Мәдени туризмді дамыту әлеуеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет.
:
: Кіріспе
Бет.: 3
:
:
Бет.:
: 1
: Туристік қызығушылықта мәдени мұралар, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлер элементтерінің рөлі
Бет.:
: 1. 1
: Туристердің қызығушылығын тудыратын элементтер - бұл халық өнері
Бет.: 5
: 1. 2
: Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Бет.: 10
:
:
Бет.:
: 2
: Қазіргі заманғы мәдени туризмнің жағдайын сараптау
Бет.:
: 2. 1
: Қазақстандағы мәдени туризмді дамытудың проблемалары мен әлеуеті
Бет.: 14
: 2. 2
: Ұлттық турөнімдерін халықаралық туристік қызметтер нарығына жылжыту
Бет.: 18
: 2. 3
: Қазақстанның туризм инфрақұрылымын зерттеу
Бет.: 23
:
:
Бет.:
:
: Қорытынды
Бет.: 28
:
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бет.: 30
:
:

Қосымша А

Қосымша В

Бет.:

31

32

Кіріспе

Экономиканың саласы ретіндегі туризм индустриясын ғылыми қолдау, болжау және дамыту үшін оған сәйкес инфрақұрылым болуы қажет. Осы аспектілерді қарастыру мен талапқа сай шешімдерді қабылдау мақсатында Қазақстанда бар қоғамдық, әлеуметтік және табиғи ресурстарды экономикалық тиімді пайдалана отырып, туризм саласын экономиканың тиімді көзіне айналдыруға болады.

Туризмнен бөлініп кеткен, дербес түрі бұл мәдени немесе танымдық. Оның негізіне мемлекеттің тарихи-мәдени әлеуеті, әлеуметтік-мәдени саласына кіретін әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, тұрмыстық ерекшеліктер мен шаруашылық қызметі жатады. Кез келген жергілікті мекен танымдық туризмге ресурстардың минималды жиынтығын бере алады, бірақ оның дамуына мәдени мұра объектілерінің нақты концентрациясы қажет.

Басқа мемлекетке келгенде саяхатшылар мәдени кешенге де барады, соның ішінде сол мемлекеттің табиғаты кіреді. Мәдени кешендердің сұранысы олардың тарихи көркемділігі, сән жағынан және сол жерлерге сұранысымен анықталады.

Әлемде әрбір аймақтың мәдени ерекшеліктері адамдарды демалыс уақытын саяхатта өткізуді шешеді. Саяхатшылар объектілерге барғанда оларды рухани баюына, ол көрінісінің өсуіне әсер етеді.

Туристік қызығушылықтың негізі - мәдениет болып табылады.

Туристік нарықта нақты аймақ жағымды имидж ретінде мәдениет дамуының деңгейін қолданалады. Мәдениет факторлары және элементтері аймақтың саяхат мүмкіндіктері туралы ақпарат бере алады. Туризмнің жетістіктері материалды-техникалық базасына ғана байланысты емес, сонымен бірге ұлттық мәдени мұраның ерекшелігіне байланысты болады.

Мәдениет халықтың тәуелсіздігін нығайту, сақтау және даму үрдісінің негізгі іргесі болып табылады. Тарих эволюциясындағы мәдениет пен туризм ұқсастығы, олардың алдағы уақытта дамуына жаңа әдістерді анықтады. Көптеген әлем елдерінде туризм мен мәдениет үрдісі болған және ол қоғамның бір бөлігі болып табылады.

Саяхатты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - саяхатшыларға мәдени кешенді құру ғана емес, сонымен қатар оны тарихи ұзақ мерзімге сақтау. Кез келген ақпаратты мерзімді баспасөз, көркем әдебиет және басқа да қайнар көздерден алуға болатындығына қарамастан, «жүз рет естігенше, бір рет көрген жақсы» ақиқаты ескірмейді. Сондықтан, саяхатшыларды өзіне қаратып, қызықтыратын аймақ арнайы бағдарламалар әзірлеп және оларды дұрыс жоспарлау керек. Әлеуетті саяхатшыларды өзінің мәдениеті туралы ақпарат тарата отырып қызықтырады [1, б. 56] .

Туризм - жеке және ұйымдық жетілдіру құрал ретінде жоспарлануы

және тәжірбиеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден-бір факторы болып табылады.

Жұмыстың өзектілігі: Туризм - басқа мәдениетпен танысудың ең жақсы әдістерінің бірі. Туризмнің гуманитарлық мәні жеке тұлғаның дамуына, оның мүмкіндіктері, шығармашылық потенциалы және білім шегін әрі қарай кеңейтуді қолданудан тұрады. Білімге ұмтылу әрқашан да адамның басты ерекшелігі болып табылады. Басқа халқының демалысы, тарихы мен мәдениетін тану - туризм мақсаттарының бірі болып табылады. Әлемді өз көзімен көру, есту, туризм фукцияларының маңыздылығын сезіну, өзімен бірге үлкен гуманитарлы потенциал әкеледі. Басқа елдің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу адамның рухани әлемін байытады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуына әсер ететін фактор ретінде ұлттық мәдениет және халықтың салт-дәстүрін талдау мен мемлекеттегі туризм мәдениеті дамуының болашағын айқындау.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер талданады:

  • Туризм мәдениетінің ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қазақстанның мәдени байлық объектілерін анықтау және оларды туристік мақсат негізінде қолдану;
  • Қазақстан Республикасы бойынша этникалық тур жасау;
  • Қазақстанның туризм мәдениетіндегі даму жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі отандық және шетелдік ғылымның туризм саласындағы ғылымдық зерттеулері қызмет етті.

Курстық жұмыстың жаңалығы келесіде:

  • Мәдени туризм бойынша теориялық ақпарат жалпыланған;
  • Ұлттық турөнімдерді әлемдік нарыққа жылжыту бағытында ұсыныстар жасалған.

Курстық жұмыстың ғылыми-практикалық мәні - мәдени турларды ұйымдастыру Қазақстанның туристік компаниялар қызметінде зерттеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігі.

1 Туристік қызығушылықта мәдени мұралар, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлер элементтерінің рөлі

1. 1 Туристердің қызығушылығын тудыратын элементтер - бұл халық өнері

Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттер іспеттес ерекше жоғары туристік әлеуетке ие. Мемлекет туристерге туризмнің көптеген түрлерін ұсына алады.

Туристердің ерекше қызығушылықтарына ие Қазақстан мәдениетінің түп-тамыры, оның тарихи да, күмбез қалалары мен жайлауы жасыл ауылдарында жатыр және осы тарихи қалалар өздерінің тарихи және заманауи аттарымен белгілі, олар: Ақтау - Қазақстанның туристік орталығы, Ақтөбе - Қазақстанның жастарының отаны, Атырау - Қазақстан мұнайының отаны, Қарағанды - Қазақстан көмірінің отаны, Қостанай - Қазақстан ауылшаруашылығының мекені, Павлодар - Қазақстанның футбол орталығы, Семей - оптимистер қаласы, Ежелгі Тараз, Түркістан - Ұлы Жібек Жолының қалалары, Қызылорда - Қазақстанның алғаш астанасы, Өскемен - Қазақстанның хоккей орталығы. Әр қаланың өздеріне тән ерекшеліктері мен тартымдылығы туралы көптеген мағлұматтар айтуға болады. Тараз, Испиджаб, Талхир қалалары Ұлы Жібек жолында орналасқан. Ұлы Жібек жолы ежелде ортағасырлық шығыс пен батысты байланыстырған.

Туристердің ерекше қызығушылықтарына ие өзіміздің мекен жеріміз Алматы қаласының мәдени мұралары жөнінде сөз қозғасақ, Алматы - Қазақстанның «Оңтүстік астансы». Бұл мемлекеттің 1927-1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған ірі қала. Алматы Қазақстанның оңтүстік-шығыс өлкесінде, Қырғызстан шекарасынан алыс емес Іле Алатауынан баурайында 670-тен 1100-ке дейінгі биіктікте орналасқан.

Іле Алатауы қаланың оңтүстігінде өзінің тамаша табиғатымен көз тартады. Қалада көптеген ескерткіштер, парктер, музейлер, тарихи қонақжайлылық өлкелері мен театрлар бар. Қала жасыл желекпен көмкерілген және көптеген фонтандар қалаға әсемдік береді.

Алматының ең биік нүктесі - Көктөбе тауынан (1130 м) бүкіл қала керемет көрініс береді. Оның шыңына қаладан арқан жолымен (канатная дорога) жасалынған жолмен жетуге болады. Көктөбенің шыңынан 372 метрлі Алматының телевизион башнясын көруге болады.

Алматыдан 15 км-лік жерде Іле Алатауының баурайында өзінің ерекше табиғатымен ерекшеленетін Медеу мен Шымбұлақ өлкесі орналасқан.

Медеу кешені 1700 метрлік биіктікте орналасқан. Бұл әлемдегі ең биік таулы спорттық кешен орталығы және ашық аспан астында мұз айдыны орналасқан ерекше таулы өлке. Жасанды мұз айдынының аумағы 10, 5 мың шаршы метрді құрайды[5] . Бұл айдында 100 ден астам әлемдік рекорттар жасалынған. Туристер бұл жерде қарашадан наурызға дейінгі аралықта коньки тебе алады. Ерекше атап өтетін жайт, бұл кешен XXI ғасырдың басында қайта құруды талап еткен, ал қазіргі уақытта кешен әлімдік стандарттарға сай болып отыр. 2011 жылы Медеу мұз айдынында VII Қысқы Азияда Ойындарының бағдарламасы бойынша доппен хоккей және коньки ойындары жасырыстарының өткізілуі жоспарланып отыр.

Медеуден 2200 метр биіктікте таулы шаңғы курорты Шымбұлақ өлкесі бар. Ол өлкені қолдану 1954 жылдан бастап жүзеге асырылды. Шымбұлақта шаңғы тебу мезгілі қарашадан сәуірге дейін созылады, ал ең қолайлы уақыт бұл қантар мен ақпан айлары. Курорттың жолдары кез-келген таулы шаңғының деңгейіне сай келеді.

Курортың ең биік нүктесі Талғар таулы өлкесінде (3163 м) . Бұл жерде ең қауіпті 900 метрлік жолдар орналасқан. Жаңадан үйренушілен үшін 2500 метрлік биіктік жеткілікті болып есептелінеді. Бұл жерге қонақүйлердің жанында орналасқан орындықты арқан жолдар арқылы жетуге болады.

Сонымен қатар Шымбұлақта сноуборд пен кішкентайларға арналған бэби-лифті балалар алаңы бар. Курорттың инфрақұрылымы өзіне коттедждік көріністегі қоақүйлерді, ресторандар, ойын-сауық кешенідері, сауналар мен бассейндерді кіріктіреді. Осыдан алыс емес аймақта «Табаған» шаңғы курортты өлкесі, барлық жолмен қоса есептеген 37 км лік, 1650 метрлік биіктікте және «Ақ Бұлақ» 2613 метр биіктіктегі өлкелері бар.

Алматының солтүстігінде әйгілі демалыс орны - Қапшағай су бекеті орналасқан. Жаз мезгілінде бұл жерге жергілікті халықтар мен туристер көптеп келе бастайды. 1993 жылы сулы аттракцион орталығы «Аквапарк» ашылған. Парктің 18 га аумағында олимпиадалық және секіру бассейндері, балаларға арналған пластмассалық төбелер, кафе-барлар, сауда орындары, прокат пунктісі және спорттық кешен орналасқан. Қапшағай жағалауы Қазақстанның ойын-сауықты дамытудың орталы болып табылады.

Туристерге ұсынатын қонақжайлылықтың үшінші катергориясы табиғаттың әсем көрінісі саналады.

Қазақстанның ландшафты - солтүстігінде орманды, оңтүстігінде шөлді және шөлейтті, шығыстан оңтүстікке дейін таулы аймақты көрініс беретін сан алуандылығымен ерекшеленеді.

Қазақстанның табихи сұлулығы өз қалпында сақталған. Туристердің ерекше қызығушылықтарына ие Чарын каньоны АҚШ-тағы Үлкен каньоннан кем түспейді. Алтай тауы өзінің ерекше табиғаты мен таулы орманды алқаптары, құстары мен аңдары арқылы ерекшеленеді.

Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр алқабында «азиялық Швейцария» - Бурабай, Қарқаралы және Баян-ауял өлкелері орналасқан. Сонымен қатар әлемдегі қызғылт фламинго ның ареалы - Қорғалжын қорығы орналасқан.

Шығыс Қазақстанның ерекше артықшылығы бұл - осынау шағын өлке арқылы Орталық Қазақстанның бүкіл аумағын тамашалау мүмкіндігінің бар екендігі. Яғни тамашалаушы жазық дала пейзажын, каньиондарды, классикалық алқап, орман өлкелері мен теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікте орналасқан таулардың шыңын көріп рахаттана алады.

Ерекше гоеграфиялық және гоесаяси жағдай, сондай-ақ пейзаждардың алуан түрлілігі осы терроиторияларда мәдениет пен әдет-ғұрыптың араласуына әсер етті. Шығыс Қазақстанға сапар барысында классикалық көшпенілерді, балық аулаушыларды, аңшылар мен құс бегтерін кездестіруге болады. Бұлардың барлығы туристердің саяхатын ерекше етіп өткізу үшін қызықты және динамикалық график құруға мүмкіндік береді.

Бұл ауданның ең басты қонақжайлылық мекені - Алтай таулары, олардың орманды алқаптары, Ертіс өзені және тамаша Зайсан, Марқакөл, Сауысқан өзендірі болып табылады. Өсімдік және аңшылық әлемі де ерекше бай, әрі алуан түрлі.

Алматыдан 90 км қашықтықта табиғатты таңғажайып туындысы - Турген сарқырамасы орналасқан. Өлкенің сарқырамасы, шыршалы ормандары, альпілік және субальпілік алқаптары, өзендері мен бұлақтары, емдік өсімдіктері мен жемістері Ассы жазығынан 44 км тереңдікке дейінгі алқапқа жайылған[6] .

Турген өлкесі өзінің жеті сарқырамасының тоғысыменда орналасқан сарқыраманың әдемі көрінісі ретіндегі бейнесімен әйгілі. Асы өзенінің жанында ежелгі қорғандар мен тастағы суреттер табылған. Шатқалда ежелгі сақ және үйсін молалар да бар. Сондай-ақ Турген өлкесінде балық аулап және оны қуырып шеуге болатын шаруашылық бар.

Лепсі аумағының барлық территориясы Жоңғар Алатауы жотасының солтүстік аймағында орналасқан. Өсімдік пен бал араларының бар болуы көптеген балдың түрлерін жинауға мүмкіндік береді. Бал жинау - тұрғылықты халықтың кең таралған шаруашылық түрі болып табылады.

Чарын канионы Талғардан 180 км биіктікте орналасқан (Алматыдан 200 км қашықтықта) . Бұл тек қана Қазақстанға ғана емес, бүкіл дүниежүзіне әйгілі жалғыз табихи кешен. Ол 30 миллион жыл бұрын палеоген дәуірінде қалыптасқан[7] . Чарын каньоны дүниежүзі бойынша Солтүстік Американың Колорада штатындағы Үлкен каньоннан (Grand Canyon) кейінгі көлемі жағынан екінші орынды иеленсе де, сұлулығы көз тартарлықтай керемет. Биіктікте тұрып тамашалау мен етегінде тұрып қызықтау туристер үшін әр түрлі әсер қалдырады.

2005 жылы Чарын каньоны мен Ясен алқабының аумағында ерекше қорғалатын табихи территория - «Чарын мемлекеттік ұлттық табихи паркі» қорығы ашылған. Оның территориясының аумағында Қызық кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің 34 түрі, сонымен қатар жәндіктердің 60 түрі, құстардың 300 түрі, жерасты жәндіктерінің 20 түрі және мүшелік жәндіктердің 800 түрі бар.

Үлкен Алматы көлі Үлкен Алматы өзенінің аумағында теңіз деңгейінен 2511 метр биіктікте, Алматының оңтүстігіне 28, 5 км жерде орналасқан. Ол жан жағы таулы қыраттармен көмкерілген ойпатта жатыр. Өзенен ары қарай Тянь-Шаньның астрономиялық обсерваториясының тиімді күмбезді ауданы орналасқан (өзеннен 2 км биіктікте, 2700 м биіктікте) [8] .

Ал одан да биік (3 300 м биіктіктегі), Жасылкезен жотасынына жақын жерде түнгі табиғатты тамашалап, жұлдыздарды қызықтап жататын Космостанция орналасқан.

Кең-байтақ Қазақстанның қай өңірін, қайбір аймағын алып қарасақ та, қасиетті, киелі. Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан атамекеніміздің даласы мен таулары тұнып тұрған тарих екендігі аян. Бабаларымыз елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі тақкан, халқымыз батқан күнге, туған айға бата ғып, жақсылық тілеген, көрешегін күйіттемей, келешегін күйіттеген.

Қазақстанның туристік әлеуеті бай әрі алуантүрлі және туризмнің мәдени жәрне тарихи объектілерін танудан бастап, экотуризм, қалалық және іскерлік және т. б. туризм түрлерін дамытуға мүмкіндігі зор.

Республикада археологиялық, сәулет, қала құрылысы объектілерін зерттеуден кейін, Жібек жолы тарихи-мәдени мұралары туралы банктің құрылуы; Жібек Жолының бастапқы этаптарының жабдықталуы, бұзылмайтын етуі және музейлендіру; туризм объектілеріне кіретін трассалардың және траихи қалалардың дамуы жүзеге асырылуы қажет.

Дәстүрлі қала және Жібек Жолы елді мекендері базасында туризм инфрақұрылымын жасау қажет: сервистік қызмет көрсету және сауда, қаржылық және туристік кешендер, ұлттық қолөнер өнеркісібі, этнографиялық музей мен театарлар, салттық дәстүрлі және тарихи діни орталықтар және басқа да туристік объектілер кәсіпорындарын құруы керек.

Басты Жібек Жолындағы қазақстандық учаскедегі басты туристік -рекреациялық ресурстар Жетіөзен және Қазақстанда шоғырланған, ал ерекше орынды берілген республика аймағында Түркістан, Тараз және Алматы қалалары алады. Туристік қызығушылығының басты өзгерісі - мәдениеттің мінез-құлқысы болып табылады.

Саяхатшыларды халықтың келесідей мәдени элементтері қызықтырады: діні, тарихы, ғылымы мен өнері және т. б.

Діни туризм туризмнің бүл түрі, әр түрлі діндегі адамдардың дін

қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:

- діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:

- әулие жерлерге бару:

Аса атақты туристік қызығушылықта ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлер элементтерінің рөлі ғылыми обьектілердің қатарына маманданған музейлерді, жәрмеңкелерді, ғаламторларды, сонымен қатар, атомдық станцияларды, космостық орталықтарды, қорықтарды, акванариумдарды және т. б. жатқызуға болады. Ғылыми обьектілерге экскурсиялар нақты білім аймағындағы мамандарға, сондай-ақ жаппай туристерге арнап ұйымдастырылған. Мысалы, Флоридадағы Джон Кеннеди атындағы ұшуларды басқару орталығы жыл сайын туристердің үлкен көлемін тартады және туристердің осы білім аясындағы білмейтін біліми және ғылыми ақпараттарын ұсынады.

Туристерде ең үлкен қызығушылықты тудыратын элементтер - бұл халық мәдениеті - салт-дәстүрлері, яғни халық өнері.

Халық кәсіптері. Туристерді қабылдаушы аймақ жергілікті шеберлердің және қолөнершілердің жасаған (фабрикалық немесе қөлөнерлік әдісімен) сувенирлерінің кең ассортиментін ұсыну керек. Сувенирлер - ел туралы жақсы естелік. Алайда сол елде емес, басқа жерде жасалған естелік сувенирі турист үшін өз мағынасын жоғалтады және жалған ретінде қабылданады, осыны есте сақтау керек.

Сувенирлік тауарлардың барлық түрі, сонымен қатар, туристке қажетті басқа да тауарлар (туристік жабдықтаулар, жағажайлық аксессуарлар) қолжетімді болуы керек және ыңғайлы орналасқан дүкендерде және басқа да сауда нүктелерінде сатылуы керек. Сатып алуларды ынталандыру және ақшаны еркін жұмсау, саяхаттау уақытында жеткілікті дәрежеде, сондықтан туристік тауарлар туристердің ерекше сұранысында қолданылатын ассортиментте дайындалуы керек. Кейбір туристік орталықтарда ұлттық нақышта арнайы дүңгіршектер құрылады, онда жергілікті шеберлер сатып алушылар көзінше бұйымдарды жасайды. Бұл сувенирлік тауарлар саудасының нысаны аймақтың өзіне тән көркі болып табылады және туристердің қызығушылығын тудырады.

Бейнелеу өнері - туристік жол жүруде ынталандыруды қалыптастыруға қабілетті мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Оның жаппай күшеюі атақты курорттарда (қонақүй ішінде) туристерді аймақ мәдениетімен таныстыру мақсатында ұлттық бейнелеу өнері шығармаларын шығару тенденциясымен байланысты.

Сонымен қатар, фестивальдар, ұлттық бейнелеу өнерінің кең ұсынылатын түрлері және элементтері атақты болып келеді. Мысалы, үнемі Шотландияда өтетін эдинбургтық фестивальдің артықшылықты сипаттамасы, ол тек жергілікті суретшілер шығармаларымен ғана емес, сонымен қатар, жергілікті композиторлар шығармашылығымен, фольклорымен және туристердің қызығушылығын тудыратын басқа да нәрселермен таныстырады.

Әуен және би. Аймақтың әуендік потенциалы мәдениеттің тартымды элементтерінің бірі болып табылады. Кейбір мемлекеттерде әуен туристерді тартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Атақты әуен фестивальдары жыл сайын мыңдаған қатысушыларды тартады. Көптеген курорттық қонақүйлер өз қонақтарын кешкі ойын-сауық бағдарламаларында, фольклорлық кештерде және концерттерде ұлттық әуендермен таныстырады. Ұлттық әуендер жазбасы бар аудиотаспалар сатылымы көбінесе туристік орталықтарда таралған және туристердің халық мәдениетімен танысудың керемет құралы қызметін атқарады[2] .

Этникалық билер - ұлттық мәдениеттің сипатты элементі. Әр аймақтың өзінің ұлттық биі болады. Туристердің билермен танысуы арнайы шоуларда, фольклорлы кештерде, ойын-сауық бағдарламалары уақытында болады. Бидің ұлттық мәдениетті көрсетуі бойынша жарық мысалдардың бірі Африка халқының, полинезиялықтар, япондықтардың «кабука» биі, орыс балеті және т. б. болып табылады.

Ұлттық аспаз . Ұлттық аспаз аймақ мәдениетінің маңызды элементін құрайды. Туристер қай елде саяхаттаса сол елдің тағамын татқанды ұнатады. Мысалы, Ресейге барған барлық туристер сорпа және тұшпараны татпай кетпейді. Кейбір мейрамханалар шетелдік туритерге ұлттық тағамды ұсынар алдында тағам қандай азық-түліктерден жасалған және қалай жасалғандығын түсіндіріп береді. Туристердің ерекше қызығушылығын безендіруді ұсынылатын менюлермен үйлестіретін кафе, мейрамханалар, трактирлер тудырады, мысалы, орыс аспазы тағамдарымен маманданған, фольклор элементтерімен ұлттық дәстүрде безендірілген мейрамханалар [3, б. 201] .

Туристер тамақтануды жол жүрудің маңызды элементі деп есептейді. Сондықтан, ұлттық аспаздың артықшылығы, тағам ассортименті, олардың сапасы міндетті түрде демалыс, ел жайлы жақсы әсер қалдырады.

Осылайша, аймақ мәдениеті әлеуетті тұтынушылардан саяхатқа деген күшті оятушы ынта тудырады. Сондықтан мәдени мұраны сақтау және оның рационалды түрде қолданылуы туристік ағымдарды тартудың қатаңдылығына арналған анықталатын мағынасы бар және нақты туристік бағыттың атағын сақтау.

Кез-келген мемлекеттегі туризмнің дамуы көптеген факторлармен байлан-

ысты. Бұл үшін аймақтың туристік мекен ретіндегі жарнамасының маңызы зор. Туристік саланы заңдық тұрғыда қолдау да маңызды болып табылады. Мемлекеттің кеден саясаты мен елдің басқа мемлекеттермен халықаралық қатынастары туризм саласын дамытуды айырықша рөлге ие. Әрине бұл ретте туристік инфрақұрылымның жағдай туралы айтпай өтуге болмайды, себебі инфрақұрылымның дәрежесі аймақтың басты құндылығы болып табылады. Сондай-ақ аймақтың саяси жағдай да туристер санына тікелей әсерін тигізеді, өйткені көптеген адамдар саяси тұрақсыз елдерге демалу үшін айырықша тәуекелге баруы мүмкін [4] . Десе де, аймақтың туристік орталық болып қалыптасуындағы маңызды рол, бұл аймақтың рекреациялық ресурстары мен оның ұсынатын туристік өнімі болып табылады.

Осының барлығы тарихи-мәдени мұралар ескерткіштер жүйесін қалпына келтіру жағдайында және осыған сәйкес инфрақұрылымның құрылуы Түркістанды Қазақстандағы ең ірі қажылық туризм орталығы болуына мүмкіндік береді.

1. 2 Мәдени туризмді дамыту әлеуеті

Нарықта мәдениеттің даму деңгейі аймақтың жағымды имиджі ретінде қолдануға болады. Мәдениет факторлары және салт-дәстүрлері элементтері аймақтың туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат каналдары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Туристік саланы дамыту перспективалары
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Туристік ресурстарды дамыту
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Туристік ресурстарды дамыту туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz