтың шығыстары мен тұтынуы;
  • жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;
  • әлеуметтік қорғау жүйесі;
  • әлеуметтік сала;
  • қоршаған орта;
  • халықтың әлеуметтік саралануы.

Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол: әлеуметтік қамсыздандыру; зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту; ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру. Көрсеткіштердің логикалық тізбектігі, мағыздылығы туралы талдауды қорыта келе, өмір сүру деңгейін жақсартудың түпкілікті мақсаты өмiр сапасын көтеру екендігі негізделгендігіне көз жеткіздік. Өмір сапасының интегралды индикаторлары макроэкономикалық көрсеткіштерден тұрады. Табыстар барлық халықтың материалдық жақсы өмір сүру халінің негізін құрайды. Халықтың ақшалай табысы, олардың деңгейі, құрылымы, алу көздері және саралану дәрежесі қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды көрсеткіші.

Cоңғы жылдары қазақстандықтардың ақшалай табысының нақты және атаулы динамикасы тұрақты өсіп келеді. Дәлірек айтсақ, 2006-2010 жылдар аралығында халықтың атаулы ақшалай табысы жыл сайын 21, 7% -22, 3%-ға, ал осы мерзімдегі нақты ақшалай табысы 47, 2%-ға өсті. 2010 жылы халықтың адам басына шаққандағы орташа номиналдық ақшалай табысы 30842 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22, 0%-ға жоғары екендігін көрсетеді. Халықтың табыс құрылымын осы жылдар аралығында былайша келтіруге болады.

2008 ж 2009 ж 2010 ж

Сурет 1 - Халықтың табыс құрылымы, %

Суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекпен табылған табыстың үлес салмағы артып келеді, дәлірек 2006 жылы ол барлық табыстардың ішінде 76% болса, 2010 жылы 82% (ақшалай динамикасы осы жылдарда 28329 және 60805 тенге) . Ақшалай көрінісінде үлкен алшақтық айқын көрінеді. Еңбек ресурстарының ішінде жұмыспен қамтылған халықтың жалдамалы бөлігі 66%-ды құрайды (5 199 400 адам) . Осы категория зерттелініп отырған өмір сүру деңгейі мен сапасын анықтау және орташа көрсеткіштерді табуда негіз болатындығын ескерсек, онда келесідей мәліметтерді келтіру жөн.

Кесте 1

Экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстандағы жалдамалы жұмысшылардың табыс серпіні

жылдар:
2006
2007
2008
2009
2010
: Есептелген орташа айлық жалақы (республика бойынша), теңге
жылдар:: 28329
34060
40790
52429
60805
: Өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық индексі
жылдар::
: атаулы жалақы
жылдар:: 122, 5
120, 2
119, 8
128, 7
115, 9
: нақты жалақы
жылдар:: 114, 6
111, 7
110, 3
116, 1
99, 0
: Жалақының орта жылдық ең төменгі мөлшері, теңге
жылдар:: 6600
8100
9200
9752
11270
: Жалақының күнкөріс шамасына қатынасы - есе, оның ішінде:
жылдар:: 5, 2
5, 6
4, 8
5, 4
4, 9
: - өнеркәсіпте
жылдар:: 6, 3
6, 9
5, 9
6, 3
6
: - ауыл шаруашылығында
жылдар:: 2, 2
2, 5
2, 2
2, 5
2, 5
: Ескерту: кесте ҚР Сатистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Кестеден көріп отырғанымыздай, есептелген орташа айлық жалақы, жалақының орта жылдық ең төменгі мөлшері көрсетілген 5 жыл ішінде 2 есеге өскен. Жалақының күнкөріс шамасына қатынасы 2006 жылы - 5, 2, 2008 жылы - 5, 4 және 2010 жылы 4, 9 есе болды. Оның ішінде өнеркәсіпте аталмыш жылдарда, тұтастай алғанда 6 есе, ауыл шаруашылығы бойынша 2, 5 есе айырмашылықты көрсетеді. Бұл жалпы алғанда бірқалыптылықты сипаттайды және осы жерде біздің талдау жұмыстарымыз мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын ресми мәліметтерге сүйене отырып, дайындалды. Мемлекеттік реттеуге тек бюджет саласы жұмысшыларының жалақысы жатады, оның орташа көлемі 2010 жылы республика бойынша орташа жалақыдан 37%-ға артта қалғандығын көруге болады. Еңбек ақы төлеуде кепілденген ставкалар мен окладтар нарықтық экономика принциптеріне сәйкес келмейді әрі жұмысшыларды жоғары өнімді және тиімді еңбекке ынталандырмайды да.

Елбасының 2010 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылғандай, орта мерзімді кезеңде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғарлайтын болады. Оның алғашқы нәтижесі 2009 жылдан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 25%-ға өскендігінен көрінді. Дегенмен, бюджет саласы жұмысшыларының жалақысы өмір сүру үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы сала еңбеккерлері негізгі жұмысынан басқа қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр.

Жалдамалы жұмысшылармен бірге еңбекпен қамтылғандардың екінші бөлігі - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олар көбінесе сауда, қызмет көрсету және шағын кәсіпорындарында еңбек етеді, 2005 жылы осы бөлікте 2 755 600 адам еңбек етсе, 2010 жылы 2 657 800 адам (97800 адамға кеміген) .

Сурет 2 - Ең төменгі жалақы, зейнетақы,

күнкөріс минимумының динамикасы

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, 1999 жылы ең төменгі жалақы - 2605 теңге, ең төменгі зейнетақы - 3000 теңге, күнкөріс минимумы 3394 теңге болса, 2006 жылы - сәйкесінше, 6600 теңге, 2800 теңге, 5394 теңге, ал 2010 жылға үкімет аталған көрсеткіштердің ішінде ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумы мөлшерлерін бірдей етіп бекітті, ол 14 952 теңге.

Орташа жалақыға келетін болсақ, ол 1999-2009 жылдар аралығында 11 864 теңгеден, 60805 теңгеге дейін өскен (өсу қарқыны 5, 1 есе) . Бұл 10 жыл ішіндегі көрсеткіш үшін аздық етеді.

Себебі, 10 жыл ішіндегі ақшалай айырмашылықтың 48941 теңге болатынын ескерсек, ол әр жылға 4894 теңгені құрайды, ал экономикалық өсу көрсеткіші жалпы ішкі өнімді алатын болсақ, ол 1999 жылы 2 016 456, 3 млн. теңгеден, 2010 жылы 16 052 919, 2 млн. теңгеге дейін өскен, айырмашылығы 14 036 462, 9 млн. теңге. Халық санында осы жылдарда небары 874 900 адамға артқан. Немесе жан басынан шаққандағы ЖІӨ-ді алатын болсақ, ол 1999 жылы 135 075 теңге, ал 2010 жылы 1 024 175, 1 теңге.

Осындай алшақтықтар халықтың өмір сүруі деңгейі жөнінде нақты көрініс бермейтінін байқаймыз.

Дегенмен, жалақының салалық және аймақтық құрылымын қарастырсақ, өзгерістің нақтырақ сипатын көруге болады.

Бүгінде Қазақстандағы атаулы жалақының салалық және аймақтық тұрғыдан елеулі айырмашылығы бар.

Оның ең жоғары деңгейі қаржы саласында қалыптасқан (138544тг. -2010ж. ), ең төменгі мөлшері - ауыл шаруашылығында (28894 тг. ) және олардың ара қатынастығы 5 есені құрайды.

Ал, аймақтық деңгейде ең жоғары жалақы батыс өңірлерінің үлесіне тиеді, керісінше, ең төменгі - оңтүстік, орталық және солтүстік облыстарға тән үрдіс.

Мәселен, 2010 жылы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орташа жалақы 40 мың теңгеден сәл артық болса, Атырау мен Маңғыстау облыстарында - тиісінше 114 мың және 98 мың теңге аралығында.

Республика бойынша, 2010 жылы жалдамалы жұмысшылардың 17, 6%-ы 75 мың теңгеден жоғары жалақы алатындар, ол табыс күнкөріс деңгейінен 7 есе артық. Олар қаржылық қызмет, кен өндіру өндірісі, ауа және су көліктерінде жұмыс істейтіндер.

Ал қалған 82, 4% жалдамалы жұмысшылардың 41, 4%-ының табысы 35 - 75 мың теңге аралығында болса, 41%-ының табысы 37 мың теңгеден төмен болған.

Соңғысына халыққа қызмет көрсету саласында жұмысшылар, олардың табысы күнкөріс деңгейінен небары 3 есе артық.

Осы жағдайлардан мемлекеттің әлеуметтік саясатын оңтайлы қалыптастыру және оны жүзеге асыруға деген қажеттілік туындайтындығын көреміз. Ондағы басты мақсат мемлекеттің әлеуметтік сала деңгейін дамыған елдердің қатарына дейін көтеріп, олардың стандарттарымен сәйкестендіруге ұмтылу.

Алдымен, базалық әлеуметтік стандарттың негізі - ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішін айқындау қажет, себебі, тұтыну деңгейі өсіп, ол құрылымдық өзгеріске ұшырайды.

Бұл өзгеріс нәтижесі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішке тікелей байланысты.

Осы заңды қажеттілік кедейшілікті жою мақсатында туындап отыр. Ал, кедейшілік мәселесі біздің елімізде толық шешімін тапқан жоқ деп айтуға негіз бар. Нақты статистикалық мәлімет көздеріне сүйеніп, талдауға көз жүгіртсек, мынадай экономикалық үрдістер орын алған.

Кесте 2

Қазақстан Республикасында 2006-2010 жылдар аралығында кедейшілік көрсеткіштері

жылдар:
2006
2010

2010 жыл 2006 жылға

% -бен

: 1
жылдар:: 2
3
4
:

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

(айына орта есеппен жан басына шаққанда), теңге

жылдар:: 5427
12364
228
: Тұтынуға жұмсаған табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі, %
жылдар:: 33, 9
12, 1
35
: Азық-түлік қоржынының құны (айына орта есеппен жан басына шаққанда), теңге
жылдар:: 3799
7418
195, 2
: Тұтынуға жұмсаған табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халық үлесі, %
жылдар:: 6, 3
1, 2
19
: Халықтың нақты ақшалай табыстары, %
жылдар:: 113, 8
103, 4
90
: Ескерту -ҚР Сатистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Тұтастай алғанда, кесте мәліметтері бойынша тұтынуға жұмсаған табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі 33, 9%-дан 12, 1%-ға дейін, тұтынуға жұмсаған табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халық үлесі 6, 3%-дан 1, 2%-ға дейін азайған. Бұл қуантарлық жағдай болса, керісінше, халықтың нақты ақшалай табыстары үлес салмағы 113, 8%-дан 103, 4%-ға дейін төмендеп, өткен кезеңнің тек 90%-ын ғана құраған.

Осыдан келіп, жоғарыда атап өткен кедейшілікті жою мақсатында алғышарттардың қолға алынғандығын көруге болады.

Халықтың тұтыну деңгейі тікелей табыстар мен шығыс деңгейіне байланысты. Соңғы жылдары халықтың ақшалай шығыстар серпінінің де тұрақты өсуі байқалды, оған үй шаруашылықтарын іріктеп жүргізілген зерттеу деректері айғақ. 2010 жылы бір ай ішіндегі орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай шығыстар 2008 жылмен салыстырғанда 45, 4%-ға, 2003 жылмен салыстырғанда 2, 4 есе өсіп, 18324 теңгені құрады. Әйтседе, шығыстардың құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Нақтырақ айтсақ, тауарларды сатып алу мен қызметтерді төлеудің үлес салмағы барлық жұмсалған ақшалай қаржының орта есеппен 87%-ын, салықтар - 6%, басқа да баптар бойынша 8% деңгейін көрсетеді.

Кесте 3

Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымы

Көрсеткіш
жылдар:
2007
2010

Орта есеппен жан басына шаққанда,

жылына, тг.

Үлес салмағы, %
Орта есеппен жан басына шаққанда, жылына, тг.
Үлес салмағы, %
Көрсеткіш: Ақшалай шығыстар - барлығы
жылдар:: 89997
100
219883
100
Көрсеткіш: Тұтыну шығыстары
жылдар:: 85232
95
204699
94, 2
Көрсеткіш: Азық-түлік тауарларға
жылдар:: 38928
43
89823
41, 2
Көрсеткіш: Азық-түлік емес тауарларға
жылдар:: 25048
29
59855
26, 5
Көрсеткіш: Ақылы қызметтерге
жылдар:: 21256
23
55021
26, 5
Көрсеткіш: Салықтар, жиналымдар, төлемдер
жылдар:: 189
0, 2
357
0, 1
Көрсеткіш: Басқа да ақшалай шығыстар
жылдар:: 4576
4, 8
14827
5, 7
Көрсеткіш: Ескерту: кесте ҚР Сатистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Халықтың ақшалай шығыстары 2007-2010 жылдарда тұтыну шығыстары (95% және 94, 2 %), оның ішінде, азық-түлік тауарларына 43%, және 41, 2%, азық-түлік емес тауарлар 29% және 26, 5%. Тұтыну шығыстарының өзін жеке алып қарайтын болсақ, оны құраушы азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар, ақылы қызметтер құрамы мен үлес салмағы әралуан.

Сурет 3 - Тұтыну шығыстарының құрылымы (2010-2011 жылдар), %

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Қазақстанның бюджет жүйесі
Мемлекет шығыстар
Мемлекет шығыстары және оның экономикадағы рөлі
Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz